Ан-Нур

النور · 64 аят · мединалық
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 350-бет
← Аль-МуминунБарлық сүрелерАль-Фуркан →
24:1
سُورَةٌ أَنزَلۡنَٰهَا وَفَرَضۡنَٰهَا وَأَنزَلۡنَا فِيهَآ ءَايَٰتِۭ بَيِّنَٰتٖ لَّعَلَّكُمۡ تَذَكَّرُونَ
Бұл сүрені түсірдік те оның үкімдерін парыз қылдық. Сондай-ақ үгіт алуларың үшін; мұнда ашық аяттар түсірдік
Аударма: Халифа Алтай
Бұл сүре, оны Біз түсірдік және парыз еттік. Әрі онда сендердің еске алуларың үшін анық белгі-дәлелдерді түсірдік
Аударма: ҚМДБ
24:2
ٱلزَّانِيَةُ وَٱلزَّانِي فَٱجۡلِدُواْ كُلَّ وَٰحِدٖ مِّنۡهُمَا مِاْئَةَ جَلۡدَةٖۖ وَلَا تَأۡخُذۡكُم بِهِمَا رَأۡفَةٞ فِي دِينِ ٱللَّهِ إِن كُنتُمۡ تُؤۡمِنُونَ بِٱللَّهِ وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡأٓخِرِۖ وَلۡيَشۡهَدۡ عَذَابَهُمَا طَآئِفَةٞ مِّنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Зинашы әйел мен ердің әрбіріне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаға, ахирет күніне сенсеңдер; оларға жұмсақтықтарың ұстамасын. Әрі екеуінің жазасын мүміндерден бір тобы көріп тұрсын
Аударма: Халифа Алтай
Зина жасаған әйел мен зина жасаған еркектің әрқайсысына жүз дүреден соғыңдар. Егер Аллаһқа және Ақирет күніне сенген болсаңдар, оларға қатысты Аллаһтың үкімін орындауда, сендерді аяушылық ұстамасын. Әрі иманға келгендерден бір топ олардың жазалануына куә болсын
Аударма: ҚМДБ
24:3
ٱلزَّانِي لَا يَنكِحُ إِلَّا زَانِيَةً أَوۡ مُشۡرِكَةٗ وَٱلزَّانِيَةُ لَا يَنكِحُهَآ إِلَّا زَانٍ أَوۡ مُشۡرِكٞۚ وَحُرِّمَ ذَٰلِكَ عَلَى ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Зинашы ер; зинашы немесе мүшрік әйелмен үйленуге лайық. Зинашы әйел де; зинашы немесе мүшрік ермен ғана үйленеді. Бұлар мүміндерге арам қылынды
Аударма: Халифа Алтай
Зина жасаған еркек зина жасаған немесе мүшрік / Аллаһқа серік қосушы / әйелге ғана үйленеді. Сондай-ақ зина жасаған әйел де, зина жасаған немесе мүшрік еркекке ғана күйеуге шыға алады. Бұл / үйленулер / имандыларға тыйым / харам / етілген
Аударма: ҚМДБ
24:4
وَٱلَّذِينَ يَرۡمُونَ ٱلۡمُحۡصَنَٰتِ ثُمَّ لَمۡ يَأۡتُواْ بِأَرۡبَعَةِ شُهَدَآءَ فَٱجۡلِدُوهُمۡ ثَمَٰنِينَ جَلۡدَةٗ وَلَا تَقۡبَلُواْ لَهُمۡ شَهَٰدَةً أَبَدٗاۚ وَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡفَٰسِقُونَ
Сондай абыройлы әйелдерге зина жаласын жапсырғандар; кейін төрт айғақ келтіре алмаса, онда оларға сексен дүре соғыңдар. Және олардың куәліктерін мүлде қабыл етпеңдер. Міне солар, бүзықтар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, әйелдік пәктігін сақтаған әйелдерді айыптап, содан кейін төрт куә келтіре алмағандарға сексен дүре соғыңдар және олардың куәліктерін ешқашан қабылдамаңдар. Міне, солар - бұзықтар / бойсұнбаушылар
Аударма: ҚМДБ
24:5
إِلَّا ٱلَّذِينَ تَابُواْ مِنۢ بَعۡدِ ذَٰلِكَ وَأَصۡلَحُواْ فَإِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Бірақ содан кейін тәубе етіп, түзелгендерге; Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Алайда, одан кейін істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтқан / тәубеге келген / және түзеткендер басқа. Ақиқатында Аллаһ -өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
24:6
وَٱلَّذِينَ يَرۡمُونَ أَزۡوَٰجَهُمۡ وَلَمۡ يَكُن لَّهُمۡ شُهَدَآءُ إِلَّآ أَنفُسُهُمۡ فَشَهَٰدَةُ أَحَدِهِمۡ أَرۡبَعُ شَهَٰدَٰتِۭ بِٱللَّهِ إِنَّهُۥ لَمِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
Жұбайларына зина жаласын жауып, өздерінен басқа ешбір айғақтары болмағандардың әрбірінің куәлігі, шын айтушы екендіктеріне байланысты төрт рет Алланың атымен ант ішулері
Аударма: Халифа Алтай
Ал, әйелдерін / зинамен / айыптап, бірақ өздерінен басқа куәлары болмағандардың әрбірінің куәлігі өзінің шындықты айтып тұрғанын төрт рет / қайталап / Аллаһпен куәлік беруі
Аударма: ҚМДБ
24:7
وَٱلۡخَٰمِسَةُ أَنَّ لَعۡنَتَ ٱللَّهِ عَلَيۡهِ إِن كَانَ مِنَ ٱلۡكَٰذِبِينَ
Бесінші ретте; (ер): "Егер өтірік айтушылардан болсам, Маған Алланың лағынеті болсын!",- (дейді)
Аударма: Халифа Алтай
ал бесіншісінде, егер өзі өтірік айтушылардан болса, онда өзіне «Аллаһтың лағнеті болсын», - / деп айтуы
Аударма: ҚМДБ
24:8
وَيَدۡرَؤُاْ عَنۡهَا ٱلۡعَذَابَ أَن تَشۡهَدَ أَرۡبَعَ شَهَٰدَٰتِۭ بِٱللَّهِ إِنَّهُۥ لَمِنَ ٱلۡكَٰذِبِينَ
Ерінің өтірік айтушылардан екендігіне байланысты әйел де төрт рет Алланың атымен ант ішіп, өзінен жазаны кетіре алады
Аударма: Халифа Алтай
Ал одан / әйелден / жазаны, оның ол / күйеуі / туралы өтірік айтушылардан екеніне төрт рет Аллаһпен куәлік беруі қайтарады
Аударма: ҚМДБ
24:9
وَٱلۡخَٰمِسَةَ أَنَّ غَضَبَ ٱللَّهِ عَلَيۡهَآ إِن كَانَ مِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
Бесінші рет; (әйел): "Егер оның айтқандары шын болса, маған Алланың қаһары тисін!",- (дейді)
Аударма: Халифа Алтай
Бесіншісінде, әйел, егер ол / күйеуі / шындықты айтқандардан болса, / әйел / өзіне «Аллаһтың қаһары болсын», - / дейді
Аударма: ҚМДБ
24:10
وَلَوۡلَا فَضۡلُ ٱللَّهِ عَلَيۡكُمۡ وَرَحۡمَتُهُۥ وَأَنَّ ٱللَّهَ تَوَّابٌ حَكِيمٌ
Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса, (не болар еді?) Расында Алла, тәубелерді қабылдаушы, аса дана
Аударма: Халифа Алтай
Егер Аллаһтың сендерге деген кеңшілігі мен мейірімі болмаса және Аллаһ тәубені / істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуғақайтуды / қабыл етуші, әрі аса Дана болмағанда еді / онда жазаға тез тартылар едіңдер
Аударма: ҚМДБ
24:11
إِنَّ ٱلَّذِينَ جَآءُو بِٱلۡإِفۡكِ عُصۡبَةٞ مِّنكُمۡۚ لَا تَحۡسَبُوهُ شَرّٗا لَّكُمۖ بَلۡ هُوَ خَيۡرٞ لَّكُمۡۚ لِكُلِّ ٱمۡرِيٕٖ مِّنۡهُم مَّا ٱكۡتَسَبَ مِنَ ٱلۡإِثۡمِۚ وَٱلَّذِي تَوَلَّىٰ كِبۡرَهُۥ مِنۡهُمۡ لَهُۥ عَذَابٌ عَظِيمٞ
(Пайғамбар Ғ.С. Бану Мұсталық соғысынан қайтқанда түнеп көшкен бір жерде Ғайша Р.А. түзге отырып келсе, мойнындағы алқасы жоқ. Соны қарап келгенше, көш жөнеліп кеткендіктен жұртта отырғанда қарауылда жүрген Сапуан Мұғтал ұлы түйесіне мінгізіп, альп келеді. Сондықтан Ғабдолла Үбай ұлы т.б. лар өсек қылады. Ж.Б.М.Р.) Шынында сендерден өсек айтып келген топтың сөзін жаман деп есептемеңдер. Керісінше ол, сендер үшін хайырлы. Олардың әрбіреуі күнә тапты. Олардан басшылық еткен үлкеніне зор азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, / ‘Айша туралы / жаланы айтып келгендер, өздеріңнен болған бір топ. Оны өздерің үшін жамандық деп есептемеңдер. Жоқ, олай емес, ол сендер үшін қайырлы. Олардан әрбір кісіге осы күнәдан / жала, өсектерінен / тапқаны тиеді. Ал олардан оның үлкен бөлігін алғанға / жаланы бастағанға / өте үлкен азап бар
Аударма: ҚМДБ
24:12
لَّوۡلَآ إِذۡ سَمِعۡتُمُوهُ ظَنَّ ٱلۡمُؤۡمِنُونَ وَٱلۡمُؤۡمِنَٰتُ بِأَنفُسِهِمۡ خَيۡرٗا وَقَالُواْ هَٰذَآ إِفۡكٞ مُّبِينٞ
Егер оны естігендеріңде мүмін ер, әйел көңілдерінде хайыр ойлап: "Бұл бір ашық өсек" десе еді
Аударма: Халифа Алтай
Сендер мұны / жаланы / естіген кездеріңде, - иманды ерлер мен иманды әйелдер іштерінен жақсыны ойлап: « Бұл - анық жала», - демедіңдер ме
Аударма: ҚМДБ
24:13
لَّوۡلَا جَآءُو عَلَيۡهِ بِأَرۡبَعَةِ شُهَدَآءَۚ فَإِذۡ لَمۡ يَأۡتُواْ بِٱلشُّهَدَآءِ فَأُوْلَـٰٓئِكَ عِندَ ٱللَّهِ هُمُ ٱلۡكَٰذِبُونَ
Олар, оған төрт куә келтірсе еді? Сондай-ақ олар куә әкелмеді. Міне солар, Алланың қасында өтірікші
Аударма: Халифа Алтай
Олар бұған неге төрт куә келтірмеді? Егер куәлар келтіре алмаса, олар - Аллаһтың алдында нағыз өтірікшілер
Аударма: ҚМДБ
24:14
وَلَوۡلَا فَضۡلُ ٱللَّهِ عَلَيۡكُمۡ وَرَحۡمَتُهُۥ فِي ٱلدُّنۡيَا وَٱلۡأٓخِرَةِ لَمَسَّكُمۡ فِي مَآ أَفَضۡتُمۡ فِيهِ عَذَابٌ عَظِيمٌ
Егер сендерге дүние, ахиретте Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса еді, әрине өсек тартқандықтарыңның салдарынан зор азапқа душар болар едіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Егер Аллаһтың осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиреттегі / сендерге деген кеңшілігі мен мейірімі болмағанда, онда өздерің / сөзбен / батқандарың / жала, өсектерің / үшін сендерге үлкен азап тиер еді
Аударма: ҚМДБ
24:15
إِذۡ تَلَقَّوۡنَهُۥ بِأَلۡسِنَتِكُمۡ وَتَقُولُونَ بِأَفۡوَاهِكُم مَّا لَيۡسَ لَكُم بِهِۦ عِلۡمٞ وَتَحۡسَبُونَهُۥ هَيِّنٗا وَهُوَ عِندَ ٱللَّهِ عَظِيمٞ
Сол уақытта өсекті ауызекі жалғастырып, білмеген нәрсені айта отырып, оны жеңілге сайдыңдар. Ол, Алланың қасында зор іс еді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер оны / өсекті / тілдеріңе алып әрі өздерің білмеген нәрсені ауыздарыңмен айтуда едіндер және оны жеңілге санадыңдар. Бірақ, ол Аллаһтың алдында өте үлкен
Аударма: ҚМДБ
24:16
وَلَوۡلَآ إِذۡ سَمِعۡتُمُوهُ قُلۡتُم مَّا يَكُونُ لَنَآ أَن نَّتَكَلَّمَ بِهَٰذَا سُبۡحَٰنَكَ هَٰذَا بُهۡتَٰنٌ عَظِيمٞ
Егер оны естіген сәтте: "Бұны, біздің айтуымызға болмайды. Алла сақтасын. Бұл бір ірі жала" деген болсаңдар еді
Аударма: Халифа Алтай
Оны естіген кездерінде: «Біз үшін Мұндай сөздерді айту дұрыс емес. / Йа, Аллаһ! / Сен / барлық кемшіліктен / пәксің. Бұл-үлкен жала», - демедіңдер ме
Аударма: ҚМДБ
24:17
يَعِظُكُمُ ٱللَّهُ أَن تَعُودُواْ لِمِثۡلِهِۦٓ أَبَدًا إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ
Егер мүмін болсаңдар, Алла мүндайды мүлде қайта істемеулеріңді насихаттайды
Аударма: Халифа Алтай
Егер иманды / мүмін / болсаңдар, Аллаһ сендерге, осындай нәрселерге ешқашан қайтпауларыңды насихат етеді
Аударма: ҚМДБ
24:18
وَيُبَيِّنُ ٱللَّهُ لَكُمُ ٱلۡأٓيَٰتِۚ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ
Алла, сендерге аяттарын ашық баян қылады. Әрі Алла толық білуші, аса дана
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Аллаһ сендерге аяттарды түсіндіреді. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
24:19
إِنَّ ٱلَّذِينَ يُحِبُّونَ أَن تَشِيعَ ٱلۡفَٰحِشَةُ فِي ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٞ فِي ٱلدُّنۡيَا وَٱلۡأٓخِرَةِۚ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ وَأَنتُمۡ لَا تَعۡلَمُونَ
Расында сондай мүміндердің ішінде арсыздық жайылуын жақсы көргендерге; дүние, ахиретте күйзелтуші азап бар. Алла біледі. Сендер білмейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, иманға келгендер жайлы жиіркенішті нәрсенің таралуын жақсы көретіндерге, осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / күйзелтуші азап бар. Аллаһ біледі, ал сендер білмейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
24:20
وَلَوۡلَا فَضۡلُ ٱللَّهِ عَلَيۡكُمۡ وَرَحۡمَتُهُۥ وَأَنَّ ٱللَّهَ رَءُوفٞ رَّحِيمٞ
Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса. Рас Алла өте жұмсақ, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі егер Аллаһтың сендерге деген кеңшілігі және Оның мейірімі болмағанында еді, анығында, Аллаһ өте Мейірбан, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
24:21
۞يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا تَتَّبِعُواْ خُطُوَٰتِ ٱلشَّيۡطَٰنِۚ وَمَن يَتَّبِعۡ خُطُوَٰتِ ٱلشَّيۡطَٰنِ فَإِنَّهُۥ يَأۡمُرُ بِٱلۡفَحۡشَآءِ وَٱلۡمُنكَرِۚ وَلَوۡلَا فَضۡلُ ٱللَّهِ عَلَيۡكُمۡ وَرَحۡمَتُهُۥ مَا زَكَىٰ مِنكُم مِّنۡ أَحَدٍ أَبَدٗا وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ يُزَكِّي مَن يَشَآءُۗ وَٱللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٞ
Әй мүміндер, шайтанның басқан іздерін баспаңдар. Кім шайтанның іздеріне ерсе, Күдіксіз ол, ұятсыз-дықты, жамандықты меңзейді. Егер сендерге Алланың игілігі, мейірімі болмаса еді, ешбіреуің әсте ағармайтын едіңдер. Бірақ Алла қалаған құлын ағартады. Алла әр нәрсені естуші, білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Шайтанның ізімен жүрмеңдер. Кім шайтанның ізімен жүрсе, ол жиіркенішті іске және қайтарылған / тыйым салынған / нәрселерге бұйырады. Егер де Аллаһтың сендерге деген кеңшілігі мен мейірімі болмағанда, сендерден ешкім де ешқашан тазармаған болар еді. Алайда Аллаһ Өзі қалағанды / Өз кеңшілігімен / тазартады. Аллаһ бәрін Естуші, бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
24:22
وَلَا يَأۡتَلِ أُوْلُواْ ٱلۡفَضۡلِ مِنكُمۡ وَٱلسَّعَةِ أَن يُؤۡتُوٓاْ أُوْلِي ٱلۡقُرۡبَىٰ وَٱلۡمَسَٰكِينَ وَٱلۡمُهَٰجِرِينَ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِۖ وَلۡيَعۡفُواْ وَلۡيَصۡفَحُوٓاْۗ أَلَا تُحِبُّونَ أَن يَغۡفِرَ ٱللَّهُ لَكُمۡۚ وَٱللَّهُ غَفُورٞ رَّحِيمٌ
Сендерден кеңшілік, молшылыққа ие болғандар; жақындарына, міскіндерге, мұһажірлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін. Ғапу етіп, кешірсін. Алланың сендерді жарылқауын жақсы көрмейсіңдер ме? Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Сендердің араларыңдағы жомарт әрі дәулеттілер жақындарына, кедейлерге және Аллаһ жолында қоныс аударғандарға / ешнәрсе / бермеуге ант етпесін. Кешірімді болып, кеңшілік етсін. Сендер Аллаһтың өздеріңді кешіргенін жақсы көрмейсіңдер ме? Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
24:23
إِنَّ ٱلَّذِينَ يَرۡمُونَ ٱلۡمُحۡصَنَٰتِ ٱلۡغَٰفِلَٰتِ ٱلۡمُؤۡمِنَٰتِ لُعِنُواْ فِي ٱلدُّنۡيَا وَٱلۡأٓخِرَةِ وَلَهُمۡ عَذَابٌ عَظِيمٞ
Расында абыройлы мүмін, ақ ниет әйелдерге жала қойғандар; дүние, ахиретте қарғалды. Әрі олар үшін ірі азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Әйелдік пәктігін сақтаған, қаперіне / күнә істерді / алмаған иманды әйелдерді айыптайтындар осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / лағнетке ұшырайды әрі оларға үлкен азап бар
Аударма: ҚМДБ
24:24
يَوۡمَ تَشۡهَدُ عَلَيۡهِمۡ أَلۡسِنَتُهُمۡ وَأَيۡدِيهِمۡ وَأَرۡجُلُهُم بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Қиямет күні, оларға тілдері, қол-аяқтары не істегендеріне айғақ болады
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Қайта тірілу / күні олардың тілдері және қолдары мен аяқтары істегендері туралы өздеріне қарсы куәлік береді
Аударма: ҚМДБ
24:25
يَوۡمَئِذٖ يُوَفِّيهِمُ ٱللَّهُ دِينَهُمُ ٱلۡحَقَّ وَيَعۡلَمُونَ أَنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلۡحَقُّ ٱلۡمُبِينُ
Сол күні Алла, оларға лайықты жазасын толық береді. Сондай-ақ рас Алланың ашық шындық екенін олар біледі
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні Аллаһ оларға есептерін толық береді әрі олар Аллаһтың - анық әл-Хақ / айқын Ақиқат / екенін білетін болады
Аударма: ҚМДБ
24:26
ٱلۡخَبِيثَٰتُ لِلۡخَبِيثِينَ وَٱلۡخَبِيثُونَ لِلۡخَبِيثَٰتِۖ وَٱلطَّيِّبَٰتُ لِلطَّيِّبِينَ وَٱلطَّيِّبُونَ لِلطَّيِّبَٰتِۚ أُوْلَـٰٓئِكَ مُبَرَّءُونَ مِمَّا يَقُولُونَۖ لَهُم مَّغۡفِرَةٞ وَرِزۡقٞ كَرِيمٞ
Сұм әйелдер; сұм ерлерге, сұм ерлер; сұм әйелдерге сондай-ақ игі әйелдер; игі ерлерге, игі ерлер; игі әйелдерге лайық. Бұлар, олардың айтқандарынан ақ. Олар үшін жарылқау әрі көркем несібе бар
Аударма: Халифа Алтай
Жаман сөз бен істер - жаман адамдар үшін, жаман адамдар - жаман сөз бен істерге лайық. Жақсы сөз бен істер - жақсы адамдар үшін, жақсы адамдар - жақсы сөз бен істерге лайық. Олардың / өсекшілердің / айтқандарына бұлардың / жақсылардың / қатысы жоқ. Бұларға кешірім және кең ризық бар
Аударма: ҚМДБ
24:27
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا تَدۡخُلُواْ بُيُوتًا غَيۡرَ بُيُوتِكُمۡ حَتَّىٰ تَسۡتَأۡنِسُواْ وَتُسَلِّمُواْ عَلَىٰٓ أَهۡلِهَاۚ ذَٰلِكُمۡ خَيۡرٞ لَّكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تَذَكَّرُونَ
Әй мүміндер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рұхсат алмайынша әрі үй иесіне сәлем бермейінше кірмеңдер. Бұл сендер үшін хайырлы. Әрине түсінерсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Өз үйлеріңнен басқа үйлерге рұқсат алмай және үй иелеріне сәлем бермей тұрып кірмеңдер. бұл сендерге еске алуларың / ғибраттануларың / үшін қайырлы
Аударма: ҚМДБ
24:28
فَإِن لَّمۡ تَجِدُواْ فِيهَآ أَحَدٗا فَلَا تَدۡخُلُوهَا حَتَّىٰ يُؤۡذَنَ لَكُمۡۖ وَإِن قِيلَ لَكُمُ ٱرۡجِعُواْ فَٱرۡجِعُواْۖ هُوَ أَزۡكَىٰ لَكُمۡۚ وَٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ عَلِيمٞ
Егер үйде ешкім таппасаңдар, өздеріңе рұхсат бермейінше кірмеңдер. Егер сендерге: "Қайтыңдар" делінсе, онда қайтыңдар. Бұл сендер үшін жақсырақ. Алла не істегендеріңді жақсы біледі
Аударма: Халифа Алтай
Егер ол үйден ешкімді таппасаңдар, өздеріңе рұқсат берілгенге дейін оған кірмеңдер. Ал, егер сендерге: «Қайтыңдар» - делінсе, кері қайтыңдар. Бұл - сендер үшін тазасы. Аллаһ - сендердің не істеп жатқандарыңды Білуші
Аударма: ҚМДБ
24:29
لَّيۡسَ عَلَيۡكُمۡ جُنَاحٌ أَن تَدۡخُلُواْ بُيُوتًا غَيۡرَ مَسۡكُونَةٖ فِيهَا مَتَٰعٞ لَّكُمۡۚ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ مَا تُبۡدُونَ وَمَا تَكۡتُمُونَ
Ішінде отырылмайтын, нәрселерің бар (қонақ үй сияқты. Ж.Б.М.К.Р.) үйлерге кірулеріңнің оқасы жоқ. Алла көрнеулеріңді де көместеріңді де біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ешкім тұрмайтын, ішінде өздеріңнің заттарың бар үйге кірулерің сендер үшін айып емес. Аллаһ сендердің нені жария, нені жасырын істейтіндеріңді біледі
Аударма: ҚМДБ
24:30
قُل لِّلۡمُؤۡمِنِينَ يَغُضُّواْ مِنۡ أَبۡصَٰرِهِمۡ وَيَحۡفَظُواْ فُرُوجَهُمۡۚ ذَٰلِكَ أَزۡكَىٰ لَهُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ خَبِيرُۢ بِمَا يَصۡنَعُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла, олардың не істегендерінен хабар алушы
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед!! Иманды ер кісілерге айт, көздерін / өзге әйелдерге, тыйым салынған нәрселерге қараудан қорғап / төмен қаратсын және әуреттерін / жыныс агзаларын шариғат тыйған барлық іс-әрекеттерден / қорғасын. Бұл - олар үшін тазасы. Ақиқатында, Аллаһ олардың не істеп жатқандарынан Хабардар
Аударма: ҚМДБ
24:31
وَقُل لِّلۡمُؤۡمِنَٰتِ يَغۡضُضۡنَ مِنۡ أَبۡصَٰرِهِنَّ وَيَحۡفَظۡنَ فُرُوجَهُنَّ وَلَا يُبۡدِينَ زِينَتَهُنَّ إِلَّا مَا ظَهَرَ مِنۡهَاۖ وَلۡيَضۡرِبۡنَ بِخُمُرِهِنَّ عَلَىٰ جُيُوبِهِنَّۖ وَلَا يُبۡدِينَ زِينَتَهُنَّ إِلَّا لِبُعُولَتِهِنَّ أَوۡ ءَابَآئِهِنَّ أَوۡ ءَابَآءِ بُعُولَتِهِنَّ أَوۡ أَبۡنَآئِهِنَّ أَوۡ أَبۡنَآءِ بُعُولَتِهِنَّ أَوۡ إِخۡوَٰنِهِنَّ أَوۡ بَنِيٓ إِخۡوَٰنِهِنَّ أَوۡ بَنِيٓ أَخَوَٰتِهِنَّ أَوۡ نِسَآئِهِنَّ أَوۡ مَا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُهُنَّ أَوِ ٱلتَّـٰبِعِينَ غَيۡرِ أُوْلِي ٱلۡإِرۡبَةِ مِنَ ٱلرِّجَالِ أَوِ ٱلطِّفۡلِ ٱلَّذِينَ لَمۡ يَظۡهَرُواْ عَلَىٰ عَوۡرَٰتِ ٱلنِّسَآءِۖ وَلَا يَضۡرِبۡنَ بِأَرۡجُلِهِنَّ لِيُعۡلَمَ مَا يُخۡفِينَ مِن زِينَتِهِنَّۚ وَتُوبُوٓاْ إِلَى ٱللَّهِ جَمِيعًا أَيُّهَ ٱلۡمُؤۡمِنُونَ لَعَلَّكُمۡ تُفۡلِحُونَ
Мүмін әйелдерге де айт: "(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. (Беті, қол-аяқтары. Ж.Б.М.К.) Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ: Ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпеке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі иманды әйелдерге айт, көздерін / өзге еркектерге, тыйым салынған нәрселерге қараудан тыйып, / төмен қаратсын, жыныс ағзаларын қорғасын және көрініп тұрғаннан / сыртқы киімдерінен / басқа көріктерін көрсетпесін. Жаулықтарын көкіректеріне түсіріп жапсын және көріктерін көрсетпесін. Тек, күйеулерінің, әкелерінің, күйеулерінің әкелерінің, ұлдарының, күйеулерінің ұлдарының, бір туған аға-інілерінің әрі олардың ұлдарының, бір туған әпке-сіңлілерінің ұлдарының, өздерінің әйелдерінің, қоластындағылардың / күңдердің / , еркектік күш-қалаудан айрылған қызметшілерге, әйелдердің әуреттерін аңғармайтын кішкентай балалардың алдында / толық етіп жамылмай-ақ / жүрсе болады. Жасырған көрік-зейнеттері білінуі үшін аяқтарын тырсылдатпасын. Ей, иманға келгендер! мұраттарыңа жетулерің үшін барлығың істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтыңдар / тәубеге келіңдер
Аударма: ҚМДБ
24:32
وَأَنكِحُواْ ٱلۡأَيَٰمَىٰ مِنكُمۡ وَٱلصَّـٰلِحِينَ مِنۡ عِبَادِكُمۡ وَإِمَآئِكُمۡۚ إِن يَكُونُواْ فُقَرَآءَ يُغۡنِهِمُ ٱللَّهُ مِن فَضۡلِهِۦۗ وَٱللَّهُ وَٰسِعٌ عَلِيمٞ
Іштеріңдегі бойдақтарды (ер жеткен ұл-қыздарды, тұл ер, әйелдерді. Ж.Б.М.К.Р.) сондай-ақ қолдарыңдагы құл, күңдердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да, Алла өз кеңшілігімен оларды байытады. Алла, аса кеңшілік иесі, толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Әрі араларыңдағы некеге тұрмағандарды және құлдарың мен күндеріңнің түзулерін үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса, Аллаһ оларды Өз кеңшілігімен байытады. Аллаһ - мейірімі Кең, бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
24:33
وَلۡيَسۡتَعۡفِفِ ٱلَّذِينَ لَا يَجِدُونَ نِكَاحًا حَتَّىٰ يُغۡنِيَهُمُ ٱللَّهُ مِن فَضۡلِهِۦۗ وَٱلَّذِينَ يَبۡتَغُونَ ٱلۡكِتَٰبَ مِمَّا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُكُمۡ فَكَاتِبُوهُمۡ إِنۡ عَلِمۡتُمۡ فِيهِمۡ خَيۡرٗاۖ وَءَاتُوهُم مِّن مَّالِ ٱللَّهِ ٱلَّذِيٓ ءَاتَىٰكُمۡۚ وَلَا تُكۡرِهُواْ فَتَيَٰتِكُمۡ عَلَى ٱلۡبِغَآءِ إِنۡ أَرَدۡنَ تَحَصُّنٗا لِّتَبۡتَغُواْ عَرَضَ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۚ وَمَن يُكۡرِههُّنَّ فَإِنَّ ٱللَّهَ مِنۢ بَعۡدِ إِكۡرَٰهِهِنَّ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Үйлене алмағандар, Алла өз кеңшілігімен байытқанға дейін суық жолдан сақтансын. Қолдарыңдағы (құл, күң) лардан хат тілегендерге, егер оларда бір хайыр білсеңдер, хат келісімін жасаңдар. Әрі оларға Алланың өздеріңе берген малынан да беріңдер. (Құл, күңдердің қожайынына ақша төлеп, не бір қызмет атқарып, азаттық алу үшін келісім жасап қолынан хат алу хақысы бар. Ж.Б.М.К.Р.) (Бұларға зекет те беріледі. С. 6-А.) Өздері абыройлы болуды қалаған күңдеріңді дүние тіршілігінің пайдасы үшін жамандыққа зорламаңдар. Кім оларды зорласа; онда Алла, ол зорланғаннан кейін аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (Күнәсы зорлаушыға болады)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Аллаһ Өз кеңшілігімен байытқанға дейін, үйленуге мүмкіндік таба алмағандар, / күнәдан тыйылып / өздерін ұстасын. Қолдарың иеленген құлдар мен күңдердің ішінен келісім жаздыруды / белгілі бір дүние беріп азаттығын алуды / қалайтындармен, егер оларда бір жақсылық барын байқасаңдар оларға келісім жазыңдар әрі Аллаһтың өздеріңе берген дүниесінен Оларға беріңдер. Ар-абыройын сақтауды қалаған күндеріңді, осы өмірдің пайдасын қалап, жеңіл жүріске мәжбүрлемеңдер. Ал, кім оларды / осыған / мәжбүрлесе, олар мәжбүрленгеннен кейін де Аллаһ / мәжбүрленгендерді / өте Кешіруші, / Оларға / аса Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
24:34
وَلَقَدۡ أَنزَلۡنَآ إِلَيۡكُمۡ ءَايَٰتٖ مُّبَيِّنَٰتٖ وَمَثَلٗا مِّنَ ٱلَّذِينَ خَلَوۡاْ مِن قَبۡلِكُمۡ وَمَوۡعِظَةٗ لِّلۡمُتَّقِينَ
Рас сендерге ап-ашық аяттарды әрі сендерден бұрынғы өткендерден мысал және тақуалар үшін насихат түсірдік
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында Біз, сендерге анық белгілерді әрі өздеріңнен бұрын өткендердің мысалын / ғибрат етіп / және тақуалар / Аллаһтыңжазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін насихатты түсірдік
Аударма: ҚМДБ
24:35
۞ٱللَّهُ نُورُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ مَثَلُ نُورِهِۦ كَمِشۡكَوٰةٖ فِيهَا مِصۡبَاحٌۖ ٱلۡمِصۡبَاحُ فِي زُجَاجَةٍۖ ٱلزُّجَاجَةُ كَأَنَّهَا كَوۡكَبٞ دُرِّيّٞ يُوقَدُ مِن شَجَرَةٖ مُّبَٰرَكَةٖ زَيۡتُونَةٖ لَّا شَرۡقِيَّةٖ وَلَا غَرۡبِيَّةٖ يَكَادُ زَيۡتُهَا يُضِيٓءُ وَلَوۡ لَمۡ تَمۡسَسۡهُ نَارٞۚ نُّورٌ عَلَىٰ نُورٖۚ يَهۡدِي ٱللَّهُ لِنُورِهِۦ مَن يَشَآءُۚ وَيَضۡرِبُ ٱللَّهُ ٱلۡأَمۡثَٰلَ لِلنَّاسِۗ وَٱللَّهُ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمٞ
Алла (Т.) көктер мен жердің нұры. Оның нұрының мысалы: Ішінде жарық бар қуыс (немесе қуыста жанған жарық) сияқты. Жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек; бейне інжудай бір жұлдыз. Шығыста батыста болмаған берекетгі зәйтін майымен тамызылады. Тіпті от тимей-ақ оның майы жарық бергелі тұр. Нұр үстіне нұр. Алла қалаған кісісін өз нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді. Алла әр нәрсені толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ - аспандар мен жердің нұры / нұр берушісі / . Оның нұры - / қабырғадағы / қуыста орналасқан шамға ұқсайды. Шам болса әйнектің ішінде, ал әйнек жарық, інжу жұлдыздай. Ол Шығыстан, батыстан ғана емес, / оған күн, күні бойы түсетін / берекелі зәйтүнағашымайынан жағылады. Оның майы от тимесе де лап етіп, жарқ етуге дайын. Нұрдың үстіне нұр. Аллаһ қалаған құлын Өз нұрына қарай жүргізеді. Аллаһ адамдарға / осылай / мысалдар келтіреді. Аллаһ - барлық нәрсені Білуші
Аударма: ҚМДБ
24:36
فِي بُيُوتٍ أَذِنَ ٱللَّهُ أَن تُرۡفَعَ وَيُذۡكَرَ فِيهَا ٱسۡمُهُۥ يُسَبِّحُ لَهُۥ فِيهَا بِٱلۡغُدُوِّ وَٱلۡأٓصَالِ
(Бұл нұр) Алланың жоғары бағаланып, ішінде өз атының зікір етілуіне бұйырған үйлерде болады. Онда ертелі-кеш Оны дәріптейді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ салынуына рұқсат еткен әрі Оның есімі еске алынатын ол үйлерде / мешіттерде / таңертең әрі кешке Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейтін
Аударма: ҚМДБ
24:37
رِجَالٞ لَّا تُلۡهِيهِمۡ تِجَٰرَةٞ وَلَا بَيۡعٌ عَن ذِكۡرِ ٱللَّهِ وَإِقَامِ ٱلصَّلَوٰةِ وَإِيتَآءِ ٱلزَّكَوٰةِ يَخَافُونَ يَوۡمٗا تَتَقَلَّبُ فِيهِ ٱلۡقُلُوبُ وَٱلۡأَبۡصَٰرُ
Өздерін сауда-саттық; Алланың зікірінен, намазды орындаудан, зекет беруден тоспайтын адамдар бар. Олар, жүректер мен көздердің қозғалатын күнінен қорқады
Аударма: Халифа Алтай
адамдарды Аллаһты еске алудан, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаудан және зекетті беруден сауда да, сату да алаңдатпайды. Олар жүректер мен көздер / қорыққаннан / аударылып тұратын Күннен / қайта тірілу күнінен / қауіптенеді
Аударма: ҚМДБ
24:38
لِيَجۡزِيَهُمُ ٱللَّهُ أَحۡسَنَ مَا عَمِلُواْ وَيَزِيدَهُم مِّن فَضۡلِهِۦۗ وَٱللَّهُ يَرۡزُقُ مَن يَشَآءُ بِغَيۡرِ حِسَابٖ
Сондықтан Алла, оларға істегендерінің ең көркем сыйлығын тіпті өз қасынан артылтып береді. Алла қалаған құлын есепсіз несібеге бөлейді
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп / Аллаһтың оларға істеген амалдарынан да жақсы қайтарым сый беруі әрі Өз кеңшілігімен арттырып беруі үшін. Аллаһ қалағанына есепсіз / өте мол / ризық береді
Аударма: ҚМДБ
24:39
وَٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ أَعۡمَٰلُهُمۡ كَسَرَابِۭ بِقِيعَةٖ يَحۡسَبُهُ ٱلظَّمۡـَٔانُ مَآءً حَتَّىٰٓ إِذَا جَآءَهُۥ لَمۡ يَجِدۡهُ شَيۡـٔٗا وَوَجَدَ ٱللَّهَ عِندَهُۥ فَوَفَّىٰهُ حِسَابَهُۥۗ وَٱللَّهُ سَرِيعُ ٱلۡحِسَابِ
Сондай қарсы болғандардың істері, шөлдегі сағым сияқты. Шөлдеген кісі оны су деп, ойлайды. Ақыр оған барған сәтте, еш нәрсе таба алмайды. Жанында Алланы табады. Ол, оның есебін толық көреді. Алланың есебі, жылдам
Аударма: Халифа Алтай
Ал, күпірлік етушілердің / иманға келмегендердің / іс-амалдары шөл даладағы сағым сияқты. Шөлдеген адам оны су деп ойлайды. Ал оның қасына келген кезде, ештеңе таппайды. Әрі өзінің жанынан / Қиямет күні / тек Аллаһты тауып, Ол одан есебін толық алады. Аллаһ - есеп алуда жылдам
Аударма: ҚМДБ
24:40
أَوۡ كَظُلُمَٰتٖ فِي بَحۡرٖ لُّجِّيّٖ يَغۡشَىٰهُ مَوۡجٞ مِّن فَوۡقِهِۦ مَوۡجٞ مِّن فَوۡقِهِۦ سَحَابٞۚ ظُلُمَٰتُۢ بَعۡضُهَا فَوۡقَ بَعۡضٍ إِذَآ أَخۡرَجَ يَدَهُۥ لَمۡ يَكَدۡ يَرَىٰهَاۗ وَمَن لَّمۡ يَجۡعَلِ ٱللَّهُ لَهُۥ نُورٗا فَمَا لَهُۥ مِن نُّورٍ
Немесе олардың мысалы: Терең теңіздегі қараңғылық тәрізді. Толқын үстіне толқын, оның үстін бұлт каптаған қараңғылықтар; бір-бірінің үстінде. Кісі қолын шығарса, оны көре алмайды. Алла жарық қылмаған біреудің жарығы болмайды
Аударма: Халифа Алтай
Немесе / амалдары / терең теңіз ішіндегі қараңғылықтар секілді. Оны толқын үстіне толқын қаптап, ал оның үстінде бұлт бар. Қараңғылықтар бір-бірінің үстінде. Біреу қолын шығарса да, ол көрінер-көрінбестей. Аллаһ нұр бермегеннің нұры болмайды
Аударма: ҚМДБ
24:41
أَلَمۡ تَرَ أَنَّ ٱللَّهَ يُسَبِّحُ لَهُۥ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَٱلطَّيۡرُ صَـٰٓفَّـٰتٖۖ كُلّٞ قَدۡ عَلِمَ صَلَاتَهُۥ وَتَسۡبِيحَهُۥۗ وَٱللَّهُ عَلِيمُۢ بِمَا يَفۡعَلُونَ
Көктер мен жердегі әркімнің әрі қатар-қатар ұшқан қүстың Алланы дәріптегенін көрмейсің бе? Барлығы өзіне тән намазын, тәсбихын біледі. Алла олардың істегенін толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Аспандардағы және жердегі әрбіреудің әрі қанаттарын жайған құстардың да Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейтінін көрмейсің бе? Олардың әрқайсысы өздеріне тән намазы мен дәріптеуін / құлшылықтарын / біледі. Аллаһ олардың не істеп жатқандарын Білуші
Аударма: ҚМДБ
24:42
وَلِلَّهِ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ وَإِلَى ٱللَّهِ ٱلۡمَصِيرُ
Көктер мен жердің меңгеруі Аллаға тән. Және қайтар жер де Алла жақ
Аударма: Халифа Алтай
Әрі аспандардың, жердің билігі - Аллаһта. Және қайта оралу да - Аллаһқа
Аударма: ҚМДБ
24:43
أَلَمۡ تَرَ أَنَّ ٱللَّهَ يُزۡجِي سَحَابٗا ثُمَّ يُؤَلِّفُ بَيۡنَهُۥ ثُمَّ يَجۡعَلُهُۥ رُكَامٗا فَتَرَى ٱلۡوَدۡقَ يَخۡرُجُ مِنۡ خِلَٰلِهِۦ وَيُنَزِّلُ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مِن جِبَالٖ فِيهَا مِنۢ بَرَدٖ فَيُصِيبُ بِهِۦ مَن يَشَآءُ وَيَصۡرِفُهُۥ عَن مَّن يَشَآءُۖ يَكَادُ سَنَا بَرۡقِهِۦ يَذۡهَبُ بِٱلۡأَبۡصَٰرِ
Көрмейсің бе? Рас Алла, бұлттарды айдайды. Сосын оның араларын біріктіреді. Сонан соң оны қабат-қабат қылады. Сонда бұлттың араларынан жаңбыр шыққанын көресің. Және аспаннан ішінде бұршағы бар (бұлт) тауларын түсіреді де ол арқылы қалаған пендесіне апат жеткізіп, қалағанынан бұрып, әкетеді. Нажағайдың жарқылы; көздерді әкете жаздайды
Аударма: Халифа Алтай
Сен Аллаһтың бұлттарды айдап, кейін оны біріктіретінін, содан кейін оны жинап, қабаттастырып топтағанын көрмедің бе? Сөйтіп, оның арасынан жаңбыр шыққанын көресің. Әрі Ол / Аллаһ / аспаннан бұршағы бар тауларды / бұлттарды / түсіріп, оның / зиянын / қалағанына тигізеді де қалағанынан бұрып қояды. Оның найзағайының жарқылы көздерді ала жаздайды
Аударма: ҚМДБ
24:44
يُقَلِّبُ ٱللَّهُ ٱلَّيۡلَ وَٱلنَّهَارَۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَعِبۡرَةٗ لِّأُوْلِي ٱلۡأَبۡصَٰرِ
Алла; күндізбен, түнді ауыстырады. Рас бұнда, қырағылар үшін әрине ғибрат бар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ түн мен күндізді ауыстырып тұрады. Ақиқатында мұнда көре алатындар үшін ғибрат бар
Аударма: ҚМДБ
24:45
وَٱللَّهُ خَلَقَ كُلَّ دَآبَّةٖ مِّن مَّآءٖۖ فَمِنۡهُم مَّن يَمۡشِي عَلَىٰ بَطۡنِهِۦ وَمِنۡهُم مَّن يَمۡشِي عَلَىٰ رِجۡلَيۡنِ وَمِنۡهُم مَّن يَمۡشِي عَلَىٰٓ أَرۡبَعٖۚ يَخۡلُقُ ٱللَّهُ مَا يَشَآءُۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ
Алла әр жандықты судан жаратты. Сонда кейбіреуі баурымен жүреді, кейбіреулері екі аяғымен жүреді және кейбіреуі төрт аяқтап, жүреді. Алла қалағанын жаратады. Рас Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ барлық жаны барды / тіршілік иесін / судан жаратты. Олардың ішінде бауырымен жорғалайтындар бар әрі олардың ішінде екі аяқпен жүретіндер бар және олардың ішінде төртеумен / төрт аяқтап / жүретіндер бар. Аллаһ қалағанын жаратады. Ақиқатында, Аллаһ - әрбір нәрсеге Құдіретті
Аударма: ҚМДБ
24:46
لَّقَدۡ أَنزَلۡنَآ ءَايَٰتٖ مُّبَيِّنَٰتٖۚ وَٱللَّهُ يَهۡدِي مَن يَشَآءُ إِلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٖ
Расында ашық баян етуші аяттарды түсірдік. Сондай-ақ Алла қалағанын тура жолға салады
Аударма: Халифа Алтай
Біз анық аяттарды түсірдік. Аллаһ Өзі қалағанын тура жолмен жүргізеді
Аударма: ҚМДБ
24:47
وَيَقُولُونَ ءَامَنَّا بِٱللَّهِ وَبِٱلرَّسُولِ وَأَطَعۡنَا ثُمَّ يَتَوَلَّىٰ فَرِيقٞ مِّنۡهُم مِّنۢ بَعۡدِ ذَٰلِكَۚ وَمَآ أُوْلَـٰٓئِكَ بِٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Олар: "Аллаға, Пайғамбарға иман келтірдік, бой ұсындық" дейді де, сосын одан кейін олардан бір бөлімі жалтарады. Міне солар иман келтірмегендер
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Аллаһқа және Елшіге сендік әрі бойсұндық», - дейді. Содан соң олардың бір тобы осыдан кейін теріс айналады. Міне, осылар - иманды / мүмін / емес
Аударма: ҚМДБ
24:48
وَإِذَا دُعُوٓاْ إِلَى ٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦ لِيَحۡكُمَ بَيۡنَهُمۡ إِذَا فَرِيقٞ مِّنۡهُم مُّعۡرِضُونَ
Қашан олар, араларына үкім беру үшін Аллаға, Пайғамбарына шақырылса, сол уақытта олардың бір бөлімі бас тартады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар араларына үкім беруі үшін Аллаһқа және Оның Елшісіне шақырылса, олардан бір топ теріс бұрылып кетеді
Аударма: ҚМДБ
24:49
وَإِن يَكُن لَّهُمُ ٱلۡحَقُّ يَأۡتُوٓاْ إِلَيۡهِ مُذۡعِنِينَ
Егер оларға бір тиесі болатын болса, оған бой ұсынған түрде келеді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер ақиқат олар жақта болса, онда олар оған / Елшіге / бас иіп келер еді
Аударма: ҚМДБ
24:50
أَفِي قُلُوبِهِم مَّرَضٌ أَمِ ٱرۡتَابُوٓاْ أَمۡ يَخَافُونَ أَن يَحِيفَ ٱللَّهُ عَلَيۡهِمۡ وَرَسُولُهُۥۚ بَلۡ أُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلظَّـٰلِمُونَ
Олардың жүректерінде дерті бар ма? Немесе күдіктенуде ме? Не өздеріне Алла, Пайғамбары әділетсіздік істейді деп, қорқа ма? Олай емес. Олардың өздері залым
Аударма: Халифа Алтай
Олардың жүректерінде дерт бар ма? әлде олар күмәндана ма? Немесе Аллаһ және Оның Елшісі өздеріне әділетсіздік етеді деп қорқа ма? Негізінде, олардың өздері әділетсіздер
Аударма: ҚМДБ
24:51
إِنَّمَا كَانَ قَوۡلَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ إِذَا دُعُوٓاْ إِلَى ٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦ لِيَحۡكُمَ بَيۡنَهُمۡ أَن يَقُولُواْ سَمِعۡنَا وَأَطَعۡنَاۚ وَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡمُفۡلِحُونَ
Шын мәнінде мүміндер, араларына үкім беруге шақырылғанда, олардың сөздері: "Естідік, бой ұсындық" деу болады. Міне бұлар құтылушылар
Аударма: Халифа Алтай
Имандылар / мүміндер / Аллаһқа және Оның Елшісіне араларына ол үкім беруі үшін шақырылғанда: «Естідік және бойсұндық», деп қана айтады. Міне, осылар - мұраттарына / бақытына / жетушілер
Аударма: ҚМДБ
24:52
وَمَن يُطِعِ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ وَيَخۡشَ ٱللَّهَ وَيَتَّقۡهِ فَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡفَآئِزُونَ
Кімде-кім Аллаға, Пайғамбарына бағынса, сондай-ақ Алладан қорқып, сақтанса, міне солар, қолы жеткендер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса әрі Аллаһтан қорықса және Одан сақтанса, солар - жеңіске жетушілер
Аударма: ҚМДБ
24:53
۞وَأَقۡسَمُواْ بِٱللَّهِ جَهۡدَ أَيۡمَٰنِهِمۡ لَئِنۡ أَمَرۡتَهُمۡ لَيَخۡرُجُنَّۖ قُل لَّا تُقۡسِمُواْۖ طَاعَةٞ مَّعۡرُوفَةٌۚ إِنَّ ٱللَّهَ خَبِيرُۢ بِمَا تَعۡمَلُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.! Мұнафықтар): "Егер әмір етсең (соғысқа) әлбетте шығамыз" деп, Аллаға шынайы ант ішеді. Оларға: "Ант ішпеңдер! Бағынғандарың мәлім. Шәксіз Алла, не істегендеріңді толық біледі" де
Аударма: Халифа Алтай
Ал, олар / мұнафиқтар / , егер бұйырсаң, міндетті түрде / жорыққа / шығатындары туралы Аллаһпен қатты ант ішеді. / Ей, Мұхаммед!! Айт: «Ант ішпеңдер. Бұлай бойсұну белгілі. Анығында, Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар», - деп
Аударма: ҚМДБ
24:54
قُلۡ أَطِيعُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُواْ ٱلرَّسُولَۖ فَإِن تَوَلَّوۡاْ فَإِنَّمَا عَلَيۡهِ مَا حُمِّلَ وَعَلَيۡكُم مَّا حُمِّلۡتُمۡۖ وَإِن تُطِيعُوهُ تَهۡتَدُواْۚ وَمَا عَلَى ٱلرَّسُولِ إِلَّا ٱلۡبَلَٰغُ ٱلۡمُبِينُ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Аллаға, Пайғамбарына бағын" де. Егер бағынудан бет бұрсаңдар, шын мәнінде Пайғамбар, өзіне жүктелгенге, сендер, өздеріңе жүктелгенге міндеттісіңдер. Ал егер Пайғамбарға бой ұсынсаңдар, тура жол табасыңдар. Сондай-ақ Пайғамбарға ашық түрде жалғастыру ғана міндет
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Аллаһқа бойсұныңдар әрі Елшіге бағыныңдар»,- деп. Егер олар теріс бұрылса, оған / елшіге / өзіне жүктелгені ғана, ал сендер­ге өздеріңе жүктелгені. Егер оған бағынсаңдар, тура жолмен жүресіңдер. Елшінің міндеті тек, анық жеткізу ғана
Аударма: ҚМДБ
24:55
وَعَدَ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مِنكُمۡ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ لَيَسۡتَخۡلِفَنَّهُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ كَمَا ٱسۡتَخۡلَفَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ وَلَيُمَكِّنَنَّ لَهُمۡ دِينَهُمُ ٱلَّذِي ٱرۡتَضَىٰ لَهُمۡ وَلَيُبَدِّلَنَّهُم مِّنۢ بَعۡدِ خَوۡفِهِمۡ أَمۡنٗاۚ يَعۡبُدُونَنِي لَا يُشۡرِكُونَ بِي شَيۡـٔٗاۚ وَمَن كَفَرَ بَعۡدَ ذَٰلِكَ فَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡفَٰسِقُونَ
Алла сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге; өздерінен бүрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті. Сондай-ақ олар үшін өзі разы болған дінін нығайтып, хауіп-қатерден кейін бейбітшілікке айналдырады. Олар, Маған құлшылық қылады. Маған еш нәрсені шерік қоспайды. Кім бұдан кейін қарсы келсе, міне солар, бұзақылар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ сендерден иманға келген және ізгі амал істегендерді - олардан бұрын өткендерді жер бетінде басқарушы еткені секілді, оларды да жер бетінде басқарушы ететінін әрі олар үшін Өзі құптаған дінді нығайтатынынжәне қорқыныштарын қауіпсіздікпен алмастыратынын уәде етті. «Олар Маған құлшылық етеді және Маған еш нәрсені серік етіп қоспайды. Ал кім осыдан кейін күпірлік етсе / қарсы келсе / , міне солар - бұзықтар / бойсұнбаушылар / »
Аударма: ҚМДБ
24:56
وَأَقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتُواْ ٱلزَّكَوٰةَ وَأَطِيعُواْ ٱلرَّسُولَ لَعَلَّكُمۡ تُرۡحَمُونَ
Намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Әрі Пайғамбарға бой ұсыныңдар. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Өздеріңе рақым етілуі үшін намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаңдар және зекетті беріңдер және Елшіге бағыныңдар
Аударма: ҚМДБ
24:57
لَا تَحۡسَبَنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ مُعۡجِزِينَ فِي ٱلۡأَرۡضِۚ وَمَأۡوَىٰهُمُ ٱلنَّارُۖ وَلَبِئۡسَ ٱلۡمَصِيرُ
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай қарсы келгендер, жер жүзінде бізді әлсіретті деп, ойлама! Олардың орны тозақ, нендей жаман орын
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа қарсы келушілер / жер бетінде әлсірете / Аллаһтың азабынан құтыла / алады деп ойлама. Олардың орны - От. Ол қайтатын жер қандай жаман
Аударма: ҚМДБ
24:58
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لِيَسۡتَـٔۡذِنكُمُ ٱلَّذِينَ مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُكُمۡ وَٱلَّذِينَ لَمۡ يَبۡلُغُواْ ٱلۡحُلُمَ مِنكُمۡ ثَلَٰثَ مَرَّـٰتٖۚ مِّن قَبۡلِ صَلَوٰةِ ٱلۡفَجۡرِ وَحِينَ تَضَعُونَ ثِيَابَكُم مِّنَ ٱلظَّهِيرَةِ وَمِنۢ بَعۡدِ صَلَوٰةِ ٱلۡعِشَآءِۚ ثَلَٰثُ عَوۡرَٰتٖ لَّكُمۡۚ لَيۡسَ عَلَيۡكُمۡ وَلَا عَلَيۡهِمۡ جُنَاحُۢ بَعۡدَهُنَّۚ طَوَّـٰفُونَ عَلَيۡكُم بَعۡضُكُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖۚ كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ ٱللَّهُ لَكُمُ ٱلۡأٓيَٰتِۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٞ
Әй мүміндер! Меншіктеріңдегі қүл-күңдер, әлі ержетпеген балаларың, осы үш мезгілде (жандарыңа) рұхсат сұрап кірсін: Таң намазының алдында, түсте киімдеріңді шешкен уақытта және ясту намазынан кейін. Сендер үшін осы үшеуі ұялатын мезгіл. Бұлардан кейін (басқа уақытта) сендерге де оларға да айып емес. Өйткені, сендер бір-біріңе кіріп, шығуларыңа керексіңдер. Осылайша Алла, сендерге аяттарын баян етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Қол астыларыңдағы және сендерден балиғатқа жетпегендер / балаларың / үш уақытта: таң намазынан алдын, түсте киімдеріңді шешетін кездеріңде және құптан намазынан кейін сендерден / алдарыңа кіруге / рұқсат сұрасын. Осы үш / уақыт / сендерге денелерің ашық уақыт. Осыдан басқа / кезде рұқсатсыз кіруде / сендерге де, оларға да күнә жоқ. Сендер олармен бір-біріңе / кіріп-шығып / жүресіңдер. Аллаһ сендерге аяттарды осылай түсіндіреді. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
24:59
وَإِذَا بَلَغَ ٱلۡأَطۡفَٰلُ مِنكُمُ ٱلۡحُلُمَ فَلۡيَسۡتَـٔۡذِنُواْ كَمَا ٱسۡتَـٔۡذَنَ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۚ كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ ٱللَّهُ لَكُمۡ ءَايَٰتِهِۦۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٞ
Ержеткен балаларың, бұрынғылар рұхсат сүрағандай рұхсат сұрап кірсін. Осылайша сендерге Алла аяттарын ашық баян етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Қашан сендердің балаларың балиғатқа жетсе, олардан алдыңғылар рұқсат сұрағандай, олар да / алдарыңа кіруге / рұқсат сұрасын. Аллаһ аяттарын сендерге осылай түсіндіреді. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
24:60
وَٱلۡقَوَٰعِدُ مِنَ ٱلنِّسَآءِ ٱلَّـٰتِي لَا يَرۡجُونَ نِكَاحٗا فَلَيۡسَ عَلَيۡهِنَّ جُنَاحٌ أَن يَضَعۡنَ ثِيَابَهُنَّ غَيۡرَ مُتَبَرِّجَٰتِۭ بِزِينَةٖۖ وَأَن يَسۡتَعۡفِفۡنَ خَيۡرٞ لَّهُنَّۗ وَٱللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٞ
Некеленуден күдер үзіп, үйде отырған кемпірлердің зейнеттерін ашпай сырт киімдерін шешулері айып емес. Егер бұдан да сақтанса, олар үшін тағы жақсы. Алла толық естуші, әр нәрсені білуші
Аударма: Халифа Алтай
Тұрмысқа шығуды үміт етпейтін егде әйелдерге көріктерін көрсетпестен, сыртқы киімдерін / жаулықтарын / шешу күнә емес. Бірақ тартынулары өздері үшін қайырлы. Аллаһ - бәрін Естуші, бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
24:61
لَّيۡسَ عَلَى ٱلۡأَعۡمَىٰ حَرَجٞ وَلَا عَلَى ٱلۡأَعۡرَجِ حَرَجٞ وَلَا عَلَى ٱلۡمَرِيضِ حَرَجٞ وَلَا عَلَىٰٓ أَنفُسِكُمۡ أَن تَأۡكُلُواْ مِنۢ بُيُوتِكُمۡ أَوۡ بُيُوتِ ءَابَآئِكُمۡ أَوۡ بُيُوتِ أُمَّهَٰتِكُمۡ أَوۡ بُيُوتِ إِخۡوَٰنِكُمۡ أَوۡ بُيُوتِ أَخَوَٰتِكُمۡ أَوۡ بُيُوتِ أَعۡمَٰمِكُمۡ أَوۡ بُيُوتِ عَمَّـٰتِكُمۡ أَوۡ بُيُوتِ أَخۡوَٰلِكُمۡ أَوۡ بُيُوتِ خَٰلَٰتِكُمۡ أَوۡ مَا مَلَكۡتُم مَّفَاتِحَهُۥٓ أَوۡ صَدِيقِكُمۡۚ لَيۡسَ عَلَيۡكُمۡ جُنَاحٌ أَن تَأۡكُلُواْ جَمِيعًا أَوۡ أَشۡتَاتٗاۚ فَإِذَا دَخَلۡتُم بُيُوتٗا فَسَلِّمُواْ عَلَىٰٓ أَنفُسِكُمۡ تَحِيَّةٗ مِّنۡ عِندِ ٱللَّهِ مُبَٰرَكَةٗ طَيِّبَةٗۚ كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ ٱللَّهُ لَكُمُ ٱلۡأٓيَٰتِ لَعَلَّكُمۡ تَعۡقِلُونَ
(Бір үйден тамақ жеулерінде) соқырға кінә жоқ, ақсаққа кінә жоқ, ауруға да кінә жоқ. Сондай-ақ сендерге өз үйлеріңнен (әйелдеріңнің, балаларыңның. Ж.М.Р.) не әкелеріңнің үйлерінен, я шешелеріңнің үйлерінен, я аға-інілеріңнің үйлерінен, я әпеке-қарындастарыңның үйлерінен, я әкелеріңмен туысқан көкелеріңнің үйлерінен, я әкелеріңмен туысқан апаиларыңның үйлерінен, я нағашы ағаларыңның үйлерінен, я нағашы апайларыңның үйлерінен, немесе кілттеріне ие болған не достарыңның үйлерінен тамақ жеулеріңде айып жоқ. Сондай-ақ бірлікте не жеке-жеке жеулерің айып емес. Қашан үйлерге кірсеңдер, өздеріңе (Мұсылмандарға) Алла тарапынан көркем берекет тіршілігін тілеп, сәлем беріңдер! (С. 86-А.) Осылайша Алла, сендерге аяттарын ашық баян етеді. Әрине түсінерсіндер
Аударма: Халифа Алтай
Соқырға күнә емес және ақсаққа да күнә емес әрі ауруға да күнә емес әрі сендерге де өз үйлеріңнен, не әкелеріңнің үйлерінен, не аналарыңның үйлерінен, не бауырларыңның үйлерінен, не әпке-қарындастарыңның үйлерінен, не әкелеріңнің бауырларының үйлерінен, не әкелеріңнің әпке-қарындастарының үйлерінен, не нағашыларыңның үйлерінен, не нағашы апайларыңның үйлерінен, не кілттеріне / сендерге сеніп тапсырылып / өздерің ие болған / үйлерден / , не достарыңның / үйлерінен / тамақ жеулерің айып емес. Сендердің бірге немесе жеке тамақтануларыңда кінә жоқ. Үйлерге кіргенде, Аллаһтан болған берекелі әрі игі амандасу сөздермен / «Ассаламу ъалайкум» -/ деп. Өздеріңе / бір-біріңе / бейбітшілік-амандық тілеңдер. Ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін Аллаһ сендерге аяттарды осылай түсіндіреді
Аударма: ҚМДБ
24:62
إِنَّمَا ٱلۡمُؤۡمِنُونَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦ وَإِذَا كَانُواْ مَعَهُۥ عَلَىٰٓ أَمۡرٖ جَامِعٖ لَّمۡ يَذۡهَبُواْ حَتَّىٰ يَسۡتَـٔۡذِنُوهُۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ يَسۡتَـٔۡذِنُونَكَ أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ يُؤۡمِنُونَ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦۚ فَإِذَا ٱسۡتَـٔۡذَنُوكَ لِبَعۡضِ شَأۡنِهِمۡ فَأۡذَن لِّمَن شِئۡتَ مِنۡهُمۡ وَٱسۡتَغۡفِرۡ لَهُمُ ٱللَّهَۚ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Шын мәнінде мүміндер, сондай Аллаға, Пайғамбарына иман келтіргендер, егер олар Пайғамбар мен бірге топты түрде бір істе болса, Пайғамбардаи ргхсат алмайынша кетпейді.(Мұхаммед Ғ.С.) рас сенен рұхсат сүрағандар; міне солар, Аллаға, Пайғамбарға иман келтіргендер. Қашан олар кейбір жұмыстары үшін сенен рүхсат сүраса, олардан қалағаныңа рұхсат бер. Және оларға Алладан жарылқау тіле. Күдіксіз Алла, өте жарылқаушы, аса мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында имандылар / мүміндер / Аллаһқа және Оның Елшісіне сенген адамдар. Олар онымен / пайғамбармен / бірге ортақ жұмыста болғанда, одан рұқсат сұрамай кетпейді. / Ей, Мұхаммед! / Анығында сенен рұқсат сұрайтындар міне солар Аллаһқа және Оның Елшісіне сенгендер. Олар сенен өздерінің істері үшін рұқсат сұраса, олардан өзің қалағаныңа рұқсат бер және олар үшін Аллаһтан кешірім тіле. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
24:63
لَّا تَجۡعَلُواْ دُعَآءَ ٱلرَّسُولِ بَيۡنَكُمۡ كَدُعَآءِ بَعۡضِكُم بَعۡضٗاۚ قَدۡ يَعۡلَمُ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ يَتَسَلَّلُونَ مِنكُمۡ لِوَاذٗاۚ فَلۡيَحۡذَرِ ٱلَّذِينَ يُخَالِفُونَ عَنۡ أَمۡرِهِۦٓ أَن تُصِيبَهُمۡ فِتۡنَةٌ أَوۡ يُصِيبَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Пайғамбардың шақыруын өзара бір-біріңді шақыруға үқсатпаңдар! Рас Алла, сендерден ептеп, далдаланып шығып кететіндерді біледі. Сондықтан оның әміріне қарсы келгендер, өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын
Аударма: Халифа Алтай
Елшінің шақыруын өзара бір-біріңді шақыру секілді етпеңдер. Аллаһ сендердің іштеріңнен / пайғамбардың жиналысынан / жасырынып, ұрлана шығып кететіндерді біледі. Оның бұйрығын орындамайтындар өздеріне бір сынақтың келуінен не күйзелтуші азаптың келуінен сақтансын
Аударма: ҚМДБ
24:64
أَلَآ إِنَّ لِلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ قَدۡ يَعۡلَمُ مَآ أَنتُمۡ عَلَيۡهِ وَيَوۡمَ يُرۡجَعُونَ إِلَيۡهِ فَيُنَبِّئُهُم بِمَا عَمِلُواْۗ وَٱللَّهُ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمُۢ
Естеріңде болсын! Көктер мен жердегі нәрселер Алланікі. Расында Ол, сендердің неменеде болғандарыңды біледі. Сондай-ақ олар, өз жагына қайтқан күні, оларға, не істегенін білдіреді. Алла барлық нәрсені толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Біліңдер, аспандардағы және жердегі нәрселер - Аллаһтікі. Ол сендердің нені ұстанғандарыңды / жағдайларыңды / біледі. Әрі Өзіне қайтарылған күні, Ол оларға істегендерінің хабарын береді. Аллаһ - барлық нәрсені Білуші
Аударма: ҚМДБ
← Аль-МуминунБарлық сүрелерАль-Фуркан →

Ан-Нур сүресі туралы

Ан-Нур (النور) — Құранның 24-сүресі, 64 аят, мединалық сүре, 18-жүз, мысхафтың 350-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу