Ас-Саффат

الصافات · 182 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 446-бет
← Йа СинБарлық сүрелерСад →
37:1
وَٱلصَّـٰٓفَّـٰتِ صَفّٗا
Сап-сап тұрушы (періштелерге) серт
Аударма: Халифа Алтай
Ант етемін! Сап түзеп тұратындармен
Аударма: ҚМДБ
37:2
فَٱلزَّـٰجِرَٰتِ زَجۡرٗا
Айдаған сайын айдаушы (періштелерге) серт
Аударма: Халифа Алтай
және айдаған айдаушылармен
Аударма: ҚМДБ
37:3
فَٱلتَّـٰلِيَٰتِ ذِكۡرًا
Үгіт оқушы (періштелерге) серт. (Алладан басқамен ант ету дүрыс емес. Бірақ, Алла тарапынан басқаға ант етілуі; ант еткен нәрселерде; ант етілген нәрселерге куәлік бар деген ұғымды береді. Т-Қ)
Аударма: Халифа Алтай
және Еске салушыны / Құранды / оқитындармен
Аударма: ҚМДБ
37:4
إِنَّ إِلَٰهَكُمۡ لَوَٰحِدٞ
Тәңірлерің біреу
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, сендердің құдайларың әл-Уахид / Бір, жалғыз
Аударма: ҚМДБ
37:5
رَّبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَا وَرَبُّ ٱلۡمَشَٰرِقِ
Көктер мен жердің әрі араларындағылардың және шығыс жақтардың Раббы. (С. 40-А)
Аударма: Халифа Алтай
Ол - аспандар мен жердің және екеуінің арасында болғандардың Раббысы, әрі шығыстардың Раббысы
Аударма: ҚМДБ
37:6
إِنَّا زَيَّنَّا ٱلسَّمَآءَ ٱلدُّنۡيَا بِزِينَةٍ ٱلۡكَوَاكِبِ
Рас дүние көгін жұлдыздармен безедік
Аударма: Халифа Алтай
Біз төменгі аспанды аспан денелерімен / жұлдыз, ғаламшарлармен / көріктендірдік
Аударма: ҚМДБ
37:7
وَحِفۡظٗا مِّن كُلِّ شَيۡطَٰنٖ مَّارِدٖ
Бүкіл шектен шыққан шайтаннан қорғадық
Аударма: Халифа Алтай
және оны барлық бойсұнбаушы шайтаннан сақтадық
Аударма: ҚМДБ
37:8
لَّا يَسَّمَّعُونَ إِلَى ٱلۡمَلَإِ ٱلۡأَعۡلَىٰ وَيُقۡذَفُونَ مِن كُلِّ جَانِبٖ
Олар, жоғарғы әлемді тыңдай алмайды. Олар, әр тараптан атылады
Аударма: Халифа Алтай
Олар жоғарыдағы топты тыңдай ал­майды, сөйтіп олар жан-жақтан атқыланып
Аударма: ҚМДБ
37:9
دُحُورٗاۖ وَلَهُمۡ عَذَابٞ وَاصِبٌ
Қуылған түрде олар үшін ұдайы азап бар
Аударма: Халифа Алтай
қуылады. Әрі оларға тұрақты азап бар
Аударма: ҚМДБ
37:10
إِلَّا مَنۡ خَطِفَ ٱلۡخَطۡفَةَ فَأَتۡبَعَهُۥ شِهَابٞ ثَاقِبٞ
Алайда әлде біреу бір сөз ұрлайтын болса, оны өткір бір жалын қуалайды
Аударма: Халифа Алтай
Ал, кім / тыңдап / іліп алса, оның соңына отты ұшқын түседі
Аударма: ҚМДБ
37:11
فَٱسۡتَفۡتِهِمۡ أَهُمۡ أَشَدُّ خَلۡقًا أَم مَّنۡ خَلَقۡنَآۚ إِنَّا خَلَقۡنَٰهُم مِّن طِينٖ لَّازِبِۭ
Енді олардан сұра: "Оларды жарату қиын ба? Басқа жаратқандарымыз қиын ба? Шын мәнінде оларды (адам баласын) бір жабысқақ балшықтан жараттық
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олардан сұра, олар­ды жарату қиын ба, әлде Біздің жаратқандарымызды ма? Анығында, Біз оларды жабысқақ лайдан жараттық
Аударма: ҚМДБ
37:12
بَلۡ عَجِبۡتَ وَيَسۡخَرُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине (Бұл жаратылысқа) таңырқадың, олар мазақтайды
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, сен таңғалдың, ал олар / айтқандарыңды / келеке етеді
Аударма: ҚМДБ
37:13
وَإِذَا ذُكِّرُواْ لَا يَذۡكُرُونَ
Қашан оларға ескертілсе де олар ескермейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі қашан естеріне салынса, олар естеріне алмайды
Аударма: ҚМДБ
37:14
وَإِذَا رَأَوۡاْ ءَايَةٗ يَسۡتَسۡخِرُونَ
Бір мұгжиза көрсе, олар тәлкек қылады
Аударма: Халифа Алтай
ал, егер бір белгіні көрсе, мазақ етеді
Аударма: ҚМДБ
37:15
وَقَالُوٓاْ إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا سِحۡرٞ مُّبِينٌ
Бұл мүлде ашық жады" деседі
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Бұл ап-анық сиқыр ғана
Аударма: ҚМДБ
37:16
أَءِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابٗا وَعِظَٰمًا أَءِنَّا لَمَبۡعُوثُونَ
Біз өліп топырақ және сүйектер болган кезде, рас тірілтілеміз бе
Аударма: Халифа Алтай
Біз өліп, топырақ пен сүйектерге айналған кезімізде қайтадан тірілтілеміз бе
Аударма: ҚМДБ
37:17
أَوَءَابَآؤُنَا ٱلۡأَوَّلُونَ
Әуелгі аталарымыз да ма?",- дер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі біздің алдыңғы бабаларымыз да ма?» - дейді
Аударма: ҚМДБ
37:18
قُلۡ نَعَمۡ وَأَنتُمۡ دَٰخِرُونَ
Әуелгі аталарымыз да ма?",- дер. "Әрине сендер кор боп тірілесіңдер" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Иә. Әрі сендер де қор болған күйлеріңде», - деп
Аударма: ҚМДБ
37:19
فَإِنَّمَا هِيَ زَجۡرَةٞ وَٰحِدَةٞ فَإِذَا هُمۡ يَنظُرُونَ
Шын мәнінде ол бір үрейлі дауыс. Сонда олар қарап қалады
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, ол - бір дыбыс қана. Сонда олар / қайта тіріліп / қарап тұрады
Аударма: ҚМДБ
37:20
وَقَالُواْ يَٰوَيۡلَنَا هَٰذَا يَوۡمُ ٱلدِّينِ
Әттеген-ай! Бұл есеп күні екен ғой!",- деседі
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Қап! Сорымыз құрысын! Бұл - Есеп күні»,- дейді
Аударма: ҚМДБ
37:21
هَٰذَا يَوۡمُ ٱلۡفَصۡلِ ٱلَّذِي كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ
Бұл сендер жасынға шығарған билік күні
Аударма: Халифа Алтай
Оларға!: «Міне, өздерің өтірік санап келген Айыру күні - осы», - делінеді
Аударма: ҚМДБ
37:22
۞ٱحۡشُرُواْ ٱلَّذِينَ ظَلَمُواْ وَأَزۡوَٰجَهُمۡ وَمَا كَانُواْ يَعۡبُدُونَ
Жинаңдар! Ол залымдардьі да сыбайластарын да олардың табынғандарын да
Аударма: Халифа Алтай
Аса ұлы Аллаһ періштелерге / °: «Әділетсіз болғандарды және оларға ұқсағандарды және олардың табынғандарын жинаңдар
Аударма: ҚМДБ
37:23
مِن دُونِ ٱللَّهِ فَٱهۡدُوهُمۡ إِلَىٰ صِرَٰطِ ٱلۡجَحِيمِ
Алладан өзге. Оларға тозақтың жолын көрсетіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтан өзге / жалған құдайларын / . Сөйтіп оларды Жахимның / тозақтың / жолына салыңдар
Аударма: ҚМДБ
37:24
وَقِفُوهُمۡۖ إِنَّهُم مَّسۡـُٔولُونَ
Оларды тоқтатыңдар. Өйткені олар сұраққа тартылады" (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оларды тоқтатыңдар, өйткені олар сұраққа тартылады
Аударма: ҚМДБ
37:25
مَا لَكُمۡ لَا تَنَاصَرُونَ
Оларға: "Бір-бірлеріңе неге болыспайсыңдар?",- (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / : «Сендерге не болды, неге бір-біріңе көмектеспейсіңдер?» - делінеді
Аударма: ҚМДБ
37:26
بَلۡ هُمُ ٱلۡيَوۡمَ مُسۡتَسۡلِمُونَ
Әрине бүгін олар еріксіз бой ұсынғандар
Аударма: Халифа Алтай
Әрине, олар бүгін бойсұнушы
Аударма: ҚМДБ
37:27
وَأَقۡبَلَ بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖ يَتَسَآءَلُونَ
Олар бір-біріне қарсы сұрақ қойысады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар бір-біріне қарап, сұрақ қояды
Аударма: ҚМДБ
37:28
قَالُوٓاْ إِنَّكُمۡ كُنتُمۡ تَأۡتُونَنَا عَنِ ٱلۡيَمِينِ
(Олар бастықтарына): "Сендер бізге оң жақтан келуші едіңдер" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ерушілер / : «Сендер бізге оң жағымыздан келуші едіңдер», -дейді
Аударма: ҚМДБ
37:29
قَالُواْ بَل لَّمۡ تَكُونُواْ مُؤۡمِنِينَ
Олар: "Олай емес, өздерің сенбеуші едіңдер" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Бастаушылары / : «Жоқ! Сендер өздерің иманға келмедіңдер
Аударма: ҚМДБ
37:30
وَمَا كَانَ لَنَا عَلَيۡكُم مِّن سُلۡطَٰنِۭۖ بَلۡ كُنتُمۡ قَوۡمٗا طَٰغِينَ
Өйткені, сендерге бір өктемдігіміз жоқ еді. Әрине өздерің азғын ел едіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сендерге біздің билігіміз болған жоқ. Негізінде, сендер шектен шыққан адамдар едіңдер
Аударма: ҚМДБ
37:31
فَحَقَّ عَلَيۡنَا قَوۡلُ رَبِّنَآۖ إِنَّا لَذَآئِقُونَ
Раббымыздың бізге деген сөзі шынға шықты. Біз расында дәмін татамыз
Аударма: Халифа Алтай
Енді Раббымыздың бізге қатысты Сөзі орындалды. Күмәнісіз, / жазаны / татамыз
Аударма: ҚМДБ
37:32
فَأَغۡوَيۡنَٰكُمۡ إِنَّا كُنَّا غَٰوِينَ
Сонда сендерді аздырған едік. Рас өзіміз де азғын едік
Аударма: Халифа Алтай
Иә, Біз сендерді адастырдық, өйткені өзіміз де адасуда едік», - дейді
Аударма: ҚМДБ
37:33
فَإِنَّهُمۡ يَوۡمَئِذٖ فِي ٱلۡعَذَابِ مُشۡتَرِكُونَ
Ал рас сол күні, олар азапқа ортақ болады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сол күні олар азапта бірге болады
Аударма: ҚМДБ
37:34
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَفۡعَلُ بِٱلۡمُجۡرِمِينَ
Сөз жоқ, Күнәкарларға солайша істейміз
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз қылмыскерлерге осылай істейміз
Аударма: ҚМДБ
37:35
إِنَّهُمۡ كَانُوٓاْ إِذَا قِيلَ لَهُمۡ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا ٱللَّهُ يَسۡتَكۡبِرُونَ
Расында оларға: "Алладан басқа ешбір тәңір жоқ" делінген кезде, менменсіген еді
Аударма: Халифа Алтай
Өйткені оларға: «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ», - деп айтылған кезде, олар менменсіп, өздерін жоғары қоятын
Аударма: ҚМДБ
37:36
وَيَقُولُونَ أَئِنَّا لَتَارِكُوٓاْ ءَالِهَتِنَا لِشَاعِرٖ مَّجۡنُونِۭ
Олар: "Жынды бір ақын үшін рас тәңірлерімізді тастайық па,- десті
Аударма: Халифа Алтай
әрі олар: «Біз жын соққан бір ақынға бола құдайларымызды тастайық па?» -дейтін
Аударма: ҚМДБ
37:37
بَلۡ جَآءَ بِٱلۡحَقِّ وَصَدَّقَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Әрине ол, шындықты әкелген әрі елшілерді мойындаған еді
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, олай емес! Ол ақиқатпен келді және / алдыңғы / елшілердің хақтығын растады
Аударма: ҚМДБ
37:38
إِنَّكُمۡ لَذَآئِقُواْ ٱلۡعَذَابِ ٱلۡأَلِيمِ
Сөз жоқ, сендер күйзелтуші азапты татасыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Сендер міндетті түрде қинаушы азапты татасыңдар
Аударма: ҚМДБ
37:39
وَمَا تُجۡزَوۡنَ إِلَّا مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Сендер істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сендерге тек, істеп өткен амалдарыңның қайтарымы беріледі
Аударма: ҚМДБ
37:40
إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ
Бірақ Алланың ықыласты құлдары бір сәрі
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Аллаһтың тазартылған құлдары басқа
Аударма: ҚМДБ
37:41
أُوْلَـٰٓئِكَ لَهُمۡ رِزۡقٞ مَّعۡلُومٞ
Міне бұлар үшін белгілі бір несібе бар
Аударма: Халифа Алтай
Міне, соларға белгілі ризық бар
Аударма: ҚМДБ
37:42
فَوَٰكِهُ وَهُم مُّكۡرَمُونَ
(Түрлі) жемістер де. Олар құрметке бөленеді
Аударма: Халифа Алтай
сан түрлі / жемістер, әрі олар құрметке бөленеді
Аударма: ҚМДБ
37:43
فِي جَنَّـٰتِ ٱلنَّعِيمِ
Нығымет бақшаларында
Аударма: Халифа Алтай
Наъим (Жәннаттың аты. Мағрасы - көптеген нығмет, игілік) бақтарында
Аударма: ҚМДБ
37:44
عَلَىٰ سُرُرٖ مُّتَقَٰبِلِينَ
Дивандардың үстінде ерсілі-қарсылы болады
Аударма: Халифа Алтай
көтеріңкі орындарда бір-біріне қарама-қарсы отырады
Аударма: ҚМДБ
37:45
يُطَافُ عَلَيۡهِم بِكَأۡسٖ مِّن مَّعِينِۭ
Оларға қайнаған көзден кәселер айналдырыла ұсынылады
Аударма: Халифа Алтай
Оларды бұлақтан толтырылған кеселермен айналып жүреді
Аударма: ҚМДБ
37:46
بَيۡضَآءَ لَذَّةٖ لِّلشَّـٰرِبِينَ
Ішушілер үшін аппақ, тәтті
Аударма: Халифа Алтай
аппақ әрі ішушілер үшін ләззатты
Аударма: ҚМДБ
37:47
لَا فِيهَا غَوۡلٞ وَلَا هُمۡ عَنۡهَا يُنزَفُونَ
Ол бас ауыртпайды да әрі мас қылмайды
Аударма: Халифа Алтай
Одан іш ауырмайды әрі одан олар ақыл-естерін жоғалтпайды
Аударма: ҚМДБ
37:48
وَعِندَهُمۡ قَٰصِرَٰتُ ٱلطَّرۡفِ عِينٞ
Олардың қасында телмірген ботакөздер бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олардың жанында көздерін қорғайтын, жанарлары үлкен / қыздар / бар
Аударма: ҚМДБ
37:49
كَأَنَّهُنَّ بَيۡضٞ مَّكۡنُونٞ
Рас олар жарылмаған жұмыртқадай
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар бейне бір / аялап / қорғалған жұмыртқадай
Аударма: ҚМДБ
37:50
فَأَقۡبَلَ بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖ يَتَسَآءَلُونَ
Олар қарама-қарсы отырып, сұрасады
Аударма: Халифа Алтай
Олар / жәннаттықтар / бір-біріне қарап сұрасады
Аударма: ҚМДБ
37:51
قَالَ قَآئِلٞ مِّنۡهُمۡ إِنِّي كَانَ لِي قَرِينٞ
Олардан бір айтушы: "Расында бір ағайыным бар еді" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Олардың біреуі: «Менің бір жолдасым бар еді
Аударма: ҚМДБ
37:52
يَقُولُ أَءِنَّكَ لَمِنَ ٱلۡمُصَدِّقِينَ
(Ол, маған): "Шын-ақ растаушылардансың ба?',- дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ол маған: «Сен / қайта тірілуді! шын деп сенушілерденсің бе
Аударма: ҚМДБ
37:53
أَءِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابٗا وَعِظَٰمًا أَءِنَّا لَمَدِينُونَ
Өліп, топырақ және сүйек болсақ та жазаландырыламыз ба
Аударма: Халифа Алтай
Біз өліп топырақ пен сүйектерге айналған кезімізде есеп беріп жазаға тартыламыз ба?» - дейтін
Аударма: ҚМДБ
37:54
قَالَ هَلۡ أَنتُم مُّطَّلِعُونَ
(деп қасындағыларға): "Оны көргілерің келе ме?",- дейді
Аударма: Халифа Алтай
Сендер оны көріп тұрған жоқсындар ма?»- / деп жанындағылардан сұрайды
Аударма: ҚМДБ
37:55
فَٱطَّلَعَ فَرَءَاهُ فِي سَوَآءِ ٱلۡجَحِيمِ
Сонда өзі қарап оны тозақтың ортасында көреді де
Аударма: Халифа Алтай
Сонда өзі қарап, оны Жахимның ортасында көреді
Аударма: ҚМДБ
37:56
قَالَ تَٱللَّهِ إِن كِدتَّ لَتُرۡدِينِ
Аллаға ант етемін! Мені де жоқ ете жаздадың" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Аллаһпен ант етейін, сәл болмағанда сен мені құрта жаздадың
Аударма: ҚМДБ
37:57
وَلَوۡلَا نِعۡمَةُ رَبِّي لَكُنتُ مِنَ ٱلۡمُحۡضَرِينَ
Егер Раббымның игілігі болмаса еді, әрине иен де тозаққа келтірілгендерден болар едім
Аударма: Халифа Алтай
Раббымның игілігі болмағанда, мен / тозаққа / келтірілгендерден болар едім», -дейді
Аударма: ҚМДБ
37:58
أَفَمَا نَحۡنُ بِمَيِّتِينَ
Біз өлмейміз бе
Аударма: Халифа Алтай
Жәннаттықтар / : «Біз өлмейміз бе
Аударма: ҚМДБ
37:59
إِلَّا مَوۡتَتَنَا ٱلۡأُولَىٰ وَمَا نَحۡنُ بِمُعَذَّبِينَ
Алғашқы өліміміз ғана. Біз азапқа да душар болмайыз
Аударма: Халифа Алтай
дүниедегі / бірінші өлімімізден басқа. Әрі біз жазаға тартылмаймыз ба?» - дейді
Аударма: ҚМДБ
37:60
إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡعَظِيمُ
Сөз жоқ, Бұл (жаннат) ірі қол жетушілік. (Бұл сөздерді жаннаттықтар айтады. Ж.Б.М.К)
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, бұл - ұлы табыс / жетістік, игілік
Аударма: ҚМДБ
37:61
لِمِثۡلِ هَٰذَا فَلۡيَعۡمَلِ ٱلۡعَٰمِلُونَ
Ғамал қылуға тиісті
Аударма: Халифа Алтай
Амал етушілер, міне, осы секілді / ұлы игілік / үшін амал етсін
Аударма: ҚМДБ
37:62
أَذَٰلِكَ خَيۡرٞ نُّزُلًا أَمۡ شَجَرَةُ ٱلزَّقُّومِ
Осы қонақ асы жақсы ма? Не заққұм ағашы жақсы ма? (Заққұм; тозақтықтарға берілетін улы, сасық бір ағаш түрі. Сөздік Әлмауарит)
Аударма: Халифа Алтай
Сый-сияпат ретінде осы / Жәннат / жақсы ма, әлде / тозақтағы / заққұм ағашы ма
Аударма: ҚМДБ
37:63
إِنَّا جَعَلۡنَٰهَا فِتۡنَةٗ لِّلظَّـٰلِمِينَ
Рас заққұм ағашын залымдарға сұмдық қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, Біз оны / заққұмды / әділетсіздер үшін сынақ еттік
Аударма: ҚМДБ
37:64
إِنَّهَا شَجَرَةٞ تَخۡرُجُ فِيٓ أَصۡلِ ٱلۡجَحِيمِ
Рас ол, тозақтың түбінде шығатын бір ағаш
Аударма: Халифа Алтай
Ол - Жахим / тозағының / түбінен өсетін бір ағаш
Аударма: ҚМДБ
37:65
طَلۡعُهَا كَأَنَّهُۥ رُءُوسُ ٱلشَّيَٰطِينِ
Оның қауашақтары, шайтандардың бастары сияқты. (Өте жаман бейнеде деген ұғымда. Б.Ж.М.К.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Оның жемістері шайтандардың бастары секілді / өте ұсқынсыз
Аударма: ҚМДБ
37:66
فَإِنَّهُمۡ لَأٓكِلُونَ مِنۡهَا فَمَالِـُٔونَ مِنۡهَا ٱلۡبُطُونَ
Сондай-ақ олардан жеп, қарындарын толтырады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, олар одан жейді әрі онымен қарындарын толтырады
Аударма: ҚМДБ
37:67
ثُمَّ إِنَّ لَهُمۡ عَلَيۡهَا لَشَوۡبٗا مِّنۡ حَمِيمٖ
Сосын оларға қайнап тұрған судан сусын беріледі
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін оларға оның үстінен қайнап тұрған су араластырылып беріледі
Аударма: ҚМДБ
37:68
ثُمَّ إِنَّ مَرۡجِعَهُمۡ لَإِلَى ٱلۡجَحِيمِ
Сосын олардың қайтар жерлері әлбетте тозақ болады
Аударма: Халифа Алтай
Кейін олардың / әділетсіздердің / қайтар жерлері - Жахим
Аударма: ҚМДБ
37:69
إِنَّهُمۡ أَلۡفَوۡاْ ءَابَآءَهُمۡ ضَآلِّينَ
Рас олар, аталарын адасқан түрде тапқан болатын
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, олар аталарын адасқан күйлерінде тапты
Аударма: ҚМДБ
37:70
فَهُمۡ عَلَىٰٓ ءَاثَٰرِهِمۡ يُهۡرَعُونَ
Сонда олар, аталарының ізінше жүгіре берді
Аударма: Халифа Алтай
әрі өздері де олардың / аталарының / іздерінен асығыс жүгіруде
Аударма: ҚМДБ
37:71
وَلَقَدۡ ضَلَّ قَبۡلَهُمۡ أَكۡثَرُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Олардан бұрын, алғашқылардың көбі адасқан еді
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде оларға дейін де алдыңғылардың көбі адасқан еді
Аударма: ҚМДБ
37:72
وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا فِيهِم مُّنذِرِينَ
Расында олардың ішіне де ескертуші жіберген едік
Аударма: Халифа Алтай
Біз оларға ескертетін ескертушілерді / пайғамбарлар / жібердік
Аударма: ҚМДБ
37:73
فَٱنظُرۡ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُنذَرِينَ
Ескертілгендердің соңының не болғанын бір көр
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ал, енді ескертілгендердің соңы / қалай / болғанына назар сал
Аударма: ҚМДБ
37:74
إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ
Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа
Аударма: Халифа Алтай
тек Аллаһтың тазартқан құлдарынан басқаларының
Аударма: ҚМДБ
37:75
وَلَقَدۡ نَادَىٰنَا نُوحٞ فَلَنِعۡمَ ٱلۡمُجِيبُونَ
Расында Нұх (Ғ.С.) Бізге жалбарынды. Біз нендей жақсы қабылдаушымыз
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Нұх Бізге жалбарына үн қатты, Біз қандай жақсы жауап қайтарушымыз
Аударма: ҚМДБ
37:76
وَنَجَّيۡنَٰهُ وَأَهۡلَهُۥ مِنَ ٱلۡكَرۡبِ ٱلۡعَظِيمِ
Оны да семьясын да зор қиыншылықтан құтқардық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз оны және оның үй ішін өте үлкен қайғыдан құтқардық
Аударма: ҚМДБ
37:77
وَجَعَلۡنَا ذُرِّيَّتَهُۥ هُمُ ٱلۡبَاقِينَ
Нұх (Ғ.С.) тың үрпақтарын қалдырдық. (Жалғасты түрде өрбіттік)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оның ұрпағын қалушылар еттік / қалдырдық
Аударма: ҚМДБ
37:78
وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ
Оны кейінгілерге дәріптеттік
Аударма: Халифа Алтай
Ол жайлы кейінгілердің арасында / ізгі сөз / қалдырдық
Аударма: ҚМДБ
37:79
سَلَٰمٌ عَلَىٰ نُوحٖ فِي ٱلۡعَٰلَمِينَ
Нұх (Ғ.С.) қа бүкіл әлемнен сәлем болсын
Аударма: Халифа Алтай
Әлемдердің ішінде Нұхқа сәлем
Аударма: ҚМДБ
37:80
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Рас Біз, ізгі іс істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілерге сыйын осылай береміз
Аударма: ҚМДБ
37:81
إِنَّهُۥ مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Өйткені ол, сенуші құлдарымыздан
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, ол - Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан
Аударма: ҚМДБ
37:82
ثُمَّ أَغۡرَقۡنَا ٱلۡأٓخَرِينَ
Сосын басқаларын суға батырдық
Аударма: Халифа Алтай
Кейін басқаларды суға батырдық
Аударма: ҚМДБ
37:83
۞وَإِنَّ مِن شِيعَتِهِۦ لَإِبۡرَٰهِيمَ
Күдіксіз Ыбырайым (Ғ.С.) де Нұх (Ғ.С.) тың даңғыл жолында
Аударма: Халифа Алтай
Әрі шын мәнінде, Ибраһим де оның жолындағылардан еді
Аударма: ҚМДБ
37:84
إِذۡ جَآءَ رَبَّهُۥ بِقَلۡبٖ سَلِيمٍ
Өйткені, Ыбырайым (Ғ.С.) Раббына, ынталы жүрекпен келген еді
Аударма: Халифа Алтай
Ол Раббысына сау жүрекпен келді
Аударма: ҚМДБ
37:85
إِذۡ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوۡمِهِۦ مَاذَا تَعۡبُدُونَ
Сол уақытта әкесіне де еліне де: "Нелерге табынасыңдар?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол әкесіне әрі еліне: «Сендер не нәрсеге табынасыңдар
Аударма: ҚМДБ
37:86
أَئِفۡكًا ءَالِهَةٗ دُونَ ٱللَّهِ تُرِيدُونَ
Алладан өзге етірік тәңірлер қалайсыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Сендер Аллаһтан өзге, ойдан құрастырылған құдайларды қалайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
37:87
فَمَا ظَنُّكُم بِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Әлемнің Раббына байланысты не ойларың бар
Аударма: Халифа Алтай
Әлемдердің Раббысы жайында не ойлайсыңдар?» - деді
Аударма: ҚМДБ
37:88
فَنَظَرَ نَظۡرَةٗ فِي ٱلنُّجُومِ
Сонда Ыбырайым (Ғ.С.) жұлдыз жаққа назар аударып
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп, ол жұлдыздарға бір қарап көз тастады да
Аударма: ҚМДБ
37:89
فَقَالَ إِنِّي سَقِيمٞ
Мен науқаспын" деді
Аударма: Халифа Алтай
«Мен ауырып тұрмын», - деді
Аударма: ҚМДБ
37:90
فَتَوَلَّوۡاْ عَنۡهُ مُدۡبِرِينَ
Сонда ел одан бтрұлған бойда кете берді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олар одан бұрылып кетті
Аударма: ҚМДБ
37:91
فَرَاغَ إِلَىٰٓ ءَالِهَتِهِمۡ فَقَالَ أَلَا تَأۡكُلُونَ
(Ыбырайым Ғ.С.) олардың тәңірлерінің жанына оңаша барып: "Жемейсіңдер ме?- деді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, ол олардың құдайларына / пұттарына / жасырына келіп: «Сендер жемейсіңдер ме
Аударма: ҚМДБ
37:92
مَا لَكُمۡ لَا تَنطِقُونَ
Неге сөйлемейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге не болды, неге сөйлемейсіңдер?» - деді
Аударма: ҚМДБ
37:93
فَرَاغَ عَلَيۡهِمۡ ضَرۡبَۢا بِٱلۡيَمِينِ
Сонда аңдып барын, оң қолымен ұрды
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп, ол оларды оң қолымен ұруға кірісті
Аударма: ҚМДБ
37:94
فَأَقۡبَلُوٓاْ إِلَيۡهِ يَزِفُّونَ
Олар, оған жүгірісіп келді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олар / қауымы / оған асығып келді
Аударма: ҚМДБ
37:95
قَالَ أَتَعۡبُدُونَ مَا تَنۡحِتُونَ
(Қолмен) жонып, алғандарыңа шоқынасыңдар ма?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Ибраһим / : «Сендер, өздерің қашап жасағандарыңа табынасыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
37:96
وَٱللَّهُ خَلَقَكُمۡ وَمَا تَعۡمَلُونَ
Алла сендерді де жасаған нәрселеріңді де жаратты
Аударма: Халифа Алтай
Ал Аллаһ сендерді де, сендердің жасап жатқандарыңды да жаратқан», - деді
Аударма: ҚМДБ
37:97
قَالُواْ ٱبۡنُواْ لَهُۥ بُنۡيَٰنٗا فَأَلۡقُوهُ فِي ٱلۡجَحِيمِ
Олар: "Ол үшін бір бина жасап, оны отқа тастап жіберіңдер" десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Оған бір құрылыс құрып, оны отқа лақтырыңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
37:98
فَأَرَادُواْ بِهِۦ كَيۡدٗا فَجَعَلۡنَٰهُمُ ٱلۡأَسۡفَلِينَ
Сонда олар оған бір айлакерлік жасауды ойлады да оларды төмендетіп жібердік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар оған бір айла жасағылары келді, бірақ Біз оларды ең төменгілерден еттік
Аударма: ҚМДБ
37:99
وَقَالَ إِنِّي ذَاهِبٌ إِلَىٰ رَبِّي سَيَهۡدِينِ
(Ыбырайш* Ғ.С.): "Раббым жаққа кетемін. Ол, маған жол көрсетеді" деді
Аударма: Халифа Алтай
Оттан аман шыққан соң Ибраһим / : «Мен өзімнің Раббыма барамын, Ол мені тура жолмен жүргізеді
Аударма: ҚМДБ
37:100
رَبِّ هَبۡ لِي مِنَ ٱلصَّـٰلِحِينَ
Раббым, маған жақсысынан бір ұл бер
Аударма: Халифа Алтай
Раббым! Маған ізгілерден тарту ет», - деді
Аударма: ҚМДБ
37:101
فَبَشَّرۡنَٰهُ بِغُلَٰمٍ حَلِيمٖ
Оны өте мұлайым бір ұлмен қуанттық
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Біз оны өте ұстамды бір ұлмен сүйіншіледік
Аударма: ҚМДБ
37:102
فَلَمَّا بَلَغَ مَعَهُ ٱلسَّعۡيَ قَالَ يَٰبُنَيَّ إِنِّيٓ أَرَىٰ فِي ٱلۡمَنَامِ أَنِّيٓ أَذۡبَحُكَ فَٱنظُرۡ مَاذَا تَرَىٰۚ قَالَ يَـٰٓأَبَتِ ٱفۡعَلۡ مَا تُؤۡمَرُۖ سَتَجِدُنِيٓ إِن شَآءَ ٱللَّهُ مِنَ ٱلصَّـٰبِرِينَ
Ұлы (Ысмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: "Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар аудар, көзқарасың не?",- деда. Ол: "Әй әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / ұлы / оның өзімен бірге жүріп, әрекет етуге жеткен кезде, ол: «Әй, балам! Мен түсімде сені / құрбандыққа / шалып жатқанымды көремін. Байқап қарашы, сен не ойлайсың?» - деді. Ол: «Әкешім! Өзіңе бұйырылғанды орында. Аллаһ қаласа, мені сабырлылардан табасың», - деді
Аударма: ҚМДБ
37:103
فَلَمَّآ أَسۡلَمَا وَتَلَّهُۥ لِلۡجَبِينِ
(Ыбырайым Ғ.С. құрбан айының ші күні; баласын құрбан шалатын бір түс көріп, күдіктенгендіктен: "Таруя"; күдікгі күн деп, 9-шы күні; және қайта көріп, рас деп танығандықтан: Ғарифа"; тану күні деп, 10-шы күні және көріп, құрбан шалғандықтан: "Нахыр" деп аталады. Б.М.) Сөйтіп екеуі де ұнап, әкесі оны маңдайының үстіне жатқызады. (Құдыретше бауыздаған бышақ кеспеді. Ж.М)
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп, екеуі де бойсұнып, ол оны маңдайын жерге тигізіп жатқызған кезде
Аударма: ҚМДБ
37:104
وَنَٰدَيۡنَٰهُ أَن يَـٰٓإِبۡرَٰهِيمُ
Біз, оған: "Әй Ыбырайым,- деп, дабыстадық
Аударма: Халифа Алтай
Біз үн қатып: «Ей, Ибраһим
Аударма: ҚМДБ
37:105
قَدۡ صَدَّقۡتَ ٱلرُّءۡيَآۚ إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Рас түсінді шынға шығардың. Күдіксіз ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз" (дедік)
Аударма: Халифа Алтай
Сен түсіңде көргеніңді растап, орындадың»,-дедік. жақсылықты ықыласпен істеушілерге қайтарым сыйын Біз осылай береміз
Аударма: ҚМДБ
37:106
إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ ٱلۡبَلَـٰٓؤُاْ ٱلۡمُبِينُ
Шын мәнінде бұл бір ашық сынау еді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, бұл - анық сынақ
Аударма: ҚМДБ
37:107
وَفَدَيۡنَٰهُ بِذِبۡحٍ عَظِيمٖ
Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. (Құдыретше бір құрбандық қошқар беріледі. Б.Ж.М.К)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз оның орнына ұлы құрбандық бердік
Аударма: ҚМДБ
37:108
وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ
Кейінгі нәсілдерде, оған (жақсы даңқ) қалдырдық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі кейінгілердің арасында ол жайлы / игі дұға-салауат / қалдырдық
Аударма: ҚМДБ
37:109
سَلَٰمٌ عَلَىٰٓ إِبۡرَٰهِيمَ
Ыбырайым (Ғ.С) ға сәлем
Аударма: Халифа Алтай
Ибраһимге сәлем / амандық / болсын
Аударма: ҚМДБ
37:110
كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз
Аударма: Халифа Алтай
Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз
Аударма: ҚМДБ
37:111
إِنَّهُۥ مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Өйткені ол, сенген құлдарымыздан еді
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, ол - Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан
Аударма: ҚМДБ
37:112
وَبَشَّرۡنَٰهُ بِإِسۡحَٰقَ نَبِيّٗا مِّنَ ٱلصَّـٰلِحِينَ
Оны пайғамбарлардың ізгілерінен; Ысхақпен шүйіншіледік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз оны Исхақпен - ізгілердің қатарындағы пайғамбармен сүйіншіледік
Аударма: ҚМДБ
37:113
وَبَٰرَكۡنَا عَلَيۡهِ وَعَلَىٰٓ إِسۡحَٰقَۚ وَمِن ذُرِّيَّتِهِمَا مُحۡسِنٞ وَظَالِمٞ لِّنَفۡسِهِۦ مُبِينٞ
Өзіне де Ысхақ (Ғ.С) қа да береке бердік. Сондай-ақ екеуінің ұрпақтарынан жақсы болғандар да өздеріне ашық зұлымдық еткендер де бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз оған және Исхаққа береке дарыттық. Ол екеуінің ұрпақтарының ішінде игілік істеушілер бар, сондай-ақ, өзіне-өзі анық әділетсіздік етуші де бар
Аударма: ҚМДБ
37:114
وَلَقَدۡ مَنَنَّا عَلَىٰ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ
Расында Мұса, Ћарұн (Ғ.С.) ға да игілік бердік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз Мұса мен Һарұнға да игілік жасадық
Аударма: ҚМДБ
37:115
وَنَجَّيۡنَٰهُمَا وَقَوۡمَهُمَا مِنَ ٱلۡكَرۡبِ ٱلۡعَظِيمِ
Екеуін әрі елін зор апаттан құтқардық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол екеуін және олардың елін үлкен қайғы-қасіреттен құтқардық
Аударма: ҚМДБ
37:116
وَنَصَرۡنَٰهُمۡ فَكَانُواْ هُمُ ٱلۡغَٰلِبِينَ
Оларға жәрдем еттік те сонда олар, жеңіске ие болды
Аударма: Халифа Алтай
және Біз оларға көмек беріп, олар жеңіске жетті
Аударма: ҚМДБ
37:117
وَءَاتَيۡنَٰهُمَا ٱلۡكِتَٰبَ ٱلۡمُسۡتَبِينَ
Екеуіне түсінікті кітап бердік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз екеуіне анық Кітапты / Тәуратты / бердік
Аударма: ҚМДБ
37:118
وَهَدَيۡنَٰهُمَا ٱلصِّرَٰطَ ٱلۡمُسۡتَقِيمَ
Екеуіне тура жол көрсеттік
Аударма: Халифа Алтай
және екеуін тура жолмен жүргіздік
Аударма: ҚМДБ
37:119
وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِمَا فِي ٱلۡأٓخِرِينَ
Екеуіне, кейінгі нәсілдерде (жақсы даңқ) қалдырдық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз ол екеуі жайлы кейінгілердің арасында / жақсы сөз / қалдырдық
Аударма: ҚМДБ
37:120
سَلَٰمٌ عَلَىٰ مُوسَىٰ وَهَٰرُونَ
Мұса және ћартн (Ғ.С.) ға сәлем
Аударма: Халифа Алтай
Мұса мен Һарұнға сәлем / амандық
Аударма: ҚМДБ
37:121
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Рас ізгі іс істегендерді өстіп сыйлыққа бөлейміз
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз
Аударма: ҚМДБ
37:122
إِنَّهُمَا مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Өйткені, екеуі де сенген құлдарымыздан еді
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, ол екеуі - Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан
Аударма: ҚМДБ
37:123
وَإِنَّ إِلۡيَاسَ لَمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Әрине Іляс (Ғ.С.) елшілерімізден еді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі шын мәнінде, Ілияс та жіберілгендерден
Аударма: ҚМДБ
37:124
إِذۡ قَالَ لِقَوۡمِهِۦٓ أَلَا تَتَّقُونَ
Сол уақытта еліне: "Алладан қорықпайсыңдар ма?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде ол еліне: « / Аллаһтан / қорқып, сақтанбайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
37:125
أَتَدۡعُونَ بَعۡلٗا وَتَذَرُونَ أَحۡسَنَ ٱلۡخَٰلِقِينَ
Ерекше жаратушыны қойып, "Бағыл" атты бұтқа жалбарынасыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Сендер Бәълға / пұтқа / жалбарынып, ең жақсы Жаратушыларыңды тастайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
37:126
ٱللَّهَ رَبَّكُمۡ وَرَبَّ ءَابَآئِكُمُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Алла, сендердің де бұрынгы аталарыңның да Раббы
Аударма: Халифа Алтай
өздеріңнің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның Раббысы болған Аллаһты?» - деді
Аударма: ҚМДБ
37:127
فَكَذَّبُوهُ فَإِنَّهُمۡ لَمُحۡضَرُونَ
Сонда елі оны жасынға шығарды. Рас олар, жазаға келтіріледі
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олар оны өтірікшіге шығарды, енді олар міндетті түрде / тозаққа / келтіріледі
Аударма: ҚМДБ
37:128
إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ
Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа
Аударма: Халифа Алтай
тек Аллаһтың тазартқан құлдарынан басқалары
Аударма: ҚМДБ
37:129
وَتَرَكۡنَا عَلَيۡهِ فِي ٱلۡأٓخِرِينَ
Кейінгі нәсілдерге оған (жақсы даңқ) қалдырдық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз ол жайлы кейінгілердің арасында / жақсы сөз / қалдырдық
Аударма: ҚМДБ
37:130
سَلَٰمٌ عَلَىٰٓ إِلۡ يَاسِينَ
Іляс (Ғ.С.) қа сәлем
Аударма: Халифа Алтай
Ілиясинге сәлем
Аударма: ҚМДБ
37:131
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Рас Біз, ізгі іс істегендерді осылайша сыйлыққа бөлейміз
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, Біз жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын осылай береміз
Аударма: ҚМДБ
37:132
إِنَّهُۥ مِنۡ عِبَادِنَا ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Өйткені, ол сенімді құлдарымыздан еді
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, ол Біздің иманды / мүмін / құлдарымыздан
Аударма: ҚМДБ
37:133
وَإِنَّ لُوطٗا لَّمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Күдіксіз Лұт (Ғ.С.) елшілерден еді
Аударма: Халифа Алтай
Сөзсіз, Лұт та жіберілгендерден
Аударма: ҚМДБ
37:134
إِذۡ نَجَّيۡنَٰهُ وَأَهۡلَهُۥٓ أَجۡمَعِينَ
Сол уақытта оны да семьясын да түгел құтқардық
Аударма: Халифа Алтай
Біз оны және оның үй ішінің барлығын құтқардық
Аударма: ҚМДБ
37:135
إِلَّا عَجُوزٗا فِي ٱلۡغَٰبِرِينَ
Бірақ қалғандардың ішіндегі бір кемпірден басқа
Аударма: Халифа Алтай
тек қалушылардан болған бір кемпірден басқа
Аударма: ҚМДБ
37:136
ثُمَّ دَمَّرۡنَا ٱلۡأٓخَرِينَ
Сосын өзгелерін жоқ еттік
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін басқаларын жойып жібердік
Аударма: ҚМДБ
37:137
وَإِنَّكُمۡ لَتَمُرُّونَ عَلَيۡهِم مُّصۡبِحِينَ
Әрине тәңертең, олардан өтіп жүресіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сендер олардың жанынан таңертең өтесіңдер
Аударма: ҚМДБ
37:138
وَبِٱلَّيۡلِۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ
Әрі түнде де. Сонда да түсінбейсіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
және түнде де. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
37:139
وَإِنَّ يُونُسَ لَمِنَ ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді
Аударма: Халифа Алтай
Йунус та жіберілгендерден
Аударма: ҚМДБ
37:140
إِذۡ أَبَقَ إِلَى ٱلۡفُلۡكِ ٱلۡمَشۡحُونِ
Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді. Сол уақытта ол, толы кемеге қашқан еді. (Еліне кейіп, кемеге барып түскенде; кеме ауырлап, жүре алмай, шар салғанда соған шығады. Б.Ж.М)
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде ол лық толы болған кемеге қашқан еді
Аударма: ҚМДБ
37:141
فَسَاهَمَ فَكَانَ مِنَ ٱلۡمُدۡحَضِينَ
Шар салғанда ол, жеңіліске ұшырады. (Қарғып теңізге түсті)
Аударма: Халифа Алтай
Содан жеребе тартып, жеңілгендерден болды
Аударма: ҚМДБ
37:142
فَٱلۡتَقَمَهُ ٱلۡحُوتُ وَهُوَ مُلِيمٞ
Сонда оны балық жұтты. Ол, айыпталған еді
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп оны жазғырылуға лайық болған күйінде кит жұтты
Аударма: ҚМДБ
37:143
فَلَوۡلَآ أَنَّهُۥ كَانَ مِنَ ٱلۡمُسَبِّحِينَ
Егер ол, Алланы рас дәріптеушілерден болмаса еді
Аударма: Халифа Алтай
Егер де ол / Аллаһты кемшіліктен / пәк деп дәріптеушілерден болмағанда
Аударма: ҚМДБ
37:144
لَلَبِثَ فِي بَطۡنِهِۦٓ إِلَىٰ يَوۡمِ يُبۡعَثُونَ
Әрине қайта тірілетін күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді
Аударма: Халифа Алтай
оның / киттің / ішінде қайта тірілтілетін күнге дейін қалған болар еді
Аударма: ҚМДБ
37:145
۞فَنَبَذۡنَٰهُ بِٱلۡعَرَآءِ وَهُوَ سَقِيمٞ
Сонда оны қырға шығарып, тастадық. Ол науқас еді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Біз оны ашық жерге шығарып тастадық.Ал, ол әлсіз еді
Аударма: ҚМДБ
37:146
وَأَنۢبَتۡنَا عَلَيۡهِ شَجَرَةٗ مِّن يَقۡطِينٖ
Оның үстіне жапырақты бір ағаш өсірдік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз оның үстіне / оған / иақтийн өсімдігін өсірдік
Аударма: ҚМДБ
37:147
وَأَرۡسَلۡنَٰهُ إِلَىٰ مِاْئَةِ أَلۡفٍ أَوۡ يَزِيدُونَ
Оны жүз мың не тағы артығырақ елге жіберген едік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз оны жүз мың немесе одан да көпке жібердік
Аударма: ҚМДБ
37:148
فَـَٔامَنُواْ فَمَتَّعۡنَٰهُمۡ إِلَىٰ حِينٖ
Сонда олар иман келтірді де бір мерзімге дейін пайдаландырдық
Аударма: Халифа Алтай
Олар иманға келді. Сонда Біз оларды бір мерзімге дейін пайдаландырдық
Аударма: ҚМДБ
37:149
فَٱسۡتَفۡتِهِمۡ أَلِرَبِّكَ ٱلۡبَنَاتُ وَلَهُمُ ٱلۡبَنُونَ
Енді олардан сұра: "Қыздар Раббыларынікі де, ұлдар олардікі ме
Аударма: Халифа Алтай
Олардан / мүшріктерден / сұра, шынымен-ақ сенің Раббыңа қыздар, ал оларға ұлдар ма
Аударма: ҚМДБ
37:150
أَمۡ خَلَقۡنَا ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةَ إِنَٰثٗا وَهُمۡ شَٰهِدُونَ
Немесе періштелерді ұрғашы жаратқанымызға олар куә ме
Аударма: Халифа Алтай
Әлде Біз періштелерді әйел етіп жаратып, олар оны / көріп / куә болды ма
Аударма: ҚМДБ
37:151
أَلَآ إِنَّهُم مِّنۡ إِفۡكِهِمۡ لَيَقُولُونَ
Сақ болыңдар! Олар жалғандарын айта береді
Аударма: Халифа Алтай
Біліңдер! Олар ойларынан шығарған жаласын айтады
Аударма: ҚМДБ
37:152
وَلَدَ ٱللَّهُ وَإِنَّهُمۡ لَكَٰذِبُونَ
Алланың баласы бар" деп, олар мүлде өтірік айтады
Аударма: Халифа Алтай
«Аллаһ туды», - деп. Олар - сөзсіз, өтірік айтушылар
Аударма: ҚМДБ
37:153
أَصۡطَفَى ٱلۡبَنَاتِ عَلَى ٱلۡبَنِينَ
Алла ұлдардан көрі қыздарды артық көре ме
Аударма: Халифа Алтай
Ол ұлдарға қарағанда қыздарды таңдады ма
Аударма: ҚМДБ
37:154
مَا لَكُمۡ كَيۡفَ تَحۡكُمُونَ
Сендерге не болды? Қалай шешім етесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге не болды, қалай шешім шығарасыңдар
Аударма: ҚМДБ
37:155
أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
Түсінбейсіқдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Естеріңе түсірмейсіңдер ме
Аударма: ҚМДБ
37:156
أَمۡ لَكُمۡ سُلۡطَٰنٞ مُّبِينٞ
Немесе сендердің ашық бір дәлелдерің бар ма
Аударма: Халифа Алтай
Әлде сендерде анық дәлел бар ма
Аударма: ҚМДБ
37:157
فَأۡتُواْ بِكِتَٰبِكُمۡ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Шыншыл болсаңдар кітаптарыңды әкеліңдер
Аударма: Халифа Алтай
Егер шын сөзді болсаңдар, кітаптарыңды әкеліңдер
Аударма: ҚМДБ
37:158
وَجَعَلُواْ بَيۡنَهُۥ وَبَيۡنَ ٱلۡجِنَّةِ نَسَبٗاۚ وَلَقَدۡ عَلِمَتِ ٱلۡجِنَّةُ إِنَّهُمۡ لَمُحۡضَرُونَ
Олар Алла мен періштелер (Б.Ж.М.К.Р.) арасында ұрпақтық байланыс ұйғарды. Расында періштелер; олардың Алланың алдына келтірілетінін біледі. (Немесе Алла мен жын арасында жег-жаттық ұйгарды)
Аударма: Халифа Алтай
Олар / серік қосушылар / Онымен / Аллаһпен / жындардың арасында туыстық байланыс бар деп ұйғарды. Ал жындар болса өздерінің / есеп беруге / келтірілетінін білді
Аударма: ҚМДБ
37:159
سُبۡحَٰنَ ٱللَّهِ عَمَّا يَصِفُونَ
Алла (Т.) олардың сипаттауларынан пәк
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ - олардың таңған сипаттарынан / жапқан жалаларынан / пәк
Аударма: ҚМДБ
37:160
إِلَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ
Бірақ Алланың нағыз құлдары өйтіп сипаттамайды
Аударма: Халифа Алтай
тек Аллаһтың тазартқан құлдары ғана басқа / ондайдан аулақ
Аударма: ҚМДБ
37:161
فَإِنَّكُمۡ وَمَا تَعۡبُدُونَ
Сонда сендер де табынған нәрселерің де, (бірлесіп)
Аударма: Халифа Алтай
Ал, сендер және сендердің табынғандарың
Аударма: ҚМДБ
37:162
مَآ أَنتُمۡ عَلَيۡهِ بِفَٰتِنِينَ
Сендер Аллаға қарсы бұзақылық шығара алмайсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Оған / Аллаһқа / қатысты ешкімді де бүлікке сала алмайсыңдар
Аударма: ҚМДБ
37:163
إِلَّا مَنۡ هُوَ صَالِ ٱلۡجَحِيمِ
Бірақ кім тозаққа түсетін болса, ол басқа
Аударма: Халифа Алтай
тек Жахимда (Тозақта) жанатындарды ғана / бүлікке түсіре аласыңдар
Аударма: ҚМДБ
37:164
وَمَامِنَّآ إِلَّا لَهُۥ مَقَامٞ مَّعۡلُومٞ
Бізден орны белгіленбеген ешкім жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Періштелер / : «Бізден орны белгілі болмаған ешкім жоқ
Аударма: ҚМДБ
37:165
وَإِنَّا لَنَحۡنُ ٱلصَّآفُّونَ
Шын мәнінде біздер қатарланып тұрушыларданбыз
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, біз қатарланып тұрушымыз
Аударма: ҚМДБ
37:166
وَإِنَّا لَنَحۡنُ ٱلۡمُسَبِّحُونَ
Әрине Алланы дәріптеушілерденбіз
Аударма: Халифа Алтай
Әрі біз - / Аллаһты кемшіліктерден / пәк деп дәріптеушіміз», - дейді
Аударма: ҚМДБ
37:167
وَإِن كَانُواْ لَيَقُولُونَ
Олар былай дейтін еді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, олар / Мекке мүшріктері / кезінде
Аударма: ҚМДБ
37:168
لَوۡ أَنَّ عِندَنَا ذِكۡرٗا مِّنَ ٱلۡأَوَّلِينَ
Егер бізде бұрынғыларға түсірілген үгіт болса еді
Аударма: Халифа Алтай
«Егер де бізде әуелгілерден бір «Еске салу» болғанда
Аударма: ҚМДБ
37:169
لَكُنَّا عِبَادَ ٱللَّهِ ٱلۡمُخۡلَصِينَ
Әлбетте Алланың ықыласты құлдарынан болар едік
Аударма: Халифа Алтай
онда біз де Аллаһтың таңдалған құлдарынан болар едік», - деп айтатын еді
Аударма: ҚМДБ
37:170
فَكَفَرُواْ بِهِۦۖ فَسَوۡفَ يَعۡلَمُونَ
Сонда олар, келген Кітапқа дереу қарсы шықты. Жақында (нәтижені) біледі
Аударма: Халифа Алтай
Алайда, олар оған / Елшіге / күпірлік етті / сенбеді / . Енді олар жақын арада біледі
Аударма: ҚМДБ
37:171
وَلَقَدۡ سَبَقَتۡ كَلِمَتُنَا لِعِبَادِنَا ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Расында елші құлдарымызға сөзіміз бұрын бекіген болатын
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біздің Сөзіміз Елші етіп жіберілген құлдарымызға алдын ала бекітіліп қойылған
Аударма: ҚМДБ
37:172
إِنَّهُمۡ لَهُمُ ٱلۡمَنصُورُونَ
Сөз жоқ, оларға жәрдем болады
Аударма: Халифа Алтай
Оларға сөзсіз көмек берілетіні
Аударма: ҚМДБ
37:173
وَإِنَّ جُندَنَا لَهُمُ ٱلۡغَٰلِبُونَ
Сөзсіз жеңіске ие болатын біздің әскер
Аударма: Халифа Алтай
және Біздің әскеріміздің жеңетіні туралы
Аударма: ҚМДБ
37:174
فَتَوَلَّ عَنۡهُمۡ حَتَّىٰ حِينٖ
(Мұхаммед Ғ.С.) сонда олардан бір мезгілге дейін бет бұра тұр
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олардан / мүшріктерден / бір уақытқа дейін жүзіңді бүр
Аударма: ҚМДБ
37:175
وَأَبۡصِرۡهُمۡ فَسَوۡفَ يُبۡصِرُونَ
Оларды көре тұр, олар да жақында көреді
Аударма: Халифа Алтай
әрі Оларға қара, жақында олар / азапты / көреді
Аударма: ҚМДБ
37:176
أَفَبِعَذَابِنَا يَسۡتَعۡجِلُونَ
Олар азабымыздың жедел келуін қалай ма
Аударма: Халифа Алтай
Олар Біздің азабымыздың тез болуын талап ете ме
Аударма: ҚМДБ
37:177
فَإِذَا نَزَلَ بِسَاحَتِهِمۡ فَسَآءَ صَبَاحُ ٱلۡمُنذَرِينَ
Қораларына (азап) түскен кезде, ескерту берілгендердің таңы нендей жаман
Аударма: Халифа Алтай
Ал, ол / азап / олардың есіктерінің алдына түскен кезде, ескертілгендердің таңы қандай жаман болады
Аударма: ҚМДБ
37:178
وَتَوَلَّ عَنۡهُمۡ حَتَّىٰ حِينٖ
Сонда олардан бір уаққа дейін аулақ бол
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олардан / мүшріктерден / бір уақытқа дейін жүзіңді бүр
Аударма: ҚМДБ
37:179
وَأَبۡصِرۡ فَسَوۡفَ يُبۡصِرُونَ
Тағы оларды байқай тұр. Жақында олар көреді
Аударма: Халифа Алтай
және қара, жақында олар / азапты / көреді
Аударма: ҚМДБ
37:180
سُبۡحَٰنَ رَبِّكَ رَبِّ ٱلۡعِزَّةِ عَمَّا يَصِفُونَ
Қастерлі Раббың олардың сипаттағандарынан пәк
Аударма: Халифа Алтай
Сенің Раббың - үстемдік Раббысы / Иесі / олардың сипаттағандарынан пәк
Аударма: ҚМДБ
37:181
وَسَلَٰمٌ عَلَى ٱلۡمُرۡسَلِينَ
Елшілерге сәлем
Аударма: Халифа Алтай
Әрі елшілерге сәлем / амандық
Аударма: ҚМДБ
37:182
وَٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Барлық мақтау бұкіл әлемнің Раббы, Алла (Т.) ға лайық
Аударма: Халифа Алтай
Барлық мақтау - Әлемдердің Раббысы Аллаһқа
Аударма: ҚМДБ
← Йа СинБарлық сүрелерСад →

Ас-Саффат сүресі туралы

Ас-Саффат (الصافات) — Құранның 37-сүресі, 182 аят, меккелік сүре, 23-жүз, мысхафтың 446-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу