Аль-Хадж

الحج · 78 аят · мединалық
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 332-бет
← Аль-АнбияБарлық сүрелерАль-Муминун →
22:1
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ ٱتَّقُواْ رَبَّكُمۡۚ إِنَّ زَلۡزَلَةَ ٱلسَّاعَةِ شَيۡءٌ عَظِيمٞ
Әй адам баласы! Раббыларыңнан қорқыңдар. Расында қияметтің сілкінісі үлкен нәрсе
Аударма: Халифа Алтай
Ей, адамдар! Өздеріңнің Раббыңнан қорқыңдар. Ақиқатында, Сағаттың / Қайта тірілу күнінің / сілкінісі - үлкен нәрсе
Аударма: ҚМДБ
22:2
يَوۡمَ تَرَوۡنَهَا تَذۡهَلُ كُلُّ مُرۡضِعَةٍ عَمَّآ أَرۡضَعَتۡ وَتَضَعُ كُلُّ ذَاتِ حَمۡلٍ حَمۡلَهَا وَتَرَى ٱلنَّاسَ سُكَٰرَىٰ وَمَا هُم بِسُكَٰرَىٰ وَلَٰكِنَّ عَذَابَ ٱللَّهِ شَدِيدٞ
Ол күні, әр емізушінің емізгенін ұмытқанын және әрбір буаз жәндіктің іш тастағанын көресің. Адамдарды мас түрде көресің. Негізінде олар мас емес. Бірақ Алланың азабы қатты
Аударма: Халифа Алтай
Оны көрген күні, әрбір емізуші емізулісін ұмытады, әрбір жүкті ішіндегісін тастайды. Әрі сен адамдарды мас болған күйде көресің, ал олар мас емес, бірақ Аллаһтың азабы қатты
Аударма: ҚМДБ
22:3
وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يُجَٰدِلُ فِي ٱللَّهِ بِغَيۡرِ عِلۡمٖ وَيَتَّبِعُ كُلَّ شَيۡطَٰنٖ مَّرِيدٖ
Адамдардың кейі, Алла жайында білмей таласады да қасарысқан шайтанға ілеседі
Аударма: Халифа Алтай
Әрі адамдардың ішінде Аллаһ жайында білімі болмаса да сөз таластыратындар және әрбір бүлікшіл шайтанға еретіндер бар
Аударма: ҚМДБ
22:4
كُتِبَ عَلَيۡهِ أَنَّهُۥ مَن تَوَلَّاهُ فَأَنَّهُۥ يُضِلُّهُۥ وَيَهۡدِيهِ إِلَىٰ عَذَابِ ٱلسَّعِيرِ
Негізінде кім шайтанды дос көрсе; ол, оны адастырып, тозақ отына бастайды деп жазылған
Аударма: Халифа Алтай
Оған / шайтанға / қатысты: «Кім оны дос, жақын етіп алса, ол оны адастырады және оны Саъир тозағының азабына жетелейді», - деп алдын ала бекітіліп жазылды
Аударма: ҚМДБ
22:5
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِن كُنتُمۡ فِي رَيۡبٖ مِّنَ ٱلۡبَعۡثِ فَإِنَّا خَلَقۡنَٰكُم مِّن تُرَابٖ ثُمَّ مِن نُّطۡفَةٖ ثُمَّ مِنۡ عَلَقَةٖ ثُمَّ مِن مُّضۡغَةٖ مُّخَلَّقَةٖ وَغَيۡرِ مُخَلَّقَةٖ لِّنُبَيِّنَ لَكُمۡۚ وَنُقِرُّ فِي ٱلۡأَرۡحَامِ مَا نَشَآءُ إِلَىٰٓ أَجَلٖ مُّسَمّٗى ثُمَّ نُخۡرِجُكُمۡ طِفۡلٗا ثُمَّ لِتَبۡلُغُوٓاْ أَشُدَّكُمۡۖ وَمِنكُم مَّن يُتَوَفَّىٰ وَمِنكُم مَّن يُرَدُّ إِلَىٰٓ أَرۡذَلِ ٱلۡعُمُرِ لِكَيۡلَا يَعۡلَمَ مِنۢ بَعۡدِ عِلۡمٖ شَيۡـٔٗاۚ وَتَرَى ٱلۡأَرۡضَ هَامِدَةٗ فَإِذَآ أَنزَلۡنَا عَلَيۡهَا ٱلۡمَآءَ ٱهۡتَزَّتۡ وَرَبَتۡ وَأَنۢبَتَتۡ مِن كُلِّ زَوۡجِۭ بَهِيجٖ
Әй адам баласы! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине біз сендерді топырақтан сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін үйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында бөбек ттрінде шығарамыз. Одан кейін ержетесіңдер. Кейбіреулерің қайтыс болып, кейбіреулерің әр нәрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр жаудырсақ, құлпырып, көпсіді де әр түрлі көркем өсімдік өндірді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, адамдар! Егер қайта тірілуге күмәнда болсаңдар, күмәнсіз Біз сендерге баяндап түсіндіру үшін, сендерді / Адам атаны / топырақтан, кейін / оның ұрпағын / тамшы судан / ұрық суынан / , содан кейін ұйыған қаннан, содан соң жаратылуы кескінделген не кескінделмеген / шайналған секілді / еттен жараттық. Әрі Біз қалағанымызды жатырларда белгіленген мерзімге дейін орналастырамыз. Содан соң сендерді ержетулерің үшін нәресте күйлеріңде шығарамыз. Сендерден / кейбірің / қайтыс болып және / кейбірің / білгенінен кейін еш нәрсені білмей қалатын / дәрежедегі / өмірдің ең нашарына / қаусағанкәрілікке / қайтарылатындар бар. Сен жерді қуарған, тіршіліксіз күйде көресің. Ал, қашан оған су түсіргенімізде, / тіршілік бітіп / ол қопсып, көтеріліп, әрбір түрден көркем етіп / өнім / өсіреді
Аударма: ҚМДБ
22:6
ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلۡحَقُّ وَأَنَّهُۥ يُحۡيِ ٱلۡمَوۡتَىٰ وَأَنَّهُۥ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ
Осы дәлелдер бойынша, шын мәнінде Алла; Ол, хақ. Күдіксіз Ол, өлікті тірілтеді. Өйткені, әр нәрсеге күші жетеді
Аударма: Халифа Алтай
Осы - Аллаһтың ақиқат екендігінен. Әрі, күмәнсіз Ол өлілерді тірілтеді, әрі Ол барлық нәрсені Жасай алушы
Аударма: ҚМДБ
22:7
وَأَنَّ ٱلسَّاعَةَ ءَاتِيَةٞ لَّا رَيۡبَ فِيهَا وَأَنَّ ٱللَّهَ يَبۡعَثُ مَن فِي ٱلۡقُبُورِ
Әлбетте қиямет келеді. Онда Күдік жоқ. Шәксіз Алла, қабырдағыларды тірілтеді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Сағат / Қайта тірілу күні / сөзсіз келеді, онда күмән жоқ және Аллаһ қабірдегілерді күмәнсіз тірілтеді
Аударма: ҚМДБ
22:8
وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يُجَٰدِلُ فِي ٱللَّهِ بِغَيۡرِ عِلۡمٖ وَلَا هُدٗى وَلَا كِتَٰبٖ مُّنِيرٖ
Адамдардың кейі; білімсіз, жолбасшысыз және сәуле беруші кітабы да жоқ. Алла жайында таласады
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, адамдардың арасында білімсіз, / тура жолға бастайтын / басшылықсыз және жарық беруші Кітапсыз Аллаһ жайында тартысатын бар
Аударма: ҚМДБ
22:9
ثَانِيَ عِطۡفِهِۦ لِيُضِلَّ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِۖ لَهُۥ فِي ٱلدُّنۡيَا خِزۡيٞۖ وَنُذِيقُهُۥ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ عَذَابَ ٱلۡحَرِيقِ
Алланың жолынан адастыру тіпін тоң мойындық істейді. Оған дүниеде қорлық бар. Әрі қиямет күнінде, жандырушы азаптың дәмін таттырамыз
Аударма: Халифа Алтай
Ол, Аллаһтың жолынан адастыру үшін паңсына бетін теріс бұрады. Оған осы дүниеде қорлық бар. Ал, Қайта тірілу күні оған жандырушы оттың азабын таттырамыз
Аударма: ҚМДБ
22:10
ذَٰلِكَ بِمَا قَدَّمَتۡ يَدَاكَ وَأَنَّ ٱللَّهَ لَيۡسَ بِظَلَّـٰمٖ لِّلۡعَبِيدِ
Бұл бұрыннан қолекі істегендеріңнің сазайы." Расында Алла құлдарына зұлымдық қылушы емес
Аударма: Халифа Алтай
Бұл / азап /- қолдарыңның алдын ала әзірлегендері үшін, өйткені Аллаһ құлдарына әділетсіздік етуші емес
Аударма: ҚМДБ
22:11
وَمِنَ ٱلنَّاسِ مَن يَعۡبُدُ ٱللَّهَ عَلَىٰ حَرۡفٖۖ فَإِنۡ أَصَابَهُۥ خَيۡرٌ ٱطۡمَأَنَّ بِهِۦۖ وَإِنۡ أَصَابَتۡهُ فِتۡنَةٌ ٱنقَلَبَ عَلَىٰ وَجۡهِهِۦ خَسِرَ ٱلدُّنۡيَا وَٱلۡأٓخِرَةَۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلۡخُسۡرَانُ ٱلۡمُبِينُ
Адамдардан Аллаға немқүрайды құлшылық қылатындар бар. Егер оған бір жақсылық келсе, сол себепті көңілдері орнығады да егер оған бір кесір тисе; жалтарып, дүние, ахиретте зиян тартады. Міне бұл ашық зиян
Аударма: Халифа Алтай
Әрі адамдардың ішінде / иман мен имансыздықтың / ара шегінде тұрып Аллаһқа құлшылық етуші де бар. Егер оған бір жақсылық келсе, ол онымен тынышталады. Ал, егер бір сынақ келсе, ол артына бет бұрып, бұл дүниесін де әрі соңғы мәңгілік өмірін де / ақиретін / жоғалтады. Міне, осы - анық зиян
Аударма: ҚМДБ
22:12
يَدۡعُواْ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَضُرُّهُۥ وَمَا لَا يَنفَعُهُۥۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلضَّلَٰلُ ٱلۡبَعِيدُ
Олар Алладан өзге өздеріне пайда, зиян бере алмайтын нәрселерге сиынады. Міне сол ұзақ адасу
Аударма: Халифа Алтай
Ол Аллаһтан өзге, өзіне зиян да, пайда да келтіре алмайтын нәрседен тілейді. Міне, осы - ұзақ / қатты / адасу
Аударма: ҚМДБ
22:13
يَدۡعُواْ لَمَن ضَرُّهُۥٓ أَقۡرَبُ مِن نَّفۡعِهِۦۚ لَبِئۡسَ ٱلۡمَوۡلَىٰ وَلَبِئۡسَ ٱلۡعَشِيرُ
Сөйтіп олар, пайдасынан зияны жақын біреулерге сиынады. Әрине нендей жаман қожайын! Нендей жаман сыбайлас
Аударма: Халифа Алтай
Ол зияны пайдасынан жақын біреуден тілейді. Ол қандай жаман көмектесуші! Ол -қандай жаман жолдас
Аударма: ҚМДБ
22:14
إِنَّ ٱللَّهَ يُدۡخِلُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ جَنَّـٰتٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُۚ إِنَّ ٱللَّهَ يَفۡعَلُ مَا يُرِيدُ
Күдіксіз Алла, иман келтіріп, түзу іс істегендерді, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізеді. Шынында Алла қалағанын істейді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһ иманға келген және ізгі амал істегендерді астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Әрі шын мәнінде, Аллаһ Өзі қалағанын жасайды
Аударма: ҚМДБ
22:15
مَن كَانَ يَظُنُّ أَن لَّن يَنصُرَهُ ٱللَّهُ فِي ٱلدُّنۡيَا وَٱلۡأٓخِرَةِ فَلۡيَمۡدُدۡ بِسَبَبٍ إِلَى ٱلسَّمَآءِ ثُمَّ لۡيَقۡطَعۡ فَلۡيَنظُرۡ هَلۡ يُذۡهِبَنَّ كَيۡدُهُۥ مَا يَغِيظُ
Кім; Алла, дүние, ахиретте пайғамбарға әсте жәрдем етпейді деп, ойласа, дереу бір жіппен төбеге асылып, сосын соны кессін де көрсін. (Буынып, өліп көрсін.) Оның бұл амалы ызаланған нәрсесін келтіре ала ма? (Ж.Б.М.К.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Кімде-кім, Аллаһ оған / Мұхаммедке / осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / көмектеспейді деп ойласа, / қолынан келсе / аспанға бір арқанды созып, содан кейін / оны / үзсін. Сөйтіп қарасын, айласы өзін ызаландырған нәрсені кетіре ме екен
Аударма: ҚМДБ
22:16
وَكَذَٰلِكَ أَنزَلۡنَٰهُ ءَايَٰتِۭ بَيِّنَٰتٖ وَأَنَّ ٱللَّهَ يَهۡدِي مَن يُرِيدُ
Сөйтіп Құранды ашық-ашық аяттар түрінде түсірдік. Рас Алла,қапағанын тура жолға салады
Аударма: Халифа Алтай
Міне осылай, Біз оны / Құранды / анық аяттар түрінде түсірдік. Аллаһ Өзі қалағанын тура жолмен жүргізеді
Аударма: ҚМДБ
22:17
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَٱلَّذِينَ هَادُواْ وَٱلصَّـٰبِـِٔينَ وَٱلنَّصَٰرَىٰ وَٱلۡمَجُوسَ وَٱلَّذِينَ أَشۡرَكُوٓاْ إِنَّ ٱللَّهَ يَفۡصِلُ بَيۡنَهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ شَهِيدٌ
Расында иман келтіргендер, Яьуди болғандар, Сабилар, Христиандар, Мәжүсилер және Аллаға шерік қосқандар, күдіксіз Алла, осылардың арасына билік айтады. Шын мәнінде Алла әр нәрсеге айғақ
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, Аллаһ Қайта тірілу күні иманға келгендердің және иудейлер, сабилер, христиандар, мәжусилердің / отқа табынушы­лар / әрі серік қосушылардың арасында үкім етеді. Ақиқатында, Аллаһ - әрбір нәрсеге куә
Аударма: ҚМДБ
22:18
أَلَمۡ تَرَ أَنَّ ٱللَّهَ يَسۡجُدُۤ لَهُۥۤ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَن فِي ٱلۡأَرۡضِ وَٱلشَّمۡسُ وَٱلۡقَمَرُ وَٱلنُّجُومُ وَٱلۡجِبَالُ وَٱلشَّجَرُ وَٱلدَّوَآبُّ وَكَثِيرٞ مِّنَ ٱلنَّاسِۖ وَكَثِيرٌ حَقَّ عَلَيۡهِ ٱلۡعَذَابُۗ وَمَن يُهِنِ ٱللَّهُ فَمَا لَهُۥ مِن مُّكۡرِمٍۚ إِنَّ ٱللَّهَ يَفۡعَلُ مَا يَشَآءُ۩
(Сәжде аяты бар.) (Мұхаммед Ғ.С.) көрмейсің бе? Аллаға; көктерде, жерде болған әркім; күн, ай, жүлдыздар, таулар, ағаш, хайуандар және адамдардың көбі сәжде қылады. Және де олардың көбіне азап тиісті болған. Алла кімді қорласа, сонда оны, ешбір қүрметтеуші болмайды. Күдіксіз Алла, қалағанын істейді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сен аспандардағы және жердегілердің, күн мен ай, жұлдыздар, таулар, ағаштар, жануарлар әрі көп адамдардың Аллаһқа сәжде ететінін көрмедің бе / білмедің бе / ? Сондай-ақ, көбіне азап хақ / лайық / болды. Аллаһ кімді қор етсе, онда оны кұрметтеуші болмайды. Ақиқатында, Аллаһ Өзі қалағанын жасайды
Аударма: ҚМДБ
22:19
۞هَٰذَانِ خَصۡمَانِ ٱخۡتَصَمُواْ فِي رَبِّهِمۡۖ فَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ قُطِّعَتۡ لَهُمۡ ثِيَابٞ مِّن نَّارٖ يُصَبُّ مِن فَوۡقِ رُءُوسِهِمُ ٱلۡحَمِيمُ
Осы, Раббылары жайында таласқан екі әріптес: Қарсы болғандарға, оттан киім пішілген, төбелерінің үстінен қайнап тұрған су қүйылады
Аударма: Халифа Алтай
Міне, екі жақ өздерінің Раббысы жайында тартысты. Сондай күпірлік етушілер үшін / имансыздарға, қарсы келушілерге / оттан киім пішіледі, бастарының үстінен қайнап тұрған су құйылады
Аударма: ҚМДБ
22:20
يُصۡهَرُ بِهِۦ مَا فِي بُطُونِهِمۡ وَٱلۡجُلُودُ
Онымен олардың ішіндегілері және терілері ерітіледі
Аударма: Халифа Алтай
Одан олардың ішкі ағзалары мен терілері ерітіледі
Аударма: ҚМДБ
22:21
وَلَهُم مَّقَٰمِعُ مِنۡ حَدِيدٖ
Олар үшін темірден күрзілер болады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар үшін темірден шоқпарлар бар
Аударма: ҚМДБ
22:22
كُلَّمَآ أَرَادُوٓاْ أَن يَخۡرُجُواْ مِنۡهَا مِنۡ غَمٍّ أُعِيدُواْ فِيهَا وَذُوقُواْ عَذَابَ ٱلۡحَرِيقِ
Қашан олар, тозақтың бейнетінен шығуды қаласа, оған қайта итеріледі де: "Жандырушы азаптың дәмін татыңдар!",-(делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Олар әр кез ондағы қайғы-қасіреттен шығуды қаласа, оған кері қайтарылады. Оларға: «Өртеуші оттың азабын татыңдар»,- делінеді
Аударма: ҚМДБ
22:23
إِنَّ ٱللَّهَ يُدۡخِلُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ جَنَّـٰتٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ يُحَلَّوۡنَ فِيهَا مِنۡ أَسَاوِرَ مِن ذَهَبٖ وَلُؤۡلُؤٗاۖ وَلِبَاسُهُمۡ فِيهَا حَرِيرٞ
Күдіксіз Алла; иман келтіріп, ізгі іс істегендерді, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізеді. Олар онда алтын және інжу білезіктермен безенеді. Ондағы киімдері де жібек болады
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, Аллаһ иманға келген және ізгі амал жасағандарды астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Олар онда алтын білезіктер және інжумен безендіріледі. Ал ондағы киімдері жібектен болады
Аударма: ҚМДБ
22:24
وَهُدُوٓاْ إِلَى ٱلطَّيِّبِ مِنَ ٱلۡقَوۡلِ وَهُدُوٓاْ إِلَىٰ صِرَٰطِ ٱلۡحَمِيدِ
Олар, көркем сөзге көндіріліп, мақтаулы Алланың жолына салынғандар. (Көркем сөз: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ж.Б.М.К.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар сөздің жақсысына бағытталды / Оларға сөздің жақсысы айтқызылды / әрі олар әл-Хамидтың / аса Мақтаулының / жолымен жүргізілді
Аударма: ҚМДБ
22:25
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَيَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡحَرَامِ ٱلَّذِي جَعَلۡنَٰهُ لِلنَّاسِ سَوَآءً ٱلۡعَٰكِفُ فِيهِ وَٱلۡبَادِۚ وَمَن يُرِدۡ فِيهِ بِإِلۡحَادِۭ بِظُلۡمٖ نُّذِقۡهُ مِنۡ عَذَابٍ أَلِيمٖ
Шынында қарсы болғандарға, Алланың жолынан сондай-ақ Біз; оның тұрғындарымен шеттен келуші адамдарға тең қылған Месжід Харамнан тосқандарға және кім онда зұлымдықпен жолдан шығуды қаласа, оған жан түршігерлік азаптың дәмін таттырамыз
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, сондай күпірлік етушілерге / иманға келмегендерге / және Аллаһтың жолынан тосушыларға әрі Біз адамдар үшін - ол жерде тұрушылар және сырттан келушілерге - бірдей еткен әл-Харам мешітінен тосатындарға, сондай-ақ, кім ол жерде әділетсіздік етіп / ақиқаттан / ауытқуды қаласа, Біз оған қинаушы азапты таттырамыз
Аударма: ҚМДБ
22:26
وَإِذۡ بَوَّأۡنَا لِإِبۡرَٰهِيمَ مَكَانَ ٱلۡبَيۡتِ أَن لَّا تُشۡرِكۡ بِي شَيۡـٔٗا وَطَهِّرۡ بَيۡتِيَ لِلطَّآئِفِينَ وَٱلۡقَآئِمِينَ وَٱلرُّكَّعِ ٱلسُّجُودِ
Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.) ды Кағбаның орнына: "Маған ешбір нәрсені ортақ қоспа! Тауап етушілерге, тік тұрып, еңкейіп және бас қойып, құлшылық қылушыларға таза ұста" деп, орналастырған едік
Аударма: Халифа Алтай
Міне, кезінде Біз Ибраһимге Үйдің / Қағбаның / орнын көрсетіп: «Маған ешнәрсені серік етіп қоспа және Үйімді тәуап етушілер, / намазда / тұрушы, рукуғ, сәжде жасаушылар үшін тазала
Аударма: ҚМДБ
22:27
وَأَذِّن فِي ٱلنَّاسِ بِٱلۡحَجِّ يَأۡتُوكَ رِجَالٗا وَعَلَىٰ كُلِّ ضَامِرٖ يَأۡتِينَ مِن كُلِّ فَجٍّ عَمِيقٖ
Адамдарды хажға шақыр. Олар жаяу және көлік үстінде әрбір алыс жолдардан саған келеді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі адамдардың арасында қажылық жайында хабарла. Олар саған жаяу және түрлі жүдеген / жануарлар / үстінде алыс жерлерден / жердің түкпір-түкпірінен / келеді
Аударма: ҚМДБ
22:28
لِّيَشۡهَدُواْ مَنَٰفِعَ لَهُمۡ وَيَذۡكُرُواْ ٱسۡمَ ٱللَّهِ فِيٓ أَيَّامٖ مَّعۡلُومَٰتٍ عَلَىٰ مَا رَزَقَهُم مِّنۢ بَهِيمَةِ ٱلۡأَنۡعَٰمِۖ فَكُلُواْ مِنۡهَا وَأَطۡعِمُواْ ٱلۡبَآئِسَ ٱلۡفَقِيرَ
Олар өздеріне тән пайдаларын көрсін. Сондай-ақ өздеріне берілген малдардан белгілі күндерде Алланың атын алсын. (Қүрбан шалсын.) Одан өздерің де жеңдер және жоқ-жітікке де жегізіндер
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздері үшін пайдалы нәрселерге куә болсын және белгілі күндерде өздеріне Ол / Аллаһ / ризық етіп берген малдардың үстінен / шалатын кезде / Аллаһтың атын еске алсын. Одан өздерің де жеңдер және жоқ-жітікке жегізіңдер
Аударма: ҚМДБ
22:29
ثُمَّ لۡيَقۡضُواْ تَفَثَهُمۡ وَلۡيُوفُواْ نُذُورَهُمۡ وَلۡيَطَّوَّفُواْ بِٱلۡبَيۡتِ ٱلۡعَتِيقِ
Сонан соң олар кірлерін кетірсін. (Шаш, тырнағын алып, ыхрамнан шықсын.) Және айтқан нәзірлерін орындап, Кағбаны тауап кылсын
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін олар / денелеріндегі / таза еместен арылсын, нәзірлерін орындасын және ежелгі Үйді / Қағбаны / тәуап етсін»,- дедік
Аударма: ҚМДБ
22:30
ذَٰلِكَۖ وَمَن يُعَظِّمۡ حُرُمَٰتِ ٱللَّهِ فَهُوَ خَيۡرٞ لَّهُۥ عِندَ رَبِّهِۦۗ وَأُحِلَّتۡ لَكُمُ ٱلۡأَنۡعَٰمُ إِلَّا مَا يُتۡلَىٰ عَلَيۡكُمۡۖ فَٱجۡتَنِبُواْ ٱلرِّجۡسَ مِنَ ٱلۡأَوۡثَٰنِ وَٱجۡتَنِبُواْ قَوۡلَ ٱلزُّورِ
Міне осы, кім Алланың ардақтағандарын жоғары бағаласа; сонда оған Раббыларының қасында хайырлы. Сендерге арамдыгы білдірілгеннен басқа малдар, халал қылынды. Ал енді нәжіс бтттардан сақтаныңдар. Сондай-ақ өтірік сөздерден сақтаныңдар. (ІС.116-А)
Аударма: Халифа Алтай
Міне, осы / сендерге Аллаһтың бұйырғаны / ,Әрі кім Аллаһтың тыйым салғандары өте үлкен нәрсе деп білсе, бұл Раббысының алдында оның өзі үшін қайырлы. Сендерге / тыйым салынғаны туралы / оқылғаннан басқа малдар рұқсат / халал / етілді. Пұттардың ластығынан аулақ болыңдар әрі өтірік сөзден аулақ болыңдар
Аударма: ҚМДБ
22:31
حُنَفَآءَ لِلَّهِ غَيۡرَ مُشۡرِكِينَ بِهِۦۚ وَمَن يُشۡرِكۡ بِٱللَّهِ فَكَأَنَّمَا خَرَّ مِنَ ٱلسَّمَآءِ فَتَخۡطَفُهُ ٱلطَّيۡرُ أَوۡ تَهۡوِي بِهِ ٱلرِّيحُ فِي مَكَانٖ سَحِيقٖ
Нағыз құл болып, Аллаға ортақ қоспаңдар. Кім Аллаға ортақ қосса; Сонда ол, көктен түсіп, оны құс іліп, әкететін немесе оны, ұзаққа жел ұшырып кеткен нәрсе сияқты
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа ханиф (бұл жерде жалпы тыйым салынған амалдардан аулақ жүрушілер) болған және Оған еш нәрсені серік етіп қоспаған күйлеріңде. Ал, Аллаһқа біреуді серік етіп қосқан, ол бейне бір аспаннан құлап түсіп, оны кұс іліп әкеткен не жел алысқа ұшырып кеткен бір нәрсе секілді
Аударма: ҚМДБ
22:32
ذَٰلِكَۖ وَمَن يُعَظِّمۡ شَعَـٰٓئِرَ ٱللَّهِ فَإِنَّهَا مِن تَقۡوَى ٱلۡقُلُوبِ
Міне осы. Кім Алланың белгілерін ұлықтаса; күдіксіз ол, жүректің тақуалығынан
Аударма: Халифа Алтай
Міне, осылай. Ал, кім Аллаһтың белгі-рәсімдерін ұлы деп білсе, сөзсіз, бұл жүректердің тақуалығынан / Аллаһтың жаза­сынан қорқып, сақтануынан
Аударма: ҚМДБ
22:33
لَكُمۡ فِيهَا مَنَٰفِعُ إِلَىٰٓ أَجَلٖ مُّسَمّٗى ثُمَّ مَحِلُّهَآ إِلَى ٱلۡبَيۡتِ ٱلۡعَتِيقِ
Құрбандықтан белгілі мерзімге дейін пайдалануларыңа болады. Сосын ол Кағбаның жанындағы орнына апарылады. (Қашан шалынғанға дейін мінуге, артуға, төлінен, сүтінен, жүнінен пайдалануға болады. Ж.Б.М.К.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге оларда белгілі уақытқа дейін пайда бар. Кейін олардың шалынатын орны - ежелгі Үйдің / Қағбаның / маңы
Аударма: ҚМДБ
22:34
وَلِكُلِّ أُمَّةٖ جَعَلۡنَا مَنسَكٗا لِّيَذۡكُرُواْ ٱسۡمَ ٱللَّهِ عَلَىٰ مَا رَزَقَهُم مِّنۢ بَهِيمَةِ ٱلۡأَنۡعَٰمِۗ فَإِلَٰهُكُمۡ إِلَٰهٞ وَٰحِدٞ فَلَهُۥٓ أَسۡلِمُواْۗ وَبَشِّرِ ٱلۡمُخۡبِتِينَ
Біз әрбір үммет үшін, өздеріне берген малдардан, Алланың ғана атын атап, қүрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан Соған бой үсыныңдар. (Мұхаммед!) Ықыластыларды қуандыр
Аударма: Халифа Алтай
Әрбір үммет үшін өздеріне ризық етіп берген малдарды / шалатын кезде / Аллаһтың атын еске алу үшін Біз, / қажылықтағы / құрбандық шалу орнын / Мекке маңайын / белгіледік. Сендердің құдайларың бір ғана құдай. Оған бойсұныңдар. / Ей, Мұхаммед! / / Аллаһқа / беріле бойсұнушыларды сүйіншіле
Аударма: ҚМДБ
22:35
ٱلَّذِينَ إِذَا ذُكِرَ ٱللَّهُ وَجِلَتۡ قُلُوبُهُمۡ وَٱلصَّـٰبِرِينَ عَلَىٰ مَآ أَصَابَهُمۡ وَٱلۡمُقِيمِي ٱلصَّلَوٰةِ وَمِمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡ يُنفِقُونَ
Олар, қашан Алла зікір етілсе, жүректері дүпілдейді. Өздеріне келген ауыршылыққа шыдап, намазды орындай отырып, берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды
Аударма: Халифа Алтай
солар, Аллаһ еске алынғанда жүректері діріл қагатындар және өздеріне келген ауыртпашылыққа сабыр ететіндер және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтындар және Біз ризық етіп бергеннен жұмсайтындар
Аударма: ҚМДБ
22:36
وَٱلۡبُدۡنَ جَعَلۡنَٰهَا لَكُم مِّن شَعَـٰٓئِرِ ٱللَّهِ لَكُمۡ فِيهَا خَيۡرٞۖ فَٱذۡكُرُواْ ٱسۡمَ ٱللَّهِ عَلَيۡهَا صَوَآفَّۖ فَإِذَا وَجَبَتۡ جُنُوبُهَا فَكُلُواْ مِنۡهَا وَأَطۡعِمُواْ ٱلۡقَانِعَ وَٱلۡمُعۡتَرَّۚ كَذَٰلِكَ سَخَّرۡنَٰهَا لَكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ
Түйе, сиырды (Б.М.К.Р.) сендер үшін; Алланың белгілері (қүрбандықтары) қылдық. Мүнда сендер үшін хайыр бар. Оларды тұрғызып қойып, оған Алланың атын айтыңдар. Сонда қашан олардың жамбастары жерге тисе (жаны шықса) жеңдер де мұхтажға да мұхтаж емеске де жегізіңдер. Өстіп шүкір етулерің үшін; малды еріктеріңе бердік
Аударма: Халифа Алтай
Біз құрбандыққа / сою үшін / алынған ірі малдарды / түйе мен сиырды / Шсендерге Аллаһтың белгілерінен еттік. Сендер үшін оларда қайыр бар. Тұрғызылып қойылған кезде / сойылғанда / олардың үстінен Аллаһтың атын еске алыңдар. Ал, жамбастары жерге тиген / жан шығарған / кезде, олардан жеңдер және сұрауға ұялып / азға да / қанағат етуші мен мұқтаждығы себепті сұрайтындарға жегізіңдер. Біз оларды / малдарды / шүкір етулерің / берген игіліктерімізге алғыс білдірулерің / үшін сендерге осылай бағындырдық
Аударма: ҚМДБ
22:37
لَن يَنَالَ ٱللَّهَ لُحُومُهَا وَلَا دِمَآؤُهَا وَلَٰكِن يَنَالُهُ ٱلتَّقۡوَىٰ مِنكُمۡۚ كَذَٰلِكَ سَخَّرَهَا لَكُمۡ لِتُكَبِّرُواْ ٱللَّهَ عَلَىٰ مَا هَدَىٰكُمۡۗ وَبَشِّرِ ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Ешқашан қүрбанның еттері, қандары Аллаға үлгірмейді. Бірақ сендердің тақуалықтарың үлгіреді. (Араптар жаһилиет заманында Кағбаның қабырғасына қүрбанның еттерін асып, қандарын жағатын. Б.М.К.Р.) Сендерге тура жол көрсеткен Алланы, ұлықтауларың үшін; осылайша малды, еріктеріңе бердік. (Мұхаммед Ғ.С.) жақсылық істеушілерді қуандыр
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа олардың / құрбандыққа сойылған малдардың / еттері де, қандары да жетіп бармайды. Бірақ, Оған сендердің тақуалықтарың / Оған бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандықтарың / жетеді. Сендерді тура жолмен жүргізгендігіне, Аллаһты ұлықтауларың үшін оларды / малдарды / сендерге осылай бағындырып берді. IЕй, Мұхаммед!! Жақсылықты ықыласпен істеушілерді қуандыр
Аударма: ҚМДБ
22:38
۞إِنَّ ٱللَّهَ يُدَٰفِعُ عَنِ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْۗ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُحِبُّ كُلَّ خَوَّانٖ كَفُورٍ
Күдіксіз Алла, иман келтіргендерді қорғайды. Әрине Алла, бүкіл қиянатшыл, қасарысқандарды жақсы көрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, Аллаһ иманға келгендерді қорғайды. Шын мәнінде, Аллаһ әрбір қиянатшыл, / берілген игіліктерді / жоққа шығарушыны жақсы көрмейді
Аударма: ҚМДБ
22:39
أُذِنَ لِلَّذِينَ يُقَٰتَلُونَ بِأَنَّهُمۡ ظُلِمُواْۚ وَإِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ نَصۡرِهِمۡ لَقَدِيرٌ
Шынында шабуыл жасалып, зұлымдыққа үшырағандарға, соғысу үшін рұхсат берілді. Күдіксіз Алланың, оларға жәрдем етуге, күші толық жетеді
Аударма: Халифа Алтай
Өздеріне қарсы соғыс ашылғандарға, әділетсіздікке ұшырағандықтары себепті / соғысуға / рұқсат етілді. Сөзсіз, Аллаһ оларға көмектесуге Құдіретті
Аударма: ҚМДБ
22:40
ٱلَّذِينَ أُخۡرِجُواْ مِن دِيَٰرِهِم بِغَيۡرِ حَقٍّ إِلَّآ أَن يَقُولُواْ رَبُّنَا ٱللَّهُۗ وَلَوۡلَا دَفۡعُ ٱللَّهِ ٱلنَّاسَ بَعۡضَهُم بِبَعۡضٖ لَّهُدِّمَتۡ صَوَٰمِعُ وَبِيَعٞ وَصَلَوَٰتٞ وَمَسَٰجِدُ يُذۡكَرُ فِيهَا ٱسۡمُ ٱللَّهِ كَثِيرٗاۗ وَلَيَنصُرَنَّ ٱللَّهُ مَن يَنصُرُهُۥٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَقَوِيٌّ عَزِيزٌ
Олар, сондай жазықсыз: "Раббымыз Алла" дегендіктерінен ғана жұрттарынан шығарылғандар. Егер Алла; адамдарды, бірін-бірі арқылы қорғамаса, Манастырлар, Шіркеулер, Яьудилердің құлшылық орындары және ішінде Алланың аты көбірек зікір етілетін мешіттер қүлатылар еді. Кім Алла жолына жәрдем етсе, Алла оған жәрдем етеді. Шәксіз Алла, аса көруші, тым үстем. (С. 251-А)
Аударма: Халифа Алтай
Олар елдерінен, «Раббымыз - Аллаһ» дегендері үшін жазықсыз шығарылды. Аллаһ адамдардың бірін өзгелері арқылы қорғамағанда монахтар табынатын орындар / келья / , шіркеулер, синагогтар және ішінде Аллаһтың аты көп еске алынатын мешіттер қиратылар еді. Аллаһ Өзіне / дініне / көмек көрсеткенге, әлбетте көмектеседі. Ақиқатында Аллаһ өте Күшті, аса Үстем
Аударма: ҚМДБ
22:41
ٱلَّذِينَ إِن مَّكَّنَّـٰهُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ أَقَامُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتَوُاْ ٱلزَّكَوٰةَ وَأَمَرُواْ بِٱلۡمَعۡرُوفِ وَنَهَوۡاْ عَنِ ٱلۡمُنكَرِۗ وَلِلَّهِ عَٰقِبَةُ ٱلۡأُمُورِ
Егер оларды жер жүзіне орналастырсақ; олар, намазды орындар, зекет берер сондай-ақ дұрысқа қосып, бұрыстан тосар еді. Негізінде істердің соңы Аллаға тән
Аударма: Халифа Алтай
Егер оларды / Аллаһ жолына көмектесетіндерді / жер бетінде орнықтырып, бекемдесек, олар намазды толық орындайды, зекетті береді, құпталғанға бұйырып, тыйым салынғаннан қайтарады. Ал, істердің соңы - Аллаһта
Аударма: ҚМДБ
22:42
وَإِن يُكَذِّبُوكَ فَقَدۡ كَذَّبَتۡ قَبۡلَهُمۡ قَوۡمُ نُوحٖ وَعَادٞ وَثَمُودُ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер олар, сені жасынға шығарса, рас олардан бүрын Нұх (Ғ.С.) тың елі және Ғад, Сәмүд елі де жасынға шығарған болатын
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер олар сені өтірікшіге шығарса, бұлардан бұрын Нұхтың елі, Ад және Сәмұд елі де / елшілерді / өтірікшіге шығарған еді
Аударма: ҚМДБ
22:43
وَقَوۡمُ إِبۡرَٰهِيمَ وَقَوۡمُ لُوطٖ
Сондай-ақ Ыбырайым (Ғ.С.) елі және Нұх (Ғ.С) елі де
Аударма: Халифа Алтай
Ибраһимның елі мен Лұттың елі де
Аударма: ҚМДБ
22:44
وَأَصۡحَٰبُ مَدۡيَنَۖ وَكُذِّبَ مُوسَىٰۖ فَأَمۡلَيۡتُ لِلۡكَٰفِرِينَ ثُمَّ أَخَذۡتُهُمۡۖ فَكَيۡفَ كَانَ نَكِيرِ
Сондай-ақ Мәдяндықтар да жасынға шығарып, Мұса да жасынға шығарылған еді. Сонда ол кәпірлерге мұрса беріп барып,сосын қолға алдым. Танымау қалай екен
Аударма: Халифа Алтай
Мәдиян тұрғындары да / Шұғайыпты / . Мұса да өтірікшіге шығарылды. Мен кәпірлерге уақыт беріп, кейін оларды ұстадым / жазаладым / . Сонда Менің құптамауым / жазалауым / тқалай болды
Аударма: ҚМДБ
22:45
فَكَأَيِّن مِّن قَرۡيَةٍ أَهۡلَكۡنَٰهَا وَهِيَ ظَالِمَةٞ فَهِيَ خَاوِيَةٌ عَلَىٰ عُرُوشِهَا وَبِئۡرٖ مُّعَطَّلَةٖ وَقَصۡرٖ مَّشِيدٍ
Қаншалаған залым болған кенттерді типыл қылдық. Міне ол, үсті-астына түсіп жатыр. Және иен қалған қүдық, ойран болған сарай
Аударма: Халифа Алтай
Қаншама елді мекендерді әділетсіз болған күйлерінде жойып жібердік. Олардың қабырғалары іргесіне құлаған шатырына жығылды. Қаншама құлықтар мен биік сарайлар / иесіз / қалды
Аударма: ҚМДБ
22:46
أَفَلَمۡ يَسِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَتَكُونَ لَهُمۡ قُلُوبٞ يَعۡقِلُونَ بِهَآ أَوۡ ءَاذَانٞ يَسۡمَعُونَ بِهَاۖ فَإِنَّهَا لَا تَعۡمَى ٱلۡأَبۡصَٰرُ وَلَٰكِن تَعۡمَى ٱلۡقُلُوبُ ٱلَّتِي فِي ٱلصُّدُورِ
Олар жер жүзінде кезіп жүрмеді ме? Сонда олардың түсінер жүректері және естір құлақтары болса еді. Негізінен көздері соқыр емес. Бірақ көкіректеріндегі жүректері соқыр
Аударма: Халифа Алтай
Олар жер бетінде сапарға шықпады ма, сонда олардың үғынатын жүректері не еститін құлақтары болмады ма? Негізінде соқыр болған көздер емес, керісінше кеуделердегі жүректер соқыр болды
Аударма: ҚМДБ
22:47
وَيَسۡتَعۡجِلُونَكَ بِٱلۡعَذَابِ وَلَن يُخۡلِفَ ٱللَّهُ وَعۡدَهُۥۚ وَإِنَّ يَوۡمًا عِندَ رَبِّكَ كَأَلۡفِ سَنَةٖ مِّمَّا تَعُدُّونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен азаптың тез келуін тілейді. Алла уәдесінен әсте айнымайды. Негізінде Алланың қасындағы бір күн, сендер санайтын мың жылмен тең
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар сенен азаптың тез болуын сұрайды, бірақ Аллаһ уәдесін ешқашан бұзбайды. Әрі ақиқатында, Раббыңның қасындағы бір күн, сендердің есептеулеріңмен мың жылға тең
Аударма: ҚМДБ
22:48
وَكَأَيِّن مِّن قَرۡيَةٍ أَمۡلَيۡتُ لَهَا وَهِيَ ظَالِمَةٞ ثُمَّ أَخَذۡتُهَا وَإِلَيَّ ٱلۡمَصِيرُ
Қаншалаған кенттерге ол залым бола тұра мүрса беріп барып сонан соң қолға алдым. Әрине барар жері де Біз тарап
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қаншама әділетсіз болған елді мекендерге мұрсат беріп, кейін оларды ұстадым / жазаладым / . Әрі қайту - Маған / Олар аса ұлы Аллаһқа қайтады
Аударма: ҚМДБ
22:49
قُلۡ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِنَّمَآ أَنَا۠ لَكُمۡ نَذِيرٞ مُّبِينٞ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Әй адамдар! Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертуші ғанамын" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Әй, адамдар! Шын мәнінде мен сендерге анық ескертушімін»,- деп
Аударма: ҚМДБ
22:50
فَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ لَهُم مَّغۡفِرَةٞ وَرِزۡقٞ كَرِيمٞ
Ал иман келтіріп, түзу іс істегендер, оларға жарылқау әрі құрметті несібе бар
Аударма: Халифа Алтай
Иманға келген және ізгі амал істегендерге кешірім және мол ризық бар
Аударма: ҚМДБ
22:51
وَٱلَّذِينَ سَعَوۡاْ فِيٓ ءَايَٰتِنَا مُعَٰجِزِينَ أُوْلَـٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡجَحِيمِ
Сондай аяттарымызды бұзуға тырысқандар, міне солар тозақтық
Аударма: Халифа Алтай
Ал, сондай Біздің аят-белгілерімізді әлсіретуге тырысқандар, міне солар - Жахимға (Тозаққа) түсушілер
Аударма: ҚМДБ
22:52
وَمَآ أَرۡسَلۡنَا مِن قَبۡلِكَ مِن رَّسُولٖ وَلَا نَبِيٍّ إِلَّآ إِذَا تَمَنَّىٰٓ أَلۡقَى ٱلشَّيۡطَٰنُ فِيٓ أُمۡنِيَّتِهِۦ فَيَنسَخُ ٱللَّهُ مَا يُلۡقِي ٱلشَّيۡطَٰنُ ثُمَّ يُحۡكِمُ ٱللَّهُ ءَايَٰتِهِۦۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٞ
(Мұхаммед Ғ.С.) Сенен бұрын да, елші не пайғамбар жіберген болсақ, қашан ол үміттенсе, үмітіне шайтан күдік салды. (Немесе қашан ол оқыса, оқуына шайтан күдік салды. Ж.Б.М.К.Р.) Алла шайтанның салатынын жойып, сосын өз аяттарын бекемдейді. Алла толық білуші, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сенен бұрын да бір Елші / расул / не Пайғамбар / нәби / жіберсек, ол оқыған кезде шайтан оның оқығанына / бір нәрсе / лақтырады. Бірақ, Аллаһ шайтанның тастайтынын жояды. Кейін Аллаһ Өз аяттарын бекітеді. Аллаһ бәрін Білуші, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
22:53
لِّيَجۡعَلَ مَا يُلۡقِي ٱلشَّيۡطَٰنُ فِتۡنَةٗ لِّلَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٞ وَٱلۡقَاسِيَةِ قُلُوبُهُمۡۗ وَإِنَّ ٱلظَّـٰلِمِينَ لَفِي شِقَاقِۭ بَعِيدٖ
Шайтанның салатынын; жүректері қатайғандарға, сынақ үшін. Залымдар, әрине ұзақ бір қайшылықта
Аударма: Халифа Алтай
Шайтанның тастайтынын жүректерінде дерті барларға және жүректері қатып қалғандарға фитна / сынақ / ету үшін / жасады / . Ақиқатында, әділетсіздер ұзақ / қатты / қайшылықта
Аударма: ҚМДБ
22:54
وَلِيَعۡلَمَ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡعِلۡمَ أَنَّهُ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّكَ فَيُؤۡمِنُواْ بِهِۦ فَتُخۡبِتَ لَهُۥ قُلُوبُهُمۡۗ وَإِنَّ ٱللَّهَ لَهَادِ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٖ
(Мұхаммед Ғ.С.) ғылым берілгендер, Құранның Раббыңнан бір хақиқат екендігін біліп, оған сеніп және оған жүректері берілуі үшін. Күдіксіз Алла, иман келтіргендерді әлбетте тура жолға салды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі / бұл / білім берілгендер мұның Раббыңнан ақиқат екенін білуі, оған сенулері және жүректерінің бойсұна берілуі үшін. Ақиқатында, Аллаһ иманға келгендерді тура жолмен жүргізеді
Аударма: ҚМДБ
22:55
وَلَا يَزَالُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فِي مِرۡيَةٖ مِّنۡهُ حَتَّىٰ تَأۡتِيَهُمُ ٱلسَّاعَةُ بَغۡتَةً أَوۡ يَأۡتِيَهُمۡ عَذَابُ يَوۡمٍ عَقِيمٍ
Сондай қарсы келгендер, өздеріне кенеттен қиямет келгенге немесе сәтсіз бір күннің азабы келгенге дейін үнемі Құраннан күдіктенуде
Аударма: Халифа Алтай
Ал, сондай күпірлік етушілер / Пайғамбарға түсірілгенге күмән келтірушілер / өздеріне кенеттен Сағат / Қайта тірілу күні / келгенге дейін немесе қысыр / жалғаспайтын / күннің азабы келгенге дейін оған күмәнда болуда қала береді
Аударма: ҚМДБ
22:56
ٱلۡمُلۡكُ يَوۡمَئِذٖ لِّلَّهِ يَحۡكُمُ بَيۡنَهُمۡۚ فَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ فِي جَنَّـٰتِ ٱلنَّعِيمِ
Сол күні, иелік Аллаға тән. Олардың араларына үкім жүргізеді. Сонда иман келтіргендер, ізгі іс істегендер, бақытты жаннаттарда болады
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні билік - Аллаһта, Ол олардың арасына үкім шығарады. Сонда иманға келген және ізгі амал істегендер Наъим бақтарында болады
Аударма: ҚМДБ
22:57
وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَكَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا فَأُوْلَـٰٓئِكَ لَهُمۡ عَذَابٞ مُّهِينٞ
Қарсы келіп, аяттарымызды жасынға айналдырғандар, міне соларға қорлаушы азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, күпірлік еткендерге / Аллаһ пен Оның Елшісіне сенбегендерге / , Біздің аяттарымызды өтірік санағандарға, міне, соларға қорлаушы азап болады
Аударма: ҚМДБ
22:58
وَٱلَّذِينَ هَاجَرُواْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ ثُمَّ قُتِلُوٓاْ أَوۡ مَاتُواْ لَيَرۡزُقَنَّهُمُ ٱللَّهُ رِزۡقًا حَسَنٗاۚ وَإِنَّ ٱللَّهَ لَهُوَ خَيۡرُ ٱلرَّـٰزِقِينَ
Ал Алла жолында босқандар, сосын өлтірілген немесе өлгендер, әлбетте Алла оларға көркем несібе береді. Күдіксіз Алла, әрине Ол, несібе берушілердің жақсысы
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, Аллаһ жолында қоныс аударып / һижра жасап / , содан кейін / соғыста / өлтірілген немесе / үйінде / қайтыс болғандарға сөзсіз, Аллаһ көркем ризық береді. Ақиқатында, Аллаһ -ризық берушілердің ең қайырлысы
Аударма: ҚМДБ
22:59
لَيُدۡخِلَنَّهُم مُّدۡخَلٗا يَرۡضَوۡنَهُۥۚ وَإِنَّ ٱللَّهَ لَعَلِيمٌ حَلِيمٞ
Алла оларды разы болатын орынға кіргізеді. Рас Алла, аса білуші, өте жұмсақ
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / оларды міндетті түрде, олар разы болатын жайға кіргізеді. Аллаһ бәрін Білуші, өте Ұстамды
Аударма: ҚМДБ
22:60
۞ذَٰلِكَۖ وَمَنۡ عَاقَبَ بِمِثۡلِ مَا عُوقِبَ بِهِۦ ثُمَّ بُغِيَ عَلَيۡهِ لَيَنصُرَنَّهُ ٱللَّهُۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَعَفُوٌّ غَفُورٞ
Міне осылай; кім өзіне істелгендей ғана істеген бола тұра; ол, қайта бұған соқтыкса, әрине Алла, оған жәрдем етеді. Күдіксіз Алла, аса кешірімді, өте жарылқаушы
Аударма: Халифа Алтай
Міне осылай, кім өзі жазаланғандай жазалап, содан кейін оған әділетсіздік жасалса, Аллаһ оған міндетті түрде жәрдем береді. Аллаһ - жазаламай Кешіріп жіберуші , өте Кешірімді
Аударма: ҚМДБ
22:61
ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱللَّهَ يُولِجُ ٱلَّيۡلَ فِي ٱلنَّهَارِ وَيُولِجُ ٱلنَّهَارَ فِي ٱلَّيۡلِ وَأَنَّ ٱللَّهَ سَمِيعُۢ بَصِيرٞ
Міне шын мәнінде Алла, түнді күндізге қосып, күндізді түнге қосады. Күдіксіз Алла, әр нәрсені естиді, көреді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Ол түнді күндізге кіргізеді, күндізді түнге кіргізеді. Аллаһ бәрін Естуші, барлық нәрсені Көруші
Аударма: ҚМДБ
22:62
ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلۡحَقُّ وَأَنَّ مَا يَدۡعُونَ مِن دُونِهِۦ هُوَ ٱلۡبَٰطِلُ وَأَنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلۡعَلِيُّ ٱلۡكَبِيرُ
Міне күдіксіз Алла, Ол хақ. Расында олардың Алладан өзге сиынғандары ол, босқа. Рас Алла, Ол өте жоғары, аса ұлы
Аударма: Халифа Алтай
Өйткені, Аллаһ әл-Хаққ / Ақиқат / , ал олардың Одан өзге жалынып сұрағандары жалған. Әрі Аллаһ аса Жоғары, өте Үлкен
Аударма: ҚМДБ
22:63
أَلَمۡ تَرَ أَنَّ ٱللَّهَ أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَتُصۡبِحُ ٱلۡأَرۡضُ مُخۡضَرَّةًۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَطِيفٌ خَبِيرٞ
Көрмейсің бе? Рас Алла, көктен жаңбыр жаудырып, жерді жасылдыққа айналдырды. Шәксіз Алла, өте мұлайым, толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың аспаннан су түсіргенін, сөйтіп жердің жап-жасыл болатынын көрмедің бе? Ақиқатында, Аллаһ - өте Жұмсақ , бәрінен Хабардар
Аударма: ҚМДБ
22:64
لَّهُۥ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِۚ وَإِنَّ ٱللَّهَ لَهُوَ ٱلۡغَنِيُّ ٱلۡحَمِيدُ
Көктердегі әрі жердегі нәрселер Алланікі. Шынында Алла, өте бай, аса мақтаулы
Аударма: Халифа Алтай
Аспандардағы және жердегі барлық нәрселер Онікі. Анығында Аллаһ Бай, аса Мақтаулы
Аударма: ҚМДБ
22:65
أَلَمۡ تَرَ أَنَّ ٱللَّهَ سَخَّرَ لَكُم مَّا فِي ٱلۡأَرۡضِ وَٱلۡفُلۡكَ تَجۡرِي فِي ٱلۡبَحۡرِ بِأَمۡرِهِۦ وَيُمۡسِكُ ٱلسَّمَآءَ أَن تَقَعَ عَلَى ٱلۡأَرۡضِ إِلَّا بِإِذۡنِهِۦٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ بِٱلنَّاسِ لَرَءُوفٞ رَّحِيمٞ
Рас Алланың, жердегілерді және өз әмірімен теңізде жүрген кемені сендерге бағынышты қылғанын және де өз бұйрығынсыз көктің жерге түсуін тоқтатқанын кермейсің бе? Күдіксіз Алла, адам баласына, әлбетте өте есіргеуші, аса мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың сендерге жердегі нәрселерді және теңізде Өзінің әмірімен жүзетін кемелерді бағындырғанын көрмедің бе? Ол аспанды, Өзінің рұқсатынсыз жерге құлап түсуден ұстап тұрады. Ақиқатында, Аллаһ адамдарға өте Мейірбан , ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
22:66
وَهُوَ ٱلَّذِيٓ أَحۡيَاكُمۡ ثُمَّ يُمِيتُكُمۡ ثُمَّ يُحۡيِيكُمۡۗ إِنَّ ٱلۡإِنسَٰنَ لَكَفُورٞ
Ол сондай Алла, сендерді тірілтті, сосын өлтіреді, сонан кейін және тірілтеді. Расында адам баласы нәсүкір
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол сондай -сендерге өмір береді, кейін жандарыңды алады, содан кейін қайтатірілтеді. Негізінде адам баласы шүкіршілік етпеуші / игіліктерге алғыс білдірмеуші
Аударма: ҚМДБ
22:67
لِّكُلِّ أُمَّةٖ جَعَلۡنَا مَنسَكًا هُمۡ نَاسِكُوهُۖ فَلَا يُنَٰزِعُنَّكَ فِي ٱلۡأَمۡرِۚ وَٱدۡعُ إِلَىٰ رَبِّكَۖ إِنَّكَ لَعَلَىٰ هُدٗى مُّسۡتَقِيمٖ
Әр үммет үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық. (С.48-А.) Ендеше (Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенімен бұл іс жайында тартыспасын. Раббың жаққа шақыр. Сен әлбетте тура жол үстіндесің
Аударма: Халифа Алтай
Біз әрбір / пайғамбар жіберілген / үммет үшін - олар ұстанатын құлшылық ету ереже-қағидаларын белгіледік. / Ей, Мұхаммед! / Сондықтан олар бұл мәселе жайында сенімен таласпасын. / Адамдарды / Раббыңа шақыр. Ақиқатында сен тура жолдасың
Аударма: ҚМДБ
22:68
وَإِن جَٰدَلُوكَ فَقُلِ ٱللَّهُ أَعۡلَمُ بِمَا تَعۡمَلُونَ
Егер олар сенімен таласса: "Алла, не істегендеріңді жақсы біледі" де
Аударма: Халифа Алтай
Ал егер олар сенімен тартысса: «Аллаһ не істеп жатқандарыңды жақсы біледі
Аударма: ҚМДБ
22:69
ٱللَّهُ يَحۡكُمُ بَيۡنَكُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ فِيمَا كُنتُمۡ فِيهِ تَخۡتَلِفُونَ
Алла, қиямет күні, араларыңдағы қайшылыққа түскен нәрселер жайында үкім береді
Аударма: Халифа Алтай
Қайта тірілу күні Аллаһ қайшылыққа түскен нәрселерің жайында араларыңа үкім шығарады»,- де
Аударма: ҚМДБ
22:70
أَلَمۡ تَعۡلَمۡ أَنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ مَا فِي ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِۚ إِنَّ ذَٰلِكَ فِي كِتَٰبٍۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرٞ
Алланың жер, көктегі нәрселерді білетінін білмейсің бе? Шәксіз бұлар, Кітапта жазулы. Күдіксіз бұл, Аллаға оңай
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың аспан мен жердегінің барлығын білетінін сен білмейсің бе? Ақиқатында бұл - Кітапта бар. Шын мәнінде бұл - Аллаһқа жеңіл
Аударма: ҚМДБ
22:71
وَيَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَمۡ يُنَزِّلۡ بِهِۦ سُلۡطَٰنٗا وَمَا لَيۡسَ لَهُم بِهِۦ عِلۡمٞۗ وَمَا لِلظَّـٰلِمِينَ مِن نَّصِيرٖ
Олар, Алладан өзге, оған ешбір дәлел түсірілмеген және ол жөнде өздеріне де ешбір мәлімет болмаған нәрселерге табынады. Ол залымдар үшін, бір жәрдемші болмайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар Аллаһтың орнына, Ол ешбір дәл ел түсірмеген әрі өздерінде / ол жай­лы / білімі болмаған нәрсеге табынады. Әділетсіздерге көмек беруші болмайды
Аударма: ҚМДБ
22:72
وَإِذَا تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتُنَا بَيِّنَٰتٖ تَعۡرِفُ فِي وُجُوهِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ ٱلۡمُنكَرَۖ يَكَادُونَ يَسۡطُونَ بِٱلَّذِينَ يَتۡلُونَ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتِنَاۗ قُلۡ أَفَأُنَبِّئُكُم بِشَرّٖ مِّن ذَٰلِكُمُۚ ٱلنَّارُ وَعَدَهَا ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْۖ وَبِئۡسَ ٱلۡمَصِيرُ
Қашан оларға ашық аяттарымыз оқылса, кәпірлердің жүздерінен қарсылық сезесің. Сондай-ақ оларға аяттарымызды оқығандарды бассала жаздайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Енді сендерге бұдан да жаманның хабарын берейін бе? Ол, от! Алла оны, қарсы болғандарға уәде еткен нендей жаман орын!",- де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ал, Оларға анық аяттарымыз оқылған кезде, күпірлік етушілердің / оны мойындамаушылардың / жүзінен теріске шығаруды байқайсың. Олар өздеріне аяттарымызды оқығандарға қарсы күш көрсетуге дайын. Айт: «Сендерге бұдан жаман нәрсені хабарлайын ба? Ол - От. Аллаһ оны күпірлік етушілерге / имансыздарға / уәде етті. Ол - баратын жердің өте жаманы»,- деп
Аударма: ҚМДБ
22:73
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ ضُرِبَ مَثَلٞ فَٱسۡتَمِعُواْ لَهُۥٓۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ تَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ لَن يَخۡلُقُواْ ذُبَابٗا وَلَوِ ٱجۡتَمَعُواْ لَهُۥۖ وَإِن يَسۡلُبۡهُمُ ٱلذُّبَابُ شَيۡـٔٗا لَّا يَسۡتَنقِذُوهُ مِنۡهُۚ ضَعُفَ ٱلطَّالِبُ وَٱلۡمَطۡلُوبُ
Әй адам баласы! Бір мысал келтірілді. Енді соған құлақ салыңдар: Сендердің Алладан өзге табынғандарың, барлыгы жиылса да әсте бір шыбын жарата алмайды. Сондай-ақ егер шыбын олардың бір нәрсесін алып қашса, одан оны құтқара алмайды. Өйткені, іздеуші де ізделген де нашар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, адамдар! Бір мысал келтірілді, енді оған құлақ салыңдар. Негізінде, солар, Аллаһтан өзге тілек етіп табынғандарыңның, барлығы бірігіп жиналса да ешқашан бір шыбынды да жарата алмайды. Егер шыбын олардан бір нәрсені алып кететін болса, олар одан / шыбыннан / оны кері қайтарып ала алмайды. Талап етуші де, талап етілуші де әлсіз
Аударма: ҚМДБ
22:74
مَا قَدَرُواْ ٱللَّهَ حَقَّ قَدۡرِهِۦٓۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَقَوِيٌّ عَزِيزٌ
Олар Алланың қадырын біліп, шын мәнінде бағалай алмады. Алла аса күшті, өте үстем
Аударма: Халифа Алтай
Олар Аллаһты, Оны / қадіріне сай / лайықты түрде бағалаған / қадірлеген / жоқ. Ақиқатында, Аллаһ - өте Күшті, аса Үстем
Аударма: ҚМДБ
22:75
ٱللَّهُ يَصۡطَفِي مِنَ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةِ رُسُلٗا وَمِنَ ٱلنَّاسِۚ إِنَّ ٱللَّهَ سَمِيعُۢ بَصِيرٞ
Алла, періштелерден де адамдардан да елшілер ғана белгіледі. Шәксіз Алла, әр нәрсені аса естуші, тым көруші
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ періштелерден және адамдардан елшілер таңдайды. күмәнсіз, Аллаһ бәрін Естуші , бәрін Көруші
Аударма: ҚМДБ
22:76
يَعۡلَمُ مَا بَيۡنَ أَيۡدِيهِمۡ وَمَا خَلۡفَهُمۡۚ وَإِلَى ٱللَّهِ تُرۡجَعُ ٱلۡأُمُورُ
Олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі. Сондай-ақ барлық іс Аллаға қайтады
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Барлық іс Аллаһқа қайтарылады
Аударма: ҚМДБ
22:77
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱرۡكَعُواْ وَٱسۡجُدُواْۤ وَٱعۡبُدُواْ رَبَّكُمۡ وَٱفۡعَلُواْ ٱلۡخَيۡرَ لَعَلَّكُمۡ تُفۡلِحُونَ۩
Әй иман келтіргендер! рүкүғ, сәжде қылып, Раббыларыңа ғибадат қылыңдар. Және хайыр қылыңдар. Әрине құтыласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! мұраттарыңа жету үшін рукуғ жасаңдар және сәжде етіңдер және өздеріңнің Раббыңа құлшылық қылыңдар әрі жақсылық істеңдер
Аударма: ҚМДБ
22:78
وَجَٰهِدُواْ فِي ٱللَّهِ حَقَّ جِهَادِهِۦۚ هُوَ ٱجۡتَبَىٰكُمۡ وَمَا جَعَلَ عَلَيۡكُمۡ فِي ٱلدِّينِ مِنۡ حَرَجٖۚ مِّلَّةَ أَبِيكُمۡ إِبۡرَٰهِيمَۚ هُوَ سَمَّىٰكُمُ ٱلۡمُسۡلِمِينَ مِن قَبۡلُ وَفِي هَٰذَا لِيَكُونَ ٱلرَّسُولُ شَهِيدًا عَلَيۡكُمۡ وَتَكُونُواْ شُهَدَآءَ عَلَى ٱلنَّاسِۚ فَأَقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتُواْ ٱلزَّكَوٰةَ وَٱعۡتَصِمُواْ بِٱللَّهِ هُوَ مَوۡلَىٰكُمۡۖ فَنِعۡمَ ٱلۡمَوۡلَىٰ وَنِعۡمَ ٱلنَّصِيرُ
Алла жолында шынайы түрде күресіңдер. Сендерді Ол таңдады. Сендерге дінде қиындық қылған емес. Аталарың Ыбырайым (Ғ.С.) ның жолы. Алла бұрын да осы Құранда да пайғамбардың сендерге куә болуы, сендердің де адамдарға куә болуларың үшін, "Мұсылман" деп атады. Енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер де Аллаға жабысыңдар. Иелерің Сол; нендей жақсы ие. Нендей жақсы жәрдемші
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ жолында,Оған лайықты түрде болған ынта-жігермен күресіңдер, Ол сендерді таңдады әрі Ол сендерге дінде ешбір қиындық жасамады. Бұл - аталарың Ибраһимның діні. Елшінің сендерге куә болуы әрі сендердің адамдарға куә болуларың үшін Ол бұдан бұрын және осында сендерді Мұсылмандар / бойсұнушылар / деп атады. Намазды / барлық шарттарын сақтап, ықыласпен, беріле! толық орындаңдар, зекетті беріңдер және Аллаһтан мықтап ұстаңдар. Ол - сендердің қамқоршыларың. Ол - қандай жақсы қамқоршы әрі қандай жақсы көмек беруші
Аударма: ҚМДБ
← Аль-АнбияБарлық сүрелерАль-Муминун →

Аль-Хадж сүресі туралы

Аль-Хадж (الحج) — Құранның 22-сүресі, 78 аят, мединалық сүре, 17-жүз, мысхафтың 332-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу