Аз-Зухруф

الزخرف · 89 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 489-бет
← Аш-ШураБарлық сүрелерАд-Духан →
43:1
حمٓ
Хә. Мим
Аударма: Халифа Алтай
Ха. Мим
Аударма: ҚМДБ
43:2
وَٱلۡكِتَٰبِ ٱلۡمُبِينِ
Ашық Кітапқа серт
Аударма: Халифа Алтай
Анық Кітаппен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
43:3
إِنَّا جَعَلۡنَٰهُ قُرۡءَٰنًا عَرَبِيّٗا لَّعَلَّكُمۡ تَعۡقِلُونَ
Расында түсінулерің үшін оны Арапша Құран қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде Біз оны ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін арабша Құран еттік
Аударма: ҚМДБ
43:4
وَإِنَّهُۥ فِيٓ أُمِّ ٱلۡكِتَٰبِ لَدَيۡنَا لَعَلِيٌّ حَكِيمٌ
Күдіксіз ол қасымыздағы негізгі Кітапта өте жоғары, терең сырлы
Аударма: Халифа Алтай
Әрі күмәнсіз, ол / Құран / - Біздегі негізгі Кітапта / Ләухул-махфузда / . Ол - өте жоғары, хикметті
Аударма: ҚМДБ
43:5
أَفَنَضۡرِبُ عَنكُمُ ٱلذِّكۡرَ صَفۡحًا أَن كُنتُمۡ قَوۡمٗا مُّسۡرِفِينَ
Сендер шектен шыққан ел екен деп, үгіт баян етуден айнып кетейік пе
Аударма: Халифа Алтай
Сендер шектен шығушы ел болғандықтарың үшін сендерден Еске салуды түсірмей,ұстап қаламыз ба
Аударма: ҚМДБ
43:6
وَكَمۡ أَرۡسَلۡنَا مِن نَّبِيّٖ فِي ٱلۡأَوَّلِينَ
Бұрынғыларға қаншалаған пайғамбар жібергеміз
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз алдыңғыларғақаншамапайғамбар жібердік
Аударма: ҚМДБ
43:7
وَمَا يَأۡتِيهِم مِّن نَّبِيٍّ إِلَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ
Олар өздеріне келген пайғамбарды ұдайы мазақ қылды
Аударма: Халифа Алтай
Өздеріне пайғамбар келген сайын, олар оны келеке ететін
Аударма: ҚМДБ
43:8
فَأَهۡلَكۡنَآ أَشَدَّ مِنۡهُم بَطۡشٗا وَمَضَىٰ مَثَلُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Сондықтан олардан күштіректерді типыл қылдық. Бұрынғылардың мысалы өтті
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Біз күш-қуатта олардан да мықтыларды жойып жібергенбіз. Әрі бұрынғылардың мысалы өтті
Аударма: ҚМДБ
43:9
وَلَئِن سَأَلۡتَهُم مَّنۡ خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ لَيَقُولُنَّ خَلَقَهُنَّ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡعَلِيمُ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер олардан: "Көктер мен жерді кім жаратты?",- деп сұрасаң, әрине: "Оларды өте үстем, аса білуші Алла жаратты" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер олардан / Аллаһқа серік қосушылардан / : «Аспандарды және жерді кім жаратты?» - деп сұрасаң, олар сөзсіз: «Оларды бәрінен Үстем, бәрін Білуші жаратты», - дейді
Аударма: ҚМДБ
43:10
ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلۡأَرۡضَ مَهۡدٗا وَجَعَلَ لَكُمۡ فِيهَا سُبُلٗا لَّعَلَّكُمۡ تَهۡتَدُونَ
Сондай Алла, сендерге жерді бесік қылды да онда тура жүрулерің үшін жолдар жаратты
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерге жерді тұрақ етті әрі онда жол табуларың үшін сендерге жолдар белгіледі
Аударма: ҚМДБ
43:11
وَٱلَّذِي نَزَّلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءَۢ بِقَدَرٖ فَأَنشَرۡنَا بِهِۦ بَلۡدَةٗ مَّيۡتٗاۚ كَذَٰلِكَ تُخۡرَجُونَ
Ол сондай Алла, көктен мөлшермен жаңбыр жаудыруда. Сонда онымен өлі бір жерді құлпырттық. Сол сияқты тірілтіліп, шығарыласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
әрі Ол аспаннан суды мөлшермен түсірді. Біз онымен өлі мекенді тірілттік. Сендер де осылайша / қабірлерден / шығарыласыңдар
Аударма: ҚМДБ
43:12
وَٱلَّذِي خَلَقَ ٱلۡأَزۡوَٰجَ كُلَّهَا وَجَعَلَ لَكُم مِّنَ ٱلۡفُلۡكِ وَٱلۡأَنۡعَٰمِ مَا تَرۡكَبُونَ
Ол сондай Алла, барлық жүптерді жаратты. Сондай-ақ сендерге кемеден және хайуандардан мінетін көлік жаратты
Аударма: Халифа Алтай
Ол барлық түрлерді жаратты және сендерге кемелер мен малдардан өздерің мінетінді жасады
Аударма: ҚМДБ
43:13
لِتَسۡتَوُۥاْ عَلَىٰ ظُهُورِهِۦ ثُمَّ تَذۡكُرُواْ نِعۡمَةَ رَبِّكُمۡ إِذَا ٱسۡتَوَيۡتُمۡ عَلَيۡهِ وَتَقُولُواْ سُبۡحَٰنَ ٱلَّذِي سَخَّرَ لَنَا هَٰذَا وَمَا كُنَّا لَهُۥ مُقۡرِنِينَ
Олардың үстіне мінсеңдер, сосын Раббыларыңның нығметін еске алып: "Бұны бізге бағындырған Алла пәк. Өйткені біз бұған жақындаса алмайтын едік" дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
оларға мінулерің үшін, кейін оның үстіне мініп отырғанда өздеріңнің Раббыңның игілігін еске алып: «Бізге мұныбағынышты еткен Ол / барлық кемшіліктен / пәк, әйтпесе біздің оған шамамыз келмес еді
Аударма: ҚМДБ
43:14
وَإِنَّآ إِلَىٰ رَبِّنَا لَمُنقَلِبُونَ
Күдіксіз Раббымызға қайтарыламыз
Аударма: Халифа Алтай
әрі біз күмәнсіз, Раббымызға қайтушымыз», - деп айтуларың үшін
Аударма: ҚМДБ
43:15
وَجَعَلُواْ لَهُۥ مِنۡ عِبَادِهِۦ جُزۡءًاۚ إِنَّ ٱلۡإِنسَٰنَ لَكَفُورٞ مُّبِينٌ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар Аллаға құлдарының бір бөлімін арнады. (Періштелерді Алланың қыздары дейді.) Расында адам баласы ашық нәсүкір
Аударма: Халифа Алтай
Ал, олар / Аллаһқа серік қосушылар / Оның құлдарынан бір бөлімін / періштелерді / Оның бөлігі етті / Оған таңды / . Негізінде, адам анық күпірлік етуші / берілген игіліктерді анық мойындамаушы
Аударма: ҚМДБ
43:16
أَمِ ٱتَّخَذَ مِمَّا يَخۡلُقُ بَنَاتٖ وَأَصۡفَىٰكُم بِٱلۡبَنِينَ
Немесе Ол, жаратқандарынан қыздарды өзі алып, ұлдарды сендерге арнады ма
Аударма: Халифа Алтай
Әлде Ол Өзі жаратқандарының ішінен қыздар алып, ал сендерге ұлдар беріп ерекшеледі ме
Аударма: ҚМДБ
43:17
وَإِذَا بُشِّرَ أَحَدُهُم بِمَا ضَرَبَ لِلرَّحۡمَٰنِ مَثَلٗا ظَلَّ وَجۡهُهُۥ مُسۡوَدّٗا وَهُوَ كَظِيمٌ
Олардың біреуіне Аллаға арнағанының ұқсасы шүйіншіленсе, (қатының қыз тапты делінсе,) беттері қарайып, оны ашу кернейді
Аударма: Халифа Алтай
Қашан олардың бірі, өздері әр-Рахманға мысал етіп таңғанмен / қызбен / сүйіншіленсе, ішінен тынып, жүзі түнеріп кетеді
Аударма: ҚМДБ
43:18
أَوَمَن يُنَشَّؤُاْ فِي ٱلۡحِلۡيَةِ وَهُوَ فِي ٱلۡخِصَامِ غَيۡرُ مُبِينٖ
Моншақ ішінде тәрбиеленіп, өз дауында баян ете алмайтын біреу ме? (Осындай нәзік жаралған қыздар Алланікі бола ма)
Аударма: Халифа Алтай
Сәндік бұйымдар, әшекейлер ішінде бой жетіп және айтыс-тартыста анық еместі / телиді / ме
Аударма: ҚМДБ
43:19
وَجَعَلُواْ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةَ ٱلَّذِينَ هُمۡ عِبَٰدُ ٱلرَّحۡمَٰنِ إِنَٰثًاۚ أَشَهِدُواْ خَلۡقَهُمۡۚ سَتُكۡتَبُ شَهَٰدَتُهُمۡ وَيُسۡـَٔلُونَ
Олар, Алланың құлдары періштелерді өздерінше әйелдерге балайды. Олар, олардың жаратылуын көріп пе еді? Олардың бұл куеліктері жазылып жене сұралады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар / мүшріктер / әр-Рахманның құлдары болып табылатын періштелерді әйел затына теңеді. Олар бұлардың жаратылуын көрген бе еді? Олардың куәліктері жазылады және олар бұдан сұралады
Аударма: ҚМДБ
43:20
وَقَالُواْ لَوۡ شَآءَ ٱلرَّحۡمَٰنُ مَا عَبَدۡنَٰهُمۗ مَّا لَهُم بِذَٰلِكَ مِنۡ عِلۡمٍۖ إِنۡ هُمۡ إِلَّا يَخۡرُصُونَ
Тағы олар: "Мейірімді Алла, қаласа еді, біз періштелерге табынбас едік" деді. Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ. Олардікі мүлде межелеу ғана
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар: «Егер де әр-Рахман қалағанда, біз оларға табынбас едік», - деді. Оларда бұл туралы ешбір білім жоқ. Олар тек өтірік айтады
Аударма: ҚМДБ
43:21
أَمۡ ءَاتَيۡنَٰهُمۡ كِتَٰبٗا مِّن قَبۡلِهِۦ فَهُم بِهِۦ مُسۡتَمۡسِكُونَ
Немесе оларға бұдан бұрын бір кітап бердік те соған жабысуда ма
Аударма: Халифа Алтай
Немесе Біз оларға бұдан бұрын бір Кітап беріп, олар соны ұстанып келе ме
Аударма: ҚМДБ
43:22
بَلۡ قَالُوٓاْ إِنَّا وَجَدۡنَآ ءَابَآءَنَا عَلَىٰٓ أُمَّةٖ وَإِنَّا عَلَىٰٓ ءَاثَٰرِهِم مُّهۡتَدُونَ
Керісінше, олар: "Аталарымызды бір жол үстінде таптық. Расында біз де олардың іздеріне түсіп, тура жол табамыз" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ! Олар: «Біз аталарымызды бір дінде таптық әрі біз олардың іздерімен жүріп келе жатырмыз», -деді
Аударма: ҚМДБ
43:23
وَكَذَٰلِكَ مَآ أَرۡسَلۡنَا مِن قَبۡلِكَ فِي قَرۡيَةٖ مِّن نَّذِيرٍ إِلَّا قَالَ مُتۡرَفُوهَآ إِنَّا وَجَدۡنَآ ءَابَآءَنَا عَلَىٰٓ أُمَّةٖ وَإِنَّا عَلَىٰٓ ءَاثَٰرِهِم مُّقۡتَدُونَ
Осылайша (Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын бір мемлекетке пайғамбар жіберген болсақ, олардың беделділері: "Расында біз аталарымызды бір жол үстінде таптық. Біз де солардың ізіне түсеміз" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Осылай сенен бұрын бір елді мекенге ескертуші жіберсек, ондағы сән-салтанат, рахатқа шалқып жүргендер: «Біз аталарымызды бір дінде таптық әрі біз олардың салған іздерімен жүреміз», - деді
Аударма: ҚМДБ
43:24
۞قَٰلَ أَوَلَوۡ جِئۡتُكُم بِأَهۡدَىٰ مِمَّا وَجَدتُّمۡ عَلَيۡهِ ءَابَآءَكُمۡۖ قَالُوٓاْ إِنَّا بِمَآ أُرۡسِلۡتُم بِهِۦ كَٰفِرُونَ
(Әр Пайғамбар): "Егер сендер аталарыңды тапқан жолдан турарағын әкелсем де ме?,-деді. Олар: "Расында сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / пайғамбар / : «Мен сендерге ата-бабаларың ұстанғаннан да тура нәрсені / дінді / әкелсем де ме?» - деді. Олар: «Біз сендермен жіберілгенге әлбетте сенбейміз», - деді
Аударма: ҚМДБ
43:25
فَٱنتَقَمۡنَا مِنۡهُمۡۖ فَٱنظُرۡ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُكَذِّبِينَ
Сонда Біз де олардың тиісті жазасын бердік. Енді қара, жасынға шығарушылардың соңы қалай болды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Біз оларды жазаға тарттық. Енді, назар сал, жалғанға шығарушылардың соңы немен біткеніне
Аударма: ҚМДБ
43:26
وَإِذۡ قَالَ إِبۡرَٰهِيمُ لِأَبِيهِ وَقَوۡمِهِۦٓ إِنَّنِي بَرَآءٞ مِّمَّا تَعۡبُدُونَ
Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.) әкесіне әрі еліне: "Шын мәнінде мен сендердің табынған нәрселеріңнен бездім" деді
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде Ибраһим өзінің әкесі мен еліне: «Шындығында, мен сендердің табынатындарыңа қатысым жоқ / олардан бас тартамын
Аударма: ҚМДБ
43:27
إِلَّا ٱلَّذِي فَطَرَنِي فَإِنَّهُۥ سَيَهۡدِينِ
Бірақ мені жаратқан Алла басқа. Өйткені Ол, мені тура жолға салады
Аударма: Халифа Алтай
тек өзімді жаратқанға / құлшылық етем / . Ақиқатында, Ол ғана мені тура жолмен жүргізеді»,- деді
Аударма: ҚМДБ
43:28
وَجَعَلَهَا كَلِمَةَۢ بَاقِيَةٗ فِي عَقِبِهِۦ لَعَلَّهُمۡ يَرۡجِعُونَ
Ыбырайым (Ғ.С.) бұл (Алланы бірлеу) сөзін кейінгі ұрпақтарына мұра етіп, қалдырды. Әрине олар осыған қайта оралар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі бұл сөзді ұрпақтарына, олардың / тура дінгеРқайтуы үшін мәңгі қалдырды
Аударма: ҚМДБ
43:29
بَلۡ مَتَّعۡتُ هَـٰٓؤُلَآءِ وَءَابَآءَهُمۡ حَتَّىٰ جَآءَهُمُ ٱلۡحَقُّ وَرَسُولٞ مُّبِينٞ
Сонда да оларды әрі аталарын Құран және ашық баян етуші Елші келгенге дейін қамтамасыз еттім
Аударма: Халифа Алтай
Иә, Мен / Аллаһ / бұларды / мүшріктерді / және олардың ата-бабаларын, өздеріне ақиқат әрі анық Елші келгенге дейін қамтамасыз еттім
Аударма: ҚМДБ
43:30
وَلَمَّا جَآءَهُمُ ٱلۡحَقُّ قَالُواْ هَٰذَا سِحۡرٞ وَإِنَّا بِهِۦ كَٰفِرُونَ
Оларға Құран келген сәтте, олар: "Бұл бір сиқыр. Шынында бұган қарсымыз" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, олар өздеріне ақиқат келген кезде: «Бұл - сиқыр. Біз оған сенбейміз»,- деді
Аударма: ҚМДБ
43:31
وَقَالُواْ لَوۡلَا نُزِّلَ هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانُ عَلَىٰ رَجُلٖ مِّنَ ٱلۡقَرۡيَتَيۡنِ عَظِيمٍ
Олар: "Бұл Құран (Мекке, Тайып) екі қаладан ірі бір адамға түсірілсе еді" деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар: «бұл Құран екі қаладан ұлы бір адамға неге түсірілмеген?» - деді
Аударма: ҚМДБ
43:32
أَهُمۡ يَقۡسِمُونَ رَحۡمَتَ رَبِّكَۚ نَحۡنُ قَسَمۡنَا بَيۡنَهُم مَّعِيشَتَهُمۡ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۚ وَرَفَعۡنَا بَعۡضَهُمۡ فَوۡقَ بَعۡضٖ دَرَجَٰتٖ لِّيَتَّخِذَ بَعۡضُهُم بَعۡضٗا سُخۡرِيّٗاۗ وَرَحۡمَتُ رَبِّكَ خَيۡرٞ مِّمَّا يَجۡمَعُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның мәрхаметін олар бөліп бере ме? Олардың дүние тіршілігіндегі несібесін араларына Біз үлестірдік. Сондай-ақ бір-біріне бағынсын деп, бірін-бірінен дәрежеде көтердік. Раббыңның мәрхаметі олардың жиған-тергендерінен артық
Аударма: Халифа Алтай
Раббыңның игілігін солар бөліп бере ме? Оларға осы өмірдегі тіршілік қажеттерін Біз үлестірдік. Әрі бірін-бірі жұмыс істеуге алуы үшін дүниелік дәрежелерде олардың бірін кейбірінен жоғары көтердік. Әрі Раббыңның мейірімі олардың жинағандарынан қайырлы
Аударма: ҚМДБ
43:33
وَلَوۡلَآ أَن يَكُونَ ٱلنَّاسُ أُمَّةٗ وَٰحِدَةٗ لَّجَعَلۡنَا لِمَن يَكۡفُرُ بِٱلرَّحۡمَٰنِ لِبُيُوتِهِمۡ سُقُفٗا مِّن فِضَّةٖ وَمَعَارِجَ عَلَيۡهَا يَظۡهَرُونَ
Егер бүкіл адам баласы біріңғай болып, азбайтын болса еді, әрине Аллаға қарсы болғандардың үйлерінің төбесін әрі жоғары шығатын баспалдақтарын күмістен жасар едік
Аударма: Халифа Алтай
Егер де адамдардың бір қауым болып алуы болмағанда, әр-Рахманға күпірлік еткендердің / қарсы келгендердің / үйлерінің шатырлары мен оған көтерілетін сатыларын күмістен жасар едік
Аударма: ҚМДБ
43:34
وَلِبُيُوتِهِمۡ أَبۡوَٰبٗا وَسُرُرًا عَلَيۡهَا يَتَّكِـُٔونَ
Үйлерінің есіктерін және сүйеніп үстеріне отыратын дивандарын да күмістен жасар едік
Аударма: Халифа Алтай
сондай-ақ олардың үйлеріндегі есіктерді де және олар сүйеніп отыратын жұмсақ жиһаздарды да / күмістен жасар едік
Аударма: ҚМДБ
43:35
وَزُخۡرُفٗاۚ وَإِن كُلُّ ذَٰلِكَ لَمَّا مَتَٰعُ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَاۚ وَٱلۡأٓخِرَةُ عِندَ رَبِّكَ لِلۡمُتَّقِينَ
Сондай-ақ алтынға бөлер едік. Бұлардың барлығы дүние тіршілігінің ғана пайдасы. Раббыңның қасындағьі ахирет, тақуалар үшін
Аударма: Халифа Алтай
әрі әшекейлерді де. Анығында бұлардың барлығы осы өмірдің ғана болмашы нәрсесі. Ал Раббыңның алдындағы соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға / арналады
Аударма: ҚМДБ
43:36
وَمَن يَعۡشُ عَن ذِكۡرِ ٱلرَّحۡمَٰنِ نُقَيِّضۡ لَهُۥ شَيۡطَٰنٗا فَهُوَ لَهُۥ قَرِينٞ
Әлде кім Рахманды еске алудан көз жұмса, оған шайтанды ерікті қыламыз да сонда ол, оның жолдасы болады
Аударма: Халифа Алтай
Кімде-кім әр-Рахманның Еске салуынан / Құраннан / теріс бұрылса, Біз оған шайтанды бекітіп қоямыз да ол оған ажырамас серік болады
Аударма: ҚМДБ
43:37
وَإِنَّهُمۡ لَيَصُدُّونَهُمۡ عَنِ ٱلسَّبِيلِ وَيَحۡسَبُونَ أَنَّهُم مُّهۡتَدُونَ
Күдіксіз шайтандар оларды жолдан тосады. Олар өздерін тура жолға түсірілдік деп ойлайды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сөзсіз, олар / шайтандар / бұларды тура жолдан қайтарады, ал бұлар өздерін тура жолдамыз деп есептейді
Аударма: ҚМДБ
43:38
حَتَّىٰٓ إِذَا جَآءَنَا قَالَ يَٰلَيۡتَ بَيۡنِي وَبَيۡنَكَ بُعۡدَ ٱلۡمَشۡرِقَيۡنِ فَبِئۡسَ ٱلۡقَرِينُ
Ақыр (қиямет күні) бізге келгенде (шайтанға): "Әттең! Менімен сенің араң батыс, шығыстың ұзақтығы болсашы! Нендей жаман жолдассың" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қашан Бізге келгенде, ол / серігіне / : «Әттең! Мені мен сенің араң екі шығыстың / батыс пен Шығыстың / қашықтығыңдай болса еді! Қандай жаман серіксің!» - дейді
Аударма: ҚМДБ
43:39
وَلَن يَنفَعَكُمُ ٱلۡيَوۡمَ إِذ ظَّلَمۡتُمۡ أَنَّكُمۡ فِي ٱلۡعَذَابِ مُشۡتَرِكُونَ
Әрине сендерге бүгінгі өкініш пайда бермейді. Сол уақытта зұлымдық істегенсіңдер. Сондықтан азапқа да ортақсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / : «Сендер әділетсіздік істедіңдер, бүгін азапта бірге болуларың сендерге еш пайда бермейді», - делінеді
Аударма: ҚМДБ
43:40
أَفَأَنتَ تُسۡمِعُ ٱلصُّمَّ أَوۡ تَهۡدِي ٱلۡعُمۡيَ وَمَن كَانَ فِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٖ
(Мұхаммед Ғ.С.) саңырауларға сен естіртесіқ бе? Немесе соқырды және ашық адасқан біреуді тура жолға саласың ба
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сен кереңдерге естірте аласың ба немесе соқырларды және анық адасуда болғандарды тура жолға сала аласың ба
Аударма: ҚМДБ
43:41
فَإِمَّا نَذۡهَبَنَّ بِكَ فَإِنَّا مِنۡهُم مُّنتَقِمُونَ
Ал, мүбада сені алып, кетсек (қайтыс болсаң) те оларға лайықты жазаларын береміз
Аударма: Халифа Алтай
Біз сені алып кетсек те, оларды міндетті түрде жазалаймыз
Аударма: ҚМДБ
43:42
أَوۡ نُرِيَنَّكَ ٱلَّذِي وَعَدۡنَٰهُمۡ فَإِنَّا عَلَيۡهِم مُّقۡتَدِرُونَ
Немесе оларға уәде етілген азапты (көзің тірісінде келтіріп,) әрине саған да көрсетеміз. Күдіксіз оларға күшіміз жетеді
Аударма: Халифа Алтай
Немесе Оларға уәде еткенімізді саған көрсетеміз. әлбетте, Біздің Оларға күшіміз жетеді
Аударма: ҚМДБ
43:43
فَٱسۡتَمۡسِكۡ بِٱلَّذِيٓ أُوحِيَ إِلَيۡكَۖ إِنَّكَ عَلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٖ
(Мұхаммед Ғ.С.) сен сондай өзіңе уахи етілген Құранға жабыс. Сен шын мәнінде тура жолдасың
Аударма: Халифа Алтай
Өзіңе уахи етілгенді ұстан! Ақиқатында, сен тура жолдасың
Аударма: ҚМДБ
43:44
وَإِنَّهُۥ لَذِكۡرٞ لَّكَ وَلِقَوۡمِكَۖ وَسَوۡفَ تُسۡـَٔلُونَ
Күдіксіз Құран, сен үшін әрі елің үшін бір үгіт. Келешекте сұраласыңдар. (Оны бағалау, ардақтау және оның шүкірлігін орындауға жауапкерсіңдер. Б.Ж.М)
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, бұл / Құран / - саған және сенің қауымыңа еске салу. Әрі сендер жақында сұраласыңдар
Аударма: ҚМДБ
43:45
وَسۡـَٔلۡ مَنۡ أَرۡسَلۡنَا مِن قَبۡلِكَ مِن رُّسُلِنَآ أَجَعَلۡنَا مِن دُونِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ءَالِهَةٗ يُعۡبَدُونَ
Сенен бұрын жіберген елшілерімізден сұра: Алладан өзге құлшылық қылатын тәңірлер жасадық па
Аударма: Халифа Алтай
Сен өзіңнен бұрын жіберген елшілерімізден / олардың үмметтерінен / сұра, Біз әр-Рахманнан өзге құлшылық етілетін құдайлар жасадық ба
Аударма: ҚМДБ
43:46
وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا مُوسَىٰ بِـَٔايَٰتِنَآ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ وَمَلَإِيْهِۦ فَقَالَ إِنِّي رَسُولُ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Күдіксіз Мұса (Ғ.С.) ны да мұғжизаларымызбен Перғауынға сыбайластарына жібердік. Сонда ол, оларға: "Шын мәнінде мен әлемдердің Раббының Елшісімін" деді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз Мұсаны белгі-мұғжизаларымызбен Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне жібердік. Ол: «Ақиқатында мен бүкіл әлемдердің Раббысының елшісімін», - деді
Аударма: ҚМДБ
43:47
فَلَمَّا جَآءَهُم بِـَٔايَٰتِنَآ إِذَا هُم مِّنۡهَا يَضۡحَكُونَ
Оларға мұғжизаларымызды келтірген сәтте, олар, оған күлген еді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Мұса / Оларға Біздің белгі-мұғжизаларымызды келтірген кезде, олар оған күлді
Аударма: ҚМДБ
43:48
وَمَا نُرِيهِم مِّنۡ ءَايَةٍ إِلَّا هِيَ أَكۡبَرُ مِنۡ أُخۡتِهَاۖ وَأَخَذۡنَٰهُم بِٱلۡعَذَابِ لَعَلَّهُمۡ يَرۡجِعُونَ
Оларға көрсеткен мұғжизалар, бір-бірінен ұлкен еді. Бәлкім райдан қайтар деп азапқа ұшыраттық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз оларға бір белгі көрсетсек, сөзсіз, ол алдыңғысынан үлкен болды. Сондай-ақ, Біз оларды қайтулары үшін азапқа ұшыраттық
Аударма: ҚМДБ
43:49
وَقَالُواْ يَـٰٓأَيُّهَ ٱلسَّاحِرُ ٱدۡعُ لَنَا رَبَّكَ بِمَا عَهِدَ عِندَكَ إِنَّنَا لَمُهۡتَدُونَ
(Олар Мұса Ғ.Сға): "Әй сиқыршы! Раббыңа өзіңе берген уәде бойынша жалбарын. Біз шын мәнінде тура жолға келейік" десті
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олар / фиръаундықтар / : «Ей, сиқыршы! Біз үшін Раббыңа өзіңе берген уәдесі бойынша дұға қыл, біз тура жолға келеміз»,- деді
Аударма: ҚМДБ
43:50
فَلَمَّا كَشَفۡنَا عَنۡهُمُ ٱلۡعَذَابَ إِذَا هُمۡ يَنكُثُونَ
Сонда олардан азапты Біз айықтырған кезде олар дереу сөздерінен айниды
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қашан Біз оларды азаптан айықтырған кезімізде, олар / уәделерін / бұзады
Аударма: ҚМДБ
43:51
وَنَادَىٰ فِرۡعَوۡنُ فِي قَوۡمِهِۦ قَالَ يَٰقَوۡمِ أَلَيۡسَ لِي مُلۡكُ مِصۡرَ وَهَٰذِهِ ٱلۡأَنۡهَٰرُ تَجۡرِي مِن تَحۡتِيٓۚ أَفَلَا تُبۡصِرُونَ
Перғауын, елінің ішінде: "Әй қаумым! Мысырдың патшалығы және астымнан ағатын міне өзендер менікі емес пе? Көрмейсіңдер ме?",- деп, даурықты
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Фиръаун еліне жар салып: «Ей, елім! Мысырдың билігі әрі мына астымнан ағып жатқан өзендер менікі емес пе? Көрмей тұрсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
43:52
أَمۡ أَنَا۠ خَيۡرٞ مِّنۡ هَٰذَا ٱلَّذِي هُوَ مَهِينٞ وَلَا يَكَادُ يُبِينُ
Немесе мен осы өзі қор, сөзін түсіндіре алмайтын Мұсадан жақсы емеспін бе
Аударма: Халифа Алтай
Әлде мен мына қадірсіз / қор / және сөзін әрең түсіндіретін біреуден артық емеспін бе
Аударма: ҚМДБ
43:53
فَلَوۡلَآ أُلۡقِيَ عَلَيۡهِ أَسۡوِرَةٞ مِّن ذَهَبٍ أَوۡ جَآءَ مَعَهُ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ مُقۡتَرِنِينَ
Оған алтыннан білезіктер неге салынбаған немесе онымен бірге періштелер неге жолдас болып келмеген
Аударма: Халифа Алтай
Әрі неге оған алтыннан білезіктер тағылмаған? Немесе неге онымен періштелер бірге еріп келмеген?» - деді
Аударма: ҚМДБ
43:54
فَٱسۡتَخَفَّ قَوۡمَهُۥ فَأَطَاعُوهُۚ إِنَّهُمۡ كَانُواْ قَوۡمٗا فَٰسِقِينَ
Сөйтіп (Перғауын) елін менсінбеді. Сонда да олар оған бағынды. Расында олар, бұзық ел еді
Аударма: Халифа Алтай
Ол елін жеңіл ойлы / байыппен ойламайтын / санады, ал олар оғанбағынды. Өйткені олар бұзық / бойсұнбаушы / ел еді
Аударма: ҚМДБ
43:55
فَلَمَّآ ءَاسَفُونَا ٱنتَقَمۡنَا مِنۡهُمۡ فَأَغۡرَقۡنَٰهُمۡ أَجۡمَعِينَ
Сөйтіп олар Бізді кейіткен кезде, олардың тиісті жазасын беріп, суға батырдық
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп, олар Бізді ашуландырған кезде, оларды жазалап, барлығын суға батырдық
Аударма: ҚМДБ
43:56
فَجَعَلۡنَٰهُمۡ سَلَفٗا وَمَثَلٗا لِّلۡأٓخِرِينَ
Оларды кейінгілер үшін бір өтіп кеткен үлгі қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оларды / өздері секілді / кейінгілерге / теріс / жол салушы және өзгелер үшін ғибратты мысал еттік
Аударма: ҚМДБ
43:57
۞وَلَمَّا ضُرِبَ ٱبۡنُ مَرۡيَمَ مَثَلًا إِذَا قَوۡمُكَ مِنۡهُ يَصِدُّونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) Мәрйем ұлын мысал келтіргенде, оған, елің қарқылдап күлді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Мәриям ұлы мысалға келтірілгенде, сенің елің айқайлап шулай түседі
Аударма: ҚМДБ
43:58
وَقَالُوٓاْ ءَأَٰلِهَتُنَا خَيۡرٌ أَمۡ هُوَۚ مَا ضَرَبُوهُ لَكَ إِلَّا جَدَلَۢاۚ بَلۡ هُمۡ قَوۡمٌ خَصِمُونَ
Олар: "Біздің тәңірлеріміз жақсы ма? Не Ғиса жақсы ма?",- деді. Олардың саған бұны айтулары, жанжал үшін ғана. Өйткені олар, қиқар ел
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар: «Біздің құдайларымыз жақсы ма, әлде ол ма?» - дейді. Олар оны сенімен дауласу үшін ғана келтіреді. Негізінде, олар даушыл ел
Аударма: ҚМДБ
43:59
إِنۡ هُوَ إِلَّا عَبۡدٌ أَنۡعَمۡنَا عَلَيۡهِ وَجَعَلۡنَٰهُ مَثَلٗا لِّبَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ
Ол Ғиса (Ғ.С.) Біз өзіне игілік берген сондай-ақ Израил ұрпақтарына бір мысал қылған құл ғана
Аударма: Халифа Алтай
Ол - бар болғаны, Біз игілік берген және Исраил ұрпақтарына / ғибратты / мысал еткен құлымыз ғана
Аударма: ҚМДБ
43:60
وَلَوۡ نَشَآءُ لَجَعَلۡنَا مِنكُم مَّلَـٰٓئِكَةٗ فِي ٱلۡأَرۡضِ يَخۡلُفُونَ
Егер қаласақ, сендерден періште жаратар едік те олар орындарыңды басар еді
Аударма: Халифа Алтай
Егер де қалағанымызда, сендерді жер­де орындарыңды басатын періштелермен алмастыратын едік
Аударма: ҚМДБ
43:61
وَإِنَّهُۥ لَعِلۡمٞ لِّلسَّاعَةِ فَلَا تَمۡتَرُنَّ بِهَا وَٱتَّبِعُونِۚ هَٰذَا صِرَٰطٞ مُّسۡتَقِيمٞ
Күдіксіз (Ғиса Ғ.С.) қиямет мезгілінің белгісі. Сондықтан оған Күдіктенбей Маған еріңдер. Міне осы тура жол
Аударма: Халифа Алтай
Оларға айт / : «Ақиқатында ол / Иса / -Сағаттың / Қайта тірілу күнінің / бір белгісі. Оған еш күмәнданбаңдар әрі маған еріңдер. Міне, осы - тура жол
Аударма: ҚМДБ
43:62
وَلَا يَصُدَّنَّكُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُۖ إِنَّهُۥ لَكُمۡ عَدُوّٞ مُّبِينٞ
Сендерді шайтан тура жолдан тоспасын. Өйткені ол, сендер үшін ашық дұшпан
Аударма: Халифа Алтай
Әрі шайтан сендерді одан / ақиқатқа еруден / тоспасын. Анығында ол - сендерге анық дұшпан», - деп
Аударма: ҚМДБ
43:63
وَلَمَّا جَآءَ عِيسَىٰ بِٱلۡبَيِّنَٰتِ قَالَ قَدۡ جِئۡتُكُم بِٱلۡحِكۡمَةِ وَلِأُبَيِّنَ لَكُم بَعۡضَ ٱلَّذِي تَخۡتَلِفُونَ فِيهِۖ فَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُونِ
Ғиса (Ғ.С.) мұғжизалармен келген заман, оларға: "Мен сендерге хикметті келтірдім. Алладан қорқыңдар, Маған бой ұсыныңдар" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Иса анық белгі-дәлелдермен келген кезде, ол: «Мен сендерге даналықпен әрі өздерің қайшылыққа түсіп отырған нәрселердің кейбірін сендерге түсіндіру үшін келдім. Ал, енді Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар және мағанбағыныңдар
Аударма: ҚМДБ
43:64
إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ رَبِّي وَرَبُّكُمۡ فَٱعۡبُدُوهُۚ هَٰذَا صِرَٰطٞ مُّسۡتَقِيمٞ
Дау жоқ, Алла, менің дө сендердің де Раббыларың. Сондықтан Оған құлшылық қылыңдар. Осы тура жол
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһ - менің де Раббым әрі сендердің де Раббың. Сондықтан Оғанқұлшылық етіңдер. Осы - тура жол», - деді
Аударма: ҚМДБ
43:65
فَٱخۡتَلَفَ ٱلۡأَحۡزَابُ مِنۢ بَيۡنِهِمۡۖ فَوَيۡلٞ لِّلَّذِينَ ظَلَمُواْ مِنۡ عَذَابِ يَوۡمٍ أَلِيمٍ
Дегенмен топтар өзара қайшылыққа түсті. Жан түршігерлік күннің азабынан сондай залымдарға нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Алайда діни топтар өзара қайшылыққа түсті. Сондай әділетсіздік еткендерге күйзелтуші Күннің азабынан үлкен қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
43:66
هَلۡ يَنظُرُونَ إِلَّا ٱلسَّاعَةَ أَن تَأۡتِيَهُم بَغۡتَةٗ وَهُمۡ لَا يَشۡعُرُونَ
Олар, өздеріне қиямет мезгілінің кенеттен өздері аңғармаған түрде, келуін ғана күте ме
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздеріне кенеттен, сезбеген күйлерінде келетін Сағаттан / Қайта тірілу күнінен / басқа нәрсені күте ме
Аударма: ҚМДБ
43:67
ٱلۡأَخِلَّآءُ يَوۡمَئِذِۭ بَعۡضُهُمۡ لِبَعۡضٍ عَدُوٌّ إِلَّا ٱلۡمُتَّقِينَ
Сол күні тақуалардан басқа достар, бір-біріне дұшпан болады
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні тақуалардан / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардан / басқа жақын достар біріне-бірі жау болады
Аударма: ҚМДБ
43:68
يَٰعِبَادِ لَا خَوۡفٌ عَلَيۡكُمُ ٱلۡيَوۡمَ وَلَآ أَنتُمۡ تَحۡزَنُونَ
(Алла, тақуаларға): "Әй құлдарым! Бүгін сендерге хауіп-қатер жоқ әрі қайғырмайсыңдар" (дейді)
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ тақуаларға / : «Ей, Менің құлдарым! Сендерге бүгін қорқыныш жоқ әрі сендер қайғырмайсыңдар», - дейді
Аударма: ҚМДБ
43:69
ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَكَانُواْ مُسۡلِمِينَ
Олар сондай иман келтіріп, бой ұсынушылар
Аударма: Халифа Алтай
Солар Біздің аяттарымызға сенген және мұсылман болғандар / бойсұнғандар
Аударма: ҚМДБ
43:70
ٱدۡخُلُواْ ٱلۡجَنَّةَ أَنتُمۡ وَأَزۡوَٰجُكُمۡ تُحۡبَرُونَ
Жаннатқа кіріңдер. Сендер де жұбайларың да шаттыққа бөленесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / : «Сендер және жақын достарың шаттыққа бөлендірілген күйде Жәннатқа кіріңдер», - делінеді
Аударма: ҚМДБ
43:71
يُطَافُ عَلَيۡهِم بِصِحَافٖ مِّن ذَهَبٖ وَأَكۡوَابٖۖ وَفِيهَا مَا تَشۡتَهِيهِ ٱلۡأَنفُسُ وَتَلَذُّ ٱلۡأَعۡيُنُۖ وَأَنتُمۡ فِيهَا خَٰلِدُونَ
Оларға алтыннан табақтар, кәселер ұсынылады. Сондай-ақ онда көңілдері қызығатын, көздері куанатын нәрселер бар. Сендер онда мәңгі қаласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Оларға алтыннан жасалған табақтар және кеселер ұсынылады. Ол жерде көңілдер қалайтын және көздер рахаттанатын нәрселер бар. Әрі сендер онда мәңгі қаласыңдар
Аударма: ҚМДБ
43:72
وَتِلۡكَ ٱلۡجَنَّةُ ٱلَّتِيٓ أُورِثۡتُمُوهَا بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Міне осы сендердің ғамалдарыңменен мұрагер болған жаннат
Аударма: Халифа Алтай
Міне, сендерге істеген амалдарың үшін мұра етіліп берілген Жәннат - осы
Аударма: ҚМДБ
43:73
لَكُمۡ فِيهَا فَٰكِهَةٞ كَثِيرَةٞ مِّنۡهَا تَأۡكُلُونَ
Онда сендерге жемістер көп, одан жейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге ол жерде көптеген жемістер бар. Олардан жейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
43:74
إِنَّ ٱلۡمُجۡرِمِينَ فِي عَذَابِ جَهَنَّمَ خَٰلِدُونَ
Сөзсіз күнәкарлар тозақтың азабында мәңгі қалады
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, қылмыскерлер Жаһаннам азабында мәңгі қалады
Аударма: ҚМДБ
43:75
لَا يُفَتَّرُ عَنۡهُمۡ وَهُمۡ فِيهِ مُبۡلِسُونَ
Олардың азабы жеңілтілмейді де олар онда күдер үзген түрде қалады
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / азап / үзіліссіз беріліп әрі олар ол жерде күдер үзген күйде болады
Аударма: ҚМДБ
43:76
وَمَا ظَلَمۡنَٰهُمۡ وَلَٰكِن كَانُواْ هُمُ ٱلظَّـٰلِمِينَ
Оларға зұлымдық қылмадық, олар өздеріне зұлымдық қьілды
Аударма: Халифа Алтай
Біз оларға әділетсіздік істеген жоқпыз, олардың өздері әділетсіз болды
Аударма: ҚМДБ
43:77
وَنَادَوۡاْ يَٰمَٰلِكُ لِيَقۡضِ عَلَيۡنَا رَبُّكَۖ قَالَ إِنَّكُم مَّـٰكِثُونَ
Тозақтықтар: "Әй сақшы! Раббың ісімізді бітірсін" дейді. Сақшы: "Расында сендер тұрасыңдар" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Ей, Мәлик / тозақ сақшысы / !Раббың бізді өлтірсін», - деп дауыстайды. Ол: «Сендер / мәңгілік / қаласыңдар», - дейді
Аударма: ҚМДБ
43:78
لَقَدۡ جِئۡنَٰكُم بِٱلۡحَقِّ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَكُمۡ لِلۡحَقِّ كَٰرِهُونَ
(Алла оларға): "Шынында сендерге шындықты келтірдік. Бірақ көбің шындықты жек көрдіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Біз сендерге ақиқатты әкелдік, бірақ сендердің көбің ақиқатты ұнатпадыңдар
Аударма: ҚМДБ
43:79
أَمۡ أَبۡرَمُوٓاْ أَمۡرٗا فَإِنَّا مُبۡرِمُونَ
Немесе олар (Пайғамбарға қарсы) шара қолданды ма? Шын мәнінде Біз шара қолданушымыз
Аударма: Халифа Алтай
Олар бір істі бітіруге шешім қабылдады ма? Біз де шешім қабылдадық
Аударма: ҚМДБ
43:80
أَمۡ يَحۡسَبُونَ أَنَّا لَا نَسۡمَعُ سِرَّهُمۡ وَنَجۡوَىٰهُمۚ بَلَىٰ وَرُسُلُنَا لَدَيۡهِمۡ يَكۡتُبُونَ
Немесе олар сырларын, сыбырларын Біз естімейді деп ойлай ма? Әрине періштелеріміз алдарында жазуда. (С. 10-11-А)
Аударма: Халифа Алтай
Әлде олар өздерінің жасырын сырларын және құпия әңгімелерін Біз естімейді деп ойлай ма? Олай емес! Біздің елшілеріміз / періштелер / олардың жанында жазып жүреді
Аударма: ҚМДБ
43:81
قُلۡ إِن كَانَ لِلرَّحۡمَٰنِ وَلَدٞ فَأَنَا۠ أَوَّلُ ٱلۡعَٰبِدِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Мүбада Алланың баласы болса, сонда мен құлшылық қылушылардың алды болар едім" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер әр-Рахманның баласы болса, онда мен алғашқылардан болып, құлшылық еткен болар едім», - деп
Аударма: ҚМДБ
43:82
سُبۡحَٰنَ رَبِّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ رَبِّ ٱلۡعَرۡشِ عَمَّا يَصِفُونَ
Көктер мен жердің Раббы әрі ғаршынын Раббы, олардың сипаттаған нәрселерінен пәк
Аударма: Халифа Алтай
Аспандардың және жердің Раббысы, Аршының Раббысы олардың таңған нәрселерінен пәк
Аударма: ҚМДБ
43:83
فَذَرۡهُمۡ يَخُوضُواْ وَيَلۡعَبُواْ حَتَّىٰ يُلَٰقُواْ يَوۡمَهُمُ ٱلَّذِي يُوعَدُونَ
Енді оларды қойып қой. Өздеріне уәде етілген күнге дейін сүңгісін. ойнасын
Аударма: Халифа Алтай
Оларды жайына қалдыр, өздеріне уәде етілген Күніне жолыққандарына дейін бос сөздерге батып, ойнап-күліп жүре тұрсын
Аударма: ҚМДБ
43:84
وَهُوَ ٱلَّذِي فِي ٱلسَّمَآءِ إِلَٰهٞ وَفِي ٱلۡأَرۡضِ إِلَٰهٞۚ وَهُوَ ٱلۡحَكِيمُ ٱلۡعَلِيمُ
Ол сондай Алла, көкте де Тәңір, сондай-ақ жерде де Тәңір. Және Ол, аса дана толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ол - аспандарда да құдай әрі жерде де құдай. Ол аса Дана, бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
43:85
وَتَبَارَكَ ٱلَّذِي لَهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَا وَعِندَهُۥ عِلۡمُ ٱلسَّاعَةِ وَإِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ
Ол сондай өте жоғары Алла (Т.), көктер мен жердің әрі екі арасындағы нәрселердің игілігі Оған тән. (Оның меншігінде.) Сондай-ақ қиямет мезгілінің мәліметі Оның қасында әрі Оған қайтарыласықдар
Аударма: Халифа Алтай
Аспандар мен жердің және ол екеуінің арасындағылардың билігі Өзінде болған Ол - аса Берекелі. Сағат / Қайта тірілу күні / жайлы білім Оған тән. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар
Аударма: ҚМДБ
43:86
وَلَا يَمۡلِكُ ٱلَّذِينَ يَدۡعُونَ مِن دُونِهِ ٱلشَّفَٰعَةَ إِلَّا مَن شَهِدَ بِٱلۡحَقِّ وَهُمۡ يَعۡلَمُونَ
Олардың Алладан өзге құлшылық қылғандары шапағат ету күшіне ие емес. Бірақ хақиқатты біліп, куә болғандар басқа. (Шапағат ете алады)
Аударма: Халифа Алтай
Олардың / мүшріктердің / Одан өзге жалбарынатындары ара түсу күшіне / шапағат етуге / ие емес. Тек ақиқатқа куәлік бергендер басқа, олар біледі
Аударма: ҚМДБ
43:87
وَلَئِن سَأَلۡتَهُم مَّنۡ خَلَقَهُمۡ لَيَقُولُنَّ ٱللَّهُۖ فَأَنَّىٰ يُؤۡفَكُونَ
Егер олардан: "Кім жаратты?",- деп сұрасаң, әлбетте: "Алла" дейді. Сонда, қалай бұрылып, барады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер олардан / серік қосушылардан / өздерін кім жаратқанын сұрасаң, олар сөзсіз: «Аллаһ», - дейді. Сонда олар қайда бұрылып барады
Аударма: ҚМДБ
43:88
وَقِيلِهِۦ يَٰرَبِّ إِنَّ هَـٰٓؤُلَآءِ قَوۡمٞ لَّا يُؤۡمِنُونَ
Пайғамбардың: "Раббым! Бұлар иман келтірмейтін ел" дейтінін (Алла біледі)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол: «О, Раббым! Негізінде бұлар иманға келмейтін адамдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
43:89
فَٱصۡفَحۡ عَنۡهُمۡ وَقُلۡ سَلَٰمٞۚ فَسَوۡفَ يَعۡلَمُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) олармен шығыс, сәлем бер. Олар жедел түсінеді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олардан / кең пейілдікпен / бұрылып: «Тыныштық болсын!»- деп айт. Жақында олар білетін болады
Аударма: ҚМДБ
← Аш-ШураБарлық сүрелерАд-Духан →

Аз-Зухруф сүресі туралы

Аз-Зухруф (الزخرف) — Құранның 43-сүресі, 89 аят, меккелік сүре, 25-жүз, мысхафтың 489-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу