Аш-Шуара

الشعراء · 227 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 367-бет
← Аль-ФурканБарлық сүрелерАн-Намль →
26:1
طسٓمٓ
Та. Син. Мим
Аударма: Халифа Алтай
Та. Син. Мим
Аударма: ҚМДБ
26:2
تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱلۡكِتَٰبِ ٱلۡمُبِينِ
Бұл айқын Құранның аяттары
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - анық Кітаптың аяттары
Аударма: ҚМДБ
26:3
لَعَلَّكَ بَٰخِعٞ نَّفۡسَكَ أَلَّا يَكُونُواْ مُؤۡمِنِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар ииан келтірмеді деп, өзіңді жоя жаздадың
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олардың иманға келмегеніне / қайғырып / , өзіңді жойып жібере жаздайсың
Аударма: ҚМДБ
26:4
إِن نَّشَأۡ نُنَزِّلۡ عَلَيۡهِم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ ءَايَةٗ فَظَلَّتۡ أَعۡنَٰقُهُمۡ لَهَا خَٰضِعِينَ
Егер қаласақ, Оларға аспаннан бір мұғжиза түсірер едік те, оған бой ұсынушыларға айналар еді
Аударма: Халифа Алтай
Егер қалағанымызда, оларға аспаннан бір белгі түсірер едік те олардың мойыны оған иілген болар еді
Аударма: ҚМДБ
26:5
وَمَا يَأۡتِيهِم مِّن ذِكۡرٖ مِّنَ ٱلرَّحۡمَٰنِ مُحۡدَثٍ إِلَّا كَانُواْ عَنۡهُ مُعۡرِضِينَ
Оларға Рахманнан жаңа бір үгіт келсе-ақ болды, олар одан бет бұрады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, оларға әр-Рахманнан жаңа бір еске салу, / ескерту / келген сайын, олар одан теріс бұрылды
Аударма: ҚМДБ
26:6
فَقَدۡ كَذَّبُواْ فَسَيَأۡتِيهِمۡ أَنۢبَـٰٓؤُاْ مَا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ
Олардың жасынға шығарып, мазақтаған нәрселерінің түсінігі өздеріне жалғастырылады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар оны жалғанға шығарды. Таяуда оларға келеке еткен нәрселерінің хабары келеді
Аударма: ҚМДБ
26:7
أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ إِلَى ٱلۡأَرۡضِ كَمۡ أَنۢبَتۡنَا فِيهَا مِن كُلِّ زَوۡجٖ كَرِيمٍ
Олар жер жүзіне қарамай ма? Онда әр түрлі көркем өсімдіктөр өсірдік
Аударма: Халифа Алтай
Олар жерге қарамай ма, Біз онда / жер бетінде / қаншама керемет түрлерді өсірдік
Аударма: ҚМДБ
26:8
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ
Рас бұнда ғибрат бар да, олардың көбі сенуші емес
Аударма: Халифа Алтай
Әлбетте мұнда белгі-дәлел бар. Бірақ олардың көпшілігі иманды / мүмін / болмады
Аударма: ҚМДБ
26:9
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың тым үстем, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде сенің Раббың аса Үстем, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
26:10
وَإِذۡ نَادَىٰ رَبُّكَ مُوسَىٰٓ أَنِ ٱئۡتِ ٱلۡقَوۡمَ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Сол уақытта Раббың Мұса (Ғ.С.) ға: "Залым елге бар" деп, үндеді
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде Раббың Мұсаға: «Әділетсіз елге бар
Аударма: ҚМДБ
26:11
قَوۡمَ فِرۡعَوۡنَۚ أَلَا يَتَّقُونَ
Перғауын еліне. Олар қорықпай ма
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаунның еліне. Олар / Раббысынан / қорқып, сақтанбай ма?» деді
Аударма: ҚМДБ
26:12
قَالَ رَبِّ إِنِّيٓ أَخَافُ أَن يُكَذِّبُونِ
(Мұса Ғ.С.): "Раббым! Рас мен олардың мені жасынға шығаруынан қорқамын" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Раббым! Мен олардың өзімді өтірікшіге шығаруларынан қорқамын
Аударма: ҚМДБ
26:13
وَيَضِيقُ صَدۡرِي وَلَا يَنطَلِقُ لِسَانِي فَأَرۡسِلۡ إِلَىٰ هَٰرُونَ
Көңлім тарайым, тілім жүрмейді. Сондықтан Һарүнға да пайғамбарлық бер
Аударма: Халифа Алтай
әрі кеудемнің тарылып, тілімнің күрмеліп қалуынан. Сондықтан Һарұнға да жібер
Аударма: ҚМДБ
26:14
وَلَهُمۡ عَلَيَّ ذَنۢبٞ فَأَخَافُ أَن يَقۡتُلُونِ
Мен оларға күнәкармын. Сондықтан олардың, мені өлтіруінен қорқамын
Аударма: Халифа Алтай
Әрі менің мойнымда оларға қатысты істелген күнә бар. Олардың мені өлтіруінен қорқамын», -деді
Аударма: ҚМДБ
26:15
قَالَ كَلَّاۖ فَٱذۡهَبَا بِـَٔايَٰتِنَآۖ إِنَّا مَعَكُم مُّسۡتَمِعُونَ
(Алла Т.): "Әсте олай емес! Екеуің де мұғжизаларымызбен барыңдар. Расында Біз сендермен бірге әр нәрсені естиміз" деді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ / : «Жоқ, олай болмайды. Екеуің Біздің белгілерімізбен барыңдар. Ақиқатында Біз сендермен біргеміз, естіп тұрамыз
Аударма: ҚМДБ
26:16
فَأۡتِيَا فِرۡعَوۡنَ فَقُولَآ إِنَّا رَسُولُ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Дереу екеуің Перғауынға баршы: "Біз бүкіл әлемнің Раббының елшісіміз
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаунға барып: «Біз - әлемдер Раббысының Елшісіміз
Аударма: ҚМДБ
26:17
أَنۡ أَرۡسِلۡ مَعَنَا بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ
Израил ұрпақтарын бізбен бірге қоя бер!",- (деңдер-деді)
Аударма: Халифа Алтай
Исраил ұрпақтарын бізбен бірге жібер», - деп айтыңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:18
قَالَ أَلَمۡ نُرَبِّكَ فِينَا وَلِيدٗا وَلَبِثۡتَ فِينَا مِنۡ عُمُرِكَ سِنِينَ
Перғауын: "Сені бала қып асырамадық па? Өміріңнен неше жыл арамызда болмадың ба
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаун / : «Біз сені сәби кезіңнен арамызда бағып өсірмедік пе? Сен өміріңнің талай жылын арамызда өткізіп едің ғой
Аударма: ҚМДБ
26:19
وَفَعَلۡتَ فَعۡلَتَكَ ٱلَّتِي فَعَلۡتَ وَأَنتَ مِنَ ٱلۡكَٰفِرِينَ
Ол қыларыңды қылдың. Сен нәсүкірлерденсің" деді
Аударма: Халифа Алтай
Кейін сол бір жасаған ісінді жасадың / адам өлтірдің /.Әрі сен жақсылықты мойындамаушылардансың», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:20
قَالَ فَعَلۡتُهَآ إِذٗا وَأَنَا۠ مِنَ ٱلضَّآلِّينَ
(Мұса Ғ.С.): "Мен ол істі істеген кезде, қателескен едім" деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса / : «Мен оны адасушылардан болған кезімде істедім
Аударма: ҚМДБ
26:21
فَفَرَرۡتُ مِنكُمۡ لَمَّا خِفۡتُكُمۡ فَوَهَبَ لِي رَبِّي حُكۡمٗا وَجَعَلَنِي مِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Сондықтан сендерден қорқып, өздеріңнен қаштым. Ақыр Раббым, маған хикмет беріп, пайғамбарлардан қылды
Аударма: Халифа Алтай
Сендерден қорыққан соң қашып кеттім. Кейін Раббым маған үкім берді әрі мені елшілерден етті
Аударма: ҚМДБ
26:22
وَتِلۡكَ نِعۡمَةٞ تَمُنُّهَا عَلَيَّ أَنۡ عَبَّدتَّ بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ
Сен Израил ұрпақтарын құл қылып, маған міндетсіген игілігің осы
Аударма: Халифа Алтай
Ал, сенің маған міндетсініп отырған игілігің, бұл - Исраил ұрпақтарын құл етуің», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:23
قَالَ فِرۡعَوۡنُ وَمَا رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
(Перғауын): "Әлемдердің Раббы дегенің немене?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаун: «Әлемдердің Раббысы деген не?» деді
Аударма: ҚМДБ
26:24
قَالَ رَبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَآۖ إِن كُنتُم مُّوقِنِينَ
(Мұса Ғ.С.): "Егер анық сенетін болсаңдар, Ол; жер-көктің әрі екі арасындағылардың Раббы" деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса / : «Ол - аспандар мен жердің және екеуінің арасындағылардың Раббы­сы / Иесі / , егер көз жеткізетін болсаңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:25
قَالَ لِمَنۡ حَوۡلَهُۥٓ أَلَا تَسۡتَمِعُونَ
(Перғауын) маңайындағыларға: "Естімей отырсыңдар ма?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаун / айналасындағыларға: «Сендер естіп тұрсыңдар ма?» - деді
Аударма: ҚМДБ
26:26
قَالَ رَبُّكُمۡ وَرَبُّ ءَابَآئِكُمُ ٱلۡأَوَّلِينَ
(Мұса Ғ.С.): "Ол, сендердің де Раббыларың, бұрыңғы ата-бабаларыңның да Раббы" деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса / : «Ол сендердің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның Раббысы», -деді
Аударма: ҚМДБ
26:27
قَالَ إِنَّ رَسُولَكُمُ ٱلَّذِيٓ أُرۡسِلَ إِلَيۡكُمۡ لَمَجۡنُونٞ
(Перғауын): "Тақ осы сендерге жіберілген Пайғамбар, мүлде жынды" деді
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаун / : «Шындығында сендерге жіберілген Елші жын соққан біреу», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:28
قَالَ رَبُّ ٱلۡمَشۡرِقِ وَٱلۡمَغۡرِبِ وَمَا بَيۡنَهُمَآۖ إِن كُنتُمۡ تَعۡقِلُونَ
(Мұса Ғ.С.): "Егер түсінетін болсаңдар, Ол; шығыс, батыстың және екі арасындағылардың Раббы" деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса / : «Егер ақылдарыңды істететін болсаңдар, Ол шығыс пен батыстың әрі екеуінің арасындағылардың Раббысы», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:29
قَالَ لَئِنِ ٱتَّخَذۡتَ إِلَٰهًا غَيۡرِي لَأَجۡعَلَنَّكَ مِنَ ٱلۡمَسۡجُونِينَ
(Перғауын): "Егер менен басқаны тәңір етіп алсаң, әрине сені түрмеге саламын.",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаун / : «Егер сен менен басқаны құдай етіп алсаң, сені зынданғатасталғандардан етемін»,- деді
Аударма: ҚМДБ
26:30
قَالَ أَوَلَوۡ جِئۡتُكَ بِشَيۡءٖ مُّبِينٖ
(Мұса Ғ.С.): "Егер саған ашық дәлел келтірсем де ме?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса / : «Мен саған айқын бірнәрсе келтірсем де ме?» - деді
Аударма: ҚМДБ
26:31
قَالَ فَأۡتِ بِهِۦٓ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
(Перғауын): "Ал әкел. Егер шын айтушылардан болсаң" деді
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаун / : «Егер шын сөзділерден болсаң, оны әкел», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:32
فَأَلۡقَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ ثُعۡبَانٞ مُّبِينٞ
Сонда ол, таяғын тастады да сол уақытта көрнеу айдаһар болды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда ол асасын тастады да, сол уақытта ол нағызжыланға айналды
Аударма: ҚМДБ
26:33
وَنَزَعَ يَدَهُۥ فَإِذَا هِيَ بَيۡضَآءُ لِلنَّـٰظِرِينَ
Тағы қолын шығарды. Ол, қараушыларга аппақ көрінді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі қолын шығарғанда ол қарап тұрғандарға аппақ / нұрлы / болды
Аударма: ҚМДБ
26:34
قَالَ لِلۡمَلَإِ حَوۡلَهُۥٓ إِنَّ هَٰذَا لَسَٰحِرٌ عَلِيمٞ
(Перғауын) айналасындағы бастықтарга: "Рас мынау, тым білгіш сиқыршы екен" деді
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаун / айналасындағы уәзірлеріне: «Негізінде бұл - білгір сиқыршы
Аударма: ҚМДБ
26:35
يُرِيدُ أَن يُخۡرِجَكُم مِّنۡ أَرۡضِكُم بِسِحۡرِهِۦ فَمَاذَا تَأۡمُرُونَ
Сиқырымен жерлеріңнен шығарғысы келеді. Ал бұган не бұйырасыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерді сиқыры арқылы жерлеріңнен шығарып жіберуді қалайды, енді не кеңес бересіңдер?» - деді
Аударма: ҚМДБ
26:36
قَالُوٓاْ أَرۡجِهۡ وَأَخَاهُ وَٱبۡعَثۡ فِي ٱلۡمَدَآئِنِ حَٰشِرِينَ
Олар: "Бұны да туысын да тоқтата тұрып, қалаларга жинаушыларды жібер" десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Оны және оның бауырын қоя тұр да қалаларға / сиқыршыларды / жинап келушілерді жібер
Аударма: ҚМДБ
26:37
يَأۡتُوكَ بِكُلِّ سَحَّارٍ عَلِيمٖ
Бүкіл білгіш сиқыршыларды саған әкелсін
Аударма: Халифа Алтай
Олар саған әрбір білгір сиқыршыны алып келсін», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:38
فَجُمِعَ ٱلسَّحَرَةُ لِمِيقَٰتِ يَوۡمٖ مَّعۡلُومٖ
Сонда белгілі күндегі орынға сиқыршылар жиналды
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп сиқыршылар белгілі күннің белгіленген уақытына жиналды
Аударма: ҚМДБ
26:39
وَقِيلَ لِلنَّاسِ هَلۡ أَنتُم مُّجۡتَمِعُونَ
Адамдарға да: "Сендер жиналдыңдар ма?",- делінді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі адамдарға: «Сендер жиналып болдыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
26:40
لَعَلَّنَا نَتَّبِعُ ٱلسَّحَرَةَ إِن كَانُواْ هُمُ ٱلۡغَٰلِبِينَ
(Ел): "Егер жеңіске ие болса, әрине сиқыршыларға ереміз" (десті)
Аударма: Халифа Алтай
Егер сиқыршылар жеңетін болса, біз соларға еретін шығармыз», - делінді
Аударма: ҚМДБ
26:41
فَلَمَّا جَآءَ ٱلسَّحَرَةُ قَالُواْ لِفِرۡعَوۡنَ أَئِنَّ لَنَا لَأَجۡرًا إِن كُنَّا نَحۡنُ ٱلۡغَٰلِبِينَ
Сиқыршылар келген сәтте, Перғауынға: "Егер біз жеңсек, әрине бізге сыйлық бар емес пе?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Сиқыршылар келген соң, олар Фиръаунға: «Егер жеңіске жетсек, бізге сый бар ма?» -деді
Аударма: ҚМДБ
26:42
قَالَ نَعَمۡ وَإِنَّكُمۡ إِذٗا لَّمِنَ ٱلۡمُقَرَّبِينَ
(Перғауын): "Я, рас сендер онда маған жақындардан боласыңдар" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Иә. Ол жағдайда сендер / маған / жақындатылғандардан боласыңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:43
قَالَ لَهُم مُّوسَىٰٓ أَلۡقُواْ مَآ أَنتُم مُّلۡقُونَ
Мұса (Ғ.С.) сиқыршыларга: "Немене тастасаңдар қане тастаңдар" деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса Оларға: «Тастайтын нәрселеріңді тастаңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:44
فَأَلۡقَوۡاْ حِبَالَهُمۡ وَعِصِيَّهُمۡ وَقَالُواْ بِعِزَّةِ فِرۡعَوۡنَ إِنَّا لَنَحۡنُ ٱلۡغَٰلِبُونَ
Сонда олар арқандарымен таяқтарын тастап: "Перғауынның абыройы үшін біз жеңіске ие боламыз" десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар жіптері мен асаларын / таяқтарын / тастап: «Фиръаунның құдіретімен ант етеміз! Әлбетте біз жеңеміз»,- деді
Аударма: ҚМДБ
26:45
فَأَلۡقَىٰ مُوسَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ تَلۡقَفُ مَا يَأۡفِكُونَ
Сонда Мұса (Ғ.С.) да таяғын тастады. Дереу ол, олардың жасанды нәрселерін жалмай бастады
Аударма: Халифа Алтай
Мұса да асасын тастады, сол кезде ол олардың жасаған жалған / елес етіп көрсеткен / нәрселерін жұта бастады
Аударма: ҚМДБ
26:46
فَأُلۡقِيَ ٱلسَّحَرَةُ سَٰجِدِينَ
Сондықтан сиқыршылар сәждеге жығылды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сиқыршылар сәждеге жығылды
Аударма: ҚМДБ
26:47
قَالُوٓاْ ءَامَنَّا بِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Әлемнің Раббына иман келтірдік" десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Біз әлемдердің Раббысына сендік
Аударма: ҚМДБ
26:48
رَبِّ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ
Мұса мен Һарұнның Раббына
Аударма: Халифа Алтай
Мұса мен Һарұнның Раббысына», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:49
قَالَ ءَامَنتُمۡ لَهُۥ قَبۡلَ أَنۡ ءَاذَنَ لَكُمۡۖ إِنَّهُۥ لَكَبِيرُكُمُ ٱلَّذِي عَلَّمَكُمُ ٱلسِّحۡرَ فَلَسَوۡفَ تَعۡلَمُونَۚ لَأُقَطِّعَنَّ أَيۡدِيَكُمۡ وَأَرۡجُلَكُم مِّنۡ خِلَٰفٖ وَلَأُصَلِّبَنَّكُمۡ أَجۡمَعِينَ
(Перғауын) оларға: "Мен сендерге рұхсат беруден бұрын оған иман келтірдіңдер ме? Рас ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Енді білесіңдер; әлбетте қол-аяқтарыңды шадырлата кесемін, тіпті бәріңді асамын" деді
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаун / : «Сендер мен рұқсат берместен бұрын оған сендіңдер ме? Негізінде ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Жақында білесіңдер. Мен сендердің қол-аяқтарыңды айқыштап / оң қол - сол аяқ, сол қол - оң аяқтарыңды / кесемін жәнебарлығыңды керіп тастаймын»,- деді
Аударма: ҚМДБ
26:50
قَالُواْ لَا ضَيۡرَۖ إِنَّآ إِلَىٰ رَبِّنَا مُنقَلِبُونَ
(Сиқыршылар): "Оқасы жоқ. Раббымызға қайтамыз" деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Бізге оның зияны жоқ! Өйткені біз -Раббымызға қайтушымыз
Аударма: ҚМДБ
26:51
إِنَّا نَطۡمَعُ أَن يَغۡفِرَ لَنَا رَبُّنَا خَطَٰيَٰنَآ أَن كُنَّآ أَوَّلَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Расында біз сенгендердің алды болғандығымыздан, Раббымыздың қателерімізді жарылқауын үміт етеміз
Аударма: Халифа Алтай
Біз иманға келушілердің ең алдыңғылары болғанымыз үшін Раббымыздың күнәларымызды кешіруін қатты үміт етеміз», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:52
۞وَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ أَنۡ أَسۡرِ بِعِبَادِيٓ إِنَّكُم مُّتَّبَعُونَ
Мұса (Ғ.С.) ға: "Құлдарымды түн қатырып әкет. Сөз жоқ, қуаланасыңдар" деп уахи еттік
Аударма: Халифа Алтай
Біз Мұсаға: «Құлдарымды түн ішінде жолға алып шық, өйткені олар сендердің соңдарыңнан түседі», - деп уахи еттік
Аударма: ҚМДБ
26:53
فَأَرۡسَلَ فِرۡعَوۡنُ فِي ٱلۡمَدَآئِنِ حَٰشِرِينَ
Сонда Перғауын қалаларға жинаушылар жіберді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Фиръаун қалаларға / әскер / жинаушыларды жіберді
Аударма: ҚМДБ
26:54
إِنَّ هَـٰٓؤُلَآءِ لَشِرۡذِمَةٞ قَلِيلُونَ
Расында бұлар (Израил ұрпақтары) аз топ" (деді)
Аударма: Халифа Алтай
Ол / : «Негізінде олар аз ғана топ
Аударма: ҚМДБ
26:55
وَإِنَّهُمۡ لَنَا لَغَآئِظُونَ
Сонда да олар бізді ашуландыруда
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар біздің ашу-ызамызды келтірді
Аударма: ҚМДБ
26:56
وَإِنَّا لَجَمِيعٌ حَٰذِرُونَ
Расында біз сақ бір топпыз
Аударма: Халифа Алтай
және шын мәнінде біз барлығымыз да сақ болуымыз керек», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:57
فَأَخۡرَجۡنَٰهُم مِّن جَنَّـٰتٖ وَعُيُونٖ
Сөйтіп (Перғауындықтарды) бақшаларынан, бұлақтарынан шығардық
Аударма: Халифа Алтай
Біз оларды бақтары мен бұлақтарынан / осылай / шығардық
Аударма: ҚМДБ
26:58
وَكُنُوزٖ وَمَقَامٖ كَرِيمٖ
Сондай-ақ қазыналарынан, салтанатты мекендерінен де
Аударма: Халифа Алтай
әрі қазыналары мен сәулетті тұрақ жайларынан
Аударма: ҚМДБ
26:59
كَذَٰلِكَۖ وَأَوۡرَثۡنَٰهَا بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ
Осылайша оларға Израил ұрпақтарын мұрагер қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Осылай. Әрі Біз оны / ол жерді / Исраил ұрпақтарына мура етіп бердік
Аударма: ҚМДБ
26:60
فَأَتۡبَعُوهُم مُّشۡرِقِينَ
Сонда олар, Израил ұрпақтарын күн шыға қуды
Аударма: Халифа Алтай
Олар / Мұсаның / артынан таңертең түскен еді
Аударма: ҚМДБ
26:61
فَلَمَّا تَرَـٰٓءَا ٱلۡجَمۡعَانِ قَالَ أَصۡحَٰبُ مُوسَىٰٓ إِنَّا لَمُدۡرَكُونَ
Екі топ бірін-бірі көрген сәтте, Мұса (Ғ.С.) ның жолдастары: "Сөз жоқ, қолға түстік" деді
Аударма: Халифа Алтай
Екі топ бірін-бірі көрген кезде, Мұсаның жанындағылар: «Анығында, бізге қуып жететін болды», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:62
قَالَ كَلَّآۖ إِنَّ مَعِيَ رَبِّي سَيَهۡدِينِ
(Мұса Ғ.С.): "Әсте, шынында Раббым бізбен бірге. Маған жол көрсетеді" деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса / : «Жоқ, олай емес! Ақиқатында, Раббым менімен. Ол маған жол көрсетеді», -деді
Аударма: ҚМДБ
26:63
فَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ أَنِ ٱضۡرِب بِّعَصَاكَ ٱلۡبَحۡرَۖ فَٱنفَلَقَ فَكَانَ كُلُّ فِرۡقٖ كَٱلطَّوۡدِ ٱلۡعَظِيمِ
Мұса (Ғ.С.) ға: "Таяғыңмен теңізді ұр!",- деп уахи еттік. Сонда (теңіз) жарылып, әр бөлімі асқар таудай болды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Біз Мұсаға: «Таяғыңмен теңізді ұр», - деп уахи еттік. Сол кезде ол / теңіз / екіге жарылып, әр бөлігі үлкен таудай болды
Аударма: ҚМДБ
26:64
وَأَزۡلَفۡنَا ثَمَّ ٱلۡأٓخَرِينَ
Артқыларды да сол жерге жақындаттық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз / ол жерге / басқаларды / фиръаундықтарды / жақындаттық
Аударма: ҚМДБ
26:65
وَأَنجَيۡنَا مُوسَىٰ وَمَن مَّعَهُۥٓ أَجۡمَعِينَ
Мұса (Ғ.С.) ны да онымен бірге болған адамдардың барлығын құтқардық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз Мұсаны және онымен бірге болғандарды - барлығын құтқардық
Аударма: ҚМДБ
26:66
ثُمَّ أَغۡرَقۡنَا ٱلۡأٓخَرِينَ
Сосын басқаларды суға батырдық
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін басқаларды суға батырдық
Аударма: ҚМДБ
26:67
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ
Әрине бұнда ғибрат бар. Сонда да олардың көбі нанбады
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде мұнда белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көбі иманға келушілерден болмады
Аударма: ҚМДБ
26:68
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
Расында Раббың Ол, аса үстем, тым мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Раббың аса Үстем , ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
26:69
وَٱتۡلُ عَلَيۡهِمۡ نَبَأَ إِبۡرَٰهِيمَ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға Ыбырайым (Ғ.С.) ның Қиссасын баян ет
Аударма: Халифа Алтай
Оларға Ибраһим жайлы хабарды оқы
Аударма: ҚМДБ
26:70
إِذۡ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوۡمِهِۦ مَا تَعۡبُدُونَ
Сол уақытта ол әкесіне, еліне: "Неменеге табынасыңдар?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде ол әкесіне және еліне: «Сендер не нәрсеге құлшылық етесіңдер?» - деді
Аударма: ҚМДБ
26:71
قَالُواْ نَعۡبُدُ أَصۡنَامٗا فَنَظَلُّ لَهَا عَٰكِفِينَ
Олар: "Бұттарға шоқынамыз, оларға мүлде мүлгудеміз" деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Біз пұттарға табынамыз әрі олармен әрқашан біргеміз», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:72
قَالَ هَلۡ يَسۡمَعُونَكُمۡ إِذۡ تَدۡعُونَ
(Ыбырайым Ғ.С.): "Олар шақырғандарыңда ести ме?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Сұрап, жалбарынған кездерінде, олар сендерді ести ме
Аударма: ҚМДБ
26:73
أَوۡ يَنفَعُونَكُمۡ أَوۡ يَضُرُّونَ
Немесе олар сендерге пайда, зиян келтіре ала ма
Аударма: Халифа Алтай
Әлде олар сендерге пайда келтіре ала ма, не зиян жеткізе ала ма?» - деді
Аударма: ҚМДБ
26:74
قَالُواْ بَلۡ وَجَدۡنَآ ءَابَآءَنَا كَذَٰلِكَ يَفۡعَلُونَ
Олар: "Жоқ, аталарымызды осылай істеген түрде таптық" деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Жоқ. Біз аталарымыздың / құлшылықтарын / осылай жасайтынын көрдік», -деді
Аударма: ҚМДБ
26:75
قَالَ أَفَرَءَيۡتُم مَّا كُنتُمۡ تَعۡبُدُونَ
Ал енді неменеге табынғандарыңды көрдіңдер ме?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Не нәрсеге табынып жатқандарыңа байқап қарадыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
26:76
أَنتُمۡ وَءَابَآؤُكُمُ ٱلۡأَقۡدَمُونَ
Сендер де бұрынғы аталарың да
Аударма: Халифа Алтай
өздеріңнің және бұрынғы өткен аталарыңның
Аударма: ҚМДБ
26:77
فَإِنَّهُمۡ عَدُوّٞ لِّيٓ إِلَّا رَبَّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Әлемдердің Раббынан басқа, олар менің дұшпаным
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, тек әлемдердің Раббысынан басқа олардың / пұттардың / бәрі - менің жауым
Аударма: ҚМДБ
26:78
ٱلَّذِي خَلَقَنِي فَهُوَ يَهۡدِينِ
Ол, мені жаратқан, маған тура жол көрсетеді
Аударма: Халифа Алтай
Ол мені жаратты әрі Ол мені тура жолмен жүргізеді
Аударма: ҚМДБ
26:79
وَٱلَّذِي هُوَ يُطۡعِمُنِي وَيَسۡقِينِ
Ол, маған жегізеді де ішкізеді
Аударма: Халифа Алтай
және Ол мені тамақтандырады әрі сусындатады
Аударма: ҚМДБ
26:80
وَإِذَا مَرِضۡتُ فَهُوَ يَشۡفِينِ
Ол, қашан ауырсам, маған шипа береді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, ауырған кезімде, Ол маған шипа береді
Аударма: ҚМДБ
26:81
وَٱلَّذِي يُمِيتُنِي ثُمَّ يُحۡيِينِ
Ол, мені өлтіреді де сонсоң тірілтеді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол мені өлтіреді, содан кейін тірілтеді
Аударма: ҚМДБ
26:82
وَٱلَّذِيٓ أَطۡمَعُ أَن يَغۡفِرَ لِي خَطِيٓـَٔتِي يَوۡمَ ٱلدِّينِ
Ол сондай Алла, киямет күні қателерімді жарылқауын үміт етемін
Аударма: Халифа Алтай
Ал Есеп күні мен Оның қателерімді кешіруін үміт етемін
Аударма: ҚМДБ
26:83
رَبِّ هَبۡ لِي حُكۡمٗا وَأَلۡحِقۡنِي بِٱلصَّـٰلِحِينَ
Раббым маған даналық беріп, мені игілерге қоса көр
Аударма: Халифа Алтай
Раббым! Маған даналық / білім / бер және мені ізгілермен бірге ет
Аударма: ҚМДБ
26:84
وَٱجۡعَل لِّي لِسَانَ صِدۡقٖ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ
Мені кейінгі нәсілдердің тілінде де шынайы үлгі қыла көр
Аударма: Халифа Алтай
Және кейінгілердің ішінде мені тура сөз / турашылдықтың тілі / ет
Аударма: ҚМДБ
26:85
وَٱجۡعَلۡنِي مِن وَرَثَةِ جَنَّةِ ٱلنَّعِيمِ
Мені, нығметті жаннаттьің мұрагерлерінен қыл
Аударма: Халифа Алтай
және мені Наъим жәннатының мұрагерлерінен ете гөр
Аударма: ҚМДБ
26:86
وَٱغۡفِرۡ لِأَبِيٓ إِنَّهُۥ كَانَ مِنَ ٱلضَّآلِّينَ
Әкемді жарылқа! Өйткені ол, адасушылардан." (С. 114-А)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі әкемді кешір, өйткені ол адасушылардан болды
Аударма: ҚМДБ
26:87
وَلَا تُخۡزِنِي يَوۡمَ يُبۡعَثُونَ
Қабырдан тұратын күні мені мүңайтпа
Аударма: Халифа Алтай
және олар қайта тірілтілетін күні мені қор ете көрме», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:88
يَوۡمَ لَا يَنفَعُ مَالٞ وَلَا بَنُونَ
Ол күні, мал да балалар да пайда бермейді
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні байлық та, балалар да пайда бермейді
Аударма: ҚМДБ
26:89
إِلَّا مَنۡ أَتَى ٱللَّهَ بِقَلۡبٖ سَلِيمٖ
Бірақ кім Аллаға нағыз жүрекпен келсе ғана (пайда береді)
Аударма: Халифа Алтай
тек Аллаһқа cay жүрекпен келгендер ғана басқа
Аударма: ҚМДБ
26:90
وَأُزۡلِفَتِ ٱلۡجَنَّةُ لِلۡمُتَّقِينَ
Тақуаларға жаннат жақындатылады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға / Жәннат жақындатылады
Аударма: ҚМДБ
26:91
وَبُرِّزَتِ ٱلۡجَحِيمُ لِلۡغَاوِينَ
Азғындарға тозақ көрсетіледі
Аударма: Халифа Алтай
Ал, адасқандарға Жаһим / тозағы / көрсетіледі
Аударма: ҚМДБ
26:92
وَقِيلَ لَهُمۡ أَيۡنَ مَا كُنتُمۡ تَعۡبُدُونَ
Оларға: "Табынатындарың қайда?",- делінеді
Аударма: Халифа Алтай
Оларға: «Сендердің табынғандарың қайда
Аударма: ҚМДБ
26:93
مِن دُونِ ٱللَّهِ هَلۡ يَنصُرُونَكُمۡ أَوۡ يَنتَصِرُونَ
Алладан өзгелер, сендерге жәрдем ете ме? Яқи өздеріне жәрдем ете ала ма
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтан өзге? Олар сендерге жәрдем бере ала ма, әлде өздеріне көмек бере ала ма?» - делінеді
Аударма: ҚМДБ
26:94
فَكُبۡكِبُواْ فِيهَا هُمۡ وَٱلۡغَاوُۥنَ
Табынылғандар да азғындар да тозаққа етбетінен құлатылады
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп олар және адасқандар оның ішіне лақтырылады
Аударма: ҚМДБ
26:95
وَجُنُودُ إِبۡلِيسَ أَجۡمَعُونَ
Ібілістің әскерлері де тұтас
Аударма: Халифа Алтай
әрі Ібілістің / жын мен адамнан болганШ / әскерлерінің барлығы да
Аударма: ҚМДБ
26:96
قَالُواْ وَهُمۡ فِيهَا يَخۡتَصِمُونَ
Олар онда былай деп таласады
Аударма: Халифа Алтай
Олар онда тартысқан күйлерінде
Аударма: ҚМДБ
26:97
تَٱللَّهِ إِن كُنَّا لَفِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٍ
Аллаға серт, адасқан-ақ екенміз ғой
Аударма: Халифа Алтай
«Аллаһпен ант етейік, шын мәнінде біз анық адасуда болыппыз
Аударма: ҚМДБ
26:98
إِذۡ نُسَوِّيكُم بِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Сендерді Әлемнің Раббына теңеуші едік
Аударма: Халифа Алтай
сендерді әлемдердің Раббысына теңеген кезімізде
Аударма: ҚМДБ
26:99
وَمَآ أَضَلَّنَآ إِلَّا ٱلۡمُجۡرِمُونَ
Бізді күнәкарлар-ақ адастырган екен
Аударма: Халифа Алтай
Бізді тек қылмыскерлер / күнәһарлар / адастырды
Аударма: ҚМДБ
26:100
فَمَا لَنَا مِن شَٰفِعِينَ
Енді біздің ешбір шапағатшымыз жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Енді бізге ара түсушілер жоқ
Аударма: ҚМДБ
26:101
وَلَا صَدِيقٍ حَمِيمٖ
Жан күйер достымыз да жоқ
Аударма: Халифа Алтай
жанашыр дос та жоқ
Аударма: ҚМДБ
26:102
فَلَوۡ أَنَّ لَنَا كَرَّةٗ فَنَكُونَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Әттең! Қайтарылсақ, иман келтіргендерден болар едік
Аударма: Халифа Алтай
Егер де бізге қайту мүмкіндігі болғанда, онда біз имандылардан / мүміндерден / болар едік», - дейді
Аударма: ҚМДБ
26:103
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ
Рас осы да бір ғибрат бар. Дегенмен олардың көбі иман келтірмеді
Аударма: Халифа Алтай
Әлбетте Мұнда / осы оқиғада / белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді
Аударма: ҚМДБ
26:104
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
(Мұхаммед Ғ.С.) расында Раббың тым үстем, аса мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем , ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
26:105
كَذَّبَتۡ قَوۡمُ نُوحٍ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Нұх (Ғ.С.) тың елі де пайғамбарларды жасынға айналдырды
Аударма: Халифа Алтай
Нұхтың елі елшілерді өтірікшіге шығарды
Аударма: ҚМДБ
26:106
إِذۡ قَالَ لَهُمۡ أَخُوهُمۡ نُوحٌ أَلَا تَتَّقُونَ
Сол уақытта, олардың туысы Нұх (Ғ.С.): "қорықпайсыңдар ма?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде оларға ағайыны Нұх: «Сендер қорықпайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
26:107
إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٞ
Рас мен сендер үшін сенімді бір Елшімін
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, мен - сендерге сенімді бір Елшімін
Аударма: ҚМДБ
26:108
فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар
Аударма: Халифа Алтай
енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар
Аударма: ҚМДБ
26:109
وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Бұған Сендерден ақы сұрамаймын, менің ақым әлемдердің Раббына тән
Аударма: Халифа Алтай
Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында
Аударма: ҚМДБ
26:110
فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Алладан қорқып, маған бағынындар
Аударма: Халифа Алтай
Енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар»,- деді
Аударма: ҚМДБ
26:111
۞قَالُوٓاْ أَنُؤۡمِنُ لَكَ وَٱتَّبَعَكَ ٱلۡأَرۡذَلُونَ
Олар: "Саған қор кісілер ерді деп, иман келтірейік пе?",- десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Саған ілескендер ең төмен / бейшара / адамдар болса, біз саған сенеміз бе?» - деді
Аударма: ҚМДБ
26:112
قَالَ وَمَا عِلۡمِي بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
(Нұх Ғ.С.): "Олардың не істегендерін білмеймін" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Менде олардың не істегендері туралы білім жоқ
Аударма: ҚМДБ
26:113
إِنۡ حِسَابُهُمۡ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّيۖ لَوۡ تَشۡعُرُونَ
Егер сезетін болсаңдар, олардың есебі Раббыма тән
Аударма: Халифа Алтай
Егер де сезетін / аңғаратын / болсаңдар, олардың есебі Раббымда
Аударма: ҚМДБ
26:114
وَمَآ أَنَا۠ بِطَارِدِ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Иман келтіргендерді қумаймын
Аударма: Халифа Алтай
Әрі мен иманға келгендерді қумаймын
Аударма: ҚМДБ
26:115
إِنۡ أَنَا۠ إِلَّا نَذِيرٞ مُّبِينٞ
Сондай-ақ мен ашық бір ескертушімін
Аударма: Халифа Алтай
Мен тек анық ескертуші ғанамын»,- деді
Аударма: ҚМДБ
26:116
قَالُواْ لَئِن لَّمۡ تَنتَهِ يَٰنُوحُ لَتَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡمَرۡجُومِينَ
Олар: "Әй Нұх! Егер тыйылмасаң, әрине таспен атқыланғандардан боласың" деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Ей, Нұх! Егер / насихатыңды / тоқтатпасаң, таспен атқыланғандардан боласың», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:117
قَالَ رَبِّ إِنَّ قَوۡمِي كَذَّبُونِ
Раббым! Рас мені, елім жасынға шығарды" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Раббым! Елім мені өтірікші санады
Аударма: ҚМДБ
26:118
فَٱفۡتَحۡ بَيۡنِي وَبَيۡنَهُمۡ فَتۡحٗا وَنَجِّنِي وَمَن مَّعِيَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Енді менімен олардың арасына нақ үкім бер! Мені де, мені мен бірге мүміндерді де құтқар
Аударма: Халифа Алтай
Енді мені мен олардың арасына нақ үкім бер және мені әрі менімен бірге болған имандыларды құтқар», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:119
فَأَنجَيۡنَٰهُ وَمَن مَّعَهُۥ فِي ٱلۡفُلۡكِ ٱلۡمَشۡحُونِ
Сонда оны да онымен бірге болғандарды да толы кемеде құтқардық
Аударма: Халифа Алтай
Сонда, Біз оны және онымен бірге болғандарды лық толы кемеде құтқардық
Аударма: ҚМДБ
26:120
ثُمَّ أَغۡرَقۡنَا بَعۡدُ ٱلۡبَاقِينَ
Сосың, кейін қалғандарды суға батырдық
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін қалғандарды суға батырдық
Аударма: ҚМДБ
26:121
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ
Рас бұнда анық ғибрат бар. Сонда да олардың көбі сенбейді
Аударма: Халифа Алтай
Әлбетте, мұнда белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді
Аударма: ҚМДБ
26:122
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
Рас Раббың үстем де мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
26:123
كَذَّبَتۡ عَادٌ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Ғад елі де елшілерді жасынға шығарды
Аударма: Халифа Алтай
Ад елі елшілерді өтірікшігешығарды
Аударма: ҚМДБ
26:124
إِذۡ قَالَ لَهُمۡ أَخُوهُمۡ هُودٌ أَلَا تَتَّقُونَ
Сол уақытта оларға туыстары Һүд (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда оларға ағайыны Һұд: «Сендер қорықпайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
26:125
إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٞ
Рас сендерге сенімді Елшімін
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында мен - сендерге сенімді бір Елшімін
Аударма: ҚМДБ
26:126
فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Алладан қорқып, маған бағыныңдар
Аударма: Халифа Алтай
енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар
Аударма: ҚМДБ
26:127
وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Ақым әлемдердің Раббына тән
Аударма: Халифа Алтай
Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында
Аударма: ҚМДБ
26:128
أَتَبۡنُونَ بِكُلِّ رِيعٍ ءَايَةٗ تَعۡبَثُونَ
Әр төбеге әншейін ескерткіш құрылыс жасайсыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Сендер әр төбеге қажетсіз бір белгі / ескерткіш / тұрғызасыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
26:129
وَتَتَّخِذُونَ مَصَانِعَ لَعَلَّكُمۡ تَخۡلُدُونَ
Дүниеде мәңгі қалу үмітімен мықты сарайлар жасайсыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Әрі мәңгі өмір сүретіндей сарайлар саласыңдар
Аударма: ҚМДБ
26:130
وَإِذَا بَطَشۡتُم بَطَشۡتُمۡ جَبَّارِينَ
Қашан ұстасаңдар, қатты зорекерлікпен ұстадыңдар!" (Аямадыңдар!" Ж.Б.М)
Аударма: Халифа Алтай
Ал, / біреуді / ұстасаңдар, қатыгездікпен ұстадыңдар / жазаладыңдар
Аударма: ҚМДБ
26:131
فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар
Аударма: Халифа Алтай
Енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар
Аударма: ҚМДБ
26:132
وَٱتَّقُواْ ٱلَّذِيٓ أَمَدَّكُم بِمَا تَعۡلَمُونَ
Сендерді білген нәрселеріңмен қамтамасыз еткен Алладан қорқыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Сендерді өздерің білетін нәрселермен қамтамасыз еткеннен қорқыңдар
Аударма: ҚМДБ
26:133
أَمَدَّكُم بِأَنۡعَٰمٖ وَبَنِينَ
Сендерге малдар, балалар берді
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерге малдарды және ұлдарды берді
Аударма: ҚМДБ
26:134
وَجَنَّـٰتٖ وَعُيُونٍ
Бақшалар, бұлақтар берген (Алладан қорқыңдар)
Аударма: Халифа Алтай
бақтар мен бұлақтарды
Аударма: ҚМДБ
26:135
إِنِّيٓ أَخَافُ عَلَيۡكُمۡ عَذَابَ يَوۡمٍ عَظِيمٖ
Сендерге болатын ұлы күннің азабынан қорқамын
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, мен сендерге ұлы Күннің азабы түсуінен қорқамын», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:136
قَالُواْ سَوَآءٌ عَلَيۡنَآ أَوَعَظۡتَ أَمۡ لَمۡ تَكُن مِّنَ ٱلۡوَٰعِظِينَ
Олар: "Сен уағыздасаң да уағыздамасаң да бізге бірдей" десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Сен үгіттесең де, үгіттеушілерден болмасаң да - біз үшін бәрібір
Аударма: ҚМДБ
26:137
إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا خُلُقُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Бұл бұрынғылардың ғана салты. (Яқи, бұл айтқандарыңды бұрынғылар да айтқан)
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - бар болғаны бұрынғылардың салты ғана
Аударма: ҚМДБ
26:138
وَمَا نَحۡنُ بِمُعَذَّبِينَ
Біз азапқа душар болмаймыз
Аударма: Халифа Алтай
әрі біз азапталмаймыз», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:139
فَكَذَّبُوهُ فَأَهۡلَكۡنَٰهُمۡۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ
Сонда олар оны жасынға айналдырды да оларды жоқ еттік. Расында бұнда бір өнеге бар. Дегенмен олардың көбі сенбеген еді
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп олар оны өтірікшіге шығарды, сонда Біз оларды жойдық. Әлбетте Мұнда / осы оқиғада / дәлел бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді
Аударма: ҚМДБ
26:140
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине Раббың Ол, тым үстем, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
26:141
كَذَّبَتۡ ثَمُودُ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Сәмүд елі де елшілерді жасынға айналдырды
Аударма: Халифа Алтай
Сәмұд елі елшілерді өтірікшіге шығарды
Аударма: ҚМДБ
26:142
إِذۡ قَالَ لَهُمۡ أَخُوهُمۡ صَٰلِحٌ أَلَا تَتَّقُونَ
Сол уақытта туыстары Салих (Ғ.С.): "Алладан қорықпайсыңдар ма?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда оларға ағайыны Салих: «Сендер қорықпайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
26:143
إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٞ
Рас мен сендер үшін сенімді бір Елшімін
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, мен - сендерге сенімді бір Елшімін
Аударма: ҚМДБ
26:144
فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Алладан қорқып, маған бағыныңдар
Аударма: Халифа Алтай
енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар
Аударма: ҚМДБ
26:145
وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті
Аударма: Халифа Алтай
Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында
Аударма: ҚМДБ
26:146
أَتُتۡرَكُونَ فِي مَا هَٰهُنَآ ءَامِنِينَ
Сендер осы жерде бейбіт қала аласыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Сендер осындағы бар нәрселердің арасында қауіпсіз күйде қалдырыласыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
26:147
فِي جَنَّـٰتٖ وَعُيُونٖ
Бақшаларда, бұлақтарда
Аударма: Халифа Алтай
бақтар мен бұлақтардың
Аударма: ҚМДБ
26:148
وَزُرُوعٖ وَنَخۡلٖ طَلۡعُهَا هَضِيمٞ
Егіндерде, жұмсақ қауашақты құрма ағаштарында
Аударма: Халифа Алтай
және егіндіктер мен жемісі жұмсақ құрма ағаштары арасында
Аударма: ҚМДБ
26:149
وَتَنۡحِتُونَ مِنَ ٱلۡجِبَالِ بُيُوتٗا فَٰرِهِينَ
Сондай-ақ таулардан ойып, шеберлікпен үй жасайсыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сендер менмендік танытып, тауларда үйлер қашап аласыңдар
Аударма: ҚМДБ
26:150
فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар
Аударма: Халифа Алтай
Енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар
Аударма: ҚМДБ
26:151
وَلَا تُطِيعُوٓاْ أَمۡرَ ٱلۡمُسۡرِفِينَ
Шектен шығушылардың әміріне бағынбаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі шектен шығушылардың бұйрығына бағынбаңдар
Аударма: ҚМДБ
26:152
ٱلَّذِينَ يُفۡسِدُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَا يُصۡلِحُونَ
Олар жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік қылмайды
Аударма: Халифа Алтай
сондай, жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасап, ешбір нәрсе түзетпейтіндердің», деді
Аударма: ҚМДБ
26:153
قَالُوٓاْ إِنَّمَآ أَنتَ مِنَ ٱلۡمُسَحَّرِينَ
Олар, Салих (Ғ.С.) қа: "Шынында сен жадыланғандардансың" десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Шын мәнінде сен сиқырланғанның бірісің
Аударма: ҚМДБ
26:154
مَآ أَنتَ إِلَّا بَشَرٞ مِّثۡلُنَا فَأۡتِ بِـَٔايَةٍ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
Сен біз сияқты ғана адамсың. Егер шыншыл болсаң, бір белгі әкел
Аударма: Халифа Алтай
Сен бар болғаны біз секілді бір адамсың. Егер шын сөзділерден болсаң, онда бір белгі келтір»,- деді
Аударма: ҚМДБ
26:155
قَالَ هَٰذِهِۦ نَاقَةٞ لَّهَا شِرۡبٞ وَلَكُمۡ شِرۡبُ يَوۡمٖ مَّعۡلُومٖ
(Салих Ғ.С.): "Міне, белгі бір аруана. Су кезегі, бір күн оныкі де бір белгілі күн сендердікі" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Салих / : «Міне, мынау - түйе. Оның су ішетін кезегі әрі сендердің де су ішетін кезектерің белгіленген күндер бойынша / бөлінеді
Аударма: ҚМДБ
26:156
وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوٓءٖ فَيَأۡخُذَكُمۡ عَذَابُ يَوۡمٍ عَظِيمٖ
Оған жаман ниетпен соқтықпаңдар. Онда сендерді ұлы күннің апаты қолға алады
Аударма: Халифа Алтай
Оған жамандықпен тиіспеңдер, болмаса сендерге ұлы Күннің азабы тиеді», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:157
فَعَقَرُوهَا فَأَصۡبَحُواْ نَٰدِمِينَ
Олар, оны өлтіріп, тастады да өкініште болды
Аударма: Халифа Алтай
Алайда олар оның тірсегін кесіп / өлтіріп / , кейін өкінушілерге айналды
Аударма: ҚМДБ
26:158
فَأَخَذَهُمُ ٱلۡعَذَابُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ
Сонда оларды апат қолға алды. Расында бұнда ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда оларға азап түсті. Әлбетте мұнда / осы оқиғада / дәлел-ғибрат бар. Алайда олардың көпшілігі иманға келмейді
Аударма: ҚМДБ
26:159
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
Расында Раббың тым үстем, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
26:160
كَذَّبَتۡ قَوۡمُ لُوطٍ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Лұт елі де елшілерді жасынға айналдырды
Аударма: Халифа Алтай
Лұттың елі елшілерді өтірікшіге шығарды
Аударма: ҚМДБ
26:161
إِذۡ قَالَ لَهُمۡ أَخُوهُمۡ لُوطٌ أَلَا تَتَّقُونَ
Сол уақытта туыстары Лұт (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Оларға ағайыны Лұт: «Сендер / Аллаһтың жазасынан / қорқып,сақтанбайсыңдарма
Аударма: ҚМДБ
26:162
إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٞ
Мен сендерге сенімді бір Елшімін
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында мен сендерге сенімді бір Елшімін
Аударма: ҚМДБ
26:163
فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Енді Алладан қорқыңдар да маған бой ұсыныңдар
Аударма: Халифа Алтай
енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар
Аударма: ҚМДБ
26:164
وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті
Аударма: Халифа Алтай
Мен сендерден бүл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым – әлемдердің Раббысында
Аударма: ҚМДБ
26:165
أَتَأۡتُونَ ٱلذُّكۡرَانَ مِنَ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Дүниеде (қатындар тұрып,) еркектерге қосыласыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Бүкіл әлемдердің ішінде сендер еркектермен жақындасып
Аударма: ҚМДБ
26:166
وَتَذَرُونَ مَا خَلَقَ لَكُمۡ رَبُّكُم مِّنۡ أَزۡوَٰجِكُمۚ بَلۡ أَنتُمۡ قَوۡمٌ عَادُونَ
Раббыларыңның сендер үшін жаратқан әйелдеріңді тастайсыңдар ма? Сендер асқынған елсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
өздеріңнің Раббың, сендер үшін жаратқан жұбайларыңды тастайсыңдар ма? Күмәнсіз, сендер шектен шыққан елсіңдер», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:167
قَالُواْ لَئِن لَّمۡ تَنتَهِ يَٰلُوطُ لَتَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡمُخۡرَجِينَ
Олар: "Әй Лұт! Егер тыйылмасаң, әлбетте (жұрттан) шығарыласың" десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Ей, Лұт! Егер сен тоқтатпасаң, әлбетте, / елден қуып / шығарылғандардан боласың», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:168
قَالَ إِنِّي لِعَمَلِكُم مِّنَ ٱلۡقَالِينَ
Лұт (Ғ.С.): "Әрине мен сендердің қылықтарыңнан жиіркенемін." деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Әрине, мен сендердің істеріңнен жиіркенемін
Аударма: ҚМДБ
26:169
رَبِّ نَجِّنِي وَأَهۡلِي مِمَّا يَعۡمَلُونَ
Раббым, мені, семьямды бұлардың қылықтарынан құтқар
Аударма: Халифа Алтай
Раббым! Мені және үй-ішімді олардың істеп жатқандарынан құтқар», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:170
فَنَجَّيۡنَٰهُ وَأَهۡلَهُۥٓ أَجۡمَعِينَ
Сонда оны да үй-ішін де тұтас құтқардық
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Біз оны және оның үй ішінің барлығын құтқардық
Аударма: ҚМДБ
26:171
إِلَّا عَجُوزٗا فِي ٱلۡغَٰبِرِينَ
Жоқ болатындардың ішіндегі кемпірден басқа
Аударма: Халифа Алтай
тек, қалатындардың қатарындағы бір кемпірден басқасын
Аударма: ҚМДБ
26:172
ثُمَّ دَمَّرۡنَا ٱلۡأٓخَرِينَ
Сосын қалғандарды да жоқ еттік
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін, басқаларын жойып жібердік
Аударма: ҚМДБ
26:173
وَأَمۡطَرۡنَا عَلَيۡهِم مَّطَرٗاۖ فَسَآءَ مَطَرُ ٱلۡمُنذَرِينَ
Оларға жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жаңбыры нендей жаман
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олардың үстіне жаңбыр жаудырдық. Ескертілгендердің жаңбыры неткен жаман
Аударма: ҚМДБ
26:174
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ
Рас бұнда бір ғибрат бар,Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді
Аударма: Халифа Алтай
Әлбетте осыда / бұл хабарда / белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді
Аударма: ҚМДБ
26:175
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
(Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың тым үстем, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында Раббың әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әр-Рахим / ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
26:176
كَذَّبَ أَصۡحَٰبُ لۡـَٔيۡكَةِ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Әйке елі де елшілерді жасынға айналдырды
Аударма: Халифа Алтай
Әйке тұрғындары елшілерді өтірікшіге шығарды
Аударма: ҚМДБ
26:177
إِذۡ قَالَ لَهُمۡ شُعَيۡبٌ أَلَا تَتَّقُونَ
Сол уақытта оларға, Шұғайып (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда оларға Шұғайып: «Сендер қорықпайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
26:178
إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٞ
Рас мен сендерге сенімді бір елшімін
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында мен сендерге сенімді бір Елшімін
Аударма: ҚМДБ
26:179
فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Енді Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар
Аударма: Халифа Алтай
енді Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және маған бағыныңдар
Аударма: ҚМДБ
26:180
وَمَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٍۖ إِنۡ أَجۡرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Сендерден бұған ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті
Аударма: Халифа Алтай
Мен сендерден бұл үшін сыйақы сұрамаймын. Менің сыйым - әлемдердің Раббысында
Аударма: ҚМДБ
26:181
۞أَوۡفُواْ ٱلۡكَيۡلَ وَلَا تَكُونُواْ مِنَ ٱلۡمُخۡسِرِينَ
Өлшеуді толықтаңдар да кемітушілерден болмаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Өлшеуді толық сақтаңдар, кемітушілерден болмаңдар
Аударма: ҚМДБ
26:182
وَزِنُواْ بِٱلۡقِسۡطَاسِ ٱلۡمُسۡتَقِيمِ
Тура таразымен тартыңдар
Аударма: Халифа Алтай
әрі тура таразымен тартыңдар
Аударма: ҚМДБ
26:183
وَلَا تَبۡخَسُواْ ٱلنَّاسَ أَشۡيَآءَهُمۡ وَلَا تَعۡثَوۡاْ فِي ٱلۡأَرۡضِ مُفۡسِدِينَ
Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер (кісі хақысы жемеңдер) де жер жүзінде бұзақы болып, жүрмеңдер
Аударма: Халифа Алтай
және адамдардың заттарын кемітіп бермеңдер әрі бұзу-бүлдірушілік жасап, жер бетіне таратпаңдар
Аударма: ҚМДБ
26:184
وَٱتَّقُواْ ٱلَّذِي خَلَقَكُمۡ وَٱلۡجِبِلَّةَ ٱلۡأَوَّلِينَ
Сендер және бұрыңғы нәсілдерді жаратқан Алладан қорқыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сендерді және алғашқы ұрпақтарды жаратқаннан қорқыңдар», деді
Аударма: ҚМДБ
26:185
قَالُوٓاْ إِنَّمَآ أَنتَ مِنَ ٱلۡمُسَحَّرِينَ
Олар: "Сен анық жадыланғансың." деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Шын мәнінде сен - сиқырланған адамдардың бірісің
Аударма: ҚМДБ
26:186
وَمَآ أَنتَ إِلَّا بَشَرٞ مِّثۡلُنَا وَإِن نَّظُنُّكَ لَمِنَ ٱلۡكَٰذِبِينَ
Сен біз құсаған ғана адамсың. Әрі сені өтірікшілерден деп, ойлаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сен бар болғаны біз сияқты адамсың. Біз сені сөзсіз өтірікшілерден деп ойлаймыз
Аударма: ҚМДБ
26:187
فَأَسۡقِطۡ عَلَيۡنَا كِسَفٗا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
Егер шын айтушылардан болсаң, онда үстімізге аспанның бір кесегін түсір
Аударма: Халифа Алтай
Егер шын сөзділерден болсаң, үстімізге аспаннан бір бөлік түсір», - деді
Аударма: ҚМДБ
26:188
قَالَ رَبِّيٓ أَعۡلَمُ بِمَا تَعۡمَلُونَ
(Шұғайып Ғ.С.): "Раббым не істегендеріңді тағы жақсы біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Шұғайып / : «Раббым сендердің не істеп жатқандарыңды жақсы біледі»,- деді
Аударма: ҚМДБ
26:189
فَكَذَّبُوهُ فَأَخَذَهُمۡ عَذَابُ يَوۡمِ ٱلظُّلَّةِۚ إِنَّهُۥ كَانَ عَذَابَ يَوۡمٍ عَظِيمٍ
Сонда олар оны жасынға шығарды да оларды түнек күннің апаты қолға алды. Рас ол, ірі бір күннің апаты еді
Аударма: Халифа Алтай
Олар оны өтірікші санады. Сондықтан оларға көлеңкелі күннің азабы түсті. Негізінде ол - ұлы Күннің азабы еді
Аударма: ҚМДБ
26:190
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗۖ وَمَا كَانَ أَكۡثَرُهُم مُّؤۡمِنِينَ
Рас бұнда бір ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді
Аударма: Халифа Алтай
Әлбетте мұнда / осы хабарда / белгі-ғибрат бар. Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді
Аударма: ҚМДБ
26:191
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
(Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың Ол, тым үстем, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед / / Ақиқатында, Раббың бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
26:192
وَإِنَّهُۥ لَتَنزِيلُ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Күдіксіз бұл Құран әлбетте әлемдердің Раббының түсіргені
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, бұл / Құран / - әлемдердің Раббысының түсіргені
Аударма: ҚМДБ
26:193
نَزَلَ بِهِ ٱلرُّوحُ ٱلۡأَمِينُ
Оны сенімді РҰХ (Жебрейіл) келтірді
Аударма: Халифа Алтай
Оны сенімді Рух / Жәбірейіл / түсірді
Аударма: ҚМДБ
26:194
عَلَىٰ قَلۡبِكَ لِتَكُونَ مِنَ ٱلۡمُنذِرِينَ
Ескертушілерден болуың үшін жүрегіңе қондырды
Аударма: Халифа Алтай
ескертушілерден болуың үшін сенің жүрегіңе
Аударма: ҚМДБ
26:195
بِلِسَانٍ عَرَبِيّٖ مُّبِينٖ
Ап-ашық бір арап тілінде
Аударма: Халифа Алтай
анық араб тілінде / түсірді
Аударма: ҚМДБ
26:196
وَإِنَّهُۥ لَفِي زُبُرِ ٱلۡأَوَّلِينَ
Рас ол, бұрынғылардың кітаптарында да бар еді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол / жайлы / бұрынғылардың кітаптарында бар
Аударма: ҚМДБ
26:197
أَوَلَمۡ يَكُن لَّهُمۡ ءَايَةً أَن يَعۡلَمَهُۥ عُلَمَـٰٓؤُاْ بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ
Израил ұрпақтарының ғалымдарының бұны білулері, олар үшін бір дәлел болмай ма? (С. 52-55-А)
Аударма: Халифа Алтай
Оны Исраил ұрпақтарының ғалымдары білуі, олар үшін / жеткілікті / дәлел болмады ма
Аударма: ҚМДБ
26:198
وَلَوۡ نَزَّلۡنَٰهُ عَلَىٰ بَعۡضِ ٱلۡأَعۡجَمِينَ
Егер ол Құранды араптан басқа бір бөгдеге түсірсек те
Аударма: Халифа Алтай
Егер де оны араб емес, өзгелердің біріне түсіріп
Аударма: ҚМДБ
26:199
فَقَرَأَهُۥ عَلَيۡهِم مَّا كَانُواْ بِهِۦ مُؤۡمِنِينَ
Ол, бүны оларға оқыса да олар оған және сенбес еді
Аударма: Халифа Алтай
ол оны оларға оқып берсе де, олар / бәрібір / оған сенуші болмас еді
Аударма: ҚМДБ
26:200
كَذَٰلِكَ سَلَكۡنَٰهُ فِي قُلُوبِ ٱلۡمُجۡرِمِينَ
Осылайша Құранды күнәкарлардың жүректеріне қойдық. (Б.Р.) (Немесе күнәкарлардың жүректеріне қарсылық салдық. Ж.М.К)
Аударма: Халифа Алтай
Біз қылмыскерлердің жүректеріне оны / имансыздықты, қарсы келуді / осылай кіргіземіз
Аударма: ҚМДБ
26:201
لَا يُؤۡمِنُونَ بِهِۦ حَتَّىٰ يَرَوُاْ ٱلۡعَذَابَ ٱلۡأَلِيمَ
Күйзелтуші азапты көргенге дейін оған сенбейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар күйзелтуші азапты көрмейінше, оған сенбейді
Аударма: ҚМДБ
26:202
فَيَأۡتِيَهُم بَغۡتَةٗ وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ
Азап Оларға, олар сезбеген түрде кенеттен келеді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / жаза / кенеттен, олар оны сезбеген күйлерінде келеді
Аударма: ҚМДБ
26:203
فَيَقُولُواْ هَلۡ نَحۡنُ مُنظَرُونَ
Сонда олар: "Бізге бір мұрса берілер ме екен?",- дейді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олар: «Бізге бір мұрсат беріле ме?» - дейді
Аударма: ҚМДБ
26:204
أَفَبِعَذَابِنَا يَسۡتَعۡجِلُونَ
Ал сонда олар: Азабымыздың тездетілуін тілей ме
Аударма: Халифа Алтай
Олар Біздің азабымыздың тез болуын қалай ма
Аударма: ҚМДБ
26:205
أَفَرَءَيۡتَ إِن مَّتَّعۡنَٰهُمۡ سِنِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.): Көрдің бе? Оларды жылдарша қамтамасыз етсек те
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Көрдің бе, егер олар­ды жылдар бойы пайдаландырсақ
Аударма: ҚМДБ
26:206
ثُمَّ جَآءَهُم مَّا كَانُواْ يُوعَدُونَ
Сонсоң Оларға уәде етілген апат келсе
Аударма: Халифа Алтай
содан кейін оларға, уәде етілген нәрсе келгенде
Аударма: ҚМДБ
26:207
مَآ أَغۡنَىٰ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يُمَتَّعُونَ
Оларды пайдаланған нәрселері қорымайды
Аударма: Халифа Алтай
сол пайдаланып келгендері оларды құтқармайды
Аударма: ҚМДБ
26:208
وَمَآ أَهۡلَكۡنَا مِن قَرۡيَةٍ إِلَّا لَهَا مُنذِرُونَ
Бір кентті жоқ еткен болсақ, әлбетте олар үшін ескертуші болған
Аударма: Халифа Алтай
Біз ескертушіні жібермей тұрып, ешбір елді мекенді жойған емеспіз
Аударма: ҚМДБ
26:209
ذِكۡرَىٰ وَمَا كُنَّا ظَٰلِمِينَ
Ескерту берілген. Зұлымдық қылушы емеспіз
Аударма: Халифа Алтай
Оларды / еске салу үшін / жібергенбіз / . Біз әділетсіздік жасаған жоқпыз
Аударма: ҚМДБ
26:210
وَمَا تَنَزَّلَتۡ بِهِ ٱلشَّيَٰطِينُ
Бұл Құранды шайтандар түсірмеді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оны / Құранды / шайтандар алып түскен жоқ
Аударма: ҚМДБ
26:211
وَمَا يَنۢبَغِي لَهُمۡ وَمَا يَسۡتَطِيعُونَ
Оларға лайық та емес. Шамалары да келмейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар бұған лайықты емес әрі олар істей алмайды
Аударма: ҚМДБ
26:212
إِنَّهُمۡ عَنِ ٱلسَّمۡعِ لَمَعۡزُولُونَ
Рас олар тыңдаудан мүлде ұзақтастырылған. (С. 17-18-А)
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, олар оны тыңдаудан шеттетілген
Аударма: ҚМДБ
26:213
فَلَا تَدۡعُ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ فَتَكُونَ مِنَ ٱلۡمُعَذَّبِينَ
(Мұхаммед Р.С.) Алламен бірге тәңір шақырма. Онда сен де азапқа ұшыраушылардан боласың
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Аллаһпен қатар өзге құдайды шақырма / басқадан тілеме / , олай етсең, азапқа салынатындардан боласың
Аударма: ҚМДБ
26:214
وَأَنذِرۡ عَشِيرَتَكَ ٱلۡأَقۡرَبِينَ
Жақын ағайындарыңа ескерт
Аударма: Халифа Алтай
Әрі жақын туыстарыңды сақтандырып, ескерт
Аударма: ҚМДБ
26:215
وَٱخۡفِضۡ جَنَاحَكَ لِمَنِ ٱتَّبَعَكَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Мүміндерден саган ергендерге қанатыңды жай
Аударма: Халифа Алтай
Әрі өзіңе ерген имандыларға қанатыңды игін
Аударма: ҚМДБ
26:216
فَإِنۡ عَصَوۡكَ فَقُلۡ إِنِّي بَرِيٓءٞ مِّمَّا تَعۡمَلُونَ
Сонда егер олар өзіңе қарсы шықса, онда: "Сендердің істегендеріңнен бездім" де
Аударма: Халифа Алтай
Егер олар сені тыңдамаса: «Сендердің істеп жатқандарыңа менің қатысым жоқ», -де
Аударма: ҚМДБ
26:217
وَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱلۡعَزِيزِ ٱلرَّحِيمِ
Өте үстем, ерекше мейірімді Аллаға тәуекел ет
Аударма: Халифа Алтай
Әрі бәрінен Үстем, ерекше Мейірімдіге жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет
Аударма: ҚМДБ
26:218
ٱلَّذِي يَرَىٰكَ حِينَ تَقُومُ
Ол, сені тіке түрған сәтте, көріп тұрады
Аударма: Халифа Алтай
Ол сені / намазда / тұрғанында көріп тұрады
Аударма: ҚМДБ
26:219
وَتَقَلُّبَكَ فِي ٱلسَّـٰجِدِينَ
Сәжде қылушылардың арасында айналып жүргеніңді де. Түңгі (Тәһажжүт намазына тұруыңды да басқа да тәһажжүт намазына тұргандарға айналуыңды да немесе жеке не жамағатпен тіке тұрып, рүкүғ, сәждеге көшіп, намаз оқуыңды Алла көреді. Ж.Б.М.К.Р)
Аударма: Халифа Алтай
әрі сәжде етушілердің ішінде ауысу қимылдарын істегеніңді
Аударма: ҚМДБ
26:220
إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ
Рас Ол Алла, әр нәрсені естуші, білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
26:221
هَلۡ أُنَبِّئُكُمۡ عَلَىٰ مَن تَنَزَّلُ ٱلشَّيَٰطِينُ
Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе
Аударма: Халифа Алтай
Шайтандардың кімге түсетіні туралы сендерге хабар берейін бе
Аударма: ҚМДБ
26:222
تَنَزَّلُ عَلَىٰ كُلِّ أَفَّاكٍ أَثِيمٖ
Олар әрбір өтірікші, күнәкарға түседі
Аударма: Халифа Алтай
Олар әрбір өтірікшіге,күнәһарға түседі
Аударма: ҚМДБ
26:223
يُلۡقُونَ ٱلسَّمۡعَ وَأَكۡثَرُهُمۡ كَٰذِبُونَ
Олар шайтандарға құлақ салады. Олардың көбі өтірікші
Аударма: Халифа Алтай
Олар естігендерін / адамдарға / тастайды / жеткізеді / , ал олардың көбі өтірікші
Аударма: ҚМДБ
26:224
وَٱلشُّعَرَآءُ يَتَّبِعُهُمُ ٱلۡغَاوُۥنَ
Ақындарға азғындар ереді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ақындарға адасушылар ереді
Аударма: ҚМДБ
26:225
أَلَمۡ تَرَ أَنَّهُمۡ فِي كُلِّ وَادٖ يَهِيمُونَ
Рас олардың ойпаттарда қаңғып, жүргенін көрмедің бе
Аударма: Халифа Алтай
Көрмедің бе, олардың барлық алқаптарда беталды лағып жүргенін
Аударма: ҚМДБ
26:226
وَأَنَّهُمۡ يَقُولُونَ مَا لَا يَفۡعَلُونَ
Рас олар істемеген істерін айтады
Аударма: Халифа Алтай
әрі өздері істемейтінді айтатындарын
Аударма: ҚМДБ
26:227
إِلَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ وَذَكَرُواْ ٱللَّهَ كَثِيرٗا وَٱنتَصَرُواْ مِنۢ بَعۡدِ مَا ظُلِمُواْۗ وَسَيَعۡلَمُ ٱلَّذِينَ ظَلَمُوٓاْ أَيَّ مُنقَلَبٖ يَنقَلِبُونَ
Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер, Алланы көп зікір еткендер, зұлымдық көргеннен кейін кек алғандар басқа. Ол зұлымдық қылғандар, жақында қалай айналдырылатындарын біледі. (Бұл мүмін ақындар; Ғабдолла Рауаха ұлы, Хасан Сабит ұлы, Кәгап Закір ұлы, Кәғап Малік ұлы. Б.М.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Алайда иманға келген және ізгі амал істегендер, Аллаһты көп еске алғандар және әділетсіздікке ұшырағаннан кейін өздерін қорғағандар бұдан бөлек. Ал, әділетсіздік істегендер өздерінің қайтып баратын жерлерін жақында біледі
Аударма: ҚМДБ
← Аль-ФурканБарлық сүрелерАн-Намль →

Аш-Шуара сүресі туралы

Аш-Шуара (الشعراء) — Құранның 26-сүресі, 227 аят, меккелік сүре, 19-жүз, мысхафтың 367-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу