أَوۡ كَظُلُمَٰتٖ فِي بَحۡرٖ لُّجِّيّٖ يَغۡشَىٰهُ مَوۡجٞ مِّن فَوۡقِهِۦ مَوۡجٞ مِّن فَوۡقِهِۦ سَحَابٞۚ ظُلُمَٰتُۢ بَعۡضُهَا فَوۡقَ بَعۡضٍ إِذَآ أَخۡرَجَ يَدَهُۥ لَمۡ يَكَدۡ يَرَىٰهَاۗ وَمَن لَّمۡ يَجۡعَلِ ٱللَّهُ لَهُۥ نُورٗا فَمَا لَهُۥ مِن نُّورٍ
aw kaẓulumātin fī baḥrin lujjiyyin yaghshāhu mawjun min fawqihi mawjun min fawqihi saḥābun ẓulumātun baʿḍuhā fawqa baʿḍin idhā akhraja yadahu lam yakad yarāhā waman lam yajʿali l-lahu lahu nūran famā lahu min nūrin
Немесе олардың мысалы: Терең теңіздегі қараңғылық тәрізді. Толқын үстіне толқын, оның үстін бұлт каптаған қараңғылықтар; бір-бірінің үстінде. Кісі қолын шығарса, оны көре алмайды. Алла жарық қылмаған біреудің жарығы болмайды
Аударма: Халифа Алтай
Немесе / амалдары / терең теңіз ішіндегі қараңғылықтар секілді. Оны толқын үстіне толқын қаптап, ал оның үстінде бұлт бар. Қараңғылықтар бір-бірінің үстінде. Біреу қолын шығарса да, ол көрінер-көрінбестей. Аллаһ нұр бермегеннің нұры болмайды
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси