Аль-Муминун

المؤمنون · 118 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 342-бет
← Аль-ХаджБарлық сүрелерАн-Нур →
23:1
قَدۡ أَفۡلَحَ ٱلۡمُؤۡمِنُونَ
Шынында иман келтіргендер құтылды
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында имандылар / мүміндер / жеңіске / бақытқа, мұраттарына / жетті
Аударма: ҚМДБ
23:2
ٱلَّذِينَ هُمۡ فِي صَلَاتِهِمۡ خَٰشِعُونَ
Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады
Аударма: Халифа Алтай
Олар намаздарында беріле бойсұнатындар
Аударма: ҚМДБ
23:3
وَٱلَّذِينَ هُمۡ عَنِ ٱللَّغۡوِ مُعۡرِضُونَ
Олар, бос нәрселерден аулақ болады
Аударма: Халифа Алтай
және олар пайдасы жоқ, бос нәрселерден бас тартатындар
Аударма: ҚМДБ
23:4
وَٱلَّذِينَ هُمۡ لِلزَّكَوٰةِ فَٰعِلُونَ
Олар, зекеттерін береді
Аударма: Халифа Алтай
және олар зекетті беретіндер
Аударма: ҚМДБ
23:5
وَٱلَّذِينَ هُمۡ لِفُرُوجِهِمۡ حَٰفِظُونَ
Олар, ұятты жерлерін сақтайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар жыныс ағзасын қорғайтындар
Аударма: ҚМДБ
23:6
إِلَّا عَلَىٰٓ أَزۡوَٰجِهِمۡ أَوۡ مَا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُهُمۡ فَإِنَّهُمۡ غَيۡرُ مَلُومِينَ
Бірақ. жұбайлары немесе меншіктілері болса, оларға сөгіс жоқ
Аударма: Халифа Алтай
тек жұбайлары мен қолдарындағы басыбайлы күңдерінен басқа. Бұлар үшін олар айыпталмайды
Аударма: ҚМДБ
23:7
فَمَنِ ٱبۡتَغَىٰ وَرَآءَ ذَٰلِكَ فَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡعَادُونَ
Онда кім бұлардан басқаны іздесе, міне солар, шектен шығушылар
Аударма: Халифа Алтай
ал кім бұдан басқаны қалаушы болса, міне, солар - шектен шығушылар
Аударма: ҚМДБ
23:8
وَٱلَّذِينَ هُمۡ لِأَمَٰنَٰتِهِمۡ وَعَهۡدِهِمۡ رَٰعُونَ
Олар, аманаттарын, уәделерін қорғаушы
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар аманаттарын / өздеріне сеніп тапсырылғанды / және келісімдерін сақтайтындар
Аударма: ҚМДБ
23:9
وَٱلَّذِينَ هُمۡ عَلَىٰ صَلَوَٰتِهِمۡ يُحَافِظُونَ
Олар, намаздарына ұқыпты
Аударма: Халифа Алтай
және олар намаздарына мұқият қарап, орындайтындар
Аударма: ҚМДБ
23:10
أُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡوَٰرِثُونَ
Міне солар, мұрагерлер
Аударма: Халифа Алтай
Міне, осылар мұрагерлер
Аударма: ҚМДБ
23:11
ٱلَّذِينَ يَرِثُونَ ٱلۡفِرۡدَوۡسَ هُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ
Олар онда мәңгі қалатын фердауыс жаннатына мұрагер болады
Аударма: Халифа Алтай
Фирдаусты мұра етіп алып, ол жерде мәңгі қалатындар
Аударма: ҚМДБ
23:12
وَلَقَدۡ خَلَقۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ مِن سُلَٰلَةٖ مِّن طِينٖ
Расында адамды нағыз балшықтан жараттық
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз адамды / Адам атаны / лайдың негізінен жараттық
Аударма: ҚМДБ
23:13
ثُمَّ جَعَلۡنَٰهُ نُطۡفَةٗ فِي قَرَارٖ مَّكِينٖ
Сонан кейін оны жатырда түратын тамшы қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Кейін оны берік орынға орналасқан тамшы / ұрық су / еттік
Аударма: ҚМДБ
23:14
ثُمَّ خَلَقۡنَا ٱلنُّطۡفَةَ عَلَقَةٗ فَخَلَقۡنَا ٱلۡعَلَقَةَ مُضۡغَةٗ فَخَلَقۡنَا ٱلۡمُضۡغَةَ عِظَٰمٗا فَكَسَوۡنَا ٱلۡعِظَٰمَ لَحۡمٗا ثُمَّ أَنشَأۡنَٰهُ خَلۡقًا ءَاخَرَۚ فَتَبَارَكَ ٱللَّهُ أَحۡسَنُ ٱلۡخَٰلِقِينَ
Содан кейін тамшыны ұйыған қан етіп жараттық, ұйыған қанды бір тілім / шайналған секілді / ет етіп жаратып, / шайналған секілді / етті сүйектер етіп жараттық, сүйектерді етпен қаптадық. Содан кейін оны өзге жаратылыспен жараттық. Жасап шығарушылардың ең жақсысы Аллаһ- аса Берекелі
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін тамшыны ұйыған қан етіп жараттық, ұйыған қанды бір тілім / шайналған секілді / ет етіп жаратып, / шайналған секілді / етті сүйектер етіп жараттық, сүйектерді етпен қаптадық. Содан кейін оны өзге жаратылыспен жараттық. Жасап шығарушылардың ең жақсысы Аллаһ - аса Берекелі
Аударма: ҚМДБ
23:15
ثُمَّ إِنَّكُم بَعۡدَ ذَٰلِكَ لَمَيِّتُونَ
Бұдан кейін әрине сендер өлесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Осыдан соң сендер / туылып / ,кейін әлбетте өлесіңдер
Аударма: ҚМДБ
23:16
ثُمَّ إِنَّكُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ تُبۡعَثُونَ
Сосын сендер қиямет күні, Күдіксіз тірілтілесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін сендер Қайта тірілу күні қайта тірілесіңдер
Аударма: ҚМДБ
23:17
وَلَقَدۡ خَلَقۡنَا فَوۡقَكُمۡ سَبۡعَ طَرَآئِقَ وَمَا كُنَّا عَنِ ٱلۡخَلۡقِ غَٰفِلِينَ
Рас үстеріңде жеті жол жараттық. Сондай-ақ жаратқандарымыздан хабарсыз емеспіз. (Жаратудан да жаратылғандардан да хабарымыз бар)
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында Біз үстеріңнен жеті қабатты жараттық. Біз жаратылғандардан ғапыл / қапы қалушы / емеспіз
Аударма: ҚМДБ
23:18
وَأَنزَلۡنَا مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءَۢ بِقَدَرٖ فَأَسۡكَنَّـٰهُ فِي ٱلۡأَرۡضِۖ وَإِنَّا عَلَىٰ ذَهَابِۭ بِهِۦ لَقَٰدِرُونَ
Көктен бір мөлшерде жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіне тоқтаттық. Рас оны жоғалтуға да күшіміз жетеді
Аударма: Халифа Алтай
Біз аспаннан суды белгілі мөлшермен түсіріп, оны жерге орналастырдық. Әрі оны Біз кетіре де аламыз
Аударма: ҚМДБ
23:19
فَأَنشَأۡنَا لَكُم بِهِۦ جَنَّـٰتٖ مِّن نَّخِيلٖ وَأَعۡنَٰبٖ لَّكُمۡ فِيهَا فَوَٰكِهُ كَثِيرَةٞ وَمِنۡهَا تَأۡكُلُونَ
Міне сонымен сендерге құрма ағаштары, жүзімдер және оның ішінде сендер көректенетін көптеген жемістер бар бақшалар пайда қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Біз онымен сендерге құрма және жүзім бақтарын өсірдік. Сендер үшін оларда / бақтарда / көп жемістер бар әрі сендер олардан жейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
23:20
وَشَجَرَةٗ تَخۡرُجُ مِن طُورِ سَيۡنَآءَ تَنۢبُتُ بِٱلدُّهۡنِ وَصِبۡغٖ لِّلۡأٓكِلِينَ
Сондай-ақ Тұрсинадан жеушілерге қатық түрінде майлы өсетін (зейтін) ді шығардық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Синай тауында өсетін ағашты да / зәйтүнді өсірдік / . Одан жеушілер үшін май және / дәм беретін / дәмдеуіш шығады
Аударма: ҚМДБ
23:21
وَإِنَّ لَكُمۡ فِي ٱلۡأَنۡعَٰمِ لَعِبۡرَةٗۖ نُّسۡقِيكُم مِّمَّا فِي بُطُونِهَا وَلَكُمۡ فِيهَا مَنَٰفِعُ كَثِيرَةٞ وَمِنۡهَا تَأۡكُلُونَ
Рас сендер үшін малдарда әлбәтте өнеге бар. Сендерге олардың іштеріндегі (сүтін) ішкіземіз. (С. 66-А.) Сондай-ақ малда сендер үшін көптеген пайда бар. Және олардан жейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында сендер үшін малдар да ғибрат бар. Сендерге олардың іштеріндегін / сүтті / ішкіземіз. Оларда сендер үшін коп пайда бар әрі олардан азықтанасыңдар
Аударма: ҚМДБ
23:22
وَعَلَيۡهَا وَعَلَى ٱلۡفُلۡكِ تُحۡمَلُونَ
Мал және кеме менен тасымалданасыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сендер оларда және кемелерде тасымалданасыңдар
Аударма: ҚМДБ
23:23
وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوۡمِهِۦ فَقَالَ يَٰقَوۡمِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرُهُۥٓۚ أَفَلَا تَتَّقُونَ
Рас Нұх (Ғ.С.) ты еліне жібердік. Сонда ол: "Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сонда да қорықпайсыңдар ма?" деді
Аударма: Халифа Алтай
Біз Нұхты өзінің еліне / Елші етіп / жібердік. Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда сендер Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме? / »- деді
Аударма: ҚМДБ
23:24
فَقَالَ ٱلۡمَلَؤُاْ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ مِن قَوۡمِهِۦ مَا هَٰذَآ إِلَّا بَشَرٞ مِّثۡلُكُمۡ يُرِيدُ أَن يَتَفَضَّلَ عَلَيۡكُمۡ وَلَوۡ شَآءَ ٱللَّهُ لَأَنزَلَ مَلَـٰٓئِكَةٗ مَّا سَمِعۡنَا بِهَٰذَا فِيٓ ءَابَآئِنَا ٱلۡأَوَّلِينَ
Онда елінің қарсы болған бастықтары: "Бұл өздерің сияқты ғана адам. Сендерге үстем болғысы келеді. Егер Алла қаласа, періште жіберер еді. Бұны бұрынғы аталарымыздан естімедік" деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда оның елінің күпірлік еткен / Аллаһтың бірліген мойындамаған / мансап, бедел иелері: «Бұл - бар болғаны өздерің сияқты адам. Ол сендерден үстем болуды қалайды. Егер Аллаһ қалағанда, періштелер түсіретін еді. Мұндайды бұрын өткен аталарымыздан естімеппіз
Аударма: ҚМДБ
23:25
إِنۡ هُوَ إِلَّا رَجُلُۢ بِهِۦ جِنَّةٞ فَتَرَبَّصُواْ بِهِۦ حَتَّىٰ حِينٖ
Ол, жын соққан ғана бір адам. Сондықтан оны бір заманға дейін тосыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - бір жын соққан адам ғана. Бір уақытқа дейін онымен бірге күте тұрыңдар», -деді
Аударма: ҚМДБ
23:26
قَالَ رَبِّ ٱنصُرۡنِي بِمَا كَذَّبُونِ
(Нұх Ғ.С.): "Раббым! Олардың мені жасынға шығаруларына қарсы маған нүсырат бер!",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Нұх / : «Раббым! Оларменіөтірікшіге шығарғандықтары үшін маған жәрдем бер!» - деді
Аударма: ҚМДБ
23:27
فَأَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡهِ أَنِ ٱصۡنَعِ ٱلۡفُلۡكَ بِأَعۡيُنِنَا وَوَحۡيِنَا فَإِذَا جَآءَ أَمۡرُنَا وَفَارَ ٱلتَّنُّورُ فَٱسۡلُكۡ فِيهَا مِن كُلّٖ زَوۡجَيۡنِ ٱثۡنَيۡنِ وَأَهۡلَكَ إِلَّا مَن سَبَقَ عَلَيۡهِ ٱلۡقَوۡلُ مِنۡهُمۡۖ وَلَا تُخَٰطِبۡنِي فِي ٱلَّذِينَ ظَلَمُوٓاْ إِنَّهُم مُّغۡرَقُونَ
Сонда оған: "Көздеуіміз де нұсқауымыз бойынша кеме жаса" деп уахи еттік. Қашан әміріміз келіп, тандыр (дан су) қайнаса, сонда әр жыныстан бір жұп және өздеріне қарсы бұйрық берілгендерден басқа, семьяңды алып, кемеге түс. Сондай-ақ залым болғандар жайында маған түк деме. Өйткені олар, суға батуға тиісті" деп уахи еттік
Аударма: Халифа Алтай
Сонда оған: «Біздің көз алдымызда және уахиымыз / үйретуіміз / ш бойынша кеме жаса. Ал, қашан әміріміз келіп, тандырдан су бұрқылдап атылып шыққанда, оған / кемеге / әрбір түрден бір жұптан әрі отбасыңды және өздеріне алдын ала Сөзіміз өткендерден басқасын кіргіз. Әділетсіздік еткендер жайын­да Маған сөз айтпа / сұрама / . Олар - суға батырылатындар», - деп уахи еттік
Аударма: ҚМДБ
23:28
فَإِذَا ٱسۡتَوَيۡتَ أَنتَ وَمَن مَّعَكَ عَلَى ٱلۡفُلۡكِ فَقُلِ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ ٱلَّذِي نَجَّىٰنَا مِنَ ٱلۡقَوۡمِ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Сен қашан жолдастарыңмен бірге кемеге орналассаң: "Барлық мақтау бізді залымдардан құтқарған Аллаға тән" де
Аударма: Халифа Алтай
Сен және сенімен бірге болғандар кемеге мініп жайғасқан кездеріңде: «Барлық мақтау, бізді әділетсіз елден құтқарған Аллаһқа болсын!» - деп айт
Аударма: ҚМДБ
23:29
وَقُل رَّبِّ أَنزِلۡنِي مُنزَلٗا مُّبَارَكٗا وَأَنتَ خَيۡرُ ٱلۡمُنزِلِينَ
Раббым! Мені құтты бір қонысқа қондыр! Сен ең жақсы орналастырушысың" де
Аударма: Халифа Алтай
Тағы да айт: «Раббым! Мені берекелі орынға түсір. Орын берушілердің ең қайырлысы - Өзіңсің», - деп
Аударма: ҚМДБ
23:30
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ وَإِن كُنَّا لَمُبۡتَلِينَ
Рас бұнда өнегелер бар. Әрине Біз сынаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Анығында Мұнда белгі-ғибраттар бар. Ақиқатында Біз сынаймыз
Аударма: ҚМДБ
23:31
ثُمَّ أَنشَأۡنَا مِنۢ بَعۡدِهِمۡ قَرۡنًا ءَاخَرِينَ
Бұлардан кейін басқа нәсілдер пайда қылдық. (С.69-А)
Аударма: Халифа Алтай
Кейін, олардан соң басқа халықтарды пайда еттік
Аударма: ҚМДБ
23:32
فَأَرۡسَلۡنَا فِيهِمۡ رَسُولٗا مِّنۡهُمۡ أَنِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرُهُۥٓۚ أَفَلَا تَتَّقُونَ
Оларға өздерінен жіберген елшіміз: "Аллаға құлшылық қылыңдар. Алладан басқа тәңірлерің жоқ. Сонда да қорықпайсыңдар ма?",- (деді)
Аударма: Халифа Алтай
Оларға өз іштерінен Елші жіберіп, ол: «Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ, Оның жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме / ?»- деді
Аударма: ҚМДБ
23:33
وَقَالَ ٱلۡمَلَأُ مِن قَوۡمِهِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَكَذَّبُواْ بِلِقَآءِ ٱلۡأٓخِرَةِ وَأَتۡرَفۡنَٰهُمۡ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا مَا هَٰذَآ إِلَّا بَشَرٞ مِّثۡلُكُمۡ يَأۡكُلُ مِمَّا تَأۡكُلُونَ مِنۡهُ وَيَشۡرَبُ مِمَّا تَشۡرَبُونَ
Елінің қарсы болған, ахиретті жасынға шығарған сондай-ақ Біз, өздеріне дүние тіршілігінде кеңшілік берген бастықтары: "Бұл өздерің құсаған ғана бір адам. Жегендеріңді жеп, ішкендеріңнен ішеді" деді
Аударма: Халифа Алтай
Оның елінен күпірлік еткен / Аллаһқа қарсы келген / және соңғы, мәңгілік өмірдегі / ақиреттегі / кездесуді өтірік санаған әрі өздерін осы өмірде Біз сән-салтанат, рахатқа кенелткен мансап, бедел иелері: «Бұл - бар болғаны өздерің сияқты, сендердің жегендеріңді жеп, ішкендеріңді ішетін адам
Аударма: ҚМДБ
23:34
وَلَئِنۡ أَطَعۡتُم بَشَرٗا مِّثۡلَكُمۡ إِنَّكُمۡ إِذٗا لَّخَٰسِرُونَ
Егер өздерің сияқты адамға бой ұсынсаңдар, рас сендер; сол уақытта зиянға ұшырайсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Егер өздерің сияқты бір адамға бағынсаңдар, онда сендер сөзсіз зиян шегесіңдер
Аударма: ҚМДБ
23:35
أَيَعِدُكُمۡ أَنَّكُمۡ إِذَا مِتُّمۡ وَكُنتُمۡ تُرَابٗا وَعِظَٰمًا أَنَّكُم مُّخۡرَجُونَ
Сендерге; өліп, топырақ және сүйек болғанда; шын тіріліп, шығатындарыңды ескерте ме
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерге: «Сендер өліп, топырақ пен сүйекке айналғандарыңда, әлбетте / қайта тірілтіліп / шығарыласыңдар», - деп уәде ете ме
Аударма: ҚМДБ
23:36
۞هَيۡهَاتَ هَيۡهَاتَ لِمَا تُوعَدُونَ
Сендерге бұл ескертілген нәрсе; ұзақ, тым ұзақ
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге уәде етілген нәрсе алые, тым ұзақ
Аударма: ҚМДБ
23:37
إِنۡ هِيَ إِلَّا حَيَاتُنَا ٱلدُّنۡيَا نَمُوتُ وَنَحۡيَا وَمَا نَحۡنُ بِمَبۡعُوثِينَ
Дүниедегі тіршілігіміз ғана тіршілік. Кейіміз өлеміз, кейіміз өмір сүреміз де қайта тірілтілмейміз
Аударма: Халифа Алтай
Осы өмірімізден басқа / ешнәрсе / жоқ. Өлеміз, өмір сүреміз, бірақ қайта тірілмейміз
Аударма: ҚМДБ
23:38
إِنۡ هُوَ إِلَّا رَجُلٌ ٱفۡتَرَىٰ عَلَى ٱللَّهِ كَذِبٗا وَمَا نَحۡنُ لَهُۥ بِمُؤۡمِنِينَ
Ол (Һүд) Аллаға өтірік жала жапсырған адам. Біз оған сенбейміз
Аударма: Халифа Алтай
Ол - бар болғаны Аллаһ жайында ойынан өтірік шығарған бір адам ғана. Біз оған сенбейміз», - деді
Аударма: ҚМДБ
23:39
قَالَ رَبِّ ٱنصُرۡنِي بِمَا كَذَّبُونِ
(Һүд Ғ.С.): "Раббым! Мені жасынға айналдырғандарға қарсы, нұсрат бер!",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Елші / : «Раббым! Олар мені өтірікшіге шығарғандықтары үшін маған көмек бер!» - деді
Аударма: ҚМДБ
23:40
قَالَ عَمَّا قَلِيلٖ لَّيُصۡبِحُنَّ نَٰدِمِينَ
(Алла): "Олар аз бір заманда әлбетте өкінішке үшырайды" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Бір аз ғанадан соң, олар өкінушілерге айналады», - деді
Аударма: ҚМДБ
23:41
فَأَخَذَتۡهُمُ ٱلصَّيۡحَةُ بِٱلۡحَقِّ فَجَعَلۡنَٰهُمۡ غُثَآءٗۚ فَبُعۡدٗا لِّلۡقَوۡمِ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Шынайы түрде оларды ащы бір дауыс қолға алып, сыпырындыға айналдырдық. Залым қауым рахметтен ұзақ болсын
Аударма: Халифа Алтай
Сонда оларды сайха алып, Біз оларды / ағынсудағы секілді / қоқымға айналдырдық. Әділетсіз ел / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын
Аударма: ҚМДБ
23:42
ثُمَّ أَنشَأۡنَا مِنۢ بَعۡدِهِمۡ قُرُونًا ءَاخَرِينَ
Сосын бұлардан кейін басқа нәсіл пайда қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Кейін олардан соң басқа қауымдарды пайда еттік
Аударма: ҚМДБ
23:43
مَا تَسۡبِقُ مِنۡ أُمَّةٍ أَجَلَهَا وَمَا يَسۡتَـٔۡخِرُونَ
Ешбір қауым ажалын (белгілі мерзімін) ілгерлете, кейіндете алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ешбір ел / өзіне белгіленген / мерзімінен оза алмайды әрі оны артқа да қалдыра / кешіктіре / алмайды
Аударма: ҚМДБ
23:44
ثُمَّ أَرۡسَلۡنَا رُسُلَنَا تَتۡرَاۖ كُلَّ مَا جَآءَ أُمَّةٗ رَّسُولُهَا كَذَّبُوهُۖ فَأَتۡبَعۡنَا بَعۡضَهُم بَعۡضٗا وَجَعَلۡنَٰهُمۡ أَحَادِيثَۚ فَبُعۡدٗا لِّقَوۡمٖ لَّا يُؤۡمِنُونَ
Сонан кейін елшілерімізді үздік-создық жібере бердік те әр үммет; пайғамбарлары келген сайын оны жасынға шығара берді. Сондықтан оларды, бірінен кейін бірін жойып, аңызға айналдырдық. Иман келтірмеген ел рахметтен ұзақ болсын
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін елшілерімізді арасын үзбей, бірінен соң бірін жібердік. Әрбір халыққа өз Елшісі келген сайын, олар оны өтірікке шығарып отырды. Сонда оларды бірінің соңынан бірін / құртып / жібердік әрі оларды аңыз-әңгімелерге айналдырдық. Иманға келмейтін ел / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын
Аударма: ҚМДБ
23:45
ثُمَّ أَرۡسَلۡنَا مُوسَىٰ وَأَخَاهُ هَٰرُونَ بِـَٔايَٰتِنَا وَسُلۡطَٰنٖ مُّبِينٍ
Артынан Мұса мен туысы Һарүнды белгілеріміз, ашық дәлелдерімізбен жібердік
Аударма: Халифа Алтай
Кейін Біз, Мұса мен оның бауыры Һарұнды белгі-мұғжизаларымызбен және анық дәлелмен жібердік
Аударма: ҚМДБ
23:46
إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ وَمَلَإِيْهِۦ فَٱسۡتَكۡبَرُواْ وَكَانُواْ قَوۡمًا عَالِينَ
Перғауын мен шонжарларына. Сонда олар дандайсыған, өр көкірек ел еді
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне. Алайда олар өздерін жоғары санап тәкаппарланды. Өйткені олар менменшіл ел еді
Аударма: ҚМДБ
23:47
فَقَالُوٓاْ أَنُؤۡمِنُ لِبَشَرَيۡنِ مِثۡلِنَا وَقَوۡمُهُمَا لَنَا عَٰبِدُونَ
Олар: "Елі, бізге құлдық істеп жүрген, өзіміз секілді екі адамға сене кетейік пе?",- десті
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олар: «Елі бізде құлдықта жүрген, өзіміз сияқты осы екі адамға сенеміз бе?» - деді
Аударма: ҚМДБ
23:48
فَكَذَّبُوهُمَا فَكَانُواْ مِنَ ٱلۡمُهۡلَكِينَ
Екеуін жасынға шығарды. Сондықтан жоқ етілді
Аударма: Халифа Алтай
Олар ол екеуін өтірікшіге шығарды да, сөйтіп жойылғандардан болды
Аударма: ҚМДБ
23:49
وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡكِتَٰبَ لَعَلَّهُمۡ يَهۡتَدُونَ
Рас Мұса (Ғ.С.) ға; елі, тура жол табуы үшін Кітап бердік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз Мұсаға олар / елі / тура жолмен жүруі үшін Кітап / Тәуратты / бердік
Аударма: ҚМДБ
23:50
وَجَعَلۡنَا ٱبۡنَ مَرۡيَمَ وَأُمَّهُۥٓ ءَايَةٗ وَءَاوَيۡنَٰهُمَآ إِلَىٰ رَبۡوَةٖ ذَاتِ قَرَارٖ وَمَعِينٖ
Мәрйем ұлы мен анасын бір ғибрат қылдық. Екеуін бұлақты, бір көтеріңкі жәйлі жерге орналастырдық ( Бұл жер; Бәйтіл Мүқаддас, Дымшық, Мысыр. Ж.Б.М.К.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ Мәриямның ұлы мен оның анасын бір белгі-мұғжиза еттік. Әрі ол екеуіне бұлағы бар жайлы төбелі жерден пана бердік
Аударма: ҚМДБ
23:51
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلرُّسُلُ كُلُواْ مِنَ ٱلطَّيِّبَٰتِ وَٱعۡمَلُواْ صَٰلِحًاۖ إِنِّي بِمَا تَعۡمَلُونَ عَلِيمٞ
Әй пайғамбарлар! Таза нәрселерден жендер, игілік істеңдер. Расында не істегендеріңді жақсы білемін
Аударма: Халифа Алтай
Ей, елшілер! Таза / халал / нәрселерден жеңдер және ізгі амал істеңдер. Ақиқатында, Мен - не істеп жатқандарыңды Білушімін
Аударма: ҚМДБ
23:52
وَإِنَّ هَٰذِهِۦٓ أُمَّتُكُمۡ أُمَّةٗ وَٰحِدَةٗ وَأَنَا۠ رَبُّكُمۡ فَٱتَّقُونِ
Рас осы топтықтар, бір-ақ топтық. Мен, Раббыларың. Менен ғана қорқыңдар. (С. 213-А)
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде сендердің үмметтерің бір үммет, ал Мен - сендердің Раббыңмын, сондықтан тақуалық етіңдер / Менің жазамнан қорқып, сақтаныңдар
Аударма: ҚМДБ
23:53
فَتَقَطَّعُوٓاْ أَمۡرَهُم بَيۡنَهُمۡ زُبُرٗاۖ كُلُّ حِزۡبِۭ بِمَا لَدَيۡهِمۡ فَرِحُونَ
Алайда олар өзара (дін) істерінде бөлшектеніп, әр гұрұппа өз алдарындағысына мәз болды
Аударма: Халифа Алтай
Ал, олар / имансыздар / араларында істерін / діндерін / бөліктерге бөлді. Әрбір / бөлінген / ағым өздеріндегіге мәз болуда
Аударма: ҚМДБ
23:54
فَذَرۡهُمۡ فِي غَمۡرَتِهِمۡ حَتَّىٰ حِينٍ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларды бір мерзімге дейін адасқан бойынша тастап қой
Аударма: Халифа Алтай
Оларды бір мерзімге дейін адасуларында қалдыр
Аударма: ҚМДБ
23:55
أَيَحۡسَبُونَ أَنَّمَا نُمِدُّهُم بِهِۦ مِن مَّالٖ وَبَنِينَ
Негізінде оларды, мал және балалармен қамдағанымызды
Аударма: Халифа Алтай
Олар ойлайды ма, Біздің өздерін дүние және балалармен / сынақ үшін / қамтамасыз етуімізді
Аударма: ҚМДБ
23:56
نُسَارِعُ لَهُمۡ فِي ٱلۡخَيۡرَٰتِۚ بَل لَّا يَشۡعُرُونَ
Олардың игіліктеріне ынтық болғандығымыз деп ойлай ма? Олай емес. Олар, түсінбейді
Аударма: Халифа Алтай
олар үшін жақсылықтармен асыққанымыз деп. Олай емес. Олар оны / сынағымызды / сезбейді
Аударма: ҚМДБ
23:57
إِنَّ ٱلَّذِينَ هُم مِّنۡ خَشۡيَةِ رَبِّهِم مُّشۡفِقُونَ
Ал олар Раббыларынан қорқып, үрейленеді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында Раббысынан қорыққандықтан зәресі ұшып тұратындар
Аударма: ҚМДБ
23:58
وَٱلَّذِينَ هُم بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِمۡ يُؤۡمِنُونَ
Олар, Раббыларының аяттарына иман келтіреді
Аударма: Халифа Алтай
әрі Раббысының аяттарына сенетіндер
Аударма: ҚМДБ
23:59
وَٱلَّذِينَ هُم بِرَبِّهِمۡ لَا يُشۡرِكُونَ
Олар, Раббыларына серік қоспайды
Аударма: Халифа Алтай
және Раббысына серік қоспайтындар
Аударма: ҚМДБ
23:60
وَٱلَّذِينَ يُؤۡتُونَ مَآ ءَاتَواْ وَّقُلُوبُهُمۡ وَجِلَةٌ أَنَّهُمۡ إِلَىٰ رَبِّهِمۡ رَٰجِعُونَ
Расында не берсе де Раббыларына қайтуларынан, жүректері қорқып, бергендер
Аударма: Халифа Алтай
әрі өтегендерін өтеп, өздерінің Раббысына қайтатын болғандықтан жүректері қорқатындар
Аударма: ҚМДБ
23:61
أُوْلَـٰٓئِكَ يُسَٰرِعُونَ فِي ٱلۡخَيۡرَٰتِ وَهُمۡ لَهَا سَٰبِقُونَ
Міне осылар, жақсылықтар да жарысады да олар, оның озаттары
Аударма: Халифа Алтай
міне, осылар жақсылықтарды істеуде алдында болуға ұмтылады әрі олар онда / жақсы істерде / озық болады
Аударма: ҚМДБ
23:62
وَلَا نُكَلِّفُ نَفۡسًا إِلَّا وُسۡعَهَاۚ وَلَدَيۡنَا كِتَٰبٞ يَنطِقُ بِٱلۡحَقِّ وَهُمۡ لَا يُظۡلَمُونَ
Кісіге шамасы келетінді ғана міндеттендіреміз. Жанымызда шындықты сөйлейтін бір Кітап бар. (Лаухыл Махфұз не амал дәптері. Ж.Б.) Олар зұлымдық көрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз әрбір жанға шамасы келетін нәрсені ғана жүктейміз. / Күші келмейтін істі міндеттемейміз / Бізде ақиқатты айтушы Кітап бар, әрі оларға әділетсіздік жасалмайды
Аударма: ҚМДБ
23:63
بَلۡ قُلُوبُهُمۡ فِي غَمۡرَةٖ مِّنۡ هَٰذَا وَلَهُمۡ أَعۡمَٰلٞ مِّن دُونِ ذَٰلِكَ هُمۡ لَهَا عَٰمِلُونَ
Бірақ олардың жүректері бұл Құраннан хабарсыз және олардың бұдан өзге де істеген істері бар
Аударма: Халифа Алтай
Алайда, олардың / қарсы келушілердің / жүректері бұдан / Құраннан / ұзақ / қатты / адасуда. Олардың бұдан басқа да амалдары бар, олар соны істейді
Аударма: ҚМДБ
23:64
حَتَّىٰٓ إِذَآ أَخَذۡنَا مُتۡرَفِيهِم بِٱلۡعَذَابِ إِذَا هُمۡ يَجۡـَٔرُونَ
Олар мәз болған кезде, жазаға тартсақ, сол уақытта олар зар илейді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қашан Біз олардың сән-салтанат, рахатта шалқып жүргендерін азаппен ұстағанымызда, олар зар илейді
Аударма: ҚМДБ
23:65
لَا تَجۡـَٔرُواْ ٱلۡيَوۡمَۖ إِنَّكُم مِّنَّا لَا تُنصَرُونَ
Бүгін зарламаңдар! Расында сендер, Менен жәрдем көре алмайсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / Бүгін зарламаңдар, сендерге Бізден жәрдем берілмейді
Аударма: ҚМДБ
23:66
قَدۡ كَانَتۡ ءَايَٰتِي تُتۡلَىٰ عَلَيۡكُمۡ فَكُنتُمۡ عَلَىٰٓ أَعۡقَٰبِكُمۡ تَنكِصُونَ
Сендерге аяттарымыз оқылатын еді де теріс айналатын едіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Менің аяттарым сендерге оқылатын еді, алайда сендер сонда арттарыңа қарап кері кеттіңдер
Аударма: ҚМДБ
23:67
مُسۡتَكۡبِرِينَ بِهِۦ سَٰمِرٗا تَهۡجُرُونَ
Аяттарымызға тәкаппарсынып, мүлде сандырақтаушы едіңдер
Аударма: Халифа Алтай
онымен / Қағбамен / менменсіп, түнгі әңгімелерінде жаман сөздер сөйледіңдер
Аударма: ҚМДБ
23:68
أَفَلَمۡ يَدَّبَّرُواْ ٱلۡقَوۡلَ أَمۡ جَآءَهُم مَّا لَمۡ يَأۡتِ ءَابَآءَهُمُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Олар сөзді (Құранды) зерттемей ме? Немесе оларға бүрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме
Аударма: Халифа Алтай
Олар Сөзге / Құранға / зер салып қарамады ма? Әлде оларға бұрынғы ата-бабаларына келмеген нәрсе келді ме
Аударма: ҚМДБ
23:69
أَمۡ لَمۡ يَعۡرِفُواْ رَسُولَهُمۡ فَهُمۡ لَهُۥ مُنكِرُونَ
Немесе пайғамбарларын олар танымады да сондықтан оған қасарыса ма? (Негізінен олар: "Мұхаммед Әмин: сенімді Мұхаммед" деп, бала жастан толық сенім артқан, өмірінде еш өтірік айтпаған, биязы мінезді, сондай-ақ ешкімнен оқымаған бола тұра даналықтың ең кемеліне ие екенін жақсы біледі. Ж.Б.К.М.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Әлде олар өздерінің арасынан шыққан Елшісін білмейтін бе еді, сондықтан оны теріске шығаруда ма
Аударма: ҚМДБ
23:70
أَمۡ يَقُولُونَ بِهِۦ جِنَّةُۢۚ بَلۡ جَآءَهُم بِٱلۡحَقِّ وَأَكۡثَرُهُمۡ لِلۡحَقِّ كَٰرِهُونَ
Немесе: "Онда бір жындылық бар" дей ме? Олай емес. Оларға шындықты әкелді де олардың көбі шындықты жақтырмайды
Аударма: Халифа Алтай
Әлде олар оны жын соқты дей ме? Ақиқатында, ол оларға ақиқатты әкелді, бірақ олардың көпшілігі ақиқатты ұнатпайды
Аударма: ҚМДБ
23:71
وَلَوِ ٱتَّبَعَ ٱلۡحَقُّ أَهۡوَآءَهُمۡ لَفَسَدَتِ ٱلسَّمَٰوَٰتُ وَٱلۡأَرۡضُ وَمَن فِيهِنَّۚ بَلۡ أَتَيۡنَٰهُم بِذِكۡرِهِمۡ فَهُمۡ عَن ذِكۡرِهِم مُّعۡرِضُونَ
Егер шындық олардың көңілдері тартқан жаққа кетсе, әрине көктер мен жер және онда болған әркім бұзылып кетер еді. Олай емес. Оларға үгіт келтірдік. Сонда олар насихаттарынан жалтарды
Аударма: Халифа Алтай
Егер де ақиқат олардың көңіл құмарлығына ергенде, аспандар мен жер және ондағы бар нәрселер бүлініп кетер еді. Біз оларға өздері онда Еске алынғанды / Құранды / бердік, бірақ олар өздері Еске алынғаннан / Құраннан / бас тартуда
Аударма: ҚМДБ
23:72
أَمۡ تَسۡـَٔلُهُمۡ خَرۡجٗا فَخَرَاجُ رَبِّكَ خَيۡرٞۖ وَهُوَ خَيۡرُ ٱلرَّـٰزِقِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) олардан жалақы сұрадың ба? Раббыңның сауабы хайырлы. Ол, ризық берушілердің ең хайырлысы
Аударма: Халифа Алтай
Әлде сен олардан ақы сұраудасың ба? Раббыңның беретін сыйы одан қайырлы және Ол - ризық берушілердің ең қайырлысы
Аударма: ҚМДБ
23:73
وَإِنَّكَ لَتَدۡعُوهُمۡ إِلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٖ
Әрине сен оларды тура жолға шақырасың
Аударма: Халифа Алтай
Әрі шын мәнінде, сен оларды тура жолға шақырудасың
Аударма: ҚМДБ
23:74
وَإِنَّ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ عَنِ ٱلصِّرَٰطِ لَنَٰكِبُونَ
Ахиретке сенбегендер, әлбетте жолдан шығушылар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер міндетті түрде жолдан ауытқиды
Аударма: ҚМДБ
23:75
۞وَلَوۡ رَحِمۡنَٰهُمۡ وَكَشَفۡنَا مَا بِهِم مِّن ضُرّٖ لَّلَجُّواْ فِي طُغۡيَٰنِهِمۡ يَعۡمَهُونَ
Егер оларға мәрхамет етіп, бейнеттерін айықтырсақ та қасаруларында абыржып кете береді
Аударма: Халифа Алтай
Егер де Біз оларға рахым етіп, зияннан айықтырсақ та олар көзсіз сенделуін жалғастырып, шектен шығуларынан қайтпайтын еді
Аударма: ҚМДБ
23:76
وَلَقَدۡ أَخَذۡنَٰهُم بِٱلۡعَذَابِ فَمَا ٱسۡتَكَانُواْ لِرَبِّهِمۡ وَمَا يَتَضَرَّعُونَ
Рас оларды азапқа алдық. Сонда да Раббыларына мойынсал болмады әрі жалбарынбады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз оларды азаппен жазаладық, бірақ олар өздерінің Раббысына бағынбады және Оған жалынып, сұрамады
Аударма: ҚМДБ
23:77
حَتَّىٰٓ إِذَا فَتَحۡنَا عَلَيۡهِم بَابٗا ذَا عَذَابٖ شَدِيدٍ إِذَا هُمۡ فِيهِ مُبۡلِسُونَ
Тіпті оларға бір азаптың есігін ашсақ, сол уақытта олар оның ішінде күдер үзеді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, оларға қатты азаптың есігін ашқанымызда, сол сәтте олар күдер үзеді
Аударма: ҚМДБ
23:78
وَهُوَ ٱلَّذِيٓ أَنشَأَ لَكُمُ ٱلسَّمۡعَ وَٱلۡأَبۡصَٰرَ وَٱلۡأَفۡـِٔدَةَۚ قَلِيلٗا مَّا تَشۡكُرُونَ
Ол, сендер үшін: Есту, көру және ойлау қабілетін жаратты. Сонда да аз ғана шүкірлік қыласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол / Аллаһ / , сендер үшін естуді, көруді, жүректерді пайда қылды. Ал, сендер аз шүкір етесіңдер / Оның берген игіліктеріне аз алғыс білдіресіңдер
Аударма: ҚМДБ
23:79
وَهُوَ ٱلَّذِي ذَرَأَكُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَإِلَيۡهِ تُحۡشَرُونَ
Ол, сендерді жер жүзіне таратты. Сондай-ақ Ол Алла тарапына жиналасыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол сендерді жер бетіне таратты және сендер Оған / Есеп күні / жиналасыңдар
Аударма: ҚМДБ
23:80
وَهُوَ ٱلَّذِي يُحۡيِۦ وَيُمِيتُ وَلَهُ ٱخۡتِلَٰفُ ٱلَّيۡلِ وَٱلنَّهَارِۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ
Сендерді тірілтеді, өлтіреді және күндіз, түннің ауысуы Оған тән. Ал ойламайсыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол - тірілтеді және өлтіреді. Түн мен күндіздің алмасуы Оның иелігінде. Ақылдарыңды істетіп ұғынбайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
23:81
بَلۡ قَالُواْ مِثۡلَ مَا قَالَ ٱلۡأَوَّلُونَ
Жоқ, олар бүрынғылардың айтқанын айтады
Аударма: Халифа Алтай
Алайда, олар бұрынғылардың айтқан сөздеріне ұқсас нәрсені айтады
Аударма: ҚМДБ
23:82
قَالُوٓاْ أَءِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابٗا وَعِظَٰمًا أَءِنَّا لَمَبۡعُوثُونَ
Олар: "Біз өліп, топырақ және сүйектер болсақ та рас қайта тірілтілеміз бе?",- деген
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Біз өліп, топырақ және сүйектерге айналған кезімізде, қайтадан тірілтілеміз бе
Аударма: ҚМДБ
23:83
لَقَدۡ وُعِدۡنَا نَحۡنُ وَءَابَآؤُنَا هَٰذَا مِن قَبۡلُ إِنۡ هَٰذَآ إِلَّآ أَسَٰطِيرُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Расында бұл бопса, бізге де бүрынғы аталарымызға да жасалған. Бұл бұрыңғылардың ергегілері ғана
Аударма: Халифа Алтай
Бұл бізге де және біздің аталарымызға бұрын да уәде етілген еді. Бұл бар болғаны бұрынғылардың ертегілері ғана», - деді
Аударма: ҚМДБ
23:84
قُل لِّمَنِ ٱلۡأَرۡضُ وَمَن فِيهَآ إِن كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Егер білсеңдер, жер жүзі және жер жүзінде болғандар кімдікі?",- де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер білсеңдер, жер және ондағылар кімдікі?» - деп
Аударма: ҚМДБ
23:85
سَيَقُولُونَ لِلَّهِۚ قُلۡ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
Олар дереу: "Алланікі" дейді. "Ал сонда да зер салмайсыңдар ма?",- де
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Аллаһтікі», - дейді. Айт: «Ендеше, естеріңе алмайсыңдар ма?»- деп
Аударма: ҚМДБ
23:86
قُلۡ مَن رَّبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ ٱلسَّبۡعِ وَرَبُّ ٱلۡعَرۡشِ ٱلۡعَظِيمِ
Жеті көктің Раббы және ұлы ғаршының Раббы кім?",- де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Жеті аспанның Раббысы және ұлы Аршының Раббысы кім?» - деп
Аударма: ҚМДБ
23:87
سَيَقُولُونَ لِلَّهِۚ قُلۡ أَفَلَا تَتَّقُونَ
Дереу: "Алла" дейді. "Сонда да қорықпайсыңдар ма?",- де
Аударма: Халифа Алтай
Олар: « / Барлығы да / Аллаһтікі»,- дейді. Айт: «Ендеше Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанбайсыңдар ма / тақуалық етпейсіңдер ме / ?»- деп
Аударма: ҚМДБ
23:88
قُلۡ مَنۢ بِيَدِهِۦ مَلَكُوتُ كُلِّ شَيۡءٖ وَهُوَ يُجِيرُ وَلَا يُجَارُ عَلَيۡهِ إِن كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ
Егер білсеңдер, әр нәрсенің басқаруы қолында, өзі қорғаушы, қорғалмайтын (немесе Оған қарсы біреуді біреу қорғай алмайтын) кім?",- де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Барлық нәрсенің иелігі кімнің қолында болған әрі Өзі қорғайтын және Одан ешқандай қорғаныс болмайтын / кім / ? Егер білсеңдер / айтыңдар / », - деп
Аударма: ҚМДБ
23:89
سَيَقُولُونَ لِلَّهِۚ قُلۡ فَأَنَّىٰ تُسۡحَرُونَ
Олар дереу: "Алла" дейді. "Ал онда қалайша жадыландыңдар?",- де
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Аллаһтың», - дейді. Айт: «Қаншалықты алданудасыңдар / көздерің байланып қалған / »-деп
Аударма: ҚМДБ
23:90
بَلۡ أَتَيۡنَٰهُم بِٱلۡحَقِّ وَإِنَّهُمۡ لَكَٰذِبُونَ
Жоқ, олай емес. Оларға шындықты әкелдік. Олар мүлде өтірікші
Аударма: Халифа Алтай
Иә, Біз оларға ақиқатты келтірдік, ал олар мүлде өтірікшілер
Аударма: ҚМДБ
23:91
مَا ٱتَّخَذَ ٱللَّهُ مِن وَلَدٖ وَمَا كَانَ مَعَهُۥ مِنۡ إِلَٰهٍۚ إِذٗا لَّذَهَبَ كُلُّ إِلَٰهِۭ بِمَا خَلَقَ وَلَعَلَا بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖۚ سُبۡحَٰنَ ٱللَّهِ عَمَّا يَصِفُونَ
Алла еш бала иемденбеді. Онымен бірге тәңір де жоқ. Ондай болғанда, әрине әр тәңір өз жаратқаның алып кетер еді де бір-біріне үстемдік қылар еді. Алла, олардың сипаттағанынан пәк. (С. 22-А. 17-С. 42-А)
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ Өзіне ешбір бала алмады әрі Онымен бірге ешқандай құдай болған жоқ. Егер болған жағдайда, әрбір құдай Өзі жаратқандарын алып кетер еді, әрі міндетті түрде олар бір-біріне үстемдік ететін еді. Аллаһ олардың / Оған / таңғандарынан пәк
Аударма: ҚМДБ
23:92
عَٰلِمِ ٱلۡغَيۡبِ وَٱلشَّهَٰدَةِ فَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يُشۡرِكُونَ
Алла көрнеуді де көиесті де біледі. Сондай-ақ олардың қосқан ортақтарынан үстем
Аударма: Халифа Алтай
Ол - ғайыпты да, айқын нәрсені де Білуші. Ол / Аллаһ / олардың серік етіп қосқандарынан жоғары
Аударма: ҚМДБ
23:93
قُل رَّبِّ إِمَّا تُرِيَنِّي مَا يُوعَدُونَ
(Мұхаммед): "Раббым! Оларға уәде етілген азапты әлбетте маған көрсететін болсаң, (мен барда әкелсең)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Раббым! Егер оларға уәде етілгенді маған көрсетсең
Аударма: ҚМДБ
23:94
رَبِّ فَلَا تَجۡعَلۡنِي فِي ٱلۡقَوۡمِ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Раббым! Мені залым елдің ішінде қылма!",- де
Аударма: Халифа Алтай
Раббым, онда мені әділетсіз адамдардың ішінде қалдырма!» - деп
Аударма: ҚМДБ
23:95
وَإِنَّا عَلَىٰٓ أَن نُّرِيَكَ مَا نَعِدُهُمۡ لَقَٰدِرُونَ
Расында оларға деген апатты әрине саған көрсетіп, әкелуге де шамамыз келеді
Аударма: Халифа Алтай
Анығында оларға уәде еткенімізді саған көрсетуге Біздің құдіретіміз жетеді
Аударма: ҚМДБ
23:96
ٱدۡفَعۡ بِٱلَّتِي هِيَ أَحۡسَنُ ٱلسَّيِّئَةَۚ نَحۡنُ أَعۡلَمُ بِمَا يَصِفُونَ
Жамандықты жақсылықпен кетір. Олардың баян еткен нәрсесін жақсы білеміз
Аударма: Халифа Алтай
Жамандықты одан жақсы нәрсемен кетір. Біз олардың не қосып, не таңатын дарын жақсы білеміз
Аударма: ҚМДБ
23:97
وَقُل رَّبِّ أَعُوذُ بِكَ مِنۡ هَمَزَٰتِ ٱلشَّيَٰطِينِ
Раббым! Шайтандардың түртектерінен саған сиынамын" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Әрі айт: «Раббым! Шайтандардың мені арбап, азғыруынан Өзіңе жүгініп, қорғауыңды сұраймын
Аударма: ҚМДБ
23:98
وَأَعُوذُ بِكَ رَبِّ أَن يَحۡضُرُونِ
Раббым! Олардың жаныма келуінен де саған сиынамын
Аударма: Халифа Алтай
Раббым! Олардың жаныма келуінен Саған жүгініп, қорғауыңды сұраймын», - деп
Аударма: ҚМДБ
23:99
حَتَّىٰٓ إِذَا جَآءَ أَحَدَهُمُ ٱلۡمَوۡتُ قَالَ رَبِّ ٱرۡجِعُونِ
Ақыр олардың әрбіріне өлім келген сәтте: "Раббым! Мені дүниеге қайтар
Аударма: Халифа Алтай
Олардың / күпірлік етушілердің / біріне өлім келген кезде, ол: «Раббым! Мені артқа қайтар
Аударма: ҚМДБ
23:100
لَعَلِّيٓ أَعۡمَلُ صَٰلِحٗا فِيمَا تَرَكۡتُۚ كَلَّآۚ إِنَّهَا كَلِمَةٌ هُوَ قَآئِلُهَاۖ وَمِن وَرَآئِهِم بَرۡزَخٌ إِلَىٰ يَوۡمِ يُبۡعَثُونَ
Мүмкін мен қалдырған дүниеде жақсы ғамал істермін." Әсте олай емес. Рас бұл, оның бір айтқан бос сөзі. Өйткені, олардың артында қайта тірілетін күнге дейін бөгет бар
Аударма: Халифа Алтай
Мүмкін, кезінде қалдырған ізгі амалдарды істермін», - дейді. Жоқ, олай емес! Шын мәнінде, бұл ол айтқан жай сөз ғана. Олардың алдында қайта тірілтілетін күнге дейін бөгет бар
Аударма: ҚМДБ
23:101
فَإِذَا نُفِخَ فِي ٱلصُّورِ فَلَآ أَنسَابَ بَيۡنَهُمۡ يَوۡمَئِذٖ وَلَا يَتَسَآءَلُونَ
Қашан Сұр үрілсе, сол күні; олардың араларында туыстық (байланыс) жоғалып, бір-бірін сұраспайды. (С. 10-А)
Аударма: Халифа Алтай
Сүр үрілгенде, сол күні олардың арасында туыстық қатынас болмайды және олар бір-бірі жайында сұраспайды
Аударма: ҚМДБ
23:102
فَمَن ثَقُلَتۡ مَوَٰزِينُهُۥ فَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡمُفۡلِحُونَ
Ал сол күні, кімнің таразысы ауыр тартса, міне солар құтылушылар
Аударма: Халифа Алтай
Сонда кімнің таразысы ауыр тартса, міне, солар - мұратына жеткендер
Аударма: ҚМДБ
23:103
وَمَنۡ خَفَّتۡ مَوَٰزِينُهُۥ فَأُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ خَسِرُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ فِي جَهَنَّمَ خَٰلِدُونَ
Ал және кімнің таразысы жеңіл тартса, міне олар өздерін зиянға ұшыратқандар. Олар тозақта мүлде қалады
Аударма: Халифа Алтай
Ал кімнің таразысы жеңіл тартса, солар - өздеріне зиян келтіргендер, олар Жаһаннамда мәңгі қалады
Аударма: ҚМДБ
23:104
تَلۡفَحُ وُجُوهَهُمُ ٱلنَّارُ وَهُمۡ فِيهَا كَٰلِحُونَ
Олардың беттерін от өртеп, олардың онда тістері ақсиып қалады
Аударма: Халифа Алтай
Олардың беттерін от шарпиды және олар түнерген / сұрықсыз / күйде болады
Аударма: ҚМДБ
23:105
أَلَمۡ تَكُنۡ ءَايَٰتِي تُتۡلَىٰ عَلَيۡكُمۡ فَكُنتُم بِهَا تُكَذِّبُونَ
Өздеріңе аяттарым оқылғанда оны жасынға шығармадыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / : «Сендерге аяттарым оқылған жоқ па еді, бірақ сендер оны өтірікке шығардыңдар», / -делінеді
Аударма: ҚМДБ
23:106
قَالُواْ رَبَّنَا غَلَبَتۡ عَلَيۡنَا شِقۡوَتُنَا وَكُنَّا قَوۡمٗا ضَآلِّينَ
Олар: "Раббым! Сорымыз жеңіп, адасқан бір ел екеміз ғой" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Раббымыз! Бақытсыздығымыз бізден үстем келді, біз адасқан бір ел болдық
Аударма: ҚМДБ
23:107
رَبَّنَآ أَخۡرِجۡنَا مِنۡهَا فَإِنۡ عُدۡنَا فَإِنَّا ظَٰلِمُونَ
Раббымыз! Бізді бұдан шығар! Сонда егер кайта күнәкар болсақ; Шын залымбыз
Аударма: Халифа Алтай
Раббымыз! Бізді бұдан шығар, егер / имансыздыққа, күнәға / қайтар болсақ, әлбетте әділетсіз болған боламыз»,- дейді
Аударма: ҚМДБ
23:108
قَالَ ٱخۡسَـُٔواْ فِيهَا وَلَا تُكَلِّمُونِ
Оларға: "Сонда сіңіп, жоғалыңдар! Маған сөйлеспеңдер" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / : «Ол жерде қор болып қалыңдар әрі Маған тіл қатпаңдар
Аударма: ҚМДБ
23:109
إِنَّهُۥ كَانَ فَرِيقٞ مِّنۡ عِبَادِي يَقُولُونَ رَبَّنَآ ءَامَنَّا فَٱغۡفِرۡ لَنَا وَٱرۡحَمۡنَا وَأَنتَ خَيۡرُ ٱلرَّـٰحِمِينَ
Құлдарымнан бір бөлім: "Раббымыз! Иман келтірдік, бізді жарылқа! Және бізге мәрхамет ет. Сен мәрхамет етушілердің ең жақсысысың" дейтіндер бар еді
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, Менің құлдарымнан бір тобы: «Раббымыз! Біз иманға келдік, бізді кешір, бізге мейірім ет, Сен мейірім етушілердің ең қайырлысысың», - деген еді
Аударма: ҚМДБ
23:110
فَٱتَّخَذۡتُمُوهُمۡ سِخۡرِيًّا حَتَّىٰٓ أَنسَوۡكُمۡ ذِكۡرِي وَكُنتُم مِّنۡهُمۡ تَضۡحَكُونَ
Сонда сендер оларды келемежге алып едіңдер. Хатте оларға күлулерің Мені еске алуларыңды мүлде ұмыттырған еді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер оларды келеке еттіңдер, тіпті, / бұл істерің / сендерге Мені еске алуды ұмыттырды. Әрі сендер олардың үстінен күлетін едіңдер
Аударма: ҚМДБ
23:111
إِنِّي جَزَيۡتُهُمُ ٱلۡيَوۡمَ بِمَا صَبَرُوٓاْ أَنَّهُمۡ هُمُ ٱلۡفَآئِزُونَ
Рас бүгін Мен оларды сабыр еткендіктері себепті сыйлыққа бөледім. Олар анық мұратқа жеткендер
Аударма: Халифа Алтай
Мен бүгін оларға сабыр еткендіктері үшін қайтарым сыйын бердім. Расында, олар - жетістікке жетушілер», - дейді
Аударма: ҚМДБ
23:112
قَٰلَ كَمۡ لَبِثۡتُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ عَدَدَ سِنِينَ
Алла, оларға: "Сендер жер жүзінде қанша жыл тұрдыңдар?",- дейді
Аударма: Халифа Алтай
Тозақтықтарға / : «Жер бетінде қанша жыл болдыңдар?» - дейді
Аударма: ҚМДБ
23:113
قَالُواْ لَبِثۡنَا يَوۡمًا أَوۡ بَعۡضَ يَوۡمٖ فَسۡـَٔلِ ٱلۡعَآدِّينَ
Олар: "Бір күн немесе тағы аз уақыт тұрдық. Санаушылардан сұра" дейді. (С. 55-А)
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Бір күн немесе күннің бір бөлігі болдық. Есеп жүргізушілерден сұра», - дейді
Аударма: ҚМДБ
23:114
قَٰلَ إِن لَّبِثۡتُمۡ إِلَّا قَلِيلٗاۖ لَّوۡ أَنَّكُمۡ كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ
Егер білген болсаңдар аз ғана-ақ тұрдыңдар" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Сендер аз ғана болдыңдар, егер білген болсаңдар
Аударма: ҚМДБ
23:115
أَفَحَسِبۡتُمۡ أَنَّمَا خَلَقۡنَٰكُمۡ عَبَثٗا وَأَنَّكُمۡ إِلَيۡنَا لَا تُرۡجَعُونَ
Шын Біз, сендерді босқа жараттық та тіпті Бізге қайтарылмаймыз деп, ойлайсыңдар ма?",- дейді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер Біз өздеріңді бостан-бос, / ермек етіп / жаратты, әрі Бізге қайтарылмаймыз деп ойладыңдар ма?» - дейді
Аударма: ҚМДБ
23:116
فَتَعَٰلَى ٱللَّهُ ٱلۡمَلِكُ ٱلۡحَقُّۖ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ رَبُّ ٱلۡعَرۡشِ ٱلۡكَرِيمِ
Шынайы патша Алла, өте жоғары. Одан басқа тәңір жоқ. Ол, ардақты ғаршының Раббы
Аударма: Халифа Алтай
Әл-Мәлик / барлық нәрсенің шын Билеушісі / , әл-Хақ / күмәнсіз Ақиқат / Аллаһ аса жоғары. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол Ұлы Аршының Раббысы / Иесі
Аударма: ҚМДБ
23:117
وَمَن يَدۡعُ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ لَا بُرۡهَٰنَ لَهُۥ بِهِۦ فَإِنَّمَا حِسَابُهُۥ عِندَ رَبِّهِۦٓۚ إِنَّهُۥ لَا يُفۡلِحُ ٱلۡكَٰفِرُونَ
Біреу, Алла мен бірге дәлелсіз басқа бір тәңірге табынса, рас оның есебі Раббының қасында. Өйткені, қарсы болғандар құтылмайды
Аударма: Халифа Алтай
Кім Аллаһпен бірге - / құдай екендігі жайында, / өзінде ешбір дәлелі болмаған басқа бір құдайдан тілесе, оның есебі тек Раббысында. Анығында, кәпірлер мұратына жетпейді
Аударма: ҚМДБ
23:118
وَقُل رَّبِّ ٱغۡفِرۡ وَٱرۡحَمۡ وَأَنتَ خَيۡرُ ٱلرَّـٰحِمِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Раббым! Жарылқа, мәрхамет ет! Сен мәрхамет етушілердің ең жақсырағысың" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед!I Айт: «Раббым! Кешір, рақым ет! Сен мейірім етушілердің ең қайырлысысың», - деп
Аударма: ҚМДБ
← Аль-ХаджБарлық сүрелерАн-Нур →

Аль-Муминун сүресі туралы

Аль-Муминун (المؤمنون) — Құранның 23-сүресі, 118 аят, меккелік сүре, 18-жүз, мысхафтың 342-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу