QORAN.kz › Сүрелер › Ад-Духан
44:1 حمٓ
Ха. Мим
Аударма: Халифа Алтай
Ха. Мим
Аударма: ҚМДБ
44:2 وَٱلۡكِتَٰبِ ٱلۡمُبِينِ
Ашық баян етуші Құранға серт
Аударма: Халифа Алтай
Анық Кітаппен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
44:3 إِنَّآ أَنزَلۡنَٰهُ فِي لَيۡلَةٖ مُّبَٰرَكَةٍۚ إِنَّا كُنَّا مُنذِرِينَ
Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында Біз ескертушіміз. (С. 1-А)
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз оны берекелі түнде түсірдік. Шын мәнінде, Біз ескертіп, сақтандырамыз
Аударма: ҚМДБ
44:4 فِيهَا يُفۡرَقُ كُلُّ أَمۡرٍ حَكِيمٍ
Ол кеште барлық хикметті істер айрылады
Аударма: Халифа Алтай
Ол түні әрбір хикметті бұйрықтар бөлінеді
Аударма: ҚМДБ
44:5 أَمۡرٗا مِّنۡ عِندِنَآۚ إِنَّا كُنَّا مُرۡسِلِينَ
Бұл өз қасымыздан бір бұйрық. Расында елшілерді жіберушіміз
Аударма: Халифа Алтай
Біздің әміріміз бойынша. Анығында, Біз жіберуші болдық
Аударма: ҚМДБ
44:6 رَحۡمَةٗ مِّن رَّبِّكَۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلۡعَلِيمُ
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның игілігі. Күдіксіз Ол, әр нәрсені естуші, толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Раббыңнан бір мейірім етіп. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , барлық нәрсені Білуші
Аударма: ҚМДБ
44:7 رَبِّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَآۖ إِن كُنتُم مُّوقِنِينَ
Егер анық сенетін болсаңдар, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы
Аударма: Халифа Алтай
Егер айқын сенуші болсаңдар, бұл / мейірім / - аспандардың және жердің әрі ол екеуінің арасындағылардың Раббысынан
Аударма: ҚМДБ
44:8 لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ يُحۡيِۦ وَيُمِيتُۖ رَبُّكُمۡ وَرَبُّ ءَابَآئِكُمُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Тірілтеді, өлтіреді. Сендердің де Раббыларың, бұрынғы аталарыңның да Раббы
Аударма: Халифа Алтай
Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол тірілтеді және өлтіреді. Ол - сендердің Раббың әрі бұрынғы ата-бабаларыңның да Раббысы
Аударма: ҚМДБ
44:9 بَلۡ هُمۡ فِي شَكّٖ يَلۡعَبُونَ
Бірақ олар, бір күдік ішінде ойнауда
Аударма: Халифа Алтай
Бірақ олар / сенбейтіндер / күмәнда болып, ойын етіп жүр
Аударма: ҚМДБ
44:10 فَٱرۡتَقِبۡ يَوۡمَ تَأۡتِي ٱلسَّمَآءُ بِدُخَانٖ مُّبِينٖ
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше аспанның бір ашық түтін келтіретін күнін күт. (Қуаншылықтан аш қалған елдің көздері бүлдырап, жер, көктің бүлыңғыр көрінетін күні. Немесе қиямет белгілері түрінде қаптайтын қара түнек. Б.Ж.М.К.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ал, сен аспан анық түтінді әкелетін Күнді күт
Аударма: ҚМДБ
44:11 يَغۡشَى ٱلنَّاسَۖ هَٰذَا عَذَابٌ أَلِيمٞ
Адамдарды қаптап алады; Бүл жан түршігерлік азап
Аударма: Халифа Алтай
Ол адамдарды орап алады. Бұл - күйзелтуші азап
Аударма: ҚМДБ
44:12 رَّبَّنَا ٱكۡشِفۡ عَنَّا ٱلۡعَذَابَ إِنَّا مُؤۡمِنُونَ
Олар: "Раббымыз! Бізден бұл азапты айықтыр. Шынында иман келтіргенміз
Аударма: Халифа Алтай
Олар / : «Раббымыз! Бізді азаптан айықтыр, біз иманға келеміз»,- дейді
Аударма: ҚМДБ
44:13 أَنَّىٰ لَهُمُ ٱلذِّكۡرَىٰ وَقَدۡ جَآءَهُمۡ رَسُولٞ مُّبِينٞ
Оларға үгіт алу қайда? Расында оларға ашық түсіндіруші бір Пайғамбар келген
Аударма: Халифа Алтай
Оларда еске алу қалай болсын, анығында оларға анық түсіндіруші Елші келген еді ғой
Аударма: ҚМДБ
44:14 ثُمَّ تَوَلَّوۡاْ عَنۡهُ وَقَالُواْ مُعَلَّمٞ مَّجۡنُونٌ
Сосын олар одан бұрылды да: "Үйретілген бір жынды" деді
Аударма: Халифа Алтай
Кейін олар одан теріс бұрылды әрі: «Үйретілген, жын соққан», - деді
Аударма: ҚМДБ
44:15 إِنَّا كَاشِفُواْ ٱلۡعَذَابِ قَلِيلًاۚ إِنَّكُمۡ عَآئِدُونَ
Расында бейнетті біраз айықтырамыз. Дау жоқ! Сендер қайталайсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
(Негізінде, Біз азапты аз уақытқа арылта тұрамыз. Алайда сендер / имансыздьіща) қайта ораласыңдар
Аударма: ҚМДБ
44:16 يَوۡمَ نَبۡطِشُ ٱلۡبَطۡشَةَ ٱلۡكُبۡرَىٰٓ إِنَّا مُنتَقِمُونَ
Өте қатты ұстаумен ұстаған күні, әрине тиісті жазасын береміз
Аударма: Халифа Алтай
Сол / қиямет / күні Біз / имансыздарды / қатты ұстаумен ұстаймыз, сонда, Біз сөзсіз, жазалаймыз
Аударма: ҚМДБ
44:17 ۞وَلَقَدۡ فَتَنَّا قَبۡلَهُمۡ قَوۡمَ فِرۡعَوۡنَ وَجَآءَهُمۡ رَسُولٞ كَرِيمٌ
Расында бұлардан бұрын Перғауын елін де сынаған едік. Оларға ардақты пайғамбар келген
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз олардан бұрын Фиръаунның елін сынаған едік. Әрі оларға бір ардақты Елші келді
Аударма: ҚМДБ
44:18 أَنۡ أَدُّوٓاْ إِلَيَّ عِبَادَ ٱللَّهِۖ إِنِّي لَكُمۡ رَسُولٌ أَمِينٞ
Алланың құлдарын маған тапсырыңдар. Өйткені мен сендерге сенімді бір Пайғамбармын" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / : «Аллаһтың құлдарын маған тапсырыңдар. Ақиқатында мен - сендерге / жіберілген / сенімді Елшімін
Аударма: ҚМДБ
44:19 وَأَن لَّا تَعۡلُواْ عَلَى ٱللَّهِۖ إِنِّيٓ ءَاتِيكُم بِسُلۡطَٰنٖ مُّبِينٖ
Аллаға астамшылық қылмаңдар. Шын мәнінде сендерге ашық дәлелмен келдім
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа қарсы менмендік етпеңдер, мен сендерге анық дәлелмен келдім
Аударма: ҚМДБ
44:20 وَإِنِّي عُذۡتُ بِرَبِّي وَرَبِّكُمۡ أَن تَرۡجُمُونِ
Күдіксіз мен сендердің таспен атуларыңнан Раббыма және сендердің де Раббыларың (Аллаға) сиындым
Аударма: Халифа Алтай
Әрі мен сендердің таспен ұруларыңнан өзімнің Раббым әрі сендердің Раббыңа / Аллаһқа / сиынып, Оның қорғауына жүгіндім
Аударма: ҚМДБ
44:21 وَإِن لَّمۡ تُؤۡمِنُواْ لِي فَٱعۡتَزِلُونِ
Егер маған иланбасаңдар, менен аулақ болыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Егер маған сенбесеңдер, онда менен аулақ болыңдар», - деді
Аударма: ҚМДБ
44:22 فَدَعَا رَبَّهُۥٓ أَنَّ هَـٰٓؤُلَآءِ قَوۡمٞ مُّجۡرِمُونَ
Сонда (Мұса Ғ.С.): "Бұлар қылмысты ел" деп, Раббына жалбарынды
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп / кейін / ол: «Негізінде, бұлар - қылмыскер ел», - деп, Раббысына жалбарынды
Аударма: ҚМДБ
44:23 فَأَسۡرِ بِعِبَادِي لَيۡلًا إِنَّكُم مُّتَّبَعُونَ
(Алла Т.): "Құлдарымды түнде алып кет. Сөз жоқ, арттарыңа қуғыншы түседі
Аударма: Халифа Алтай
Сонда: «Құлдарымды алып, түнде жолға шық. Олар сендердің соңдарыңнан түседі
Аударма: ҚМДБ
44:24 وَٱتۡرُكِ ٱلۡبَحۡرَ رَهۡوًاۖ إِنَّهُمۡ جُندٞ مُّغۡرَقُونَ
(Теңізден өтіп алғаннан кейін) теңізді ашық қойып қой. Өйткені олар суға бататын ләшкер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі теңізді тыныш күйінде қалдыр, өйткені олар / фиръаундықтар / суға батырылатын әскер»,- / деген уахи келді
Аударма: ҚМДБ
44:25 كَمۡ تَرَكُواْ مِن جَنَّـٰتٖ وَعُيُونٖ
Олар қаншалаған бақшалар, бұлақтар қалдырды
Аударма: Халифа Алтай
Олар қаншама бақтар мен бұлақтарды қалдырды
Аударма: ҚМДБ
44:26 وَزُرُوعٖ وَمَقَامٖ كَرِيمٖ
Қаншалаған егіндер, көркем мекендерді де
Аударма: Халифа Алтай
егіндер мен кең салтанатты орын жайларды
Аударма: ҚМДБ
44:27 وَنَعۡمَةٖ كَانُواْ فِيهَا فَٰكِهِينَ
Сондай-ақ ішінде қарқ болып кенелген дәулеттерді де
Аударма: Халифа Алтай
әрі өздері рахатын көрген игіліктерді
Аударма: ҚМДБ
44:28 كَذَٰلِكَۖ وَأَوۡرَثۡنَٰهَا قَوۡمًا ءَاخَرِينَ
Осылайша оларға басқа бір елді мұрагер қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Міне осылай! Біз бұлардың барлығын басқа елге мұра етіп бердік
Аударма: ҚМДБ
44:29 فَمَا بَكَتۡ عَلَيۡهِمُ ٱلسَّمَآءُ وَٱلۡأَرۡضُ وَمَا كَانُواْ مُنظَرِينَ
Сонда оларға көк те жер де жыламады. Әрі олар тостырылмады. (Оларға қайғырған да болмады және мұрса да берілмеді.Б)
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / фиръаундықтарға / аспан да, жер де жыламады әрі оларға ұзартылмады / мұрсат берілмеді
Аударма: ҚМДБ
44:30 وَلَقَدۡ نَجَّيۡنَا بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ مِنَ ٱلۡعَذَابِ ٱلۡمُهِينِ
Расында Израил ұрпақтарын қорлаушы бейнеттен құтқардық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз Исраил ұрпақтарын қорлаушы азаптан құтқардық
Аударма: ҚМДБ
44:31 مِن فِرۡعَوۡنَۚ إِنَّهُۥ كَانَ عَالِيٗا مِّنَ ٱلۡمُسۡرِفِينَ
Перғауыннан. Өйткені ол, тым шектен шығушылардан еді
Аударма: Халифа Алтай
Фиръауннан. Анығында, ол өзін жоғары санап, менменсіген әрі шектен шығушылардан еді
Аударма: ҚМДБ
44:32 وَلَقَدِ ٱخۡتَرۡنَٰهُمۡ عَلَىٰ عِلۡمٍ عَلَى ٱلۡعَٰلَمِينَ
Расында Израил ұрпақтарын біле тұра әлемге ықпалды қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз оларды білімімізбен әлемдерден таңдадық
Аударма: ҚМДБ
44:33 وَءَاتَيۡنَٰهُم مِّنَ ٱلۡأٓيَٰتِ مَا فِيهِ بَلَـٰٓؤٞاْ مُّبِينٌ
Сондай-ақ оларға мұғжизалар бердік. Онда ашық сынау бар еді
Аударма: Халифа Алтай
Біз оларға белгі-мұғжизаларды бердік. Оларда анық сынақтар бар еді
Аударма: ҚМДБ
44:34 إِنَّ هَـٰٓؤُلَآءِ لَيَقُولُونَ
Күдіксіз олар, бүйдейді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, бұлар / мүшріктер / әлбетте былай деп айтады
Аударма: ҚМДБ
44:35 إِنۡ هِيَ إِلَّا مَوۡتَتُنَا ٱلۡأُولَىٰ وَمَا نَحۡنُ بِمُنشَرِينَ
Бізге осы алғашқы өлімнен басқа түк жоқ. Сондай-ақ біз қайта тірілмейміз
Аударма: Халифа Алтай
«Біздің тек бірінші өлуіміз ғана / бар / әрі біз қайта тірілтілмейміз
Аударма: ҚМДБ
44:36 فَأۡتُواْ بِـَٔابَآئِنَآ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Мүбада рас айтушы болсаңдар, аталарымызды алып келіңдерші
Аударма: Халифа Алтай
Егер шын сөзді болсаңдар, аталарымызды келтіріңдер», - деп
Аударма: ҚМДБ
44:37 أَهُمۡ خَيۡرٌ أَمۡ قَوۡمُ تُبَّعٖ وَٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡ أَهۡلَكۡنَٰهُمۡۚ إِنَّهُمۡ كَانُواْ مُجۡرِمِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар артық па? Немесе Тұббағ елі ме? Олардан бұрынғы елдер ме? Оларды да жоқ еттік. Өйткені олар қылмысты еді
Аударма: Халифа Алтай
Олар артық па, әлде Туббаъның елі және олардан бұрын өткендер ме? Біз оларды жойып жібердік. Өйткені олар қылмыскер еді
Аударма: ҚМДБ
44:38 وَمَا خَلَقۡنَا ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَا لَٰعِبِينَ
Көктерді де жерді де әрі екі арасындағы нәрселерді де ойыншық қып жаратпадық
Аударма: Халифа Алтай
Біз аспандарды және жерді әрі екеуінің арасындағыларын ермек етіп, / бостан-бос / жаратқан жоқпыз
Аударма: ҚМДБ
44:39 مَا خَلَقۡنَٰهُمَآ إِلَّا بِٱلۡحَقِّ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ
Екеуін хақиқат бойынша жараттық. Бірақ олардың көбі білмейді
Аударма: Халифа Алтай
Біз екеуін ақиқатпен ғана жараттық. Бірақ олардың көбі білмейді
Аударма: ҚМДБ
44:40 إِنَّ يَوۡمَ ٱلۡفَصۡلِ مِيقَٰتُهُمۡ أَجۡمَعِينَ
Расында олардың бір араға жиналатын билік күні
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, Айыру Күні - олардың барлығы үшін белгіленген мерзім
Аударма: ҚМДБ
44:41 يَوۡمَ لَا يُغۡنِي مَوۡلًى عَن مَّوۡلٗى شَيۡـٔٗا وَلَا هُمۡ يُنصَرُونَ
Ол күні достың досқа еш пайдасы болмайды әрі оларға жәрдем етілмейді
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні ешбір жақын жақынына пайда бермейді әрі оларға көмек те көрсетілмейді
Аударма: ҚМДБ
44:42 إِلَّا مَن رَّحِمَ ٱللَّهُۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلرَّحِيمُ
Бірақ Алла мәрхамет еткен кісі ғана пайдалана алады. Күдіксіз Ол Алла, тым үстем, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
тек Аллаһ мейіріміне бөлегендер ғана басқа. Ақиқатында, Ол бәрінен Үстем, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
44:43 إِنَّ شَجَرَتَ ٱلزَّقُّومِ
Шынында заққүм ағашы; (С. 62-А)
Аударма: Халифа Алтай
Күдіксіз, заққұм ағашы
Аударма: ҚМДБ
44:44 طَعَامُ ٱلۡأَثِيمِ
Күнәкарлардың тамағы
Аударма: Халифа Алтай
күнәһардың тамағы
Аударма: ҚМДБ
44:45 كَٱلۡمُهۡلِ يَغۡلِي فِي ٱلۡبُطُونِ
Балқыған кен сияқты қарындарында қайнайды
Аударма: Халифа Алтай
Ол қарындарда балқыған мыс секілді қайнайды
Аударма: ҚМДБ
44:46 كَغَلۡيِ ٱلۡحَمِيمِ
Қайнаған су құсаған
Аударма: Халифа Алтай
қайнап тұрғаны судың / бұрқылдап / қайнағанындай
Аударма: ҚМДБ
44:47 خُذُوهُ فَٱعۡتِلُوهُ إِلَىٰ سَوَآءِ ٱلۡجَحِيمِ
Оны ұстаңдар да сүйретіп, тозақтың ортасына тастаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Оны ұстаңдар да Жахимнің ортасына сүйретіп апарыңдар
Аударма: ҚМДБ
44:48 ثُمَّ صُبُّواْ فَوۡقَ رَأۡسِهِۦ مِنۡ عَذَابِ ٱلۡحَمِيمِ
Сосын басының үстіне азап ретінде қайнар су қойыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін оның басының үстінен қайнап тұрған судың азабынан құйыңдар
Аударма: ҚМДБ
44:49 ذُقۡ إِنَّكَ أَنتَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡكَرِيمُ
(Азапты) тат. Расында сен өзіңше үстем, құрметті едің
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сенбеушілерге / : «Татып көр, сен «күшті, құрметтісің» ғой
Аударма: ҚМДБ
44:50 إِنَّ هَٰذَا مَا كُنتُم بِهِۦ تَمۡتَرُونَ
Шынында күдіктенген нәрселерің осы
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, бұл - сендердің күмәнданып келгендерің
Аударма: ҚМДБ
44:51 إِنَّ ٱلۡمُتَّقِينَ فِي مَقَامٍ أَمِينٖ
Шын мәнінде тақуалар аман бір орында болады
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / бейбіт орындарда
Аударма: ҚМДБ
44:52 فِي جَنَّـٰتٖ وَعُيُونٖ
Бақшаларда бұлақтарда
Аударма: Халифа Алтай
Жәннат бақтары мен бұлақтарында
Аударма: ҚМДБ
44:53 يَلۡبَسُونَ مِن سُندُسٖ وَإِسۡتَبۡرَقٖ مُّتَقَٰبِلِينَ
Жұқа қалың жібектер киіп, ерсілі-қарсылы отырады
Аударма: Халифа Алтай
Олар жұқа және қалың жібектен киімдер киіп, бір-біріне жүзбе-жүз халде отырады
Аударма: ҚМДБ
44:54 كَذَٰلِكَ وَزَوَّجۡنَٰهُم بِحُورٍ عِينٖ
Осы сияқты, сондай-ақ оларды бота көз хұрлармен үйлендіреміз
Аударма: Халифа Алтай
Осылай! Әрі оларды аппақ, көздері үлкен де әдемілермен / хурлармен / үйлендіреміз
Аударма: ҚМДБ
44:55 يَدۡعُونَ فِيهَا بِكُلِّ فَٰكِهَةٍ ءَامِنِينَ
Ол жерде бейбіт түрде әр түрлі жемісті сұрай алады
Аударма: Халифа Алтай
Олар ол жерде амандықта болып, кез келген жемісті алдыра алады
Аударма: ҚМДБ
44:56 لَا يَذُوقُونَ فِيهَا ٱلۡمَوۡتَ إِلَّا ٱلۡمَوۡتَةَ ٱلۡأُولَىٰۖ وَوَقَىٰهُمۡ عَذَابَ ٱلۡجَحِيمِ
Ол жерде дүниедегі алғашқы өлімнен басқа ешбір өлім татпайды. Алла оларды тозақтың азабынан сақтаған
Аударма: Халифа Алтай
Алғашқы өлімнен кейін ол жерде олар өлімді татпайды. Әрі Ол - оларды Жахим азабынан сақтаған
Аударма: ҚМДБ
44:57 فَضۡلٗا مِّن رَّبِّكَۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡعَظِيمُ
Раббыңнан кеңшілік, міне осы зор қол жеткендік
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Бұл - сенің Раббыңның кеңшілігімен. Міне, осы - ұлы жетістік
Аударма: ҚМДБ
44:58 فَإِنَّمَا يَسَّرۡنَٰهُ بِلِسَانِكَ لَعَلَّهُمۡ يَتَذَكَّرُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде олардың үгіт алулары үшін Құранды сенің тіліңнен ғана оңайластырдық
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, Біз оны / Құранды / олардың еске алулары үшін сенің тіліңде жеңілдеттік
Аударма: ҚМДБ
44:59 فَٱرۡتَقِبۡ إِنَّهُم مُّرۡتَقِبُونَ
Нәтижені сен де күт. Расында олар да күтуде
Аударма: Халифа Алтай
Енді күт, негізінде олар да күтуде
Аударма: ҚМДБ
Ад-Духан сүресі туралы Ад-Духан (الدخان) — Құранның 44-сүресі, 59 аят, меккелік сүре, 25-жүз, мысхафтың 496-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада .
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу