Адам баласына әке-шешесіне жақсылық қылуды нұсқадық. Егер екеуі саған білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуыңа тырысса, онда ол екеуіне бағынба. Қайтар жерің Мен жақ. Сол уақытта сендерге не істегендеріңді түсіндіремін
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз адамға ата-анасына жақсылық істеуді өсиет етіп тапсырдық. Ал, егер ол екеуі өзің білмеген нәрсені Маған серік етіп қосуға күштесе, онда оларға бағынба. Қайтуларың Маған / Маған қайтасыңдар / . Сонда Мен сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын беремін
Адамдардың кейбірі: "Аллаға иман келтірдік" дейді де олар Алла жолында жапа тартса, адамдардың кесірін, Алланың азабындай көреді. Әлбетте Раббыңнан бір нүсырат келетін болса: "Әрине біз сендермен бірге едік" дейді. Алла әлемдегілердің көңілдеріндегіні жақсы біледі емес пе
Аударма: Халифа Алтай
Адамдардың ішінде: «Аллаһқа сендік» -деп айтатындар бар. Бірақ, қашан ол Аллаһ жолында зиян көрсе, адамдардың бүлігін / жамандығын / Аллаһтың азабындай көреді. Ал, егер Раббыңнан бір жеңіс келсе, олар міндетті түрде: «Шын мәнінде, біз сендермен бірге болдық»,- дейді. Аллаһ әлемдердің көкіректеріндегіні жақсы біледі емес пе
Сондай кәпірлер, иман келтіргендерге: "Біздіқ жолымызға ілесіңдер, қателіктеріңді біз көтерейік" деді. Негізінен олар, бұлардың күнәларынан еш нәрсе көтеруші емес. Расында олар суайт
Аударма: Халифа Алтай
Әрі күпірлік етушілер / имансыздар / имандыларға: «Біздің жолымызға еріқцер, сендердің күнәларыңды біз көтереміз», - деді. Бірақ олар бұлардың күнәларынан ешнәрсені де көтермейді. Шын мәнінде, олар - өтірікшілер
Әрине олар, өз жүктерін де онымен бірге басқа жүктер де көтереді. Әлбетте олар қиямет күні, жасама істерінен сұраққа тартылады
Аударма: Халифа Алтай
Олар өз жүктерін / күнәларын / әрі өз жүктерімен бірге басқа жүктерді де міндетті түрде көтереді. Әрі Қайта тірілу күні ойдан шығарғандары / өтіріктері / туралы олар міндетті түрде сұраққа тартылады
Ыбырайым (Ғ.С.) ды да. Сол уақытта еліне: "Аллаға құлшылық қылыңдар да Одан қорқыңдар. Егер білсеңдер, оларың сендер үшін хайырлы" деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ибраһимды да / жібердік / . Ол еліне: «Аллаһқа құлшылық етіңдер және тақуалық етіңдер / Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар / . Егер білсеңдер, бұл - / құлшылық пен тақуалық / сендер үшін қайырлы
Алладан өзге табынғандарың, сендерге ризық бере алмайды. Онда ризықты Алланың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, сендер Аллаһтың орнына, пұттарға табынасыңдар әрі / оларды құдай деп ойдан І өтірікті құрастырасыңдар. Негізінде, сендердің Аллаһтың орнына табынғандарың сендерге ризық беруге шамасыз. Ризықты Аллаһтан іздеңдер, Оған ғана құлшылық етіңдер және шүкір етіңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер / . Сендер Оған қайтарыласыңдар»,- деді
(Мұхаммед Ғ.С.): "Жер жүзінде кезіңдер де жаратуды қалай бастап, сосын екінші жасауды да жасайды. Көріңдер! Расында Алланың әр нәрсеге күші жетеді" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жер бетін аралап, Оның жаратылысты қалай бастағанына назар салыңдар. Ал кейін, Аллаһ соңғы жаратуды жасайды / Қияметте қайта тірілтеді / . Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
Сондай Алланың аяттарына әрі өзіне қауышуға қарсы келгендер; міне солар, рахметімнен күдер үзді. Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың белгілеріне және Онымен жолығуға / ақиретке / күпірлік етушілер / сенбеушілер, теріске шығарушылар / , міне, солар - Менің мейірімімнен үмітсіз болады. Әрі соларға күйзелтуші азап бар
Сонда елінің жауабы: "Ыбырайыиды өлтіріңдер немесе оны өртеңдер" деу ғана болды. Алла оны оттан құтқарды. Сөз жоқ, бұнда сенген елге ғибраттар бар
Аударма: Халифа Алтай
Ибраһимнің шақыруына / оның елінің жауабы: «Оны өлтіріңдер немесе өртеңдер», - деу ғана болды. Ал, Аллаһ оны оттан құтқарды. Ақиқатында, мұнда сенетін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар
(Ыбырайым Ғ.С.): "Шын мәнінде сендер дүние тіршілігінде өзара достық үшін Алладан өзге бұттар жасап алдыңдар. Сосын қиямет күні бір-біріңе қарсы шығып, бір-біріңді қарғайсыңдар да орындарың тозақ болып, сендерге ешбір жәрдемші болмайды" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ибраһим / : «Негізінде, сендер осы өмірдегі өзара жақсы көрулеріңнен Аллаһтан өзгелерді табынатын нәрсе етіп алдыңдар. Кейін Қайта тірілу күні бір-біріңе қарсы шығып, бір-біріңді қарғайсыңдар. Сендердің баратын орындарың - От әрі сендерге көмекшілер болмайды
Оған Ысхақты, Яғқұпты бердік те оның ұрпақтарына кітап, пайғамбарлық мәрхамет еттік. Әрі өзіне Дүние сыйлығын бердік. Әрине ол, ахиретте де ізгілерден
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз оған Исхақты және Йаъқубты тарту еттік, ал оның ұрпақтарына пайғамбарлық пен Кітапты / бердік / . Біз оның сыйын осы дүниеде бердік, ал соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ол әлбетте ізгілерден болады
Рас сендер еркектерге жақындасасыңдар да жол кесіп, және мәжілістеріңде жамандық істейсіңдер ме?" (С. 54-А.) Сонда елінің жауабы: "Егер шыншылдардан болсаң, қане бізге Алланың азабын келтірші" дегеннен басқа болмады
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, еркектерге келетін / жақындасатын / және жол кесетін / жолаушыларды тонайтын / әрі отырыстарыңда айыпталған іс жасайтындар сендер емессіңдер ме?» - деді. Сонда оның елінің жауабы тек: «Егер шын сөзділерден болсаң, бізге Аллаһтың азабын келтір», - деу ғана болды
Елшілеріміз (періштелер), Ыбырайым (Ғ.С.) ға шүйіншімен келген сәтте: "Осы халқы залым болған кентті рас жоқ етеміз" десті
Аударма: Халифа Алтай
Біздің елшілеріміз Ибраһимге қуанышты хабар әкелген кезде олар: «Шын мәнінде, біз мына кент тұрғындарын жоямыз. Ақиқатында, оның тұрғындары әділетсіздер», -деді
(Ыбырайым Ғ.С.): "Әрине онда Лұт та бар" деді. (Елшілер): "Ол жерде кімнің болғанын жақсы білеміз; кейін қалушылардан болатын қатынынан басқа өзін де ұй-ішін де әлбетте құтқарамыз" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Ибраһим / : «Онда Лұт бар ғой!» деді. Олар: «Ол жерде кімнің бар екенін жақсы білеміз. Біз оны және үй ішін міндетті түрде құтқарамыз, тек қалушылардан болған әйелінен басқа»,- деді
Елшілеріміз Лұт (Ғ.С.) қа келген сәтте, олардың салдарынан қынжылып, көңлі тарайды. (Періштелер; көркем жас жігіттер стретінде еді. Б.Ж.Р.) Олар: "Қорықпа да кейіме. Сөз жоқ, кейін қалушылардан болатын жұбайыңнан басқа өзіңді де семьяңды да құтқарамыз" деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Елшілеріміз Лұтқа келгенде, ол олар үшін қамығып, өзінің әлсіздігіне қысылды. Сонда олар: «Қорықпа және қайғырма! Анығында Біз сені және қалушылардан болған әйеліңнен басқа үй ішіңді құтқарамыз»
Мәдянға туыстары Шұғайып (Ғ.С.) ты жібердік те: "Әй елім! •Аллаға құлшылық қылыңдар да ахирет күнінен үміт етіңдер. Жер жүзінде бұзақылық істеп, жүрмеңдер" деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Мәдиян еліне ағайындары Шұғайыпты / жібердік / . Ол: «Әй, халқым! Аллаһқа Құлшылық етіңдер әрі Ақирет күніне үміт артыңдар және жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасап жүрмеңдер», - деді
Сондай-ақ Ғад, Сәмүд (елі де жоқ болған). Расында сендерге олардың жұрттарынан-ақ байқалады. Шайтан олардың қылықтарын әдемі көрсетіп, оларды жолдан тосты; олар көріп, біліп тұрса да
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ Ад елі мен Сәмұд елін де / жазаладың / , Сендерге олардың мекен еткен тұрақтары белгілі. Шайтан оларға амалдарын әдемі етіп көрсетіп, олардың зеректігіне қарамастан жолдан бұрды
Қарүн, Перғауын және Ћаманды да (жоқ еттік.) Расында Мұса (Ғ.С.) оларға ашық белгілер келтірген еді де олар жер жүзінде дандайсыған еді. Сонда да олар қашып құтыла алмады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Қарун, Фиръаун және Һаманды да. Мұса оларға анық дәлелдермен келген еді. Бірақ олар жерде / елдерінде / менменсіп, өздерін жоғары санады әрі / жазадан / озып кете алмады
Олардың күнәларының салдарынан кейбіреулерін; үстіне тас жаудырып, кейбіреулерін; ащы дауыспен, кейбірлерін; жерге жұттырып және кейбіреулерін де суға батырып, бәрін қолға алдық. Алла оларға зұлымдық етпеді. Бірақ олар өздеріне зұлымдық етті
Аударма: Халифа Алтай
Әрқайсысын күнәларына сай ұстадық / жазаладық / . Олардың біріне Біз тасты құйын жібердік, бірін сайха алды, ал бірін жерге жұтқыздық және бірін суға батырдық. Аллаһ оларға әділетсіздік етпеді, бірақ олар өздеріне-өздеріәділетсіздік жасады
Алладан өзгені ие етіп алғандар; ұя жасап алған өрмекшінің мысалы сияқты: Шын мәнінде ұйлердің ең осалы өрмекшінің ұясы. Егер олар білетін болса
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтан өзге біреулерді қамқоршы етіп алғандардың мысалы - өзіне тұратын жай жасап алған өрмекшінің мысалына ұқсайды. Шын мәнінде, үйлердің ең осалы - өрмекшінің үйі. Егер де олар білетін болса
(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да намазды орында. Күдіксіз намаз; арсыздықтан, жамандықтан тыяды. Әрине Алланы еске алу, аса ірі нәрсе. Сондай-ақ Алла (Т.) не жасағандарыңды біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Өзіңе Кітаптан уахи етілгенді оқы әрі намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орында. Анығында, намаз жеккөрінішті / бұзық / істерден және қайтарылған нәрселерден тыяды. Ал, Аллаһтың еске алуы өте үлкен, Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңды біледі
Іштеріндегі зұлымдық қылғандарынан басқа Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар. (Сыпайы, дәлелді түрде қанағаттандырыңдар.) Оларға: "Бізге түсірілгенге де сендерге түсірілгенге де иман келтірдік. Және біздің Тәңіріміз де сендердің Тәңірлерің де біреу-ақ. Біз оған бой ұсынғандармыз" деңдер
Аударма: Халифа Алтай
Кітап берілген қауымның әділетсіздік жасағандарынан басқасымен тек жақсы нәрсемен болмаса пікір таластырмаңдар. Әрі айтыңдар: «Біз өзімізге түсірілгенге және сендерге түсірілгенге сендік. Біздің құдайымыз бен сендердің құдайың- біреу әрі біз - Оған бойсұнушымыз», - деп
(Мұхаммед Ғ.С.) осылайша саған Кітап түсірдік. Сондықтан өздеріне кітап бергендеріміз оған сенеді. Және осылар (араптар) дан да оған сенетіндер бар. Аяттарымызға кәпірлер ғана қарсы келеді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Міне, осылай саған Кітап түсірдік. Ал, өздеріне Кітап бергендеріміз оған / Құранға / сенеді. Әрі бұлардан да оған сенетіндер бар. Біздің аяттарымызды тек кәпірлер ғана теріске шығарады
Олар: "Оған Раббынан неге мұғжизалар түсірілмейді?",- десті. "Мұғжизалар; Алланың ғана жанында. Шын мәнінде мен ашық ескертуші ғанамын" де
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Оған Раббысынан белгі-мұғжизалар неге түсірілмейді?» - деді. Айт: «Мұғжизалар - тек Аллаһта, ал мен - анық ескертуші ғанамын», - деп
Әрине оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз өздеріне жетіп аспай ма? (Одан артық мұғжиза бола ма?) Сөз жоқ. Құранда, иман келтірген ел үшін әрине игілік және үгіт бар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз, олар үшін жеткілікті емес пе? Ақиқатында онда / Құранда / сенетін ел үшін мейірім әрі еске салу бар
Алла, мені мен сендердің арамызда куәлікте жеткілікті. Өйткені Ол, көктердегі әрі жердегі нәрселерді біледі. Сондай бос нәрсөлерге сеніп, Аллаға қарсы келгендер, міне солар; зиянға ұшыраушылар
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Мені мен сендердің араларыңа куәлік етуде Аллаһтың Өзі жеткілікті. Ол аспандардағы және жердегіні біледі. Ал жалғанға сеніп, Аллаһқа күпірлік етушілер / сенбейтіндер / - нағыз зиян көрушілер», - деп
(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен азапты тездетіп тілейді. Егер мерзім белгіленген болмаса, әлбетте оларға апат келер еді. Әрине, олар сезбеген түрде азап келеді
Аударма: Халифа Алтай
Олар сенен азапты тездетуді талап етеді. Егер белгіленген мерзім болмағанда, оларға азап міндетті түрде келген болар еді. Негізінде ол оларға күмәнсіз, кенеттен келіп, олар оны сезбей де қалады
Иман келтіріп, ізгі іс істегендер, әлбетте оларды жаннаттың астынан өзендер ағатын жоғарғы орындарына орналастырамыз да олар онда мәңгі қалады. Ғамал істеушілердің сыйлығы нендей әйбет
Аударма: Халифа Алтай
Біз иманға келген және ізгі амал істегендерді астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы биік орындарға орналастырамыз. Олар онда мәңгі қалады. Амал істеушілердің сыйы қандай жақсы
Егер олардан: "Көктер мен жерді кім жаратты және күн мен айды кім іске қосты?",- деп сұрасаң, әлбетте: "Алла" дейді. Сонда олар қайда лағып барады
Аударма: Халифа Алтай
Егер олардан / серік қосушылардан / : «Аспандарды және жерді жаратқан әрі күн мен айды бағынышты етіп қойған кім?» деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», - дейді. Олар қаншалықты теріс кеткендер
Ал егер олардан: "Көктен жаңбыр жаудырып, онымен жерді өлімнен кейін жандандырған кім?",-деп сұрасаң, әлбетте: "Алла" дейді. (Мұхаммед Ғ.С.): "Барлық мақтау Аллаға лайық" де. Бірақ олардың көбі түсінбейді
Аударма: Халифа Алтай
Егер олардан: «Аспаннан су түсіріп, ол арқылы тіршіліксіз қалған / өлген / жерді тірілткен кім?» - деп сұрасаң: «Аллаһ»,- дейді. Сен: «Барлық мақтау Аллаһқа», - де. Алайда олардың көпшілігі ақылдарын істетіп ұғынбайды
Бұл Дүние тіршілігі бір ойыншық, ермек ғана. Күдіксіз ахирет жұрты анық тіршілік. Әттең! Олар білсе
Аударма: Халифа Алтай
Әрі бұл өмір - тек бос ермек және ойыннан басқа ешнәрсе емес. Егер де олар білетін болса, анығында, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / тұрағы - шын, нағыз өмір
Қашан олар кемегө отырса, дінін Аллаға арнаған түрде жалбарынады да, оларды құтқарып қырға шығарса, сол уақытта олар; Аллаға серік қосады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қашан олар кемеге мінгендерінде дінін / құлшылықтарын / шын ықыласпен / серік қосу, риядан тазартып / тек Оған арнаған күйде Аллаһқа дұға етеді / Одан тілеп, жалбарынады / . Ал, оларды құрлыққа / шығарып / құтқарған соң, олар Оғанөзгелерді серік етіп қосады
(Мекке халқы) маңындағы адамдар қағып әкетіліп тұранда, Меккені ардақты және бейбіт орын еткенімізді кермеді ме? Сонда бос нәрсеге сеніп Алланың нығметіне нәсүкірлік қыла ма
Аударма: Халифа Алтай
Олар / Мекке мүшріктері / маңайларындағы адамдардың ұсталып, таланып жатқанында, Біз / Меккені/ қасиетті әрі қауіпсіз еткенімізді көрмеді ме? Сонда олар жалғанға сеніп, Аллаһтың игілігін теріске шығара ма
Аллаға жасанды жала жапқаннан немесе келген шындыққа қарсы болғаннан залым бар ма? Кәпірлердің орны тозақ емес пе
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ жайында ойынан өтірік шығарғаннан немесе өзіне ақиқат келген кезде оны жалған санағаннан өткен әділетсіз бар ма? Кәпірлердің орны Жаһаннам емес пе