Сад

ص · 88 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 453-бет
← Ас-СаффатБарлық сүрелерАз-Зумар →
38:1
صٓۚ وَٱلۡقُرۡءَانِ ذِي ٱلذِّكۡرِ
Сад. Үгіт толы Құранға серт
Аударма: Халифа Алтай
Сад. Еске салуды қамтыған Құранмен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
38:2
بَلِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فِي عِزَّةٖ وَشِقَاقٖ
Әрине қарсы болғандар, дандайсып, тартысуда
Аударма: Халифа Алтай
Ал, сондай күпірлік етушілер / бас тартушылар / тәкаппарлық пен қарсылықта
Аударма: ҚМДБ
38:3
كَمۡ أَهۡلَكۡنَا مِن قَبۡلِهِم مِّن قَرۡنٖ فَنَادَواْ وَّلَاتَ حِينَ مَنَاصٖ
Олардан бұрын қаншалаған нәсілді жоқ еттік. Сонда олар ойбайлады да; бірақ құтылар заман емес еді
Аударма: Халифа Алтай
Біз олардан бұрын қаншама ұрпақтарды жойдық. Сонда олар жалбарынды, бірақ құтылуға кеш болған еді
Аударма: ҚМДБ
38:4
وَعَجِبُوٓاْ أَن جَآءَهُم مُّنذِرٞ مِّنۡهُمۡۖ وَقَالَ ٱلۡكَٰفِرُونَ هَٰذَا سَٰحِرٞ كَذَّابٌ
Олар өздерінен бір ескертуші келгеніне таңырқады да қарсы болғандар: "Бұл бір сиқыршы, барып тұрған суайт" деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар ескертушінің өз араларынан келгеніне таң қалды және кәпірлер: «Бұл сиқыршы, өтірікші
Аударма: ҚМДБ
38:5
أَجَعَلَ ٱلۡأٓلِهَةَ إِلَٰهٗا وَٰحِدًاۖ إِنَّ هَٰذَا لَشَيۡءٌ عُجَابٞ
Тәңірлерді бір-ақ тәңір қыла ма? Әрине бұл тым таңғажайып нәрсе
Аударма: Халифа Алтай
Ол құдайларды бір ғана құдай етті ме? Шынында, бұл таң қаларлық нәрсе екен!» - деді
Аударма: ҚМДБ
38:6
وَٱنطَلَقَ ٱلۡمَلَأُ مِنۡهُمۡ أَنِ ٱمۡشُواْ وَٱصۡبِرُواْ عَلَىٰٓ ءَالِهَتِكُمۡۖ إِنَّ هَٰذَا لَشَيۡءٞ يُرَادُ
Олардың бастықтары келіп: "Жүріңдер, өз тәңірлеріңде сабыр ете тұрыңдар. Сөз жоқ, бұл бір мақсатты нәрсе
Аударма: Халифа Алтай
Олардың араларындағы беделділері шығып бара жатып: «Жүре беріңдер және құдайларыңа сабыр етіңдер. Негізінде, бұл арнайы істелген нәрсе
Аударма: ҚМДБ
38:7
مَا سَمِعۡنَا بِهَٰذَا فِي ٱلۡمِلَّةِ ٱلۡأٓخِرَةِ إِنۡ هَٰذَآ إِلَّا ٱخۡتِلَٰقٌ
Тіпті бұны біз өзге дінде естіген емеспіз. Бұл мүлде бір жасанды жол
Аударма: Халифа Алтай
Біз соңғы дінде мұндай туралы естімедік. Бұл - ойдан шығарылған өтіріктен басқа нәрсе емес
Аударма: ҚМДБ
38:8
أَءُنزِلَ عَلَيۡهِ ٱلذِّكۡرُ مِنۢ بَيۡنِنَاۚ بَلۡ هُمۡ فِي شَكّٖ مِّن ذِكۡرِيۚ بَل لَّمَّا يَذُوقُواْ عَذَابِ
Арамыздан осыға ғана үгіт түсірілді ме?,- (десті) Олай емес, олар Менің үгітімнен күдіктенуде. Әрине олар азабымды татқан жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Ескерту біздердің ішімізден осыған түсірілді ме?» - деді. Жоқ, олай емес! Олар Менің Ескертуімнен / Құраннан / күмәндануда. Иә, солай! Олар әлі азапты татпады
Аударма: ҚМДБ
38:9
أَمۡ عِندَهُمۡ خَزَآئِنُ رَحۡمَةِ رَبِّكَ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡوَهَّابِ
(Мұхаммед Ғ.С.) немесе өте үстем, аса жомарт Раббыңньің мәрхаметінің қазынасы олардың қасында ма
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед!! әлде оларда әл-’Азиз / бәрінен Үстем / , әл-Уаһһаб / сый Беруші / Раббыңның мейірімінің қазыналары бар ма
Аударма: ҚМДБ
38:10
أَمۡ لَهُم مُّلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَاۖ فَلۡيَرۡتَقُواْ فِي ٱلۡأَسۡبَٰبِ
Не көктер мен жердің әрі арасындағылардың иелігі олардікі ме? Ендеше, ыңғайын тауып, көтеріліп көрсін
Аударма: Халифа Алтай
Әлде аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың билігі соларда ма? Олай болса / қолынан келсе / олар жолын тауып / аспанға / көтерілсін
Аударма: ҚМДБ
38:11
جُندٞ مَّا هُنَالِكَ مَهۡزُومٞ مِّنَ ٱلۡأَحۡزَابِ
(Олар) мұнда соққы жеген рулардан бір қол
Аударма: Халифа Алтай
Қай әскері болмасын, алдыңғы топтар сияқты жеңіліске ұшырайды
Аударма: ҚМДБ
38:12
كَذَّبَتۡ قَبۡلَهُمۡ قَوۡمُ نُوحٖ وَعَادٞ وَفِرۡعَوۡنُ ذُو ٱلۡأَوۡتَادِ
Олардан бұрын Нүх, Ғад елі және салтанат иесі Перғауын да жасынға шығарған еді
Аударма: Халифа Алтай
Бұлардан бұрын Нұхтың елі, Ад елі және қазықтардың / үлкен әскердің / иесі Фиръаун да / елшілерді / өтірікке шығарды
Аударма: ҚМДБ
38:13
وَثَمُودُ وَقَوۡمُ لُوطٖ وَأَصۡحَٰبُ لۡـَٔيۡكَةِۚ أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلۡأَحۡزَابُ
Сондай-ақ Сәмұд, Лұт және Әйке халқы да. Міне осы топтар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сәмұдтықтар да, Лұттың елі және Әйке тұрғындары да. Міне, осылар - / ұқсас / топтар
Аударма: ҚМДБ
38:14
إِن كُلٌّ إِلَّا كَذَّبَ ٱلرُّسُلَ فَحَقَّ عِقَابِ
Барлығы да елшілерді жасынға шығарғандықтарынан, азап лайық болды
Аударма: Халифа Алтай
Елшілерді өтірікшіге шығарғандары үшін олардың әрқайсысына Менің жазам тиісті болды
Аударма: ҚМДБ
38:15
وَمَا يَنظُرُ هَـٰٓؤُلَآءِ إِلَّا صَيۡحَةٗ وَٰحِدَةٗ مَّا لَهَا مِن فَوَاقٖ
Ал енді бұлар да тоқтаусыз бір ғана ащы дауысты күтеді
Аударма: Халифа Алтай
Олар одан кейін қайта оралу болмайтын, бір ғана сайхадан басқаны күтпейді
Аударма: ҚМДБ
38:16
وَقَالُواْ رَبَّنَا عَجِّل لَّنَا قِطَّنَا قَبۡلَ يَوۡمِ ٱلۡحِسَابِ
Олар: "Раббымыз, есеп күнінен бұрын көресімізді тез көрсет" десті
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар: «Ей, Раббымыз! Бізге тиісті үлесімізді / азабымызды / Есеп күнінен бұрын бізге тездет», - дейді / келеке етіп
Аударма: ҚМДБ
38:17
ٱصۡبِرۡ عَلَىٰ مَا يَقُولُونَ وَٱذۡكُرۡ عَبۡدَنَا دَاوُۥدَ ذَا ٱلۡأَيۡدِۖ إِنَّهُۥٓ أَوَّابٌ
(Мұхаммед Ғ.С.) олардың айтқандарына сабыр ет. Мықты құлымыз Дәуіт (Ғ.С.) ті есіңе ал! Өйткені ол, өте бой ұсынушы
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед / / Олардың айтқандарына сабыр етіп, қуатты құлымыз Дәуітті еске ал. Ол әрдайым Оған қайтушы еді
Аударма: ҚМДБ
38:18
إِنَّا سَخَّرۡنَا ٱلۡجِبَالَ مَعَهُۥ يُسَبِّحۡنَ بِٱلۡعَشِيِّ وَٱلۡإِشۡرَاقِ
Рас оған тауларды бағындырдық. Олар онымен бірге іңірде әрі сәскеде Алланы дәріптейтін еді. (С. 79-А)
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз тауларды кешке және таңертең онымен / Дәуітпен / бірге Раббыңды / барлық кемшіліктен / пәк деп ұлықтайтын етіп бағындырдық
Аударма: ҚМДБ
38:19
وَٱلطَّيۡرَ مَحۡشُورَةٗۖ كُلّٞ لَّهُۥٓ أَوَّابٞ
Оған құсты тобымен бағындырдық. Барлығы Алланы дәріптуші еді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі топталған түрде құстарды да. Барлығы да Оған / Аллаһқа / бойсұнушы
Аударма: ҚМДБ
38:20
وَشَدَدۡنَا مُلۡكَهُۥ وَءَاتَيۡنَٰهُ ٱلۡحِكۡمَةَ وَفَصۡلَ ٱلۡخِطَابِ
Оның патшалығын күшейтіп, оған даналық, сондай-ақ дауға билік айту қабілетін бердік
Аударма: Халифа Алтай
Біз оның патшалығын қуаттап бекіттік әрі оған даналық пен тура / шешімді / сөз бердік
Аударма: ҚМДБ
38:21
۞وَهَلۡ أَتَىٰكَ نَبَؤُاْ ٱلۡخَصۡمِ إِذۡ تَسَوَّرُواْ ٱلۡمِحۡرَابَ
Саған даушының хабары келді ме? Сол уақытта дуардан асып бөлмеге кіріп келген еді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Саған дауласқандардың хабары келді ме? Сонда олар михрабқа / құлшылық ететін орынға / дуалдан асып келген еді
Аударма: ҚМДБ
38:22
إِذۡ دَخَلُواْ عَلَىٰ دَاوُۥدَ فَفَزِعَ مِنۡهُمۡۖ قَالُواْ لَا تَخَفۡۖ خَصۡمَانِ بَغَىٰ بَعۡضُنَا عَلَىٰ بَعۡضٖ فَٱحۡكُم بَيۡنَنَا بِٱلۡحَقِّ وَلَا تُشۡطِطۡ وَٱهۡدِنَآ إِلَىٰ سَوَآءِ ٱلصِّرَٰطِ
Олар Дәуіт (Ғ.С) ке кірген сәтте, сонда олардан абыржып қалды. Олар: "Қорықпа, бір-біріне өктемдік еткен екі даушымыз. Арамызға туралықпен билік қыл. Шатаспа да бізді тура жолға сал" деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар Дәуіттің алдына кірген кезде, ол олардан қорқып қалды. Олар: «Қорықпа! Біз бір-бірімізге әділетсіздік еткен екі тартысушымыз. Біздің арамызға ақиқатпен үкім шығар да әділетсіздік етпе. Әрі бізге дұрыс жолды көрсет
Аударма: ҚМДБ
38:23
إِنَّ هَٰذَآ أَخِي لَهُۥ تِسۡعٞ وَتِسۡعُونَ نَعۡجَةٗ وَلِيَ نَعۡجَةٞ وَٰحِدَةٞ فَقَالَ أَكۡفِلۡنِيهَا وَعَزَّنِي فِي ٱلۡخِطَابِ
Рас мына туысымның тоқсан тоғыз саулығы бар еді де менің бір саулығым бар еді. Сонда да ол, "Оны маған тапсыр" деп, сөз бойынша өзіме өктемдік істеді
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - менің бауырым. Оның тоқсан тоғыз саулық қойы бар, ал менің бір ғана саулығым бар. Ол: «Оны менің қарамағыма бер»,- деп, сөзбен менен үстем түсті», - деді
Аударма: ҚМДБ
38:24
قَالَ لَقَدۡ ظَلَمَكَ بِسُؤَالِ نَعۡجَتِكَ إِلَىٰ نِعَاجِهِۦۖ وَإِنَّ كَثِيرٗا مِّنَ ٱلۡخُلَطَآءِ لَيَبۡغِي بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٍ إِلَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ وَقَلِيلٞ مَّا هُمۡۗ وَظَنَّ دَاوُۥدُ أَنَّمَا فَتَنَّـٰهُ فَٱسۡتَغۡفَرَ رَبَّهُۥ وَخَرَّۤ رَاكِعٗاۤ وَأَنَابَ۩
Дәуіт (Ғ.С.): "Шынында сенің саулығыңды өз саулықтарыңның үстіне сұраумен саған зұлымдық еткен екен. Расында қарым-қатынаста болғандардың көбі, әрине бір-біріне қаралық істейді. Бірақ иман келтіріп, турашылдық істегендер басқа. Олар азғантай" деді. Дәуіт (Ғ.С.) шын мәнінде өзін сынағанымызды сезді. Сондықтан Раббынан жарылқау тілеп, сәждеге жығылып, бой ұсынды
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Ол сенің саулығыңды өз саулықтарына / қосып алу үшін / сұрап, саған әділетсіздік еткен екен. Негізінде, жақын араласушылардың көпшілігі бір-біріне әділетсіздік етеді. Тек иманға келген және ізгі амал жасағандар ғана ондай емес. Ал, олар аз», - деді. Сонда, Дәуіт Біздің оны сынағанымызды анық түсінді де Раббысынан кешірім тіледі және иіліп / сәждеге / жығылды әрі Раббысына бойсұна жүгінді / тәубе етті
Аударма: ҚМДБ
38:25
فَغَفَرۡنَا لَهُۥ ذَٰلِكَۖ وَإِنَّ لَهُۥ عِندَنَا لَزُلۡفَىٰ وَحُسۡنَ مَـَٔابٖ
Сонда оны жарылқадық. Шәксіз оның Біздің қасымызда әлбетте жақындыгы, көркем келешегі бар. (Бұл дауа мәселесі, мысал үшін келтірілген. Б.М.К.Х)
Аударма: Халифа Алтай
Біз оған мұны кешірдік. Ақиқатында ол үшін Біздің алдымызда жақындатылу және қайтар орынның көркемі бар
Аударма: ҚМДБ
38:26
يَٰدَاوُۥدُ إِنَّا جَعَلۡنَٰكَ خَلِيفَةٗ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَٱحۡكُم بَيۡنَ ٱلنَّاسِ بِٱلۡحَقِّ وَلَا تَتَّبِعِ ٱلۡهَوَىٰ فَيُضِلَّكَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ يَضِلُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ لَهُمۡ عَذَابٞ شَدِيدُۢ بِمَا نَسُواْ يَوۡمَ ٱلۡحِسَابِ
Әй Дәуіт! Сені жер жүзінде меңгеруші қылдық. Сондықтан адамдардың арасына хақиқатпен ткім ет, ойға ерме. Онда сені Алланың жолынан адастырады. Шәксіз Алланың жолынан адасқандар, есеп күнін ұмытулары себепті оларға қатты азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Дәуіт! Ақиқатында, Біз сені жер бетінде халифа еттік. Адамдардың арасында ақиқатпен шешім шығар да көңілқұмарлығына еруші болма. Онда ол / еру / сені Аллаһтың жолынан адастырады / ауытқытып, шығарады / . Ақиқатында, Есеп күнін ұмытқаны үшін Аллаһтың жолынан адасқандарға қатты азап бар
Аударма: ҚМДБ
38:27
وَمَا خَلَقۡنَا ٱلسَّمَآءَ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَا بَٰطِلٗاۚ ذَٰلِكَ ظَنُّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْۚ فَوَيۡلٞ لِّلَّذِينَ كَفَرُواْ مِنَ ٱلنَّارِ
Көк пен жерді әрі екі арасындағыларды босқа жартпадық. Ол қарсы келгендердің ойы. Сондықтан оттан азап болатын қарсы келгендерге не өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Біз аспандар мен жерді және екеуінің арасындағыларды бостан-босқа жаратпадық. Бұл - сондай күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келушілердің / жорамалы. Ендеше, сондай күпірлік етушілерге / иманға келмегендерге / Оттан үлкен қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
38:28
أَمۡ نَجۡعَلُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ كَٱلۡمُفۡسِدِينَ فِي ٱلۡأَرۡضِ أَمۡ نَجۡعَلُ ٱلۡمُتَّقِينَ كَٱلۡفُجَّارِ
Немесе иман келтіріп, ізгі іс істегендерді, жер жүзіндегі бұзақылардай қыламыз ба
Аударма: Халифа Алтай
Біз иманға келген және ізгі амал істегендерді жер бетінде бұзу-бүлдірушілік істейтіндермен тең етеміз бе? Әлде тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / күнәһарлармен бірдей етеміз бе
Аударма: ҚМДБ
38:29
كِتَٰبٌ أَنزَلۡنَٰهُ إِلَيۡكَ مُبَٰرَكٞ لِّيَدَّبَّرُوٓاْ ءَايَٰتِهِۦ وَلِيَتَذَكَّرَ أُوْلُواْ ٱلۡأَلۡبَٰبِ
(Мұхаммед Ғ.С.) саған бір мүбарак Кітап түсірдік; аяттарын түсінсін әрі ақыл иелері үгіт алсын
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз саған түсірген Кітап - берекелі. / Адамдар / оның аяттарына зейін қойып зерделеулері үшін әрі ақыл иелері еске алуы үшін / түсірдік
Аударма: ҚМДБ
38:30
وَوَهَبۡنَا لِدَاوُۥدَ سُلَيۡمَٰنَۚ نِعۡمَ ٱلۡعَبۡدُ إِنَّهُۥٓ أَوَّابٌ
Дәуіт (Ғ.С.) ке Сүлеймен (Ғ.С.) ді бердік. Ол не деген жақсы құл еді. Рас ол өте бағынышты
Аударма: Халифа Алтай
Біз Дәуітке Сүлейменді тарту еттік. / Сүлеймен / қандай жақсы құл! Ол әрқашан Оған қайтушы
Аударма: ҚМДБ
38:31
إِذۡ عُرِضَ عَلَيۡهِ بِٱلۡعَشِيِّ ٱلصَّـٰفِنَٰتُ ٱلۡجِيَادُ
Сол уақытта бір кеште Сүлеймен (Ғ.С.) ге сәйгүлік жүйріктер келтірілді
Аударма: Халифа Алтай
Бірде оған кешке қарай, ойнақтаған / тұяғымен жер тарпыған / жүйрік сәйгүліктер көрсетілді
Аударма: ҚМДБ
38:32
فَقَالَ إِنِّيٓ أَحۡبَبۡتُ حُبَّ ٱلۡخَيۡرِ عَن ذِكۡرِ رَبِّي حَتَّىٰ تَوَارَتۡ بِٱلۡحِجَابِ
Сөз жоқ, мен Раббымды еске алу үшін атты өте жақсы көремін" деді. Ақыр тұлпарлар көзден ғайып болған сәтте
Аударма: Халифа Алтай
Сонда ол: «Мен Раббымды еске алудан гөрі ол / күн / тосық артына жасырынғанша / күн батқанша / , жақсы нәрселерге құштар болып ұнатыппын
Аударма: ҚМДБ
38:33
رُدُّوهَا عَلَيَّۖ فَطَفِقَ مَسۡحَۢا بِٱلسُّوقِ وَٱلۡأَعۡنَاقِ
Оны маған қайтарып әкеліңдер" (деп,) сонда аяқтарын, мойындарын сипай бастады. (Құран Кәрим түрікше ұғымы, Диянат істері Түркия Құран ұгымы. Т-Қ.Пакістан)
Аударма: Халифа Алтай
Оларды маған қайтарыңдар!» - деді. Сөйтіп ол / аттардың! аяқтары мен мойындарын сипай бастады
Аударма: ҚМДБ
38:34
وَلَقَدۡ فَتَنَّا سُلَيۡمَٰنَ وَأَلۡقَيۡنَا عَلَىٰ كُرۡسِيِّهِۦ جَسَدٗا ثُمَّ أَنَابَ
Расында Сүлеймен (Ғ.С.) ді сынап тағының үстіне бір дене қойдық. (Б.Ж.М.А.) Сосын ол, тәубе қылды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз Сүлейменге сынақ етіп, оның тағының үстіне бір денені тастадық. Содан кейін ол / Раббысына / беріле, бойсұна жүгінді / тәубе етті
Аударма: ҚМДБ
38:35
قَالَ رَبِّ ٱغۡفِرۡ لِي وَهَبۡ لِي مُلۡكٗا لَّا يَنۢبَغِي لِأَحَدٖ مِّنۢ بَعۡدِيٓۖ إِنَّكَ أَنتَ ٱلۡوَهَّابُ
Раббым! Мені жарылқа. Маған, менен кейін ешкімге нәсіп болмайтын патшалық бер. Әрине Сен өте жомартсың" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Раббым! Мені кешір әрі маған өзімнен кейін ешкімде болмайтын билік бер. Ақиқатында, Сен Сый берушісің», деді
Аударма: ҚМДБ
38:36
فَسَخَّرۡنَا لَهُ ٱلرِّيحَ تَجۡرِي بِأَمۡرِهِۦ رُخَآءً حَيۡثُ أَصَابَ
Сондықтан қалаған жерге жетуге, бұйрығымен оңай жүретін желді бағындырдық
Аударма: Халифа Алтай
Біз оған, оның әмірімен қалаған жеріне жеңіл есетін желді бағындырдық
Аударма: ҚМДБ
38:37
وَٱلشَّيَٰطِينَ كُلَّ بَنَّآءٖ وَغَوَّاصٖ
Әр түрлі құрылыс жасаушы және сүңгігіш шайтандарды бағындырдық. (С. 82-А)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оған әрбірқұрылысшы және сүңгуші шайтандарды
Аударма: ҚМДБ
38:38
وَءَاخَرِينَ مُقَرَّنِينَ فِي ٱلۡأَصۡفَادِ
Ал басқа біреулері шынжырларда матаулы еді
Аударма: Халифа Алтай
және кісендермен байланған басқаларын да / бағындырдық
Аударма: ҚМДБ
38:39
هَٰذَا عَطَآؤُنَا فَٱمۡنُنۡ أَوۡ أَمۡسِكۡ بِغَيۡرِ حِسَابٖ
Бұл Біздің бергеніміз. Ал енді қалағаныңа бер. Немесе бермей ұстап тұр, есеп емес. (Ерк өзіңде.)",-(дедік)
Аударма: Халифа Алтай
Міне, осы - Біздің сыйымыз. Игілік ет не өзіңде ұста, ол үшін есепке тартылмайсың
Аударма: ҚМДБ
38:40
وَإِنَّ لَهُۥ عِندَنَا لَزُلۡفَىٰ وَحُسۡنَ مَـَٔابٖ
Күдіксіз ол үшін қасымызда жақындық әрі көркеи келешегі бар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, оған Бізде - жақындатылу және қайтар орынның көркемі бар
Аударма: ҚМДБ
38:41
وَٱذۡكُرۡ عَبۡدَنَآ أَيُّوبَ إِذۡ نَادَىٰ رَبَّهُۥٓ أَنِّي مَسَّنِيَ ٱلشَّيۡطَٰنُ بِنُصۡبٖ وَعَذَابٍ
(Мұхаммед Ғ.С.) құлымыз Әйүп (Ғ.С.) гі есіңе ал. сол уақьітта Раббына: "Рас мені шайтан бейнет және қинауға ұшыратты" деп жалбарынды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Құлымыз Айюбты есіңе ал. Ол Раббысына жалбарына: «Маған шайтаннан бір қиыншылық пен бейнет тиді!» - деп үн қатты
Аударма: ҚМДБ
38:42
ٱرۡكُضۡ بِرِجۡلِكَۖ هَٰذَا مُغۡتَسَلُۢ بَارِدٞ وَشَرَابٞ
Оған: "Аяғыңмен жерді теп. Міне саған шомылатын әрі ішетін суық су" (дедік)
Аударма: Халифа Алтай
Оған / : «Аяғыңмен / жерге / теп. Бұл жуынатын және ішетін салқын / су / »,- дедік
Аударма: ҚМДБ
38:43
وَوَهَبۡنَا لَهُۥٓ أَهۡلَهُۥ وَمِثۡلَهُم مَّعَهُمۡ رَحۡمَةٗ مِّنَّا وَذِكۡرَىٰ لِأُوْلِي ٱلۡأَلۡبَٰبِ
(Әйүп Ғ.С. қолынан бала-шага, мал-мүлкі кетіп, құрт ауруға ұшыраса да қабақ шытпай сабырмен құлшылық қыла бергендіктөн, Алланың мәрхаметімен сақайып бұрынғыдан да артық халге келеді. Б.М.К.Р.) Бізден бір мәрхамет сондай-ақ ақыл иелеріне бір үгіт түрінде оған семьясын; олармен бірге бір есе артығымен бердік. (Әйтп Ғ.С. әйеліне кейіп, жазылсам, жүз дүре соғамын деп ант етеді. Б.Ж.М.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Бізден бір мейірім әрі ақыл иелері үшін еске салу ретінде оған үй ішін және олармен бірге тағы соншасын сыйладық
Аударма: ҚМДБ
38:44
وَخُذۡ بِيَدِكَ ضِغۡثٗا فَٱضۡرِب بِّهِۦ وَلَا تَحۡنَثۡۗ إِنَّا وَجَدۡنَٰهُ صَابِرٗاۚ نِّعۡمَ ٱلۡعَبۡدُ إِنَّهُۥٓ أَوَّابٞ
Қолыңа бір топ ши алып, сонымен бір ұр. Сертіңнен қайтпа!" Шынында оны сабырлы көрдік. Ол недеген жақсы құл. Өйткені ол, өте бойсұнушы
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оған / : «Қолыңа бір тұтам сабан алып, сонымен / әйеліңді / ұр және берген антыңды бұзба», - дедік. Ақиқатында оны сабырлы түрде таптық. Ол қандай жақсы құл! Ол әрдайым Оған қайтушы
Аударма: ҚМДБ
38:45
وَٱذۡكُرۡ عِبَٰدَنَآ إِبۡرَٰهِيمَ وَإِسۡحَٰقَ وَيَعۡقُوبَ أُوْلِي ٱلۡأَيۡدِي وَٱلۡأَبۡصَٰرِ
(Мұхаммед Г.С.) құлымыз Ыбырайым, Ысхақ және Яғқүп (Ғ.С.) ты есіңе ал. Олар мықты да қырағы еді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Қолдар және көздер иелері болған құлдарымызИбраһимді, Исхақты және Йаъқубты есіңе ал
Аударма: ҚМДБ
38:46
إِنَّآ أَخۡلَصۡنَٰهُم بِخَالِصَةٖ ذِكۡرَى ٱلدَّارِ
Расында Біз оларды нағыз ахиретті еске алуға арнадық
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз оларды / мәңгілік / мекенді / ақиретті / еске алумен тазарттық
Аударма: ҚМДБ
38:47
وَإِنَّهُمۡ عِندَنَا لَمِنَ ٱلۡمُصۡطَفَيۡنَ ٱلۡأَخۡيَارِ
Сөз жоқ, олар, қасымызда таңдаулы игі-жақсылардан
Аударма: Халифа Алтай
Олар Біздің алдымызда таңдаулы, ең жақсылардан
Аударма: ҚМДБ
38:48
وَٱذۡكُرۡ إِسۡمَٰعِيلَ وَٱلۡيَسَعَ وَذَا ٱلۡكِفۡلِۖ وَكُلّٞ مِّنَ ٱلۡأَخۡيَارِ
(Мұхаммед Р.С.) Ысмайыл, Іляс және Зүлкәфіл (Ғ.С.) ді де есіңе ал. Барлығы жақсылардан еді
Аударма: Халифа Алтай
Исмаъилды, Әлиясағты және Зулкифлді есіңе ал. Барлығы ең жақсылардан
Аударма: ҚМДБ
38:49
هَٰذَا ذِكۡرٞۚ وَإِنَّ لِلۡمُتَّقِينَ لَحُسۡنَ مَـَٔابٖ
Бұл бір насихат. Күдіксіз тақуалар үшін тым көркем келешек бар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Бүл еске салу / ескерту / . Ақиқатында тақуаларға / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандарға / қайтар мекеннің көркемі
Аударма: ҚМДБ
38:50
جَنَّـٰتِ عَدۡنٖ مُّفَتَّحَةٗ لَّهُمُ ٱلۡأَبۡوَٰبُ
Олар үшін есіктері ашық Ғадын жаннаттары бар
Аударма: Халифа Алтай
олар үшін қақпалары ашылып тұратын, ’Адн жәннатының бақтары бар
Аударма: ҚМДБ
38:51
مُتَّكِـِٔينَ فِيهَا يَدۡعُونَ فِيهَا بِفَٰكِهَةٖ كَثِيرَةٖ وَشَرَابٖ
Олар онда жастанып отырады. Ол жерде мол жемістер, сусындар тілейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар ол жерде сүйеніп отырып, коп жемістер мен сусындар алдырады
Аударма: ҚМДБ
38:52
۞وَعِندَهُمۡ قَٰصِرَٰتُ ٱلطَّرۡفِ أَتۡرَابٌ
Олардың қасында телмірген жасыт қор қыздары бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олардың жанында көздерін / сақтап / өзгелерге салмайтын, өздерімен құрдас қыздар бар
Аударма: ҚМДБ
38:53
هَٰذَا مَا تُوعَدُونَ لِيَوۡمِ ٱلۡحِسَابِ
Есеп күні үшін сендерге уәде етілгендер осы
Аударма: Халифа Алтай
Бұл сендерге Есеп күні үшін уәде етілген нәрсе
Аударма: ҚМДБ
38:54
إِنَّ هَٰذَا لَرِزۡقُنَا مَا لَهُۥ مِن نَّفَادٍ
Сөзсіз, таусылмас берген несібеміз осы
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, бұл ризық - Біздікі. Ол ешқашан таусылмайды
Аударма: ҚМДБ
38:55
هَٰذَاۚ وَإِنَّ لِلطَّـٰغِينَ لَشَرَّ مَـَٔابٖ
Я, осы! Ал расында азғындар үшін жаман орын бар
Аударма: Халифа Алтай
Міне, солай. Ал анығында, бойсұнбағандарға, қайтар мекеннің ең жаманы
Аударма: ҚМДБ
38:56
جَهَنَّمَ يَصۡلَوۡنَهَا فَبِئۡسَ ٱلۡمِهَادُ
Олардың кірер жерлері тозақ. Сонда нендей жаман орын
Аударма: Халифа Алтай
Жаһаннам (Тозақ) болады. Олар онда күйіп-жанады. Ол - өте жаман мекен
Аударма: ҚМДБ
38:57
هَٰذَا فَلۡيَذُوقُوهُ حَمِيمٞ وَغَسَّاقٞ
Я, осы! Енді олар, қайнар су, ірің татсын
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - қайнап тұрған су және ірің. Енді олар оны татсын
Аударма: ҚМДБ
38:58
وَءَاخَرُ مِن شَكۡلِهِۦٓ أَزۡوَٰجٌ
Тағы басқа осы сияқтылардың неше түрлісі бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі / жазаның / осы секілді басқа да түрлері бар
Аударма: ҚМДБ
38:59
هَٰذَا فَوۡجٞ مُّقۡتَحِمٞ مَّعَكُمۡ لَا مَرۡحَبَۢا بِهِمۡۚ إِنَّهُمۡ صَالُواْ ٱلنَّارِ
(Қылмыстылардың бастықтарына): "Мына топ, сендермен бірге тозаққа кірушілер" (делінеді. Олар): "Оларға жақсылық жоқ. Олар тозаққа кіреді" (дейді)
Аударма: Халифа Алтай
Тозақ періштелері / : «Мына топ сендермен бірге кіреді», - дейді. / Тозақтықтар / : «Оларға кеңшілік болмасын! Шын мәнінде олар Отта жанады», - дейді
Аударма: ҚМДБ
38:60
قَالُواْ بَلۡ أَنتُمۡ لَا مَرۡحَبَۢا بِكُمۡۖ أَنتُمۡ قَدَّمۡتُمُوهُ لَنَاۖ فَبِئۡسَ ٱلۡقَرَارُ
Олар: "Олай емес, сендерге жақсылық болмасын! Бұны бізге сендер келтірдіңдер. Нендей жаман орын" (дер)
Аударма: Халифа Алтай
Тозаққа кейін кіргендер / : «Жоқ! Өздеріңе кеңшілік болмасын! Сендер оны / тозақты / бізге жақындаттыңдар. Ол өте жаман орын!» - дейді
Аударма: ҚМДБ
38:61
قَالُواْ رَبَّنَا مَن قَدَّمَ لَنَا هَٰذَا فَزِدۡهُ عَذَابٗا ضِعۡفٗا فِي ٱلنَّارِ
Олар: "Раббымыз! Бізге бұны кім келтірген болса, оның тозақтағы азабын неше есе арттыра түс!",- дейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Раббымыз! Бізге оны жақындатқанғаОттағы азабын екі есе арттыр», - дейді
Аударма: ҚМДБ
38:62
وَقَالُواْ مَا لَنَا لَا نَرَىٰ رِجَالٗا كُنَّا نَعُدُّهُم مِّنَ ٱلۡأَشۡرَارِ
Олар: "Бізге не болды? Өздерін жамандардан санаған адамдарды көрмейміз ғой" деседі
Аударма: Халифа Алтай
Әрі: «Бізге не болды? Біз өзіміз нашар кісілер деп есептегендерімізді / бұл жерде / неге көрмей тұрмыз
Аударма: ҚМДБ
38:63
أَتَّخَذۡنَٰهُمۡ سِخۡرِيًّا أَمۡ زَاغَتۡ عَنۡهُمُ ٱلۡأَبۡصَٰرُ
Оларды сықаққа алушы едік. Немесе олар көздерімізге түспей ме
Аударма: Халифа Алтай
Біз оларды келеке етпедік пе? Әлде көзіміз олардан ауытқып, көрмей тұр ма?» - дейді
Аударма: ҚМДБ
38:64
إِنَّ ذَٰلِكَ لَحَقّٞ تَخَاصُمُ أَهۡلِ ٱلنَّارِ
Күдіксіз, міне осы; тозақтықтардың тартысулары бір шындық
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, осы - Отты / тозақты / мекен еткендердің тартысуы - шындық
Аударма: ҚМДБ
38:65
قُلۡ إِنَّمَآ أَنَا۠ مُنذِرٞۖ وَمَا مِنۡ إِلَٰهٍ إِلَّا ٱللَّهُ ٱلۡوَٰحِدُ ٱلۡقَهَّارُ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Шын мәнінде мен бір ескертуші ғанамын. Өте өктем бір Алладан басқа ешбір тәңір жоқ" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен - тек ескертушімін. Әрі Жалғыз, бәрін сөзсіз Бағындырушы Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ
Аударма: ҚМДБ
38:66
رَبُّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَا ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡغَفَّـٰرُ
Ол, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы. Тым үстем, аса жарылқаушы
Аударма: Халифа Алтай
Ол - аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың Раббысы, бәрінен Үстем, көп Кешіруші», - деп
Аударма: ҚМДБ
38:67
قُلۡ هُوَ نَبَؤٌاْ عَظِيمٌ
Бұл бір ірі хабар" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «бұл / Құран / ұлы хабар
Аударма: ҚМДБ
38:68
أَنتُمۡ عَنۡهُ مُعۡرِضُونَ
Сендер Одан бет бұрсаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Сендер одан бет бұрудасыңдар
Аударма: ҚМДБ
38:69
مَا كَانَ لِيَ مِنۡ عِلۡمِۭ بِٱلۡمَلَإِ ٱلۡأَعۡلَىٰٓ إِذۡ يَخۡتَصِمُونَ
Жоғары әлемдегілердің тартыспаларынан мәліметім жоқ еді
Аударма: Халифа Алтай
Менде жоғарғы топтың әрі олардың тартысқандары туралы ешқандай білім болмады
Аударма: ҚМДБ
38:70
إِن يُوحَىٰٓ إِلَيَّ إِلَّآ أَنَّمَآ أَنَا۠ نَذِيرٞ مُّبِينٌ
Шын мәнінде ашық бір ескертуші болғандығынан ғана маған уахи етілуде" (де)
Аударма: Халифа Алтай
Маған тек өзімнің анық ескертуші екендігім ғана уахи етілуде», - деп
Аударма: ҚМДБ
38:71
إِذۡ قَالَ رَبُّكَ لِلۡمَلَـٰٓئِكَةِ إِنِّي خَٰلِقُۢ بَشَرٗا مِّن طِينٖ
Сол уақытта Раббың, періштелерге: "Мен балшықтан бір адам жаратамын" деген
Аударма: Халифа Алтай
Міне, кезінде Раббың періштелерге: «Мен лайдан адам жаратамын
Аударма: ҚМДБ
38:72
فَإِذَا سَوَّيۡتُهُۥ وَنَفَخۡتُ فِيهِ مِن رُّوحِي فَقَعُواْ لَهُۥ سَٰجِدِينَ
Қашан оны жасап, оған рұхымнан үрлеген сәтте, оған сәждеге жығылыңдар" (делінді)
Аударма: Халифа Алтай
Оны / рет-ретімен / теңестіріп Өзімдегі / иелігіміздегі / рухты оның ішіне үрлеген кезде, оған сәжде етіп жығылыңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
38:73
فَسَجَدَ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ كُلُّهُمۡ أَجۡمَعُونَ
Сонда періштелердің бәрі түгел сәжде қылды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда періштелердің барлығы, түгелімен сәжде жасады
Аударма: ҚМДБ
38:74
إِلَّآ إِبۡلِيسَ ٱسۡتَكۡبَرَ وَكَانَ مِنَ ٱلۡكَٰفِرِينَ
Бірақ Ібіліс сәжде етпей тәкаппарланып, қарсылардан болды
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Ібіліс өзін жоғары санап, менменсіп, сәжде етуден бас тартты. Сөйтіп, кәпірлерден болды
Аударма: ҚМДБ
38:75
قَالَ يَـٰٓإِبۡلِيسُ مَا مَنَعَكَ أَن تَسۡجُدَ لِمَا خَلَقۡتُ بِيَدَيَّۖ أَسۡتَكۡبَرۡتَ أَمۡ كُنتَ مِنَ ٱلۡعَالِينَ
(Алла Т.): "Әй Ібіліс! Екі қолыммен жаратқаныма сәжде етуден сені не тосты? Тәкаппарландың ба?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
л / Аллаһ / :«Ей, Ібіліс! Екі қолыммен жаратқаныма сәждеетуіңнен сені не тосты? Сен өзіңді жоғары санадың ба, әлде биік мәртебелілерден болдың ба?» - деді
Аударма: ҚМДБ
38:76
قَالَ أَنَا۠ خَيۡرٞ مِّنۡهُ خَلَقۡتَنِي مِن نَّارٖ وَخَلَقۡتَهُۥ مِن طِينٖ
Ол: "Мен одан артықпын. Өйткені, мені оттан жараттың да оны топырақтан жараттың" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ібіліс / : «Мен одан абзалмын. Сен мені оттан жараттың, ал оны лайдан жараттың», -деді
Аударма: ҚМДБ
38:77
قَالَ فَٱخۡرُجۡ مِنۡهَا فَإِنَّكَ رَجِيمٞ
(Алла Т.): "Дереу ол жерден шық. Шын мәнінде сен рахметімнен қуылдың" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / : «Ол жақтан шық, сөзсіз сен қуылғансың
Аударма: ҚМДБ
38:78
وَإِنَّ عَلَيۡكَ لَعۡنَتِيٓ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلدِّينِ
Шынында қиямет күніне дейін лағынетім саған болсын
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Менің лағнетім саған Қайтарым / қиямет / күніне дейін болады», - деді
Аударма: ҚМДБ
38:79
قَالَ رَبِّ فَأَنظِرۡنِيٓ إِلَىٰ يَوۡمِ يُبۡعَثُونَ
Ол: "Раббым, онда қайта тірілетін күнге дейін маған мұрса бер" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ібіліс / : «Раббым! Маған олар қайта тірілтілетін күнге дейін уақыт бер», - деді
Аударма: ҚМДБ
38:80
قَالَ فَإِنَّكَ مِنَ ٱلۡمُنظَرِينَ
(Алла Т.): "Рас сен мұрса берілгендерденсің
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / : «Негізінде сен уақыт берілгендерденсің
Аударма: ҚМДБ
38:81
إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡوَقۡتِ ٱلۡمَعۡلُومِ
Белгілі бір күнге дейін
Аударма: Халифа Алтай
белгілі мерзімдегі күнге дейін»,- деді
Аударма: ҚМДБ
38:82
قَالَ فَبِعِزَّتِكَ لَأُغۡوِيَنَّهُمۡ أَجۡمَعِينَ
Ол: "Үстемдігіңе серт! Әлбетте олардың барлығын аздырамын" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ібіліс / : «Сенің үстемдігіңмен ант етемін, мен олардың барлығын адастырамын
Аударма: ҚМДБ
38:83
إِلَّا عِبَادَكَ مِنۡهُمُ ٱلۡمُخۡلَصِينَ
Бірақ олардан ықыласты құлдарың ғана қалады
Аударма: Халифа Алтай
тек олардың ішіндегі тазартылған құлдарыңды ғана / азғыра алмаймын / », -деді
Аударма: ҚМДБ
38:84
قَالَ فَٱلۡحَقُّ وَٱلۡحَقَّ أَقُولُ
(Алла Т.): "Хақиқат осы. Мен хақиқатты айтамын
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / айтты: «Бұл - ақиқат! Мен ақиқатты ғана айтамын
Аударма: ҚМДБ
38:85
لَأَمۡلَأَنَّ جَهَنَّمَ مِنكَ وَمِمَّن تَبِعَكَ مِنۡهُمۡ أَجۡمَعِينَ
Әлбетте тозақты сеніменен және саған ілескендермен, солардың барлығымен толтырамын
Аударма: Халифа Алтай
Міндетті түрде Жаһаннамды (Тозақта) сенімен әрі олардың ішінен саған ергендердің барлығымен толтырамын», - деп
Аударма: ҚМДБ
38:86
قُلۡ مَآ أَسۡـَٔلُكُمۡ عَلَيۡهِ مِنۡ أَجۡرٖ وَمَآ أَنَا۠ مِنَ ٱلۡمُتَكَلِّفِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Сендерден оған ақы сұрамаймын. Өз ойымнан шығарушылардан емеспін" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын әрі мен / бұған / өз ойымнан жалған қосушылардан / өзгертушілерден / емеспін
Аударма: ҚМДБ
38:87
إِنۡ هُوَ إِلَّا ذِكۡرٞ لِّلۡعَٰلَمِينَ
Бұл Құран бүкіл әлем үшін бір насихат
Аударма: Халифа Алтай
Бұл / Құран / - әлемдер үшін еске салу, / ескерту / ғана
Аударма: ҚМДБ
38:88
وَلَتَعۡلَمُنَّ نَبَأَهُۥ بَعۡدَ حِينِۭ
Әлбетте оның хабарын бір заманнан кейін түсінесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сендер әлбетте оның хабарын бір уақыттан кейін білесіңдер», - деп
Аударма: ҚМДБ
← Ас-СаффатБарлық сүрелерАз-Зумар →

Сад сүресі туралы

Сад (ص) — Құранның 38-сүресі, 88 аят, меккелік сүре, 23-жүз, мысхафтың 453-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу