Алла, өткен әрі келешектегі күнәңды жарылқау, саған деген нығметін тамамдау және саған тура жол көрсету үшін
Аударма: Халифа Алтай
сөйтіп, сенің бұрынғы жіберген және кейінгі жаңсақтық, қателеріңді Аллаһ кешіріп, саған Өзінің игілігін толықтыруы және сені тура жолымен жүргізуі үшін
Ол сондай Алла, мүміндердің иманын арттыра түсу үшін олардың жүректеріне тоқтау салды. Көктердегі және жердегі ләшкерлер Алланікі. Сондай-ақ Алла толық білуші, зор хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Ол иманға келгендердің имандарын арттыру үшін олардың жүректеріне сакина / тыныштық / түсірді. Аспандар мен жердің әскерлері Аллаһтікі. Аллаһ бәрін Білуші , аса Дана
Мүмін ерлер мен әйелдерді астарынан өзендер ағатын жаннаттарға мәңгі қалатын түрде кіргізу үшін жамандықтарын жояды. Міне осы, Алланың қасында зор табыс
Аударма: Халифа Алтай
і/ Әрі бүл жеңіс / иманды ерлер мен иманды әйелдерді астынан өзендер ағып жататын, олар онда мәңгі қалатын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізуі және олардың жамандықтарын кешіру үшін. Бұл - Аллаһтың алдында ұлы табыс
Аллаға байланысты жаман ой ойлаған мұнафық ерлер мен мұнафық әйелдерді, мүшрік ерлер мен мүшрік әйелдерді азапқа ұшыратады. Жамандық өздеріне болсын. Алла оларға ашуланды, оларды лағынеттеді де оларға тозақ дайындады. Нендей жаман барар жер
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Аллаһқа байланысты жаман ой ойлаған мұнафиқ ерлер мен мұнафиқ әйелдерді және Аллаһқа серік қосушы ерлер мен серік қосушы әйелдерді азаптауы үшін. Жамандық олардың өздеріне қайтады. Аллаһ оларға ашуланды, оларды лағнет етті және оларға Жаһаннамды дайындады. Ол баратын орын неткен жаман
Аллаға, Елшісіне иман келтіресіңдер. Оны қуаттайсыңдар, Оны ұлықтайсыңдар және ертелі-кеш Оны дәріптейсіндер
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа және Оның Елшісіне сенулерің, әрі Оны ұлықтауларың және Оны құрметтеулерің, әрі Оны / Аллаһты / таңертең және кешке / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптеулерің үшін
(Мұхаммед Ғ.С.) саған биғат қылғандар, (қол бергендер,) әрине Аллаға қол берген болады. Алланың құдырет қолы олардың қолдарының үстінде. Сондықтан кім сертін бұзса, сонда өз зиянына ғана. Ал және кім Аллаға берген сертін орындаса, оған зор сыйлық береді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Негізінде саған серт беретіндер, шын мәнінде Аллаһқа серт береді. Аллаһтың қолы олардың қолдарының үстінде. Сонда кім / сертті / бұзса, өз зиянына бұзады. Ал, кім Аллаһқа берген сертін орындаса, Ол оған ұлы сый береді
Бәдеуилерден соғыстан қалып қалғандар, саған: "Бізді малдарымыз, семьяларымыз айналдырды. Сондықтан біз үшін жарылқау тіле" дейді. Олар, жүректерінде болмаған нәрсені тілдерімен айта береді. Оларға: "Егер Алла, сендерге бір зиян қаласа немесе бір пайда қаласа, сонда сендер үшін Аллаға біреу не істей алады? Олай емес. Алла сендердің не істегендеріңді толық біледі" де
Аударма: Халифа Алтай
Бәдәуилердің ішіндегі қалып қойғандар саған: «Бізді мал-мүліктеріміз бен үй ішіміз ұстап қалды. Біз үшін кешірім тіле»,- дейді. Олар жүректерінде жоқ нәрсені тілдерімен айтады. Айт: «Егер Ол сендерге бір зиян қаласа немесе Ол сендерге бір пайда қалайтын болса, сендер үшін кім Аллаһтың алдында бірнәрсеге иелік ете алады?» Жоқ! Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар
Бәлкім сендер, Пайғамбарды, мүміндерді семьяларына мүлде қайта алмайды деп ойладыңдар. Бұл жүректеріңде әдемі көрсетілді. Сондай-ақ жаман ой ойладыңдар да жоғалуға лайық ел болдыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Керісінше, сендер Елші және иманға келгендер үй-ішіне ешқашан оралмайды деп ойладыңдар. Әрі бұл сендердің жүректеріңде көркем етіліп көрсетілді. Сендер жаман ой ойладыңдар әрі жойылуға ұшырайтын топ болдыңдар
Ол соғыстан қалып қалғандар, сендер олжа алу үшін кеткен кезде: "Бізді қоя беріңдер, сендерге ерейік" дейді. Олар Алланың сөзін ауыстыруды қалайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Әсте бізге ермейсіңдер. Сендер үшін Алла, бұрыннан осылай айтқан" де. Сонда олар: "Олай емес. Сендер бізді көре алмайсыңдар" дейді. Олар өте аз түсінеді
Аударма: Халифа Алтай
Сендер олжа алу үшін жорыққа шыққандарыңда / соғысқа шықпай / қалдырылғандар: «Бізді жіберіңдер, сендерге ерейік», - дейді. Олар Аллаһтың сөзін өзгертуді қалайды. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендер бізге ешқашан ермейсіңдер. Аллаһ сендерге қатысты бұрын осылай деген», - деп. Сонда олар: «Жоқ, сендер бізден қызғанып тұрсыңдар», - дейді. Анығында, олар аз ғана түсінеді
(Мұхаммед Ғ.С.) соғысқа бармай қалған бәдеуилерге: "Сендер жақында аса күшті бір елге шақырыласыңдар да олармен соғысасыңдар. Немесе олар Мұсылман болады. Егер бұл әмірге бағынсандар, Алла, сендерге жақсы сыйлық береді. Ал егер бұрын бет бұрғандай бет бұрсаңдар, Алла, сендерді күйзелтуші азаппен қинайды" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Бәдәуилерден қалдырылғандарға айт: «Сендер жақында бір күшті елге қарсы шақырыласыңдар. Олармен не соғысасыңдар, не олар бойсұнады. Егер сендер / Аллаһтың бұйрығына / бағынсаңдар, Аллаһ сендерге көркем сый береді. Ал, егер бұрын теріс бұрылғандарың сияқты теріс бұрылсаңдар, Ол сендерді күйзелтуші азаппен жазалайды», - деп
(Соғысқа қатынаспауда) соқырға бір оқасы жоқ. Ақсаққа да ештеңе жоқ. Және ауруға да кінә болмайды. Кім Аллаға, Елшісіне бағынса, ол, астарынан өзендер ағатын ұжмаққа кіргізіледі. Ал кім жалтарса, ол, жан түршігерлік қинаумен қиналады. (Хүдайбия келісімі қарсаңында Меккеге жіберілген хазіреті Ғүсман өлтірілді деген хабар бойынша Мұхаммед Ғ.С. ға мың үш жүзден артық сахаба бір ағаштың түбінде: "Соғысқа әзірміз" деп, биғат қылды. Б.Ж.М.К)
Аударма: Халифа Алтай
Соқырға күнә емес, ақсаққа да күнә емес және ауруға да / соғысқа қатыспағаны / күнә емес. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса, Ол оны астынан өзендер ағып жататын / жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Ал, кім теріс бұрылса, оны күйзелтуші азапқа ұшыратады
Расында Алла, мүміндерден ағаштың астында саған серт берген сәтте, разы болды да олардың жүректеріндегіні біліп, оларға тоқтау салды. Сондай-ақ оларға таяуда бір жеңіс нәсіп етті
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Саған имандылар, ағаш түбінде серт берген кезде, Аллаһ олардан разы болды. Ол / Аллаһ / олардың жүректеріндегіні білді, әрі олардың үстінен сакина / тыныштық / түсірді және оларды жақын бір жеңіспен марапаттады
Алла сендерге көптеген алатын олжаларды уәде етгі. Мүміндерге бір белгі болуы және сендерді тура жолға салуы үшін осы жеңісті тезінен беріп, сендерден адамдардың (суық) қолын тосты
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ сендерге өздерің алатын көп олжаларды уәде етті және оны сендерге берілуін тездетті әрі адамдардың қолдарын сендерден тосты. Ол мұны имандыларға бір белгі болуы үшін және сендерді тура жолға салуы үшін / жасады
Ол сондай Алла, сендерді оларға өктем еткеннен кейін Мекке ойпатында олардың қолдарын сендерден тыйып, сендердің қолдарыңды олардан тыйды. Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші
Аударма: Халифа Алтай
Ол Мекке жазығында сендерді олардан үстем еткеннен кейін олардың қолдарын сендерден, ал сендердің қолдарыңды олардан тыйды. Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші
Олар сондай кәпірлер, сендерді Месжіт Харамнан және тостырылған құрбандықты орнына барудан тыйды. Бірақ егер Меккедегі сендер білмеген, мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді сендер жаныштап, білместіктен обалына қалмайтын болсаңдар еді. (Соғысқа жол қойылар еді.) Алла кімді қаласа, мәрхаметіне бөлеу тшін (осылай істеді.) Мүбада мүміндер бөлінген болса еді, олардан қарсы келгендерді күйзелтуші азаппен қинар едік
Аударма: Халифа Алтай
Олар - күпірлік еткендер / Аллаһ және Оның Елшісіне қарсы шыққандар / , әрі сендерді әл-Харам мешітінен және құрбандық малдарын сойылатын орнына жетуден тосқандар. Егер де сендер өздерің білмеген иманды ерлер мен иманды әйелдерді таптап кетіп, білместікпен обалына / күнәға / қалмайтын болмағандарыңда еді, алайда Аллаһ қалағандарын Өзі мейіріміне ендіруі үшін / осылай істеді / . Егер де олар бір-бірінен / ерекшеленіп / бөлінгенде, олардан күпірлік еткендерді / иманға келмегендерді / күйзелтуші азапқа душар етер едік
Кәпірлер, жүректеріндегі надандық қасарысуымен сірескен кезде, Алла, Елшісіне әрі мүміндерге тоқтау салды да оларға тақуа сөзін жүктеді. Олар бұған лайығырақ және қабілетті еді. Алла әр нәрсені толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Күпірлік етушілер / Аллаһтың бірлігіне қарсы шьщцандар/ өз жүректеріне қайнаған ыза-кекті - жәһилият кезінің ыза-кегін кіргізген кезде, Аллаһ Өз Елшісінің үстінен және имандылардың үстінен сакинасын / тыныштығын / түсірді, әрі оларға тақуалық / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылық / сөзін айрылмас / тұрақты / етті. Олар бұған хақылы әрі лайықты еді. Аллаһ барлық нәрсені Білуші
Расында Алла, Пайғамбарының түсін хақиқат бойынша тура шығарды. Алла қаласа, аман-есен әлбетте Месжіт Харамға шаштарыңды алдырып, не қысқартып бейбіт кіресіңдер. Алла сендердің білмеген нәрселеріңді білген еді. Сондықтан бұдан өзге бір жақын жеңіс нәсіп етті
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ Өз Елшісінің көргенін / түсін / ақиқатпен растады. Аллаһ қаласа, сендер әлбетте әл-Харам мешітіне қауіпсіз түрде, шаштарыңды қырған не қысқартқан күйі қорықпай кіресіңдер. Ол сендер білмегенді білді әрі алдын ала жақын бір жеңіс белгіледі
Ол сондай Алла, дінін бүкіл діндерден үстем қылу үшін Пайғамбарын туралық әрі хақ дінмен жіберді. Куәлік тұрғысынан Алла жетіп асады
Аударма: Халифа Алтай
Ол - Өз елшісін / тура жолды ұстану үшін / басшылықпен және хақ дінмен, оны / ислам дінін / діндердің барлығынан үстем ету үшін жіберді. Аллаһ - бәріне куә / Шәһид / ретінде жеткілікті
Мұхаммед (Ғ.С.) Алланың Елшісі. Онымен бірге болғандар, кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді. Оларды рұкұғда, сәждеде көресің. Олар Алладан мәрхамет әрі ризалық тілейді. Олардың жүздерінде сәжделердің ізінің дерегі бар. Олардың Тәуратта да сипаттары, Інжілде де сипаттары бар; бұл бас жарып, сосын қуаттанып, жуандап, өз сабағында тік тұрған егін сияқты. Бұл (мысал) егіншілерді таңырқатып, онымен кәпірлерді ызаландыру үшін. Алла, олардан иман келтіріп, ізгі іс істегендерге жарылқау, зор сыйлық уәде етті
Аударма: Халифа Алтай
Мұхаммед - Аллаһтың елшісі. Онымен бірге болғандар кәпірлерге қатаң, ал бір-біріне мейірімді. Оларды рукуғ жасаған / намазда иілген / , сәжде еткен, Аллаһтан кеңшілік әрі ризалық іздеген түрде көресің. Олардың белгілері - жүздеріндегі сәжделердің эсері. Олардың Тәураттағы сипаты осындай. Ал, олардың Інжілдегі мысалы - тұқымнан бүршіктеніп шығып, сосын қуаттанып, жуандап, сабағында тік тұрып, егіншілерді сүйсіндіретін егін сияқты. / Бұл / кәпірлерді олармен ызаландыру үшін. Аллаһ олардың ішінен иманға келген әрі ізгі амал жасағандарға кешірім және ұлы сый / жәннат / уәде етті