Алла (Т.) Көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды шындықпен белгілі бір мерзім үшін жаратты. Өздері жайында ойламай ма? Шынында адамдардың көбі Раббыларына жолығуға қарсы келеді
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздері жайлы ойланып көрмеді ме? Аллаһ аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларды ақиқат бойынша және белгілі мерзімге жаратқан. Анығында, адамдардың көбі / қайта тіріліп / өздерінің Раббысына жолығатындығына сенбейді
Олар жер жүзінде кезіп, өздеріне бұрынғылардың соңының не болғанын көрмей ие? Негізінен олар, бұлардан күштірек еді де олар, жерді қопарып, олар оны; бұлардың дамытуынан көрі көбірек дамытқан еді. Оларға ашық дәлелдер мен елшілер де келген еді. Сонда Алла, Оларға зұлымдық еткен емес. Бірақ олар өздеріне зұлымдық етті
Аударма: Халифа Алтай
Олар жер бетінде сапар шекпеді ме, сөйтіп өздерінен бұрынғылардың соңы қалай болғанын көрмеді ме? Олар күш-қуат жағынан бұлардан мықты еді, олар жерді жыртып, оны бұлардың игергенінен артық игерген еді. Оларға елшілер анық дәлелдермен келді. Аллаһ оларға әділетсіздік етпеді, бірақ олар өздеріне-өздері әділетсіздік етті
Ол, өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарады да жерді өлгеннен кейін жандандырады. Сол сияқты сендер де (қабырдан) шығарыласыңцар
Аударма: Халифа Алтай
Ол өліден тіріні шығарады, тіріден өліні шығарады әрі жерді өлгенінен кейін / қайта жандандырып / тірілтеді. Сендер де осылай / қабірден қайта тірілтіліп / шығарыласыңдар
Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сұйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сендердің тыныштық, тыным тауып орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларында сүйіспеншілік пен мейірім-жанашырлық пайда етуі де Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда ойланып, ақылға салатын адамдар үшін дәлел-ғибраттар бар
Көктер мен жерді жаратуы, тілдеріңнің түстеріңнің, қарама-қарсылығы да Оның белгілерінен. Шәксіз бұларда білгендер үшін белгілер бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі аспандар мен жердің жаратылуы және сендердің тілдерің мен түстеріңнің әртүрлі болуы да - Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда білетіндер үшін белгі-ғибраттар бар
Күндіз-түнде ұйықтауларың, сондай-ақ Алланың кеңшілігін іздеулерін де, Оның белгілерінен. Күдіксіз бұларда тыңдаған қауым үшін белгілер бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі түнгі және күндізгі ұйқыларың және Оның кеңшілігін / ризықтарыңды / іздеулерің де - Оның белгілерінен. Ақиқатында мұнда тыңдайтын адамдар үшін белгі-ғибраттар бар
Сендерге үрейлену, дәмету түрінде нажағайды көрсетуі, көктен жаңбыр жаудырып онымен өлгеннен кейін жерді жандандыруы да Оның белгілерінен. Рас бұлар да ақыл жұмсаған халыққа үлгілер бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сендерге найзағайды қорқуларың және үміт етулерің үшін көрсетуі және аспаннан су түсіріп, онымен жерді өлгенінен / тіршіліксіз қалғанынан / кейін қайта тірілтуі де - Оның белгілерінен. Ақиқатында Мұнда ақылын істетіп, ұғынатын адамдар үшін дәлелдер бар
Көк пен жердің Оның әмірінде тұруы да Оның белгілерінен. Сосын сендерді жерден бір шақырумен шақырған сәтте, дереу сендер шыға келесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі аспан және жердің Оның әмірімен тұруы - Оның белгілерінен. Кейін Ол сендерді / қиямет күні / шақырғанда, сендер сол сәтте жерден / қайта тіріліп / шығасыңдар
Сол, сондай жоқтан бар етіп, сосын қайта жаратады. БҰЛ Оған оңай. Әрі көктер мен жердегі жоғары сипат Оған тән. Ол өте үстем, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол алғаш / жоқтан / пайда етеді, кейін оны қайталайды / қайта жаратады / .Бұл, Ол үшін өте жеңіл. Аспандар мен жердегі ең жоғары сипаттар Оған тән. Ол бәрінен Үстем , аса Дана
Ол, сендерге өздеріңнен мысал келтіреді: Сендерге Біз берген несібе де қол астарыңдағы құлдар да сендер мен тең ортақ болып, олардан өздеріңнен жасқанғандай жасқанасыңдар ма? Осылайша аяттарымызды ақыл жұмсаған елге егжей-тегжейлі баян етеміз
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерге өздерің туралы мысал келтірді. Біз сендерге ризық етіп бергенімізге сендердің қол астарыңдағылардан / құлдарыңнан / серік болатындар бар ма? Әрі сендер олармен оған / меншіктеріңе / қатысты / құқық тұрғысынан / тең болып, олардан өздеріңнен / өздерің секілді меншікке үлесі бардан / қорыққандай қорқасындар ма? Біз ақылдарын істетіп, үғынатын адамдарға аяттарымызды осылай анық етіп түсіндіреміз
Әрине залымдар, білмесе де көңілдері тартқан жаққа кеткен. Алла адастырған кісіге кім тура жол көрсетеді. Сондай-ақ оларға ешбір жәрдемші жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, әділетсіздік еткендер ешқандай білімі болмаса да көңілі құмарлығына ерді. Аллаһ адастырғанды кім тура жолға сала алады? Әрі оларға көмек берушілер болмайды
(Мұхаммед Ғ.С.) бәрінен бет бұрып, жүзінді Ислам дініне жөнелт. Алла жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Алланың жаратуында өзгеріс болмайды. Осы түп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді. (С. 56-А)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Жүзіңді дінге ханиф болған түрде қарат. Аллаһ адамдарды осы фитрамен / табиғи болмыспен / жаратты. Аллаһтың жаратқанын / фитраны / өзгертуге болмайды. Міне, осы - тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі білмейді
Аллаға бой ұсынған түрде Одан қорқа отырып, намазды орындаңдар. Әрі ортақ қосушылардан болмаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Оған бойсұнған күйде қайтып, тақуалық етіңдер / жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле, / толық орындаңдар және Аллаһқа серік қосушылардан болмаңдар
Қашан адам баласына бір бейнет жетсе, олар Раббыларына ықыласпен жалбарынады. Сосын Алла, қашан оған өз тарапынан бір мәрхамет таттырса, сонда олардың кейбіреулері, Раббыларына ортақ қосады
Аударма: Халифа Алтай
Егер адамдарға бір зиян тисе, олар Раббысына бойсұна жүгініп, Оған жалбарынады. Ал, кейін Ол оларға Өз тарапынан бір мейірім татқызса, олардың бір бөлігі Раббысына серік қосады
Қашан адам баласына бір жақсылық татырсақ; сонда ол, оған мәз болады да егер өздерінің қолекі істегендерінің салдарынан бір жамандық келсе, сонда олар күдер үзеді
Аударма: Халифа Алтай
Қашан адамдарға мейірім таттырсақ, олар оған қуанады. Ал егер оларға қолдарымен істегендері салдарынан бір жамандық келсе, олар сол бойда үмітсіздікке түседі
Ендеше жақындарға, міскіндерге жолда қалғандарға хақысын бер. Алланың ризалығын көксегендер үшін осы жақсы. Міне солар құтылушылар
Аударма: Халифа Алтай
Туысқанға өз хақысын бер әрі жарлыға да және жолда қалып қойғанға да. Аллаһтың дидарын / ақиретте көруді / қалағандар үшін осы қайырлы. Міне, солар -мұратына жететіндер
Сендердің адамдардың малына берген өсімдерің Алланың қасында өспейді де Алланың ризалығын тілеп берген зекеттерің өседі. Ал сонда, міне солар; артықша сауапқа бөленушілер
Аударма: Халифа Алтай
Сендер адамдардың мал-дүниелері ішінде көбейсін деп, өсім үшін бергендерің, Аллаһтың алдында көбеймейді. Ал, Аллаһтың дидарын қалап берген зекеттерің / еселенеді / - міне, солар сауабы еселеніп артатындар
Ол Алла, сендерді жаратып, сосын ризық береді, одан кейін өлтіреді, соңыра тірілтеді. Ал сендердің Аллаға қосқан ортақтарыңнан, осылардан бір нәрсе істейтін кім? Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк әрі жоғары
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ, Ол - сендерді жаратты, кейін ризық берді, содан кейін сендерді өлтіреді / жандарыңды алады / , кейін сендерді / Есеп күні қайта / тірілтеді. Сендердің Оған серік етіп қосқандарыңның ішінде осы істердің бірін жасай алатын біреу бар ма? Ол - / барлық кемшіліктен / пәк әрі олардың серік етіп қосқандарынан жоғары
Адамдардың қолекі істегендерінің кейбірінің сазайын татыру үшін құрылықта әрі теңізде бұзықтық шықты. Мүмкін олар, бағыттарынан қайтар
Аударма: Халифа Алтай
Адамдардың өз қолдарымен жасағандарының / күнә, қылмыстарының / себебінен құрлықта және теңізде бүліншілік пайда болды. / Бұл / олардың істеген күнәларының кейбірінің жазасын татуы әрі олардың / күнәлардан / қайтулары үшін
Сендерге игілік татыру үшін қуантушы самалдар жіберуі , кеңшілігінен несібе іздеулерің үшін өз әмірімен кемені жүргізуі Оның белгілерінен. Әрине шүкір етерсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Оның белгілерінің бірі - сендерге Өзінің мейірімінен таттыруы үшін желдерді игі хабаршы етіп жіберуі және Оның кеңшілігін / ризық-несібелеріңді / Ш іздеп, игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін кемелердің Оның әмірі бойынша жүзуі
Әрине сенен бұрын да олардың елдеріне елшілер жібердік; Оларға дәлелдер келтірді. Сонда олардың күнәкарларының сазайын тарттырдық. Сондай-ақ мүміндерге жәрдем ету бізге міндет
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз сенен бұрын да елшілерді елдеріне жібердік. Сонда олар елдеріне анық дәлелдермен келді. Кейін, Біз қылмыс істегендерді жазаладық. Өйткені имандыларға көмек беру - Бізге міндет
Ол сондай Алла, желдерді жібереді де бұлттарды жүргізіп, оны қалауы бойынша аспанда жаяды. Және бұлтты бөлшектейді. Сонда оның араларынан жаңбырдың шыққанын көресің. Сонда ол, жаңбырды құлдарынан қалағанына жеткізеді. Сол уақытта олар қуанышқа ие болады
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ, Ол сондай, желдерді жіберіп, ол / желдер / бұлттарды / теңіздерден / Шқозғап / көтеріп / , содан оны / бұлттарды / аспанда Өзі қалағандай жаяды және бөлек-бөлек етеді. Сонда сен олардың арасынан жаңбыр тамшыларының шыққанын көресің. Қашан Ол оны Өз құлдарынан қалағандарына жіберсе / жаудырса / , сонда олар қуанады
Алланың рахметінің әсерлеріне қара. Жер жүзі өлгеннен кейін оны қалай жандандырды. Рас Ол, өлілерді тірілтеді, Оның әр нәрсеге күші толық жетеді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ мейірімінің іздеріне / нәтижесіне / Оның жерді өлгенінен кейін қалай тірілтетініне қара. Негізінде Ол - өлілерді де тірілтуші, әрі Ол - барлық нәрсені Жасай алушы
Ол сондай Алла; сендерді әлсіз жаратып, сосын әлсіздіктен кейін күш беріп, сосын күштен кейін нашарлатып, кәртейтті. Ол, қалағанын жаратады. Сондай-ақ Ол, аса естуші, тым күшті
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ, Ол сондай, сендерді әлсізден жаратты, одан соң әлсіздіктен кейін қуат берді, одан кейін күш-қуаттан соң әлсіздік беріп, сақал-шашқа ақ түсіреді. Ол Өзі қалаған нәрсесін жаратады. Ол бәрін Білуші, барлық нәрсені Жасай алушы
Қиямет-қайым болатын күні, күнәкарлар, (өлгеннен қияметкө дейін) бір сағаттан басқа тұрмадық деп, ант ішеді. Осылайша олар, (дүниеде де алданып,) адасқан еді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Сағат / қайта тірілу күні / болған күні қылмыскерлер / бұл дүниеде / бір аз уақыт қана болдық деп ант ішеді. Олар міне осылай / өткен дүниеде де ақиқаттан / бұрылып кеткен еді
Ал ғылым және иман берілгендер: "Расында Алланың жазуындағы тірілетін күнге дейін тұрдыңдар, тірілетін күн осы. Бірақ сендер білмейтін едіңдер" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ал білім мен иман берілгендер болса: «Негізінде сендер Аллаһтың жазуы бойынша қайта тірілтілетін күнге дейін болдыңдар. Қайта тірілтілетін күн - осы. Бірақ сендер білмедіңдер», - дейді
Расында Бұл Құранда адам баласы үшін әр түрлі мысал бердік. Оларға бір белгі келтірсең де қарсы келгендер: "Сендер бұзушы ғанасыңдар" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Біз осы Құранда адамдарға әртүрлі мысалдардан келтірдік. Егер оларға бір белгі, мұғжиза келтірсең де күпір келтірушілер / мойындамаушылар / сөзсіз: «Сендер - тек жалғанды әкелушісіңдер», - дейді