Йа Син

يس · 83 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 440-бет
← ФатырБарлық сүрелерАс-Саффат →
36:1
يسٓ
Йә. Син
Аударма: Халифа Алтай
Йа, Син
Аударма: ҚМДБ
36:2
وَٱلۡقُرۡءَانِ ٱلۡحَكِيمِ
Терең сырлы Құранға серт
Аударма: Халифа Алтай
Хикметті Құранмен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
36:3
إِنَّكَ لَمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) шәксіз сен анық елшілерденсің
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, сен елшілерденсің
Аударма: ҚМДБ
36:4
عَلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٖ
Тура жолдасың
Аударма: Халифа Алтай
тура жолдағы
Аударма: ҚМДБ
36:5
تَنزِيلَ ٱلۡعَزِيزِ ٱلرَّحِيمِ
Өте үстем, ерекше мейірімді Алла түсірген (Құран жолы)
Аударма: Халифа Алтай
Бұл бәрінен Үстем, ерекше Рақымдының түсіргені
Аударма: ҚМДБ
36:6
لِتُنذِرَ قَوۡمٗا مَّآ أُنذِرَ ءَابَآؤُهُمۡ فَهُمۡ غَٰفِلُونَ
Аталары ескертілмей өздері кәперсіз қалған елге ескертуің үшін
Аударма: Халифа Алтай
аталары ескертілмей, өздері қаперсіз жүрген елге ескертуің үшін
Аударма: ҚМДБ
36:7
لَقَدۡ حَقَّ ٱلۡقَوۡلُ عَلَىٰٓ أَكۡثَرِهِمۡ فَهُمۡ لَا يُؤۡمِنُونَ
Расында олардың көбі зиянына берілген қаулыға лайық болды. Сондықтан олар иман келтірмейді. (С. 7-А)
Аударма: Халифа Алтай
Олардың көпшілігіне қатысты Сөз шындыққа айналды, енді олар сенбейді
Аударма: ҚМДБ
36:8
إِنَّا جَعَلۡنَا فِيٓ أَعۡنَٰقِهِمۡ أَغۡلَٰلٗا فَهِيَ إِلَى ٱلۡأَذۡقَانِ فَهُم مُّقۡمَحُونَ
Рас олардың мойындарына боғаулар салдық. Сонда ол. иектеріне дейін; сондықтан олардың бастары кекжиіп қалған. (Бұл бір мысал: Қасарысып, шындыққа бас имейді. Ж)
Аударма: Халифа Алтай
Біз олардың / кәпірлердің / мойындарын иектеріне дейін жететін бұғаулармен құрсаулап қаптадық. Содан олардың бастары кекшиіп қалады
Аударма: ҚМДБ
36:9
وَجَعَلۡنَا مِنۢ بَيۡنِ أَيۡدِيهِمۡ سَدّٗا وَمِنۡ خَلۡفِهِمۡ سَدّٗا فَأَغۡشَيۡنَٰهُمۡ فَهُمۡ لَا يُبۡصِرُونَ
Олардың арттарынан да бөгет алдарынан да бөгет жасап, көздерін қаптадық. Олар көрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз олардың алдарынан да тосқауыл және арттарынан да тосқауыл қойып, оларды бүркедік, сондықтан олар көрмейді
Аударма: ҚМДБ
36:10
وَسَوَآءٌ عَلَيۡهِمۡ ءَأَنذَرۡتَهُمۡ أَمۡ لَمۡ تُنذِرۡهُمۡ لَا يُؤۡمِنُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Оларға ескертсең де ескертпесең де бәрі бір. Олар иман келтірмейді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ескертсең де, ескертпесең де оларға бәрібір, олар иманға келмейді
Аударма: ҚМДБ
36:11
إِنَّمَا تُنذِرُ مَنِ ٱتَّبَعَ ٱلذِّكۡرَ وَخَشِيَ ٱلرَّحۡمَٰنَ بِٱلۡغَيۡبِۖ فَبَشِّرۡهُ بِمَغۡفِرَةٖ وَأَجۡرٖ كَرِيمٍ
Шын мәнінде сен, үгітге еріп, Рахманды көрмей-ақ қорыққан кісілерге ескерте аласың. Ал оларды жарылқау және құрметті сыйлықпен қуант
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, сен Ескертуге / Құранға / ерген және әр-Рахманнан / аса Қайырымдыдан / , Оны көрмей-ақ қорыққанға ескерте аласың. Оны кешірім әрі көркем сыймен сүйіншіле
Аударма: ҚМДБ
36:12
إِنَّا نَحۡنُ نُحۡيِ ٱلۡمَوۡتَىٰ وَنَكۡتُبُ مَا قَدَّمُواْ وَءَاثَٰرَهُمۡۚ وَكُلَّ شَيۡءٍ أَحۡصَيۡنَٰهُ فِيٓ إِمَامٖ مُّبِينٖ
Рас Біз өліктерді тірілтеміз. Сондай-ақ олардың ілгері жіберген, кейін қалдырған нәрселерін жазамыз. Әр нәрсені ашық бір Кітапта түгендеп қойдық. (Адамның; үйретілген ғылым, жаряланған кітап және жасалған хайыр құрылыстарының сауабы немесе қалдырған жаман өнегелерінің күнәсы; өлгеннен кейін де ғамал дәптеріне жазылып, отырады. Б.М.К.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз өлілерді қайта тірілтеміз және олардың бұрын әзірлегендерін / істеген амалдарын / және артында қалдырған іздерін жазып қоямыз. Біз әрбірнәрсені анық Түпнұсқада / Ләухул-Махфузда / Ш есептеп қойдық
Аударма: ҚМДБ
36:13
وَٱضۡرِبۡ لَهُم مَّثَلًا أَصۡحَٰبَ ٱلۡقَرۡيَةِ إِذۡ جَآءَهَا ٱلۡمُرۡسَلُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға, елшілер келген кент халқын мысал көрсет: (Антақя кенті. Ғиса Ғ.С. ның влшілері. Б.Ж.М)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Оларға бір кент халқының мысалын келтір. Кезінде ол кентке елшілер келген еді
Аударма: ҚМДБ
36:14
إِذۡ أَرۡسَلۡنَآ إِلَيۡهِمُ ٱثۡنَيۡنِ فَكَذَّبُوهُمَا فَعَزَّزۡنَا بِثَالِثٖ فَقَالُوٓاْ إِنَّآ إِلَيۡكُم مُّرۡسَلُونَ
Оларға екі елші жібердік. Сонда олар екеуін жасынға шығарды. Үшінші елшімен қуаттадық. Сонда елшілер: "Рас сендерге елшіміз" деді
Аударма: Халифа Алтай
Біз оларға / елшінің / екеуін жібергенімізде, олар / кент халқы / екеуін өтірікшіге шығарды. Сонда Біз / ол екеуін / үшіншімен күшейттік те, олар: «Біз - сендерге жіберілген елшілерміз», - деді
Аударма: ҚМДБ
36:15
قَالُواْ مَآ أَنتُمۡ إِلَّا بَشَرٞ مِّثۡلُنَا وَمَآ أَنزَلَ ٱلرَّحۡمَٰنُ مِن شَيۡءٍ إِنۡ أَنتُمۡ إِلَّا تَكۡذِبُونَ
(Кент халқы): "Сендер біз сияқты ғана адамсыңдар. Сендерге Рахман, еш нәрсе жіберген жоқ. Сендер мүлде өтірік айтасыңдар" деді
Аударма: Халифа Алтай
Кент халқы / : «Сендер бар болғаны біз сияқты ғана адамсыңдар. Әр-Рахман / аса Қайырымды / ешнәрсе түсірмеді, сендер өтірік айтып тұрсыңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
36:16
قَالُواْ رَبُّنَا يَعۡلَمُ إِنَّآ إِلَيۡكُمۡ لَمُرۡسَلُونَ
(Елшілер): "Раббымыз біледі. Расында сендерге елшіміз
Аударма: Халифа Алтай
Елшілер / : «Раббымыз біледі. Ақиқатында, біз сендерге жіберілген елшілерміз
Аударма: ҚМДБ
36:17
وَمَا عَلَيۡنَآ إِلَّا ٱلۡبَلَٰغُ ٱلۡمُبِينُ
Бізге ашық түрде жалғастыру ғана міндет" деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Бізге жүктелгені анық - түрде жеткізу ғана»,-деді
Аударма: ҚМДБ
36:18
قَالُوٓاْ إِنَّا تَطَيَّرۡنَا بِكُمۡۖ لَئِن لَّمۡ تَنتَهُواْ لَنَرۡجُمَنَّكُمۡ وَلَيَمَسَّنَّكُم مِّنَّا عَذَابٌ أَلِيمٞ
Олар: "Расында сендер себепті сәтсіздікке ұшырадық. Егер айтқандарыңнан қайтпасаңдар, әлбетте сендерді таспен атқылаймыз. Сондай-ақ сөзсіз сендер бізден жан түршігерлік қинау көресіңдер" деді
Аударма: Халифа Алтай
Кент халқы / : «Біз сендерден жамандықтың нышанын байқап тұрмыз. Егер тыйылмасаңдар, сендерді таспен ұрамыз. Әрі біздің тарапымыздан болған азапқа ұшырайсыңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
36:19
قَالُواْ طَـٰٓئِرُكُم مَّعَكُمۡ أَئِن ذُكِّرۡتُمۚ بَلۡ أَنتُمۡ قَوۡمٞ مُّسۡرِفُونَ
(Елшілер): "Сәтсіздіктерің өздеріңмөн бірге. (Өз қылықтарыңнан.) Берілген үгітті ырым қыласыңдар ма? Олай емес. Сендер шектен шыққан елсіңдер" деді
Аударма: Халифа Алтай
Елшілер / : «Жаман ырымдарың өздеріңмен бірге. Естеріңе салса да ма / ескертсе де ме / ? Олай емес, сендер шектен шыққан елсіңдер», - деді
Аударма: ҚМДБ
36:20
وَجَآءَ مِنۡ أَقۡصَا ٱلۡمَدِينَةِ رَجُلٞ يَسۡعَىٰ قَالَ يَٰقَوۡمِ ٱتَّبِعُواْ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Қаланың шетінен біреу жүгіріп келіп: "Әй қаумым! Елшілерге ілесіңдер" деді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда қаланың шетінен бір кісі жүгіріп келіп: «Әй, адамдар! Елшілерге еріңдер
Аударма: ҚМДБ
36:21
ٱتَّبِعُواْ مَن لَّا يَسۡـَٔلُكُمۡ أَجۡرٗا وَهُم مُّهۡتَدُونَ
Сендерден ақы сұрамайтын кісілерге еріңдер. Олар тура жолда
Аударма: Халифа Алтай
Өздеріңнен ақы сұрамайтындарға және тура жолда болғандарға еріндер
Аударма: ҚМДБ
36:22
وَمَالِيَ لَآ أَعۡبُدُ ٱلَّذِي فَطَرَنِي وَإِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ
Өзімді жаратқанға неге құлшылық қылмаймын? Және сендер де Соған қайтарыласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі мен өзімді жаратқанға және өздерің Оған қайтарылатынға / Аллаһқа / қалайша құлшылық етпеймін
Аударма: ҚМДБ
36:23
ءَأَتَّخِذُ مِن دُونِهِۦٓ ءَالِهَةً إِن يُرِدۡنِ ٱلرَّحۡمَٰنُ بِضُرّٖ لَّا تُغۡنِ عَنِّي شَفَٰعَتُهُمۡ شَيۡـٔٗا وَلَا يُنقِذُونِ
Одан өзге тәңірлер етіп алайын ба? Мүбада Алла маған зиян келтіргісі келсе, Олардың қолдаулары маған ешбір пайда бермейді де олар мені құтқара алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Мен Одан өзгелерді құдайлар етіп аламын ба? Егер әр-Рахман / аса Қайырымды / маған бір зиян тигізуді қаласа, олардың ара түсулері / шапағаты / маған еш пайда бермейді әрі олар мені құтқара да алмайды
Аударма: ҚМДБ
36:24
إِنِّيٓ إِذٗا لَّفِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٍ
Сөз жоқ, онда мен ашық адасуда боламын
Аударма: Халифа Алтай
Онда мен сөзсіз анық адасуда болған боламын
Аударма: ҚМДБ
36:25
إِنِّيٓ ءَامَنتُ بِرَبِّكُمۡ فَٱسۡمَعُونِ
Күдіксіз Раббыларыңа иман келтірдім. Енді маған құлақ салыңдар" (дегендігі үшін елі таспен атып өлтіреді. Б.Ж.К.М.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, мен сендердің Раббыңа сендім. Мені тыңдаңдар.»,- деді
Аударма: ҚМДБ
36:26
قِيلَ ٱدۡخُلِ ٱلۡجَنَّةَۖ قَالَ يَٰلَيۡتَ قَوۡمِي يَعۡلَمُونَ
Жаннатқа кір" делінді де ол: "Әттең! Елім білген болса еді
Аударма: Халифа Алтай
Оған: «Жәннатқа кір»,- делінді. Ол: «Егер елім білгенде еді
Аударма: ҚМДБ
36:27
بِمَا غَفَرَ لِي رَبِّي وَجَعَلَنِي مِنَ ٱلۡمُكۡرَمِينَ
Раббымның мені жарылқап, ардақтылардан еткенін" деді
Аударма: Халифа Алтай
Раббымның мені не үшін кешіргенін әрі мені қадірлілер қатарынан еткенін», - деді
Аударма: ҚМДБ
36:28
۞وَمَآ أَنزَلۡنَا عَلَىٰ قَوۡمِهِۦ مِنۢ بَعۡدِهِۦ مِن جُندٖ مِّنَ ٱلسَّمَآءِ وَمَا كُنَّا مُنزِلِينَ
Одан кейін оның еліне, көктен бір әскер түсірмедік әрі түсіруші де емеспіз
Аударма: Халифа Алтай
Біз оның еліне одан кейін аспаннан ешқандай әскер түсірмедік және түсіруші де емеспіз
Аударма: ҚМДБ
36:29
إِن كَانَتۡ إِلَّا صَيۡحَةٗ وَٰحِدَةٗ فَإِذَا هُمۡ خَٰمِدُونَ
Ол бір ғана дауыс еді. Сонда олар сөніп, жоқ болды
Аударма: Халифа Алтай
Бар болғаны бір ғана сайха болды да, олар сол сәтте өшті
Аударма: ҚМДБ
36:30
يَٰحَسۡرَةً عَلَى ٱلۡعِبَادِۚ مَا يَأۡتِيهِم مِّن رَّسُولٍ إِلَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ
Өздеріне келген елшіні ұдайы мазақ қылған құлдарға нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Өздеріне келген әрбір Елшіні келеке еткен құлдарға қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
36:31
أَلَمۡ يَرَوۡاْ كَمۡ أَهۡلَكۡنَا قَبۡلَهُم مِّنَ ٱلۡقُرُونِ أَنَّهُمۡ إِلَيۡهِمۡ لَا يَرۡجِعُونَ
Олардан бұрын қаншалаған нәсілдерді жоқ еткенімізді; олардың бұларға қайтып келмейтінін көрмей ме
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздерінен бұрын қанша ұрпақтарды жойып жібергенімізді көрмеді ме? Әрі олардың өздеріне қайта келмейтіндіктерін
Аударма: ҚМДБ
36:32
وَإِن كُلّٞ لَّمَّا جَمِيعٞ لَّدَيۡنَا مُحۡضَرُونَ
Біртұтас барлығы алдымшға жиналады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі күмәнсіз, барлығы бірге алдымызға жиналады
Аударма: ҚМДБ
36:33
وَءَايَةٞ لَّهُمُ ٱلۡأَرۡضُ ٱلۡمَيۡتَةُ أَحۡيَيۡنَٰهَا وَأَخۡرَجۡنَا مِنۡهَا حَبّٗا فَمِنۡهُ يَأۡكُلُونَ
Оларға өлі жер; бір белгі. Оны жандандырып, одан дән шығарамыз да сонда олар одан жейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі тіршіліксіз / өлі / жер - олар үшін бір белгі. Біз оны жандандырып / тіршілік бітіріп / , одан олар азық ететін дән шығардық
Аударма: ҚМДБ
36:34
وَجَعَلۡنَا فِيهَا جَنَّـٰتٖ مِّن نَّخِيلٖ وَأَعۡنَٰبٖ وَفَجَّرۡنَا فِيهَا مِنَ ٱلۡعُيُونِ
Сондай-ақ онда құрмалардан, жүзімдерден бақшалар қылып, онда бастаулар ағыздық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі онда құрма бақтары және жүзімдіктер жасадық және онда бастаулар ағыздық
Аударма: ҚМДБ
36:35
لِيَأۡكُلُواْ مِن ثَمَرِهِۦ وَمَا عَمِلَتۡهُ أَيۡدِيهِمۡۚ أَفَلَا يَشۡكُرُونَ
Оның жаратқан өнімінен әрі өздері қолекі істеген нәрселерінен жесін. Сонда да шүкір қылмай ма
Аударма: Халифа Алтай
оның жемістерінен жеулері үшін. бұл олардың қолдарының істегендері емес. Сонда олар шүкір етпей ме / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмей ме
Аударма: ҚМДБ
36:36
سُبۡحَٰنَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلۡأَزۡوَٰجَ كُلَّهَا مِمَّا تُنۢبِتُ ٱلۡأَرۡضُ وَمِنۡ أَنفُسِهِمۡ وَمِمَّا لَا يَعۡلَمُونَ
Сондай пәк Алла, барлық нәрсені жүп-жүбімен жаратты. Мейлі ол жердің өсірген нәрселерінен болсын, мейлі өздері өндірген және тағы білмегендерінен болсын
Аударма: Халифа Алтай
Жердің өсірген нәрселерін, олардың / адамдардың / өздерін және олар білмейтін нәрселердің барлығын жұп етіп жаратқан Ол / Аллаһ / / барлық кемшіліктен / пәк
Аударма: ҚМДБ
36:37
وَءَايَةٞ لَّهُمُ ٱلَّيۡلُ نَسۡلَخُ مِنۡهُ ٱلنَّهَارَ فَإِذَا هُم مُّظۡلِمُونَ
Оларға түн бір белгі. Одан күндізді ажыратамыз. Сонда олар, қараңғылықта қалады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар үшін түн - бір белгі. Біз одан күндізді ажыратып аламыз, сол кезде олар қараңғылықта қалады
Аударма: ҚМДБ
36:38
وَٱلشَّمۡسُ تَجۡرِي لِمُسۡتَقَرّٖ لَّهَاۚ ذَٰلِكَ تَقۡدِيرُ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡعَلِيمِ
Сондай-ақ күн белгіленген көлемінде жүреді. Міне осы аса үстем, әр нәрсені білуші Алланың өлшеуі
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, күн өзінің белгіленген уақытына жүзеді. бұл - бәрінен Үстем, бәрін Білушінің белгілеуі / тағдыр еткені
Аударма: ҚМДБ
36:39
وَٱلۡقَمَرَ قَدَّرۡنَٰهُ مَنَازِلَ حَتَّىٰ عَادَ كَٱلۡعُرۡجُونِ ٱلۡقَدِيمِ
Тағы айдың орындарында өлшеп қойдық. Ескі құрманың қураған бұтағындай болғанға дейін
Аударма: Халифа Алтай
Әрі айдың да құрманыңқурағанбұтағындай болғанына дейінгі орындарын белгілеп қойдық
Аударма: ҚМДБ
36:40
لَا ٱلشَّمۡسُ يَنۢبَغِي لَهَآ أَن تُدۡرِكَ ٱلۡقَمَرَ وَلَا ٱلَّيۡلُ سَابِقُ ٱلنَّهَارِۚ وَكُلّٞ فِي فَلَكٖ يَسۡبَحُونَ
Күннің айға жетуі мүмкін емес. Және түнде күндізден ілгерлемейді. Әрбірі көкте жүзеді
Аударма: Халифа Алтай
Күннің айға жетуі мүмкін емес әрі түн де күндізден озбайды. Барлығы өз орбиталарында / кеңістіктегі белгіленген айналу жолында / жүзеді
Аударма: ҚМДБ
36:41
وَءَايَةٞ لَّهُمۡ أَنَّا حَمَلۡنَا ذُرِّيَّتَهُمۡ فِي ٱلۡفُلۡكِ ٱلۡمَشۡحُونِ
Олардың нәсілдерін толы кемеде (Нұх кемесінде) тасуымыз, олар үшін бір белгі (Б.Ж.К.М)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олардың / адамдардың / ұрпақтарын толған кемеде алып жүруіміз - олар үшін бір белгі
Аударма: ҚМДБ
36:42
وَخَلَقۡنَا لَهُم مِّن مِّثۡلِهِۦ مَا يَرۡكَبُونَ
Әрі олар үшін сол сияқтыдан мінетін көліктер жаратуымыз (да бір белгі)
Аударма: Халифа Алтай
Біз олар үшін соған / кемеге / ұқсастан өздері мінетін нәрселерді / түрлі көлік түрлерін / жаратып бердік
Аударма: ҚМДБ
36:43
وَإِن نَّشَأۡ نُغۡرِقۡهُمۡ فَلَا صَرِيخَ لَهُمۡ وَلَا هُمۡ يُنقَذُونَ
Қаласақ, оларды суға батырамыз. Сонда оларға болысушы да жоқ, олар құтқарылмайды да
Аударма: Халифа Алтай
Егер қаласақ, оларды суға батырамыз. Сонда оларға көмекші болмайды әрі өздерін құтқара алмайды
Аударма: ҚМДБ
36:44
إِلَّا رَحۡمَةٗ مِّنَّا وَمَتَٰعًا إِلَىٰ حِينٖ
Бірақ Біздің тарапымыздан бір мәрхамет және бір мерзімге дейін пайдалану болады
Аударма: Халифа Алтай
тек Бізден бір мейірім болып және белгіленген уақытқа дейінгі пайдаландыруымыз болмаса
Аударма: ҚМДБ
36:45
وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ٱتَّقُواْ مَا بَيۡنَ أَيۡدِيكُمۡ وَمَا خَلۡفَكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تُرۡحَمُونَ
Қашан оларға: "Алдарыңдагы және арттарыңдағы жағдайлардан сақтаныңдар. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер" делінсе
Аударма: Халифа Алтай
Қашан оларға / имансыздарға / : «Сендер мейірімге бөленулерің үшін алдарыңдағы және өздеріңнен кейінгі нәрседен қорқып, сақтаныңдар», - деп айтылса
Аударма: ҚМДБ
36:46
وَمَا تَأۡتِيهِم مِّنۡ ءَايَةٖ مِّنۡ ءَايَٰتِ رَبِّهِمۡ إِلَّا كَانُواْ عَنۡهَا مُعۡرِضِينَ
Сондай-ақ оларға Раббыларының белгілерінен бір белгі келсе-ақ олар одан жалтарады
Аударма: Халифа Алтай
әрі олардың Раббысының белгілерінен оларға бір белгі келсе, олар одан теріс бұрылды
Аударма: ҚМДБ
36:47
وَإِذَا قِيلَ لَهُمۡ أَنفِقُواْ مِمَّا رَزَقَكُمُ ٱللَّهُ قَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لِلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَنُطۡعِمُ مَن لَّوۡ يَشَآءُ ٱللَّهُ أَطۡعَمَهُۥٓ إِنۡ أَنتُمۡ إِلَّا فِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٖ
Қашан оларға: "Алланың сендерге берген несібесінен тиісті орынға жұмсаңдар" делінсе, сондай қарсы болғандар: "Алла қаласа, тамақтандыратын біреулерді біз тамақтандырамыз ба? Сендер мүлде адасқансыңдар" деді
Аударма: Халифа Алтай
Қашан оларға: «Аллаһтың өздеріңе ризық етіп бергенінен жұмсаңдар», делінсе, күпірлік етушілер / Аллаһқа шүкірсіздікетушілер / иманға келгендерге: «Егер қаласа Аллаһтың Өзі тамақтандыратын біреуді тамақтандырамыз ба? Негізінде сендер анық адасудасыңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
36:48
وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا ٱلۡوَعۡدُ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Олар: "Егер шын айтсаңдар, Бұл құқайларың қашан?" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар: «Шын сөзді болсаңдар, бүл уәде қашан?» - дейді
Аударма: ҚМДБ
36:49
مَا يَنظُرُونَ إِلَّا صَيۡحَةٗ وَٰحِدَةٗ تَأۡخُذُهُمۡ وَهُمۡ يَخِصِّمُونَ
Олар таласып тұрғанда, оларды қолға алатын бір-ақ ащы дауыс күтіп тұрады
Аударма: Халифа Алтай
Олар / дүние істерімен / таласып-тартысып жатқандарында өздерін ұстайтын сайхадан басқаны күтпейді
Аударма: ҚМДБ
36:50
فَلَا يَسۡتَطِيعُونَ تَوۡصِيَةٗ وَلَآ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِمۡ يَرۡجِعُونَ
Сонда олар өсиет айталмайды да үйлеріне де қайта алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олар өсиет қалдыруға шамасы келмейді не үй іштеріне қайта алмайды
Аударма: ҚМДБ
36:51
وَنُفِخَ فِي ٱلصُّورِ فَإِذَا هُم مِّنَ ٱلۡأَجۡدَاثِ إِلَىٰ رَبِّهِمۡ يَنسِلُونَ
Сұр үрілсе, сонда олар қабырларынан Раббыларына жүгіреді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Сүр үрілген кезде олар қабірлерден / шығып / , өздерінің Раббысына қарай тез жүреді
Аударма: ҚМДБ
36:52
قَالُواْ يَٰوَيۡلَنَا مَنۢ بَعَثَنَا مِن مَّرۡقَدِنَاۜۗ هَٰذَا مَا وَعَدَ ٱلرَّحۡمَٰنُ وَصَدَقَ ٱلۡمُرۡسَلُونَ
Әттең-ай, бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?",-дейді. "Міне мейірімді Алланың уәдесі.Пайғамбар да шын айтқан" (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Қап! Сорымыз құрысын! Бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?» - дейді. / Оларға / : «Бүл әр-Рахманның / аса Қайырымдының / уәде еткені және елшілердің айтқан шындығы», - делінеді
Аударма: ҚМДБ
36:53
إِن كَانَتۡ إِلَّا صَيۡحَةٗ وَٰحِدَةٗ فَإِذَا هُمۡ جَمِيعٞ لَّدَيۡنَا مُحۡضَرُونَ
Бір ғана айғай болады да сонда тұтас алдымызға әзір болады
Аударма: Халифа Алтай
Ол тек бір сайха ғана, міне сонда олардың барлығы Біздің алдымызға жиналады
Аударма: ҚМДБ
36:54
فَٱلۡيَوۡمَ لَا تُظۡلَمُ نَفۡسٞ شَيۡـٔٗا وَلَا تُجۡزَوۡنَ إِلَّا مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Ал енді бүгін ешкімге зұлымдық етілмейді. Сондай-ақ істегендеріңнің ғана бодауын көресіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні ешбір жанға ешқандай әділетсіздік жасалмайды әрі сендерге тек істеген амалдарыңа сай қайтарым беріледі
Аударма: ҚМДБ
36:55
إِنَّ أَصۡحَٰبَ ٱلۡجَنَّةِ ٱلۡيَوۡمَ فِي شُغُلٖ فَٰكِهُونَ
Расында жаннаттықтар, ол күні зауықты шұғылдануда болады
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, жәннаттықтар ол күні қуаныш пен рахаттан босамайды
Аударма: ҚМДБ
36:56
هُمۡ وَأَزۡوَٰجُهُمۡ فِي ظِلَٰلٍ عَلَى ٱلۡأَرَآئِكِ مُتَّكِـُٔونَ
Олар да жұбайлары да көлеңкелердегі дивандарға жастанған түрде болады
Аударма: Халифа Алтай
Олар және олардың жұбайлары көлеңкелердегі перделермен сәнденген жұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады
Аударма: ҚМДБ
36:57
لَهُمۡ فِيهَا فَٰكِهَةٞ وَلَهُم مَّا يَدَّعُونَ
Олар үшін онда жемістер және өздеріне не тілегендері бар
Аударма: Халифа Алтай
Олар үшін онда жемістер бар әрі қалаған нәрселері бар
Аударма: ҚМДБ
36:58
سَلَٰمٞ قَوۡلٗا مِّن رَّبّٖ رَّحِيمٖ
Ерекше мейірімді Раббыларынан оларға: "Сәлем" сөзі боладьі
Аударма: Халифа Алтай
Ерекше Мейірімді / әр-Рахим / Раббысынан оларға амандасу сөзі - «Сәләм!» болады
Аударма: ҚМДБ
36:59
وَٱمۡتَٰزُواْ ٱلۡيَوۡمَ أَيُّهَا ٱلۡمُجۡرِمُونَ
Әй күнәкарлар! Бүгін араны ашыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Қиямет күні кәпірлерге / : «Ей, қылмыскерлер! Сендер бүгін бөлек тұрыңдар
Аударма: ҚМДБ
36:60
۞أَلَمۡ أَعۡهَدۡ إِلَيۡكُمۡ يَٰبَنِيٓ ءَادَمَ أَن لَّا تَعۡبُدُواْ ٱلشَّيۡطَٰنَۖ إِنَّهُۥ لَكُمۡ عَدُوّٞ مُّبِينٞ
Әй адам баласы! Сендерге: "Шайтанға табынбаңдар. Әрине ол, өздеріңе ашық дұшпан" деп, серт бермедім бе
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Адам ұрпақтары! Мен сендерге: «Шайтанға Құлшылық қылмаңдар, өйткені ол -сендерге анық дұшпан»,- деп өсиет етіп, тапсырмадым ба
Аударма: ҚМДБ
36:61
وَأَنِ ٱعۡبُدُونِيۚ هَٰذَا صِرَٰطٞ مُّسۡتَقِيمٞ
Маған құлшылық қылыңдар. Тура жол осы
Аударма: Халифа Алтай
Әрі« Маған ғана Құлшылық етіңдер, тура жол - осы», - деп
Аударма: ҚМДБ
36:62
وَلَقَدۡ أَضَلَّ مِنكُمۡ جِبِلّٗا كَثِيرًاۖ أَفَلَمۡ تَكُونُواْ تَعۡقِلُونَ
Расында ол, сендерден көптеген топты адастырды. Сонда да түсінбейсіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерден көптеген топтарды / адамдарды, халықтарды үмметтерді / адастырды. Ақылдарыңды істетуші болмадыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
36:63
هَٰذِهِۦ جَهَنَّمُ ٱلَّتِي كُنتُمۡ تُوعَدُونَ
Сендерге уәде етілген тозақ осы
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге уәде етіліп келген Жаһаннам (Тозақ) міне - осы
Аударма: ҚМДБ
36:64
ٱصۡلَوۡهَا ٱلۡيَوۡمَ بِمَا كُنتُمۡ تَكۡفُرُونَ
Қарсы келулерің себепті бүгін оған кіріңдер
Аударма: Халифа Алтай
Күпірлік еткендерің / имансыздықтарың / үшін бүгін онда жаныңдар
Аударма: ҚМДБ
36:65
ٱلۡيَوۡمَ نَخۡتِمُ عَلَىٰٓ أَفۡوَٰهِهِمۡ وَتُكَلِّمُنَآ أَيۡدِيهِمۡ وَتَشۡهَدُ أَرۡجُلُهُم بِمَا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ
(Олар қылмыстарынан танғандықтан. Б.Ж.М.К.Р) Ол күні олардың ауыздарын мөрлейміз. Бізге олардың қолдары сөйлеп, не істегендеріне аяқтары айғак болады. (С. 24-А. 41-С. 20-А)
Аударма: Халифа Алтай
Бүгін олардың ауыздарын мөрлейміз де Бізге олардың жасаған істері / күнәлары / туралы қолдары айтып, аяқтары куәлік береді
Аударма: ҚМДБ
36:66
وَلَوۡ نَشَآءُ لَطَمَسۡنَا عَلَىٰٓ أَعۡيُنِهِمۡ فَٱسۡتَبَقُواْ ٱلصِّرَٰطَ فَأَنَّىٰ يُبۡصِرُونَ
Мүбада қаласақ, олардың көздерін мүлде соқыр қылар едік те сонда олар жол іздесе, қайтып көрер еді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер де қалағанымызда, олардың көздерін алып қояр едік, сонда олар жолға ұмтылар еді. Бірақ олар / жолды / қалай көреді
Аударма: ҚМДБ
36:67
وَلَوۡ نَشَآءُ لَمَسَخۡنَٰهُمۡ عَلَىٰ مَكَانَتِهِمۡ فَمَا ٱسۡتَطَٰعُواْ مُضِيّٗا وَلَا يَرۡجِعُونَ
Егер қаласақ, олардың мекендерінде әлбетте бейнелерін өзгертер едік. Сонда олар ілгері де кейін де кете алмас еді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі егер де қалағанымызда, олардың түрлерін / басқа түрге / тұрған орындарында өзгертіп жіберер едік. Сонда олар алға да жүре алмай, артқа да қайта алмай қалар еді
Аударма: ҚМДБ
36:68
وَمَن نُّعَمِّرۡهُ نُنَكِّسۡهُ فِي ٱلۡخَلۡقِۚ أَفَلَا يَعۡقِلُونَ
Әлде кімге өмір берсек, жаратылыста оны қайта бастырамыз. Олар түсінбей мө? (С. 70-А. 30-С. 54-А)
Аударма: Халифа Алтай
Біз кімге ұзақ өмір берсек, оны бастапқы жаратылысына кері қайтарамыз. Олар ақылдарын істетпей ме
Аударма: ҚМДБ
36:69
وَمَا عَلَّمۡنَٰهُ ٱلشِّعۡرَ وَمَا يَنۢبَغِي لَهُۥٓۚ إِنۡ هُوَ إِلَّا ذِكۡرٞ وَقُرۡءَانٞ مُّبِينٞ
(Мұхаммед Ғ.С. га) өлең үйретпедік әрі оған ол, лайық емес. Ол, бір үгіт және ашық Құран ғана: (С. 224-А)
Аударма: Халифа Алтай
Біз оған / елшіге / өлең құрастыруды үйреткен жоқпыз, бұл оған лайықты нәрсе емес. Шын мәнінде, ол - тек еске салу әрі анық Кітап
Аударма: ҚМДБ
36:70
لِّيُنذِرَ مَن كَانَ حَيّٗا وَيَحِقَّ ٱلۡقَوۡلُ عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ
Тірі кісілерге ескерту, қарсы болғандарға байланысты сөз шынға шығу үшін
Аударма: Халифа Алтай
оның / Құранның / тірілерді ескертуі және кәпірлерге қатысты Сөздің орындалуы үшін
Аударма: ҚМДБ
36:71
أَوَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّا خَلَقۡنَا لَهُم مِّمَّا عَمِلَتۡ أَيۡدِينَآ أَنۡعَٰمٗا فَهُمۡ لَهَا مَٰلِكُونَ
Олар үшін рас қолдарымызбен хайуандарды жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ өздері оларға иелік етеді
Аударма: Халифа Алтай
Біз олар үшін Өз қолдарымызбен жасағаннан шаруа малдарын жаратып бергенімізді көрмей ме?Әрі олар оған иелік етеді
Аударма: ҚМДБ
36:72
وَذَلَّلۡنَٰهَا لَهُمۡ فَمِنۡهَا رَكُوبُهُمۡ وَمِنۡهَا يَأۡكُلُونَ
Малды, оларға бойсұндырдық. Олар кейіне мінеді, кейінің етін жейді
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ Біз оны / малдарды / оларға бағынышты етіп бердік. Олар оның кейбірін мінеді, ал кейбірін жеп, азық етеді
Аударма: ҚМДБ
36:73
وَلَهُمۡ فِيهَا مَنَٰفِعُ وَمَشَارِبُۚ أَفَلَا يَشۡكُرُونَ
Олар үшін малдарда түрлі пайдалар, сусындар бар. Сонда олар шүкірлік қылмай ма? (С. 80-А)
Аударма: Халифа Алтай
және олар үшін бұларда пайдалар және ішетін нәрсе / сүт / бар. Олар шүкір етпей ме / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмей ме
Аударма: ҚМДБ
36:74
وَٱتَّخَذُواْ مِن دُونِ ٱللَّهِ ءَالِهَةٗ لَّعَلَّهُمۡ يُنصَرُونَ
Олар Алладан өзге тәңірлер жасап алып, олардан көмек көретіндіктерін үміт өтеді
Аударма: Халифа Алтай
Ал олар өздеріне көмектесетін шығар деп Аллаһтан өзгелерді құдайлар етіп алды
Аударма: ҚМДБ
36:75
لَا يَسۡتَطِيعُونَ نَصۡرَهُمۡ وَهُمۡ لَهُمۡ جُندٞ مُّحۡضَرُونَ
Олар (бұттар), оларға көмек ете алмайды. Олардың өздері ол бұттарды қорғау үшін әзір әскер
Аударма: Халифа Алтай
Өздері олар / жасанды құдайлары / үшін дайын тұрған әскер болса да олар бұларға көмектесуге шамасыз
Аударма: ҚМДБ
36:76
فَلَا يَحۡزُنكَ قَوۡلُهُمۡۘ إِنَّا نَعۡلَمُ مَا يُسِرُّونَ وَمَا يُعۡلِنُونَ
(Мұхаммед Ғ.С) олардың сөздері сені кейітпесін. Әрине Біз олардың көрнеулерін де көместерін де білеміз
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олардың сөздері сені қайғыға салмасын. Біз олардың жасыратындары мен жария етіп жатқандарын білеміз
Аударма: ҚМДБ
36:77
أَوَلَمۡ يَرَ ٱلۡإِنسَٰنُ أَنَّا خَلَقۡنَٰهُ مِن نُّطۡفَةٖ فَإِذَا هُوَ خَصِيمٞ مُّبِينٞ
Адам баласы өздерін бір тамшы судан жаратқанымызды көрмей ме? Сонда да ашық қиқарлық істейді
Аударма: Халифа Алтай
Адам баласы, Біз өзін бір тамшыдан / ұрық суынан / жаратқанымызды көрмеді ме? Міне, енді ол ашықтан-ашық тартысушы
Аударма: ҚМДБ
36:78
وَضَرَبَ لَنَا مَثَلٗا وَنَسِيَ خَلۡقَهُۥۖ قَالَ مَن يُحۡيِ ٱلۡعِظَٰمَ وَهِيَ رَمِيمٞ
Олар өз жаратылысын ұмытып, Бізге мысал берді: "Міне шіріген сүйектерді кім тірілтеді?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол өзінің жаратылысын / қалай жаратылғанын / ұмытып, Бізге мысал келтірді. Ол: «Шіріген сүйектерді кім тірілтеді?» - деді
Аударма: ҚМДБ
36:79
قُلۡ يُحۡيِيهَا ٱلَّذِيٓ أَنشَأَهَآ أَوَّلَ مَرَّةٖۖ وَهُوَ بِكُلِّ خَلۡقٍ عَلِيمٌ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Оны, сондай алғаш жаратқан тірілтеді. Ол, барлық жаратылысты біледі" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Оны сондай, алғашқы рет жоқтан бар еткен тірілтеді. Ол әрбір жаратылғанды жақсы Білуші», -деп
Аударма: ҚМДБ
36:80
ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُم مِّنَ ٱلشَّجَرِ ٱلۡأَخۡضَرِ نَارٗا فَإِذَآ أَنتُم مِّنۡهُ تُوقِدُونَ
Ол сондай Алла, сендерге жасыл ағаштан от жаратты. Сол уақытта сендер оны жағасыңдар. (Марых, Ғафар деп аталатын екі жасыл ағаш. Бір-біріне үйкелсе жанады. Б.Ж.М.К.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерге жасыл ағаштан от пайда етті, сендер одан от жағасыңдар
Аударма: ҚМДБ
36:81
أَوَلَيۡسَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ بِقَٰدِرٍ عَلَىٰٓ أَن يَخۡلُقَ مِثۡلَهُمۚ بَلَىٰ وَهُوَ ٱلۡخَلَّـٰقُ ٱلۡعَلِيمُ
Сондай көктер мен жерді жаратқан Алла, олар сияқтыны жаратуға күші жетпей ме? Әлбетте күші жетеді. Ол, әр нәрсені жаратушы, толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Аспандарды және жерді жаратушы, олар / адамдар / секілдіні жарата алмай ма? Әрине, / жарата алады / , өйткені Ол барлық нәрсені Жаратушы, бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
36:82
إِنَّمَآ أَمۡرُهُۥٓ إِذَآ أَرَادَ شَيۡـًٔا أَن يَقُولَ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ
Шын мәнінде Ол, бір істің болуын қаласа, Оның бұйырығы оған "бол" деу, сонда ол бола қалады
Аударма: Халифа Алтай
Ол бір нәрсенің болуын қаласа, Оның әмірі бар болғаны: «Бол!» - деу ғана. Сонда ол болады
Аударма: ҚМДБ
36:83
فَسُبۡحَٰنَ ٱلَّذِي بِيَدِهِۦ مَلَكُوتُ كُلِّ شَيۡءٖ وَإِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ
Барлық нәрсенің билігі қолында болган әрі сендер Соған қайтарылатын Алла; кемшіліктен пәк
Аударма: Халифа Алтай
Әрбір нәрсенің билігі Өз қолында болған Ол / барлық кемшіліктен / пәк. Сендер Оған қайтарыласыңдар
Аударма: ҚМДБ
← ФатырБарлық сүрелерАс-Саффат →

Йа Син сүресі туралы

Йа Син (يس) — Құранның 36-сүресі, 83 аят, меккелік сүре, 22-жүз, мысхафтың 440-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу