Көктер мен жерде болған нәрселер; өзіне тән болған Аллаға, барлық мақтау лайық. Әрі ахиреттегі мақтау да Оған лайық. Ол, хикнет иесі, толық хабар алушы
Аударма: Халифа Алтай
Барлық мақтау аспандардағы және жердегі / барлық / нәрселер бір Өзінікі болған Аллаһқа. Және соңғы мәңгілік өмірде де / ақиретте / барлық мақтау Оған. Олс аса Дана, бәрінен Хабардар
Қарсы болғандар: "Бізге қиямет келмейді" деді. (Мұхаммед Ғ.С.): "Олай емес, көместі білетін Раббына ант етемін! Әлбетте сендерге ол мезгіл келеді. Көктердегі, жердегі тозаңның түйірінің салмағындай нәрсе Одан тасаланбайды. Сондай-ақ одан үлкені де кішкенесі де белгілі бір Кітапта жазулы" де
Аударма: Халифа Алтай
Ал, сондай күпірлік етушілер / Қайта тірілуді мойындамайтындар / : «Бізге Сағат / Қайта тірілу / келмейді», деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жоқ, олай емес, жасырын нәрсені / ғайыпты / білуші Раббыммен ант етемін! Ол / Қайта тірілу күні / сендерге міндетті түрде келеді», деп. Аспандардағы және жердегі заттың ең кішкентай бөлшегі әрі одан кіші не одан үлкен нәрсе Одан жасырын қалмайды, / бәрі де / анық Кітапта / жазулы / ,- деп
Сондай қарсы болғандар, (өзара): "Қашан сендер бөлшектеліп, тозаңға айналғаннан кейін, шын жаңадан жаратылатындарыңнан сендерге хабар беретін адамды көрсетейік бе?",- деседі
Аударма: Халифа Алтай
Ал күпірлік етушілер / Қайта тірілуді теріске шығаратындар / : «Сендерге өздерің әбден шіріп, ыдырап кеткен кездеріңде жаңа жаратылыста болатындарыңды / жаңадан қайта жаратылатындарыңды / хабарлайтын бір кісіні көрсетейік пе
Ол, Аллаға байланысты өтірік жала қоя ма? Немесе оның жындылығы бар ма?" Жоқ олай емес. Ахиретке сенбегендер, азапта және ұзақ адасуда
Аударма: Халифа Алтай
Ол Аллаһ туралы өтірікті құрастырды ма, әлде оны жын иектеп алды ма?» - деді. Жоқ, олай емес! Соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер азапта және ұзақ адасуда
Олар, көктен және жерден алды-артындағы нәрселерді көрмей ме? Егер қаласақ, оларды жерге жұтқызамыз не үстеріне көктен көсектер түсіреміз. Рас мұнда Аллаға берілген әр құл үшін ғибрат бар
Аударма: Халифа Алтай
Олар алдарындағы әрі арттарындағыны - аспандағы мен жердегіні көрмеді ме? Егер қаласақ, оларды жерге жұтқызып жібереміз немесе олардың үстіне аспаннан бір бөлік түсіреміз. Ақиқатында, Мұнда / Аллаһқа әрдайым! қайтушы әрбір құлға белгі-ғибрат бар
Расында Дәуіт (Ғ.С.) ке өз жанымыздан ізгілік бердік: "Әй таулар, құстар! Онымен бірге үн қосыңдар" (дедік.) Және оған темірді жұмсаттық: (С. 79-А.) (Дәуіт Ғ.С. ның мұғжизалары; ол тәсбих айтқанда, таулар, құштар ән қосып, қолында; қара темір жұмсап, одан аспаптар жасайды. Б.Ж.К.М.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз Дәуітке Өз тарапымыздан артықшылық бердік. «Ей, таулар! Онымен / Дәуітпен / бірге жаңғырық беріп / Аллаһты дәріптеуін / қайталаңдар. Ей, құстар / сендер де / қайталаңдар» - дедік. Әрі оған темірді жұмсартып
Кең сауыттар жаса, оны тоқығанда мөлшерле. Оң істеңдер. Әрине не істегендеріңді толық көрушімін
Аударма: Халифа Алтай
«Ұзын сауыттар жаса және оның бөліктерін / шығыршықтарын / мөлшерлеп ал. Әрі ізгілік істеңдер. Ақиқатында, Мен не істеп жатқандарыңды Көрушімін»,- дедік
Сүлеймен (Ғ.С.) ге де ерте кетуі бір айлық, кешке қайтуы бір айлық (жол алатын) желдерді бағындырдық. Ол үшін еріген мыстан бұлақ ағыздық. Я, Раббының бұйрығымен оның алдында жұмыс істейтін жындарды да бағындырдық. Олардан кім әмірімізден тайса, оған жалындаған азаптан таттырамыз
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Сүлейменге таңертеңгі шығуы бір айлық, кешке қайтуы бір айлық жолды басып өтетін желді / бағындырдық / . Біз оған мыстан бұлақ ағыздық. және Раббысының рұқсатымен оның алдында жындардан жұмыс істейтіндері болды. Әрі олардан кім әмірімізден шықса, оған Саъир (жалындаған от) азабын таттырамыз
Олар, Сүлеймен (Ғ.С.) нін қалауынша, құрылыстар, мүсіндер, көлдей ыдыстар және орнатылған қазандар жасайтын еді. "Ей Дәуіт (Ғ.С.) тің үй-іші! Шүкірлік етіңдер!" Құлдарымнан шүкір етуші аз
Аударма: Халифа Алтай
Олар оған, ол қалаған құрылыстарды / сарайлар мен мешіттерді /, кескіндерді, әуіздей үлкен ыдыстарды және берік орнатылған қазандарды жасап беретін. / Оларға!: «Ей, Дәуіттің әулеті! Шүкір ету / Раббыңның берген игіліктеріне алғыс білдіру / үшін амал істеңдер»,- дедік. Құлдарымның азы ғана шүкір етуші / берген игіліктеріме разы болып, алғыс білдіруші
Біз оның (Сүлеймен Р.С. нің) өліміне үкім берген заманда, жындарға оның өлімін; оның таяғын жеген бір жердің кұрты ғана көрсетті. Сонда ол жығылған сәтте, жындарға аян болды. Егер жындар, көместі білген болса еді, олар, ауыр машақатта қалмас еді. (Сүлеймен Ғ.С. Месжид Ақсаны жындарға салғызып жатқанда; өлсе де таяғына сүйеніп тұрғандықтан жындар, білмей істей беріп; таяғын құрт жеп жығылғанда бір-ақ біледі. Б.Ж.М.К)
Аударма: Халифа Алтай
Біз оған / Сүлейменге / өлімді үкім еткен кезімізде, Оларға оның қайтыс болғанын таяғын жеген жәндіктен / құрттан / басқа ешнәрсе хабар бермеді. Ол құлаған кезде, жындар - егер өздері құпияны / ғайыпты / білгендерінде, онда мұндай қорлаушы азапта қалмаған боларын түсінді
Расында Сәбә елдерінің қоныстарында бір ғибрат бар. Оңнан, солдан екі бақша (бар еді. Оларға): "Раббыларыңның несібесін жеңдер де Оған шүкір етіңдер. Бір көркем қала, Раббыларың да аса жарылқаушы" (делінді.) (С. 22-А)
Аударма: Халифа Алтай
Сәбалықтар үшін олардың тұратын жерлерінде белгі / нышан / - оң жақ және сол жақтарында / орналасқан / екі бағы - бар еді. / Оларға / : «Өздеріңнің Раббыңның ризығынан жеңдер және шүкір етіңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер / . Жақсы ел әрі аса кешірімді Раббы», - / делінген еді
Олар бас тартты. Сондықтан оларға күшті сел жібердік те ол бакшаларын ащы мәуелі, жыңғылды бір азғантай жеміс ағашы бар; екі бақшаға айналдырдық
Аударма: Халифа Алтай
Алайда олар / шүкірсіздік етіп, құлшылықтан / теріс бұрылды. Сонда Біз оларға тасқын суды жібердік әрі олардың бақтарын жыңғылды әрі аз ғана сидры / тікенекті ағашы / бар екі бақпен алмастырдық
Оларменен сондай біз берекет берген кенттер арасында көрініп тұрған ауылдар бар. Онда кезілетін жер белгіледік: Ол жерде күндіз-түні аман-есен кезіңдер." (Бүлар, Шам мен Йеменнің арасындағы ауылдар. Бірақ олар бұған қанағат қылмады.) (Б.Ж.М)
Аударма: Халифа Алтай
Біз олармен Өзіміз берекелі еткен кенттердің арасында / жолай / көзге түсетін елді мекендер жасадық және олардың арасын өлшеулі еттік. / Оларға / : «Онда түндерде де, күндіз де қауіпсіз жүріңдер», - / дедік
Сонда олар: "Раббымыз! Сапарларымыздың араларын ұзақтастыр!",- деп, өздеріне кесірлері тиді. Сонда оларды аңызға айналдырып, быт-шыт қылып, мүлде тозғындыққа ұшыраттық. Сөз жоқ, бұнда әр сабыр етуші, шүкір етушілерге үлгі бар
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олар: «Раббымыз! Сапарларымыз арасын ұзақ ет», деді. Сөйтіп өздеріне-өздері әділетсіздік істеді. Сонда Біз оларды / ел аузында қалған / аңыз-әңгімеге айналдырдық және оларды бөліп, ыдыратып тастадық. Ақиқатында Мұнда әрбір әрдайым сабыр, көп шүкір етушілер / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірушілер / үшін белгі-ғибраттар бар
Негізінде Ібілістің оларға ешбір ықпалы жоқ еді. Бірақ ақиретке сенген кісімен, одан күдікте болғанды ажырату үшін ғана. Раббың әр нәрсені қорғаушы
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде оның / Ібілістің / оларға ешқандай билігі жоқ еді. Бірақ, / бұл / соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенетіндерді, оған күмәнда болғандардан айырып анықтауымыз үшін. Раббың әрбір нәрсені Сақтаушы
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Алладан өзге, көктерде де жерде де тозаңның салмағындай түкке ие бола алмайтын, екеуінде де бір ортақтығы жоқ. Сондай-ақ Аллаға олардың ешбіреуі көмекші де емес. Тәңір деп ойлағандарыңды шақырыңдар" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһпен қатар / құдай деп / есептегендеріңді шақырыңдар», деп. Олар аспандар мен жерде заттың ең кішкене бөлшегіңдей нәрсеге де не емес және олардың осы екеуіндегі / аспандар мен жердегі / ешбір нәрсеге үлесі жоқ. Әрі олардың ішінен Оған көмек беруші де жоқ
Алланың қасында, рұхсат берілген біреуден басқаның шапағаты пайда бермейді. Ақыр жүректерінен шошыну кеткен кезде, өзара: "Раббың нө айтты?",- десе: "Хақты айтты" деседі. Ол Алла, аса жоғары, тым үлкен
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Оның алдында Өзі рұқсат бергеннен басқа ешкімге араша түсу / шапағат / пайда бермейді. Жүректерінен қорқыныш кетірілген кезде, / шапағат етілгендер!ш: «Раббың не айтты?» - дейді, олар / періштелер / : «Ақиқатты. Ол аса Жоғары, өте Үлкен », - дейді
(Мұхаммед Ғ.С.) олардан: "Сендерге көктерден және жерден кім несібе береді?",- деп сұра да: "Алла" де. Негізінде біз немесе сендер әлбетте тура жолда не ашық адасудамыз
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Сендерге аспандар мен жерден кім ризық береді?» - деп. Айт: «Аллаһ»- деп, әрі: «Негізінде біз бен сендерден біріміз туралық үстіндеміз, / ал / біріміз анық адасудамыз», - де
Сондай қарсы келгендер: "Біз әсте бүл Құранға сенбейміз әрі бұның алдындағы (кітап) ларға да сенбейміз" деді. Ол залымдарды, Раббыларының хұзырында тұргызылып, бір-бірлеріне сөз қайтарып тұрғанда бір көрсең: Езілгендер; өздерін ірі санағандарға: "Сендер болмасаңдар, иман келтіретін едік" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / : «Біз бұл Құранға да, оның алдындағы түскенге де сенбейміз», деді. Егер сен әділетсіздердің өздерінің Раббысы алдында тұрғызылып, бір-біріне сөз қайтарғанын көрсең еді. Әлсіз есептелгендері / ерушілері / өздерін жоғары санағандарға / басшыларға / : «Сендер болмағанда, біз иманға келер едік», - дейді
Өздерін ірі санағандар, езілгендерге: "Сендерге тура жол келгеннен кейін, сендерге біз бөгет болдық па? Керісінше өздерің күнәкар едіңдер" дер
Аударма: Халифа Алтай
Өздерін жоғары санағандар әлсіз саналғандарға: «Біз сендерге тура жол келгеннен кейін өздеріңді одан тостық па? Жоқ! Сендер өздерің қылмыскер болдыңдар», -дейді
Езілгендер, өздерін ірі санағандарға: "Күндіз-түні қулықпен, Аллаға қарсы келуімізді, Оған теңеулер жасауымызды әмір етуші едіңдер" дер. Сондай-ақ азапты көрген кезде, ішінен өкінеді; қарсы келгендердің мойындарына боғаулар жасадық. Оларға істегендерінің ғана жазасы беріледі
Аударма: Халифа Алтай
Сонда әлсіздері өздерін жоғары санағандарға: «Жоқ! Түнде де, күндіз де айла-шарғы қолданып, бізді Аллаһқа сенбеуге және Оған өзгелерді теңдес етуге бұйыратын едіндер»,- дейді. Олар азапты көргендерінде, өкініштерін / іштеріне / жасырды. Әрі Біз күпірлік етушілердің / Аллаһқақарсы келушілердің / мойындарына бұғаулар салдық. Оларға істегендерінен басқасына / істемегендеріне / қайтарым жаза беріле ме
Малдарың да балаларың да сендерді жанымызға жақындастырмайды. Бірақ кім иман келтіріп, оң іс істесе, міне соларға істегендерінің салдарынан неше есе сыйлық бар. Сондай-ақ олар аман-есен жоғары орындарда болады
Аударма: Халифа Алтай
Сендердің дүниелерің де, балаларың да өздеріңді Бізге жақындатушы нәрсе бола алмайды. Тек кім иманға келген және ізгі амал істеген болса ғана, міне, соларға істеген амалдары үшін еселенген қайтарым сый бар әрі олар / Жәннаттағы / жоғарғы орындарда амандықта болады
(Мұхаммед Ғ.С.): "Рас Раббым, несібені құлдарынан кімге қаласа; кеңітеді де оған өлшеп-тамап та береді. Тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла, тағы есесін береді. Ол, ризық берушілердің ең жақсысы" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында, Раббым құлдарының арасынан қалағанының ризығын кеңітіп және қалағанының / ризығын / шектеп қояды. Сендер не жұмсасаңдар да Ол оның / жұмсағандарыңның / орнын қайта толтырады. Ол - ризық берушілердің ең қайырлысы», - деп
(Періштелер): "Сен пәксің! Біздің иеміз олар емес, Сенсің. Бәлкім олар жынға табынатын еді. Олардың көбі соларға сенуші еді" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Періштелер / : «Сен / барлық кемшіліктен / пәксің! Біздің қамқоршымыз олар емес, Сенсің. Негізінде, олар жындарға табынатын, олардың көбі соларға сенуші еді», - дейді
Оларға түсінікті аяттарымыз оқылған кезде, олар: "Бұл адам, сендерді аталарың табынған нәрселерден тыюды ғана қалайды" деді. Және: "Бұл Құран, жасанды бір өтіріктен басқа дәнеңе емес" деді. Сондай-ақ өздеріне келген шындыққа қарсы болғандар: "Бұл ашық бір жады ғана" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ал оларға / мүшріктерге / анық аяттарымыз оқылған кезде, олар: «Бұл адам сендерді аталарыңның табынғанынан тосуды қалайтын кісі ғана», - деді. Әрі олар: «Бұл - бар болғаны ойдан шығарылған өтірік», - деді. Әрі, өздеріне ақиқат келген кезде, оған күпірлік еткендер / сенбегендер / : «Бұл - анық сиқыр ғана», - деді
Олардан бұрынғылар да жасынға шығарған еді. Бұлар, оларға бергеніміздің оннан біріне де жеткен жоқ. Сонда да олар, елшілерімді жасынға шығарды. Менің соққым қалай екен
Аударма: Халифа Алтай
Олардан бұрын өткендер де / елшілерді / жалғанға шығарды. Бұлар / Мекке мүшріктері / оларға бергеніміздің оннан біріне де жеткен жоқ. Ал олар сонда да елшілерімді жалғанға шығарды. Сонда Менің қаһарым / жазам / қалай болды
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Шын мәнінде сендерге бір үгіт беремін; Алла үшін екі-екіден, бір-бірден тұрыңдар да сосын ойланыңдар. Жолдастарыңда бір жындылық жоқ. Ол, сендер үшін келетін қатты азапты алдын ала ескертуші ғана" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен сендерге бір нәрсеге кеңес беремін. Аллаһтың алдында екі-екіден / бірлесіп / және бір-бірден / жеке / тұрып, содан кейін ойланыңдар. Сендердің жолдастарыңа жын тиген жоқ. Ол - бар болғаны, келетін қатты азаптың алдында сендерге ескерту жасаушы ғана»,- деп
Егер адассам, шын мәнінде адасуым өз зияныма болады. Ал егер тура жолда болсам, сонда ол, Раббымның уахи еткенімен болады. Күдіксіз Ол, толық естуші, аса жақын" де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Егер мен адассам, оз зияныма ғана адасамын. Ал егер тура жолмен жүрсем, ол тек Раббымныңмаған уахи етуімен. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші, өте Жақын »,- деп
Олармен олардың қалаған нәрселерінің арасына кедергі түседі. Бұрын ұқсастарына да сөйтілген еді. Сөз жоқ, олар шәк ішінде күдіктенуші
Аударма: Халифа Алтай
Олар мен олардың қалаған нәрселерінің / иманға, тәубеге келудің / арасына бөгет қойылады. Дәл өздері секілділерге бұрын жасалғаны сияқты. Негізінде, олар шиеленген күмәнда еді