Ан-Намль

النمل · 93 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 377-бет
← Аш-ШуараБарлық сүрелерАль-Касас →
27:1
طسٓۚ تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱلۡقُرۡءَانِ وَكِتَابٖ مُّبِينٍ
Та. Син. Бұл ап-ашық Кітап; Құранның аяттары
Аударма: Халифа Алтай
Та. Син. Бұл - Құранның және анық Кітаптың аяттары
Аударма: ҚМДБ
27:2
هُدٗى وَبُشۡرَىٰ لِلۡمُؤۡمِنِينَ
Мүміндер үшін тура жол әрі қуаныш
Аударма: Халифа Алтай
иманға келгендер үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / әрі қуанышты хабар
Аударма: ҚМДБ
27:3
ٱلَّذِينَ يُقِيمُونَ ٱلصَّلَوٰةَ وَيُؤۡتُونَ ٱلزَّكَوٰةَ وَهُم بِٱلۡأٓخِرَةِ هُمۡ يُوقِنُونَ
Олар намазды толық орындайды, зекет береді де олар ахиретке нақ сенеді
Аударма: Халифа Алтай
Олар - намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтындар, зекетті беретіндер және соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / айқын сенетіндер
Аударма: ҚМДБ
27:4
إِنَّ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ زَيَّنَّا لَهُمۡ أَعۡمَٰلَهُمۡ فَهُمۡ يَعۡمَهُونَ
Рас ахиретке сенбегендердің өздеріне қылған істерін әдемі көрсеттік те олар сандалып жүреді
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндерге Біз амалдарын әдемі етіп көрсеттік, сөйтіп олар / адасуларында / лағып жүреді
Аударма: ҚМДБ
27:5
أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ لَهُمۡ سُوٓءُ ٱلۡعَذَابِ وَهُمۡ فِي ٱلۡأٓخِرَةِ هُمُ ٱلۡأَخۡسَرُونَ
Міне сондайлар, оларға азаптың жаманы бар. Әрі олар, ахиретте де өздері зиянда болады
Аударма: Халифа Алтай
Міне, солар - азаптың жаманына ұшырайтындар, ал соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / олар бәрінен көп зиян шегеді
Аударма: ҚМДБ
27:6
وَإِنَّكَ لَتُلَقَّى ٱلۡقُرۡءَانَ مِن لَّدُنۡ حَكِيمٍ عَلِيمٍ
(Мұхаммед Ғ.С.) рас, сен бұл Құранды хикмет иесі, толық білуші тарапынан алып отырсың
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, сен Құранды аса Дана, бәрін Білушіден алудасың
Аударма: ҚМДБ
27:7
إِذۡ قَالَ مُوسَىٰ لِأَهۡلِهِۦٓ إِنِّيٓ ءَانَسۡتُ نَارٗا سَـَٔاتِيكُم مِّنۡهَا بِخَبَرٍ أَوۡ ءَاتِيكُم بِشِهَابٖ قَبَسٖ لَّعَلَّكُمۡ تَصۡطَلُونَ
Сол уақытта, Мұса (Ғ.С.) жұбайына: "Рас мен бір от көрдім. Тезінен сендерге бір хабар немесе жылынуларың үшін бір шоқ әкелемін" деді
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде Мұса үй ішіне: «Мен бір от көрдім, сендерге ол жақтан бір хабар немесе жылынуларың үшін тамызық етуге шоқ алып келейін»,- деді
Аударма: ҚМДБ
27:8
فَلَمَّا جَآءَهَا نُودِيَ أَنۢ بُورِكَ مَن فِي ٱلنَّارِ وَمَنۡ حَوۡلَهَا وَسُبۡحَٰنَ ٱللَّهِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Ол, сол араға келген сәтте: "Отта әрі оның маңында болған әркімге мүбарак қылынды. Әлемдердің Раббы Алла, пәк" деп дабысталды
Аударма: Халифа Алтай
Ол оған келген кезде: «Отта / нұрда / болғанға және оның айналасындағыға береке болсын. Әлемдердің Раббысы Аллаһ / барлық кемшіліктен / пәк
Аударма: ҚМДБ
27:9
يَٰمُوسَىٰٓ إِنَّهُۥٓ أَنَا ٱللَّهُ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Әй Мұса! Рас Мен тым үстем, хикмет иесі Алламын
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұса! Ақиқатында, Мен бәрінен Үстем , аса Дана Аллаһпын
Аударма: ҚМДБ
27:10
وَأَلۡقِ عَصَاكَۚ فَلَمَّا رَءَاهَا تَهۡتَزُّ كَأَنَّهَا جَآنّٞ وَلَّىٰ مُدۡبِرٗا وَلَمۡ يُعَقِّبۡۚ يَٰمُوسَىٰ لَا تَخَفۡ إِنِّي لَا يَخَافُ لَدَيَّ ٱلۡمُرۡسَلُونَ
Таяғынды таста!" Оның жыланша ирендегенін көрген сәтте, бүрыла жөнеліп, қайрылып қарамады. "Әй Мұса! Қорықпа! Рас Менмін. Менің алдымда пайғамбарлар қорықпайды
Аударма: Халифа Алтай
Таяғыңды таста», - / деп үнделді / . Ол оның жылан тәрізді ирелендегенін көргенде, теріс бұрыла қашты әрі қайрылып қарамады. / Аллаһ айтты / : «Ей, Мұса! Қорықпа, өйткені елшілер Менің алдымда қорықпайды
Аударма: ҚМДБ
27:11
إِلَّا مَن ظَلَمَ ثُمَّ بَدَّلَ حُسۡنَۢا بَعۡدَ سُوٓءٖ فَإِنِّي غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Бірақ кім кесір істесе де сосын жамандыктан кейін жақсылыққа ауыстырса, онда рас Мен өте жарылқаушы, ерекше мейірімдімін
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер кім әділетсіздік жасап, кейін жамандықты жақсылықпен алмастырса, ақиқатында, Мен - өте Кешірімді , ерекше Мейірімдімін
Аударма: ҚМДБ
27:12
وَأَدۡخِلۡ يَدَكَ فِي جَيۡبِكَ تَخۡرُجۡ بَيۡضَآءَ مِنۡ غَيۡرِ سُوٓءٖۖ فِي تِسۡعِ ءَايَٰتٍ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ وَقَوۡمِهِۦٓۚ إِنَّهُمۡ كَانُواْ قَوۡمٗا فَٰسِقِينَ
Қолыңды қойныңа тық! Зиянсыз аппақ болып шықсын; Перғауынға, оның еліне тоғыз мұғжизаның ішінде көрсетуге. Рас олар бұзақы бір ел
Аударма: Халифа Алтай
Қолыңды қойныңа кіргіз, ол зиянсыз аппақ болып шығады. Бүл Фиръаунға және оның еліне / жіберілетін / тоғыз белгінің бірі. Шын мәнінде, олар - бұзық / бойсұнбайтын / ел», - / деді
Аударма: ҚМДБ
27:13
فَلَمَّا جَآءَتۡهُمۡ ءَايَٰتُنَا مُبۡصِرَةٗ قَالُواْ هَٰذَا سِحۡرٞ مُّبِينٞ
Оларға көпе-көрнеу мұғжизаларымыз келгенде: "Бұл ашық жады" деді
Аударма: Халифа Алтай
Белгілерімізді оларға көрінетін түрде алып келгенде, олар: «Бұл - анық сиқыр»,- деді
Аударма: ҚМДБ
27:14
وَجَحَدُواْ بِهَا وَٱسۡتَيۡقَنَتۡهَآ أَنفُسُهُمۡ ظُلۡمٗا وَعُلُوّٗاۚ فَٱنظُرۡ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُفۡسِدِينَ
Олар мұғжизаларға көңілдері сенген бола тұра зұлымдық, менмендікпен қарсы шықты. Бұзақылардың соңының қалай болғанын көр
Аударма: Халифа Алтай
Олар іштей көздері жетіп тұрса да әділетсіздік етіп әрі менменси өздерін жоғары қойып, оларды / белгілерді / мойындамады. Қара, бұзушы-бүлдірушілердің соңы қалай болды
Аударма: ҚМДБ
27:15
وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا دَاوُۥدَ وَسُلَيۡمَٰنَ عِلۡمٗاۖ وَقَالَا ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ ٱلَّذِي فَضَّلَنَا عَلَىٰ كَثِيرٖ مِّنۡ عِبَادِهِ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Рас Дәуітпен Сүлеймен (Ғ.С.) ге ғылым бердік те олар: "Барлық мақтау, бізді мүмін құлдарының көбінен артық қылған Аллаға лайық" деді
Аударма: Халифа Алтай
Біз Дәуіт пен Сүлейменге білім бердік. Ол екеуі: «Барлық мақтау иманды құлдарының көбісінен бізге артықшылық берген Аллаһқа!» деді
Аударма: ҚМДБ
27:16
وَوَرِثَ سُلَيۡمَٰنُ دَاوُۥدَۖ وَقَالَ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ عُلِّمۡنَا مَنطِقَ ٱلطَّيۡرِ وَأُوتِينَا مِن كُلِّ شَيۡءٍۖ إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ ٱلۡفَضۡلُ ٱلۡمُبِينُ
Сүлеймен, Дәуіт (Ғ.С.) ке мұрагер болды да: "Әй адамдар! Бізге құс тілі тйретілді. Сондай-ақ бізге әр нәрсе берілді. Рас Бұл, әлбетте ашық бір артықшылық
Аударма: Халифа Алтай
Сүлеймен Дәуітке мұрагер болды. Ол: «Әй, адамдар! Бізге құстардың тілі үйретілді әрі бізге әрбір нәрседен берілді. Әлбетте, бүл - айқын кеңшілік», -деді
Аударма: ҚМДБ
27:17
وَحُشِرَ لِسُلَيۡمَٰنَ جُنُودُهُۥ مِنَ ٱلۡجِنِّ وَٱلۡإِنسِ وَٱلطَّيۡرِ فَهُمۡ يُوزَعُونَ
Сүлеймөн (Ғ.С.) нің жыннан, адамдардан, құстардан әскерлері жиналды. Сонда олар толық басқарылуда еді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Сүлейменнің жындардан, адамдардан және құстардан болған әскерлері топтарға бөлінген түрде / тізіліп / оның алдына жиналды
Аударма: ҚМДБ
27:18
حَتَّىٰٓ إِذَآ أَتَوۡاْ عَلَىٰ وَادِ ٱلنَّمۡلِ قَالَتۡ نَمۡلَةٞ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّمۡلُ ٱدۡخُلُواْ مَسَٰكِنَكُمۡ لَا يَحۡطِمَنَّكُمۡ سُلَيۡمَٰنُ وَجُنُودُهُۥ وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ
(Ол, бұлармен) ақыр құмырысқаның ойпатына келген сәтте, бір құмырысқа: "Әй құмырысқалар! Ұяларыңа кіріңдер. Сүлеймен, оның әскерлері сендерді білмей жаншып, кетпесін" деді
Аударма: Халифа Алтай
Қашан олар құмырсқалар алқабына келгендерінде, бір аналық құмырсқа: «Ей, құмырсқалар! Илеулеріңе / тұрақтарыңа / кіріндер. Сүлеймен және оның әскерлері сендерді байқамай таптап кетпесін!» - деді
Аударма: ҚМДБ
27:19
فَتَبَسَّمَ ضَاحِكٗا مِّن قَوۡلِهَا وَقَالَ رَبِّ أَوۡزِعۡنِيٓ أَنۡ أَشۡكُرَ نِعۡمَتَكَ ٱلَّتِيٓ أَنۡعَمۡتَ عَلَيَّ وَعَلَىٰ وَٰلِدَيَّ وَأَنۡ أَعۡمَلَ صَٰلِحٗا تَرۡضَىٰهُ وَأَدۡخِلۡنِي بِرَحۡمَتِكَ فِي عِبَادِكَ ٱلصَّـٰلِحِينَ
Сонда (Сүлеймен Ғ.С.) құмырысқаның сөзінен жылмыйып күлді де: "Раббым, маған және әке-шешеме мәрхамет еткен игіліктеріңе шүкір етуімді әрі өзің разы болатын іс істеуімді нәсіп ет те өз мәрхаметіңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз!",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда ол / Сүлеймен / оның сөзіне жымиып күлді де: «Раббым! Сенің маған және ата-анама берген игілігің үшін шүкір етуімді / алғыс білдіруімді / әрі Өзің разы болатын ізгі амалдар істеуімді көкейіме салып, нәсіп ет. Әрі мені Өз мейіріміңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз», - деді
Аударма: ҚМДБ
27:20
وَتَفَقَّدَ ٱلطَّيۡرَ فَقَالَ مَالِيَ لَآ أَرَى ٱلۡهُدۡهُدَ أَمۡ كَانَ مِنَ ٱلۡغَآئِبِينَ
(Сүлеймен Ғ.С.) Құстарды түгендеді де: "Бәбісекті неге көрмеймін, немесе ол, жоғалып кетті ме?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол / Сүлеймен / құстарды түгендеді де: «Неге бәбісекті / һудһудты / көрмей тұрмын, әлде ол келмей қалғандардан болды ма
Аударма: ҚМДБ
27:21
لَأُعَذِّبَنَّهُۥ عَذَابٗا شَدِيدًا أَوۡ لَأَاْذۡبَحَنَّهُۥٓ أَوۡ لَيَأۡتِيَنِّي بِسُلۡطَٰنٖ مُّبِينٖ
Әлбетте оны қатты қинаймын не оны бауыздаймын. Немесе маған бір ашық дәлел келтірсін
Аударма: Халифа Алтай
Сөзсіз, мен оны қатты азаппен қинаймын немесе оны бауыздаймын, не ол маған / үзірі үшін / анық бір дәлел келтірсін», - деді
Аударма: ҚМДБ
27:22
فَمَكَثَ غَيۡرَ بَعِيدٖ فَقَالَ أَحَطتُ بِمَا لَمۡ تُحِطۡ بِهِۦ وَجِئۡتُكَ مِن سَبَإِۭ بِنَبَإٖ يَقِينٍ
Сонда ол, көп кешікпей-ақ келіп: "Сен білмеген нәрсені білдім. Сондай-ақ Сәба мемлекетінен анық хабар келтірдім." деді (Сәба: Йемен мемлекеті. Ж.Б.К)
Аударма: Халифа Алтай
Сонда ол / бәбісек / көп кешікпей келіп: «Мен сен білмеген бірнәрсені білдім әрі саған Сәба жұртынан бір анық хабар алып келдім
Аударма: ҚМДБ
27:23
إِنِّي وَجَدتُّ ٱمۡرَأَةٗ تَمۡلِكُهُمۡ وَأُوتِيَتۡ مِن كُلِّ شَيۡءٖ وَلَهَا عَرۡشٌ عَظِيمٞ
Расында оларға патша болған бір қатын таптым. Оған әр түрлі нәрсе берілген әрі оның үлкен тақты бар." (Шахыл қызы Былқыс қатын патша еді. Б.М.К.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында Оларға патшалық етіп отырған бір әйелді көрдім. Оған барлық нәрседен берілген және оның орасан үлкен тағы бар
Аударма: ҚМДБ
27:24
وَجَدتُّهَا وَقَوۡمَهَا يَسۡجُدُونَ لِلشَّمۡسِ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَزَيَّنَ لَهُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ أَعۡمَٰلَهُمۡ فَصَدَّهُمۡ عَنِ ٱلسَّبِيلِ فَهُمۡ لَا يَهۡتَدُونَ
Оны да елін де Алладан өзге күнге табынғанын көрдім. Шайтан оларға істеген істерін әдемі көрсетіп, жолдан тосқан. Сондықтан тура жол таба алмайтын көрінеді
Аударма: Халифа Алтай
Мен оның елінің Аллаһқа емес, күнге табынғанын көрдім. Шайтан оларға амалдарын әдемі көрсету арқылы, жолдан бұрған. Олар тура жолмен жүріп келе жатқан жоқ
Аударма: ҚМДБ
27:25
أَلَّاۤ يَسۡجُدُواْۤ لِلَّهِ ٱلَّذِي يُخۡرِجُ ٱلۡخَبۡءَ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَيَعۡلَمُ مَا تُخۡفُونَ وَمَا تُعۡلِنُونَ
(Сәжде аяты бар.) "Көктер мен жердегі көместі көрнеуге шығаратын, өсімдіктерді өсіретін, сондай-ақ олардың көрнеу, көмес істегендерін білетін Аллаға неге сәжде қылмайды
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - олардың аспандар мен жердегі жасырын нәрсені әшкерелеуші және сендердің жасырғандарың мен әшкере еткендеріңді білуші Аллаһқа сәжде етпеуі үшін / жасалған
Аударма: ҚМДБ
27:26
ٱللَّهُ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ رَبُّ ٱلۡعَرۡشِ ٱلۡعَظِيمِ۩
Ұлы ғаршының Раббы Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ. Ол ұлы Аршының Раббысы», - деді
Аударма: ҚМДБ
27:27
۞قَالَ سَنَنظُرُ أَصَدَقۡتَ أَمۡ كُنتَ مِنَ ٱلۡكَٰذِبِينَ
(Сүлеймен Ғ.С.): "Шын айттық ба? Немесе өтірікшілерденсің бе? Көреміз" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Сүлеймен / : «Сенің шындықты айтқаныңды не өтірікшілерден екеніңді көреміз
Аударма: ҚМДБ
27:28
ٱذۡهَب بِّكِتَٰبِي هَٰذَا فَأَلۡقِهۡ إِلَيۡهِمۡ ثُمَّ تَوَلَّ عَنۡهُمۡ فَٱنظُرۡ مَاذَا يَرۡجِعُونَ
Мына хатымды алып барып; оны оларға таста да бұрылып тұрып күт. Не жауап қайтарар екен
Аударма: Халифа Алтай
Мына хатымды апарып, оларға таста. Кейін бір шетте тұрып, олардың не жауап қайтаратынын байқа»,- деді
Аударма: ҚМДБ
27:29
قَالَتۡ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلۡمَلَؤُاْ إِنِّيٓ أُلۡقِيَ إِلَيَّ كِتَٰبٞ كَرِيمٌ
(Былқыс): "Әй бастықтар! Маған бір елеулі хат тасталды" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / патша әйел / : «Ей, уәзірлер! Маған бір құрметті хат тасталды
Аударма: ҚМДБ
27:30
إِنَّهُۥ مِن سُلَيۡمَٰنَ وَإِنَّهُۥ بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ
Ол, Сүлейменнен: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен» (бастаймын" дейді)
Аударма: Халифа Алтай
Ол - Сүлейменнен. Онда: «Бисмилләһир Рахманир Рахим / аса Қайырымды, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын
Аударма: ҚМДБ
27:31
أَلَّا تَعۡلُواْ عَلَيَّ وَأۡتُونِي مُسۡلِمِينَ
Маған ұлықтық қылмаңдар, өзіме бағынган түрде келіңдер!",-(делінген)
Аударма: Халифа Алтай
Сендер менің алдыма тәкаппарланбай, бойсұнған күйде келіңдер», деп жазылған», - деді
Аударма: ҚМДБ
27:32
قَالَتۡ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلۡمَلَؤُاْ أَفۡتُونِي فِيٓ أَمۡرِي مَا كُنتُ قَاطِعَةً أَمۡرًا حَتَّىٰ تَشۡهَدُونِ
Әй бастықтар! Маған ақыл беріңдер. Сендер болмайынша, бір іске шешім жасамаймын" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Ей, уәзірлер! Менің ісіме қатысты кеңес беріңдер. Сендер менімен бірге болмайынша, ешбір мәселені шешкен емеспін», - деді
Аударма: ҚМДБ
27:33
قَالُواْ نَحۡنُ أُوْلُواْ قُوَّةٖ وَأُوْلُواْ بَأۡسٖ شَدِيدٖ وَٱلۡأَمۡرُ إِلَيۡكِ فَٱنظُرِي مَاذَا تَأۡمُرِينَ
Олар: "Біз күшті, қатты жауынгерміз. Әмір беру саған тән. Қане не бұйырасың!",- десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Біз қуатқа иеміз әрі дайындығымыз күшті. Алайда әмір ету сенің қолыңда. Бізге не бұйыратыныңды өзің қарап көр», - деді
Аударма: ҚМДБ
27:34
قَالَتۡ إِنَّ ٱلۡمُلُوكَ إِذَا دَخَلُواْ قَرۡيَةً أَفۡسَدُوهَا وَجَعَلُوٓاْ أَعِزَّةَ أَهۡلِهَآ أَذِلَّةٗۚ وَكَذَٰلِكَ يَفۡعَلُونَ
(Патша, оларға): "Сөз жоқ, патшалар қашан бір мемлекетке кірсе, ол жерді бұзып, елінің құрметтілерін қор етеді. Осылайша істейді" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Патшалар бір елді мекенге кірсе, оны қиратады және елдің құрметтілерін қор етеді. Бұлар да осылай істейді
Аударма: ҚМДБ
27:35
وَإِنِّي مُرۡسِلَةٌ إِلَيۡهِم بِهَدِيَّةٖ فَنَاظِرَةُۢ بِمَ يَرۡجِعُ ٱلۡمُرۡسَلُونَ
Әрине оларға бір сәлемдеме жіберіп, елшілер арқылы не жауап қайтаратындығын күтемін
Аударма: Халифа Алтай
Мен оларға бір сыйлық жіберіп, елшілердің немен қайтатынын көрейін»,.- деді
Аударма: ҚМДБ
27:36
فَلَمَّا جَآءَ سُلَيۡمَٰنَ قَالَ أَتُمِدُّونَنِ بِمَالٖ فَمَآ ءَاتَىٰنِۦَ ٱللَّهُ خَيۡرٞ مِّمَّآ ءَاتَىٰكُمۚ بَلۡ أَنتُم بِهَدِيَّتِكُمۡ تَفۡرَحُونَ
(Елшілер) Сүлеймен (Ғ.С.) ге келген сәтте: "Сендер маған малмен көмек етпекшісіңдер ме? Алланың өзіме бергені, сендер бергеннен жақсы. Сыйлықтарыңмен өздерің-ақ мәз болыңдар" деді
Аударма: Халифа Алтай
Сүлейменге / олардың елшісі / келгенде, ол: «Сендер маған дүниемен көмек бермекшісіңдер ме? Аллаһтың маған бергені сендердің ұсынғандарыңнан артық. Негізінде сыйлыққа өздерің ғана мәз боласыңдар
Аударма: ҚМДБ
27:37
ٱرۡجِعۡ إِلَيۡهِمۡ فَلَنَأۡتِيَنَّهُم بِجُنُودٖ لَّا قِبَلَ لَهُم بِهَا وَلَنُخۡرِجَنَّهُم مِّنۡهَآ أَذِلَّةٗ وَهُمۡ صَٰغِرُونَ
Елдеріңе қайт! Әрине олар, қарсы тұра алмайтын ләшкермен барып, ол жерден оларды қорлап шығарамын да олардың соры қайнады
Аударма: Халифа Алтай
Оларға қайтып бар. Біз олар қарсы тұра алмайтын әскермен барамыз да ол жерден оларды қорланған күйлерінде, бейшара етіп қуып шығарамыз», - деді
Аударма: ҚМДБ
27:38
قَالَ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلۡمَلَؤُاْ أَيُّكُمۡ يَأۡتِينِي بِعَرۡشِهَا قَبۡلَ أَن يَأۡتُونِي مُسۡلِمِينَ
Әй бастықтар! Олар маған бой ұсынып, келуден бұрын, оның тақтын маған қайсының әкелесіңдер?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Сүлеймен / : «Ей, уәзірлер! Олар маған бойсұнып келуден бұрын, оның тағын маған қайсыларың алып келе аласыңдар?» - деді
Аударма: ҚМДБ
27:39
قَالَ عِفۡرِيتٞ مِّنَ ٱلۡجِنِّ أَنَا۠ ءَاتِيكَ بِهِۦ قَبۡلَ أَن تَقُومَ مِن مَّقَامِكَۖ وَإِنِّي عَلَيۡهِ لَقَوِيٌّ أَمِينٞ
Жындардан бір ғыприт: "Оны орныңнан тұруыңнан бұрын келтіремін. Шын оған күшім жетеді де сенімдімін" деді
Аударма: Халифа Алтай
Жындардан бір күштісі: «Мен оны саған орныңнан тұрғаныңнан бұрын алып келемін. Бұл іске күшім жетеді әрі сеніп тапсыруға лайықтымын», - деді
Аударма: ҚМДБ
27:40
قَالَ ٱلَّذِي عِندَهُۥ عِلۡمٞ مِّنَ ٱلۡكِتَٰبِ أَنَا۠ ءَاتِيكَ بِهِۦ قَبۡلَ أَن يَرۡتَدَّ إِلَيۡكَ طَرۡفُكَۚ فَلَمَّا رَءَاهُ مُسۡتَقِرًّا عِندَهُۥ قَالَ هَٰذَا مِن فَضۡلِ رَبِّي لِيَبۡلُوَنِيٓ ءَأَشۡكُرُ أَمۡ أَكۡفُرُۖ وَمَن شَكَرَ فَإِنَّمَا يَشۡكُرُ لِنَفۡسِهِۦۖ وَمَن كَفَرَ فَإِنَّ رَبِّي غَنِيّٞ كَرِيمٞ
Сондай өзі кітап ғылмына ие біреу де (Бархия ұлы Асып, не Хызыр не Сүлейменнің өзі немесе Жебрейіл. Ж.Б.М.К.Р.): "Оны кірпік қағуыңнан бұрын келтіремін" деді. (Сүлеймен Ғ.С.) оның, жанына келтіріліп, қойылғанын көрген сәтте: "Бұл Раббымның кеңшілігі. Шүкірлік кылам ба, нәсүкірлік қылам ба, мені сынау үшін. Кім шүкірлік қылса, әрине өзі үшін қылады. Ал кім нәсүкірлік етсе, Раббым бай да (оның шүкірлігіне мүхтаж емес.) өте жомарт
Аударма: Халифа Алтай
Өзінде Кітаптан білімі болған біреу: «Мен саған оны жанарың өзіңе қайтқанша әкелемін», - деді. Ол / Сүлеймен / оның / тақтың / өзінің алдында орныққанын көргенде: «Бұл- Раббымның кеңшілігі. Шүкір етемін бе / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіремін бе / әлде күпірлік етемін бе / шүкіршілік білдірмеймін бе / мені сынау үшін берген. Кім шүкір етсе / Раббысының берген игіліктеріне разы болып, алғыс білдірсе / , өз пайдасы үшін шүкір етеді. Ал кім күпірлік етсе / өзіне берілгенді мойындамаса / , ақиқатында Раббым - бәрінен Бай, мұқтажсыз , аса Жомарт », - деді
Аударма: ҚМДБ
27:41
قَالَ نَكِّرُواْ لَهَا عَرۡشَهَا نَنظُرۡ أَتَهۡتَدِيٓ أَمۡ تَكُونُ مِنَ ٱلَّذِينَ لَا يَهۡتَدُونَ
(Сүлеймен Ғ.С.): "Оның тағын өзгертіңдер. Жолға келер ме екен, немесе жолға келмейтіндерден болар ма (Тағын тани ма, танымай ма) екен? Көрейік" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Оның тағын, танымайтындай етіп өзгертіңдер. Ол / әйел / жол табар ма екен, әлде тура жолмен жүрмегендерден болар ма екен, көрейік?» - деді
Аударма: ҚМДБ
27:42
فَلَمَّا جَآءَتۡ قِيلَ أَهَٰكَذَا عَرۡشُكِۖ قَالَتۡ كَأَنَّهُۥ هُوَۚ وَأُوتِينَا ٱلۡعِلۡمَ مِن قَبۡلِهَا وَكُنَّا مُسۡلِمِينَ
Былқыс келгенде: "Тағың осындай ма еді?",-делінді. Ол: "Осы бейне сол сияқты. Негізінде бізге бұрын мәлімет беріліп, бой ұсынган едік" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, ол / патша әйел / келген кезде, оған / оның өзінің тағын сәл өзгертіп / : «Сеніңтағың осындай ма еді?» - деп айтылды. Ол / патша әйел / : «Дәл өзі сияқты», - деді. / Сүлеймен / : «Бізге білім одан / ол әйелден / бұрын берілді және біз мұсылман болдық / бойсұндық / », - деді
Аударма: ҚМДБ
27:43
وَصَدَّهَا مَا كَانَت تَّعۡبُدُ مِن دُونِ ٱللَّهِۖ إِنَّهَا كَانَتۡ مِن قَوۡمٖ كَٰفِرِينَ
Оны, Алладан өзге, шоқынған нәрселері тосқан еді. Шынында олар, кәпір елден еді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, оны / ол әйелді иманнан / Аллаһтан өзге табынғандары тосқан еді. Анығында, ол кәпір елден болатын
Аударма: ҚМДБ
27:44
قِيلَ لَهَا ٱدۡخُلِي ٱلصَّرۡحَۖ فَلَمَّا رَأَتۡهُ حَسِبَتۡهُ لُجَّةٗ وَكَشَفَتۡ عَن سَاقَيۡهَاۚ قَالَ إِنَّهُۥ صَرۡحٞ مُّمَرَّدٞ مِّن قَوَارِيرَۗ قَالَتۡ رَبِّ إِنِّي ظَلَمۡتُ نَفۡسِي وَأَسۡلَمۡتُ مَعَ سُلَيۡمَٰنَ لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Оған: "Сарайға кір!" делінді. Оны көргенде, су деп ойлап, балтырын ашты. (Сүлеймен Ғ.С.): "Расында ол, әйнектен жарқыратылып жасалган сарай" деді. (Сарайдың кірісіне әйнек төселіп, астынан су ағызып, қойылғандықтан Былқыс су деп ойлап, балтырын ашады.) (Былкыс): Раббым шынында өзіме кесір еткен екенмін. Сүлейменмен бірге барша әлемнің Раббы, Аллаға бойсұндым." деді
Аударма: Халифа Алтай
Оған: «Сарайға кір», - делінді. Ол оны көргенде су деп ойлап, / етегін түріп / балтырын ашты. / Сүлеймен / : «Бұл хрустальдан бір тегіс етіп жасалған сарай», - деді. / Сонда ол / : «Раббым! Ақиқатында мен өзіме-өзім әділетсіз болыппын, мен Сүлейменмен бірге әлемдердің Раббысы Аллаһқа бойсұндым», - деді
Аударма: ҚМДБ
27:45
وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَآ إِلَىٰ ثَمُودَ أَخَاهُمۡ صَٰلِحًا أَنِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ فَإِذَا هُمۡ فَرِيقَانِ يَخۡتَصِمُونَ
Расында Сәмүд еліне: "Аллаға құлшылық қылыңдар" (десін деп) туыстары Салих (Ғ.С.) ты жібердік. Сол уақытта олар екі тап болып, тартысты
Аударма: Халифа Алтай
Сәмұд еліне Аллаһқа құлшылық етіңдер деп ағайыны Салихты жібердік. Сонда олар өзара тартысқан екі топқа бөлінді
Аударма: ҚМДБ
27:46
قَالَ يَٰقَوۡمِ لِمَ تَسۡتَعۡجِلُونَ بِٱلسَّيِّئَةِ قَبۡلَ ٱلۡحَسَنَةِۖ لَوۡلَا تَسۡتَغۡفِرُونَ ٱللَّهَ لَعَلَّكُمۡ تُرۡحَمُونَ
Әй елім! Жақсылықтан бұрын жамандықты тез тілейсіңдер ме? Егер Алладан жарылқау тілесеңдер, әрине мәрхаметке бөленесіңдер" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Әй, елім! Сендер неге жақсылықтан бұрын жамандықты асықтырасыңдар? Өздеріңе рақым етілуі үшін Аллаһтан кешірім сұрамайсыңдар ма?» - деді
Аударма: ҚМДБ
27:47
قَالُواْ ٱطَّيَّرۡنَا بِكَ وَبِمَن مَّعَكَۚ قَالَ طَـٰٓئِرُكُمۡ عِندَ ٱللَّهِۖ بَلۡ أَنتُمۡ قَوۡمٞ تُفۡتَنُونَ
Олар: "Біз, сен және сенімен бірге болғандардың салдарынан сәтсіздікке ұшырадық" деді. (Салих Ғ.С.): "Сәтсіздіктерің Алланың қасында. Негізінде сендер сыналатын елсіңдер" деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Біз сені және сенімен бірге болғандарды жамандықтың нышаны деп есептейміз»,- деді. Ол: «Жаман белгі дегендерің Аллаһтан. Керісінше сендер сынаққа ұшырап жатқан елсіңдер», - деді
Аударма: ҚМДБ
27:48
وَكَانَ فِي ٱلۡمَدِينَةِ تِسۡعَةُ رَهۡطٖ يُفۡسِدُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَا يُصۡلِحُونَ
Қалада жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік істемейтін тоғыз кісі бар еді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, сол қалада тоғыз кісі бар еді. Олар жер бетінде / елінде / бұзық іс таратып, еш нәрсе түзетпейтін
Аударма: ҚМДБ
27:49
قَالُواْ تَقَاسَمُواْ بِٱللَّهِ لَنُبَيِّتَنَّهُۥ وَأَهۡلَهُۥ ثُمَّ لَنَقُولَنَّ لِوَلِيِّهِۦ مَا شَهِدۡنَا مَهۡلِكَ أَهۡلِهِۦ وَإِنَّا لَصَٰدِقُونَ
Солар Алланың атымен анттасып: "Салихты семьясымен түнде жоқ етіп, сосын жақындарына: "Үй-іштері өлтірілгенде жоқ едік. Күдіксіз біз анық шын айтамыз дейік.",- десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Бір-біріңе Аллаһпен ант етіңдер, біз, міндетті түрде оған және оның үй-ішіне түнде шабуыл жасаймыз. Содан кейін жақын туыстарына: «Оның үй-ішінің өлтірілуіне қатысқан жоқпыз әрі біз шындықты айтып тұрмыз», деп айтамыз», -деді
Аударма: ҚМДБ
27:50
وَمَكَرُواْ مَكۡرٗا وَمَكَرۡنَا مَكۡرٗا وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ
Олар сондай айлакерлік жасады. Біз де олар сезбеген жерден шарасын көрдік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар / Салихқа қарсы / айла-шарғы жасады, сонда Біз де амал-тәсіл жасадық, ал олар оны сезбеді
Аударма: ҚМДБ
27:51
فَٱنظُرۡ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ مَكۡرِهِمۡ أَنَّا دَمَّرۡنَٰهُمۡ وَقَوۡمَهُمۡ أَجۡمَعِينَ
Ал олардың айлакерліктерінің соңының не болғандығын бір көр. Оларды да елдерін де тұтас жоқ еттік
Аударма: Халифа Алтай
Олардың айлакерліктерінің соңы не болғанына қара! Біз оларды да, елін де бірге жойып жібердік
Аударма: ҚМДБ
27:52
فَتِلۡكَ بُيُوتُهُمۡ خَاوِيَةَۢ بِمَا ظَلَمُوٓاْۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّقَوۡمٖ يَعۡلَمُونَ
Міне олардың зұлымдықтары себепті бұзылған үйлері, білген елге бір ғибрат
Аударма: Халифа Алтай
Міне, олардың әділетсіздік еткендіктері себебінен қирап, бос қалған үйлері. Ақиқатында, мұнда білетін адамдар үшін белгі бар
Аударма: ҚМДБ
27:53
وَأَنجَيۡنَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَكَانُواْ يَتَّقُونَ
Иман келтіріп, сақтанғандарды құтқардық
Аударма: Халифа Алтай
Біз иманға келіп, тақуалық еткендерді / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарды / құтқардық
Аударма: ҚМДБ
27:54
وَلُوطًا إِذۡ قَالَ لِقَوۡمِهِۦٓ أَتَأۡتُونَ ٱلۡفَٰحِشَةَ وَأَنتُمۡ تُبۡصِرُونَ
Лұт (Ғ.С.) ты да жібердік. Сол уақытта еліне: "Сендер көре тұра арсыздық істейсіңдер ме?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ Лұт та өз еліне: «Сендер өздерің көре тұрып, жиіркенішті іс істейсіңдер ме
Аударма: ҚМДБ
27:55
أَئِنَّكُمۡ لَتَأۡتُونَ ٱلرِّجَالَ شَهۡوَةٗ مِّن دُونِ ٱلنِّسَآءِۚ بَلۡ أَنتُمۡ قَوۡمٞ تَجۡهَلُونَ
Сендер әйелдерді қойып, еркектерге қызығып, келесіңдер ме? Әрине сендер надан елсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сендер әйелдердің орнына, еркектерге тәни құмарлық / шаһуат / танытасыңдар ма? Иә, сендер- надан елсіңдер», - деді
Аударма: ҚМДБ
27:56
۞فَمَا كَانَ جَوَابَ قَوۡمِهِۦٓ إِلَّآ أَن قَالُوٓاْ أَخۡرِجُوٓاْ ءَالَ لُوطٖ مِّن قَرۡيَتِكُمۡۖ إِنَّهُمۡ أُنَاسٞ يَتَطَهَّرُونَ
Сонда елінің жауабы: "Лұттың семьясын кенттен шығарыңдар. Өйткені олар, тазасынған кісілер" деу, ғана болды
Аударма: Халифа Алтай
Оның елінің жауабы: «Лұттың үй-ішін кенттеріңнен шығарып жіберіңдер. Өйткені олар таза болуды қалайтын адамдар», - дегеннен басқа сөз болмады
Аударма: ҚМДБ
27:57
فَأَنجَيۡنَٰهُ وَأَهۡلَهُۥٓ إِلَّا ٱمۡرَأَتَهُۥ قَدَّرۡنَٰهَا مِنَ ٱلۡغَٰبِرِينَ
Сонда Лұт (Ғ.С.) ты да үй-ішін де жоқ болатындардан болуын ұйғарған қатынынан басқасын құтқардық
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Біз оны және үй-ішін құтқардық, тек әйелінен басқа. Оның артта қалушылардан болуын алдын ала белгіледік
Аударма: ҚМДБ
27:58
وَأَمۡطَرۡنَا عَلَيۡهِم مَّطَرٗاۖ فَسَآءَ مَطَرُ ٱلۡمُنذَرِينَ
Оларға қатты жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жауыны нендей жаман
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп, Біз олардың үстіне тастан жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жаңбыры қандай жаман
Аударма: ҚМДБ
27:59
قُلِ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ وَسَلَٰمٌ عَلَىٰ عِبَادِهِ ٱلَّذِينَ ٱصۡطَفَىٰٓۗ ءَآللَّهُ خَيۡرٌ أَمَّا يُشۡرِكُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Барлық мақтау Аллаға лайық. Және сәлем Алланың таңдаулы құлдарына лайық. Алла жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары жақсы ма?",- деп сұра
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Барлық мақтау Аллаһқа! Әрі Оның таңдаған құлдарына сәлам / амандық / болсын! Аллаһ жақсы ма, не сендердің Оған серік етіп қосқандарың ба?»- деп
Аударма: ҚМДБ
27:60
أَمَّنۡ خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَأَنزَلَ لَكُم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَأَنۢبَتۡنَا بِهِۦ حَدَآئِقَ ذَاتَ بَهۡجَةٖ مَّا كَانَ لَكُمۡ أَن تُنۢبِتُواْ شَجَرَهَآۗ أَءِلَٰهٞ مَّعَ ٱللَّهِۚ بَلۡ هُمۡ قَوۡمٞ يَعۡدِلُونَ
Көктер мен жерді жаратқан, сендер үшін көктен жаңбыр жаудырып, онымен сендер бір агашын да өсіре алмайтын әдемі бақшаларды өсірген кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Жоқ, олар шектен шыққан ел
Аударма: Халифа Алтай
Серік етіп қосқандарың ба,! әлде аспандарды және жерді жаратқан және сендерге аспаннан су түсірген бе? Біз онымен әдемі бақтарды өсірдік, сендер оның ағашын өсіре алмайтын едіндер. Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма?! Негізінде, олар / Аллаһқа өзгелерді! теңестіріп, қатар қоюшы ел
Аударма: ҚМДБ
27:61
أَمَّن جَعَلَ ٱلۡأَرۡضَ قَرَارٗا وَجَعَلَ خِلَٰلَهَآ أَنۡهَٰرٗا وَجَعَلَ لَهَا رَوَٰسِيَ وَجَعَلَ بَيۡنَ ٱلۡبَحۡرَيۡنِ حَاجِزًاۗ أَءِلَٰهٞ مَّعَ ٱللَّهِۚ بَلۡ أَكۡثَرُهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ
Немесе жерді тұратын орын қылып, араларынан өзендер ағызып, оған асқар таулар жасаган және екі теңіздің арасына жік жасаған кім? Алла мен бірге басқа тәңір бар ма? Жоқ, олардың көбі білмейді
Аударма: Халифа Алтай
Серік етіп қосқандарың ба / , әлде жерді тұрақ еткен, оның жылғаларымен / ара-арасынан / өзендер өткізген және оған / жерге / берік тұрғандарды / тауларды / орналастырған әрі екі теңіздің арасына / көрінбейтін / тосық орнатқан ба? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? Негізінде олардың көбі білмейді
Аударма: ҚМДБ
27:62
أَمَّن يُجِيبُ ٱلۡمُضۡطَرَّ إِذَا دَعَاهُ وَيَكۡشِفُ ٱلسُّوٓءَ وَيَجۡعَلُكُمۡ خُلَفَآءَ ٱلۡأَرۡضِۗ أَءِلَٰهٞ مَّعَ ٱللَّهِۚ قَلِيلٗا مَّا تَذَكَّرُونَ
Немесе қиналғандар, өзіне жалбарынғанда қабыл етіп, қиыншылықты айықтыратын және сендерді жер жүзіне орынбасар қылатын кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Өте аз түсінесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Әлде қиыншылыққа тап болып Одан тілегенде, оған жауап беретін / тілегін қабыл алатын / , жамандықты кетіретін және сендерді жерге халифалар / бір-бірінің орнын басушылар / жасаған ба, / әлде серік етіп қосқандарың жақсы ма / ? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? Сендер аз еске аласыңдар
Аударма: ҚМДБ
27:63
أَمَّن يَهۡدِيكُمۡ فِي ظُلُمَٰتِ ٱلۡبَرِّ وَٱلۡبَحۡرِ وَمَن يُرۡسِلُ ٱلرِّيَٰحَ بُشۡرَۢا بَيۡنَ يَدَيۡ رَحۡمَتِهِۦٓۗ أَءِلَٰهٞ مَّعَ ٱللَّهِۚ تَعَٰلَى ٱللَّهُ عَمَّا يُشۡرِكُونَ
Немесе құрылықтың, теңіздің қараңғылықтарында жолға салатын кім? Рахметтің (жаңбырының) алдынан қуаныш самалын естіретін кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Алла (Т.) олардың қосқан ортақтарынан тым жоғары
Аударма: Халифа Алтай
Әлде құрлық пен теңіз қараңғылықтарында сендерді жолмен жүргізетін және желдерді Өз мейірімінің алдында қуанышты хабар етіп жіберетін бе?! Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? Аллаһ олардың серік етіп қосқандарынан жоғары
Аударма: ҚМДБ
27:64
أَمَّن يَبۡدَؤُاْ ٱلۡخَلۡقَ ثُمَّ يُعِيدُهُۥ وَمَن يَرۡزُقُكُم مِّنَ ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِۗ أَءِلَٰهٞ مَّعَ ٱللَّهِۚ قُلۡ هَاتُواْ بُرۡهَٰنَكُمۡ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Немесе жаратылысты бастайтын сосын оны қайта тірілтетін кіи? Және көк пен жерден қорек беретін кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? (Мұхаммед Ғ.С.): "Егер шыншыл болсаңдар, дәлелдеріңді келтіріңдер" де
Аударма: Халифа Алтай
Әлде алғаш жаратуды бастайтын, кейін оны / қайта тірілу күні / қайта жарататын әрі сендерге аспаннан және жерден ризық беретін бе? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Шын сөзді болсаңдар, дәлелдеріңді әкеліңдер»,- деп
Аударма: ҚМДБ
27:65
قُل لَّا يَعۡلَمُ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ ٱلۡغَيۡبَ إِلَّا ٱللَّهُۚ وَمَا يَشۡعُرُونَ أَيَّانَ يُبۡعَثُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Көктер мен жердегі көместі Алладан басқа ешкім білмейді. Олар қашан тірілтілетіндіктерін білмейді" де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Аспандарда және жерде Аллаһтан басқа ешкім де ғайыпты білмейді», - деп. Әрі олар қашан қайта тірілтілетіндіктерін де білмейді
Аударма: ҚМДБ
27:66
بَلِ ٱدَّـٰرَكَ عِلۡمُهُمۡ فِي ٱلۡأٓخِرَةِۚ بَلۡ هُمۡ فِي شَكّٖ مِّنۡهَاۖ بَلۡ هُم مِّنۡهَا عَمُونَ
Олардың ахирет туралы мәліметі жеткілікті ме? Расында олар одан күдікте, тіпті олар оған байланысты мүлде соқыр
Аударма: Халифа Алтай
Дәл солай, олардың соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / жайлы білімі жеткіліксіз. Иә, олар одан күмәнда. Солай, олар ол жөнінде мүлде соқыр
Аударма: ҚМДБ
27:67
وَقَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ أَءِذَا كُنَّا تُرَٰبٗا وَءَابَآؤُنَآ أَئِنَّا لَمُخۡرَجُونَ
Сондай қарсы келгендер: "Біз де аталарымыз да топырақ болғаннан кейін (қабырдан тіріліп,) шығарыламыз ба?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі күпірлік еткендер / қайта тірілуге сенбегендер / : «Біз және аталарымыз топыраққа айналғанымызда, / қайта тірілтіліп / шығарыламыз ба
Аударма: ҚМДБ
27:68
لَقَدۡ وُعِدۡنَا هَٰذَا نَحۡنُ وَءَابَآؤُنَا مِن قَبۡلُ إِنۡ هَٰذَآ إِلَّآ أَسَٰطِيرُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Расында осы құқай бізге де бұрынғы аталарымызға да жасалды. Негізінде бұл бұрынғылардьің аңызынан басқа еш нәрсе емес
Аударма: Халифа Алтай
Бұл бізге және аталарымызға бұрын да уәде етілген еді. Бұл - бұрынғылардың аңыз-ертегілері ғана»,- деді
Аударма: ҚМДБ
27:69
قُلۡ سِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَٱنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُجۡرِمِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Жер жүзінде кезіңдер де күнәкарлардың соңы қалай болғанын көріңдер" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жер жүзін аралап, қылмыскерлердің соңы қалай болғанын көріңдер?» - деп
Аударма: ҚМДБ
27:70
وَلَا تَحۡزَنۡ عَلَيۡهِمۡ وَلَا تَكُن فِي ضَيۡقٖ مِّمَّا يَمۡكُرُونَ
Оларға күйінбе де олардың айлакерліктеріне тарылма
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар үшін күйінбе және олардың айла-шарғыларынан сығылма
Аударма: ҚМДБ
27:71
وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا ٱلۡوَعۡدُ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Егер шын айтушы болсаңдар, бұл уәде қашан?",- дейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар және: «Егер шын сөзді болсаңдар, бұл уәде / жаза / қашан?» - дейді
Аударма: ҚМДБ
27:72
قُلۡ عَسَىٰٓ أَن يَكُونَ رَدِفَ لَكُم بَعۡضُ ٱلَّذِي تَسۡتَعۡجِلُونَ
Оларға: "Асығып тілеген азаптарыңның кейі сендерді өкшелеп тұрған болуы мүмкін" де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Өздерің асықтырғанның кейбірі сендерді өкшелеп тұрған болуы мүмкін»,- деп
Аударма: ҚМДБ
27:73
وَإِنَّ رَبَّكَ لَذُو فَضۡلٍ عَلَى ٱلنَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَشۡكُرُونَ
Күдіксіз Раббың, әлбетте адамдарға кеңшілік иесі. Бірақ олардың көбі шүкір қылмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Раббың адамдарға кеңшілік иесі, бірақ олардың көбі шүкір етпейді / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмейді
Аударма: ҚМДБ
27:74
وَإِنَّ رَبَّكَ لَيَعۡلَمُ مَا تُكِنُّ صُدُورُهُمۡ وَمَا يُعۡلِنُونَ
Сөз жоқ, Раббың әлбетте олардың көңілдеріндегіні де көрнеуге шығарғандарын да біледі
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сенің Раббың олардың көкіректерінің не жасыратынын және олардың нені әшкере ететінін де біледі
Аударма: ҚМДБ
27:75
وَمَا مِنۡ غَآئِبَةٖ فِي ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِ إِلَّا فِي كِتَٰبٖ مُّبِينٍ
Жер-көкте ашық Кітапта болмаған ешбір көмес нәрсе жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Аспанда және жерде анық Кітапта / жазулы / болмаған ешбір ғайып / жасырын нәрсе / ЖОҚ
Аударма: ҚМДБ
27:76
إِنَّ هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانَ يَقُصُّ عَلَىٰ بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ أَكۡثَرَ ٱلَّذِي هُمۡ فِيهِ يَخۡتَلِفُونَ
Расында бұл Құран Израил ұрпақтарына таласқан нәрселерінің көбін баян етеді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, бұл Құран Исраил ұрпақтарына олар қайшылыққа түскен нәрселердің көбі жайлы хабар береді
Аударма: ҚМДБ
27:77
وَإِنَّهُۥ لَهُدٗى وَرَحۡمَةٞ لِّلۡمُؤۡمِنِينَ
Күдіксіз Бұл Құран, мүміндер үшін анық тура жол, әрі игілік
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, бұл / Құран / - имандылар үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / т әрі мейірім
Аударма: ҚМДБ
27:78
إِنَّ رَبَّكَ يَقۡضِي بَيۡنَهُم بِحُكۡمِهِۦۚ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡعَلِيمُ
Расында Раббың олардың араларына ткім етеді. Ол өте үстем, тым білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Раббың олардың арасына Өз үкімі бойынша шешім шығарады. Ол бәрінен Үстем, бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
27:79
فَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱللَّهِۖ إِنَّكَ عَلَى ٱلۡحَقِّ ٱلۡمُبِينِ
(Мұхаммед Ғ.С.) онда Аллаға тәуекел қыл. Өйткені, сен ап-ашық бір шындық үстіндесің
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / . Сөзсіз, сен анық ақиқатты ұстанудасың
Аударма: ҚМДБ
27:80
إِنَّكَ لَا تُسۡمِعُ ٱلۡمَوۡتَىٰ وَلَا تُسۡمِعُ ٱلصُّمَّ ٱلدُّعَآءَ إِذَا وَلَّوۡاْ مُدۡبِرِينَ
Шынында өліктерге естірте алмайсың. Әрі бүрылып, қашқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, сен өлгендерге естірте алмайсың, сондай-ақ кереңдерге де, олар кері бұрылып кеткенде шақыруыңды естірте алмайсың
Аударма: ҚМДБ
27:81
وَمَآ أَنتَ بِهَٰدِي ٱلۡعُمۡيِ عَن ضَلَٰلَتِهِمۡۖ إِن تُسۡمِعُ إِلَّا مَن يُؤۡمِنُ بِـَٔايَٰتِنَا فَهُم مُّسۡلِمُونَ
Және де соқырды адасқан жағынан жолға салушы емессің. Сондай-ақ аяттарымызға иман келтіріп, өздері Мүсылман болған кісілерге ғана естірте аласың
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ сен соқырларды да адасуларынан тура жолға салушы емессің. Сен тек аяттарымызға сеніп, мұсылман болғандарға / бойсұнғандарға / ғана естірте аласың
Аударма: ҚМДБ
27:82
۞وَإِذَا وَقَعَ ٱلۡقَوۡلُ عَلَيۡهِمۡ أَخۡرَجۡنَا لَهُمۡ دَآبَّةٗ مِّنَ ٱلۡأَرۡضِ تُكَلِّمُهُمۡ أَنَّ ٱلنَّاسَ كَانُواْ بِـَٔايَٰتِنَا لَا يُوقِنُونَ
Оларға айтылған (Қиямет) бастарына келген кезде, олар үшін жерден бір хайуан шығарамыз да ол, Оларға адамдардың аяттарымызға мүлде сенбегендіктерін айтады... (Бұл хайуанның шығуы қияметтің белгілерінен. Б.М.К.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Ал, оларға / қияметтің алдында белгіленген / сөз түскен кезде, олар үшін жерден бір жануар / даббатул-ард / шығарамыз. Ол адамдардың аят-белгілерімізге сенбегендіктерін айтады
Аударма: ҚМДБ
27:83
وَيَوۡمَ نَحۡشُرُ مِن كُلِّ أُمَّةٖ فَوۡجٗا مِّمَّن يُكَذِّبُ بِـَٔايَٰتِنَا فَهُمۡ يُوزَعُونَ
Ол күні, әр үмметтен аяттарымызды жасынға айналдырғандардан бір топ жинаймыз. Сонда олар тостырылады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол күні Біз әрбір үмметтен аят-белгілерімізді өтірікке шығарған топты жинаймыз. Олар тосылып тоқтатылады
Аударма: ҚМДБ
27:84
حَتَّىٰٓ إِذَا جَآءُو قَالَ أَكَذَّبۡتُم بِـَٔايَٰتِي وَلَمۡ تُحِيطُواْ بِهَا عِلۡمًا أَمَّاذَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Олар түгел келген шақта, (Алла): "Аяттарымды толық білмей, жасынға шығардыңдар ма? Ал енді не қылдыңдар?",- дер
Аударма: Халифа Алтай
Олар келген кезде, Ол: «Сендер белгілерімді біліммен қамтымай тұрыпжалған санадыңдар ма? Әлде не істедіңдер?» - дейді
Аударма: ҚМДБ
27:85
وَوَقَعَ ٱلۡقَوۡلُ عَلَيۡهِم بِمَا ظَلَمُواْ فَهُمۡ لَا يَنطِقُونَ
Зұлымдықтары себепті оларға айтылган сөз бастарына келді. Сонда олар сөйлей алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оларға әділетсіздік еткендіктері үшін / жаза туралы / сөз келді, енді олар үндей алмайды
Аударма: ҚМДБ
27:86
أَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّا جَعَلۡنَا ٱلَّيۡلَ لِيَسۡكُنُواْ فِيهِ وَٱلنَّهَارَ مُبۡصِرًاۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ
Олар, ішінде тынықсын деп, түнді және көрілетін күндізді жаратқанымызды көрмей ме? Сенетін ел үшін мұнда өнеге бар
Аударма: Халифа Алтай
Біз түнді оларға тынығу үшін, ал күндізді жарық етіп жасағанымызды көрмеді ме? Ақиқатында, Мұнда сенетін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар
Аударма: ҚМДБ
27:87
وَيَوۡمَ يُنفَخُ فِي ٱلصُّورِ فَفَزِعَ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَن فِي ٱلۡأَرۡضِ إِلَّا مَن شَآءَ ٱللَّهُۚ وَكُلٌّ أَتَوۡهُ دَٰخِرِينَ
Сүр үрілген күні, Алла қалаған біреулерден басқа; көктерде болғандар да жерде болғандар да үрейленеді. Сондай-ақ барлығы Алланың алдына сүмірейіп келеді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сол күні Сүр үрілгенде, Аллаһтың қалағанынан басқа, аспандардағы және жердегі әрбіреу қатты үрейге түседі. Әрі барлығы Оған бойсұнып, кішірейген күйде келеді
Аударма: ҚМДБ
27:88
وَتَرَى ٱلۡجِبَالَ تَحۡسَبُهَا جَامِدَةٗ وَهِيَ تَمُرُّ مَرَّ ٱلسَّحَابِۚ صُنۡعَ ٱللَّهِ ٱلَّذِيٓ أَتۡقَنَ كُلَّ شَيۡءٍۚ إِنَّهُۥ خَبِيرُۢ بِمَا تَفۡعَلُونَ
Тауларды көріп, табжылмай түр деп ойлайсың. Негізінде ол бұлт тәрізді жүреді. (Бұл аят жердің айналатындыгын дәлелдейді. Б.А.) Бұл әр нәрсені берік жасаган Алланың шеберлігі. Күдіксіз Ол, жасаған нәрселеріңді толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сен қозғалмайды деп ойлаған таулардың бұлттар секілді қозғалып бара жатқанын көресің. Бұл - барлық нәрсені кемел етіп жасаған Аллаһтың ісі. Ол сендердің не істеп жатқандарыңнан толық Хабардар
Аударма: ҚМДБ
27:89
مَن جَآءَ بِٱلۡحَسَنَةِ فَلَهُۥ خَيۡرٞ مِّنۡهَا وَهُم مِّن فَزَعٖ يَوۡمَئِذٍ ءَامِنُونَ
Кім бір жақсылық келтірсе, оған одан жақсы сыйлық бар. Әрі олар қиямет күнінің қорқынышынан аман болады
Аударма: Халифа Алтай
Кім жақсы амалымен келсе, оған одан қайырлысы беріледі әрі олар сол күннің үрейінен аман болады
Аударма: ҚМДБ
27:90
وَمَن جَآءَ بِٱلسَّيِّئَةِ فَكُبَّتۡ وُجُوهُهُمۡ فِي ٱلنَّارِ هَلۡ تُجۡزَوۡنَ إِلَّا مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Ал кім бір жамандық келтірсе, олар тозаққа етбетінен тасталады да: "Жә, сендер істеген істеріңнің ғана сазайын тартасыңдар" (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Ал, кім жаман амалмен келсе, олар отқа беттерімен тасталады да: «Сендерге істеген амалдарыңның ғана қайтарымы берілмей ме?» - / делінеді
Аударма: ҚМДБ
27:91
إِنَّمَآ أُمِرۡتُ أَنۡ أَعۡبُدَ رَبَّ هَٰذِهِ ٱلۡبَلۡدَةِ ٱلَّذِي حَرَّمَهَا وَلَهُۥ كُلُّ شَيۡءٖۖ وَأُمِرۡتُ أَنۡ أَكُونَ مِنَ ٱلۡمُسۡلِمِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Шын мәнінде мен әр нәрсенің иесі, осы құрметті қаланың Раббына құлшылық қылуға сондай-ақ Мұсылмандардан болуға бұйырылдым." (де)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Шын мәнінде, мен / қан төгуге, әділетсіздік істеуге, аң аулауға, ағаштарды кесуге / тыйым салған осы қаланың / Меккенің / Раббысына құлшылық етуге бұйырылдым. Әрбір нәрсе- Онікі. Әрі мен мұсылмандардан / бойсұнушылардан / болуға бұйырылдым
Аударма: ҚМДБ
27:92
وَأَنۡ أَتۡلُوَاْ ٱلۡقُرۡءَانَۖ فَمَنِ ٱهۡتَدَىٰ فَإِنَّمَا يَهۡتَدِي لِنَفۡسِهِۦۖ وَمَن ضَلَّ فَقُلۡ إِنَّمَآ أَنَا۠ مِنَ ٱلۡمُنذِرِينَ
Және де Құран оқуға бұйырылдым" Енді кім тура жолда болса, рас ол өзі үшін тура жолда болады. Ал және кім адасса: "Шынында мен ескертушілерден ғанамын" де
Аударма: Халифа Алтай
сондай-ақ Құранды оқуға», - деп. Кім тура жолмен жүрсе, ол өзі үшін тура жол­мен жүрген болады. Ал, кім адасса, оған: «Анығында, мен тек ескертушілерденмін», -де
Аударма: ҚМДБ
27:93
وَقُلِ ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ سَيُرِيكُمۡ ءَايَٰتِهِۦ فَتَعۡرِفُونَهَاۚ وَمَا رَبُّكَ بِغَٰفِلٍ عَمَّا تَعۡمَلُونَ
Барлық мақтау Аллаға лайық. Ол, сендерге белгілерін көрсетеді. Сонда оларды таныйсыңдар. Сондай-ақ Раббың істеген істеріңнен хабарсыз емес" де
Аударма: Халифа Алтай
Әрі айт: «Барлық мақтау Аллаһқа! Ол сендерге Өзінің белгілерін көрсетеді. Сендер оларды танисыңдар», - деп. Раббың не істеп жатқандарыңнан ғапыл емес
Аударма: ҚМДБ
← Аш-ШуараБарлық сүрелерАль-Касас →

Ан-Намль сүресі туралы

Ан-Намль (النمل) — Құранның 27-сүресі, 93 аят, меккелік сүре, 19-жүз, мысхафтың 377-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу