Көктер мен жердің патшалығы Онікі. Ол, ешкімді бала қылып алмады да Оның патшалығында ешбір ортағы жоқ. Сондай-ақ әр нәрсені жаратып, оның өлшеуін белгіледі
Аударма: Халифа Алтай
Аспандардың және жердің билігі - Онікі әрі Ол ешбір бала иемденбеді және билікте Оның ешбір серігі болмады. Әрі ол әрбір нәрсені жаратып, оны өлшеп белгіледі
(Сонда да) олар Алладан өзге, бір нәрсені жарата алмайтын, өздері жаратылатын, сондай-ақ өздеріне де пайда, зиян келтіру күшіне және өлтіру, тірілту тагы өлгенді қайта тірілту күшіне ие болмағандарды тәңір жасап алды
Аударма: Халифа Алтай
Ал олар / мүшріктер / ешнәрсе жарата алмайтын, / керісінше / өздері - жаратылған, әрі өздеріне зиян не пайда келтіру билігіне ие емес және өлтіруге, өмір беруге әрі қайта тірілтуге де иелік ете алмайтын өзгелерді Оның орнына құдайлар етіп алды
Сондай кәпірлер: "Бұл Құран мүлде жасанды. Оны өзі шығарды, оған басқа ел де көмектесті" деп, олар орынсыз жала жапсырды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі күпірлік етушілер / Құранды мойындамаушылар / : «бұл / Құран / - бар болғаны, ойдан шығарған өтірік қана. Әрі бұл істе оған басқа адамдар көмектескен»,- деді. Сөйтіп, олар әділетсіздік жасады және өтірік айтты
Немесе оған (шаңырактан) бір қазына тасталса не оның бір коректенетін бақшасы болса еді." Сөйтіп залымдар: "Сендер мүлде жадыланған кісіге ересіңдер" деді
Аударма: Халифа Алтай
Немесе оған бір қазына тасталмай ма? Не оның бір бағы болып, ол одан өзі жесе еді?» -деді. Әрі әділетсіздер: «Сендер сиқырланған бір адамға ғана еріп жүрсіңдер», - деді
(Мұхаммед Ғ.С.): "Осы азап жақсы ма? Немесе тақуалар үшін сыйлық әрі барар орын түрінде уәде етілген мәңгілік жаннат жақсы ма?",- де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Осы жақсы ма, әлде тақуаларға / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға / уәде етілген мәңгілік жәннат жақсы ма? Бұл олар үшін / істегендерінің / қайтарымы әрі қайтар орны», - деп
Ол; сол күні, оларды және Алладан өзге табьінғандарын жинайды. Сонда олардан: "Осы қүлдарымды сендер адастырдыңдар ма? Немесе жолдан өздері адасты ма?",- деп, сұрайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол күні оларды / мүшріктерді / және олардың Аллаһпен қатар табынғандарын жинап оларға: «Мына құлдарымды сендер адастырдыңдар ма, әлде жолдан өздері адасты ма?» - дейді
(Ол табынылғандар): "Сен пәксің. Бізге Сенен өзгені ие қылуымыз лайық емес. Бірақ Сен, оларды да аталарын да қамтамасыз еттің. Тіпті Сені еске алуды ұмытты да жоғалуға лайық бір ел болды" деді. (С.П6-П7-А. 34-С.40-41-А)
Аударма: Халифа Алтай
Олар / олардыңтабынғандары / : «Сен - / барлық кемшіліктен / пәксің. Бізге сенен басқаларды Ие етіп алуға болмайды. Алайда Сен оларды және ата-бабаларын қамтамасыз еттің / пайдаландырдың / , олар тіпті еске алуды / ескертуді / ұмытты. Олар құритын ел еді», - дейді
(Табынғандарың); рас айтқандарыңды жасынға айналдырады. Сонда оны қайтара алмайсыңдар да бір көмек те таба алмайсыңдар. Сендерден кім зұлымдық қылса, ірі азап таттырамыз
Аударма: Халифа Алтай
Серік қосушыларға / : «Олар / табынған заттарың / сендердің айтқандарыңды өтірікке шығарды. Енді сендер / жазаны / бұрып жіберуге де әрі / өздеріңе / көмек беруге де әлдерің келмейді. Сендерден кім әділетсіздік істесе, оған үлкен азапты таттырамыз», - делінеді
(Мұхаммед Ғ.С.) Сенен бұрын да тамақ жейтін, базарларда жүретін ғана пайғамбарларды жіберген едік. Негізінде біріңді-біріңе сынау қылдық. Сабыр етесіңдер ме? Раббың әр нәрсені көруші
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сенен бұрын Біз жіберген елшілер де тамақ жейтін және базарларда да жүретін еді. Біз кейбіріңді кейбіріңе сынақ еттік, / осыған / сабырлық танытасыңдар ма? Раббың барлық нәрсені Көруші
Сондай бізге кездесуді күтпегендер: "Бізге періштелер неге түсірілмейді? Немесе Раббымызды көрсек" деді. Расында олар өздерін-өздері жоғары санады да тым шектен шығып кетті
Аударма: Халифа Алтай
Бізге жолығуды үміт етпегендер: «Бізге періштелер түсірілгенде немесе біз Раббымызды көрсек еді?» - дейді. Олар менменсіп, өздерін жоғары санады және үлкен қарсылықпен шектен шықты
Олар періштелерді көрген күні, күнәкарлар үшін қуанышты күн болмайды. Періштелер: "Жоқ, сендерге қуаныш жоқ" дейді. (Не өздері: "Махрұм қалдық" дейді)
Аударма: Халифа Алтай
Олар періштелерді көретін / қайтатірілу / күні сол күні - күнәһарлар үшін ешқандай қуанышты хабар болмайды. Сонда / періштелер / оларға: «Тыйым салынды», -дейді
Шынында ол, Құран келгеннен кейін мені одан адастырды. Негізінде шайтан адам баласы үшін опасыз болады
Аударма: Халифа Алтай
Маған Еске салу / Құран / келгеннен кейін, ол / имансыз досым / мені / Құраннан / бұрып адастырды», - дейді. Ақиқатында, шайтан, адамды көмексіз тастап кетеді
Тағы кәпірлер: "Оған Құран бір-ақ жолда неге түсірілмеді?",-деді. Осылайша, көкейіңе қондыру үшін оны анықтап оқыдық
Аударма: Халифа Алтай
Ал, күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / : «Оған Құран бірден түсірілсе еді?» - деді. Біз, жүрегіңді онымен орнықтыру үшін оны осылай түсірдік және оны бөліп, ретімен / анық етіп / оқып бердік
Нұх (Ғ.С.) тың елін де пайғамбарларды жасынға шьіғарған кезде суға батырып, оларды адам баласы үшін бір ғибрат қылдық. Сондай-ақ залымдар үшін күйзелтуші азап дайындадық
Аударма: Халифа Алтай
Нұхтың елін де, олар елшілерді өтірікші санаған кездерінде суға батырдық және оларды адамдарға бір белгі-ғибрат еттік. Әділетсіздер үшін Біз күйзелтуші азап әзірледік
Олар: "Егер оған шыдамасақ, тәңірлерімізден адастыра жаздады" дейді. Олар азапты көрген сәтте, кімнің жолдан адасқаын біледі
Аударма: Халифа Алтай
Егер біз құдайларымызға байланысты табандылық танытпағанымызда, ол бізді олардан тайдыруға жақын қалған еді», дейді. Азапты көрген кездерінде, олар жолдан кімнің адасқанын біледі
Немесе олардың көбін; тыңдайды я түсінеді деп, ойлайсың ба? Олар мүлде хайуандар тәрізді. Бәлкім олар жолдан тым адасқан
Аударма: Халифа Алтай
Әлде сен олардың көпшілігі тыңдай алады, не ақылдарын істетіп ұғына алады деп ойлайсың ба? Негізінде олар, бар болғаны малдар тәрізді. Жоқ! Олар - жолдан қатты адасушы
Раббыңның көлеңкені қалай ұзартқанын көрмедің бе? Егер қаласа, оны тұрақты қылар еді. Сосын күнді көлеңкеге бір дәлел қылдық. (Көлеңке; күннің барлығының дәлелі. Әр нәрсе өзінің терісімен анықталады. Ж.М.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Раббыңның көлеңкені қалай созғанын көрмедің бе? Егер Ол қалағанда, оны / көлеңкені / тұрақты етер еді. Сөйтіп күнді оған белгі-дәлел еттік
Расында үгіт алулары үшін; жаңбырды араларына айналдыра жаудырдық. Сонда да адамдардың көбі, бас тартып, мүлде қарсы келді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар еске алулары үшін, Біз оны / жаңбыр суын / араларына бөлдік. Бірақ адамдардың көпшілігі күпірліктен / игіліктерді теріске шығарудан / басқасын қаламайды
Олар, Алладан өзге өздеріне пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге шоқынады. Сондай-ақ кәпірдер Раббына қарсы шыққанға жәрдем етеді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, олар Аллаһтан өзге, өздеріне пайда да келтіре алмайтын, зиян да жеткізе алмайтын нәрселерге табынады. Анығында, кәпір - өзінің Раббысына қарсы көмектесуші
Сондай еш өлмейтін тірі Аллаға тәуекел ет. Оны дәріптей мақта. Ол құлдарының күнәларынан хабар алуға жетіп асады
Аударма: Халифа Алтай
Ешқашан өлмейтін, мәңгі Тіріге / әл-Хаййға / жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / және Оған мақтаулар айтып, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте. Ал құлдарының күнәларын білуде Ол / Оның Өзі / жеткілікті
Ол, сондай көктер мен жерді және екі арасындагыларды алты күнде жаратып сосын ғаршына көтерілді. Ол, тым қамқор, оны білгеннен сұра
Аударма: Халифа Алтай
Ол аспандар мен жерді әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Ол әр-Рахман / аса Қайырымды / . Ол туралы бәрінен Хабардардан / Хабирден / сұра
(Сәжде аяты бар.) Оларға: "Рахманға сәжде қылыңдар" делінсе: "Рахман деген не? Сен әмір еткен нәрсеге сәжде қыла берейік бе?",-десті. Бұл, олардың жиренішін қоздырды
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қашан оларға: «Әр-Рахманға сәжде етіңдер» -делінсе, олар: «Әр-Рахман деген не? Біз сен бұйырғанға сәжде ете береміз бе?» - дейді әрі бұл олардың безінуін арттырады
Ол, сондай үгіт алғысы немесе шүкір еткісі келген кісі үшін түн мен күндізді, бірін-біріне ертіп қойды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол / Аллаһ / еске алуды және шүкір етуді / Өзінің берген игіліктеріне алғыс білдіруді / қалағандар үшін түн мен күндізді бір-бірінің артынан келетін етіп жасады
Олар Алламен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Алла өлтірілуін арам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де зина қылмайды. Кімде-кім оларды істесе, күнәға жолығады
Аударма: Халифа Алтай
Және олар Аллаһпен қатар басқа құдайға жалбарынбайтындар, Аллаһ / өлтіруге / тыйым салған жанды өлтірмейтіндер, тек заңды түрде болмаса. Әрі зина жасамайтындар. Ал мұны істеген, қайтарым жазасын алады
Бірақ кімде-кім тәубе қылса, Сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Алла олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
алайда, кім істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубе етсе / әрі иманға келсе және ізгі амал жасаса, олар басқа. Аллаһ олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
Олар өтірікке айғақ болмайды да бос (пайдасыз) сөздерге кездессе, маңғазданып өтеді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар / әр-Рахманның құлдары -/ өтірік нәрселерге қатыспайды және бос нәрселердің / пайдасыз боссөздермен істердің / жанынан өткенде, өз қадір-абыройын сақтап өтеді
Олар: "Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, үрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!",- дейді
Аударма: Халифа Алтай
және солар:«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың / Өзіңе бойсұнып, жазадан қорқып, сақтанғандардың / алды ете гөр», - дейтіндер