Аль-Ахзаб

الأحزاب · 73 аят · мединалық
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 418-бет
← Ас-СадждаБарлық сүрелерСаба →
33:1
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِيُّ ٱتَّقِ ٱللَّهَ وَلَا تُطِعِ ٱلۡكَٰفِرِينَ وَٱلۡمُنَٰفِقِينَۚ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ عَلِيمًا حَكِيمٗا
Әй нәби! Аллаға тақуалық істе де кәпірлермен мұнафықтарға бағынба. Рас Алла тым білуші, аса дана
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Пайғамбар! Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтан және кәпірлер мен мұнафиқтарға бағынба. Ақиқатында, Аллаһ бәрін Білуші , аса Дана
Аударма: ҚМДБ
33:2
وَٱتَّبِعۡ مَا يُوحَىٰٓ إِلَيۡكَ مِن رَّبِّكَۚ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ بِمَا تَعۡمَلُونَ خَبِيرٗا
Раббыңнан өзіңе уахи етілгенге ілес. Әрине Алла не істегендеріңді толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Раббыңнан өзіңе уахи етілгенге ер. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан әлбетте, Хабардар
Аударма: ҚМДБ
33:3
وَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱللَّهِۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ وَكِيلٗا
Аллаға тәуекел ет. Ол, уәкіллікте жеткілікті
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Аллаһқа жүгініп, ісіңді Оған тапсыр / тәуекел ет / . Аллаһ - сенім артылушы, қорғаушы / Уакил / ретінде жеткілікті
Аударма: ҚМДБ
33:4
مَّا جَعَلَ ٱللَّهُ لِرَجُلٖ مِّن قَلۡبَيۡنِ فِي جَوۡفِهِۦۚ وَمَا جَعَلَ أَزۡوَٰجَكُمُ ٱلَّـٰٓـِٔي تُظَٰهِرُونَ مِنۡهُنَّ أُمَّهَٰتِكُمۡۚ وَمَا جَعَلَ أَدۡعِيَآءَكُمۡ أَبۡنَآءَكُمۡۚ ذَٰلِكُمۡ قَوۡلُكُم بِأَفۡوَٰهِكُمۡۖ وَٱللَّهُ يَقُولُ ٱلۡحَقَّ وَهُوَ يَهۡدِي ٱلسَّبِيلَ
Алла (Т.) ешбір адамның кеудесінде екі жүрек жасаған емес. (Анамның арқасындайсың деп,) серт қылған жұбайларың, аналарың болмайды. (Араптар; әйелін анасының бір мұшесіне ұқсатып, серт қылса; анам боп қалды деп, ажырасатын болған. Ислам дінінде садақа төленеді. Бұны "Зіһар" деп, атайды.) Және асырандыларың; бел балаларың бола алмайды. Бұларың ауызша сөздерің ғана. Алла шындықты айтады да Ол тура жол көрсетеді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ адам үшін оның ішінде екі жүрек жасаған жоқ. Әрі Ол зиһар еткен / аналарыңа ұқсату арқылы өздеріңе тыйым салған / әйелдеріңді сендерге аналарың етпеді және Ол асырап алған балаларыңды да өз / бел / балаларың етпеді. Бұл тек ауызекі айтқан сөздерің. Ал Аллаһ шындықты айтады әрі Ол тура жолмен жүргізеді
Аударма: ҚМДБ
33:5
ٱدۡعُوهُمۡ لِأٓبَآئِهِمۡ هُوَ أَقۡسَطُ عِندَ ٱللَّهِۚ فَإِن لَّمۡ تَعۡلَمُوٓاْ ءَابَآءَهُمۡ فَإِخۡوَٰنُكُمۡ فِي ٱلدِّينِ وَمَوَٰلِيكُمۡۚ وَلَيۡسَ عَلَيۡكُمۡ جُنَاحٞ فِيمَآ أَخۡطَأۡتُم بِهِۦ وَلَٰكِن مَّا تَعَمَّدَتۡ قُلُوبُكُمۡۚ وَكَانَ ٱللَّهُ غَفُورٗا رَّحِيمًا
Оларды әкелерімен шақырыңдар. Сол Алланың қасында турарақ. Егер әкелерін білмесеңдер, сонда олар; дінде туыстарың, достарың. Ол жөнде қателессеңдер, сендерге кінә емес. Бірақ әтейге жүректеріңмен болса, (болмайды.) Алла өте жарылқаушы, тым мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Оларды / асыранды балаларды / өз әкелерімен атаңдар. Бұл, Аллаһтың алдында әділділірек. Егер олардың әкелерін білмесеңдер, онда олар діндегі бауырларың әрі дос-жақындарың. Сендерге ол жөнінде қателескендерің үшін күнә жоқ, егер тек жүректеріңмен әдейі ниеттенген болмасаңдар. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
33:6
ٱلنَّبِيُّ أَوۡلَىٰ بِٱلۡمُؤۡمِنِينَ مِنۡ أَنفُسِهِمۡۖ وَأَزۡوَٰجُهُۥٓ أُمَّهَٰتُهُمۡۗ وَأُوْلُواْ ٱلۡأَرۡحَامِ بَعۡضُهُمۡ أَوۡلَىٰ بِبَعۡضٖ فِي كِتَٰبِ ٱللَّهِ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ وَٱلۡمُهَٰجِرِينَ إِلَّآ أَن تَفۡعَلُوٓاْ إِلَىٰٓ أَوۡلِيَآئِكُم مَّعۡرُوفٗاۚ كَانَ ذَٰلِكَ فِي ٱلۡكِتَٰبِ مَسۡطُورٗا
Пайғамбар, мүміндерге өздерінен артық. Оның жұбайлары олардың аналары. Алланың Кітабында; туысқандар бір-біріне мүміндерден де мұһажірлерден де (мираста) жақын. Бірақ достарыңа (мүміндерге) қамқорлық жасауларыңа болады. Осылар Кітапта жазылған болатын
Аударма: Халифа Алтай
Пайғамбар имандыларға олардың өздерінен де жақын. Ал, оның жұбайлары олардың аналары. Аллаһтың жазуында / үкімінде / мүміндерге және муһажирлерге / қоныс аударғандарға / қарағанда туыстар бір-біріне жақын. Бірақ достарыңа жақсылық істеулерің басқа. Бұл / үкім / Кітапта жазылған
Аударма: ҚМДБ
33:7
وَإِذۡ أَخَذۡنَا مِنَ ٱلنَّبِيِّـۧنَ مِيثَٰقَهُمۡ وَمِنكَ وَمِن نُّوحٖ وَإِبۡرَٰهِيمَ وَمُوسَىٰ وَعِيسَى ٱبۡنِ مَرۡيَمَۖ وَأَخَذۡنَا مِنۡهُم مِّيثَٰقًا غَلِيظٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта, пайғамбарлардан уәде алған едік. Сенен, Нұх, Ыбырайым, Мұса және Мәрйем ұлы Ғиса (Ғ.С.) лардан, солардан берік уәде алған едік
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Міне, кезінде Біз пайғамбарлардан серт алдық әрі сенен және Нұхтан және Ибраһимнен және Мұсадан әрі Мәриямның ұлы Исадан. Біз олардан қатаң серт алдық
Аударма: ҚМДБ
33:8
لِّيَسۡـَٔلَ ٱلصَّـٰدِقِينَ عَن صِدۡقِهِمۡۚ وَأَعَدَّ لِلۡكَٰفِرِينَ عَذَابًا أَلِيمٗا
Алла шыншылдардың шындығынан сүрау үшін еді. Кәпірлерге қинаушы азап әзірледі
Аударма: Халифа Алтай
сөйтіп, шын сөзділерден олардың адалдықтары туралы сұрау үшін. Әрі Ол кәпірлерге күйзелтуші азап әзірледі
Аударма: ҚМДБ
33:9
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱذۡكُرُواْ نِعۡمَةَ ٱللَّهِ عَلَيۡكُمۡ إِذۡ جَآءَتۡكُمۡ جُنُودٞ فَأَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ رِيحٗا وَجُنُودٗا لَّمۡ تَرَوۡهَاۚ وَكَانَ ٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرًا
Әй мүміндер! Алланың сендерге болған нығметін еске алыңдар. Сендерге ләшкерлер келген еді. Сонда оларға боран және сендер көрмеген ләшкерлер жіберген едік. Алла не істегендеріңді толық көруші. (Ћіжіреттің бесінші жылы көптеген рулардан қүралған он екі мың кісілік қалың қол, Мединеге шабуыл жасайды. Мұхаммед (Ғ.С.) үш мың кісімен ор қазып, қорғаныс соғысын жасайды. Бір айға жақын болған соғыста, Мұсылмандар тым қүйзелгендіктен, Құдыретше қатты боран шығып, жау абыржып, қашады. Б.Ж.Р.М.К
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Аллаһтың өздеріңе жасаған игілігін естеріңе алыңдар. Сонда сендерге әскерлер келген кезде, Біз Оларға қарсы жел және сендер көрмейтін әскер жібердік. Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші
Аударма: ҚМДБ
33:10
إِذۡ جَآءُوكُم مِّن فَوۡقِكُمۡ وَمِنۡ أَسۡفَلَ مِنكُمۡ وَإِذۡ زَاغَتِ ٱلۡأَبۡصَٰرُ وَبَلَغَتِ ٱلۡقُلُوبُ ٱلۡحَنَاجِرَ وَتَظُنُّونَ بِٱللَّهِ ٱلظُّنُونَا۠
Сол уақытта олар сендердің жоғарғы жақтарыңнан да төменгі жақтарыңнан да келген еді. Көздерің алайып, жүректерің ауызға келген еді. Сондай-ақ Аллаға байланысты әр түрлі ойлар ойланған еді
Аударма: Халифа Алтай
Сол кезде олар сендерге жоғарғы және төменгі жақтарыңнан келген еді. Сонда көздерің шарасынан шығып, жүректерің алқымға жетіп, сендер Аллаһ жайында түрлі ойға барған едіңдер
Аударма: ҚМДБ
33:11
هُنَالِكَ ٱبۡتُلِيَ ٱلۡمُؤۡمِنُونَ وَزُلۡزِلُواْ زِلۡزَالٗا شَدِيدٗا
Міне сол арада мүміндер сыналып, қатты теңселген еді
Аударма: Халифа Алтай
Сол жерде имандылар / мүміндер / сыналып, олар қатты сілкініспен шайқатылды
Аударма: ҚМДБ
33:12
وَإِذۡ يَقُولُ ٱلۡمُنَٰفِقُونَ وَٱلَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٞ مَّا وَعَدَنَا ٱللَّهُ وَرَسُولُهُۥٓ إِلَّا غُرُورٗا
Сол уақытта Мұнафықтармен жүректерінде дерті болғандар: "Бізге Алла да Елшісі де алдап қана уәде берген екен" деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сонда мұнафиқтар мен жүректерінде дерті барлар: «Аллаһ және Оның Елшісінің бізге берген уәдесі тек бос нәрсе / алдау / ғана екен»,- деді
Аударма: ҚМДБ
33:13
وَإِذۡ قَالَت طَّآئِفَةٞ مِّنۡهُمۡ يَـٰٓأَهۡلَ يَثۡرِبَ لَا مُقَامَ لَكُمۡ فَٱرۡجِعُواْۚ وَيَسۡتَـٔۡذِنُ فَرِيقٞ مِّنۡهُمُ ٱلنَّبِيَّ يَقُولُونَ إِنَّ بُيُوتَنَا عَوۡرَةٞ وَمَا هِيَ بِعَوۡرَةٍۖ إِن يُرِيدُونَ إِلَّا فِرَارٗا
Сол уақытта олардан бір бөлімі: "Әй Мединеліктер! Енді сендерге тұруға болмайды. Дереу қайтындар" десе, олардың тағы бір бөлімі, Пайғамбардан: "Үйлеріміз иен еді" деп, рұхсат сұрайды. Негізінде олар (үйлері) иен емес, олар қашуды ғана ойлайды
Аударма: Халифа Алтай
Сол кезде олардың бір тобы / мұнафиқтар / : «Ей, Ясриб тұрғындары! Сендер қарсы тұра алмайсыңдар! Сондықтан қайтыңдар!» деді. Олардың тағы бір тобы / иманы әлсіздері / : «Үйлеріміз ашық, қорғансыз қалды», - деп, Пайғамбардан сұрануда еді. Негізінде үйлері қараусыз қалмаса да олар / соғыстан / қашуды ғана қалады
Аударма: ҚМДБ
33:14
وَلَوۡ دُخِلَتۡ عَلَيۡهِم مِّنۡ أَقۡطَارِهَا ثُمَّ سُئِلُواْ ٱلۡفِتۡنَةَ لَأٓتَوۡهَا وَمَا تَلَبَّثُواْ بِهَآ إِلَّا يَسِيرٗا
Егер оларға әр тараптан кіріліп, сосын өздерінен пітіне талап етілсе, әрине кешіктірмей-ақ белсене кірісер еді
Аударма: Халифа Алтай
Ал егер / жау / оған жан-жағынан кіріп, сонан соң олардан бүлік / діндерінен қайту / талап етілсе, олар сәл кідіргені болмаса, көп бөгелмей оған барар / келісер / еді
Аударма: ҚМДБ
33:15
وَلَقَدۡ كَانُواْ عَٰهَدُواْ ٱللَّهَ مِن قَبۡلُ لَا يُوَلُّونَ ٱلۡأَدۡبَٰرَۚ وَكَانَ عَهۡدُ ٱللَّهِ مَسۡـُٔولٗا
Негізінде бұрыннан қайта қашпауға Аллаға уәде берген. Аллага берген уәдесіне жауапкер
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, олар бұрын арттарына бұрылып кетпеуге / қашпауға / Аллаһқа серт берген еді. Ал, Аллаһқа берілген серт сұралады
Аударма: ҚМДБ
33:16
قُل لَّن يَنفَعَكُمُ ٱلۡفِرَارُ إِن فَرَرۡتُم مِّنَ ٱلۡمَوۡتِ أَوِ ٱلۡقَتۡلِ وَإِذٗا لَّا تُمَتَّعُونَ إِلَّا قَلِيلٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Егер өлімнен немесе өлтіруден қашсаңдар, сендерге еш пайда бермейді. Қашқан уақытта да аз-ақ пайдаланасыңдар" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед И Айт: «Егер өлімнен не біреудің өлтіруінен қашсаңдар да, қашу сендерге еш пайда бермейді. Ондай жағдайда сендерге аз ғана пайдалану беріледі», -деп
Аударма: ҚМДБ
33:17
قُلۡ مَن ذَا ٱلَّذِي يَعۡصِمُكُم مِّنَ ٱللَّهِ إِنۡ أَرَادَ بِكُمۡ سُوٓءًا أَوۡ أَرَادَ بِكُمۡ رَحۡمَةٗۚ وَلَا يَجِدُونَ لَهُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ وَلِيّٗا وَلَا نَصِيرٗا
Егер Алла сендерге бір жамандық қаласа немесе жақсылық қаласа, сендерді Алладан қорғайтын кім?",- де. Негізінде олар, өздеріне Алладан өзге бір дос не бір көмекші таба алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Егер Аллаһ сендерге жамандық қаласа, сендерді Аллаһтан кім қорғайды немесе егер Ол мейірім етуді қаласа / кім тоса алады / », - деп. Олар өздеріне Аллаһтан басқа қамқоршы да, көмек беруші де таппайды
Аударма: ҚМДБ
33:18
۞قَدۡ يَعۡلَمُ ٱللَّهُ ٱلۡمُعَوِّقِينَ مِنكُمۡ وَٱلۡقَآئِلِينَ لِإِخۡوَٰنِهِمۡ هَلُمَّ إِلَيۡنَاۖ وَلَا يَأۡتُونَ ٱلۡبَأۡسَ إِلَّا قَلِيلًا
Әрине Алла, сендерден (соғысқа шығуға) кедергі болғандарды да туыстарына: "Бізге келіңдер" деушілерді де біледі. Олардың өте азы ғана соғысқа қатынасады
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ сендердің араларыңнан / соғысудан / тосушыларды және бауырларына: «Біз жаққа келіңдер!» - деп айтатындарды біледі. Олар соғысқа өте аз ғана қатысады
Аударма: ҚМДБ
33:19
أَشِحَّةً عَلَيۡكُمۡۖ فَإِذَا جَآءَ ٱلۡخَوۡفُ رَأَيۡتَهُمۡ يَنظُرُونَ إِلَيۡكَ تَدُورُ أَعۡيُنُهُمۡ كَٱلَّذِي يُغۡشَىٰ عَلَيۡهِ مِنَ ٱلۡمَوۡتِۖ فَإِذَا ذَهَبَ ٱلۡخَوۡفُ سَلَقُوكُم بِأَلۡسِنَةٍ حِدَادٍ أَشِحَّةً عَلَى ٱلۡخَيۡرِۚ أُوْلَـٰٓئِكَ لَمۡ يُؤۡمِنُواْ فَأَحۡبَطَ ٱللَّهُ أَعۡمَٰلَهُمۡۚ وَكَانَ ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرٗا
Сендерге(келсе де) тым сараң. Ал қашан бір хауіп төнсе, олардың саған, өздерін өлім есірігі басып бара жатқандай көздері төңкеріліп қарағаның көресің. Сонда хауіп-қатер кетсе, қылған хайырларына іштері ашып, сендерге өткір тілдерін тигізеді.. (С. 8-А.) Міне осылар иман келтірмегендер. Сондықтан Алла, олардың ғамалдарын жойды. Бұл Аллаға оңай
Аударма: Халифа Алтай
сендерге / олжаны / сараңдық еткен күйде. Қашан оларға қауіп төнсе, олардың саған көздері төңкеріліп, өздерін өлім есірігі басқандай қарағанын көресің. Ал қауіп-қатер кеткенде, жақсылыққа / олжалар бөлінгенде / сараңдық етіп, сендерге ащы тілдерін тигізіп ренжітеді. Олар иманға келмеді, сөйтіп Аллаһ олардың амалдарын зая кетірді. Бұл Аллаһқа жеңіл
Аударма: ҚМДБ
33:20
يَحۡسَبُونَ ٱلۡأَحۡزَابَ لَمۡ يَذۡهَبُواْۖ وَإِن يَأۡتِ ٱلۡأَحۡزَابُ يَوَدُّواْ لَوۡ أَنَّهُم بَادُونَ فِي ٱلۡأَعۡرَابِ يَسۡـَٔلُونَ عَنۡ أَنۢبَآئِكُمۡۖ وَلَوۡ كَانُواْ فِيكُم مَّا قَٰتَلُوٓاْ إِلَّا قَلِيلٗا
Олар руларды (жауларды) кетпеді деп, ойлады. Егер ол рулар келсе, өздері сахарадағы бәдеуилердің ішінде болып, сендердің хабарларыңды сұрап тұруды көксейді. Егер олар іштеріңде болса да өте аз соғысады
Аударма: Халифа Алтай
Олар одаққа біріккендерді / жау әскерін / кетпеді деп ойлайды. Егер одақ құрғандар / әскері / тағы келсе, олар көшпелі бәдәуилердің арасында болып, сендердің хабарларың жайлы сұрап тұруды қалайды. Егер де олар сендердің араларында болса, азынан басқасы соғыспас еді
Аударма: ҚМДБ
33:21
لَّقَدۡ كَانَ لَكُمۡ فِي رَسُولِ ٱللَّهِ أُسۡوَةٌ حَسَنَةٞ لِّمَن كَانَ يَرۡجُواْ ٱللَّهَ وَٱلۡيَوۡمَ ٱلۡأٓخِرَ وَذَكَرَ ٱللَّهَ كَثِيرٗا
Расында сендер үшін, Алланы да ахирет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін; Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге - Аллаһқа және Ақирет күніне үміт ететіндер әрі Аллаһты көп еске алғандарға - Аллаһтың Елшісінде көркем үлгі-өнеге бар
Аударма: ҚМДБ
33:22
وَلَمَّا رَءَا ٱلۡمُؤۡمِنُونَ ٱلۡأَحۡزَابَ قَالُواْ هَٰذَا مَا وَعَدَنَا ٱللَّهُ وَرَسُولُهُۥ وَصَدَقَ ٱللَّهُ وَرَسُولُهُۥۚ وَمَا زَادَهُمۡ إِلَّآ إِيمَٰنٗا وَتَسۡلِيمٗا
Мүміндер жау топтарын көрген сәтте: "Міне бізге Алланың да Елшісінің де уәде еткен нәрсесі. Алла да Елшісі де рас айтқан" десті. Сондай-ақ олардың сенімдерін, бой ұсынуларын одан ары арттыра түсті
Аударма: Халифа Алтай
Имандылар / мүміндер / бір одаққа біріккендерді / жауды / көрген кезде: «бұл Аллаһтың және Оның елшісінің бізге уәде еткені. Аллаһ және Оның Елшісі шындықты айтты», - деді. Бұл олардың иманын және бойсұнуын ғана арттырды
Аударма: ҚМДБ
33:23
مِّنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ رِجَالٞ صَدَقُواْ مَا عَٰهَدُواْ ٱللَّهَ عَلَيۡهِۖ فَمِنۡهُم مَّن قَضَىٰ نَحۡبَهُۥ وَمِنۡهُم مَّن يَنتَظِرُۖ وَمَا بَدَّلُواْ تَبۡدِيلٗا
Мүміндерден, Аллаға деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын құрбан қылды. Және кейбіреуі кұтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады
Аударма: Халифа Алтай
Имандылардан Аллаһқа берген серттерін адал ұстанатындар бар. Олардың кейбірі сертін орындады, ал кейбірі күтіп жүр. Олар / серттерін / еш өзгертпеді
Аударма: ҚМДБ
33:24
لِّيَجۡزِيَ ٱللَّهُ ٱلصَّـٰدِقِينَ بِصِدۡقِهِمۡ وَيُعَذِّبَ ٱلۡمُنَٰفِقِينَ إِن شَآءَ أَوۡ يَتُوبَ عَلَيۡهِمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ غَفُورٗا رَّحِيمٗا
Алла шыншылдарды шыншылдықтарыменен сыйлар. Ал мұнафықтарды қаласа, азаптайды да немесе оларға тәубе нәсіп етеді. Күдіксіз Алла, өте жарылқаушы, тым мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Мұның барлығы / Аллаһтың шын сөзділерге адалдықтары үшін қайтарым сый беруі, ал мұнафиқтарды Өз қалауы бойынша не жазалауы, не оларды Өзіне бойсұнуға қайтаруы / тәубеге келтіруі / үшін. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
33:25
وَرَدَّ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِغَيۡظِهِمۡ لَمۡ يَنَالُواْ خَيۡرٗاۚ وَكَفَى ٱللَّهُ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ٱلۡقِتَالَۚ وَكَانَ ٱللَّهُ قَوِيًّا عَزِيزٗا
Алла ол кәпірлерді долданған бойларынша қайтарады. Олар игілікке жете алмады. Алла соғыста Мүміндерге жетіп асады. Алла аса күшті, тым үстем. (Бұрынғы тоқтамды бұзып, бұл соғыста жауға болысқан Якуди Қүрайза тайпасының бекіністері қоршалып, кейі өлтіріліп, кейі тұтқынға алынады. Б.Ж.М.К)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Аллаһ күпірлік етушілерді / мұсылманға қарсы одақтастарды / ызаланған кейіптерінде / Мединадан / кері қайтарды және олар игілікке жете алмады. Әрі Аллаһ имандыларды / мүміндерді / шайқастан құтқарды. Аллаһ өте Күшті, бәрінен Үстем
Аударма: ҚМДБ
33:26
وَأَنزَلَ ٱلَّذِينَ ظَٰهَرُوهُم مِّنۡ أَهۡلِ ٱلۡكِتَٰبِ مِن صَيَاصِيهِمۡ وَقَذَفَ فِي قُلُوبِهِمُ ٱلرُّعۡبَ فَرِيقٗا تَقۡتُلُونَ وَتَأۡسِرُونَ فَرِيقٗا
Алла (Т.) кітап иелерінен жауға болысқандарды бекіністерінен түсірді. Сондай-ақ олардың жүректеріне үрей салды. Бір бөлімін өлтіріп, бір бөлімін тұтқынға алып жаттыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол Кітап берілген қауымнан оларға / одақтастарға / көмек бергендерді қамалдарынан шығарды және олардың жүректеріне үрей салды. Сендер / олардың / бір тобын өлтіресіңдер, ал бір тобын тұтқынға аласыңдар
Аударма: ҚМДБ
33:27
وَأَوۡرَثَكُمۡ أَرۡضَهُمۡ وَدِيَٰرَهُمۡ وَأَمۡوَٰلَهُمۡ وَأَرۡضٗا لَّمۡ تَطَـُٔوهَاۚ وَكَانَ ٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٗا
Олардың жерлеріне, үйлеріне, малдарына және сендер аяк баспаған жерге сендерді мұрагер қылды. Әр нәрсеге Алланың толық күші жетеді. (Бұл аяқ баспаған жерден мақсат; Иран, Рұм т.б. қияметке дейін алынатын мемлекеттер. Б.Ж.М.Р.Х)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол сендерге олардың жерін, үйлерін және мал-мүліктерін әрі өздерің аяқ баспаған жерлерді мұра етіп берді. Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
Аударма: ҚМДБ
33:28
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِيُّ قُل لِّأَزۡوَٰجِكَ إِن كُنتُنَّ تُرِدۡنَ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا وَزِينَتَهَا فَتَعَالَيۡنَ أُمَتِّعۡكُنَّ وَأُسَرِّحۡكُنَّ سَرَاحٗا جَمِيلٗا
Әй Пайғамбар! Жұбайларыңа: "Дүние тіршілігін оның сәнін көксесеңдер, дереу келіңдер, сендерге бір нәрселер беріп, көркем түрде ажыратайын" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Пайғамбар! жұбайларыңа айт: «Егер сендер дүние тіршілігі мен оның сәнін қалайтын болсаңдар, онда бері келіңдер, сендерге пайдаланатын біраз дүние беріп, көркем түрде жіберейін
Аударма: ҚМДБ
33:29
وَإِن كُنتُنَّ تُرِدۡنَ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ وَٱلدَّارَ ٱلۡأٓخِرَةَ فَإِنَّ ٱللَّهَ أَعَدَّ لِلۡمُحۡسِنَٰتِ مِنكُنَّ أَجۡرًا عَظِيمٗا
Егер Алланы, Елшісін және ахирет жұртын қаласаңдар, әрине Алла сендерден жақсылық істегендерге зор сыйлық дайындайды
Аударма: Халифа Алтай
Ал егер Аллаһты, Оның Елшісін және мәңгілік соңғы өмір / ақирет / мекенін қаласаңдар, ақиқатында Аллаһ сендерден ықыласпен жақсылық істеуші әйелдерге ұлы сый / Жәннат / әзірлеген»,- деп
Аударма: ҚМДБ
33:30
يَٰنِسَآءَ ٱلنَّبِيِّ مَن يَأۡتِ مِنكُنَّ بِفَٰحِشَةٖ مُّبَيِّنَةٖ يُضَٰعَفۡ لَهَا ٱلۡعَذَابُ ضِعۡفَيۡنِۚ وَكَانَ ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرٗا
Әй Пайғамбардың әйелдері! Сендерден біреу ашық бір ұятсыздық істесе, оның азабы екі есе арттырылады. Бұл Аллаға оңай
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Пайғамбардың әйелдері! Сендерден кім жиіркенішті іс / күнә / істесе, оған азап екі есе арттырылады. бұл Аллаһқа жеңіл
Аударма: ҚМДБ
33:31
۞وَمَن يَقۡنُتۡ مِنكُنَّ لِلَّهِ وَرَسُولِهِۦ وَتَعۡمَلۡ صَٰلِحٗا نُّؤۡتِهَآ أَجۡرَهَا مَرَّتَيۡنِ وَأَعۡتَدۡنَا لَهَا رِزۡقٗا كَرِيمٗا
Сендерден кім Аллаға, Пайгамбарына бой ұсынып, ізгі іс істесе, оған да екі есе сыйлық береміз. Сондай-ақ оған мол несібе береміз
Аударма: Халифа Алтай
Ал, кім сендерден Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса әрі ізгі амал істесе, оның сыйын екі есе етіп береміз әрі оған құрметті ризық / Жәннатты / дайындадық
Аударма: ҚМДБ
33:32
يَٰنِسَآءَ ٱلنَّبِيِّ لَسۡتُنَّ كَأَحَدٖ مِّنَ ٱلنِّسَآءِ إِنِ ٱتَّقَيۡتُنَّۚ فَلَا تَخۡضَعۡنَ بِٱلۡقَوۡلِ فَيَطۡمَعَ ٱلَّذِي فِي قَلۡبِهِۦ مَرَضٞ وَقُلۡنَ قَوۡلٗا مَّعۡرُوفٗا
Әй Пайғамбардың әйелдері! Сендер әйелдерден әлде біреу сияқты емессіңдер. Егер тақуалық қылсаңдар, қылымсып сөйлемеңдер. Онда жүрегінде дерті бар әлде кім дәмеленеді. Әдеттегі сөзді сөйлеңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Пайғамбардың әйелдері! Сендер / басқа / әйелдердің бірі секілді емессіңдер. Егер тақуалық етсеңдер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / сөйлегендеріңде жұмсақ болмаңдар, өйткені ол / олай сөйлесу / жүрегінде дерті бар біреуге түрткі болып дәмелендіреді. / Шариғатта / құпталғанға сай сөз сөйлеңдер
Аударма: ҚМДБ
33:33
وَقَرۡنَ فِي بُيُوتِكُنَّ وَلَا تَبَرَّجۡنَ تَبَرُّجَ ٱلۡجَٰهِلِيَّةِ ٱلۡأُولَىٰۖ وَأَقِمۡنَ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتِينَ ٱلزَّكَوٰةَ وَأَطِعۡنَ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥٓۚ إِنَّمَا يُرِيدُ ٱللَّهُ لِيُذۡهِبَ عَنكُمُ ٱلرِّجۡسَ أَهۡلَ ٱلۡبَيۡتِ وَيُطَهِّرَكُمۡ تَطۡهِيرٗا
Үйлеріңде отырыңдар, кәдімгі надандық дәурінше ашылмаңдар. Сондай-ақ намазды орындап, зекет беріп, Аллаға, Пайғамбарына бағыныңдар. Әй Пайғамбардың үй-іші! Шын мәнінде Алла сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі үйлеріңде отырыңдар және алдыңғы / исламға дейінгі / надандық кезеңінде ашық жүрген секілді ашылмаңдар / көріктеріңді ашпаңдар / .ШНамазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаңдар, зекетті беріңдер және Аллаһқа әрі Оның Елшісіне бойсұныңдар. / Ей, Пайғамбардың / үй іші! Аллаһ сендерден ластықты кетіруді және сендерді толық тазартуды ғана қалайды
Аударма: ҚМДБ
33:34
وَٱذۡكُرۡنَ مَا يُتۡلَىٰ فِي بُيُوتِكُنَّ مِنۡ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ وَٱلۡحِكۡمَةِۚ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ لَطِيفًا خَبِيرًا
Үйлерінде оқылған Алланың аяттары мен хикметтерін еске алыңдар. Шәксіз Алла (Т.) өте жұмсақ, толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Әрі үйлеріңде Аллаһтың аяттарынан және даналықтан оқылғанды еске алыңдар. Ақиқатында, Аллаһ өте Жұмсақ, Мейірбан, бәрінен Хабардар
Аударма: ҚМДБ
33:35
إِنَّ ٱلۡمُسۡلِمِينَ وَٱلۡمُسۡلِمَٰتِ وَٱلۡمُؤۡمِنِينَ وَٱلۡمُؤۡمِنَٰتِ وَٱلۡقَٰنِتِينَ وَٱلۡقَٰنِتَٰتِ وَٱلصَّـٰدِقِينَ وَٱلصَّـٰدِقَٰتِ وَٱلصَّـٰبِرِينَ وَٱلصَّـٰبِرَٰتِ وَٱلۡخَٰشِعِينَ وَٱلۡخَٰشِعَٰتِ وَٱلۡمُتَصَدِّقِينَ وَٱلۡمُتَصَدِّقَٰتِ وَٱلصَّـٰٓئِمِينَ وَٱلصَّـٰٓئِمَٰتِ وَٱلۡحَٰفِظِينَ فُرُوجَهُمۡ وَٱلۡحَٰفِظَٰتِ وَٱلذَّـٰكِرِينَ ٱللَّهَ كَثِيرٗا وَٱلذَّـٰكِرَٰتِ أَعَدَّ ٱللَّهُ لَهُم مَّغۡفِرَةٗ وَأَجۡرًا عَظِيمٗا
Сөз жоқ, Мұсылман ерлер және Мұсылман әйелдер, мүмін ерлер және мүмін әйелдер, бой ұсынушы ерлер және бой ұсынушы әйелдер, шыншыл ерлер және шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер және сабырлы әйелдер, ықыласты ерлер және ықыласты әйелдер, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдер, ораза тстаушы ерлер және ораза тстаушы әйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және әйелдер, Алланы көп зікір етуші ерлер және әйелдер; Алла (Т.) бұлар үшін жарылқау және ірі сыйлық әзірледі
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында Мұсылман / бойсұнушы / ерлер және Мұсылман әйелдерге, мүмін / иманды / ерлер және мүмін әйелдерге, бағынушы ерлер және бағынушы әйелдерге, шын сөзді / сөзін амалымен растаушы / ерлер және шын сөзді әйелдерге, сабыр етуші ерлер және сабыр етуші әйелдерге, / Аллаһқа / беріле бойсұнушы ерлер және / Аллаһқа / беріле бойсұнушы әйелдерге, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдерге, ораза тұтушы ерлер және ораза тұтушы әйелдерге, ұятты жерлерін / еркектік пәктігін / қорғаушы ерлер және / әйелдік пәктігін / қорғаушы әйелдерге, Аллаһты көп еске алушы ерлер және / Аллаһты көп / еске алушы әйелдерге Аллаһ кешірім әрі ұлы сый / жәннатты / дайындады
Аударма: ҚМДБ
33:36
وَمَا كَانَ لِمُؤۡمِنٖ وَلَا مُؤۡمِنَةٍ إِذَا قَضَى ٱللَّهُ وَرَسُولُهُۥٓ أَمۡرًا أَن يَكُونَ لَهُمُ ٱلۡخِيَرَةُ مِنۡ أَمۡرِهِمۡۗ وَمَن يَعۡصِ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ فَقَدۡ ضَلَّ ضَلَٰلٗا مُّبِينٗا
Алла (Т.) және Елшісі, қашан бір іске үкім берсе, Мүмін ер және мүмін әйел үшін олардың істерінде ерікті болуларына болмайды. Сондай-ақ кім Аллаға, Елшісіне қарсы келсе, сонда рас ашық адасқан болады. (Жахыш қызы Зейнеп Мұхаммед Г.С ның әкесімен туысқан апайының қызы еді. Ал Харис үлы Зәйіт құлдықтан азат еткен асыранды ұлы еді. Пайғамбар Ғ.С. Зейнепті Зәйітпен үйлендіргенде, Зейнеп те жақындары да қаламаған еді. Аралары жараса алмай Зәйіт Пайғамбар Р.С. ға келіп, айрылатындығын айтады. К.Х.А.Ж.Қ.Т-Қ)
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ және Оның Елшісі қашан бір іске үкім етсе, ешбір иманды ер мен иманды әйелге ол істі өз білгеніне, таңдауға салуына болмайды. Ал кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнбаса, онда анық адасуға түсті
Аударма: ҚМДБ
33:37
وَإِذۡ تَقُولُ لِلَّذِيٓ أَنۡعَمَ ٱللَّهُ عَلَيۡهِ وَأَنۡعَمۡتَ عَلَيۡهِ أَمۡسِكۡ عَلَيۡكَ زَوۡجَكَ وَٱتَّقِ ٱللَّهَ وَتُخۡفِي فِي نَفۡسِكَ مَا ٱللَّهُ مُبۡدِيهِ وَتَخۡشَى ٱلنَّاسَ وَٱللَّهُ أَحَقُّ أَن تَخۡشَىٰهُۖ فَلَمَّا قَضَىٰ زَيۡدٞ مِّنۡهَا وَطَرٗا زَوَّجۡنَٰكَهَا لِكَيۡ لَا يَكُونَ عَلَى ٱلۡمُؤۡمِنِينَ حَرَجٞ فِيٓ أَزۡوَٰجِ أَدۡعِيَآئِهِمۡ إِذَا قَضَوۡاْ مِنۡهُنَّ وَطَرٗاۚ وَكَانَ أَمۡرُ ٱللَّهِ مَفۡعُولٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта өзіне Алла да бақ берген, сен де бақ берген Зәйітке: "Жұбайыңды ажыратпа, Алладан қорық!",- деуде едін; Алланың жариялайтын нәрсесін көңліңде жасыруда едің. Адамдардан қорқасың. Негізінде қорқуға Алла лайық. Сонда одан Зәйітгің жұмысы біткен (ажыраған) кезде оны саған некелендірдік; мүміндерге, асырандыларынан босаған әйелдерді алуда бір кінә болмауы үшін. Алланың әмірі орындалады
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Міне, кезінде сен Аллаһ оған игілік бергенге әрі өзің де игілік еткенге: «Әйелінді өзіңде ұста әрі Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтан», - дедің. Аллаһ саған / уахи етіп / анық білдіргенді ішіңде жасыруда әрі адамдардың / дұрыс түсінбеуінен / қорқуда едің. Алайда қорқуыңа бәрінен де Аллаһ лайықты. Зәйд ол әйелде одан қажетін бітірген / онымен айрылысқан / кезде, Біз сені оған / Зәйнабқа / үйлендірдік. / бұл / имандыларға / мүміндерге / , асырап алған балалары әйелдерінен қажетін аяқтаған / айрылысқан / кезде, Оларға қатысты ешбір айып болмауы үшін. Аллаһтың бұйрығы міндетті түрде орындалады
Аударма: ҚМДБ
33:38
مَّا كَانَ عَلَى ٱلنَّبِيِّ مِنۡ حَرَجٖ فِيمَا فَرَضَ ٱللَّهُ لَهُۥۖ سُنَّةَ ٱللَّهِ فِي ٱلَّذِينَ خَلَوۡاْ مِن قَبۡلُۚ وَكَانَ أَمۡرُ ٱللَّهِ قَدَرٗا مَّقۡدُورًا
Пайғамбарға Алланың оған парыз еткен нәрсесінде оған айып жоқ. Бұрынғы өткендерге де Алланың жолы осы еді. Алланың әмірі тұжырымды бір үкім
Аударма: Халифа Алтай
Пайғамбарға Аллаһтың оған міндеттеген нәрсесінде еш айып жоқ. Бұл Аллаһтың бұрынғы өткендерге де қатысты жолы. Әрі Аллаһтың әмірі - алдын ала белгіленген бір шешім
Аударма: ҚМДБ
33:39
ٱلَّذِينَ يُبَلِّغُونَ رِسَٰلَٰتِ ٱللَّهِ وَيَخۡشَوۡنَهُۥ وَلَا يَخۡشَوۡنَ أَحَدًا إِلَّا ٱللَّهَۗ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ حَسِيبٗا
Сондай пайғамбарлар, Алланың нұсқауларын жалғастырып, Одан қорқады да Алладан басқа ешбіреуден қорықпайды. Алла есеп көруде жетіп асады
Аударма: Халифа Алтай
Олар / пайғамбарлар / Аллаһтың жібергенін жеткізетіндер әрі Аллаһтан ғана қорқып, Одан басқа ешкімнен қорықпайтындар. Ал, Аллаһ есеп жүргізуде жеткілікті
Аударма: ҚМДБ
33:40
مَّا كَانَ مُحَمَّدٌ أَبَآ أَحَدٖ مِّن رِّجَالِكُمۡ وَلَٰكِن رَّسُولَ ٱللَّهِ وَخَاتَمَ ٱلنَّبِيِّـۧنَۗ وَكَانَ ٱللَّهُ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمٗا
Мұхаммед (Ғ.С.) сендерден ешбір еркектің әкесі емес. Бірақ Алланың Елшісі және пайғамбарлардың соңы. Алла әр нәрсені толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Мұхаммед сендерден ешбір ер кісілердің әкесі емес, бірақ, Аллаһтың Елшісі әрі пайғамбарлардың соңы. Аллаһ - барлық нәрсені Білуші
Аударма: ҚМДБ
33:41
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱذۡكُرُواْ ٱللَّهَ ذِكۡرٗا كَثِيرٗا
Әй мүміндер! Алланы өте көп зікір етіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Аллаһты жиі-жиі, көп еске алыңдар
Аударма: ҚМДБ
33:42
وَسَبِّحُوهُ بُكۡرَةٗ وَأَصِيلًا
Оны ертелі-кеш пәктеңдер
Аударма: Халифа Алтай
әрі таңертең және кешке Оны дәріптеңдер
Аударма: ҚМДБ
33:43
هُوَ ٱلَّذِي يُصَلِّي عَلَيۡكُمۡ وَمَلَـٰٓئِكَتُهُۥ لِيُخۡرِجَكُم مِّنَ ٱلظُّلُمَٰتِ إِلَى ٱلنُّورِۚ وَكَانَ بِٱلۡمُؤۡمِنِينَ رَحِيمٗا
Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығу үшін өзі рахмет қыяып, періштелері дұға қылады. Сондай-ақ мүміндерге ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін сендерге мейірім етеді, әрі Оның періштелері де / сендерге салауат айтады / . Ол имандыларға ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
33:44
تَحِيَّتُهُمۡ يَوۡمَ يَلۡقَوۡنَهُۥ سَلَٰمٞۚ وَأَعَدَّ لَهُمۡ أَجۡرٗا كَرِيمٗا
Олар Аллаға жолыққан күні амандары, "сәлем" болады. Және оларға қымбатты сыйлық әзірледі
Аударма: Халифа Алтай
Олардың Онымен / Аллаһпен / жолығатын күнгі амандасулары: «Сәлам / Амандық болсын / !» - / сөзі / . Ол оларға көркем, мол сый дайындаған
Аударма: ҚМДБ
33:45
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِيُّ إِنَّآ أَرۡسَلۡنَٰكَ شَٰهِدٗا وَمُبَشِّرٗا وَنَذِيرٗا
Әй Пайғаибар! Сөз жоқ, сені бір куә әрі қуантушы, ескертуші етіп, жібердік
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Пайғамбар! Біз сені куә, қуандырушы және ескертуші етіп жібердік
Аударма: ҚМДБ
33:46
وَدَاعِيًا إِلَى ٱللَّهِ بِإِذۡنِهِۦ وَسِرَاجٗا مُّنِيرٗا
Алла жаққа, Оның нұсқауымен шақырушы бір нұрлы шырақ түрінде жібердік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Аллаһтың рұқсатымен Оған шақырушы және нұрлы / жарық түсіруші / шырақ етіп / жібердік
Аударма: ҚМДБ
33:47
وَبَشِّرِ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ بِأَنَّ لَهُم مِّنَ ٱللَّهِ فَضۡلٗا كَبِيرٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерді рас оларға Алладан, ірі игілік барлығын шүйіншіле
Аударма: Халифа Алтай
Имандыларды / мүміндерді / олар үшін Аллаһтан үлкен кеңшілік бар екендігімен сүйіншіле
Аударма: ҚМДБ
33:48
وَلَا تُطِعِ ٱلۡكَٰفِرِينَ وَٱلۡمُنَٰفِقِينَ وَدَعۡ أَذَىٰهُمۡ وَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱللَّهِۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ وَكِيلٗا
Кәпірлер мен мұнафықтарға бой ұсынба. Олардың жәбір-жапаларын елеме. Аллаға тәуекел ет. Алла кепілдікте жетеді
Аударма: Халифа Алтай
Кәпірлерге және мұнафиқтарға бағынба және олардың тигізген зәбірлерін елеме, әрі Аллаһқа жүгініп, ісіңді Оған тапсыр / тәуекел ет / . Аллаһ - сенім артылушы, қорғаушы / Уакил / ретінде жеткілікті
Аударма: ҚМДБ
33:49
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِذَا نَكَحۡتُمُ ٱلۡمُؤۡمِنَٰتِ ثُمَّ طَلَّقۡتُمُوهُنَّ مِن قَبۡلِ أَن تَمَسُّوهُنَّ فَمَا لَكُمۡ عَلَيۡهِنَّ مِنۡ عِدَّةٖ تَعۡتَدُّونَهَاۖ فَمَتِّعُوهُنَّ وَسَرِّحُوهُنَّ سَرَاحٗا جَمِيلٗا
Әй мүміндер! Егер мүмін әйелдерді; некеленіп, оларға қосылмай тұрып ажыратсаңдар, сонда оларға сендердің санайтын бір мерзімдерің болмайды. (Ғиддат күтпей-ақ үйлене беруіне болады.) Онда олардың мәһер хақтарын беріп, көркем түрде ажыратыңдар. (Егер мәһер белгіленген болса, жартысы, болмаса азды-көпті бір нәрсе беріледі.С. 236-237-А)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Сендер иманды әйелдерді некелеріңе алып, кейін Оларға қосылмай тұрып талақ берсеңдер, сендер үшін олардың міндетінде өздерің есептейтін ешқандай идда / күту мерзімі / жоқ. Оларға біраз дүние беріңдер де көркем түрде жіберіңдер
Аударма: ҚМДБ
33:50
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِيُّ إِنَّآ أَحۡلَلۡنَا لَكَ أَزۡوَٰجَكَ ٱلَّـٰتِيٓ ءَاتَيۡتَ أُجُورَهُنَّ وَمَا مَلَكَتۡ يَمِينُكَ مِمَّآ أَفَآءَ ٱللَّهُ عَلَيۡكَ وَبَنَاتِ عَمِّكَ وَبَنَاتِ عَمَّـٰتِكَ وَبَنَاتِ خَالِكَ وَبَنَاتِ خَٰلَٰتِكَ ٱلَّـٰتِي هَاجَرۡنَ مَعَكَ وَٱمۡرَأَةٗ مُّؤۡمِنَةً إِن وَهَبَتۡ نَفۡسَهَا لِلنَّبِيِّ إِنۡ أَرَادَ ٱلنَّبِيُّ أَن يَسۡتَنكِحَهَا خَالِصَةٗ لَّكَ مِن دُونِ ٱلۡمُؤۡمِنِينَۗ قَدۡ عَلِمۡنَا مَا فَرَضۡنَا عَلَيۡهِمۡ فِيٓ أَزۡوَٰجِهِمۡ وَمَا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُهُمۡ لِكَيۡلَا يَكُونَ عَلَيۡكَ حَرَجٞۗ وَكَانَ ٱللَّهُ غَفُورٗا رَّحِيمٗا
Әй Пайғамбар! Расында саған мәһерлерін берген жұбайларыңды, Алла саған нәсіп етіп, иелігіңде болған күңдерді, сенімен бірге көшіп келген әкеңмен туысқан ерлердің, әкеңмен туысқан әйелдердің, шешеңмен туысқан ерлердің әрі шешеңмен туысқан әйелдердің қыздарын халал қылдық. Сондай-ақ егер мүмін бір әйел езін Пайғамбарға бағыштаса; Пайғамбар оны некеленгісі келсе, бұны; өзге мүміндерден ерекше саған халал еттік. Мұсылмандарға жұбайлары, қол астарындағы күңдері хаққында нені парыз еткенімізді білдік; Саған тарлық болмауы үшін. Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Пайғамбар! Біз сен үшін мәһрлерін берген жұбайларыңды, Аллаһ саған тарту етіп берген қол астындағы күңдеріңді әрі сенімен бірге қоныс аударғанәкеңнің аға-інілерінің қыздарын, әкеңнің әпке-қарындастарының қыздарын, анаңның аға-інілерінің қыздарын, анаңның әпке-сіңлілерінің қыздарын әйелдікке алуды рұқсат еттік. Сондай-ақ өзін Пайғамбарға / мәһрсіз / тарту еткен, иманды әйелді де, егер, пайғамбар оған үйленгісі келсе / рұқсат еттік / . Алайда бұл барлық имандыларға емес, тек саған ғана қатысты. Біз оларға / иманға келгендерге / әйелдеріне және қол астарындағы күңдеріне қатысты нені парыз еткенімізді білеміз. Бұл саған ешбір жайсыздықтың болмауы үшін / рұқсат етілді / . Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
33:51
۞تُرۡجِي مَن تَشَآءُ مِنۡهُنَّ وَتُـٔۡوِيٓ إِلَيۡكَ مَن تَشَآءُۖ وَمَنِ ٱبۡتَغَيۡتَ مِمَّنۡ عَزَلۡتَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيۡكَۚ ذَٰلِكَ أَدۡنَىٰٓ أَن تَقَرَّ أَعۡيُنُهُنَّ وَلَا يَحۡزَنَّ وَيَرۡضَيۡنَ بِمَآ ءَاتَيۡتَهُنَّ كُلُّهُنَّۚ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ مَا فِي قُلُوبِكُمۡۚ وَكَانَ ٱللَّهُ عَلِيمًا حَلِيمٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) жұбайларыңнан кімді кейін қалдырып, қалағаныңды жаныңа аласың. Бөлек қойғандарыңнан біреуін қаласаң да саған бір кінә жоқ. Бұл олардың көзайым болып, кейімеулеріне және оларға берген нәрсеңде түгел разы болуларына тағы жақын. Алла жүректеріңдегіні біледі. Алла (Т.) толық білуші, тым жұмсақ
Аударма: Халифа Алтай
Сен жұбайларыңнан қалағаныңды кейінге қалдырып әрі өзің қалағанды жаныңа ала аласың. Кейін қалдырғандарыңнан кімді қаласаң да саған күнә жоқ. Бұл олардың көзайым болуына, қамықпауларына және барлығының да сенің тарту еткендеріңе риза болуларына ең жақыны. Аллаһ сендердің жүректеріңдегіні біледі. Аллаһ бәрін Білуші / ’Алим / , аса Ұстамды, Жұмсақ / Халим
Аударма: ҚМДБ
33:52
لَّا يَحِلُّ لَكَ ٱلنِّسَآءُ مِنۢ بَعۡدُ وَلَآ أَن تَبَدَّلَ بِهِنَّ مِنۡ أَزۡوَٰجٖ وَلَوۡ أَعۡجَبَكَ حُسۡنُهُنَّ إِلَّا مَا مَلَكَتۡ يَمِينُكَۗ وَكَانَ ٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ رَّقِيبٗا
Саған бұдан кейін әйелдер халал емес, сұлулықтары қызықтырса да. Жұбайларыңнан ауыстыруыңа; (бұлардан бірін ажыратып, орнына басқа әйел алуыңа) болмайды. Бірақ қол астындағы күңдер бір сәрі. Алла барлық нәрсені бақылаушы
Аударма: Халифа Алтай
Бұдан кейін саған басқа әйелдерге / үйлену / және сұлулықтары таң қалдырса да оларды жұбайларыңның бірімен ауыстыруға / біріне талақ беріп, орнына басқасын алуға / рұқсат жоқ. Бірақ қол астыңдағы күңдерің бұдан тыс. Аллаһ - барлық нәрсені Бақылаушы
Аударма: ҚМДБ
33:53
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا تَدۡخُلُواْ بُيُوتَ ٱلنَّبِيِّ إِلَّآ أَن يُؤۡذَنَ لَكُمۡ إِلَىٰ طَعَامٍ غَيۡرَ نَٰظِرِينَ إِنَىٰهُ وَلَٰكِنۡ إِذَا دُعِيتُمۡ فَٱدۡخُلُواْ فَإِذَا طَعِمۡتُمۡ فَٱنتَشِرُواْ وَلَا مُسۡتَـٔۡنِسِينَ لِحَدِيثٍۚ إِنَّ ذَٰلِكُمۡ كَانَ يُؤۡذِي ٱلنَّبِيَّ فَيَسۡتَحۡيِۦ مِنكُمۡۖ وَٱللَّهُ لَا يَسۡتَحۡيِۦ مِنَ ٱلۡحَقِّۚ وَإِذَا سَأَلۡتُمُوهُنَّ مَتَٰعٗا فَسۡـَٔلُوهُنَّ مِن وَرَآءِ حِجَابٖۚ ذَٰلِكُمۡ أَطۡهَرُ لِقُلُوبِكُمۡ وَقُلُوبِهِنَّۚ وَمَا كَانَ لَكُمۡ أَن تُؤۡذُواْ رَسُولَ ٱللَّهِ وَلَآ أَن تَنكِحُوٓاْ أَزۡوَٰجَهُۥ مِنۢ بَعۡدِهِۦٓ أَبَدًاۚ إِنَّ ذَٰلِكُمۡ كَانَ عِندَ ٱللَّهِ عَظِيمًا
Әй мүміндер! Пайғамбардың үйлеріне сендерге рұхсат берілмейінше кірмеңдер де тамақтың пысуын күтпеңдер. Бірақ қашан шақырылсаңдар; кіріңдер де тамақ жеген кезде, дереу тарқандар, сөзге айналмаңдар. Расында бұларың Пайғамбарды қынжылтады әрі сендерден ұялады. Бірақ Алла (Т.) шындықтан ұялмайды. Егер Пайғамбар (Ғ.С.) дың жұбайларынан бір нәрсе сұрасаңдар, далданың артынан сұраңдар; бұларың, сендердің де олардың да жүректерінің тазалығы. Сондай-ақ сендердің Алланың Елшісін қынжылтуларыңа және одан кейін жұбайларымен әсте некеленулеріңе болмайды. Сондай істеулерің Алла қасында зор күнә
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Пайғамбардың үйлеріне кірмеңдер, тек өздеріңе тамақ жеуге рұқсат етілгенде болмаса, бірақ / тамақтың / дайын болуын күтіп, алдын ала кірмеңдер. Ал егер шақырылсаңдар, кіріңдер де тамақ жеп болсаңдар, әңгімені созбай дереу тарқаңдар. Бұларың Пайғамбарға жайсыздық тудырады, алайда ол сендерден ұялады. Ал, Аллаһ шындықтан / оны түсіндіруден / ұялмайды. Егер олардан / әйелдерінен / бір нәрсе сұрасаңдар, онда перденің арғы жағында тұрып сұраңдар. Осы - сендердің жүректерің үшін әрі олардың жүректері үшін де ең тазасы. Сендерге Аллаһтың Елшісін ренжітулеріңе және одан кейін оның әйелдеріне ешқашан үйленулеріңе болмайды. Ақиқатында, бұлай етулерің Аллаһтың алдында өте үлкен / күнә
Аударма: ҚМДБ
33:54
إِن تُبۡدُواْ شَيۡـًٔا أَوۡ تُخۡفُوهُ فَإِنَّ ٱللَّهَ كَانَ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمٗا
Бір нәрсені әшкерелесеңдер де жасырсаңдар да әрине Алла (Т.) әр нәрсені толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Егер бір нәрсені әшкере етсеңдер де немесе оны жасырсаңдар да, әлбетте Аллаһ барлық нәрсені Білуші
Аударма: ҚМДБ
33:55
لَّا جُنَاحَ عَلَيۡهِنَّ فِيٓ ءَابَآئِهِنَّ وَلَآ أَبۡنَآئِهِنَّ وَلَآ إِخۡوَٰنِهِنَّ وَلَآ أَبۡنَآءِ إِخۡوَٰنِهِنَّ وَلَآ أَبۡنَآءِ أَخَوَٰتِهِنَّ وَلَا نِسَآئِهِنَّ وَلَا مَا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُهُنَّۗ وَٱتَّقِينَ ٱللَّهَۚ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ شَهِيدًا
(Пайғамбар Ғ.С. ның) жұбайларына; әкелері, ұлдары, туыстары, олардың ұлдары, қыз туыстарының ұлдары, Мұсылман әйелдер және қол астарындағы күңдері жайында бір айып жоқ. (Бұларға көрінулеріне болады.) (Әй әйелдер!) Алладан қорқыңдар! Алла (Т.) әр нәрсені көреді
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / пайғамбардың әйелдеріне / әкелерінің, ұлдарының, аға-інілерінің, аға-інілерінің ұлдарының, әпке-сіңлілерінің балаларының, мұсылман әйелдері және қол астарындағы күндерінің алдында / жамылғысыз / жүрулерінде күнә жоқ. Тақуалық етіңдер / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтаныңдар! / Ақиқатында, Аллаһ әрбір нәрсеге куә
Аударма: ҚМДБ
33:56
إِنَّ ٱللَّهَ وَمَلَـٰٓئِكَتَهُۥ يُصَلُّونَ عَلَى ٱلنَّبِيِّۚ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ صَلُّواْ عَلَيۡهِ وَسَلِّمُواْ تَسۡلِيمًا
Расында Алла, Пайғамбарға рахмет етеді. Және періштелер салауат айтады. Әй Мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ Пайғамбарды мейіріміне бөлейді және Оның періштелері де оған жақсылықтар тілейді. Ей, иманға келгендер! Сендер де оған салауат айтыңдар және амандық тілеп сәлем беріңдер
Аударма: ҚМДБ
33:57
إِنَّ ٱلَّذِينَ يُؤۡذُونَ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ لَعَنَهُمُ ٱللَّهُ فِي ٱلدُّنۡيَا وَٱلۡأٓخِرَةِ وَأَعَدَّ لَهُمۡ عَذَابٗا مُّهِينٗا
Расында Аллаға, Елшісіне ренш бергендер, соларға диние, ахиретте Алла қарғыс беріп, оларға қорлаушы азап дайындады
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, Аллаһты және Оның Елшісін ренжіткендерді, Аллаһ бұл дүниеде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / қарғысқа ұшыратты әрі оларға қорлаушы азап әзірледі
Аударма: ҚМДБ
33:58
وَٱلَّذِينَ يُؤۡذُونَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ وَٱلۡمُؤۡمِنَٰتِ بِغَيۡرِ مَا ٱكۡتَسَبُواْ فَقَدِ ٱحۡتَمَلُواْ بُهۡتَٰنٗا وَإِثۡمٗا مُّبِينٗا
Сондай мүмін ер, мүмін әйелдерді жазықсыз кейіткендер, әрине олар; жала жауып, ашық күнә жүктеп алды
Аударма: Халифа Алтай
Ал, иманды ерлерді және иманды әйелдерді жазықсыз түрде ренжіткендер жала мен анық күнәні арқалайды
Аударма: ҚМДБ
33:59
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِيُّ قُل لِّأَزۡوَٰجِكَ وَبَنَاتِكَ وَنِسَآءِ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ يُدۡنِينَ عَلَيۡهِنَّ مِن جَلَٰبِيبِهِنَّۚ ذَٰلِكَ أَدۡنَىٰٓ أَن يُعۡرَفۡنَ فَلَا يُؤۡذَيۡنَۗ وَكَانَ ٱللَّهُ غَفُورٗا رَّحِيمٗا
Әй Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: "Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл, олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла (Т.) аса жарылқаушы, тым мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және имандылардың әйелдеріне айт: жаулықтарын үстеріне түсіріп жапсын. Бұл олардың танылуына жақын. Сөйтіп олар қорлыққа ұшырамайды. Әрі Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
33:60
۞لَّئِن لَّمۡ يَنتَهِ ٱلۡمُنَٰفِقُونَ وَٱلَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٞ وَٱلۡمُرۡجِفُونَ فِي ٱلۡمَدِينَةِ لَنُغۡرِيَنَّكَ بِهِمۡ ثُمَّ لَا يُجَاوِرُونَكَ فِيهَآ إِلَّا قَلِيلٗا
Егер мұнафықтар, жүректерінде дерті болғандар және қалада уайымды өсек тарқатқандар тыйылмаса, әрине сені оларға үстем етеміз. Сосын олар қалада саған аз заман көрші бола алады
Аударма: Халифа Алтай
Егер мұнафиқтар әрі жүректерінде ауруы барлар және Мединада өсек тарататын арандатушылар тыйылмаса, сені оларға қарсы шығарамыз. Сонда олар онда / Мединада / сенімен бірге тек .аз-ақ уақыт тұрады
Аударма: ҚМДБ
33:61
مَّلۡعُونِينَۖ أَيۡنَمَا ثُقِفُوٓاْ أُخِذُواْ وَقُتِّلُواْ تَقۡتِيلٗا
Олар қарғысқа ұшырап, қайдан табылса да ұсталып, өлтіріледі
Аударма: Халифа Алтай
қарғысқа ұшыраған түрде. Олар / сонда / қай жерде табылмасын, ұсталып, өлімге кесіліп өлтіріледі
Аударма: ҚМДБ
33:62
سُنَّةَ ٱللَّهِ فِي ٱلَّذِينَ خَلَوۡاْ مِن قَبۡلُۖ وَلَن تَجِدَ لِسُنَّةِ ٱللَّهِ تَبۡدِيلٗا
Алланың бұрынғы өткендерге жолы осы. Алланың жолынан әсте ауыс-күйіс таба алмайсың
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың бұрынғы өткендерге де қатысты үкімі / осы / . Аллаһтың / бекіткен / үкіміне еш өзгеріс таппайсың
Аударма: ҚМДБ
33:63
يَسۡـَٔلُكَ ٱلنَّاسُ عَنِ ٱلسَّاعَةِۖ قُلۡ إِنَّمَا عِلۡمُهَا عِندَ ٱللَّهِۚ وَمَا يُدۡرِيكَ لَعَلَّ ٱلسَّاعَةَ تَكُونُ قَرِيبًا
(Мұхаммед Ғ.С.) адамдар сенен қиямет мерзімінен сұрайды. Оларға: "Оның білімі Алланың қасында; қайдан білесің, мүмкін мерзімі жақын шығар" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Адамдар сенен Сағат / Есеп күні / туралы сұрайды. Айт: «Оның білімі Аллаһта», - деп. Қайдан білесің, мүмкін Сағат жақын шығар
Аударма: ҚМДБ
33:64
إِنَّ ٱللَّهَ لَعَنَ ٱلۡكَٰفِرِينَ وَأَعَدَّ لَهُمۡ سَعِيرًا
Расында Алла кәпірлерге лағынет етті. Және оларға жалындаған тозақты әзірледі
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһ кәпірлерді лағнеттеді / мейірімінен алыстатты / және Саъирды (жалындаған от) әзірледі
Аударма: ҚМДБ
33:65
خَٰلِدِينَ فِيهَآ أَبَدٗاۖ لَّا يَجِدُونَ وَلِيّٗا وَلَا نَصِيرٗا
Олар онда мәңгі қалады. Не дос не көмекші таба алмайды
Аударма: Халифа Алтай
олар онда мәңгі қалады да, не қорғаушы, не көмек беруші таппайды
Аударма: ҚМДБ
33:66
يَوۡمَ تُقَلَّبُ وُجُوهُهُمۡ فِي ٱلنَّارِ يَقُولُونَ يَٰلَيۡتَنَآ أَطَعۡنَا ٱللَّهَ وَأَطَعۡنَا ٱلرَّسُولَا۠
Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: "Әттең! Бізге не болды? Аллаға бой ұсынып, Елшісіне көнген болсақ еді" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні беттері от ішінде аударылғанда олар: «Әттең, егер біз Аллаһқа бойсұнсақ және Елшіге бағынсақ еді!» - дейді
Аударма: ҚМДБ
33:67
وَقَالُواْ رَبَّنَآ إِنَّآ أَطَعۡنَا سَادَتَنَا وَكُبَرَآءَنَا فَأَضَلُّونَا ٱلسَّبِيلَا۠
Раббымыз! Басшыларымызға, үлкендерімізге бой ұсындық та бізді солар адастырды" дейді
Аударма: Халифа Алтай
олар: «Раббымыз! Біз басшыларымыз бен үлкендерімізге бағынған едік, олар бізді жолдан адастырды
Аударма: ҚМДБ
33:68
رَبَّنَآ ءَاتِهِمۡ ضِعۡفَيۡنِ مِنَ ٱلۡعَذَابِ وَٱلۡعَنۡهُمۡ لَعۡنٗا كَبِيرٗا
Раббымыз! Оларға азаптан екі есе бер. Және оларды рахметіңнен мүлде аулақ қыл
Аударма: Халифа Алтай
Раббымыз! Оларға азапты екі есе етіп бер және оларды үлкен лағнетке ұшырат», - дейді
Аударма: ҚМДБ
33:69
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا تَكُونُواْ كَٱلَّذِينَ ءَاذَوۡاْ مُوسَىٰ فَبَرَّأَهُ ٱللَّهُ مِمَّا قَالُواْۚ وَكَانَ عِندَ ٱللَّهِ وَجِيهٗا
Әй Мүміндер! Сендер де Мұса (Ғ.С.) ны ренжіткендер сияқты болмаңдар. Бірақ оны Алла, олардың айтқандарынан ақтады. Ол, Алланың қасында беделді еді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Сендер Мұсаны ренжіткендер сияқты болмаңдар. Аллаһ оны олардың айтқандарына / жалаларына / қатысы жоқ екенін көрсетті. Ол Аллаһтың алдында қадірлі еді
Аударма: ҚМДБ
33:70
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَقُولُواْ قَوۡلٗا سَدِيدٗا
Әй Мүміндер! Алладан қорқыңдар да дұрыс сөз сөйлеңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және тура сөз сөйлеңдер
Аударма: ҚМДБ
33:71
يُصۡلِحۡ لَكُمۡ أَعۡمَٰلَكُمۡ وَيَغۡفِرۡ لَكُمۡ ذُنُوبَكُمۡۗ وَمَن يُطِعِ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ فَقَدۡ فَازَ فَوۡزًا عَظِيمًا
Алла істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаға, Елшісіне бой ұсынса, әрине ол; ұлы табысқа ие болады
Аударма: Халифа Алтай
Сонда / Ол амалдарыңды оңғарады әрі күнәларыңды кешіреді. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса, сол ұлы жетістікке жетті
Аударма: ҚМДБ
33:72
إِنَّا عَرَضۡنَا ٱلۡأَمَانَةَ عَلَى ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَٱلۡجِبَالِ فَأَبَيۡنَ أَن يَحۡمِلۡنَهَا وَأَشۡفَقۡنَ مِنۡهَا وَحَمَلَهَا ٱلۡإِنسَٰنُۖ إِنَّهُۥ كَانَ ظَلُومٗا جَهُولٗا
Рас аманатты, (дінді. Ж-Қ.Ж.М.К.Р.Х.) көктер мен жерге және тауларға ұсындық; сонда олар оны жүктелуден бас тартып, одан қорықты. Оны адам баласы жүктелді. Өйткені ол, өте залым, тым білімсіз
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында Біз аманатты аспандарға, жерге және тауларға ұсындық, сонда олар оны міндетіне алудан бас тартты және одан / оны орындай алмауынан / қорықты. Ал оны адам арқалады / өз міндетіне алды / ,- өйткені ол әділетсіз, надан / жауапкерсіз
Аударма: ҚМДБ
33:73
لِّيُعَذِّبَ ٱللَّهُ ٱلۡمُنَٰفِقِينَ وَٱلۡمُنَٰفِقَٰتِ وَٱلۡمُشۡرِكِينَ وَٱلۡمُشۡرِكَٰتِ وَيَتُوبَ ٱللَّهُ عَلَى ٱلۡمُؤۡمِنِينَ وَٱلۡمُؤۡمِنَٰتِۗ وَكَانَ ٱللَّهُ غَفُورٗا رَّحِيمَۢا
Нәтижеде Алла мұнафық ерлер мен әйелдерді және мүшрік ерлермен әйелдерді азапқа салады да мүмін ерлер мен әйелдердің тәубесін қабыл етеді. Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Осылай болуы! Аллаһтың мұнафиқ ерлерді және мұнафиқ әйелдерді әрі Аллаһқа серік қосушы ерлерді және серік қосушы әйелдерді азаптауы үшін, ал иманды ерлер және иманды әйелдердің істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етуі / үшін / . Әрі Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
← Ас-СадждаБарлық сүрелерСаба →

Аль-Ахзаб сүресі туралы

Аль-Ахзаб (الأحزاب) — Құранның 33-сүресі, 73 аят, мединалық сүре, 21-жүз, мысхафтың 418-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу