Мухаммад

محمد · 38 аят · мединалық
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 507-бет
← Аль-АхкафБарлық сүрелерАль-Фатх →
47:1
ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَصَدُّواْ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ أَضَلَّ أَعۡمَٰلَهُمۡ
Сондай қарсы болып, Алланың жолынан тосқандардың, Алла ғамалдарын босқа жібереді
Аударма: Халифа Алтай
Күпірлік еткендердің / иманға келмегендердің / және / адамдарды / Аллаһтың жолынан бұрғандардың амалдарын Ол зая кетірді
Аударма: ҚМДБ
47:2
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ وَءَامَنُواْ بِمَا نُزِّلَ عَلَىٰ مُحَمَّدٖ وَهُوَ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّهِمۡ كَفَّرَ عَنۡهُمۡ سَيِّـَٔاتِهِمۡ وَأَصۡلَحَ بَالَهُمۡ
Ал иман келтіріп, ізгі іс істегендердің сондай-ақ Мұхаммед (Ғ.С.) ке Раббы тарапынан ол шындықпен түсірілгенге иман келтіргендердің Алла, жамандықтарын жойып, жағдайларын түзелтті
Аударма: Халифа Алтай
Ал, иманға келген және ізгі амал жасаған әрі Мұхаммедке түсірілгенге - бұл / Құран / олардың Раббысынан келген ақиқат сенгендердің, Ол жамандықтарын өшірді әрі жағдайларын түзелтті
Аударма: ҚМДБ
47:3
ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ ٱتَّبَعُواْ ٱلۡبَٰطِلَ وَأَنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱتَّبَعُواْ ٱلۡحَقَّ مِن رَّبِّهِمۡۚ كَذَٰلِكَ يَضۡرِبُ ٱللَّهُ لِلنَّاسِ أَمۡثَٰلَهُمۡ
Бұның себебі: Шынайы қарсы болғандардың бос нәрсеге ілесіп анық иман келтіргендердің Раббыларынан келген хақиқатка ілескендіктері. Осылайша Алла адам баласына өз мысалдарын келтіреді
Аударма: Халифа Алтай
Мұның себебі, сондай күпірлік етушілердің / имансыздардың / жалғанға ілескендігі, ал иманға келгендердің өздерінің Раббысынан келген ақиқатқа ергендіктерінен. Аллаһ адамдарға, олардың мысалдарын осылай келтіреді
Аударма: ҚМДБ
47:4
فَإِذَا لَقِيتُمُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فَضَرۡبَ ٱلرِّقَابِ حَتَّىٰٓ إِذَآ أَثۡخَنتُمُوهُمۡ فَشُدُّواْ ٱلۡوَثَاقَ فَإِمَّا مَنَّۢا بَعۡدُ وَإِمَّا فِدَآءً حَتَّىٰ تَضَعَ ٱلۡحَرۡبُ أَوۡزَارَهَاۚ ذَٰلِكَۖ وَلَوۡ يَشَآءُ ٱللَّهُ لَٱنتَصَرَ مِنۡهُمۡ وَلَٰكِن لِّيَبۡلُوَاْ بَعۡضَكُم بِبَعۡضٖۗ وَٱلَّذِينَ قُتِلُواْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ فَلَن يُضِلَّ أَعۡمَٰلَهُمۡ
Соғыста кәпірлермен кездессеңдер, мойындарына шабыңдар; оларды жаныштағанға дейін. Сонда берік байлаңдар (тұтқынға алыңдар) да сосын қамқорлық қылып (қоя беріңдер.) Немесе бодау алыңдар; Соғыс қүралдарын қойғанға дейін (сөйтіңдер.) (С. 193-А.) Егер Алла қаласа, олардан өш алар еді. Бірақ біріңді-бірің арқылы сынау үшін. Сондай Алла жолында өлтірілгендер болса, Алла олардың ғамалдарын әсте зая қылмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қашан / соғыс майданында / күпірлік етушілермен / сендермен соғысушы кәпірлермен / кездессеңдер мойындарынан ұрыңдар. Қашан оларды басып, әлсіреткеннен кейін, байлауды мықтап бекітіңдер / тұтқындарды қамаңдар / ,Содан кейін соғыс жүгін түсіргенге / аяқталғанға / дейін не рақым ету, не төлем алу керек. Міне осылай! Егер де Аллаһ қалағанда, олардан Өзі кек алып жазалайтын еді. Бірақ, Ол сендерді біріңді-бірің арқылы сынауы үшін / осылай етті / . Аллаһ жолында өлтірілгендердің амалдарын Ол ешқашан зая кетірмейді
Аударма: ҚМДБ
47:5
سَيَهۡدِيهِمۡ وَيُصۡلِحُ بَالَهُمۡ
Оларды тура жолға салып жағдайларын түзелтеді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / оларды тура жолмен жүргізеді және олардың жағдайларын түзетіп оңалтады
Аударма: ҚМДБ
47:6
وَيُدۡخِلُهُمُ ٱلۡجَنَّةَ عَرَّفَهَا لَهُمۡ
Оларды өздеріне таныстырылған жаннатқа кіргізеді
Аударма: Халифа Алтай
әрі оларды Өзі сипаттап таныстырған Жәннатқа кіргізеді
Аударма: ҚМДБ
47:7
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِن تَنصُرُواْ ٱللَّهَ يَنصُرۡكُمۡ وَيُثَبِّتۡ أَقۡدَامَكُمۡ
Әй мүміндер! Егер Аллаға (дініне) жәрдем етсеңдер, Ол сендерге жәрдем етіп, табандарыңды бекітеді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Егер Аллаһқа көмек берсеңдер, Ол сендерге көмек береді және табандарыңды бекітеді
Аударма: ҚМДБ
47:8
وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فَتَعۡسٗا لَّهُمۡ وَأَضَلَّ أَعۡمَٰلَهُمۡ
Сондай қарсы келгендерге келсек, олар жанышталсын. Алла олардың ғамалдарын зая қылды
Аударма: Халифа Алтай
Ал, сондай күпірлік еткендерге / Аллаһқа қарсы келгендерге / - оларға жойылу бар әрі Ол / Аллаһ / олардың барлық амалдарын зая кетіреді
Аударма: ҚМДБ
47:9
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمۡ كَرِهُواْ مَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ فَأَحۡبَطَ أَعۡمَٰلَهُمۡ
Бұның себебі: Шынында олар Алланың түсірген нәрсесін жек көрді. Сондықтан Алла олардың ғамалдарын жойды
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - олардың Аллаһтың түсіргенін жақтырмағандығы / жек көргендігі / себебінен. Сондықтан Ол / Аллаһ / олардың амалдарын бекер етті
Аударма: ҚМДБ
47:10
۞أَفَلَمۡ يَسِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَيَنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۖ دَمَّرَ ٱللَّهُ عَلَيۡهِمۡۖ وَلِلۡكَٰفِرِينَ أَمۡثَٰلُهَا
Олар жер жүзінде кезіп, өздерінен бұрынғылардың соңдарының қалай болғаның көрмей ме? Алла оларды талқандаған. Кәпірлер үшін сол тәрізді болады
Аударма: Халифа Алтай
Олар жер бетінде сапар шекпеді ме, сөйтіп өздерінен бұрынғылардың соңы қалай болғанын көрмеді ме? Аллаһ оларды жойып жіберді. Кәпірлерге де сол секілді / болады
Аударма: ҚМДБ
47:11
ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱللَّهَ مَوۡلَى ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَأَنَّ ٱلۡكَٰفِرِينَ لَا مَوۡلَىٰ لَهُمۡ
Өйткені Алла, иман келтіргендердің иесі. Шынында кәпірлердің иесі жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Мұның себебі, иманға келгендердің Иесі, Қамқоршысы - Аллаһ, ал кәпірлердің қамқоршысы жоқ болғандығынан
Аударма: ҚМДБ
47:12
إِنَّ ٱللَّهَ يُدۡخِلُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ جَنَّـٰتٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُۖ وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ يَتَمَتَّعُونَ وَيَأۡكُلُونَ كَمَا تَأۡكُلُ ٱلۡأَنۡعَٰمُ وَٱلنَّارُ مَثۡوٗى لَّهُمۡ
Шәксіз Алла иман келтіріп, ізгі іс істегендерді астарынан өзендер ағатын жаннатқа кіргізеді. Ал қарсы болғандар, (дүние тіршілігінен аз ғана) пайдаланып, хайуандар тәрізді жей береді. Олардың орны тозақ оты
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһ иманға келген және ізгі амал істегендерді астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарғакіргізеді. Ал, сондай күпірлік етушілер / имансыздар / болса, олар / дүниеден / рахаттанып пайдаланады әрі малдардың қоректенгені секілді жеп-ішеді. Олардың тұрағы - От / тозақ
Аударма: ҚМДБ
47:13
وَكَأَيِّن مِّن قَرۡيَةٍ هِيَ أَشَدُّ قُوَّةٗ مِّن قَرۡيَتِكَ ٱلَّتِيٓ أَخۡرَجَتۡكَ أَهۡلَكۡنَٰهُمۡ فَلَا نَاصِرَ لَهُمۡ
(Мұхаммед Ғ.С.) сені шығарған кентіңнен тағы күшті қаншалаған кентті жоқ еттіқ. Сонда оларға болысушы болмады
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сені қуып, шығарып жіберген кенттен де күш-қуаты мол, мықты қаншама елді мекенді Біз жойып жібердік. Оларға көмектесуші ешкім болмады
Аударма: ҚМДБ
47:14
أَفَمَن كَانَ عَلَىٰ بَيِّنَةٖ مِّن رَّبِّهِۦ كَمَن زُيِّنَ لَهُۥ سُوٓءُ عَمَلِهِۦ وَٱتَّبَعُوٓاْ أَهۡوَآءَهُم
Ал сонда Раббы тарапынан ашық дәлелде болған біреу, өзіне жаман ғамалы әдемі көрсетіліп, әуестеріне ерген біреумен тең бе
Аударма: Халифа Алтай
Раббысынан анық дәлел үстінде болған біреу, өзіне ісінің жамандығы әдемі етіп көрсетілген және көңілқұмарлығына ергендер секілді бола ма
Аударма: ҚМДБ
47:15
مَّثَلُ ٱلۡجَنَّةِ ٱلَّتِي وُعِدَ ٱلۡمُتَّقُونَۖ فِيهَآ أَنۡهَٰرٞ مِّن مَّآءٍ غَيۡرِ ءَاسِنٖ وَأَنۡهَٰرٞ مِّن لَّبَنٖ لَّمۡ يَتَغَيَّرۡ طَعۡمُهُۥ وَأَنۡهَٰرٞ مِّنۡ خَمۡرٖ لَّذَّةٖ لِّلشَّـٰرِبِينَ وَأَنۡهَٰرٞ مِّنۡ عَسَلٖ مُّصَفّٗىۖ وَلَهُمۡ فِيهَا مِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِ وَمَغۡفِرَةٞ مِّن رَّبِّهِمۡۖ كَمَنۡ هُوَ خَٰلِدٞ فِي ٱلنَّارِ وَسُقُواْ مَآءً حَمِيمٗا فَقَطَّعَ أَمۡعَآءَهُمۡ
Сондай тақуаларға уәде етілген жаннаттың мысалы: Онда еш бұзылмайтын өзен сулар, дәмі өзгермейтін сүттен өзендер, ішушілерге дәмді арақтан өзендер (С. 45-47-А., 56-С. 19-А.) және балдан өзендер, сондай-ақ онда оларға әр түрлі жеміс әрі Раббыларынан жарылқау бар; (бұлар,) тозақта мәңгі қалып, қайнар су ішкізіліп, ішектері туралған біреумен тең бе
Аударма: Халифа Алтай
Тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға! уәде етілген жәннаттың сипаты: ол жерде суы бұзылмайтын өзендер, дәмі айнымаған сүттен өзендер, ішушілерге ұнамды сусыннан өзендер және таза / қоспадан тазаланған / балдан өзендер бар. Оларға ол жерде әртүрлі жемістер бар әрі Оларға өздерінің Раббысынан кешірім болады. / Осылар / Отта мәңгі қалатын, сондай қайнап тұрған су ішкізіліп, ол ішектерін тіліп жіберетін біреулермен бірдей бола ма
Аударма: ҚМДБ
47:16
وَمِنۡهُم مَّن يَسۡتَمِعُ إِلَيۡكَ حَتَّىٰٓ إِذَا خَرَجُواْ مِنۡ عِندِكَ قَالُواْ لِلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡعِلۡمَ مَاذَا قَالَ ءَانِفًاۚ أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ طَبَعَ ٱللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمۡ وَٱتَّبَعُوٓاْ أَهۡوَآءَهُمۡ
Олардың ішінен саған құлақ асқандар да жоқ емес. Ақыр қасыңнан шыққан кезде, өздеріне ғылым берілгендерден: "Әзір не айтты?",- деп сұрайды. Міне бұлар, Алла, жүректерін бітеп қойған, әуестеріне ергендер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олардың / мұнафиқтардың! арасында сені тыңдайтындар бар. Алайда сенің алдыңнан шыққан кезде, олар білім берілгендерге / сахабаларға / : «Ол әлгінде не айтты?» - дейді. Міне, солар - жүректерін Аллаһ мөрлеп тастағандар әрі олар - көңіл құмарлығына ергендер
Аударма: ҚМДБ
47:17
وَٱلَّذِينَ ٱهۡتَدَوۡاْ زَادَهُمۡ هُدٗى وَءَاتَىٰهُمۡ تَقۡوَىٰهُمۡ
Ал сондай тура жол тапқандар, Алла, олардың туралықтарын арттыра түсіп, оларға тақуалық береді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, тура жолды ұстанғандарға Ол / Аллаһ / туралықтарын / тура жолды ұстануын / арттырады әрі оларға тақуалықты / Өзінің жазасынан қорқып, сақтануды / береді
Аударма: ҚМДБ
47:18
فَهَلۡ يَنظُرُونَ إِلَّا ٱلسَّاعَةَ أَن تَأۡتِيَهُم بَغۡتَةٗۖ فَقَدۡ جَآءَ أَشۡرَاطُهَاۚ فَأَنَّىٰ لَهُمۡ إِذَا جَآءَتۡهُمۡ ذِكۡرَىٰهُمۡ
Олар қиямет мезгілінің өздеріне кенеттен келуін ғана күте ме? Расында оның белгілері келді ғой. Қиямет келіп болғанда, үгіт алулары неге жарайды
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздеріне кенеттен келетін Сағаттан / Қайта тірілу күнінен / басқа нәрсенің келуін күтуде ме? Негізінде, оның / кейбір / белгілері келді. Ол / Сағат / өздеріне келген кезде, еске алу Оларға не береді
Аударма: ҚМДБ
47:19
فَٱعۡلَمۡ أَنَّهُۥ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا ٱللَّهُ وَٱسۡتَغۡفِرۡ لِذَنۢبِكَ وَلِلۡمُؤۡمِنِينَ وَٱلۡمُؤۡمِنَٰتِۗ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ مُتَقَلَّبَكُمۡ وَمَثۡوَىٰكُمۡ
(Мұхаммед Ғ.С.) енді біл! Шын мәнінде Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Өзіңнің әрі мүмін ер, әйелдердің күнәларының жарылқануын тіле! Алла, айналған әрі тұрақтаған жерлеріңді біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біл, Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ. Өзіңнің күнәң үшін және иманды ерлер мен иманды әйелдер үшін кешірім тіле. Аллаһ сендердің қозғалып, әрекет ететін орындарыңды және тұрақтайтын орындарыңды біледі
Аударма: ҚМДБ
47:20
وَيَقُولُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَوۡلَا نُزِّلَتۡ سُورَةٞۖ فَإِذَآ أُنزِلَتۡ سُورَةٞ مُّحۡكَمَةٞ وَذُكِرَ فِيهَا ٱلۡقِتَالُ رَأَيۡتَ ٱلَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٞ يَنظُرُونَ إِلَيۡكَ نَظَرَ ٱلۡمَغۡشِيِّ عَلَيۡهِ مِنَ ٱلۡمَوۡتِۖ فَأَوۡلَىٰ لَهُمۡ
Иман келтіргендер: "Бір сүре неге түсірілмейді?",- дейді. Ішінде соғыс баян етілген, ашық түсінікті бір сүре түсірілген кезде, (Мұхаммед Ғ.С.) жүректерінде дерті барлардың, саған; өзін өлім есірігі басқанның қарауынша қарағанын көресің. Оларға өлім артық
Аударма: Халифа Алтай
Иманға келгендер: «Бір сүре түсірілмей ме?» - дейді. Ал, қашан анық бір сүре түсіріліп және онда соғыс туралы айтылса, жүрегінде дерті барлардың саған өлімнен қорқып есі кеткен біреудің қарағанындай қарайтынын көресің. Негізінде, Оларға көбірек лайықтысы
Аударма: ҚМДБ
47:21
طَاعَةٞ وَقَوۡلٞ مَّعۡرُوفٞۚ فَإِذَا عَزَمَ ٱلۡأَمۡرُ فَلَوۡ صَدَقُواْ ٱللَّهَ لَكَانَ خَيۡرٗا لَّهُمۡ
Бой ұсыну және дұрыс сөз керек еді. Іс бекіген сәтте, егер Аллаға опа қылса, әрине олар үшін хайырлы болар еді
Аударма: Халифа Алтай
бойсұну және жақсы соз еді. Шешім қабылданған кезде олардың Аллаһқа адал болуы өздері үшін қайырлы болар еді
Аударма: ҚМДБ
47:22
فَهَلۡ عَسَيۡتُمۡ إِن تَوَلَّيۡتُمۡ أَن تُفۡسِدُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَتُقَطِّعُوٓاْ أَرۡحَامَكُمۡ
Егер іс басына келетін болсаңдар, (немесе бет бұрсаңдар,) сендерден жер жүзінде бұзақылық істеу, жақындық байланысын үзу ғана үміт етілмей ме? (Екі жүзді мұнафықтар іс басына келсе де бет бұрса да хайыр келмейді)
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер сендер теріс бұрылсаңдар, онда жер бетін бұзушы және туыстық байланысты үзушілерден боласыңдар
Аударма: ҚМДБ
47:23
أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ لَعَنَهُمُ ٱللَّهُ فَأَصَمَّهُمۡ وَأَعۡمَىٰٓ أَبۡصَٰرَهُمۡ
Олар, Алла, лағынет етіп, саңырау және көздерін соқыр қылғандар
Аударма: Халифа Алтай
Міне, бұлар - Аллаһтың лағнет еткендері / мейірімінен алыстатқандары / , сөйтіп / Ол / оларды керең әрі көздерін де соқыр қылды
Аударма: ҚМДБ
47:24
أَفَلَا يَتَدَبَّرُونَ ٱلۡقُرۡءَانَ أَمۡ عَلَىٰ قُلُوبٍ أَقۡفَالُهَآ
Әйтпесе олар, Құранды түсінбей ме? Немесе олардың жүректері құлыптаулы ма
Аударма: Халифа Алтай
Олар Құранға зер салып қарамай ма? Әлде олардың жүректері құлыптаулы ма
Аударма: ҚМДБ
47:25
إِنَّ ٱلَّذِينَ ٱرۡتَدُّواْ عَلَىٰٓ أَدۡبَٰرِهِم مِّنۢ بَعۡدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمُ ٱلۡهُدَى ٱلشَّيۡطَٰنُ سَوَّلَ لَهُمۡ وَأَمۡلَىٰ لَهُمۡ
Шынында өздеріне туралық айқындалғаннан кейін арттарына қайтқандардікін шайтан жақсы көрсетіп, оларға үміт берді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, өздеріне тура жол анықталғаннан кейін арттарына қайтқандарға шайтан / имансыздықты / көркем етіп көрсетті әрі / өтірік үмітке! иландырды
Аударма: ҚМДБ
47:26
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمۡ قَالُواْ لِلَّذِينَ كَرِهُواْ مَا نَزَّلَ ٱللَّهُ سَنُطِيعُكُمۡ فِي بَعۡضِ ٱلۡأَمۡرِۖ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ إِسۡرَارَهُمۡ
Өйткені олар, Алланың түсіргенін жек көргендерге: "Сендерге кейбір істе бағынамыз" деді. Алла олардың сырларын біледі
Аударма: Халифа Алтай
Бұлай болуы, олардың Аллаһтың түсіргенін жаман көрушілерге: «Біз кейбір істе сендерге бағынамыз», - деп айтқандығы себебінен. Аллаһ олардың не жасырғандарын біледі
Аударма: ҚМДБ
47:27
فَكَيۡفَ إِذَا تَوَفَّتۡهُمُ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ يَضۡرِبُونَ وُجُوهَهُمۡ وَأَدۡبَٰرَهُمۡ
Періштелер, олардың беттеріне, арқаларына ұрып, жандарын алғанда қалай болар еді
Аударма: Халифа Алтай
Періштелер олардың жандарын алғанда, беттері мен арқаларынан ұрғанда қалай болмақ
Аударма: ҚМДБ
47:28
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمُ ٱتَّبَعُواْ مَآ أَسۡخَطَ ٱللَّهَ وَكَرِهُواْ رِضۡوَٰنَهُۥ فَأَحۡبَطَ أَعۡمَٰلَهُمۡ
Бұл шынында олар Алланы ашуландыратын нәрселерге еріп, Оның раздығын жек көргендіктен Алла, олардың ғамалдарын жойды
Аударма: Халифа Алтай
Мұның себебі олардың Аллаһтың қаһарын шақыратын нәрселерге еруі және Оның ризалығын / Ол ұнатқан істерді / жаман көрулерінен. Сондықтан Ол / Аллаһ / олардың амалдарын пайдасыз, бекер етті
Аударма: ҚМДБ
47:29
أَمۡ حَسِبَ ٱلَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٌ أَن لَّن يُخۡرِجَ ٱللَّهُ أَضۡغَٰنَهُمۡ
Немесе Жүректерінде дерті болғандар, Алла олардың кектерін әсте ашыққа шығармайды деп ойлады ма
Аударма: Халифа Алтай
Сонда жүректерінде дерті барлар, Аллаһ олардың өшпенділігін ешқашан әшкерелемейді деп ойлады ма
Аударма: ҚМДБ
47:30
وَلَوۡ نَشَآءُ لَأَرَيۡنَٰكَهُمۡ فَلَعَرَفۡتَهُم بِسِيمَٰهُمۡۚ وَلَتَعۡرِفَنَّهُمۡ فِي لَحۡنِ ٱلۡقَوۡلِۚ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ أَعۡمَٰلَكُمۡ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер қаласақ, мұнафықтарды саған көрсетер едік те оларды бет бейнелерінен таныр едің. Әрине оларды сөз аңғарынан таныйсың. Алла істегендеріңді біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер де қалағанымызда, Біз оларды саған көрсетіп, сен олар­ды белгілерінен / нышандарынан / танитын едің. Алайда сен оларды сөз әлпетінен / мағынасынан / танисың. Аллаһ сендердің істеріңді біледі
Аударма: ҚМДБ
47:31
وَلَنَبۡلُوَنَّكُمۡ حَتَّىٰ نَعۡلَمَ ٱلۡمُجَٰهِدِينَ مِنكُمۡ وَٱلصَّـٰبِرِينَ وَنَبۡلُوَاْ أَخۡبَارَكُمۡ
Әлбетте сендерден жауынгерлермен сабырлыларды анықтағанымызға дейін сынаймыз. Сондай-ақ хабарларыңды да байқаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз сендерді міндетті түрде, сынаққа ұшыратамыз - сендерден күресушілер және сабыр етушілер анықталғанға дейін әрі хабарларыңды да / сөздері мен амалдарыңды / сынаймыз
Аударма: ҚМДБ
47:32
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَصَدُّواْ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَشَآقُّواْ ٱلرَّسُولَ مِنۢ بَعۡدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمُ ٱلۡهُدَىٰ لَن يَضُرُّواْ ٱللَّهَ شَيۡـٔٗا وَسَيُحۡبِطُ أَعۡمَٰلَهُمۡ
Шынында қарсы болып, Алланың жолынан тосқандар әрі өздеріне туралық әшкереленгеннен кейін Пайғамбармен таласқандар, Аллаға ешбір зиян келтіре алмайды. Алла олардың ғамалдарын жояды
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, сондай күпірлік етушілер / иманға келмегендер / және Аллаһтың жолынан қайтарғандар әрі өздеріне тура жол анықталғаннан кейін Елшіге қарсы шыққандар - Аллаһқа ешбір нәрседе мүлдем зиян келтіре алмайды. Ал, Ол / Аллаһ / олардың амалдарын бекер етеді
Аударма: ҚМДБ
47:33
۞يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَطِيعُواْ ٱللَّهَ وَأَطِيعُواْ ٱلرَّسُولَ وَلَا تُبۡطِلُوٓاْ أَعۡمَٰلَكُمۡ
Әй иман келтіргендер! Аллаға бой ұсыныңдар әрі Пайғамбарға бағыныңдар. Сондай-ақ ғамалдарыңды бұзбаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа бойсұныңдар әрі Елшіге бағыныңдар және амалдарыңды зая кетірмеңдер
Аударма: ҚМДБ
47:34
إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَصَدُّواْ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ ثُمَّ مَاتُواْ وَهُمۡ كُفَّارٞ فَلَن يَغۡفِرَ ٱللَّهُ لَهُمۡ
Расында қарсы болып, Алланың жолынан тосқандар, сосын кәпір күйінде өлгендер, оларды Алла, әсте жарылқамайды
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, сондай күпірлік еткен / иманға келуден бас тартқан / және өзгелерді Аллаһтың жолынан қайтарған, кейін кәпір күйлерінде өлгендерді Аллаһ ешқашан кешірмейді
Аударма: ҚМДБ
47:35
فَلَا تَهِنُواْ وَتَدۡعُوٓاْ إِلَى ٱلسَّلۡمِ وَأَنتُمُ ٱلۡأَعۡلَوۡنَ وَٱللَّهُ مَعَكُمۡ وَلَن يَتِرَكُمۡ أَعۡمَٰلَكُمۡ
Сондықтан босамаңдар, келісімге шақырмандар, сендер үстемсіңдер. Алла сендермен бірге. Әсте ғамалдарыңды зая қылмайды. (Бұл аяттағы мақсат, күшке ие бола тұрып, келісім жасау.С. 61-А)
Аударма: Халифа Алтай
Босаңдық танытпаңдар және өздерің жоғары бола тұрып келісімге шақырмаңдар. Аллаһ сендермен бірге әрі Ол амалдарыңды ешқашан кемітпейді
Аударма: ҚМДБ
47:36
إِنَّمَا ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَا لَعِبٞ وَلَهۡوٞۚ وَإِن تُؤۡمِنُواْ وَتَتَّقُواْ يُؤۡتِكُمۡ أُجُورَكُمۡ وَلَا يَسۡـَٔلۡكُمۡ أَمۡوَٰلَكُمۡ
Дүние тіршілігі бір ойын, ермек қана. Егер иман келтіріп, сақсынсаңдар, Алла сыйлықтарыңды береді. Сендердің малдарықды сұрамайды. (С. 29-А)
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, бұл дүние тіршілігі - ойын және ермек қана. Егер иманға келсеңдер және тақуалық етсеңдер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / , Ол сендерге сыйларыңды береді әрі Ол сендерден мал-дүниелеріңді сұрамайды
Аударма: ҚМДБ
47:37
إِن يَسۡـَٔلۡكُمُوهَا فَيُحۡفِكُمۡ تَبۡخَلُواْ وَيُخۡرِجۡ أَضۡغَٰنَكُمۡ
Егер сендерден оны (тұтас жұмсауларыңды) сұраса еді, онда сендерге ауыр тиіп, сараңдық қыларсыңдар да өштіктерің ортаға шығар еді
Аударма: Халифа Алтай
Егер Ол сендерден оны сұрап, / тұтас берулеріңді / қатаң талап ететін болса, онда сендер сараңдық етіп әрі Ол сендердің іштеріңдегі қарсылықты / ашу-ызаны / әшкере етер еді
Аударма: ҚМДБ
47:38
هَـٰٓأَنتُمۡ هَـٰٓؤُلَآءِ تُدۡعَوۡنَ لِتُنفِقُواْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ فَمِنكُم مَّن يَبۡخَلُۖ وَمَن يَبۡخَلۡ فَإِنَّمَا يَبۡخَلُ عَن نَّفۡسِهِۦۚ وَٱللَّهُ ٱلۡغَنِيُّ وَأَنتُمُ ٱلۡفُقَرَآءُۚ وَإِن تَتَوَلَّوۡاْ يَسۡتَبۡدِلۡ قَوۡمًا غَيۡرَكُمۡ ثُمَّ لَا يَكُونُوٓاْ أَمۡثَٰلَكُم
Негізінде сендер сол Алла жолында мал жұмсауға шақырылудасыңдар. Алайда кейбіреулерің сараңдық қылады. Кім сараңдық қылса, өзіне ғана сараңдық қылады. Өйткені Алла бай, сендер кедейсіңдер. Егер Алладан бет бұрсаңдар, орындарыңа сендерден басқа халықты ауыстырады. Сосын олар сендер сияқты болмайды
Аударма: Халифа Алтай
Міне, сендер Аллаһтың жолында мал-дүние жұмсауға шақырылудасыңдар. Сендердің араларыңда сараңдық ететіндер бар. Ал, кім сараңдық етсе, өз-өзіне / өз зиянына / ғана сараңдық етеді. Аллаһ әл-Ғани / Бай, ешнәрсеге мұқтаж емес / , ал сендер - мұқтажсыңдар. Егер сендер теріс бұрылсаңдар, Ол сендерді басқа адамдармен алмастырады, содан кейін олар сендер секілді болмайды
Аударма: ҚМДБ
← Аль-АхкафБарлық сүрелерАль-Фатх →

Мухаммад сүресі туралы

Мухаммад (محمد) — Құранның 47-сүресі, 38 аят, мединалық сүре, 26-жүз, мысхафтың 507-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу