Аль-Касас

القصص · 88 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 385-бет
← Ан-НамльБарлық сүрелерАль-Анкабут →
28:1
طسٓمٓ
Та. Син. Мим
Аударма: Халифа Алтай
Та. Син. Мим
Аударма: ҚМДБ
28:2
تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱلۡكِتَٰبِ ٱلۡمُبِينِ
Бұл ашық баян етуші Кітаптың аяттары
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - анық Кітаптың аяттары
Аударма: ҚМДБ
28:3
نَتۡلُواْ عَلَيۡكَ مِن نَّبَإِ مُوسَىٰ وَفِرۡعَوۡنَ بِٱلۡحَقِّ لِقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) саған Мұса (Ғ.С.) мен Перғауынның қиссасын сенетін ел үшін дұрыс оқимыз
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз сенетін адамдар үшін саған Мұса мен Фиръаунның хабарынан ақиқат бойынша оқып береміз
Аударма: ҚМДБ
28:4
إِنَّ فِرۡعَوۡنَ عَلَا فِي ٱلۡأَرۡضِ وَجَعَلَ أَهۡلَهَا شِيَعٗا يَسۡتَضۡعِفُ طَآئِفَةٗ مِّنۡهُمۡ يُذَبِّحُ أَبۡنَآءَهُمۡ وَيَسۡتَحۡيِۦ نِسَآءَهُمۡۚ إِنَّهُۥ كَانَ مِنَ ٱلۡمُفۡسِدِينَ
Рас Перғауын ол жерде зорекер болып, елін топтарға бөлді. Олардың бір тобын езіп, ұлдарын бауыздап, әйелдерін тірі қоятын еді. Өйткені ол, бұзақылардан еді
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, Фиръаун жер бетінде / өз елінде / өзін жоғары қойып, оның халқын бөлді. Ол / Фиръаун / олардың бір тобын езгіге салып, ұлдарын бауыздап, ал әйелдерін тірі қалдыратын еді. Ақиқатында, ол бұзушы-бүлдірушілерден болды
Аударма: ҚМДБ
28:5
وَنُرِيدُ أَن نَّمُنَّ عَلَى ٱلَّذِينَ ٱسۡتُضۡعِفُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَنَجۡعَلَهُمۡ أَئِمَّةٗ وَنَجۡعَلَهُمُ ٱلۡوَٰرِثِينَ
Ол жердегі езілгендерге қамқорлық істеуді, оларды бастық жасап, өздерін мұрагер қылуды қалаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Біз ол жерде / Мысырда / әлсіз болғандарға игілік көрсетуді, оларды жетекші етуді әрі мұрагерлер етуді қалаймыз
Аударма: ҚМДБ
28:6
وَنُمَكِّنَ لَهُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَنُرِيَ فِرۡعَوۡنَ وَهَٰمَٰنَ وَجُنُودَهُمَا مِنۡهُم مَّا كَانُواْ يَحۡذَرُونَ
Оларды жерге (Мысырға) орналастыруды; Перғауын, Һаман және екеуінің әскерлеріне, бұлардың қорыққан нәрселерін көрсетуді қаладық
Аударма: Халифа Алтай
сондай-ақ оларға ол жерде билік беруді әрі Фиръаун мен Һаманға және екеуінің әскеріне олардың қорқып, сақтанған / қауіптенген / нәрселерін көрсетуді
Аударма: ҚМДБ
28:7
وَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰٓ أُمِّ مُوسَىٰٓ أَنۡ أَرۡضِعِيهِۖ فَإِذَا خِفۡتِ عَلَيۡهِ فَأَلۡقِيهِ فِي ٱلۡيَمِّ وَلَا تَخَافِي وَلَا تَحۡزَنِيٓۖ إِنَّا رَآدُّوهُ إِلَيۡكِ وَجَاعِلُوهُ مِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Мұсаның анасына: "Оны еміз де оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа да ктйіибе! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз" деп, қөкейіне салдық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз Мұсаның анасына: «Оны еміз. Егер ол үшін / оны өлтіреді деп / қорықсаң, оны / сандыққа салып / өзенге таста. Қорықпа және қайғырма. Біз оны өзіңе, әлбетте қайтарамыз және оны елшілерден етеміз», - деп көкейіне салдық
Аударма: ҚМДБ
28:8
فَٱلۡتَقَطَهُۥٓ ءَالُ فِرۡعَوۡنَ لِيَكُونَ لَهُمۡ عَدُوّٗا وَحَزَنًاۗ إِنَّ فِرۡعَوۡنَ وَهَٰمَٰنَ وَجُنُودَهُمَا كَانُواْ خَٰطِـِٔينَ
Сонда Перғауынның семьясы өздеріне қастас әрі қайғы болатын баланы тауып алды. Расында Перғауынмен Һаман әрі әскерлері қателесті
Аударма: Халифа Алтай
Сонда оны Фиръаунның әулеті өздеріне жау әрі қайғы болуы үшін тауып алды. Өйткені Фиръаун мен Һаман әрі екеуінің әскері біле-тұра қателесушілерден еді
Аударма: ҚМДБ
28:9
وَقَالَتِ ٱمۡرَأَتُ فِرۡعَوۡنَ قُرَّتُ عَيۡنٖ لِّي وَلَكَۖ لَا تَقۡتُلُوهُ عَسَىٰٓ أَن يَنفَعَنَآ أَوۡ نَتَّخِذَهُۥ وَلَدٗا وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ
Перғауынның әйелі: "Менің де сенің де көз қарашығымыз, оны өлтірмеңдер! Бәлкім бізге пайдасы тиер; немесе бала қып аламыз" деді. Өйткені олар, сезбеді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Фиръаунның әйелі: « / Бұл / менің де, сенің де көз қуанышымыз болсын. Оны өлтірмеңдер. Мүмкін ол бізге пайдасын тигізер немесе оны бала етіп алармыз», - деді. Сөйтіп, олар сезбеді
Аударма: ҚМДБ
28:10
وَأَصۡبَحَ فُؤَادُ أُمِّ مُوسَىٰ فَٰرِغًاۖ إِن كَادَتۡ لَتُبۡدِي بِهِۦ لَوۡلَآ أَن رَّبَطۡنَا عَلَىٰ قَلۡبِهَا لِتَكُونَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Мұсаның анасы бос ойларға батып, таң атырды. Егер жүрегін сенушілерден болуға бекемдемесек, оны білдіріп ала жаздады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Мұсаның анасының жүрегі / қайғыға батып / боп-бос болып қалды. Егер Біз оның жүрегін имандылардан болуы үшін бекітпегенімізде, ол білдіріп қоятын еді
Аударма: ҚМДБ
28:11
وَقَالَتۡ لِأُخۡتِهِۦ قُصِّيهِۖ فَبَصُرَتۡ بِهِۦ عَن جُنُبٖ وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ
Анасы, Мұсаның әпекесіне: "Оның соңына түс" деді. Ол, олар сезбеген жақтан оны көздеді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол / Мұсаның анасы / оның әпкесіне: «Оның артынан жүр»,- деді. Сонда ол оларға байқатпай, сырттай бақылады
Аударма: ҚМДБ
28:12
۞وَحَرَّمۡنَا عَلَيۡهِ ٱلۡمَرَاضِعَ مِن قَبۡلُ فَقَالَتۡ هَلۡ أَدُلُّكُمۡ عَلَىٰٓ أَهۡلِ بَيۡتٖ يَكۡفُلُونَهُۥ لَكُمۡ وَهُمۡ لَهُۥ نَٰصِحُونَ
Бұрын емізушілерді оған арам еттік. (Бала бөтен омырауды ембей қойды.) Сонда оның әпекесі, Оларға: "Сендерге, оны сендер үшін бағатын, оған қамқор бір үйдің ішін көрсетейін бе?",-деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз оған алғашында емізуші әйелдерді / емуден / тыйдық. Сонда / оның әпкесі / : «Сендерге, оны сендер үшін қамқорлығына алып әрі оған жақсы қарайтын бір үйді көрсетейін бе?» - деді
Аударма: ҚМДБ
28:13
فَرَدَدۡنَٰهُ إِلَىٰٓ أُمِّهِۦ كَيۡ تَقَرَّ عَيۡنُهَا وَلَا تَحۡزَنَ وَلِتَعۡلَمَ أَنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٞ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ
Сөйтіп оны, анасына көзайым болып, күйінбеуі, сондай-ақ Алланың уәдесінің хақ екендігін білу үшін қайтардық. Бірақ олардың көбі білмейді
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп оны анасына оның көзайым болуы әрі қайғырмауы және Аллаһтың уәдесі шын екендігін білуі үшін қайтардық. Бірақ олардың көбі білмейді
Аударма: ҚМДБ
28:14
وَلَمَّا بَلَغَ أَشُدَّهُۥ وَٱسۡتَوَىٰٓ ءَاتَيۡنَٰهُ حُكۡمٗا وَعِلۡمٗاۚ وَكَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
(Мұса Ғ.С.) ержетіп, теңелген кезде, өзіне хикмет, ғылым бердік. Жақсылық істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол ержетіп, жетілген кезде, оған үкім / даналық / және білім бердік. Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз
Аударма: ҚМДБ
28:15
وَدَخَلَ ٱلۡمَدِينَةَ عَلَىٰ حِينِ غَفۡلَةٖ مِّنۡ أَهۡلِهَا فَوَجَدَ فِيهَا رَجُلَيۡنِ يَقۡتَتِلَانِ هَٰذَا مِن شِيعَتِهِۦ وَهَٰذَا مِنۡ عَدُوِّهِۦۖ فَٱسۡتَغَٰثَهُ ٱلَّذِي مِن شِيعَتِهِۦ عَلَى ٱلَّذِي مِنۡ عَدُوِّهِۦ فَوَكَزَهُۥ مُوسَىٰ فَقَضَىٰ عَلَيۡهِۖ قَالَ هَٰذَا مِنۡ عَمَلِ ٱلشَّيۡطَٰنِۖ إِنَّهُۥ عَدُوّٞ مُّضِلّٞ مُّبِينٞ
(Мұса Ғ.С.) елдің кәперсіз уақтында қалаға кірді де онда төбелесіп жатқан екі адам көрді. Бірі өз тобынан, біреуі дұшпан жақтан еді. Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мұсадан көмек тіледі. Сонда Мұса (Ғ.С.) оны жүмырықпен ұрғанда оған қаза жетті. (Мұса Ғ.С.): "Бұл шайтан ісі. Өйткені ол ашық адастырушы дұшпан" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ал ол қалаға, оның тұрғындары жайбарақат, қаперсіз болған / түскі демалыс / уақытта кірді. Ол жерде төбелесіп жатқан екі кісіні көрді. Бірі өз жағынан, ал өзгесі оған дұшпан жақтан еді. Өз жағынан болғаны, одан дұшпан жағынан болғанға қарсы көмек сұрады. Сонда Мұса оны жұдырығымен бір ұрып, өлтіріп қойды. Ол: «Бұл - шайтанның ісінен. Өйткені - ол жау, анық адастырушы», -деді
Аударма: ҚМДБ
28:16
قَالَ رَبِّ إِنِّي ظَلَمۡتُ نَفۡسِي فَٱغۡفِرۡ لِي فَغَفَرَ لَهُۥٓۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡغَفُورُ ٱلرَّحِيمُ
Раббым! рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!",- деді. Сондықтан Алла, оны жарылқады. Өйткені Ол, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Раббым! Мен өзіме-өзім әділетсіздік істедім. Мені кешір», - деді. Сонда Ол оны кешірді. Өйткені Ол өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
28:17
قَالَ رَبِّ بِمَآ أَنۡعَمۡتَ عَلَيَّ فَلَنۡ أَكُونَ ظَهِيرٗا لِّلۡمُجۡرِمِينَ
Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәкарларға жәрдем етпеймін" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Раббым! Маған берген игілігің үшін енді қылмыскерлерге ешқашан жақтасушы болмаймын», - деді
Аударма: ҚМДБ
28:18
فَأَصۡبَحَ فِي ٱلۡمَدِينَةِ خَآئِفٗا يَتَرَقَّبُ فَإِذَا ٱلَّذِي ٱسۡتَنصَرَهُۥ بِٱلۡأَمۡسِ يَسۡتَصۡرِخُهُۥۚ قَالَ لَهُۥ مُوسَىٰٓ إِنَّكَ لَغَوِيّٞ مُّبِينٞ
Қалада қорқып, алаңдықпен таң атырды. Ал және кешегі өзінен көмек тілеген кісі, тағы жалбарынып жатыр. (Тағы төбелесіп жатыр.) Мұса (Ғ.С.) оған: "Сен анық адасқан екенсің" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, таңертең ол қалаға қорқып, алаңдай кірді. Сонда кеше өзінен көмек сұраған адам, оны тағы да көмекке шақырды. Мұса оған: «Негізінде, сен анық адасқан екенсің»,- деді
Аударма: ҚМДБ
28:19
فَلَمَّآ أَنۡ أَرَادَ أَن يَبۡطِشَ بِٱلَّذِي هُوَ عَدُوّٞ لَّهُمَا قَالَ يَٰمُوسَىٰٓ أَتُرِيدُ أَن تَقۡتُلَنِي كَمَا قَتَلۡتَ نَفۡسَۢا بِٱلۡأَمۡسِۖ إِن تُرِيدُ إِلَّآ أَن تَكُونَ جَبَّارٗا فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَا تُرِيدُ أَن تَكُونَ مِنَ ٱلۡمُصۡلِحِينَ
Сонда Мұса (Ғ.С.) екеуінің де дұшпанын ұстағысы келген сәтте: "Әй Мұса! Кеше бір адамды өлтіргеніңдей бүгін мені өлтіресің бе? Сен Бұл жерде турашылдардан болмай бір зорекер болуды қалайсың ба?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп ол екеуіне жау болғанды ұстағысы келгенде, / исраилдық оны түсінбей / : «Ей, Мұса! Кеше біреуді өлтіргеніңдей, мені де өлтіргің келе ме? Негізінде, сен бұл жерде өктем болуды ғана қалап, түзетушілерден / жарастырушылардан / болғың келмейді», - деді
Аударма: ҚМДБ
28:20
وَجَآءَ رَجُلٞ مِّنۡ أَقۡصَا ٱلۡمَدِينَةِ يَسۡعَىٰ قَالَ يَٰمُوسَىٰٓ إِنَّ ٱلۡمَلَأَ يَأۡتَمِرُونَ بِكَ لِيَقۡتُلُوكَ فَٱخۡرُجۡ إِنِّي لَكَ مِنَ ٱلنَّـٰصِحِينَ
Қаланың шетінен бір адам жүгіріп келіп: "Әй Мұса! Бастықтар сені өлтіруге кеңесіп жатыр. Дереу шығып кет! Шынында мен саған қамқорларданиын" деді
Аударма: Халифа Алтай
Қаланың шет жағынан бір адам жүгіріп келіп: «Ей, Мұса! Уәзірлер саған қатысты, сені өлтіру үшін кеңесіп жатыр. / бұл жерден / кет! Ақиқатында, мен -саған адал кеңес берушілерденмін», - деді
Аударма: ҚМДБ
28:21
فَخَرَجَ مِنۡهَا خَآئِفٗا يَتَرَقَّبُۖ قَالَ رَبِّ نَجِّنِي مِنَ ٱلۡقَوۡمِ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Сонда Мұса (Ғ.С.) қорқа байқастап, қаладан шықты да: "Раббым! Мені залым елден құтқар!",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда ол / Мұса / қорқып, жан-жағын байқаған күйде ол жерден шықты. Әрі ол: «Раббым! Мені әділетсіз адамдардан құтқар», - деді
Аударма: ҚМДБ
28:22
وَلَمَّا تَوَجَّهَ تِلۡقَآءَ مَدۡيَنَ قَالَ عَسَىٰ رَبِّيٓ أَن يَهۡدِيَنِي سَوَآءَ ٱلسَّبِيلِ
Ол, Мәдян жаққа жөнелген сәтте: "Раббымның, маған тура жол көрсетуін үміт етеиін" деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Мәдиянға қарай бет алған кезде, ол: «Раббымның маған тура жол көрсетуін үміт етемін», - деді
Аударма: ҚМДБ
28:23
وَلَمَّا وَرَدَ مَآءَ مَدۡيَنَ وَجَدَ عَلَيۡهِ أُمَّةٗ مِّنَ ٱلنَّاسِ يَسۡقُونَ وَوَجَدَ مِن دُونِهِمُ ٱمۡرَأَتَيۡنِ تَذُودَانِۖ قَالَ مَا خَطۡبُكُمَاۖ قَالَتَا لَا نَسۡقِي حَتَّىٰ يُصۡدِرَ ٱلرِّعَآءُۖ وَأَبُونَا شَيۡخٞ كَبِيرٞ
Мәдян суына барган кезде, ол жерде мал суарған бір топ адам көреді. Тағы олардан өзге малдарын судан қайырып түрган екі әйел керді де: "Екеуіңнің бұйымтайларың не?",-деді. Екеуі: "Малшылар малдарын алып кеткенге дейін суара алмаймыз. Әкеміз кәрі шал" деді. (Бұлар Шұғайып (Ғ.С.) тың қыздары еді
Аударма: Халифа Алтай
Ол мәдияндықтардың суатына келген кезде, оның басында / мал / суғарып жүрген бір топ адамдарды кездестірді. Әрі олардан басқа, / қойларын / қайырып, оқшауланып тұрған екі әйелді көрді. Ол: «Сендер не істеп тұрсыңдар?» - деді. Ол екеуі: «Біз бақташылар суғарып болғанға дейін су ала алмаймыз. Ал, әкеміз жасы үлкен қария», - деді
Аударма: ҚМДБ
28:24
فَسَقَىٰ لَهُمَا ثُمَّ تَوَلَّىٰٓ إِلَى ٱلظِّلِّ فَقَالَ رَبِّ إِنِّي لِمَآ أَنزَلۡتَ إِلَيَّ مِنۡ خَيۡرٖ فَقِيرٞ
Мұса (Ғ.С.) олардың малдарын суарды да сосын көлеңкеге бұрылып: "Раббым! Сен маған хайырдан не жіберсең мұхтажбын" деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда ол екеуіне / қойларын / суғарып берді. Кейін көлеңкеге қайтты да: «Раббым! Ақиқатында мен Өзің маған түсірген кез келген жақсылыққа мұқтажбын»,- деді
Аударма: ҚМДБ
28:25
فَجَآءَتۡهُ إِحۡدَىٰهُمَا تَمۡشِي عَلَى ٱسۡتِحۡيَآءٖ قَالَتۡ إِنَّ أَبِي يَدۡعُوكَ لِيَجۡزِيَكَ أَجۡرَ مَا سَقَيۡتَ لَنَاۚ فَلَمَّا جَآءَهُۥ وَقَصَّ عَلَيۡهِ ٱلۡقَصَصَ قَالَ لَا تَخَفۡۖ نَجَوۡتَ مِنَ ٱلۡقَوۡمِ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Сонда екі әйелдің бірі, ұялған түрде келіп: "Әкем, бізге мал суарып берген ақыңды беруге сені шақырады" деді. Мұса (Ғ.С.) Шұғайып (Ғ.С.) қа келген сәтте, оған қиссаларын баян қылды. Шұғайып (Ғ.С.): "Қорықпа! Залым елден құтылдың" деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда оған екі әйелдің бірі ұялған халде келіп: «Бізге / қойларды / суғарып бергенің үшін әкем сені ақы беруге шақырып жатыр», деді. Ол оған келген соң, болған оқиғаны баяндап берді. Ол / қыздардың әкесі / : «Қорықпа! Сен әділетсіз адамдардан құтылдың»,- деді
Аударма: ҚМДБ
28:26
قَالَتۡ إِحۡدَىٰهُمَا يَـٰٓأَبَتِ ٱسۡتَـٔۡجِرۡهُۖ إِنَّ خَيۡرَ مَنِ ٱسۡتَـٔۡجَرۡتَ ٱلۡقَوِيُّ ٱلۡأَمِينُ
Екі қыздың бірі: "Әкетайым! Оны жалдап ал! Рас ол, жалдаған адамдардың хайырлысы да, күшті, сенімдісі" деді
Аударма: Халифа Алтай
Екі әйелдің бірі: «Уа, әкетайым! Оны жалдап / жұмысқа / ал. Өйткені жалдап алғандарыңның ең қайырлысы - күшті әрі сенімді болғаны»,- деді
Аударма: ҚМДБ
28:27
قَالَ إِنِّيٓ أُرِيدُ أَنۡ أُنكِحَكَ إِحۡدَى ٱبۡنَتَيَّ هَٰتَيۡنِ عَلَىٰٓ أَن تَأۡجُرَنِي ثَمَٰنِيَ حِجَجٖۖ فَإِنۡ أَتۡمَمۡتَ عَشۡرٗا فَمِنۡ عِندِكَۖ وَمَآ أُرِيدُ أَنۡ أَشُقَّ عَلَيۡكَۚ سَتَجِدُنِيٓ إِن شَآءَ ٱللَّهُ مِنَ ٱلصَّـٰلِحِينَ
(Қыздардың әкесі Мұса Ғ.С. ға): "Маған сегіз жыл жалға жүруіңе орай мына екі қызымның бірін саған некелендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң, ол сенің өз жаныңнан болады. Саған машақат қылуды қаламаймын. Алла қаласа, мені ізгілерден табарсың" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / әкесі / : «Сен маған сегіз жыл жұмыс істеп беретін болсаң, мына екі қызымның біріне сені үйлендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң, онда ол өзіңнен / бір қайыр / . саған бір ауыртпашылық түсіруді қаламаймын. Инша Аллаһ / Аллаһ қаласа / , менің түзулерден екенімді көресің», - деді
Аударма: ҚМДБ
28:28
قَالَ ذَٰلِكَ بَيۡنِي وَبَيۡنَكَۖ أَيَّمَا ٱلۡأَجَلَيۡنِ قَضَيۡتُ فَلَا عُدۡوَٰنَ عَلَيَّۖ وَٱللَّهُ عَلَىٰ مَا نَقُولُ وَكِيلٞ
(Мұса Ғ.С.): "Осы, мені мен сенің арамыздағы келісім бойынша, екі мезгілдің қайсысын орындасаи да маған қарсылық жоқ. Айтқанымызға Алла кепіл" деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса / : «Бұл - мені мен сенің арамыздағы / келісім / . Екі мерзімнің қайсысын өтесем де маған қарсылық болмасын. Айтқанымызға / келісімімізге / Аллаһ кепіл», - деді
Аударма: ҚМДБ
28:29
۞فَلَمَّا قَضَىٰ مُوسَى ٱلۡأَجَلَ وَسَارَ بِأَهۡلِهِۦٓ ءَانَسَ مِن جَانِبِ ٱلطُّورِ نَارٗاۖ قَالَ لِأَهۡلِهِ ٱمۡكُثُوٓاْ إِنِّيٓ ءَانَسۡتُ نَارٗا لَّعَلِّيٓ ءَاتِيكُم مِّنۡهَا بِخَبَرٍ أَوۡ جَذۡوَةٖ مِّنَ ٱلنَّارِ لَعَلَّكُمۡ تَصۡطَلُونَ
Мұса (Ғ.С.) мерзімді бітіріп, жұбайымен жолға шыққанда, Тұр жақтан бір от көріп, жүбайына: "Тұра түрыңдаршы. Рас бір от көрдім. Бәлкім бір хабар немесе оттан бір шоқ әкелермін. Әрине сендер жылынарсыңдар" деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса / келісілген / мерзімді аяқтап, үй-ішімен / еліне қарай / жолға шыққанда, тау жақтан бір от көрді. Ол үй-ішіне: «Тұра тұрыңдар. Мен бір от көрдім. Мүмкін ол жерден бір хабар немесе жылынуларың үшін оттан бір тамызық әкелермін»,- деді
Аударма: ҚМДБ
28:30
فَلَمَّآ أَتَىٰهَا نُودِيَ مِن شَٰطِيِٕ ٱلۡوَادِ ٱلۡأَيۡمَنِ فِي ٱلۡبُقۡعَةِ ٱلۡمُبَٰرَكَةِ مِنَ ٱلشَّجَرَةِ أَن يَٰمُوسَىٰٓ إِنِّيٓ أَنَا ٱللَّهُ رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Ол жерге келген сәтте, мүбарак жердегі ойпаттың оң жагандагы ағаштың жанынан: "Әй Мұса! Рас Мен, әлемдердің Раббы Алламын" деп, дабысталды
Аударма: Халифа Алтай
Ол оған / отқа / барған кезде, қасиетті жердегі жазықтың оң жағындағы ағаштан: «Ей, Мұса! Мен әлемдердің Раббысы - Аллаһпын
Аударма: ҚМДБ
28:31
وَأَنۡ أَلۡقِ عَصَاكَۚ فَلَمَّا رَءَاهَا تَهۡتَزُّ كَأَنَّهَا جَآنّٞ وَلَّىٰ مُدۡبِرٗا وَلَمۡ يُعَقِّبۡۚ يَٰمُوسَىٰٓ أَقۡبِلۡ وَلَا تَخَفۡۖ إِنَّكَ مِنَ ٱلۡأٓمِنِينَ
Таяғыңды таста!" Сонда оны иреңдеген жылан тәрізді көріп, бұрыла артына қарамай жөнелді. "Әй Мұса! Бері бұрыл, қорықпа! Шынында сен амандықта болғандардансың
Аударма: Халифа Алтай
Таяғыңды таста», - деп үн қатылды. Ол / таяғын тастағанда / оның жылан тәрізді ирелеңдегенін көріп, теріс бұрылып қашты да, артына қарамады. / Аллаһ: / «Ей, Мұса! Бері кел, қорықпа! Ақиқатында, сен - амандықта болғандар қатарындасың
Аударма: ҚМДБ
28:32
ٱسۡلُكۡ يَدَكَ فِي جَيۡبِكَ تَخۡرُجۡ بَيۡضَآءَ مِنۡ غَيۡرِ سُوٓءٖ وَٱضۡمُمۡ إِلَيۡكَ جَنَاحَكَ مِنَ ٱلرَّهۡبِۖ فَذَٰنِكَ بُرۡهَٰنَانِ مِن رَّبِّكَ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ وَمَلَإِيْهِۦٓۚ إِنَّهُمۡ كَانُواْ قَوۡمٗا فَٰسِقِينَ
Қолыңды қойныңа тық. Кесірсіз аппақ болып, шығады. Қорқудан салбыраған қолыңды жина! (Сүлкіме!) Бұл екеуі, Перғауынға да адамдарына да Раббыңның екі дәлелі. Өйткені олар бұзақы ел
Аударма: Халифа Алтай
Қолыңды қойныңа кіргіз, ол мінсіз, аппақ болып шығады. Қорқудан / арылу үшін / қанатыңды / қолыңды / өзіңе тартып қыс. Бұл / мұғжиза / - Раббыңнан Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне / жіберілген / екі дәлел. Анығында, олар жаман істерді істейтін адамдар», - / деді
Аударма: ҚМДБ
28:33
قَالَ رَبِّ إِنِّي قَتَلۡتُ مِنۡهُمۡ نَفۡسٗا فَأَخَافُ أَن يَقۡتُلُونِ
(Мұса Ғ.С.): "Раббым! Расында олардан кісі өлтірдім. Сондықтан олардың мені өлтіруінен қорқамын" деді
Аударма: Халифа Алтай
Мұса / : «Раббым! Менолардыңбіреуін өлтірдім. Енді олардыңмені өлтіруінен қорқамын
Аударма: ҚМДБ
28:34
وَأَخِي هَٰرُونُ هُوَ أَفۡصَحُ مِنِّي لِسَانٗا فَأَرۡسِلۡهُ مَعِيَ رِدۡءٗا يُصَدِّقُنِيٓۖ إِنِّيٓ أَخَافُ أَن يُكَذِّبُونِ
Туысым Һарүн тілде менен жаттығырақ. Сондықтан оны, менімен бірге көмекші етіп жібер де, мені жөптесін. Расында олардың жасынға шығаруынан қорқамын
Аударма: Халифа Алтай
Әрі бауырым Һарунның тілі маған қарағанда анық. Сондықтан оны менімен бірге мені растайтын көмекші етіп жібер. Мен олардың өзімді өтірікшіге шығаруларынан қорқамын», -деді
Аударма: ҚМДБ
28:35
قَالَ سَنَشُدُّ عَضُدَكَ بِأَخِيكَ وَنَجۡعَلُ لَكُمَا سُلۡطَٰنٗا فَلَا يَصِلُونَ إِلَيۡكُمَا بِـَٔايَٰتِنَآۚ أَنتُمَا وَمَنِ ٱتَّبَعَكُمَا ٱلۡغَٰلِبُونَ
(Алла Т.): "Туысың арқылы білегіңді күшейтіп, екеуіңе олар жете алмайтын күш беремін. Аяттарымызбен екеуің де сендерге ергендер де жеңіске ие боласыңдар" деді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ / айтты: «Біз сенің қолыңды бауырыңмен қуаттаймыз және олар екеуіңе жете алмайтындай сендерге мықты дәлел / үстемдік / береміз. Біздің белгілерімізбен екеуің әрі сендерге ергендер жеңіске жетушісіңдер», - деді
Аударма: ҚМДБ
28:36
فَلَمَّا جَآءَهُم مُّوسَىٰ بِـَٔايَٰتِنَا بَيِّنَٰتٖ قَالُواْ مَا هَٰذَآ إِلَّا سِحۡرٞ مُّفۡتَرٗى وَمَا سَمِعۡنَا بِهَٰذَا فِيٓ ءَابَآئِنَا ٱلۡأَوَّلِينَ
Мұса (Ғ.С.) Оларға ашық аяттарымызбен келгенде: "Бұл жасанды бір жады ғана. Бұрынгы аталарымыздан бұны естігеміз жоқ" десті
Аударма: Халифа Алтай
Мұса оларға / фиръаундықтарға / анық белгілерімізбен келген кезде, олар: «Бұл - бар болғаны жасанды бір сиқыр ғана. Біз алдыңғы бабаларымыздан мұндайды естімеппіз», -деді
Аударма: ҚМДБ
28:37
وَقَالَ مُوسَىٰ رَبِّيٓ أَعۡلَمُ بِمَن جَآءَ بِٱلۡهُدَىٰ مِنۡ عِندِهِۦ وَمَن تَكُونُ لَهُۥ عَٰقِبَةُ ٱلدَّارِۚ إِنَّهُۥ لَا يُفۡلِحُ ٱلظَّـٰلِمُونَ
Мұса (Ғ.С.): "Өзінің қасынан кімнің туралықты әкелгенін және соңғы қоныс (жаннат) кімдікі боларын Раббым жақсы біледі. Шынында залымдар құтылмайды" деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Мұса: «Раббым кімнің Оның Өзінен болған тура жолмен келгенін және көркем нәтиженің кімдікі болатынын жақсы біледі. Шын мәнінде, әділетсіздер мұратына жетпейді», - деді
Аударма: ҚМДБ
28:38
وَقَالَ فِرۡعَوۡنُ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلۡمَلَأُ مَا عَلِمۡتُ لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرِي فَأَوۡقِدۡ لِي يَٰهَٰمَٰنُ عَلَى ٱلطِّينِ فَٱجۡعَل لِّي صَرۡحٗا لَّعَلِّيٓ أَطَّلِعُ إِلَىٰٓ إِلَٰهِ مُوسَىٰ وَإِنِّي لَأَظُنُّهُۥ مِنَ ٱلۡكَٰذِبِينَ
Перғауын: "Әй бастықтар! Мен сендер үшін менен басқа тәңір барлығын білмеймін. Әй Һаман! Мен үшін балшыққа от жағып, (өрте!) Бір мүнара жаса. Белкім Мұсаның Тәңірін көрермін. Расында оны өтірікші деп ойлаймын" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Фиръаун: «Ей, уәзірлер! Мен сендер үшін өзімнен басқа құдай бар екенін білмеймін. Ей, Һаман! Лайды оттың үстіне салып / кірпіш құйып / , маған Мұсаның құдайына көтерілуім үшін биік мұнара тұрғыз. Анығында, мен оны өтірікшілерден деп ойлаймын»,- деді
Аударма: ҚМДБ
28:39
وَٱسۡتَكۡبَرَ هُوَ وَجُنُودُهُۥ فِي ٱلۡأَرۡضِ بِغَيۡرِ ٱلۡحَقِّ وَظَنُّوٓاْ أَنَّهُمۡ إِلَيۡنَا لَا يُرۡجَعُونَ
Ол және әскерлері сол жерде орынсыз дандайсыды. Расында олар, Біз жаққа қайтарылмаймыз деп, ойлады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол және оның әскері ешқандай құқығы болмаса да өздерін жоғары санады әрі олар Бізге қайтарылмаймыз деп ойлады
Аударма: ҚМДБ
28:40
فَأَخَذۡنَٰهُ وَجُنُودَهُۥ فَنَبَذۡنَٰهُمۡ فِي ٱلۡيَمِّۖ فَٱنظُرۡ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Оны да әскерлерін де қолға алып, теңізге тастадық. Залымдардың соңының не болғанын көр
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Біз оны және оның әскерін ұстап / жазалап / , теңізге тастадық. Әділетсіздердің соңы не болғанына назар сал
Аударма: ҚМДБ
28:41
وَجَعَلۡنَٰهُمۡ أَئِمَّةٗ يَدۡعُونَ إِلَى ٱلنَّارِۖ وَيَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ لَا يُنصَرُونَ
Оларды тозаққа шақыратын бастық қылдық. (Оларға ерген тозаққа түседі.) Сондай-ақ олар қиямет күні, жәрдем көрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз оларды Отқа / тозаққа / шақырушы жетекшілер еттік, ал Қайта тірілу күні Оларға көмек берілмейді
Аударма: ҚМДБ
28:42
وَأَتۡبَعۡنَٰهُمۡ فِي هَٰذِهِ ٱلدُّنۡيَا لَعۡنَةٗۖ وَيَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ هُم مِّنَ ٱلۡمَقۡبُوحِينَ
Олардың соңынан Бұл дүние де қарғыс ертіп, қойдық. Әрі қиямет күні сүркейлерден болады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі осы өмірде Біз олардың соңынан қарғыс еретін етіп қойдық, ал Қайта тірілу күні олар / Аллаһтың мейірімінен / шеттетілгендерден /ұсқынсыз, жиіркеніштілерден / болады
Аударма: ҚМДБ
28:43
وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡكِتَٰبَ مِنۢ بَعۡدِ مَآ أَهۡلَكۡنَا ٱلۡقُرُونَ ٱلۡأُولَىٰ بَصَآئِرَ لِلنَّاسِ وَهُدٗى وَرَحۡمَةٗ لَّعَلَّهُمۡ يَتَذَكَّرُونَ
Расында бұрынғы ұрпақтарды жоқ еткеннен кейін Мұса (Ғ.С.) ға адамдардың түсінулері үшін Кітапты көрнеу дәлелдер, туралық және мәрхамет түрінде бердік
Аударма: Халифа Алтай
Біз алдыңғы ұрпақтарды жойғанымыздан кейін, Мұсаға адамдар үшін көрнеу дәлелдер, жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / және мейірім ретінде, олардың еске алулары үшін Кітапты бердік
Аударма: ҚМДБ
28:44
وَمَا كُنتَ بِجَانِبِ ٱلۡغَرۡبِيِّ إِذۡ قَضَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَى ٱلۡأَمۡرَ وَمَا كُنتَ مِنَ ٱلشَّـٰهِدِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Біз Мұса (Ғ.С.) ға әмір бергенде, сен батыс тарапта емес едің. Сондай-ақ көріп түрғандардан да емес едің
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз Мұсаға істі әмір еткенімізде, сен / таудың / батыс жағында емес едің және көріп тұрушылардан да болған жоқсың
Аударма: ҚМДБ
28:45
وَلَٰكِنَّآ أَنشَأۡنَا قُرُونٗا فَتَطَاوَلَ عَلَيۡهِمُ ٱلۡعُمُرُۚ وَمَا كُنتَ ثَاوِيٗا فِيٓ أَهۡلِ مَدۡيَنَ تَتۡلُواْ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتِنَا وَلَٰكِنَّا كُنَّا مُرۡسِلِينَ
Алайда бірқанша нәрселер жараттық. Оларға ұзын өмірлер өтті. Аяттарымызды оқу үшін Мәдян елінің ішінде болмадың; бірақ ол хабарларды жолдаушы Бізбіз
Аударма: Халифа Алтай
Алайда, Біз / Мұсадан кейін көптеген / ұрпақтарды пайда еттік әрі оларға ұзын өмірлер / замандар / өтті. Сен Мәдиянтұрғындары арасында тұрып, Оларға аяттарымызды оқыған жоқсың, бірақ Біз жіберушіміз
Аударма: ҚМДБ
28:46
وَمَا كُنتَ بِجَانِبِ ٱلطُّورِ إِذۡ نَادَيۡنَا وَلَٰكِن رَّحۡمَةٗ مِّن رَّبِّكَ لِتُنذِرَ قَوۡمٗا مَّآ أَتَىٰهُم مِّن نَّذِيرٖ مِّن قَبۡلِكَ لَعَلَّهُمۡ يَتَذَكَّرُونَ
Біз Мұса (Ғ.С.) ға дабыстаған кезде, Тұр жақта емес едің. Бірақ саған мәрхамет түрінде, сенен бұрын өздеріне ескертуші келмеген елге ескертуің үшін жіберілдің. Мүмкін олар түсінер
Аударма: Халифа Алтай
Біз / Мұсаға / үн қатқан кезде, сен сол таудың жанында болған жоқсың. Алайда, сенен бұрын ескертуші келмеген қауымға ескертуің үшін және олар еске алулары үшін Раббыңнан бір мейірім / ретінде сені жібердік
Аударма: ҚМДБ
28:47
وَلَوۡلَآ أَن تُصِيبَهُم مُّصِيبَةُۢ بِمَا قَدَّمَتۡ أَيۡدِيهِمۡ فَيَقُولُواْ رَبَّنَا لَوۡلَآ أَرۡسَلۡتَ إِلَيۡنَا رَسُولٗا فَنَتَّبِعَ ءَايَٰتِكَ وَنَكُونَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Егер оларға қолекі істегендерінің салдарынан өздеріне бір бейнет жетсе, сонда олар: "Раббымыз! Бізге бір Пайғамбар неге жібермедің? Онда аяттарыңа бой ұсынып, мүмін болар едік" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / Мекке мүшріктеріне / қолдарымен жасаған істеріне орай бастарына бір қасірет келгенде: «Раббымыз! Егер бізге бір Елші жібергеніңде, аяттарына ерер едік жәнеиманға келгендерден болар едік!» деп айтпауы үшін
Аударма: ҚМДБ
28:48
فَلَمَّا جَآءَهُمُ ٱلۡحَقُّ مِنۡ عِندِنَا قَالُواْ لَوۡلَآ أُوتِيَ مِثۡلَ مَآ أُوتِيَ مُوسَىٰٓۚ أَوَلَمۡ يَكۡفُرُواْ بِمَآ أُوتِيَ مُوسَىٰ مِن قَبۡلُۖ قَالُواْ سِحۡرَانِ تَظَٰهَرَا وَقَالُوٓاْ إِنَّا بِكُلّٖ كَٰفِرُونَ
Ал оларға өз қасымыздан хақиқат келгенде, олар: "Мұсаға берілген кұсаған неге бұған берілмейді?" десті. Олар бұрын Мұса (Ғ.С.) ға берілгенге қарсы келмеп пе еді? "Бірін-бірі сүйемелдеген екі сиқыр" десті. "(Құран мен Тәурат) бәріне де қарсымыз" десті
Аударма: Халифа Алтай
Оларға Бізден ақиқат келгенде, олар: «Егер Мұсаға берілгендер / мұғжизалар / оған да берілгенде еді?» - деді. Олар бұрын Мұсаға берілгенді теріске шығармаған ба еді? Олар / Мекке мүшріктері / : «Бұл - бірін-бірі қолдаған екі сиқыр», - деді. Әрі: «Біз / бұлардың / ешқайсысына сенбейміз», - деді
Аударма: ҚМДБ
28:49
قُلۡ فَأۡتُواْ بِكِتَٰبٖ مِّنۡ عِندِ ٱللَّهِ هُوَ أَهۡدَىٰ مِنۡهُمَآ أَتَّبِعۡهُ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Егер рас айтушы болсаңдар, Алла тарапынан ол екеуінен турарақ бір кітап әкеліңдер. Мен де соған ілесемін" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, Аллаһтан екеуінен де тура болған бір кітап келтіріңдерші, мен соған ерейін», -деп
Аударма: ҚМДБ
28:50
فَإِن لَّمۡ يَسۡتَجِيبُواْ لَكَ فَٱعۡلَمۡ أَنَّمَا يَتَّبِعُونَ أَهۡوَآءَهُمۡۚ وَمَنۡ أَضَلُّ مِمَّنِ ٱتَّبَعَ هَوَىٰهُ بِغَيۡرِ هُدٗى مِّنَ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهۡدِي ٱلۡقَوۡمَ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Сонда да саған жауап бермесе, шын мәнінде олардың өз көңілдері тартқан жаққа кеткенін біл. Алладан бір жол-жорықсыз өз көңілдері ауған жаққа ілескеннен әрі адасқан кім бар? Әрине Алла, залым елді тура жолға салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Егер олар саған жауап бермесе, біл, анығында олар көңілқұмарлығына ғана ереді. Аллаһтың тура жолынсыз көңілқұмарлығына ергеннен өткен адасушы бар ма? Ақиқатында, Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды
Аударма: ҚМДБ
28:51
۞وَلَقَدۡ وَصَّلۡنَا لَهُمُ ٱلۡقَوۡلَ لَعَلَّهُمۡ يَتَذَكَّرُونَ
Расында оларға түсінулері үшін сөзімізді жалғастырдық
Аударма: Халифа Алтай
Біз Оларға еске алулары үшін Сөзді / Құранды / жеткіздік
Аударма: ҚМДБ
28:52
ٱلَّذِينَ ءَاتَيۡنَٰهُمُ ٱلۡكِتَٰبَ مِن قَبۡلِهِۦ هُم بِهِۦ يُؤۡمِنُونَ
Бұрын өздеріне кітап бергендеріміз, Құранға сенеді. (С. 83-А)
Аударма: Халифа Алтай
Бұдан бұрын Кітап бергендеріміз бұған сенеді
Аударма: ҚМДБ
28:53
وَإِذَا يُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡ قَالُوٓاْ ءَامَنَّا بِهِۦٓ إِنَّهُ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّنَآ إِنَّا كُنَّا مِن قَبۡلِهِۦ مُسۡلِمِينَ
Оларға Құран оқылғанда: "Біз бұган сендік. Рас ол, Раббымыз тарапынан түсірілген хақ сөз. Негізінде бұрыннан-ақ бой ұсынған едік" деді. (Бұлар Якуди, Христиандардан Мтсылман болғандар. Б.Ж.М.К)
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / Құран / оқылғанда, олар: «Біз бұған сендік. Шын мәнінде, бұл - Раббымыздан / келген / ақиқат. Негізінде, біз бұған дейін Мұсылман / бойсұнушы / болғанбыз», -дейді
Аударма: ҚМДБ
28:54
أُوْلَـٰٓئِكَ يُؤۡتَوۡنَ أَجۡرَهُم مَّرَّتَيۡنِ بِمَا صَبَرُواْ وَيَدۡرَءُونَ بِٱلۡحَسَنَةِ ٱلسَّيِّئَةَ وَمِمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡ يُنفِقُونَ
Міне соларға сабыр еткендіктері себепті сыйлықтары екі есе беріледі. (Екі кітапқа да иман келтіргендіктері үшін. Б.Ж.М.К.Р.) Және олар жамандықты жақсылықпен жойып, өздеріне берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды
Аударма: Халифа Алтай
Сабыр еткендіктері үшін Оларға сый екі есе беріледі. Олар жамандықты жақсылықпен кетіреді әрі Біз өздеріне ризық етіп бергендерімізден жұмсайды
Аударма: ҚМДБ
28:55
وَإِذَا سَمِعُواْ ٱللَّغۡوَ أَعۡرَضُواْ عَنۡهُ وَقَالُواْ لَنَآ أَعۡمَٰلُنَا وَلَكُمۡ أَعۡمَٰلُكُمۡ سَلَٰمٌ عَلَيۡكُمۡ لَا نَبۡتَغِي ٱلۡجَٰهِلِينَ
Қашан олар бос сөз естісе, одан бет бұрып: "Біздің ісіміз өзімізге, сендердің істерің өздеріңе тән. Сендерге сәлем. (Қош енді.) Надандарды қаламаймыз" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Қашан олар бос сөз естісе, одантеріс бұрылып: «Біздің амалдарымыз өзімізге, ал сендердің амалдарың өздеріңе. Сендерге бейбітшілік болсын! Біз надандардан болуды қаламаймыз», - дейді
Аударма: ҚМДБ
28:56
إِنَّكَ لَا تَهۡدِي مَنۡ أَحۡبَبۡتَ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ يَهۡدِي مَن يَشَآءُۚ وَهُوَ أَعۡلَمُ بِٱلۡمُهۡتَدِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) расында жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Алла кімді қаласа, оны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол, тура жол табатындарды жақсы біледі. (Бұл аят Мұхаммед Ғ.С ның әкесімен туысқан Әбу Таліпқа байланысты. Ж.М.К.Р.Х)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, сен жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың, ал Аллаһ қалағанын тура жолға салады. Әрі Ол тура жолмен жүрушілерді жақсы біледі
Аударма: ҚМДБ
28:57
وَقَالُوٓاْ إِن نَّتَّبِعِ ٱلۡهُدَىٰ مَعَكَ نُتَخَطَّفۡ مِنۡ أَرۡضِنَآۚ أَوَلَمۡ نُمَكِّن لَّهُمۡ حَرَمًا ءَامِنٗا يُجۡبَىٰٓ إِلَيۡهِ ثَمَرَٰتُ كُلِّ شَيۡءٖ رِّزۡقٗا مِّن لَّدُنَّا وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ
(Құрайш тобы): "Егер сенмен бірге тура жолға түссек, жерімізден дереу шығарыламыз" деді. Оларды өз жанымыздан, әр нәрсенің өнімдері несібе түрінде шоғырланатын, қастерлі де бейбіт бір жерге (Меккеге) орналастырмадық па? Бірақ олардың көбі түсінбейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар / меккеліктер / : «Егер біз сенімен бірге тура жолға ерсек, онда жерімізден ұсталып әкетілеміз», дейді. Біз оларды Бізден ризық ретінде әрбір нәрсенің өнімдері жиналатын осы қасиетті әрі қауіпсіз орынға орналастырып бекітпедік пе? Бірақ олардың көбі білмейді
Аударма: ҚМДБ
28:58
وَكَمۡ أَهۡلَكۡنَا مِن قَرۡيَةِۭ بَطِرَتۡ مَعِيشَتَهَاۖ فَتِلۡكَ مَسَٰكِنُهُمۡ لَمۡ تُسۡكَن مِّنۢ بَعۡدِهِمۡ إِلَّا قَلِيلٗاۖ وَكُنَّا نَحۡنُ ٱلۡوَٰرِثِينَ
Қаншалаған тіршілігіне мас болған кенттерді типыл қылдық. Міне олардан кейін өте аз отырылған қоныстары; Ақыр Біз мұрагер болдық
Аударма: Халифа Алтай
Өздеріне берілген тіршілікке масайраған қаншама елді мекендерді жойып жібердік. Міне, олардың қоныстары, - олардан кейін онда ешкім тұрмайды, тек олардың азы ғана болмаса. Әрі / соңында бәрі / Бізге қалады
Аударма: ҚМДБ
28:59
وَمَا كَانَ رَبُّكَ مُهۡلِكَ ٱلۡقُرَىٰ حَتَّىٰ يَبۡعَثَ فِيٓ أُمِّهَا رَسُولٗا يَتۡلُواْ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتِنَاۚ وَمَا كُنَّا مُهۡلِكِي ٱلۡقُرَىٰٓ إِلَّا وَأَهۡلُهَا ظَٰلِمُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың кенттердің орталығына, оларға аяттарымызды оқитын бір елші жібермейінше жоқ етуші емес. Халқы залым болған кентті ғана жоқ етеміз
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Раббың елді мекендердің анасына / Меккеге / , аяттарымызды оқитын Елші жібермейінше, оларды жоюшы емес. Біз тек халқы әділетсіз болған елді мекендерді ғана жойдық
Аударма: ҚМДБ
28:60
وَمَآ أُوتِيتُم مِّن شَيۡءٖ فَمَتَٰعُ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَزِينَتُهَاۚ وَمَا عِندَ ٱللَّهِ خَيۡرٞ وَأَبۡقَىٰٓۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ
Сендерге берілген нәрсе, Дүние тіршілігінің буйымы, зейнеті ғана. Ал Алланың қасындагы нәрсе хайырлы да тұрақты. Енді де ойламайсыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге берілгендердің барлығы бар болғаны осы өмірде пайдаланатын нәрселер әрі оның сәні ғана. Ал Аллаһтағы қайырлы әрі тұрақты. Ақылдарыңды істетіп ұғынбайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
28:61
أَفَمَن وَعَدۡنَٰهُ وَعۡدًا حَسَنٗا فَهُوَ لَٰقِيهِ كَمَن مَّتَّعۡنَٰهُ مَتَٰعَ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا ثُمَّ هُوَ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ مِنَ ٱلۡمُحۡضَرِينَ
Ал енді өзіне жақсы уәде беріп, соған қауышатын біреу; өзін дүние тіршілігінде пайдаландырып, сосын қиямет күні жазаға әзірленетін кісілер тәрізді ме
Аударма: Халифа Алтай
Біз өзіне көркем уәде беріп, әрі оған кездесетін бір адам, Біз оны осы өмірдің қызығына кенелтіп, ал кейін Қайта тірілу күні / жазаға / келтірілетіндердің қатарындағы біреумен тең бе
Аударма: ҚМДБ
28:62
وَيَوۡمَ يُنَادِيهِمۡ فَيَقُولُ أَيۡنَ شُرَكَآءِيَ ٱلَّذِينَ كُنتُمۡ تَزۡعُمُونَ
(Алла Т.) ол күні, оларға: "Сендердің Маған серік деп үйғарғандарың қайда?",- деп, дабыстайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сол / қайта тірілу / күні / Аллаһ / оларды шақырғанда:«Маған серік деп есептегендерің қайда?» - дейді
Аударма: ҚМДБ
28:63
قَالَ ٱلَّذِينَ حَقَّ عَلَيۡهِمُ ٱلۡقَوۡلُ رَبَّنَا هَـٰٓؤُلَآءِ ٱلَّذِينَ أَغۡوَيۡنَآ أَغۡوَيۡنَٰهُمۡ كَمَا غَوَيۡنَاۖ تَبَرَّأۡنَآ إِلَيۡكَۖ مَا كَانُوٓاْ إِيَّانَا يَعۡبُدُونَ
Өздеріне сөз келгендер: "Раббымыз! Бұлар, біз адастырғандар; оларды өзіміз адасқандай адастырдық. Олардан безіп, Саған келдік. Олар негізінен бізге табынбайтын еді" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Өздеріне / жаза туралы / Сөз орындалғандар: «Раббымыз! Мыналар - біздің адастырғандарымыз. Біз оларды өзіміз адасқандай адастырдық. Олардан бас тартып, саған бет бұрамыз. Олардың табынғаны біз емес», - дейді
Аударма: ҚМДБ
28:64
وَقِيلَ ٱدۡعُواْ شُرَكَآءَكُمۡ فَدَعَوۡهُمۡ فَلَمۡ يَسۡتَجِيبُواْ لَهُمۡ وَرَأَوُاْ ٱلۡعَذَابَۚ لَوۡ أَنَّهُمۡ كَانُواْ يَهۡتَدُونَ
Ал оларға: "Қосқан ортақтарыңды шақырыңдар" делінеді. Сонда олар шақырады. Олар жауап бермейді. Олар тозақты көреді. (Қап!) Олар тура жолда болған болса еді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі, оларға / серік қосушыларға / : «Серік етіп қосқандарыңды шақырыңдар», -делінеді. Сонда олар шақырады, алайда олар / серік етіп қосқандары / жауап бермейді және олар азапты көреді. Егер олар тура жолда болғанда
Аударма: ҚМДБ
28:65
وَيَوۡمَ يُنَادِيهِمۡ فَيَقُولُ مَاذَآ أَجَبۡتُمُ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
(Алла Т.) ол күні, оларға: "Елшілерімізге не жауап бердіңдер?",- деп, дабыстайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі, сол күні Ол / Аллаһ / оларға: «Елшілерге не жауап бердіңдер?» - деп үндейді
Аударма: ҚМДБ
28:66
فَعَمِيَتۡ عَلَيۡهِمُ ٱلۡأَنۢبَآءُ يَوۡمَئِذٖ فَهُمۡ لَا يَتَسَآءَلُونَ
Сол күні оларға хабарлар естілмейді де (өзара да) сұраспайды
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні Оларға хабарлар жасырын болады және олар бір-бірінен ешнәрсе сұрамайды
Аударма: ҚМДБ
28:67
فَأَمَّا مَن تَابَ وَءَامَنَ وَعَمِلَ صَٰلِحٗا فَعَسَىٰٓ أَن يَكُونَ مِنَ ٱلۡمُفۡلِحِينَ
Ал енді кім тәубе етіп, иман келтіріп ізгі іс істесе, құтылушылардан болуы үміт етіледі
Аударма: Халифа Алтай
Ал, кім істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / және иманға келсе әрі ізгі амал істесе, сол мұратына жетушілерден болады
Аударма: ҚМДБ
28:68
وَرَبُّكَ يَخۡلُقُ مَا يَشَآءُ وَيَخۡتَارُۗ مَا كَانَ لَهُمُ ٱلۡخِيَرَةُۚ سُبۡحَٰنَ ٱللَّهِ وَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يُشۡرِكُونَ
Раббың қалағанын жаратады да сұрыптайды. Оларда ерік болмайды. Алла (Т.) олардың қосқан серіктерінен пәк, өте жоғары
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Раббың қалағанын жаратады және таңдайды. Оларда таңдау жоқ. Аллаһ - пәк және олардың серік етіп қосқандарынан жоғары
Аударма: ҚМДБ
28:69
وَرَبُّكَ يَعۡلَمُ مَا تُكِنُّ صُدُورُهُمۡ وَمَا يُعۡلِنُونَ
Раббың олардың көңілдеріндегі жасырған нәрселерін де көрнеу істеген нәрселерін де біледі
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Раббың олардың көкіректері нені жасыратынын және олардың нені әшкере істейтіндерін біледі
Аударма: ҚМДБ
28:70
وَهُوَ ٱللَّهُ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ لَهُ ٱلۡحَمۡدُ فِي ٱلۡأُولَىٰ وَٱلۡأٓخِرَةِۖ وَلَهُ ٱلۡحُكۡمُ وَإِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ
Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Дүние, ахиретте барлық мақтау Оған лайық. Үкім Оған тән. Және Сол жаққа қайтарыласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ол - Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Алдыңғы әрі соңғы, мәңгілік өмірдегі барлық мақтау Оған. Үкім шығару билігі - Онікі. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар
Аударма: ҚМДБ
28:71
قُلۡ أَرَءَيۡتُمۡ إِن جَعَلَ ٱللَّهُ عَلَيۡكُمُ ٱلَّيۡلَ سَرۡمَدًا إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ مَنۡ إِلَٰهٌ غَيۡرُ ٱللَّهِ يَأۡتِيكُم بِضِيَآءٍۚ أَفَلَا تَسۡمَعُونَ
Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Дүние, ахиретте барлық мақтау Оған лайық. Үкім Оған тән. Және Сол жаққа қайтарыласыңдар. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Көрдіңдер ме, егер Алла (Т.) сендерге қиямет күніне дейін ұдайы қараңғы қылса, Алладан басқа сендерге жарық келтіретін тәңір кім? Естімейсіңдер ме?",- де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ сендерге түнді Қайта тірілу күніне дейін ұзартып қойса, сендерге жарықты Аллаһтан басқа қандай құдай әкеле алады? Сендер естімейсіңдер ме?»- деп
Аударма: ҚМДБ
28:72
قُلۡ أَرَءَيۡتُمۡ إِن جَعَلَ ٱللَّهُ عَلَيۡكُمُ ٱلنَّهَارَ سَرۡمَدًا إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ مَنۡ إِلَٰهٌ غَيۡرُ ٱللَّهِ يَأۡتِيكُم بِلَيۡلٖ تَسۡكُنُونَ فِيهِۚ أَفَلَا تُبۡصِرُونَ
Көрдіңдер ме, егер Алла (Т.) сендерге қиямет күніне дейін ұдайы күндіз қылса, Алладан басқа сендерге онда тынығатын түн келтіретін тәңір кім? көз салмайсыңдар ма?",- де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ сен­дерге күндізді Қайта тірілу күніне дейін ұзартып қойса, сендерге тынығатын түнді Аллаһтан басқа қандай құдай әкеле алады? Сендер көрмейсіңдер ме?» - деп
Аударма: ҚМДБ
28:73
وَمِن رَّحۡمَتِهِۦ جَعَلَ لَكُمُ ٱلَّيۡلَ وَٱلنَّهَارَ لِتَسۡكُنُواْ فِيهِ وَلِتَبۡتَغُواْ مِن فَضۡلِهِۦ وَلَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ
Алла, сендерге өз мәрхаметінен түнді тынығу, күндізді кеңшілігін (ризық) іздеулерің үшін жаратты. Әрине шүкірлік етерсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерге түн мен күндізді, онда / түнде / тынығуларың және / күндіз / Оның игілігін / ризық, несібесін / іздеулерің әрі игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін беруі - Оның мейірімінен
Аударма: ҚМДБ
28:74
وَيَوۡمَ يُنَادِيهِمۡ فَيَقُولُ أَيۡنَ شُرَكَآءِيَ ٱلَّذِينَ كُنتُمۡ تَزۡعُمُونَ
Сол күні, Оларға: "Менің серігім деп, ойлағандарың қайда?",- деп, дабыстайды
Аударма: Халифа Алтай
Сол / қайта тірілу / күні / Аллаһ / оларға: «Маған серік деп есептегендерің қайда?» -деп үндейді
Аударма: ҚМДБ
28:75
وَنَزَعۡنَا مِن كُلِّ أُمَّةٖ شَهِيدٗا فَقُلۡنَا هَاتُواْ بُرۡهَٰنَكُمۡ فَعَلِمُوٓاْ أَنَّ ٱلۡحَقَّ لِلَّهِ وَضَلَّ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يَفۡتَرُونَ
Ол күні, әр үмметтен бір айғақ шығарып: "Дәлелдеріңді әкеліңдер" дейміз. Сонда олар, рас хақиқат, Аллаға тән екенін біледі де олардың жасанды нәрселері жоқ болады
Аударма: Халифа Алтай
Біз / ол күні / әрбір қауымнан бір куәні шығарып: «Дәлелдеріңді келтіріңдер», - дейміз. Сонда олар ақиқаттың Аллаһ жағында екенін біледі және ойдан шығарғандары / құдайлары / олардан жоғалады
Аударма: ҚМДБ
28:76
۞إِنَّ قَٰرُونَ كَانَ مِن قَوۡمِ مُوسَىٰ فَبَغَىٰ عَلَيۡهِمۡۖ وَءَاتَيۡنَٰهُ مِنَ ٱلۡكُنُوزِ مَآ إِنَّ مَفَاتِحَهُۥ لَتَنُوٓأُ بِٱلۡعُصۡبَةِ أُوْلِي ٱلۡقُوَّةِ إِذۡ قَالَ لَهُۥ قَوۡمُهُۥ لَا تَفۡرَحۡۖ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُحِبُّ ٱلۡفَرِحِينَ
Рас Қарун, Мұса (Ғ.С.) ның елінен еді де, оларға қарсы келді. Сондай-ақ оған, кілттерін күшті бір топ әрең көтеретін қазыналар берген едік. Сонда оған халқы: "Елірме! Расында Алла, еліргендерді жақсы көрмейді" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Қарун Мұсаның елінен болып, оларға тәкаппарлық танытты. Біз оған күш-қуаты мол бір топ адамға кілттері ауыр жүк болатындай қазыналар бердік. Сол кезде елі оған: «Масаттанба, анығында, Аллаһ масаттанушыларды ұнатпайды
Аударма: ҚМДБ
28:77
وَٱبۡتَغِ فِيمَآ ءَاتَىٰكَ ٱللَّهُ ٱلدَّارَ ٱلۡأٓخِرَةَۖ وَلَا تَنسَ نَصِيبَكَ مِنَ ٱلدُّنۡيَاۖ وَأَحۡسِن كَمَآ أَحۡسَنَ ٱللَّهُ إِلَيۡكَۖ وَلَا تَبۡغِ ٱلۡفَسَادَ فِي ٱلۡأَرۡضِۖ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُحِبُّ ٱلۡمُفۡسِدِينَ
Алланың саған берген дәулетімен ахирет жұртын ізде де дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла, саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай-ақ жер жүзінде Бұліншілік ізденбе! Алла бұзақыларды сүймейді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың өзіңе бергенімен / жақсылықтарымен / мәңгілік тұрақ мекенін ізде әрі осы өмірдегі үлесіңді де ұмытпа. Аллаһтың саған жақсылық жасағаны секілді, сен де жақсылық ет. Жер бетінде бүлдірушілікке ұмтылма, күмәнсіз Аллаһ бұзушы-бүлдірушілерді ұнатпайды», - деді
Аударма: ҚМДБ
28:78
قَالَ إِنَّمَآ أُوتِيتُهُۥ عَلَىٰ عِلۡمٍ عِندِيٓۚ أَوَلَمۡ يَعۡلَمۡ أَنَّ ٱللَّهَ قَدۡ أَهۡلَكَ مِن قَبۡلِهِۦ مِنَ ٱلۡقُرُونِ مَنۡ هُوَ أَشَدُّ مِنۡهُ قُوَّةٗ وَأَكۡثَرُ جَمۡعٗاۚ وَلَا يُسۡـَٔلُ عَن ذُنُوبِهِمُ ٱلۡمُجۡرِمُونَ
Қарұн: "Шын мәнінде бұл, маған мендегі білімге берілді. (Баюдың жөнін білуші едім)" деді. Негізінде Алланың бұдан бұрын, бұдан да күшті, тобы көп нәсілдерді жоқ еткенін білмеді ме? Күнәкарлар, күнәларынан сұралмайды. (Бәрі жазулы. С. 10-11-А)
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Қарун / : «Бұл / мал-дәулет / маған білімім үшін берілді», - деді. Ол білмеді ме, Аллаһтың одан бұрынғыұрпақтардан күш-қуаты одан мықты әрі жинағаны да көбірек болғандарды жойып жібергенін? Қылмыскерлер күнәлары жайлы сұралмайды
Аударма: ҚМДБ
28:79
فَخَرَجَ عَلَىٰ قَوۡمِهِۦ فِي زِينَتِهِۦۖ قَالَ ٱلَّذِينَ يُرِيدُونَ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا يَٰلَيۡتَ لَنَا مِثۡلَ مَآ أُوتِيَ قَٰرُونُ إِنَّهُۥ لَذُو حَظٍّ عَظِيمٖ
Ол, қауымына сән-салтанат ішінде шықты; Дүние тіршілігін қалағандар: "Әттең! Бізге де Қарүнға берілген тәрізді болса; өйткені ол, зор ырыс иесі" деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда ол елінің алдына сән-салтанатымен көріктеніп шықты. Әрі осы дүние тіршілігін қалағандар: «Әттең! Қарунға берілгендей нәрсе бізге де берілгенде еді! Ол - сөзсіз, үлкен үлес иесі», - деді
Аударма: ҚМДБ
28:80
وَقَالَ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡعِلۡمَ وَيۡلَكُمۡ ثَوَابُ ٱللَّهِ خَيۡرٞ لِّمَنۡ ءَامَنَ وَعَمِلَ صَٰلِحٗاۚ وَلَا يُلَقَّىٰهَآ إِلَّا ٱلصَّـٰبِرُونَ
Өздеріне білім берілгендер:"Алланың сыйлығы; иман келтіріп ізгі іс істегендерге тағы жақсы. Ал оған сабырлылар ғана жетеді" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, өздеріне білім берілгендер: «Сорларың бар болғыр! Иманға келген және ізгі амал жасағандар үшін Аллаһтың сыйы қайырлы әрі ол сабыр етушілерге ғана бұйырады»,- деді
Аударма: ҚМДБ
28:81
فَخَسَفۡنَا بِهِۦ وَبِدَارِهِ ٱلۡأَرۡضَ فَمَا كَانَ لَهُۥ مِن فِئَةٖ يَنصُرُونَهُۥ مِن دُونِ ٱللَّهِ وَمَا كَانَ مِنَ ٱلۡمُنتَصِرِينَ
Ақыр оны да үйін де жерге жұтқыздық. Алладан өзге оған жәрдем етер бір топ болмады әрі оған көмек етілмеді. (Бұл атақты Қарұн; бай, Мұса (Ғ.С.) ның жақыны, асқан сараң, мың да бір зекет бер десе; бермей, Мұса (Ғ.С.) ны ел алдында қорлау үшін жала жапсырып, көп іренжітеді. Б.М.Р
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Біз оны және оның үй-жайын жерге жұтқыздық. Оны Аллаһтан құтқаратын ешбір топ болмады әрі ол өз-өзін де құтқара алмады
Аударма: ҚМДБ
28:82
وَأَصۡبَحَ ٱلَّذِينَ تَمَنَّوۡاْ مَكَانَهُۥ بِٱلۡأَمۡسِ يَقُولُونَ وَيۡكَأَنَّ ٱللَّهَ يَبۡسُطُ ٱلرِّزۡقَ لِمَن يَشَآءُ مِنۡ عِبَادِهِۦ وَيَقۡدِرُۖ لَوۡلَآ أَن مَّنَّ ٱللَّهُ عَلَيۡنَا لَخَسَفَ بِنَاۖ وَيۡكَأَنَّهُۥ لَا يُفۡلِحُ ٱلۡكَٰفِرُونَ
Кеше оның орнында болуды көксегендер: "Сірә, Алла құлдарынан кімді қаласа, соның несібесін кеңітіп, таралтады екен. Егер Алла, бізге қамқорлық қылмаса, әрине бізді де жерге жұтқызар еді. Айтқандайын, кәпірлер құтылмайды
Аударма: Халифа Алтай
Кеше ғана оның орнында болуды көксегендер ертесіне: «Міне, ғажап! Аллаһ ризықты құлдарынан қалағанына кеңітіп және тарылтып қояды екен. Егер Аллаһ бізге игілік етпегенде, бізді де жерге жұтқызар еді. Иә, солай, кәпірлер мұратқа жетпейді екен»,- деді
Аударма: ҚМДБ
28:83
تِلۡكَ ٱلدَّارُ ٱلۡأٓخِرَةُ نَجۡعَلُهَا لِلَّذِينَ لَا يُرِيدُونَ عُلُوّٗا فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَا فَسَادٗاۚ وَٱلۡعَٰقِبَةُ لِلۡمُتَّقِينَ
Міне ахирет жұрты: Оны, жер жүзінде өзін-өзі көтеріп, бұліншілік ізденбегендерге нәсіп етеміз. Негізінде соңгы табыс тақуалар үшін
Аударма: Халифа Алтай
Міне, бұл - соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / тұрағы. Біз оны жер бетінде өзін жоғары қоюды және бұзу-бүлдірушілікті қаламайтындарға береміз. Ал, нәтиже - тақуалардікі /Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандардікі
Аударма: ҚМДБ
28:84
مَن جَآءَ بِٱلۡحَسَنَةِ فَلَهُۥ خَيۡرٞ مِّنۡهَاۖ وَمَن جَآءَ بِٱلسَّيِّئَةِ فَلَا يُجۡزَى ٱلَّذِينَ عَمِلُواْ ٱلسَّيِّـَٔاتِ إِلَّا مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Кім бір жақсылық келтірсе; оған одан жақсы сыйлық бар. Ал кім бір жамандық келтірсе; ол жамандықты істегендерге, істегендерінің ғана сазайы беріледі
Аударма: Халифа Алтай
Кім жақсылықпен келсе, ол үшін одан да қайырлысы бар. Ал кім жамандықпен келсе, жамандық істегендерге жасаған істерінің ғана қайтарымы беріледі
Аударма: ҚМДБ
28:85
إِنَّ ٱلَّذِي فَرَضَ عَلَيۡكَ ٱلۡقُرۡءَانَ لَرَآدُّكَ إِلَىٰ مَعَادٖۚ قُل رَّبِّيٓ أَعۡلَمُ مَن جَآءَ بِٱلۡهُدَىٰ وَمَنۡ هُوَ فِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٖ
(Мұхаммед Ғ.С.) шәксіз саған Құранды міндетті қылған Алла, әрине сені қайтар жеріңе (Меккеге) қайтарады. "Раббым, Туралық келтірген кісіні де ашық адасудағы кісіні де жақсы біледі" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Кім саған Құранды / жеткізуді / міндеттесе, Сол сені қайтар орынға қайтарады. Айт: «Раббым кімнің / тура жолды көрсететін / басшылықпенкелгенін және кімнің анық адасуда екенін жақсы біледі», - деп
Аударма: ҚМДБ
28:86
وَمَا كُنتَ تَرۡجُوٓاْ أَن يُلۡقَىٰٓ إِلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبُ إِلَّا رَحۡمَةٗ مِّن رَّبِّكَۖ فَلَا تَكُونَنَّ ظَهِيرٗا لِّلۡكَٰفِرِينَ
Саған Кітап түсірілетінін үміт етпеген едің. Бірақ Раббыңның мәрхаметі. Сондықтан қарсы болғандарды сүйемелдеме
Аударма: Халифа Алтай
Сен өзіңе Кітаптың түсуін үміт етпеген, күтпеген едің. Алайда, ол Раббыңнан бір мейірім ретінде / түсірілді / . Сондықтан кәпірлерге болысушы / көмек беруші / болма
Аударма: ҚМДБ
28:87
وَلَا يَصُدُّنَّكَ عَنۡ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ بَعۡدَ إِذۡ أُنزِلَتۡ إِلَيۡكَۖ وَٱدۡعُ إِلَىٰ رَبِّكَۖ وَلَا تَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡمُشۡرِكِينَ
Алланың аяттары саған түсірілгеннен кейін олар сені одан (аяттарға ғамал қылудан) тоспасын. Оларды Раббыңа шақыр да әсте серік қатушылардан болма
Аударма: Халифа Алтай
Өзіңе Аллаһтың аяттары түсірілгеннен кейін, олар сені одан тоспасын, Раббыңа шақыр және Оған серік қосушылардан болма
Аударма: ҚМДБ
28:88
وَلَا تَدۡعُ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَۘ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۚ كُلُّ شَيۡءٍ هَالِكٌ إِلَّا وَجۡهَهُۥۚ لَهُ ٱلۡحُكۡمُ وَإِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ
Алла мен бірге басқа тәңір шақырма! Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Оның дидарынан басқа әр нәрсе жоқ болады. Үкім Оған тән. Сондай-ақ Оған қайтарыласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһпен қатар басқа құдай шақырма / Одан өзгеге құлшылық етпе / ,Одан басқа ешбір құдай жоқ. Оның дидарынан / Өзінен / басқа барлық нәрсе жоқ болады. Үкім ету -Оған тән әрі сендер Оған қайтарыласыңдар
Аударма: ҚМДБ
← Ан-НамльБарлық сүрелерАль-Анкабут →

Аль-Касас сүресі туралы

Аль-Касас (القصص) — Құранның 28-сүресі, 88 аят, меккелік сүре, 20-жүз, мысхафтың 385-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу