(Мұхаммед Ғ.С.) расында саған бұл Кітапты бір шындықпен түсірдік. Сонда Аллаға дінді нағыз арнап, құлшылық қыл
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде Біз, саған бұл Кітапты ақиқатпен түсірдік. Сондықтан дінді / бойсұну мен ғибадатты / кез келген қоспалардан / серік қосу, риядан / тазартып, Аллаһқа құлшылық ет
Көңіл бөліңдер! Дін нағыз Аллаға тән. Сондай Алладан өзгені дос тұтқандар: "Біз бұларға, Аллаға жақындастырсын деп қана табынамыз" (дейді.) Күдіксіз олардың араларындағы таласқан нәрселеріне Алла (Т.) үкім береді. Расында Алла, кім өтірікші, өте қарсы болса, оны тура жолға салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Біліндер! Таза дін тек Аллаһтікі. Ал, Онымен қатар басқаны қамқоршы тұтқандар: «Біз бұларға, олардың бізді Аллаһқа жақындатулары үшін ғана табынамыз», - дейді. Ақиқатында, Аллаһ олардың тартысқан мәселелеріне қатысты араларына үкім шығарады. Анығында, өтірікшіні, қасарысқан күпірлік етушіні / Аллаһтың аяттарын, белгі-дәлелдерін теріске шығарушыны / Аллаһ тура жолға салмайды
Егер Алла бала иемденуді қаласа еді, жаратқаньгаан тілегенін таңдар еді. Ол одан пәк. Ол Алла жалғыз, өте үстем
Аударма: Халифа Алтай
Егер де Аллаһ бала алуды қалағанда, онда Өзі жаратқандарының ішінен қалағанын таңдап алар еді. Ол - / барлық кемшіліктен / пәк. Ол Аллаһ Жалғыз, бәрін Бағындырушы
Көктерді, жерді шындық бойынша жаратты. Түнді күндізге айналдырады, күндізді түнге айналдырады және күн мен айды меңгереді. Әрбірі белгілі бір мерзімге дейін жүріп тұрады. Абайлаңдар! Ол тым үстем, аса жарылқаушы
Аударма: Халифа Алтай
Ол аспандар мен жерді ақиқатпен жаратты. Ол түнмен күндізді орайды, ал күндізбен түнді орайды. Әрі Ол күн мен айды бағындырды. Әрқайсысы белгіленген мерзімге дейін қозғалады. Біліңдер! Ол бәрінен Үстем, көп Кешіруші
Алла (Т.) сендерді бір кісіден жаратты. Сосын одан жұбайын жаратты. Тағы сендер үшін малдардан (түйе, сиыр, қой, ешкі.б-С. А.) сегіз түр пайда қылды. Және сендерді аналарыңның ішіндегі (құрсақ, жатыр, қағанақ) үш қараңғылықта бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратты. (22-С. 5-А. 23-С. 14-А.) Міне осы Раббыларың Алла (Т.) Патшалық Оған тән. Одан басқа еш тәңір жоқ. Қайтып бұрылып барасыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерді бір адамнан / Адам атадан / жаратты, кейін одан оның жұбын жасады. Әрі Ол сендерге малдардан сегізін жұбымен түсірді. Ол сендерді аналарыңның құрсағында үш қараңғылық ішінде бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратады. Міне, осы Аллаһ - сендердің Раббың. Билік - Онікі. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда сендер қайда бет бұрып бармақсыңдар
Егер қарсы келсеңдер, сонда Алла сендерден мұңсыз. Құлдарының қарсылығын ұнатпайды. Егер шүкірлік етсеңдер, сендерге разы болады. Ешбір Күнәкар, басқаның Күнәсын көтермейді. Сосын қайтар жерлері Раббылары жақ. Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді. Өйткені, Алла көкіректегілерді толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Егер күпірлік етсеңдер / бір Аллаһқақұлшылық етпесеңдер / , Аллаһ сендерге мұқтаж емес. Ол құлдарының күпірліктеріне / берілген игіліктерін мойындамауларына / риза болмайды. Ал, шүкір етсеңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірсеңдер / , онда Ол сендерге разы болады. Ешбір көтеруші / күнә істеуші / басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Кейін өздеріңнің Раббыңа қайту бар. Сонда Ол сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын береді. Ақиқатында, Ол - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші
Қашан адам баласына бір таршылық келсе, Раббына жалбарып, Оған бейім ынта байқатады. Сосын қашан Алла оған бір игілік берсе, бұрынғы Оған жалбарғанын ұмытады да жолынан адастыру үшін Аллаға теңдес жасайды. (Мұхаммед Г.С.) оларға: "Қарсылығыңмен біраз мәз бола түр. Сөз жоқ сен тозақтықсың" де
Аударма: Халифа Алтай
Адамға бір зиян тисе, ол Раббысына бойсұна жүгініп, / Оны / көмекке шақырады. Содан кейін оған / зиянын кетіріп / Өзінен бір игілік берсе, ол Оны көмекке шақырғанын / жалбарынғанын / ұмытады әрі Аллаһтың жолынан / өзгелерді / адастыру үшін Оған теңдестер таңады. / Ей, Мұхаммед!! Айт: «Біраз уақыт күпірлігіңмен / қарсы келуіңмен / пайдалана тұр. Күмәнсіз, сен - Отқа түсетіндерденсің»,- деп
(Ал осылар,) бой ұсынып, түн ішінде сәжде етіп, тіке тұрып, сондай-ақ ақиреттен қорқып Алланың рахметінен үміт еткен кісі сияқты ма? (Мұхаммед Г.С.) оларға: "Білгендер мен білмегендер тең бола ма?",- де. Шын мәнінде ақыл иелері ғана үгіт ала алады
Аударма: Халифа Алтай
Әлде түннің бір уақыттарында сәжде ете әрі тік тұрып / намаз оқып / , ақиреттен сақтана және Раббысының мейірімін үміт ете берілуші ме? / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» - деп. Негізінде ақыл иелері ғана естеріне алады
Сендер Алладан өзге қалағандарыңа табыныңдар. Расында, зиянға ұшырағандар, қиямет күні өздерін де үй-іштерін де зиянға ұшыратқандар болады. Сақ болыңдар! Міне осы анық зиянға ұшырағандык" де
Аударма: Халифа Алтай
Ал, сендер Одан өзге қалағандарыңа табына беріңдер», - деп. Айт: «Шын мәнінде, зиян шегушілер - Қиямет күні өздеріне және үй іштеріне зиян шектіргендер. Біліңдер! Міне, осы - анық зиян
Олардың үстерінде де оттан түнектер; астарынан да түнектер болады. Міне Алла құлдарын осы арқылы қорқытады. Әй құлдарым! Менен қорқыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Оларға төбелерінен оттан болған қалқа және астарынан да қалқалар болады», деп. Аллаһ Өзінің құлдарын осыменен қорқытады. Ей, құлдарым, Менен қорқып, сақтаныңдар
Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ең көркеміне ілесетіңдер, міне солар, Алла өздерін тура жолға салғандар. Ал міне солар, ақыл иесі
Аударма: Халифа Алтай
сондай, сөздерді тыңдап, оның ең жақсысына / Құран мен сүннетке / еретін. Міне, осылар - Аллаһтың Өзі тура жолмен жүргізгендері. Әрі дәл осылар - ақыл иелері
Раббыларынан қорыққандар үшін астарынан өзендер ағатын қабат-қабат салынған сарайлар бар. Бұл Алланың уәдесі, Алла (Т.) уәдесінен таймайды
Аударма: Халифа Алтай
Бірақ, тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларға / биік жайлар бар, оның үстінен және биік жайлар тұрғызылған. Ал астынан өзендер ағып жатады. Аллаһтың уәде еткені осы. Аллаһ уәдені бұзбайды
Көрмейсің бе? Алла көктен жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіндегі қайнарларға салды. Сосын ол арқылы түрлі-түсті егіндер шығарды. Сосын қуқыл тартып, оның сарғайғанын көресің. Сосын оны қоқымға айналдырады. Бұнда ақыл иелеріне үгіт бар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед / / Аллаһтың аспаннан су түсіріп, оны жерге су көздері етіп ендіргенін сен көрмедің бе? Содан кейін Ол онымен түстері әралуан егіндер шығарады. Кейін олар солып, сен оның сарғайғанын көресің. Содан соң Ол оны үгінді, қоқым етеді. Ақиқатында мұнда ақыл иелері үшін еске салу, / ғибрат / бар
Алла (Т.) әлде кімнің көкірегін Ислам үшін ашса, сонда ол, Раббы тарапынан нұр үстінде емес пе? Жүректері Алланы еске алудан қатайғандар құрысын! Міне олар, ашық адасуда
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ көкірегін Исламға ашып, Раббысынан нұр үстінде болған біреу / жүректері қатқан біреулермен тең бе / ? Аллаһты еске алудан жүректері / жібімей / , қатып қалғандарға үлкен қасірет бар! Міне, солар анық адасуда
Алла (Т.); аяттары бір-біріне ұқсас қайталанып отыратын, сөздің ең көркемін Кітап түрінде түсірді. Одан Алладан қорыққандардың түктері үрпиеді. Сосын олардың терілері, жүректері Алланың зікіріне жұмсайды. Бұл (Құран) Алланың тура жолы. Онымен кімді қаласа, тура жолға салады. Алла әлде кімді адастырса, сонда оған тура жол көрсетуші болмайды
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ сөздің ең жақсысын бір-біріне ұқсаған / мағынасы бір / әрі қайталанып айтылатын Кітап етіп түсірді. Өздерінің Раббысынан қорқатындардың одан терілері жиырылады. Ал, кейін олардың терілері мен жүректері Аллаһты еске алуға жұмсарады. Бұл / Құран / - Аллаһтың тура жолы. Ол қалағанын тура жолмен жүргізеді. Ал, кімді Аллаһ адастырса, оны тура жолға салушы жоқ
Бүл мүлтіксіз бір арапша Құран. Әрине олар сақсынар
Аударма: Халифа Алтай
Бұл / олардың / адамдардың / тақуалық етулері / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанулары / үшін ешбір қисықтығы / қарама-қайшылығы, кемшілігі / жоқ, арабша Құран
Алла бір мысал берді: Өзара шығыса алмаған ортақтардың меншігіндегі біреумен бір адамның меншігіндегі біреу; мысалда, екеуі тең бе? Барлық мақтау Аллаға лайық. Бірақ олардың көбі түсінбейді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ өзара келіспейтін бірнеше қожайыны бар бір кісі мен тек бір ғана қожайынға бағынышты басқа кісіні мысалға келтірді. Мысал тұрғысында бұл екеуі тең бе? Барлық мақтау - Аллаһқа. Бірақ олардың көпшілігі білмейді
Ал енді Аллаға өтірік айтқан, сондай-ақ өзіне шындық келген кезде, оны жасынға шығарған біреуден залымырақ кім бар? Қарсы келушілерге тозақта орын бар емес пе
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа қатысты өтірік айтқаннан және өзіне шындық келген кезде оны жалғанға шығарғаннан өткен әділетсіз кім бар? кәпірлердің орны Жаһаннамда емес пе
(Мұхаммед Ғ.С.) расында олардан: "Көктерді жерді кім жаратты" деп сұрасаң, әрине олар: "Алла" дейді. "Көрдіңдер ме? Егер Алла маған бір зиян беруді қаласа, Алладан өзге шоқынғандарың Оның апатын айықтыра ала ма? Немесе Алла маған бір игілік қаласа, олар Оның игілігін тоса ала ма?",- де. "Алла маған жетеді. Тәуекел етушілөр Оган тәуекел етсін" де
Аударма: Халифа Алтай
Егер олардан: «Аспандарды және жерді кім жаратты?» - деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», -деп айтады. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендер Аллаһтан өзге шақырғандарың / табынғандарың / жайлы ойладыңдар ма, егер Аллаһ маған бір зиян тигізуді қаласа, олар / Аллаһтан өзге табынғандарың / Оның зиянын кетіре ала ма? Әлде, Ол маған бір игілік қаласа, олар Оның игілігін тоса ала ма?» - деп. Айт: «Аллаһ маған жеткілікті. Сенім артып жүгінушілер / тәуекел етушілер / Оған жүгініп, істерін тапсырады / тәуекел етеді / », - деп
(Мұхаммед Ғ.С.) расында саған Құранды адам баласы үшін шындық бойынша түсірдік. Сонда кім тура жолға түссе, өзі үшін. Ал кім адасса, ол өз зиянына. Сен оларға кепіл емессің
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Күмәнсіз, Біз саған Кітапты адамдар / адамзат / үшін ақиқатпен түсірдік. Кім тура жолмен жүрсе, ол өз пайдасына. Ал, кім адасса, тек өз зиянына адасады. Сен оларға жауапты емессің
Өлер уақытта жанды Алла алады. Сондай-ақ өлмегендердің жанын ұйқыда алады. (Сезім қабілеттері тоқтайды.) Сосын өлуіне үкім берілгендердікін тоқтатады да басқалардікін белгілі бір мерзімге дейін жібереді. Сөз жоқ, мұнда түсінетін елге ғибраттар бар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ жанды / құлдарының жандарын / өлетін сәтінде алады, ал әлі өлмегенді / ол жанды / ұйқыда жатқан кездерінде / уақытша / алады. Сөйтіп / құлдарынан / өлуін үкім еткендерінікін ұстап қалады да, басқасын белгіленген мерзімге дейін жібереді. Ақиқатында, мұнда ойланатын адамдар үшін белгілер бар
Немесе олар Алладан өзгені шапағатшы етіп алды ма? (Мұхаммед Ғ.С.): "Егер олар өш нәрсеге ие болмаса да әрі еш нәрсені түсінбесе де ме?",- де
Аударма: Халифа Алтай
Әлде олар Аллаһтан өзгелерді / өздеріне / араша түсушілер етіп алды ма? / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Олар ешнәрсеге ие болмаса да және ешнәрсе ұқпаса да ма?» - деп
Бір Алла зікір етілсе, ахиретке сенбегендердің жүректері жиренеді. Ал қашан Алладан өзгелер зікір етілсе, олар куанады
Аударма: Халифа Алтай
Қашан Аллаһтың бір Өзі туралы айтылса, соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндердің жүректері жиренеді. Ал, Одан өзгелер туралы айтылған кезде, олар қуанады
(Мұхаммед Ғ.С.): "Әй көктерді және жерді жаратушы, көрнеу, көместі білуші Алла! Қайшылыққа түскен нәрселерде құлдарыңның арасына Сен төрелік етесің" де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Аллаһым, аспандар мен жердің Жаратушысы, құпия мен айқын нәрсені Білуші! Сен құлдарыңның қайшылыққа түскен мәселелері жайлы олардың арасына үкім шығарасың», — деп
Егер біртұтас жер жүзінде болған нәрселер және онымен бірге сондай тағы залымдардікі болса еді, қиямет күнінің қатты азабынан (құтылу үшін) оны төлеуге берер еді. Олар, Алла тарапынан еш күтпеген нәрселерді көреді
Аударма: Халифа Алтай
Егер де әділетсіздерде жер жүзіндегі барлық нәрселер және онымен бірге тағы соншалық нәрселер болғанда, олар Қайта тірілу күні азаптың жаманынан құтылу үшін оны / Оның барлығын / төлемге берер еді. Оларға / ол күні! Аллаһ тарапынан, өздері ойларына да келтірмеген нәрселер көрінеді
Адам баласына бір қиыншылық душар болса, Бізге жалбарады. Сосын оған жанымыздан бір игілік берген сәтте: "Бұл маған білгіштігіме ғана берілді" дейді. Жоқ олай емес, ол бір сынақ. Бірақ олардың көбі түсінбейді
Аударма: Халифа Алтай
Қашан адамға бір зиян тиген кезде, ол Бізге жалбарынады. Содан кейін оған Өзімізден бір игілік берсек, сонда ол: «Шын мәнінде бүл маған білім негізінде берілді», - дейді. Жоқ, олай емес, бұл бір сынақ, алайда олардың көпшілігі білмейді
Сонықтан олардың кесірлері өздеріне тиеді. Сондай-ақ олардан залым болғандардың сұмдығы жедел өз бастарына жетеді. Олар Алланы осалдата алмайды
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / алдыңғыларға / істеп тапқандарының жамандықтары тиді. Бұлардың ішіндегі әділетсіздерге де істеп тапқандарының жамандықтары тиеді. Әрі олар / Аллаһтың жазасын, азабын / әлсірете алмайды
(Мұхаммед Ғ.С.): "Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт / Оларға Аллаһтың сөзін / : «Шектен шығып, өздеріне-өздері зиян келтірген, ей, Менің құлдарым! Аллаһтың мейірімінен үміт үзбеңдер. Ақиқатында Аллаһ күнәлардың барлығын кешіреді. Өйткені Ол өте Кешірімді, ерекше Мейірімді », - деп
Немесе: "Егер Алла, мені тура жолға салса еді, әрине мен тақуалардан болар едім" (дейтұғын)
Аударма: Халифа Алтай
немесе: «Егер де Аллаһ мені тура жолғасалғанда, онда / мен де / тақуалардан / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардан! болар едім», - демеуі үшін
Не олар азапты көрген сәтте: "Әттеген-ай! Маған қайта қайту болса еді, сонда жақсылық істеушілерден болар едім" (дейтұғын күннен сақтаныңдар)
Аударма: Халифа Алтай
не болмаса, ол азапты көрген кезде: «Егер менде артқа қайту / мүмкіндігі / болғанда, жақсылық істеушілерден болар едім», - деп айтпауы үшін / өздеріңе жаза келуден бұрын аса ұлыАллаһқабағыныңдар
Олай емес, расында саған аяттарымыз келді де оны жасынға шығардың. Сондай-ақ менменсіп, қарсы келгендерден болдың" (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Сонда ондай күнәһарларға / : «Жоқ, олай емес! Саған Менің аят-белгілерім келген кезде, сен оларды өтірік дедің әрі өзіңді жоғары санадың және кәпірлерден болдың», - делінеді
Алла (Т.) тақуаларды табысты болғандықтары себепті құтқарады. Оларға жамандық тиіспейді де олар күйзелмейді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды / жетістіктері / тақуалықтары / арқылы құтқарады. Оларға жамандық тимейді әрі олар қайғырмайды
Расында саған да сенен бұрынғыларға да: "Егер Аллаға ортақ қоссаң әлбетте ғамалың жойылып кетеді де анық зиянға ұшыраушылардан боласың" деп уахи етілді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, саған және сенен алдыңғыларға / алдын өткен әрбір пайғамбарға / : «Егер Аллаһқа біреуді серік етіп қоссаң, амалың жойылып кетеді әрі анық зиян шегушілерден боласың», - деп уахи етілді
Олар Алланы шын мәнінде қадырлай алмады. Негізінде қиямет күні жер бүтіндей Оның уысында. Және көктерде оң қолымен бүктеледі. (Алланың құдыреті бойынша ашса; алақанында, жұмса; уысында. БЖМ.) Ол олардың қосқан ортақтарынан пәк. Әрі жоғары
Аударма: Халифа Алтай
Ал, олар / кәпірлер / Аллаһты Оның қадіріне сай бағалаған жоқ. Қайта тірілу күні жер бүтіндей Оның уысында, ал аспандар оралған түрде Оның оң қолында / болады / . Ол - олардың серік етіп қосқандарынан пәк әрі жоғары
Сұр үрілгенде Алланың қалағанынан басқа көктердегі жан иелері, жердегі жан иелері жығылып өледі. Бірақ Алланың қалағандары қалады. (Б.Ж.М.) Сосын екінші рет сұр үріледі де сонда олар тұрған бойда қарап қалады. (Немесе не істелетіндігін күтеді. Ж)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сүр үріледі де, аспандардағы және жердегі Аллаһ қалағаннан басқа барлығы да құлайды / өледі / . Содан кейін ол тағы бір рет үріледі, сонда олар түрегеп, қарап тұрады
Жер жүзі Раббының нұрымен жарық болады. Кітап (ғамал дәптер ортаға) қойылады. Пайғамбарлар, куәлер келтіріледі. Олардың араларына хақиқат бойынша үкім егіледі. Олар әділітсіздікке ұшырамайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі жер жүзі Раббысының нұрымен жарық болады. Кітап қойылады және пайғамбарлар мен куәлар келтіріледі. және олардың арасына әділдікпен үкім етіліп, оларға әділетсіздік жасалмайды
Қарсы келгендер топ-топ тозаққа айдалады. Сондай-ақ оған барғандарында оның есіктері ашылады. Оларға оның күзетшілері: "Сендерге іштеріңнен, өздеріңе Раббыларыңның аяттарын оқитын және Бұл күнге жолығатындықтарыңды ескертетін елшілер келмеді ме?",- дейді. Олар: "Әрине келді. Бірақ азап үкімі қарсы болушыларға шындыққа айналды" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі күпірлік етушілер / Аллаһқақарсы келушілер / Жаһаннамға топ-тобымен айдалады. Олар оған келіп, қақпалары ашылған кезде, оның күзетшілері оларға: «Сендерге өз іштеріңнен өздеріңнің Раббыңның аяттарын оқитын және сендерді осы күндеріңе жолығуды ескертіп, сақтандыратын елшілер келмеген бе еді?» - деген кезде, олар: «Иә», - дейді. Алайда, кәпірлерге қатысты азап туралы Сөз шындыққа айналды
Ал Раббыларына қарсы келуден сақсынғандар, топ-топ жаннатқа жолданады. Сондай-ақ олар оған барғанда оның есіктері ашылады. Оларға оның сақшылары: "Сендерге сәлем. Қош келдіңдер, жаннатқа мәңгі қалатын түрде кіріңдер" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, тақуалар / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандар / Жәннатқа топ-тобымен алып барылады. Олар оған келіп, қақпалары ашылған кезде, оның күзетшілері оларға: «Сендерге сәлем / амандық болсын / ! Сендер жақсы болдыңдар. Енді оған / жәннатқа / мәңгі тұратын болып кіріндер!» - дейді
Олар: "Бізге берген уәдесін шынға шығарған және бізді жаннаттың жеріне мұрагер еткен Аллаға барлық мақтау лайық. Жаннаттан қалағанымызша орын аламыз. Ғамал қылушылардың сыйлығы қандай жақсы" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олар / жәннаттағылар / : «Барлық мақтаулар бізге берген уәдесін шындыққа шығарған және бүл / жәннаттағы / жерге мұрагер еткен Аллаһқа! Біз Жәннатта өзіміз қалаған орынға жайғасамыз!» - дейді. Амал етушілердің сыйы қандай жақсы
(Мұхаммед Ғ.С.) періштелерді ғаршының айналасында Раббыларын дәріптеген түрде көресің. Олардың арасында хақиқат бойынша үкім етіледі. Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббына лайық делінеді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед!I Сен Аршының айналасын қоршаған періштелердің өздерінің Раббысын / барлық кемшіліктерден / пәк деп дәріптей мақтағанын көресің. Олардың арасына ақиқатпен үкім шығарылады әрі: «Барлық мақтаулар - әлемдердің Раббысы Аллаһқа!» -делінеді