Көктер мен жерді ері екі арасындағыларды шындық бойынша, бір мерзім белгілеп қана жараттық. Ал сондай қарсы болғандар, ескертілген нәрседен жалтаруда
Аударма: Халифа Алтай
Біз аспандар мен жерді әрі екеуінің арасындағыларын тек ақиқатпен және белгіленген бір мерзіммен жараттық. Ал, кәпірлер өздеріне ескертіліп, сақтандырылғаннан теріс бұрылуда
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Алладан өзге шоқынған нәрселеріңді көрдіңдер ме? Олар жер жүзінде не жаратты, маған көрсетіңдерші. Немесе олардың көктерде ортақтығы бар ма? Егер шыншыл болсаңдар, маған бұдан бұрынғы бір кітап яки ғылми деректер келтіріңдер" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтан өзге шақырып-жалбарынатындарыңды көрдіңдер ме? Олардың жерден нені / қай бөлігін / жаратқанын маған көрсетіңдерші? Әлде олардың аспандарда / оны жаратуда / үлесі бар ма? Егер айтқандарың шын болса, маған / сөздеріңді растайтын / осыдан / Құраннан / алдын түскен Кітап не бұрын өткен білімінен қалған бір белгі әкеліңдерші», - деп
Алладан өзге қияметке дейін өзіне жауап бере алмайтын біреуге табынғаннан кім залымырақ? Әрине табынғандары олардың жалбаруларынан хабарсыз
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтан өзге, Қайта тірілу күніне дейін өзіне жауап бермейтіндерге жалбарынғаннан өткен адасушы кім бар? Әрі бұлар / табынған нәрселері / олардың дұға тілектерінен хабарсыз
Адамдар жиналған кезде, оларға табынғандары дұшпан болып, олардың өздеріне құлшылық қылғандықтарына қарсы шығады. (С. 80-81-А)
Аударма: Халифа Алтай
Ал, адамдар жиналған кезде / қайта тірілу күні / , бұлар / табынғандары / оларға / серік қосушыларға! жау болады және олардың өздеріне құлшылық еткенінен бас тартады
Оларға ап-ашық аяттарымыз оқылған кезде, сондай өздеріне келген шындыққа қарсы болғандар: "Мынау ашық бір сиқыр" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қашан оларға / серік қосушыларға / анық аяттарымыз оқылған кезде, өздеріне келген ақиқатқа күпірлік еткендер / Аллаһқасенбегендер / : «Бұл - анық сиқыр», -дейді
Немесе олар: "Оны өзі жасады" дей ме? (Мұхаммед Ғ.С.): "Мүбада өзім жасаған болсам, сонда мені Алладан еш қорғай алмайсыңдар. Алла, ол жөнде не көкігендеріңді жақсы біледі. Сондай-ақ Ол, мені мен сендердің арамызға куәлікте жетіп асады. Және Ол, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді" де
Аударма: Халифа Алтай
Әлде олар: «Ол оны ойдан шығарды», - дей ме? Айт: «Егер мұны ойдан шығарсам, сендер мен үшін Аллаһтан / келетін / ешнәрсеге иелік ете алмайсыңдар / Аллаһтың жазасынан қорғай алмайсыңдар! ?і Ол сендердің не сөйлеп жатқандарыңды жақсы біледі. Ол мені мен сендердің араларыңа куә ретінде жеткілікті. Ол өте Кешірімді , ерекше Мейірімді », - деп
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Мен елшілердің тұңғышы емеспін. Сондай-ақ маған әрі сендерге не істелетінін де білмеймін. Өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Және ашық бір ескертуші ғанамын" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мен елшілердің алғашқысыемеспін және маған да, сендерге де не істелінетінін білмеймін. Мен өзіме уахи етілгенге ғана еремін әрі мен - бар болғаны анық ескертуші ғанамын», - деп
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Көрдіңдер ме? Егер де Құран Алланың қасынан болып, сендер оған қарсы болсаңдар; сондай-ақ Израил ұрпақтарынан бір куә, осы сияқты (Тәурат) ға қуә болып, кейін иман келтірсе де сендер менмесісеңдер, күдіксіз Алла залым елді тура жолға салмайды
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Сендер ойладыңдар ма, егер бұл / Құран / Аллаһтан болып, ал сендер оған күпір келтірсеңдер / мойындамасаңдар / әрі Исраил ұрпақтарынан бір куә осы сияқтыға / Тәуратқа / куә болып, кейін / Құранға / сенсе, ал сендер менменсіп, өздеріңді жоғары санасаңдар? Анығында, Аллаһ әділетсіз адамдарды тура жолға салмайды», - деп
Сондай қарсы келгендер, иман келтіргендер үшін: "Егер (бұл дінде) игілік болса еді, олар бізден озбас еді. (Алдымен біз Мұсылман болар едік.)" деді. Онымен де тура жол таппағандықтан: "Бұл көне бір өтірік" деседі
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сондай күпірлік етушілер / Құранды теріске шығарушылар / иманға келгендер жайлы: «Егер де ол / Құран / жақсылық болғанда, онда олар оған / сенуде / бізден озбас / оны алдын біз қабылдар едік / еді», - деді. Өздері онымен тура жол таппағандықтан: «Бұл ежелгі өтірік», - дейді
Құраннан бұрын жолбасшы әрі игілік түрінде Мұса (Ғ.С.) ның кітабы бар еді. Міне осы Құран зұлымдық қылғандарға ескерту, жақсылық істеушілерді қуанту үшін арап тіліндегі растаушы бір Кітап
Аударма: Халифа Алтай
Ал, бұдан / Құраннан / алдын жетекші әрі мейірім - Мұсаның кітабы болды. Ал бұл / Құран / - араб тілінде, / алдыңғы кітаптарды / растаушы, әділетсіздерді ескерту әрі жақсылықты ықыласпен істеушілерге қуанышты хабар ретінде / түсірілген / Кітап
Адам баласына, әке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық. Өйткені шешесі оны зорға көтеріп, әреқ босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, (сүттен) айыру отыз ай. Ақыр ол, ержетіп, қырық жасқа ұласқан кезде: "Раббым! Өзіме әке-шешеме берген нығметтеріңе шүкірлік етуімді, өзің разы болатын түзу ғамал істеуімді маған нәсіп ете көр! Менің ұрпақтарымды да түзелт. Шын мәнінде, мен тәубе қылдым. Әрине мен бой ұсынушыларданмын" деді
Аударма: Халифа Алтай
Біз адам баласына ата-анасына жақсылықты ықыласпен жасауды өсиет етіп тапсырдық. Анасы оны / құрсағында / ауырлықпен көтеріп және оны қиналып босанады. Оның жүктілік және сүттен айыруы - отыз ай. Ал, қашан ол кемеліне келіп, әрі қырық жасқа толған кезде: «Раббым! Маған өзіме және ата-анама берген игілігің үшін шүкір етуімді / алғыс, разылық білдіруімді / және Өзің разы болатын ізгі амал істеуімді жүрегіме кіргізіп, нәсіп ет. Әрі менің үшін ұрпағымды ізгілерден еткін. Мен күнәдан бас тартып, Өзіңе бойсұнуға қайттым / тәубе еттім / . Мен - мұсылмандарданмын / бойсұнушыларданмын / », - дейді
Ал енді әлде кім, әке-шешесіне: "Тұһ! Екеуін де мені қайта тірілтіп, шығумен қорқытасыңдар ма? Расында менен бұрын қаншалаған нәсілдер өтіп кетті. (Олар тірілмеді)" деді. Әке-шешесі Аллаға жалбарынып: "Саған нендей өкініш! Иман келтір. Күдіксіз Алланың уәдесі хақ" дегенде, ол: "Бұл, бұрынғылардың ғана ертегісі" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ал енді біреу ата-анасына: «Түһ, сендерден! Сен екеуің мені, / қабірден / шығарылуыммен қорқытпақшысыңдар ма? Менен бұрын қанша ұрпақ өтіп кетті», дейді. Ол екеуі Аллаһтан жәрдем тілеп: «Әй, сорың бар болғыр! Иманға кел! Сөзсіз, Аллаһтың уәдесі - хақ», - дегенде, ол: «Бұл -бұрынғылардың аңыз әңгімелері ғана», - дейді
Міне осылар, бұрынғы өтіп кеткен, өздеріне делінген сөз бойынша азапқа душар болган жындар мен адамдар тобынан болады
Аударма: Халифа Алтай
Міне, солар - өздеріне, олардан алдын өткен жындар мен адамдар қауымына қатысты, / жаза туралы / Сөз хақ болғандар / тиетіндер / .Анығында, олар зиянға ұшыраушылардан болды
Сондай қарсы болғандар, отқа төндірілген күні: "Дүние тіршілігінің қызығын көріп, одан пайдаландыңдар. Ал енді бүгін жер жүзінде орынсыз менменсіп, бұзақылық қылғандықтарың себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар" (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Ал, сондай күпірлік етушілер / имансыздар / Отқа келтірілген сол күні / Оларға /:«Сендер дүниелік өмірлерінде / берілген / жақсылықтарды ысырап еттіңдер және онымен рахаттандыңдар. Енді бүгін, құқықтарың болмаса да жер бетінде өздеріңді жоғары санағандықтарың және бұзықтықтарың / бойсұнбауларың / үшін сендерге қайтарым жаза ретінде қорлайтын азап беріледі»,-делінеді
(Мұхаммед Ғ.С.) Ғад елінің туысын (Ћүд Ғ.С. ды) есіңе ал; сол уақытта Ахқафтагы еліне ескерткен еді. Расында одан бұрын да кейін де ескертушілер өткен еді. Ол, еліне: "Алладан басқаға құлшылық қылмаңдар. Шын мәнінде мен сендерге (келетін) зор күннің азабынан қорқамын" (деді)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ад елінің ағайынын / Һұдты / есіңе ал. Сол кезде ол Ахқафтағы еліне, өзінен бұрын және кейін өткен ескертушілер секілді: «Аллаһтан басқаға табынбаңдар! Мен сендер үшін ұлы Күннің азабынан қорқамын», - деп ескерткен еді
Шын мәнінде мәлімет Алланың қасында. Мен сендерге менімен жіберілген нәрсені жалғастырып, отырмын. Дегенмен сендерді надан ел көремін" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Шын мәнінде, білім - бір Аллаһта. Ал, мен сендерге өзіммен жіберілгенді ғана жеткіземін. Дегенмен, мен сендердің түсінбейтін / надан / ел екендіктеріңді көріп тұрмын», - деді
Сонда олар, апатты, ойпаттарына қарай жайылып, келе жатқан бұлт түрінде көрген сәтте: "Бұл бізге жаңбыр жаудыратын бұлт" деді. (Ћүд Ғ.С.): "Жоқ, ол, сендердің асыға тілегендерің; ішінде жан түршігерлік азабы бар бір боран" (деді)
Аударма: Халифа Алтай
Олар оны / жазаны / алқаптарына қарай / бұлт секілді / жайылып келе жатқанын көрген кезде: «Мына бұлт бізге жаңбыр әкеледі», - деді. «Олай емес! Ол өздерің тез болуын сұрағандарың - ішінде күйзелтуші азабы бар жел
Раббыңның әмірімен әр нәрсені тас-талқан қылады. Сонда олардың жұрттарынан басқа еш нәрсе көрінбей қалады. Қылмысты елге осылай жаза береміз
Аударма: Халифа Алтай
Ол Раббысының әмірі бойынша әрбір нәрсені қиратады!» Ал, таңертең олардың тұрақ жайларынан басқа ешнәрсе көрінбей қалды. Біз қылмыскер елдің қайтарым жазасын осылай береміз
Расында оларға, сендерге берген мүмкіншілікті берген едік. Сондай-ақ оларға есту, көру және ойлау қабілетін берген едік. Бірақ олардың құлақтары, көздері және жүректері ешбір пайда бермеді. Өйткені олар, Алланың аяттарына қарсы келетін еді. Олардың мазақтаган нәрселері бастарына жетті
Аударма: Халифа Алтай
Біз Оларға сендерге бермеген күш-қуат / мүмкіншілік / бердік әрі оларға естуді, көруді және ақыл-ес / жүректі / бердік. Алайда олардың естулері, көрулері және ақыл-естері ешқандай пайда бермеді, себебі олар Аллаһтың белгі-дәлелдерін теріске шығарған еді. Сөйтіп олардың келеке еткендері өздерін орап алды
Сонда Алладан өзге, Оған жақындық үшін жасап алган тәңірлері өздеріне неге болыспады. Керісінше олардан ғайып болып кетті. Осы, олардың өтіріктері және жасандылары
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олардың Аллаһтан өзге / Оған / жақындатады деп, құдайлар етіп алғандары Оларға неліктен көмектеспеді? Керісінше, олар бұлардан жоқ болып кетті. Міне, бұл - олардың өтіріктері және ойдан құрастырғандары
(Мұхаммед Ғ.С.) Сол уақытта саған жындардан Құран тыңдайтын бір топты келтірген едік. (Мұхаммед Ғ.С. Тайып пен Меккенің арасындагы "Нахла" ойпатында таң намазында Құран тыңдауға жындар келген.Б.Ж.М.Р.К.) Олар жетіп келген сәтте: "Үндемеңдер" десті. Сонда оқылуы біткен кезде, елдеріне ескертуші болып қайтты
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Әрі саған Құранды тыңдау үшін жындардың бір тобын жібердік. Сонда олар / жындар / оның / пайғамбардың / қасына келген кезде: «Тыңдаңдар», - десті. Ал ол / оқу / аяқталған кезде, олар / дінді қабылдаған жындар / елдеріне ескертуші / насихаттаушы / болып қайтты
Олар: "Әй еліміз! Шын мәнінде біз Мұса (Ғ.С.) дан кейін түсірілген алдынғыны растаушы, сондай-ақ шындыққа және тура жолға салатын бір Кітап тыңдатық" деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Әй, біздің қауым! Біз шын мәнінде, Мұсадан кейін түсірілген, өзіне дейінгі болғанды растаушы Кітапты тыңдадық. Ол ақиқатқа әрі тура жолға бастайды
Ей, біздің қауым! Аллаһтың шақырушысына / Мұхаммедке / жауап беріңдер және Оған сеніңдер, / сонда / Ол / Аллаһ / сендердің күнәларыңды кешіреді және сендерді күйзелтуші азаптан сақтайды
Әлде кім Алланың шақырушысын қабылдамаса да жер жүзінде Алланы осалдата алмайды. Әрі оған, Одан өзге болысушы да болмайды. Міне осылар ашық адасуда
Аударма: Халифа Алтай
Ал, кім Аллаһтың шақырушысына жауап бермесе, ол жер бетінде / Оны / әлсірете алмайды әрі оған Одан өзге құтқарушы, қамқоршы болмайды. Міне, солар - анық адасуда»,- деді
Олар көрмей ме? Шәксіз Ол сондай Алла, көктер мен жерді жаратты. Сондай-ақ оларды жаратқанда болдырмаған Алланың өліктерді тірілтуге шамасы келеді. Әрине Оның әр нәрсеге күші толық жетуші
Аударма: Халифа Алтай
Олар білмеді ме, аспандар мен жерді жаратқан әрі оларды жаратуда әлсіздік танытпаған Аллаһтың өлілерді де тірілтуге Күші жетуші екенін? Сөзсіз, Ол - барлық нәрсені Жасай алушы
Сондай кәпірлер, отқа әкелінетін күні, оларға: "Осы шындық емес пе екен?",- (делінеді) Олар: "Әрине Раббымызға серт" дейді. Сонда оларға: "Қарсы келгендіктерің себепті азапты татыңдар" делінеді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сондай күпірлік етушілер / имансыздар / Отқа келтірілген күні / Оларға / : «Бүл ақиқат емес пе?», - делінеді. Олар: «Әрине, Раббымызбен ант етеміз!»,- дейді. Ол: «Қарсы келгендіктерің үшін енді азапты татыңдар», -дейді
(Мұхаммед Ғ.С.) пайғамбарлардан майталмандар, сабыр еткендей сабыр ет. Олар үшін асықпа; олар өздеріне уәде етілгенді, көрген күні, дүниеде күндізден бір дем ғана тұрғандай білінеді. Бұл бір ұқтыру. Бұзақы ел ғана жоқ етіледі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед / / Елшілерден ъазм иелері сабыр еткендей, сабыр ет және олар үшін / жазаны / тездетуді сұрама. Олар өздеріне уәде етіліп жатқанды көрген күні күндізден бір уақыт қана тұрғандай болады. Бұл / Құран / -бір жеткізу. Бұзық / бойсұнбаушы / адамдардан басқасы жойылатын ба еді