Адамдардың түк білмесе де Алланың жолынан адастыру және тәлкекке алу үшін ертегіге айырбастап алғандар бар. Міне солар, үшін қорлаушы азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Адамдардың ішінде, ешқандай білімі болмаса да / адамдарды / Аллаһтың жолынан адастыру үшін пайдасыз бос әңгімелерді сатып алатын бар әрі ол оны / Аллаһтың жолын / келекеге айналдырады. Міне, соларға қорлаушы азап болады
Оған аяттарымыз оқылған сәтте, оны естімегендей тіпті құлақтарында тығып бардай паңсып теріс айналады. Оны күйзелтуші азаппен қуандыр
Аударма: Халифа Алтай
Қашан оған Біздің аяттарымыз оқылса, ол оны естімегендей, құлағында кереңдік бар секілді, өзін жоғары санап, менменси теріс бұрылады. / Ей, Мұхаммед! / Оны күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»
Сендер, тіреусіз көрген көкті жаратты да сендерді теңселтеді деп, жер бетіне асқар тауларды қойды. Сондай-ақ бүкіл жандықты өргізді де көктен жаңбыр жаудырып, онда әр түрлі көркем парымен өсімдіктерді өсірдік
Аударма: Халифа Алтай
Ол аспандарды тіреусіз жаратты, оны / тіреуді / егер болғанда көретін едіңдер және жерге мызғымай тұрғандарды / тауларды / тастады, сендермен бірге шайқалмауы үшін және онда әрбір жаны барды таратты. Әрі Біз аспаннан су түсіріп, онда / жерде / барлық көркем түрлерді өсірдік
Рас Лұқманға шүкірлік етуі үшін даналық бердік. Кім шүкір етсе, өзі үшін шүкір етеді. Ал кім нәсүкірлік етсе, сонда да Алла мұңсыз, мақтауға лайық. (Лұқман аса дана, табип болған кісі. Жалпы көз қарас бойынша, Лүқман пайғамбар емес, дәрігер. Б.Ж.М.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Біз Лұқманға даналық беріп: «Шүкір ет / Раббыңның берген игіліктеріне алғыс білдір / . Кім шүкір етсе / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірсе / , білдірген алғысы / шүкірлігі / өз пайдасына болады. Ал кім күпірлік етсе / берілген игіліктерді мойындамаса / , әлбетте Аллаһ - Бай, мұқтажсыз, аса Мақтаулы», -дедік
Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып: "Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық" деді
Аударма: Халифа Алтай
Міне, кезінде Лұқман ұлына насихат етіп: «Әй, ұлым / кішкентайым / \ Аллаһқа серік қоспа. Өйткені серік қосу - өте үлкен әділетсіздік», - деп айтқан еді
Адамдарға; ата-анасына қарайласуды бүйырдық. Ананың оған мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның Мен жақ
Аударма: Халифа Алтай
Біз адам баласына ата-анасын өсиет етіп тапсырдық. Анасы жүкті болып, оны әлсіздік үстіне әлсіздікпен көтерді. Әрі / сәбиді омыраудан / екі жылда ажыратады. Маған және ата-анаңа шүкір ет / алғыс, ризалық білдір / . Қайтуларың Маған / Мағанқайтасыңдар
Егер екеуі білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуға зорласа, Оларға бағынба! Олармен дүниеде дұрыс жолдас бол да Маған құштар адамдардың жолына түс. Сосын барар орындарың Мен жақ; сонда істеген істеріңді баян етемін
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер ол екеуі өзінде білімі болмаған нәрсені Маған серік етіп қосуың үшін ұмтылып, әрекет етсе, онда оларға бағынба. Бірақ, бұл дүниеде оларды құпталғанға сай қарап, күт, әрі Маған бойсұнып, жүгінгендердің жолымен жүр. Кейін сендер Маған қайтасындар. Сонда сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын беремін
(Лұқман): "Әй ұлым! Тарының салмағындай болса да бір жар тастың ішінде болса да көктерде не жерде болса да Алла оны (қиямет күні) келтіреді. Расында Алла өте мұлайым, толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
«Әй, балам! Егер қыша дәнінің салмағындай бір нәрсе болып, ол бір жартастың ішінде, не аспандарда, не жерде болса да, Аллаһ оны келтіреді. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені толық Білуші, бәрінен Хабардар
Әй ұлым! Намазды толық орында. Дүрыстыққа бұйырып, бұрыстықтан тый. Басыңа келген ауыршылыққа сабыр ет. Рас бұлар маңызды істерден
Аударма: Халифа Алтай
Әй, балам, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле, толық / орында, құпталғанға бұйыр әрі тыйым салынғаннан қайтар және басыңа түскенге сабыр ет. Ақиқатында, бұлар - қайрат-жігер танытатын істерден
Көрдіңдер ме? Рас Алла (Т.) сендерге көктердегі, жердегі нәрселерді бой тсындырды. Және сендерге көрнеу, көмес нығметтерін толықтасырды. Сонда да ешбір білімі, тура жолы не нтрландырупш кітабы болмаған кейбір адамдар, Алла жайында таласады
Аударма: Халифа Алтай
Аспандар мен жердегі нәрселерді Аллаһтың сендер үшін бағынышты еткенін, әрі сендерді ап-айқын және жасырын / көрінбейтін / игіліктеріне бөлегенін көрмедіңдер ме? Адамдардың арасында өзінде не білімі, не тура жолға бастаушысы, не жарық беруші кітабы болмаса да Аллаһ жайында айтысатындары бар
Қашан оларға: "Алланың түсірген нәрсесіне ілесіңдер" делінсе, олар: "Жоқ, аталарымызды тапқан нәрсеге ілесеміз" дейді. Егер шайтан оларды жалындаған азапқа шақырса да ма
Аударма: Халифа Алтай
Әрі қашан оларға:«Аллаһтыңтүсіргеніне еріңдер», - делінсе, олар: «Жоқ.Біз аталарымызды ненің үстінде / қандай құлшылықта / тапсақ, соған ереміз», - дейді. Егер де шайтан оларды Саъир (Тозақтың бір аты. Мағнасы - жалынды от) азабына шақырса да ма
Кім өзін Аллаға тапсырып, игілік істесе, сонда ол; расында берік тұтқаны ұстаған болады. Бұкіл істердің соңы Аллаға тән
Аударма: Халифа Алтай
Кім ықыласпен жақсылық істеуші болған күйінде жүзін / дінін, амалын / Аллаһқа бойсұндырса, сол ең сенімді тұтқадан ұстаған j болады. Істердің нәтижесі - Аллаһта
(Мұхаммед Ғ.С.) кім қарсы келсе, сонда оның қарсылығы сені кейітпесін. Олардың қайтар жері Біз. Сонда оларға не істегендерін баян етеміз. Расында Алла, көкіректегілерді толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ал, кім күпірлік етсе / иманға келмесе / , оның күпірлігі / қарсылығы / сені қайғыртпасын. Олардың қайтар жері - Біздің алдымыз. Сонда Оларға не істегендерінің хабарын береміз. Ақиқатында, Аллаһ көкіректердегі нәрсені толық Білуші
(Мұхаммед Ғ.С.) Егер олардан: "Көктер мен жерді жаратқан кім?",-деп, сұрасаң, әлбетте: "Алла" дейді. "Барлық мақтау Аллаға тән" де. Әрине олардың көбі түсінбейді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер олардан аспандарды және жерді кім жаратты?» - деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», - дейді. Айт: «Барлық мақтау Аллаһқа!» -деп. Бірақ олардың көбі білмейді
Рас егер жер жүзіндегі ағаш атаулы; қалам, тәңіз (сия болып), одан кейін оған тағы жеті теңіз көмектесіп, (жазса да) Алланың сөздері таусылмайды. Күдіксіз Алла, өте үстем, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Егер де жердегі барлық ағаштар қаламға айналып, ал теңіз / сия болып / және оған артынан жеті теңіз қосылса да Аллаһтың сөздері таусылмайды. Ақиқатында Аллаһ бәрінен Үстем , аса Дана
Көрмедің бе? Расында Алла, түнді күндізге қосып, күндізді түнге қосады. Сондай-ақ күн мен айды бағындырды. Барлығы белгілі бір мерзімге дейін жүреді. Рас Алла, олардың істегендерін толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың түнді күндізге кіргізіп, ал күндізді түнге кіргізетінін көрмедің бе? Әрі күн мен айды / құлдарының пайдасы үшін / бағынышты еткенін, - / олардың / әрқайсысы белгіленген мерзімге дейін қозғалады, - сондай-ақ Аллаһ сендердің не істейтіндеріңнен Хабардар екенін
Міне шәксіз Алла Ол, хақ. Сөз жоқ, олардың Алладан өзге жалбарынғандары босқа. Күдіксіз Алла, Ол өте жоғары, аса ұлы
Аударма: Халифа Алтай
Бұл солай. Ақиқатында, Аллаһ - әл-Хақ / күмәнсіз Ақиқат / , ал олардың Одан өзге шақыратындары / табынып жалбарынатындары / жалған әрі шын мәнінде, Аллаһ - аса Жоғары, өте Үлкен
Көрмедің бе? Рас кеме теңізде Алланың ілтипатымен сендерге Оның деректерін көрсету үшін жүреді. Рас осыларда тым сабырлы, өте шүкір етушілердің барлығына белгілер бар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сен кемелердің Аллаһтың игілігімен, Оның кейбір белгілерін сендерге көрсетуі үшін теңізде жүзетінін көрмедің бе? Ақиқатында, мұндаәрбірәрдайым сабыр, көп шүкір етушілер / Раббысының бергендерінеалғыс білдірушілер / үшін белгілер бар
Қашан оларды таулардай толқын орап алса, дінге деген нағыз ықыласпен Алладан тілейді. Ал қашан Алла, оларды құтқарып, қырға шығарса, олардың кейбіреуі орташа болады. Негізінде аяттарымызға біртұтас опасыз қасарысқандар ғана қарсы келеді
Аударма: Халифа Алтай
Қашан оларды таулардай толқындар орап алса, дінін / құлшылықтарын / шын ықыласпен / серік қосу, риядан тазартып / тек Оған арнаған күйде Аллаһқа дұға етеді / Одан тілеп, жалбарынады / .Ал қашан оларды құрлыққа / шығарып / құтқарған соң, олардың кейбірі / шүкірліктерін / кемітеді. Біздің белгілерімізді әрбір опасыз, игілігімізге алғыс білдірмеуші / шүкіршілік етпеуші / ғана теріске шығарады
Әй адам баласы! Раббыларыңнан қорқыңдар және ешбір әке; баласы тарапынан бодау төлемейтін сондай-ақ ешбір бала да; әкесі тарапынан түк бермейтін күннен де қорқыңдар. Күдіксіз Алланың уәдесі хақ. Сондықтан сендерді дүние тіршілігі әсте алдамасын. Сондай-ақ өте алдаушы ол, (шайтан да) Алла турасында алдамасын
Аударма: Халифа Алтай
Ей, адамдар! Өздеріңнің Раббыңнан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / тақуалық етіңдер / әрі ешбір әке баласы үшін өтем бере алмайтын және ешбір бала әкесі үшін өтем бере алмайтын Күннен қорқындар. Күдіксіз, Аллаһтың уәдесі ақиқат. Сондықтан осы өмір сендерді алдамасын / дүние қызықтарына алданып қалмаңдар / , әрі алдаушы / шайтан / сендерді Аллаһқа қатысты алдап қоймасын
Әрине қиямет мерзімінің мәліметі Алланьің қасында. Жаңбырды Ол жаудырады, Ол жатырлардағыны біледі. Ешкім ертең не істейтінін білмейді әрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. Күдіксіз Алла (Т.) толық білуші, хабар алушы
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында Сағаттың / Қайта тірілу күнінің / білімі Аллаһта, Ол жаңбырды жаудырады және жатырлардағыны біледі. Ешбір жан ертең не табатынын білмейді әрі ешбір жан қай жерде өлетінін білмейді. Ақиқатында Аллаһ бәрін Білуші, бәрінен Хабардар