Аль-Худжурат

الحجرات · 18 аят · мединалық
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 515-бет
← Аль-ФатхБарлық сүрелерКаф →
49:1
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا تُقَدِّمُواْ بَيۡنَ يَدَيِ ٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦۖ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَۚ إِنَّ ٱللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٞ
Әй мүміндер! Алладан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер. Және Алладан қорқыңдар. Шүбәсыз Алла, аса естуші, толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Аллаһтың және Оның елшісінің алдын орамаңдар. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар. Ақиқатында Аллаһ бәрін Естуші, бәрін Білуші
Аударма: ҚМДБ
49:2
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا تَرۡفَعُوٓاْ أَصۡوَٰتَكُمۡ فَوۡقَ صَوۡتِ ٱلنَّبِيِّ وَلَا تَجۡهَرُواْ لَهُۥ بِٱلۡقَوۡلِ كَجَهۡرِ بَعۡضِكُمۡ لِبَعۡضٍ أَن تَحۡبَطَ أَعۡمَٰلُكُمۡ وَأَنتُمۡ لَا تَشۡعُرُونَ
Әй мүміндер! Дауыстарыңды Пайғамбардың дауысының үстіне көтермеңдер. Өзара бір - біріңе дауыстагандай Пайғамбарға дабырлап сөйлеспеңдер. Ғамалдарың жойылып, аңғариай қаласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Дауыстарыңды Пайғамбардың дауысынан жоғарыкөтермеңдер және оған бір-біріңе дауыстарыңды көтеріп сөйлейтіндей дауыстап сөйлемеңдер, әйтпесе амалдарың өздерің сезбеген күйде зая болып кетеді
Аударма: ҚМДБ
49:3
إِنَّ ٱلَّذِينَ يَغُضُّونَ أَصۡوَٰتَهُمۡ عِندَ رَسُولِ ٱللَّهِ أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ ٱمۡتَحَنَ ٱللَّهُ قُلُوبَهُمۡ لِلتَّقۡوَىٰۚ لَهُم مَّغۡفِرَةٞ وَأَجۡرٌ عَظِيمٌ
Шынында Пайғамбардың жанында дауыстарын бәсеңдеткендер, міне солар, Алла жүректерін тақуалық тшін сынағандар. Оларға жарылқау әрі зор сыйлық бар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ елшісінің алдында дауыстарын бәсеңдететіндер - міне, солар, Аллаһ жүректерін тақуалық үшін / Раббысының жаза­сынан қорқып, сақтануларына / сынаққа алғандар. Оларға кешірім әрі ұлы сый бар
Аударма: ҚМДБ
49:4
إِنَّ ٱلَّذِينَ يُنَادُونَكَ مِن وَرَآءِ ٱلۡحُجُرَٰتِ أَكۡثَرُهُمۡ لَا يَعۡقِلُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) расында саған хұжыралардың арт жағынан айғайлағандардың көбі түсінбегендер
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, сені бөлмелердің сыртынан айқайлап шақыратындардың көбі ақылдарын істетпейді
Аударма: ҚМДБ
49:5
وَلَوۡ أَنَّهُمۡ صَبَرُواْ حَتَّىٰ تَخۡرُجَ إِلَيۡهِمۡ لَكَانَ خَيۡرٗا لَّهُمۡۚ وَٱللَّهُ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
(Мұхаммед Ғ.С.) егер сен оларға шыққанға дейін олар сабыр етсе, әрине өздеріне жақсы болар еді. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер олар сен шыққанға дейін сабыр етсе, бұл өздері үшін қайырлы болар еді. Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
49:6
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِن جَآءَكُمۡ فَاسِقُۢ بِنَبَإٖ فَتَبَيَّنُوٓاْ أَن تُصِيبُواْ قَوۡمَۢا بِجَهَٰلَةٖ فَتُصۡبِحُواْ عَلَىٰ مَا فَعَلۡتُمۡ نَٰدِمِينَ
Әй мүміндер! Бұзық біреу хабар келтірсе, оны анықтаңдар. Әйтпесе білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Егер сендерге бір бұзық / бойсұнбаушы / қандай да бір хабар әкелсе, білместікпен адамдарды айыптап / тиісіп / , істегендеріңе өкініп қалмауларың үшін анықтап алыңдар
Аударма: ҚМДБ
49:7
وَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّ فِيكُمۡ رَسُولَ ٱللَّهِۚ لَوۡ يُطِيعُكُمۡ فِي كَثِيرٖ مِّنَ ٱلۡأَمۡرِ لَعَنِتُّمۡ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ حَبَّبَ إِلَيۡكُمُ ٱلۡإِيمَٰنَ وَزَيَّنَهُۥ فِي قُلُوبِكُمۡ وَكَرَّهَ إِلَيۡكُمُ ٱلۡكُفۡرَ وَٱلۡفُسُوقَ وَٱلۡعِصۡيَانَۚ أُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلرَّـٰشِدُونَ
Араларыңда Алланың Елшісі барлығын біліңдер. Егер ол, істің көбінде сендерге бағынса еді, әрине қиыншылыққа ұшырар едіңдер. Бірақ Алла, сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңде зейнеттеді. Сондай-ақ сендерге; қарсылықты, бұзақылықты және бас тартуды жек көрсетті. Міне солар тура жолдағылар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі біліңдер, сендердің араларыңда Аллаһтың Елшісі бар. Егер де ол сендерге көп істе бағынатын болса, өздерің қиналып қалатын едіңдер. Бірақ, Аллаһ сендерге иман­ды сүйікті етті және оны жүректеріңде көркем етті, әрі сендерге күпірлікті / имансыздықты / , бұзықтықты / үлкен және кіші күнәларды / және бойсұнбауды жек көрсетті. Міне, бұлар - тура жолмен жүрушілер
Аударма: ҚМДБ
49:8
فَضۡلٗا مِّنَ ٱللَّهِ وَنِعۡمَةٗۚ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٞ
Бұл Алладан кеңшілік, және нығмет. Алла толық білуші, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың кеңшілігі және игілігі арқасында. Аллаһ бәрін Білуші , аса Дана
Аударма: ҚМДБ
49:9
وَإِن طَآئِفَتَانِ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ ٱقۡتَتَلُواْ فَأَصۡلِحُواْ بَيۡنَهُمَاۖ فَإِنۢ بَغَتۡ إِحۡدَىٰهُمَا عَلَى ٱلۡأُخۡرَىٰ فَقَٰتِلُواْ ٱلَّتِي تَبۡغِي حَتَّىٰ تَفِيٓءَ إِلَىٰٓ أَمۡرِ ٱللَّهِۚ فَإِن فَآءَتۡ فَأَصۡلِحُواْ بَيۡنَهُمَا بِٱلۡعَدۡلِ وَأَقۡسِطُوٓاْۖ إِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلۡمُقۡسِطِينَ
Егер мүміндерден екі топ соғысса, дереу араларын жарастырықдар; мүбада екі жақтын бірі, екіншісіне өктемдік жасаса, бас тартқан жақпен Алланың әміріне қайтқандарына дейін соғысыңдар. Егер қайтса, араларын әділдікпен жарастырыңдар, туралық істеңдер. Расында Алла туралық істеушілерді жақсы көреді
Аударма: Халифа Алтай
Егер имандылардан екі топ бір-бірімен соғысса, олардың арасын жарастырыңдар. Егер де біреуі екіншісіне қарсы шектен шықса, онда шектен шыққанымен, олардың Аллаһтың әміріне қайтқанына дейін соғысыңдар. Ал егер қайтса, олардың арасын әділдікпен түзетіңдер және бір жағына тартпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ әділдік етушілерді жақсы көреді
Аударма: ҚМДБ
49:10
إِنَّمَا ٱلۡمُؤۡمِنُونَ إِخۡوَةٞ فَأَصۡلِحُواْ بَيۡنَ أَخَوَيۡكُمۡۚ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ لَعَلَّكُمۡ تُرۡحَمُونَ
Шын мәнінде мүміндер туыс қой. Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар. Және Алладан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, имандылар - бауырлар / аға-інілер / . Сондықтан екі бауырдың арасын түзетіңдер. Әрі өздеріңе мейірім етілуі үшін Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтаныңдар
Аударма: ҚМДБ
49:11
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ لَا يَسۡخَرۡ قَوۡمٞ مِّن قَوۡمٍ عَسَىٰٓ أَن يَكُونُواْ خَيۡرٗا مِّنۡهُمۡ وَلَا نِسَآءٞ مِّن نِّسَآءٍ عَسَىٰٓ أَن يَكُنَّ خَيۡرٗا مِّنۡهُنَّۖ وَلَا تَلۡمِزُوٓاْ أَنفُسَكُمۡ وَلَا تَنَابَزُواْ بِٱلۡأَلۡقَٰبِۖ بِئۡسَ ٱلِٱسۡمُ ٱلۡفُسُوقُ بَعۡدَ ٱلۡإِيمَٰنِۚ وَمَن لَّمۡ يَتُبۡ فَأُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلظَّـٰلِمُونَ
Әй мүміндер! Бір ел, бір елді тәлкек қылиасын. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Сондай-ақ әйелдер, әйелдерді келемеждемесін. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Бір-біріңді міндемеңдер; жаман ат тағыспаңдар. Иман келтіргеннен кейін сүркей ат нендей жаиан. Ал кім тәубе қылмаса, міне солар залымдар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Бір топ / бір адамдар / басқа бір топты / адамдарды / келемеж етпесін, / адамдар бір-бірінің үстінен күлмесін / ,бәлкім олар бұлардан қайырлы шығар. Сондай-ақ әйелдер де басқа бір әйелдерді / келемеж етпесін / , бәлкім олар да бұлардан қайырлы шығар. Әрі өздеріңді-өздерің кемсітпеңдер және жаман лақап аттармен бір-біріңнің намыстарыңа тимеңдер. Иманға келгеннен кейін бұзық ат тағу өте жаман! Ал кім істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтпаса / тәубеге келмесе / , міне, солар - әділетсіздер
Аударма: ҚМДБ
49:12
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱجۡتَنِبُواْ كَثِيرٗا مِّنَ ٱلظَّنِّ إِنَّ بَعۡضَ ٱلظَّنِّ إِثۡمٞۖ وَلَا تَجَسَّسُواْ وَلَا يَغۡتَب بَّعۡضُكُم بَعۡضًاۚ أَيُحِبُّ أَحَدُكُمۡ أَن يَأۡكُلَ لَحۡمَ أَخِيهِ مَيۡتٗا فَكَرِهۡتُمُوهُۚ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَۚ إِنَّ ٱللَّهَ تَوَّابٞ رَّحِيمٞ
Әй мүміндер! Күмәнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәнның кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында Алла тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Дәлелсіз / жорамал / ойлардың көбінен аулақ болыңдар, өйткені жалаң ойлардың / күмәнның / кейбірі - күнә. Сондай-ақ бір-біріңді аңдымаңдар, әрі бірің өзгелеріңнің сыртынан ғайбаттамасын / ол естіген кезде жақтырмайтын сөз айтпасын / . Сендерден біреу өлген бауырының етін жеуді ұната ма? Әрине, сендер оны жек көресіңдер. Әрі Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ - тәубені Қабыл етуші , ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
49:13
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِنَّا خَلَقۡنَٰكُم مِّن ذَكَرٖ وَأُنثَىٰ وَجَعَلۡنَٰكُمۡ شُعُوبٗا وَقَبَآئِلَ لِتَعَارَفُوٓاْۚ إِنَّ أَكۡرَمَكُمۡ عِندَ ٱللَّهِ أَتۡقَىٰكُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمٌ خَبِيرٞ
Әй адам баласы! Шүбәсыз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы
Аударма: Халифа Алтай
Ей, адамдар! Негізінде, Біз сендерді бір ер және бір әйелден жараттық, әрі сендерді бір-бірлеріңді танып, білулерің үшін халықтар мен рулар етіп жасадық. Анығында, Аллаһтың алдындағы сендердің ең құрметтілерің - тақуаларың / Оған бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарың / . Ақиқатында Аллаһ бәрін Білуші, бәрінен Хабардар
Аударма: ҚМДБ
49:14
۞قَالَتِ ٱلۡأَعۡرَابُ ءَامَنَّاۖ قُل لَّمۡ تُؤۡمِنُواْ وَلَٰكِن قُولُوٓاْ أَسۡلَمۡنَا وَلَمَّا يَدۡخُلِ ٱلۡإِيمَٰنُ فِي قُلُوبِكُمۡۖ وَإِن تُطِيعُواْ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥ لَا يَلِتۡكُم مِّنۡ أَعۡمَٰلِكُمۡ شَيۡـًٔاۚ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ رَّحِيمٌ
Бәдеуилер: "Иман келтірдік" деді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: "Мұсылман болдық" деңдер. Өйткені, иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, Пайғамбарга бағынсаңдар, ғамалдарыңнан еш нәрсе кемітпейді. Шүбәсыз Алла, аса жарылқаушы, тым мейірімді" де
Аударма: Халифа Алтай
Бәдәуилер: «Біз иманға келдік / сендік / »,- деді. Айт: «Сендер иманға келмедіңдер / жетпедіңдер / . Алайда: «Бойсұндық», - деп айтыңдар. Ал иман сендердің жүректеріңе әлі кірмеді. Егер Аллаһқа және Оның елшісіне бойсұнсаңдар, Ол сендердің амалдарыңнан ешнәрсені кемітпейді. Ақиқатында Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді», - деп
Аударма: ҚМДБ
49:15
إِنَّمَا ٱلۡمُؤۡمِنُونَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦ ثُمَّ لَمۡ يَرۡتَابُواْ وَجَٰهَدُواْ بِأَمۡوَٰلِهِمۡ وَأَنفُسِهِمۡ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِۚ أُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلصَّـٰدِقُونَ
Шын мәнінде сондай Аллаға, Елшісіне иман келтірген мүміндер, сосын күдіктенбей; Алла жолына малдары әрі жандарымен соғысты. Міне солар, шыншылдар
Аударма: Халифа Алтай
Имандылар / мүміндер / - олар Аллаһқа және Оның елшісіне сеніп, одан кейін күмәнданбағандар, әрі мал-дәулеттері және жандарымен Аллаһтың жолында күрескендер. Міне, осылар - нағыз шын сөзділер
Аударма: ҚМДБ
49:16
قُلۡ أَتُعَلِّمُونَ ٱللَّهَ بِدِينِكُمۡ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِۚ وَٱللَّهُ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمٞ
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Аллаға діндеріңді үйретесіңдер ме? Негізінде Алла, көктердегі әрі жердегі нәрселерді біледі. Сондай-ақ Алла әр нәрсені толық білуші" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ аспандар мен жердегі нәрселерді біліп тұрғанда, сендер Аллаһқа өздеріңнің діндерің жайлы білдірмекшісіңдер ме? Аллаһ - барлық нәрсені Білуші», - деп
Аударма: ҚМДБ
49:17
يَمُنُّونَ عَلَيۡكَ أَنۡ أَسۡلَمُواْۖ قُل لَّا تَمُنُّواْ عَلَيَّ إِسۡلَٰمَكُمۖ بَلِ ٱللَّهُ يَمُنُّ عَلَيۡكُمۡ أَنۡ هَدَىٰكُمۡ لِلۡإِيمَٰنِ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар саған Мұсылман болғандықтарына бұлданады. Оларға: "Мұсылман болғандарыңа маған міндетсімеңдер. Керісінше, егер шыншыл болсаңдар, сендерді иманға көндіктіргендігі үшін сендерге Алла, міндетсиді" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олар бойсұнғандықтарын / исламды қабылдағандарын / саған міндетсінеді. Айт: «Бойсұнғандықтарыңды / мұсылман болғандарыңды / маған міндетсінбеңдер. Анығында, егер шын сөзді болсаңдар, сендерді Аллаһ иманға алып келумен өздеріңе игілік етуде», - деп
Аударма: ҚМДБ
49:18
إِنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ غَيۡبَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ وَٱللَّهُ بَصِيرُۢ بِمَا تَعۡمَلُونَ
Расында Алла, көктер мен жердегі құпияны біледі. Сондай-ақ істегендеріңді толық көруші
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһ аспандардың және жердің құпиясын біледі. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңды толық Көруші
Аударма: ҚМДБ
← Аль-ФатхБарлық сүрелерКаф →

Аль-Худжурат сүресі туралы

Аль-Худжурат (الحجرات) — Құранның 49-сүресі, 18 аят, мединалық сүре, 26-жүз, мысхафтың 515-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу