Ас-Саджда

السجدة · 30 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 415-бет
← ЛукманБарлық сүрелерАль-Ахзаб →
32:1
الٓمٓ
Әлиф. Ләм. Мим
Аударма: Халифа Алтай
Әлиф. Ләм. Мим
Аударма: ҚМДБ
32:2
تَنزِيلُ ٱلۡكِتَٰبِ لَا رَيۡبَ فِيهِ مِن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Бұл Кітап, әлемдердің Раббы тарапынан түсірілген. Мұнда шәк жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Бұл Кітаптың әлемдердің Раббысынан түсірілгендігіне ешқандай күмән жоқ
Аударма: ҚМДБ
32:3
أَمۡ يَقُولُونَ ٱفۡتَرَىٰهُۚ بَلۡ هُوَ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّكَ لِتُنذِرَ قَوۡمٗا مَّآ أَتَىٰهُم مِّن نَّذِيرٖ مِّن قَبۡلِكَ لَعَلَّهُمۡ يَهۡتَدُونَ
Олар: "Оны өзі жасады" дей ме? Олай емес, сенен бұрын ескертуші жіберілмеген елге ескертуің үшін ол, Раббыңнан бір шындық. Әрине олар, тура жол табар
Аударма: Халифа Алтай
Әлде олар: «Ол оны ойдан шығарды», дей ме? Жоқ, олай емес! Бұл - сенен бұрын ескертуші келмеген елдің тура жолға түсуіне үгіттеп, ескертуің үшін Раббыңнан / түскен / ақиқат
Аударма: ҚМДБ
32:4
ٱللَّهُ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَا فِي سِتَّةِ أَيَّامٖ ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰ عَلَى ٱلۡعَرۡشِۖ مَا لَكُم مِّن دُونِهِۦ مِن وَلِيّٖ وَلَا شَفِيعٍۚ أَفَلَا تَتَذَكَّرُونَ
Ол сондай Алла, көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды алты күнде жаратып, сосын ғаршыны көтерілді. Сондықтан сендердің Одан өзге ешбір иелерің де шапағатшыларың да жоқ, ойламайсыңдар иа
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ, Ол сондай, - аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Сендер үшін Одан басқа ешбір қамқоршы да, араша түсуші де жоқ. Еске алмайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
32:5
يُدَبِّرُ ٱلۡأَمۡرَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ إِلَى ٱلۡأَرۡضِ ثُمَّ يَعۡرُجُ إِلَيۡهِ فِي يَوۡمٖ كَانَ مِقۡدَارُهُۥٓ أَلۡفَ سَنَةٖ مِّمَّا تَعُدُّونَ
Ол, көктен жерге дейін істі игереді. Сосын сендердің санауларың бойынша, мың жыл шамасындағы бір күнде Оған көтеріледі
Аударма: Халифа Алтай
Ол аспаннан жерге дейін Өз әмірін жүргізеді. Кейін ол / ол істер / , мөлшері сендердің есептеріңмен мың жыл болатын бір күнде Оған көтеріледі
Аударма: ҚМДБ
32:6
ذَٰلِكَ عَٰلِمُ ٱلۡغَيۡبِ وَٱلشَّهَٰدَةِ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
Ол көместі де көрнеуді де білуші. Өте үстем, тым мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Міне, сол - ғайып пен айқын нәрсені Білуші, бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
32:7
ٱلَّذِيٓ أَحۡسَنَ كُلَّ شَيۡءٍ خَلَقَهُۥۖ وَبَدَأَ خَلۡقَ ٱلۡإِنسَٰنِ مِن طِينٖ
Ол сондай Алла, әр нәрсенің жаратылысын көркемдестірді. Адам баласын жаратуды балшықтан бастайды
Аударма: Халифа Алтай
Ол әрбір нәрсені өте жақсы / кемел де кемшіліксіз / етіп жаратты. Әрі Ол адамның / Адам атаның / жаратылысын лайдан бастады
Аударма: ҚМДБ
32:8
ثُمَّ جَعَلَ نَسۡلَهُۥ مِن سُلَٰلَةٖ مِّن مَّآءٖ مَّهِينٖ
Сосын оның нәсілін бір жайсыз судың негізінен жаратты
Аударма: Халифа Алтай
кейін оның ұрпағын әлсіз / елеусіз / судың тамшысынан жасады
Аударма: ҚМДБ
32:9
ثُمَّ سَوَّىٰهُ وَنَفَخَ فِيهِ مِن رُّوحِهِۦۖ وَجَعَلَ لَكُمُ ٱلسَّمۡعَ وَٱلۡأَبۡصَٰرَ وَٱلۡأَفۡـِٔدَةَۚ قَلِيلٗا مَّا تَشۡكُرُونَ
Сосын оны бейнелеп, ішіне өз рухын үрледі. Сондай-ақ сендерге есту, көру және түсіну қабілетін берді. Аз шүкір етесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Кейін оны / рет-ретімен / теңестіріп, оған Өзіндегі / иелігіндегі / рухтан үрледі. Әрі Ол сендерге естуді, көруді және жүректерді берді. Сендер аз шүкір етесіңдер / Оның берген игіліктеріне аз алғысбілдіресіңдер
Аударма: ҚМДБ
32:10
وَقَالُوٓاْ أَءِذَا ضَلَلۡنَا فِي ٱلۡأَرۡضِ أَءِنَّا لَفِي خَلۡقٖ جَدِيدِۭۚ بَلۡ هُم بِلِقَآءِ رَبِّهِمۡ كَٰفِرُونَ
Олар: "Қашан топыраққа араласып, жоғалсак, шын-ақ жаңа жаратыламыз ба?",-дөйді. Әрине олар, Раббыларына қауышуға қарсы келгендер
Аударма: Халифа Алтай
Ал, олар / сенбейтіндер / : «Біз жермен араласып жоғалсақ та жаңадан / қайта / жаратыламыз ба?» - деді. Жоқ, олар өздерінің Раббысымен жолығуға сенбейді
Аударма: ҚМДБ
32:11
۞قُلۡ يَتَوَفَّىٰكُم مَّلَكُ ٱلۡمَوۡتِ ٱلَّذِي وُكِّلَ بِكُمۡ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّكُمۡ تُرۡجَعُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Сендерге уәкіл етілген өлім періштесі жандарыңды алады. Сосын Раббыларыңа қайтасыңдар" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жандарыңды сендерге уәкіл етілген өлім періштесі алады, одан кейін сендер өздеріңнің Раббыңа қайтарыласыңдар», -деп
Аударма: ҚМДБ
32:12
وَلَوۡ تَرَىٰٓ إِذِ ٱلۡمُجۡرِمُونَ نَاكِسُواْ رُءُوسِهِمۡ عِندَ رَبِّهِمۡ رَبَّنَآ أَبۡصَرۡنَا وَسَمِعۡنَا فَٱرۡجِعۡنَا نَعۡمَلۡ صَٰلِحًا إِنَّا مُوقِنُونَ
Күнәкарлардың, Раббыларының жанында бастарын иіп: "Раббымыз! Көрдік, естідік, енді бізді (дүниеге) қайтар, түзу іс қылайық. Рас нандық" дегендерін бір көрсең
Аударма: Халифа Алтай
Сен қылмыскерлердің өздерінің Раббы­сы алдында бастарын иіп: «Раббымыз! Біз көрдік және естідік. Бізді артқа қайтар, ізгі амал істейік. Біз енді анық сендік», — деп айтқандарын көргеніңде еді
Аударма: ҚМДБ
32:13
وَلَوۡ شِئۡنَا لَأٓتَيۡنَا كُلَّ نَفۡسٍ هُدَىٰهَا وَلَٰكِنۡ حَقَّ ٱلۡقَوۡلُ مِنِّي لَأَمۡلَأَنَّ جَهَنَّمَ مِنَ ٱلۡجِنَّةِ وَٱلنَّاسِ أَجۡمَعِينَ
Егер қаласақ еді, әркімді тура жолға салар едік. Бірақ Менен: "Тозақты бүтіндей жындар, адамдармен толтырамын" деген сөз болған. (Бұлар, шайтандармен оларға ерген адамдар. С. 84-85-А)
Аударма: Халифа Алтай
Егер де қалағанымызда, барлық адамды тура жолмен жүргізер едік. Бірақ Менен: «Тозақты жындардың және адамдардың / кәпір, күнәһарларының / барлығымен әлбетте толтырамын» - деп айтылған сөз болды
Аударма: ҚМДБ
32:14
فَذُوقُواْ بِمَا نَسِيتُمۡ لِقَآءَ يَوۡمِكُمۡ هَٰذَآ إِنَّا نَسِينَٰكُمۡۖ وَذُوقُواْ عَذَابَ ٱلۡخُلۡدِ بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Бұгінге кездесуді ұмытудың демін татыңдар. Рас біз де сендерді ұмыттық. Істегендеріңнің салдарынан мәңгі азапты татыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Имансыздарға / : «Өздеріңнің осы күндеріңе жолығуды ұмытқандарың үшін / азапты / татыңдар. Анығында, Біз де сендерді / Есеп күнін ұмытқандарыңдай / ұмыттық. Істеп өткен амалдарың үшін мәңгіліктің азабын татыңдар», - делінеді
Аударма: ҚМДБ
32:15
إِنَّمَا يُؤۡمِنُ بِـَٔايَٰتِنَا ٱلَّذِينَ إِذَا ذُكِّرُواْ بِهَا خَرُّواْۤ سُجَّدٗاۤ وَسَبَّحُواْ بِحَمۡدِ رَبِّهِمۡ وَهُمۡ لَا يَسۡتَكۡبِرُونَ۩
(Сәжде аяты бар.) Шын мәнінде аяттарымызға, өздеріне үгіт берілген кезде, сәждеге жығылып; Раббыларын мақтап, пәктейді. Сондай-ақ тәкаппарланбай иман келтіреді
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, Біздің аяттарымызға, - ол арқылы естеріне салынған кезде, өздерін жоғары санап, менменсімей сәждеге жығылып және өздерінің Раббысына мақтаулар айтып, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейтіндер ғана сенеді
Аударма: ҚМДБ
32:16
تَتَجَافَىٰ جُنُوبُهُمۡ عَنِ ٱلۡمَضَاجِعِ يَدۡعُونَ رَبَّهُمۡ خَوۡفٗا وَطَمَعٗا وَمِمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡ يُنفِقُونَ
Олардың жамбастары төсектерінен ажырап, (түнде ұйқыдан түрып,) Раббыларына қорқа-дәмете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды
Аударма: Халифа Алтай
Олар жамбастары төсектерден ажырап, өздерінің Раббысынан қорқып және үміт етіп тілейді әрі Біз өздеріне ризық етіп бергеннен жұмсайды
Аударма: ҚМДБ
32:17
فَلَا تَعۡلَمُ نَفۡسٞ مَّآ أُخۡفِيَ لَهُم مِّن قُرَّةِ أَعۡيُنٖ جَزَآءَۢ بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Ешкім қылмысы жаққандықтан өздерше көмес сақтаулы қуанышты сыйлықты білмейді
Аударма: Халифа Алтай
Ешбір жан істеген амалдары үшін қайтарым сый ретінде өздері көзайым болатын қандай қуаныштың жасырылғанын білмейді
Аударма: ҚМДБ
32:18
أَفَمَن كَانَ مُؤۡمِنٗا كَمَن كَانَ فَاسِقٗاۚ لَّا يَسۡتَوُۥنَ
Мүмін болған кісі, бұзық болған кісі сияқты бола ма? Әрине тең болмайды
Аударма: Халифа Алтай
Иманды жан / мүмін / - бүлдіруші / бойсұнбаушы / біреу секілді ме?! Олар тең емес
Аударма: ҚМДБ
32:19
أَمَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ فَلَهُمۡ جَنَّـٰتُ ٱلۡمَأۡوَىٰ نُزُلَۢا بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Өйткені иман келтіріп, ізгі іс істегендер; олардың істеген ғамалдарына жарай қонақ үй түрінде жаннаттар да орын бар
Аударма: Халифа Алтай
Иманға келген және ізгі амал жасағандарға істеген амалдары үшін Мәуа / жәннатының / бақтарында сый-құрметтер болады
Аударма: ҚМДБ
32:20
وَأَمَّا ٱلَّذِينَ فَسَقُواْ فَمَأۡوَىٰهُمُ ٱلنَّارُۖ كُلَّمَآ أَرَادُوٓاْ أَن يَخۡرُجُواْ مِنۡهَآ أُعِيدُواْ فِيهَا وَقِيلَ لَهُمۡ ذُوقُواْ عَذَابَ ٱلنَّارِ ٱلَّذِي كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ
Ал енді бұзақылардың орны тозақ. Әрқашан олар одан шығуды қаласа, оған қайтарылады да: "Өздерің жасынға шығарған оттың азабын татыңдар" делінеді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, бұзық іс істейтіндердің / бойсұнбағандардың / тұрағы - От. Олар әркез ол жерден шығуды қалағанда, оған қайтарылады әрі оларға: «Өздерің өтірік санаған от азабын татыңдар», - делінеді
Аударма: ҚМДБ
32:21
وَلَنُذِيقَنَّهُم مِّنَ ٱلۡعَذَابِ ٱلۡأَدۡنَىٰ دُونَ ٱلۡعَذَابِ ٱلۡأَكۡبَرِ لَعَلَّهُمۡ يَرۡجِعُونَ
Әрине оларға зор азаптан бері дүниенің азабын татырамыз. Мүмкін олар райдан қайтар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі міндетті түрде, Біз оларға / иманға / қайтулары үшін үлкен азаптан алдын жақын азапты / осы дүниедегі ауыртпашылықтарды / таттырамыз
Аударма: ҚМДБ
32:22
وَمَنۡ أَظۡلَمُ مِمَّن ذُكِّرَ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِۦ ثُمَّ أَعۡرَضَ عَنۡهَآۚ إِنَّا مِنَ ٱلۡمُجۡرِمِينَ مُنتَقِمُونَ
Раббыңның аяттары арқылы үгіт берілгеннен кейін олардан бет бұрғаннан кім залымырақ? Әрине күнәкарлардан кек аламыз
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Раббысының аят-белгілері есіне салынғаннан кейін, одан теріс бұрылғаннан өткен әділетсіз кім бар? Анығында, Біз қылмыскерлерден кек аламыз
Аударма: ҚМДБ
32:23
وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡكِتَٰبَ فَلَا تَكُن فِي مِرۡيَةٖ مِّن لِّقَآئِهِۦۖ وَجَعَلۡنَٰهُ هُدٗى لِّبَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ
(Мұхаммед Ғ.С.) әрине Мұса (Ғ.С.) ға Кітап берген едік. Енді сен де оған қауышудан күдіктенбе... Оны Израил ұрпақтарына тура жол қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз Мұсаға Кітапты бердік. Онымен жолығудан күмәнда болма. Әрі Біз оны / Тәуратты / Исраил ұрпақтарына / тура жолды ұстануға / жолбасшы еттік
Аударма: ҚМДБ
32:24
وَجَعَلۡنَا مِنۡهُمۡ أَئِمَّةٗ يَهۡدُونَ بِأَمۡرِنَا لَمَّا صَبَرُواْۖ وَكَانُواْ بِـَٔايَٰتِنَا يُوقِنُونَ
Әрі олар сабыр етіп, аяттарымызга нақ сенген кезде, араларынан бұйрығымызбен тура жол көрсететін бастықтар қылған едік
Аударма: Халифа Алтай
және олар сабыр етіп, аяттарымызға айқын сенген кезде, араларынан әміріміз бойынша тура жолға бастайтын жетекшілер шығардық
Аударма: ҚМДБ
32:25
إِنَّ رَبَّكَ هُوَ يَفۡصِلُ بَيۡنَهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ فِيمَا كَانُواْ فِيهِ يَخۡتَلِفُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине Раббың қиямет күні, олар қайшылыққа түскен нәрселер жайында араларына шешім жасайды
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Раббың Қайта тірілу күні қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты олардың араларына, әлбетте, үкім шығарады
Аударма: ҚМДБ
32:26
أَوَلَمۡ يَهۡدِ لَهُمۡ كَمۡ أَهۡلَكۡنَا مِن قَبۡلِهِم مِّنَ ٱلۡقُرُونِ يَمۡشُونَ فِي مَسَٰكِنِهِمۡۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٍۚ أَفَلَا يَسۡمَعُونَ
Бұлардан бұрын, қаншалаған нәсілдерді жоқ еттік. Бұлардың, олардың жұрттарында жүріп жүргендігі бұларға жол көрсетпей ме? Расында мұнда ғибраттар бар. Сонда да тыңдамай ма
Аударма: Халифа Алтай
Олардан бұрын өткен қаншама ұрпақтарды Біздің жойып жібергеніміз, оларды шынымен жолға салмады ма? Өздері / бүгін / олардың жұрттарынан / мекендерінен / өтіп жүр. Ақиқатында, мұнда белгі-ғибраттар бар. Олар сонда да құлақ аспай ма
Аударма: ҚМДБ
32:27
أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّا نَسُوقُ ٱلۡمَآءَ إِلَى ٱلۡأَرۡضِ ٱلۡجُرُزِ فَنُخۡرِجُ بِهِۦ زَرۡعٗا تَأۡكُلُ مِنۡهُ أَنۡعَٰمُهُمۡ وَأَنفُسُهُمۡۚ أَفَلَا يُبۡصِرُونَ
Олар көрмей ме? Рас суды, шөл жерге апарамыз да ол арқылы малдары әрі өздері жейтін өнім шығарамыз. Олар сонда да көрмей ме
Аударма: Халифа Алтай
Олар / имансыздар / суды шел жерге қарай айдап, ол арқылы олардың малдары және өздері жейтін егін шығарғанымызды көрмеді ме? Олар әлі де көрмей ме
Аударма: ҚМДБ
32:28
وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا ٱلۡفَتۡحُ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Олар: "Егер шыншыл болсаңдар, бұл шешім қашан болады?",- дейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар: «Егер шын сөзді болсаңдар, бұл үкім / шешім / қашан болады?» - дейді
Аударма: ҚМДБ
32:29
قُلۡ يَوۡمَ ٱلۡفَتۡحِ لَا يَنفَعُ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ إِيمَٰنُهُمۡ وَلَا هُمۡ يُنظَرُونَ
Шешім күні, кәпірлерге имандары пайда бермейді әрі оларға мұрса да берілмейді" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Үкім берілетін күні сондай күпірлік еткендерге / Аллаһқа қарсы келгендерге / сенімдері пайда бермейді және оларға мұрсат та берілмейді», -деп
Аударма: ҚМДБ
32:30
فَأَعۡرِضۡ عَنۡهُمۡ وَٱنتَظِرۡ إِنَّهُم مُّنتَظِرُونَ
Енді олардан бет бұр да күт! Расында олар да тосуда
Аударма: Халифа Алтай
Енді олардан теріс бұрыл және күт. Өйткені олар да күтуде
Аударма: ҚМДБ
← ЛукманБарлық сүрелерАль-Ахзаб →

Ас-Саджда сүресі туралы

Ас-Саджда (السجدة) — Құранның 32-сүресі, 30 аят, меккелік сүре, 21-жүз, мысхафтың 415-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу