Көктерді және жерді жасаған сондай-ақ екі, үш және төрт қанатты періштелерді елші қылған Алла (Т.) ға барлық мақтау лайық. Ол, жаратуда қалағанын арттырады. Күдіксіз Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші
Аударма: Халифа Алтай
Барлық мақтау аспандарды және жерді жоқтан бар етіп жаратқан, екі, үш және төрт қанаттары бар періштелерді елшілер еткен Аллаһқа. Ол жаратқандарында Өзі қалағанын арттырады. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы
Әй адам баласы! Алла сендерге берген ырысын еске алыңдар: Сендерге көктен, жерден несібе беретін бір жаратушы бар ма? Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сонда қалай тентіреп, бара жатырсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, адамдар! Аллаһтың сендерге берген игілігін естеріңе алыңдар. Аллаһтан басқа аспан мен жерден сендерге ризық беретін бір жаратушы бар ма? Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда сендер қайда бұрылып барасыңдар
Әй адам баласы! Сөз жоқ, Алланың уәдесі хақ. Ендеше дүние тіршілігі сендерді әсте алдамасын. Сондай-ақ аса алдағыш та сендерді Алла туралы алдамасын
Аударма: Халифа Алтай
Ей, адамдар! Әлбетте Аллаһтың уәдесі хақ. Ендеше сендерді мына дүние тіршілігі азғырып, алдап қоймасын. Әрі азғырып, алдаушы / шайтан / да сендерді Аллаһ жайында алдап қоймасын
Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрсетіліп, оны жақсы көрген біреу (жақсымен тең бе?) Алла қалағанын адастырып, қалағанын тура жолға салады. Ендеше (Мүхаммед Ғ.С.) оларға қайғырып, өзіңді жойма. Әрине Алла, олардың қылған істерін толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Жаман істері әдемі етіп көрсетіліп, оны жақсы деп білген біреу ше? Анығында Аллаһ қалағанын адастырады әрі қалағанын тура жолмен жүргізеді. Ендеше олар үшін жаныңды қинап күйінбе. Ақиқатында Аллаһ олардың не істеп жатқандарын Білуші
Ол сондай Алла, желдерді жіберіп, сонда ол; Бұлтты қозғап, оны өлі бір жерге айдаймыз. Және жаңбыр арқылы жансыз қалған жерді қайта жандандырамыз. Өліктің тірілуі де осы сияқты
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Аллаһ сондай, желдерді жіберіп, ол / желдер / бұлттарды қозғалысқа салады. Сөйтіп Біз оны тіршіліксіз өлкеге айдап барып, онымен ол жерді өлгеннен / тіршіліксіз қалғаннан / кейін қайта тірілтеміз. Кайта тірілту де осылай болады
Кім кұрмет көксесе, негізінде бүкіл кәдір-құрмет Аллаға тән. Көркем сөз Алла жаққа шығады. Сондай-ақ жақсы ғамал оны көтереді. (Көркем сөз: Иман, сенім. Жақсы ғамал: Сенім бойынша істеген құлшылық. Екеуі бір-бірін көтереді. Бірінсіз-бірі қабылданбайды. Б.М.К.Р.Х.) Ал сондай жамандықтың тәсілін істегендер, олар үшін қатты азап бар. Олардың тәсілдері ол, өзінен-өзі жоқ болады
Аударма: Халифа Алтай
Кім үстемдікті қаласа, үстемдік толығымен Аллаһта. жақсы сөз Оған қарай шығады, ал ізгі амал оны / аса ұлы Аллаһқақарай / көтереді. Айла-шарғы арқылы жамандықтар жасайтындарға қатты азап бар. Әрі олардың айла-шарғылары босқа кетеді
Алла (Т.) сендерді топырақтан сосын мәниден жаратып, кейін сендерді жүп-жүп қылды. Ешбір ұрғашы Алланың білімінен тыс жүкті болмайды да тумайды. Алланың Кітабында жазылган өмір ұзартылмайды да қысқартылмайды. Әрине бүл Аллаға оңай
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ сендерді / Адам атаны / топырақтан, кейін / оның ұрпағын / ұрық суынан жаратты. Содан кейін сендерді . / әйел, еркек етіп / жұп жасады. Әрбір ұрғашының жүкті болуы және босануы Оның білімі бойынша / белгілеген заңдылығы, тағдыр етуімен / ғана болады. Кітапта жазылғаннан артық әрбір өмір сүрушінің өмірі ұзартылмайды да қысқартылмайды. Ақиқатында, бұл Аллаһқа жеңіл
Екі теңіз тең емес: Бұл тәтті шөл қандырады; ішілуі сүйкімді. Ол, тұзды ащы. Әрбірінен жас ет (балық) жейсіңдер әрі тағатын сәндік-бүйымдар (інжу-маржан) шығарасыңдар. Сондай-ақ Алланың кеңшілігінен несібе іздеу үшін; кеменің теңізде суды жарып бара жатқанын көресің. Әрине шүкір етерсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Екі теңіз бірдей емес. Мынау - тұщы, дәмді, ішуге жағымды. Ал анау - тұзды, ащы. Сендер әрқайсысынан жас ет жейсіңдер және өздерің тағып алатын сәндік әшекейлер шығарасыңдар. Оның кеңшілігін іздеулерің әрі шүкір етулерің / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін онда / теңізде / жүзіп бара жатқан кемелерді көресің
Ол Алла, түнді күндізге кигізіп, күндізді де түнге кигізеді. Сондай-ақ ай мен күнді игерді. Бәрі де белгілі бір мерзімге дейін жүріп тұрады. Біртұтас осылар, Раббыларың Алланікі. Иелік Соған тән. Одан өзге табынғандарың бір ұрық қабығына да ие емес
Аударма: Халифа Алтай
Ол түнді күндізге кіргізеді, ал күндізді түнге кіргізеді және күн мен айды / құлдарының пайдасы үшін / бағынышты етті. / Олардың / әрқайсысы белгіленген мерзімге дейін қозғалады. Міне, / осының бәрін жасаған / сендердің Раббың - Аллаһ. Билік - Онікі. Ал, сендердің Одан өзге қатар жалбарынып шақырғандарың, құрмадәнініңжұқа қабығына да иелік ете алмайды
Егер оларға жалбарынсаңдар, дауыстарыңды естімейді. Мүбада олар естісе де сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандықтарыңнан танады. Толық хабар беруші Алладай саған ешкім түсіндірмейді
Аударма: Халифа Алтай
Егер оларды / қосқан серіктеріңді / шақырсаңдар / сұрап, тілесеңдер / , шақырғандарыңды / тілектеріңді / естімейді. Ал, естіген жағдайда да сендерге жауап бере алмайтын еді және Қиямет күні олар сендердің серік етіп қосқандарыңнан бас тартады. / Ей, Мұхаммед! / Саған ешкім де бәрінен Хабардар секілді хабарлай алмайды
Ешбір күнәкар, басқаның күнәсын көтермейді. Күнәсы ауыр болған біреу көтеруге шақырса, егер жақыны болса да олан еш нәрсе жүктелмейді. (Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде Раббыларынан көрмей-ақ қорыққандарды, намазды орындағандарды ғана үгіттей аласың. Ал кім күнадан тазарса, өзі үшін тазарады. Және барар жері Алла жақ
Аударма: Халифа Алтай
Бір де біреу / қиямет күні / басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Егер көтергені / күнәсі / ауыр болған біреу, өз жүгін көтерісуге шақырса, жақыны болса да ешкім оның жүгінен бірер нәрсені де көтеріспейді. / Ей, Мұхаммед! / Негізінде, сен Раббысын көрмей тұрып Одан қорқатындарды және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындағандарды ғана ескерте аласың. Ал, кім тазарса, өзі үшін тазарады. Әрі қайту - Аллаһқа
Егер сені жасынға шығарса, расында бұлардан бұрын мұғжизалар, нүсқаулар және нүрландырушы Кітап келтірген пайғамбарларды да жасынға шығарған
Аударма: Халифа Алтай
Егер олар сені өтірікші санаса, олардан бұрынғылар да / елшілерді / өтірікші санаған. Елшілері оларға анық дәлелдер, жазбалар және жарық беруші кітаппен келген еді
Шын Алланың көктен жаңбыр жаудырғанын көрмейсің бе? Сонда онымен түрлі-түсті жемістер шығардық. Сондай-ақ таулардан да ақ, қызыл әрі қап-қара түрлі-түсті жолақтарды көрмейсің бе
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың аспаннан су түсіргенін көрмедің бе? Біз онымен түрлі-түсті жемістер шығардық. Әрі тауларда да түстері әртүрлі жолақтар бар - ақ, қызыл және өте қарасы
Адамдардан, құрт-құмырсқа және ірі жәндіктерден түрлі-түстегілер осындай. Шын мәнінде құлдарынан ғалымдары; Алладан қорқады. Рас Алла өте үстем, аса жарылқаушы
Аударма: Халифа Алтай
Адамдардың және жануарлар мен шаруа малдарының да осы секілді түрлі реңдегілері бар. Шын мәнінде, Аллаһтан Оның құлдарының ішінен, білімі барлары қорқады. Ақиқатында, Аллаһ бәрінен Үстем, өте Кешірімді
Әрине Алланың Кітабын оқып, намазды толық орындағандар және өздеріне берген несібемізден көрнеу, көмес түрде тиісті орынға жұмсағандар, еш түгемейтін бір сауда (сауап) үміт ете алады
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһтың кітабын оқитын, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтын және Біз ризық етіп бергеннен жасырын әрі ашық түрде жұмсайтындар ұтылмайтын / зиянға ұшырамайтын / сауданы үміт етеді
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай саған біз уахи еткен Құран, ол хақ. Алдынғыны растаушы. Әрине Алла, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз саған уахи еткен Кітап / Құран / - ақиқат, өзінен алдыңғыларды / кітаптарды / растаушы. Шын мәнінде, Аллаһ құлдарынан толық Хабардар, бәрін көріп тұрушы
Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағанымызға мұра қылдық. (Бүлар; сахабалар, оған ергендер, тіпті қияметке дейінгі ғалымдар. Б.М.К.Р.) Және олардан әлде кім өзіне кесір тигізеді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері, Алланың бұйырығынша жақсылықтарға ілгерлеуші болады. Міне осы, ұлы мәрхамет
Аударма: Халифа Алтай
Кейін Біз Кітапты құлдарымыздан таңдап алғандарымызға / Мұхаммед үмметіне / мирас еттік. Олардың ішінде өздеріне-өздері әділетсіздік етушілер бар, олардың ішінде орташалары бар және олардың ішінде Аллаһтың қалауы бойынша жақсылықтарда озық болушылар бар. Міне, осы - үлкен кеңшілік
Ал енді қарсы келушілер үшін тозақ оты бар. Оларға өлім үкімі берілмейді. Олардан азап жеңітіпмейді. Әрбір қарсы келушілерді өстіп жазалаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Ал, сондай күпірлік етушілер / Раббысымен кездесуге сенбегендер / ° үшін Жаһаннам оты бар. Оларға / онда / өлім шешімі шығарылмайды да әрі олардан оның азабы жеңілдетілмейді. Біз әрбір күпірлік етушінің / имансыздықтақасарысқандардың / қайтарым жазасын осылай береміз
Олар тозақта: "Бізді тозақтан шығар! Істеген ғамалдарымыздан басқа жақсы ғамал істейік" деп шыңғырады. "Сендерге; үгіт алғысы көлген кісі, үгіт алатын өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді татыңдар Залымдар үшін ешбір көмекші жоқ" (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар онда: «Раббымыз! Бізді шығар, бұрынғы істегендерімізден басқа, ізгі амал істейік»,-деп зар қағады. / Сонда Оларға / : «Біз сендерге, еске алушы адам еске алатындай ұзақ өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді / азапты / татыңдар, әділетсіздерге ешбір көмек беруші жоқ», - делінеді
Ол сондай Алла сендерді жер жүзінде орынбасар қылды. Сонда кім қарсы келсе, қарсылығының обалы өзіне. Қарсы болушылардың қарсылығы Раббыларының ызасынан басқаны арттырмайды әрі қарсы болушылардың қарсылы зиянды ғана арттырады
Аударма: Халифа Алтай
Ол сондай, сендерді жерде халифалар / орнын басушылар / етті. Кім күпірлік етсе / иманға келмесе / , оның күпірлігі / қарсылығы / өзінің зиянына. Кәпірлерге олардың күпірліктері / имансыздықтары / Раббысының алдында жек көрушіліктен басқаны арттырмайды. Әрі кәпірлерге күпірліктері тек зиянды ғана арттырады
(Мұхаммед Ғ.С.): "Алладан басқа табынған ортақтарыңды көрдіңдер ме? Маған көрсетіңдерші. Олар, жер жүзінде не жаратты? Немесе олардың көктерде бір одақтығы бар ма? Не Біз оларға кітап беріп, олар бір дәлел үстінде ме? Жоқ олай емес. Залымдар бірін-бірі алдауды ғана уәде етеді" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтан өзге жалбарынатын, өздерің серік етіп қосқандарың жайлы ойлайсыңдар ма? Маған олардың жерден нені жаратқанын көрсетіңдерші?» - деп. Әлде олардың аспандарда / оларды жаратуда / үлесі бар ма? Әлде Біз оларға бір Кітап беріп, олардың одан анық дәлелі бар ма? Жоқ! Негізінде, әділетсіздер бір-біріне жалғанды ғана уәде етеді
Рас Алла (Т.) көктер мен жерді бұүлжытпай ұстайды. Мүбада екеуіне бір зауал болса, Одан кейін оны ешкім ұстап түра алмайды. Шәксіз Ол, тым жүмсақ, аса жарылқаушы
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһ аспандарды және жерді ауытқып кетуінен ұстап тұрады. Егер ол екеуі ауытқып кетсе, оларды / Аллаһтан / кейін ешкім ұстап тұра алмайды. Ақиқатында, Ол аса Ұстамды, өте Кешірімді
Олар, өздеріне ескертуші келсе, әлде бір үмметтен көрі тағы туралықта болатындықтарына Аллаға шынымен ант қылған. Бірақ, оларға ескертуші келген заман, олардың жиренулерін ғана қоздырды. (С. 26-А)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар, егер өздеріне бір ескертуші келсе, онда / пайғамбар жіберілген / барлық үмметтерге қарағанда тура жолда болатындарына, анттарының ең ұлысымен - Аллаһпен ант ішкен еді. Ал, өздеріне ескертуші келген кезде, бұл олардың жиренулерін ғана арттырды
Олар жер жүзінде паңсып жаман тәсіл жасады. Негізінде айлакерліктің кесірі иесіне ғана болады. Олар, бұрынғылардың жолынан басқаны күте ме? (Олардың басына келгенді ғана күтеді.) Алланың жолынан әсте бір өзгеріс таба алмайсың да Алланың жолынан бір бұрылыс көре алмайсың
Аударма: Халифа Алтай
жер бетінде тәкәппарланып, өздерін жоғары санауы және айла-шарғы арқылы жамандық ойластыруын. Алайда, айла-шарғы арқылы ойластырылған жамандықтар тек өз иелерін орап алады. Олар сонда бұрынғыларға болғаннан басқа нәрсені күте ме? Аллаһтың жолында / үкімінде / өзгеріс таппайсың. Әрі Аллаһтың жолында / үкімінде / ауытқу таппайсың
Олар, жер жүзінде кезбей ме? Сонда олар, өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанын көрер еді. Тіпті олардың күші, бұлардан артық еді. Көктердегі және жердегі нәрселер Алланы осалдата алмайды. Шексіз Ол, толық білуші, аса күшті
Аударма: Халифа Алтай
Олар жер бетінде сапар шекпеді ме, сонда өздерінен алдын өткендердің соңы немен біткенін көрмеді ме? Олар бұларға қарағанда күш-қуат жағынан мықты еді. Аспандардағы және жердегі ешбір нәрсе Аллаһты әлсірете алмайды. Ақиқатында, Ол бәрін Білуші, барлық нәрсені Жасай алушы
Егер Алла (Т.) адам баласын қылықтары себепті қолға алатын болса, жер жүзінде ешбір жәндік қалдьірмас еді. Бірақ оларды белгілі бір мерзімге дейін кешіктірді. Қашан олардың мезгілі жетсе, сонда Алла құлдарын толық көреді
Аударма: Халифа Алтай
Егер де Аллаһ адамдарды істегендері / күнәлары / үшін жазалайтын болса, онда оның / жердің / бетінде ешбір жаны барды қалдырмас еді. Бірақ, Ол оларға белгіленген мерзімге дейін мұрсат береді. Ал, қашан олардың мерзімі келгенде / есепке тартылады / .Ақиқатында, Аллаһ құлдарын Көруші