Аль-Джасия

الجاثية · 37 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 499-бет
← Ад-ДуханБарлық сүрелерАль-Ахкаф →
45:1
حمٓ
Ха. Мим
Аударма: Халифа Алтай
Ха. Мим
Аударма: ҚМДБ
45:2
تَنزِيلُ ٱلۡكِتَٰبِ مِنَ ٱللَّهِ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡحَكِيمِ
Бұл Кітап тым үстем, хикмет иесі Алла тарапынан түсірілді
Аударма: Халифа Алтай
Бұл Кітап бәрінен Үстем , аса Дана Аллаһтан түсірілген
Аударма: ҚМДБ
45:3
إِنَّ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ لَأٓيَٰتٖ لِّلۡمُؤۡمِنِينَ
Күдіксіз көктерде де жерде де белгілер бар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, аспандарда және жерде имандылар үшін белгі-ғибраттар бар
Аударма: ҚМДБ
45:4
وَفِي خَلۡقِكُمۡ وَمَا يَبُثُّ مِن دَآبَّةٍ ءَايَٰتٞ لِّقَوۡمٖ يُوقِنُونَ
Сендердің жаратылуларықда сондай-ақ жәндіктердің өрбіп таралуында нак сенген ел тшін белгілер бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сендерді жаратуда және Оның барлық жаны барды / жаратып, оларды / таратуында анық сенетін адамдар үшін белгі-дәлелдер бар
Аударма: ҚМДБ
45:5
وَٱخۡتِلَٰفِ ٱلَّيۡلِ وَٱلنَّهَارِ وَمَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مِن رِّزۡقٖ فَأَحۡيَا بِهِ ٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ مَوۡتِهَا وَتَصۡرِيفِ ٱلرِّيَٰحِ ءَايَٰتٞ لِّقَوۡمٖ يَعۡقِلُونَ
Түн мен күндіздің ауысуында сондай-ақ Алланың көктен жаңбыр жаудырып, өлгеннен кейін жерге сонымен жан беруінде және желдерді игеруінде түсінген елге ғибрат бар
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, түн мен күндіздің алмасуында, Аллаһтың аспаннан ризық / жаңбыр / түсіруінде, онымен / жаңбырмен / жерді тіршіліксіз қалғанынан / өлгенінен / кейін жандандыруында және желдерді бағыттауында ақылын істетіп, үғынатын адамдар үшін белгі-ғибраттар бар
Аударма: ҚМДБ
45:6
تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱللَّهِ نَتۡلُوهَا عَلَيۡكَ بِٱلۡحَقِّۖ فَبِأَيِّ حَدِيثِۭ بَعۡدَ ٱللَّهِ وَءَايَٰتِهِۦ يُؤۡمِنُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) осылар Алланың аяттары. Саған бұларды хақиқат бойынша оқимыз. Енді олар Алланың аяттарынан кейін қай сөзге сенеді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Бүл / Құран / Аллаһтың аят-белгілері, оны саған ақиқатпен оқимыз. Сонда Аллаһтан және Оның аят-белгілерінен кейін олар қай сөзге сенеді
Аударма: ҚМДБ
45:7
وَيۡلٞ لِّكُلِّ أَفَّاكٍ أَثِيمٖ
Барлық өтірікші, күнәкар құрысын
Аударма: Халифа Алтай
Әрбір өтірікші күнәһарғаүлкен қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
45:8
يَسۡمَعُ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِ ثُمَّ يُصِرُّ مُسۡتَكۡبِرٗا كَأَن لَّمۡ يَسۡمَعۡهَاۖ فَبَشِّرۡهُ بِعَذَابٍ أَلِيمٖ
Оларға оқылған Алланың аяттарын тыңдайды да сосын қасарысып, тәкаппарланған бойда естімегендей болады. Енді оны күйзелтуші азаппен қуандыр
Аударма: Халифа Алтай
Ол өзіне оқылған Аллаһтың аяттарын естіп, содан кейін оны естімегендей, менменсіне қасарысады. / Ей, Мұхаммед! / Міне, соларды күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»
Аударма: ҚМДБ
45:9
وَإِذَا عَلِمَ مِنۡ ءَايَٰتِنَا شَيۡـًٔا ٱتَّخَذَهَا هُزُوًاۚ أُوْلَـٰٓئِكَ لَهُمۡ عَذَابٞ مُّهِينٞ
Мүбада ол, аяттарымыздан бір нәрсе білсе, оны келемежге алады. Міне соларға қорлаушы азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қашан ол Біздің аят-белгілерімізден бірнәрсені білсе, оны келеке етеді. Міне, соларға қорлаушы азап бар
Аударма: ҚМДБ
45:10
مِّن وَرَآئِهِمۡ جَهَنَّمُۖ وَلَا يُغۡنِي عَنۡهُم مَّا كَسَبُواْ شَيۡـٔٗا وَلَا مَا ٱتَّخَذُواْ مِن دُونِ ٱللَّهِ أَوۡلِيَآءَۖ وَلَهُمۡ عَذَابٌ عَظِيمٌ
Артынан тозақ дайын. Олардың істері де Алладан өзге жасап алған достары да ешбір пайда бермейді. Сондай-ақ оларға зор қинау бар
Аударма: Халифа Алтай
Олардың артынан Жаһаннам бар. Оларға істеп тапқандары да, Аллаһтан өзге қамқоршы етіп алғандары да ешбір пайда бермейді. Әрі оларға үлкен азап болады
Аударма: ҚМДБ
45:11
هَٰذَا هُدٗىۖ وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ بِـَٔايَٰتِ رَبِّهِمۡ لَهُمۡ عَذَابٞ مِّن رِّجۡزٍ أَلِيمٌ
Бұл Құран бір жетекші. Сондай Раббыларының аяттарына қарсы болғандар үшін күйзелтуші азаптың ең қоры бар
Аударма: Халифа Алтай
Бұл / Құран / — жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / . Ал, өздерінің Раббысының аяттарына сондай күпірлік еткендерге / теріске шығарғандарға / күйзелтуші азаптан ауыр жаза болады
Аударма: ҚМДБ
45:12
۞ٱللَّهُ ٱلَّذِي سَخَّرَ لَكُمُ ٱلۡبَحۡرَ لِتَجۡرِيَ ٱلۡفُلۡكُ فِيهِ بِأَمۡرِهِۦ وَلِتَبۡتَغُواْ مِن فَضۡلِهِۦ وَلَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ
Ол сондай Алла, теңізді еріктеріңе берді. Оның бұйрығымен теңізде кемелерді жүргізіп, Оның кеңшілігінен несібе іздейсіңдер. Әрине шүкірлік етерсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ сендерге теңізді, онда Оның әмірімен кемелердің жүзуі әрі сендер Оның кеңшілігін іздеулерің және шүкір етулерің / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін бағындырды
Аударма: ҚМДБ
45:13
وَسَخَّرَ لَكُم مَّا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِ جَمِيعٗا مِّنۡهُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يَتَفَكَّرُونَ
Және де Ол, өз тарапынан сендер үшін көктердегі әрі жердегі барлық нәрсені іске қосты. Шын мәнінде осыларда түсінген ел үшін белгілер бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол сендерге аспандардағы және жердегі нәрселерді бағындырды. Мұның барлығы да - Одан. Анығында, мұндаақылға салып ойланатын адамдар үшін белгілер бар
Аударма: ҚМДБ
45:14
قُل لِّلَّذِينَ ءَامَنُواْ يَغۡفِرُواْ لِلَّذِينَ لَا يَرۡجُونَ أَيَّامَ ٱللَّهِ لِيَجۡزِيَ قَوۡمَۢا بِمَا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) иман келтіргендерге айт: "Алланың ауыр күнін үміт етпегендерді кешірім етсін. Өйткені Алла, бір елдің қылықтарының жазасын береді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед!! Иманға келгендерге айт: «Аллаһ адамдарға істегендеріне сай қайтарым жазасын беретін болғандықтан, олар Оның күндерін / сыйын, сауабынРүміт етпейтіндерге / имансыздарға / кешіріммен қарасын», - деп
Аударма: ҚМДБ
45:15
مَنۡ عَمِلَ صَٰلِحٗا فَلِنَفۡسِهِۦۖ وَمَنۡ أَسَآءَ فَعَلَيۡهَاۖ ثُمَّ إِلَىٰ رَبِّكُمۡ تُرۡجَعُونَ
Әлде кім ізгі іс істесе, сонда өзі үшін. Ал кім жамандық істесе, о да өзіне. Сосын Раббыларыңа қайтарыласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Кім ізгі амал жасаса, өзінің пайдасына. Ал кім жамандық істесе, өзінің зиянына. Кейін сендер, өздеріңнің Раббыңа қайтарыласыңдар
Аударма: ҚМДБ
45:16
وَلَقَدۡ ءَاتَيۡنَا بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ ٱلۡكِتَٰبَ وَٱلۡحُكۡمَ وَٱلنُّبُوَّةَ وَرَزَقۡنَٰهُم مِّنَ ٱلطَّيِّبَٰتِ وَفَضَّلۡنَٰهُمۡ عَلَى ٱلۡعَٰلَمِينَ
Расында Израил ұрпақтарына кітап, патшалық, Пайғамбарлық және өздеріне таза ризық беріп сондай-ақ әлемдерге үстем қылған едік
Аударма: Халифа Алтай
Біз Исраил ұрпақтарына Кітап, патшалық / үкім / және пайғамбарлықты бердік, оларға таза / жақсы / нәрселерден ризық бердік әрі оларды әлемдерден артық еттік
Аударма: ҚМДБ
45:17
وَءَاتَيۡنَٰهُم بَيِّنَٰتٖ مِّنَ ٱلۡأَمۡرِۖ فَمَا ٱخۡتَلَفُوٓاْ إِلَّا مِنۢ بَعۡدِ مَا جَآءَهُمُ ٱلۡعِلۡمُ بَغۡيَۢا بَيۡنَهُمۡۚ إِنَّ رَبَّكَ يَقۡضِي بَيۡنَهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ فِيمَا كَانُواْ فِيهِ يَخۡتَلِفُونَ
Және де дін істерінде оларға ашық түсініктер бердік. Дегенмен өздеріне мәлімет келгеннен кейін өзара күншілік қылып, мүлде талас-тартысқа түсті. Шын мәнінде Раббың қиямет күні араларындағы қайшылыққа түскен нәрселері турасында үкім береді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз оларға іс / дін / жайлы анық белгі-дәлелдер бердік. Олар өздеріне білім келген соң ғана, бір-біріне деген ашу-ызадан / күншілдіктен / қайшылыққа түсті. Ақиқатында, Раббың Қайта тірілу күні олардың тартысқан нәрселеріне қатысты үкім етеді
Аударма: ҚМДБ
45:18
ثُمَّ جَعَلۡنَٰكَ عَلَىٰ شَرِيعَةٖ مِّنَ ٱلۡأَمۡرِ فَٱتَّبِعۡهَا وَلَا تَتَّبِعۡ أَهۡوَآءَ ٱلَّذِينَ لَا يَعۡلَمُونَ
Сосын (Мұхаммед Ғ.С.) сені шариғат ісіне қойдық. Енді сонымен жүр. Білмегендердің ойларына ілеспе
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Содан кейін сені істе / дінде / шариғат жолына салдық. Енді соған ер және білмейтіндердің көңіл құмарлықтарына ерме
Аударма: ҚМДБ
45:19
إِنَّهُمۡ لَن يُغۡنُواْ عَنكَ مِنَ ٱللَّهِ شَيۡـٔٗاۚ وَإِنَّ ٱلظَّـٰلِمِينَ بَعۡضُهُمۡ أَوۡلِيَآءُ بَعۡضٖۖ وَٱللَّهُ وَلِيُّ ٱلۡمُتَّقِينَ
Өйткені олар сені Алладан еш қорғай алмайды. Шынында залымдар бір-бірінің досы. Сондай-ақ Алла тақуалардың досы
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, олар сені Аллаһтан қорғай алмайды. Негізінде, әділетсіздер - бір-біріне жолдас. Ал, Аллаһ - тақуалардың / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардың / Қамқоршысы
Аударма: ҚМДБ
45:20
هَٰذَا بَصَـٰٓئِرُ لِلنَّاسِ وَهُدٗى وَرَحۡمَةٞ لِّقَوۡمٖ يُوقِنُونَ
Бұл Құран адамдар үшін көрнеу дәлелдер және нақ сенген елге жетекші әрі рахмет
Аударма: Халифа Алтай
Бұл / Құран / адамдар / адамзат / үшін анық көрінетін белгі-дәлел және айқын сенетін адамдар үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / әрі мейірім
Аударма: ҚМДБ
45:21
أَمۡ حَسِبَ ٱلَّذِينَ ٱجۡتَرَحُواْ ٱلسَّيِّـَٔاتِ أَن نَّجۡعَلَهُمۡ كَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ سَوَآءٗ مَّحۡيَاهُمۡ وَمَمَاتُهُمۡۚ سَآءَ مَا يَحۡكُمُونَ
Немесе жамандықтарды істегендер, өздерін; иман келтіріп, ізгі іс істегендер сияқты қылатындығымызды, тіршіліктерінде, өлімдерінде тең боларын ойлай ма? Олардың берген үкімі нендей жаман
Аударма: Халифа Алтай
Әлде жамандық істегендер - Біз оларды иманға келген әрі ізгі амал жасағандар секілді етеді деп және осы өмірде және өлімнен кейін оларды бірдей етеді деп есептей ме? Олардың пайымдағаны неткен нашар
Аударма: ҚМДБ
45:22
وَخَلَقَ ٱللَّهُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ بِٱلۡحَقِّ وَلِتُجۡزَىٰ كُلُّ نَفۡسِۭ بِمَا كَسَبَتۡ وَهُمۡ لَا يُظۡلَمُونَ
Негізінде Алла (Т.) көктерді әрі жерді шындық бойынша жаратты. Әркімге қылығының бодауы беріледі. Сондай-ақ олар әділетсіздікке ұшырамайды
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ аспандар мен жерді ақиқатпен, әрі әрбір жан істеген амалына жараса қайтарым алуы үшін жаратты. және Оларға әділетсіздік етілмейді
Аударма: ҚМДБ
45:23
أَفَرَءَيۡتَ مَنِ ٱتَّخَذَ إِلَٰهَهُۥ هَوَىٰهُ وَأَضَلَّهُ ٱللَّهُ عَلَىٰ عِلۡمٖ وَخَتَمَ عَلَىٰ سَمۡعِهِۦ وَقَلۡبِهِۦ وَجَعَلَ عَلَىٰ بَصَرِهِۦ غِشَٰوَةٗ فَمَن يَهۡدِيهِ مِنۢ بَعۡدِ ٱللَّهِۚ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) көңлі тартқанын тәңір жасап алған, сондай-ақ Алла, өзін біліп адастырган және құлағын, жүрегін бітеп, көзіне қалтқы жасаған біреулерді көрдің ме? Енді Алладан кейін оны тура жолға кім салады? Түсінбейсіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Құмарлықтарын өзіне құдай етіп алғанды көрдің бе? Аллаһ оны, оған білім келгеннен кейін адастырды және есту мүшесі мен жүрегін мөрлеп қойды әрі көзін перделеді. Аллаһтан кейін оны кім тура жолға сала алады? Еске алмайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
45:24
وَقَالُواْ مَا هِيَ إِلَّا حَيَاتُنَا ٱلدُّنۡيَا نَمُوتُ وَنَحۡيَا وَمَا يُهۡلِكُنَآ إِلَّا ٱلدَّهۡرُۚ وَمَا لَهُم بِذَٰلِكَ مِنۡ عِلۡمٍۖ إِنۡ هُمۡ إِلَّا يَظُنُّونَ
Олар: "Тіршілігіміз дүниедегі ғана. Өлеміз, өмір стреміз. Бізді заман ғана өлтіреді" дейді. Негізінде олардың бұған байланысты мәліметі жоқ. Олардікі межелеу ғана. (Қүбылыстар; заманның айналуынан ғана болады дейді. М.Р.К)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар: «Бұл - дүние тіршілігіміз ғана. Біз өлеміз және өмір сүреміз әрі бізді уақыттан басқа ешнәрсе өлтірмейді», деді. Ал оларда бұл жайында ешбір білім жоқ. Олар тек жорамалдайды
Аударма: ҚМДБ
45:25
وَإِذَا تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتُنَا بَيِّنَٰتٖ مَّا كَانَ حُجَّتَهُمۡ إِلَّآ أَن قَالُواْ ٱئۡتُواْ بِـَٔابَآئِنَآ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Оларға аяттарымыз ашықша оқылған кезде: "Егер сөздерің шын болса, аталарымызды тірілтіп, келтіріңдер" деулерінен басқа дәлелдері болмады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қашан оларға анық аяттарымыз оқылған кезде, олардың: «Егер шын сөзді болсаңдар, аталарымызды келтіріңдер», - дегеннен басқа уәждері болмайды
Аударма: ҚМДБ
45:26
قُلِ ٱللَّهُ يُحۡيِيكُمۡ ثُمَّ يُمِيتُكُمۡ ثُمَّ يَجۡمَعُكُمۡ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ لَا رَيۡبَ فِيهِ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Сендерді Алла тірілтеді сосын өлтіреді. Сосын сендерді болуы шәксіз қиямет күнінде жинайды. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ сендерді тірілтеді, кейін өлтіреді, содан соң сендерді болуы күмәнсіз, Қайта тірілу күні жинайды. Бірақ адамдардың көбі білмейді», - де
Аударма: ҚМДБ
45:27
وَلِلَّهِ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ وَيَوۡمَ تَقُومُ ٱلسَّاعَةُ يَوۡمَئِذٖ يَخۡسَرُ ٱلۡمُبۡطِلُونَ
Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Қиямет-қайым болған күні, я сол күні; бұзық құмарлар зиянға ұшырайды
Аударма: Халифа Алтай
Аспандардың және жердің билігі - Аллаһта. Сағат / Қайта тірілу / болатын сол күні - өтірікке шығарушылар зиян шегеді
Аударма: ҚМДБ
45:28
وَتَرَىٰ كُلَّ أُمَّةٖ جَاثِيَةٗۚ كُلُّ أُمَّةٖ تُدۡعَىٰٓ إِلَىٰ كِتَٰبِهَا ٱلۡيَوۡمَ تُجۡزَوۡنَ مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) барлық үмметті жүгінген түрде көресің. Әр үммет ғамал дәптеріне шақырылады да: "Бүгін қылмыстарыңның бодауы беріледі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед!! Сен әрбір үмметті тізерлеген күйінде көресің. Әрбір үммет өз Кітабына шақырылады. / Оларға!: «Бүгін сендер істеп өткен амалдарыңның қайтарымын аласыңдар
Аударма: ҚМДБ
45:29
هَٰذَا كِتَٰبُنَا يَنطِقُ عَلَيۡكُم بِٱلۡحَقِّۚ إِنَّا كُنَّا نَسۡتَنسِخُ مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Бұл Кітабымыз сендерге шындықты сөйлейді. Өйткені, сендердің істегендеріқді жаздырушы едік
Аударма: Халифа Алтай
Бұл кітабымыз / амал кітабы! сендерге қарсы ақиқатты сөйлейді. Өйткені Біз сендердің істеген әрбір амалдарыңды жазуды бұйырғанбыз», - делінеді
Аударма: ҚМДБ
45:30
فَأَمَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ فَيُدۡخِلُهُمۡ رَبُّهُمۡ فِي رَحۡمَتِهِۦۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡمُبِينُ
Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер, сонда оларды Раббылары мәрхаметіне бөлейді. Міне сол айқын қол жеткендік
Аударма: Халифа Алтай
Ал, иманға келген және ізгі амал жасағандарды, олардың Раббысы Өз мейіріміне кіргізеді. Міне, осы - анық жетістік
Аударма: ҚМДБ
45:31
وَأَمَّا ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ أَفَلَمۡ تَكُنۡ ءَايَٰتِي تُتۡلَىٰ عَلَيۡكُمۡ فَٱسۡتَكۡبَرۡتُمۡ وَكُنتُمۡ قَوۡمٗا مُّجۡرِمِينَ
Қарсы болғандарға: "Сендерге аяттарым оқылмап па еді? Сонда тәқаппарландыңдар. Сондай-ақ қылмысты ел, сендер едіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ал, сондай күпірлік еткендерге / иманнан теріс бұрылғандарға / : «Сендерге аяттарым оқылған жоқ па еді? Сонда сендер өздеріңді жоғары санадыңдар және қылмыскер адам болдыңдар»
Аударма: ҚМДБ
45:32
وَإِذَا قِيلَ إِنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٞ وَٱلسَّاعَةُ لَا رَيۡبَ فِيهَا قُلۡتُم مَّا نَدۡرِي مَا ٱلسَّاعَةُ إِن نَّظُنُّ إِلَّا ظَنّٗا وَمَا نَحۡنُ بِمُسۡتَيۡقِنِينَ
Расында Алланың уәдесі хақиқат әрі қияметтің келуінде шәк жоқ" делінген уақытта: "Қияметтің не екенін білмейміз. Бір ой жору ғана деп ойлаймыз. Сондай-ақ біз анық нанушы емеспіз" (дер едіңдер)
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге!: «Аллаһтың уәдесі шын әрі Сағатта / Қайта тірілу күнінде / күмән жоқ», - делінсе: «Біз Сағаттың не екенін білмейміз. Бізде ол туралы түрлі ойлар бар әрі оған айқын сеніміміз жоқ», - деп едіңдер» - делінеді
Аударма: ҚМДБ
45:33
وَبَدَا لَهُمۡ سَيِّـَٔاتُ مَا عَمِلُواْ وَحَاقَ بِهِم مَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ
(Дегенше) істеген істерінің жамандықтары әшкереленіп, олардың мазақтаған нәрселері бастарына жетті
Аударма: Халифа Алтай
Сонда істеген жамандықтары олардың алдынан шығып әрі өздері мазақ еткен нәрселері оларды орап алады
Аударма: ҚМДБ
45:34
وَقِيلَ ٱلۡيَوۡمَ نَنسَىٰكُمۡ كَمَا نَسِيتُمۡ لِقَآءَ يَوۡمِكُمۡ هَٰذَا وَمَأۡوَىٰكُمُ ٱلنَّارُ وَمَا لَكُم مِّن نَّـٰصِرِينَ
Оларға: "Сендер осы күнге жолығуды ұмытқандай сендерді Біз де ұмытамыз. Орындарың от. Сондай-ақ сендер үшін бір жәрдемші болмайды" делінеді
Аударма: Халифа Алтай
Оларға/: «Осы Күнге жолығудыұмыт қалдырғандарыңдай / естен шығарғандарындай / , Біз де бұл Күні сендерді ұмыт қалдырамыз. Сендердің орындарың От болады әрі сендерге көмектесушілер болмайды
Аударма: ҚМДБ
45:35
ذَٰلِكُم بِأَنَّكُمُ ٱتَّخَذۡتُمۡ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ هُزُوٗا وَغَرَّتۡكُمُ ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَاۚ فَٱلۡيَوۡمَ لَا يُخۡرَجُونَ مِنۡهَا وَلَا هُمۡ يُسۡتَعۡتَبُونَ
Бұларың, Алланың аяттарын мазақтағандықтарыңның салдарынан. Әрі сендерді дүние тіршілігі алдады. Сондықтан олар тозактан шығарылмайды да ғүзырлары қабыл етілмейді
Аударма: Халифа Алтай
Бұл сендерге, Аллаһтың аят-белгілерін мазақ етіп күлгендіктерің әрі бұл өмірдің сендерді қызықтырып, алдап қойғандығы себепті болды», - делінеді. Енді бүгін олар ол жерден шығарылмайды әрі олардан / тәубеге келіп, Аллаһтың / ризалығын алу талап етілмейді
Аударма: ҚМДБ
45:36
فَلِلَّهِ ٱلۡحَمۡدُ رَبِّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَرَبِّ ٱلۡأَرۡضِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Барлық мақтау, көктер мен жердің және әлемдердің Раббы Аллаға тән
Аударма: Халифа Алтай
Барлық мақтау - аспандардың Раббысы, жердің Раббысы әрі әлемдердің Раббысы - Аллаһқа
Аударма: ҚМДБ
45:37
وَلَهُ ٱلۡكِبۡرِيَآءُ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Сондай-ақ Көктерде, жерде ұлықтық Онікі. Ол тым үстем, аса дана
Аударма: Халифа Алтай
Аспандар мен жердегі ұлылық - Онікі. Әрі Ол бәрінен Үстем , аса Дана
Аударма: ҚМДБ
← Ад-ДуханБарлық сүрелерАль-Ахкаф →

Аль-Джасия сүресі туралы

Аль-Джасия (الجاثية) — Құранның 45-сүресі, 37 аят, меккелік сүре, 25-жүз, мысхафтың 499-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу