وَٱلَّذِينَ يَرۡمُونَ أَزۡوَٰجَهُمۡ وَلَمۡ يَكُن لَّهُمۡ شُهَدَآءُ إِلَّآ أَنفُسُهُمۡ فَشَهَٰدَةُ أَحَدِهِمۡ أَرۡبَعُ شَهَٰدَٰتِۭ بِٱللَّهِ إِنَّهُۥ لَمِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ
wa-alladhīna yarmūna azwājahum walam yakun lahum shuhadāu illā anfusuhum fashahādatu aḥadihim arbaʿu shahādātin bil-lahi innahu lamina l-ṣādiqīna
Жұбайларына зина жаласын жауып, өздерінен басқа ешбір айғақтары болмағандардың әрбірінің куәлігі, шын айтушы екендіктеріне байланысты төрт рет Алланың атымен ант ішулері
Аударма: Халифа Алтай
Ал, әйелдерін / зинамен / айыптап, бірақ өздерінен басқа куәлары болмағандардың әрбірінің куәлігі өзінің шындықты айтып тұрғанын төрт рет / қайталап / Аллаһпен куәлік беруі
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси