QORAN.kz › Сүрелер › Каф
50:1 قٓۚ وَٱلۡقُرۡءَانِ ٱلۡمَجِيدِ
Қаф және биік дәрежелі Құранға серт
Аударма: Халифа Алтай
Қаф. Ұлы дәрежелі Құранмен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
50:2 بَلۡ عَجِبُوٓاْ أَن جَآءَهُم مُّنذِرٞ مِّنۡهُمۡ فَقَالَ ٱلۡكَٰفِرُونَ هَٰذَا شَيۡءٌ عَجِيبٌ
Керісінше кәпірлер өздеріне араларынан бір ескертуші келуін: "Бұл бір ғажайып нәрсе" десті
Аударма: Халифа Алтай
Иә, олар өз араларынан бір ескертуші келгеніне таң қалды әрі кәпірлер: «Бұл - бір таңқаларлық нәрсе екен
Аударма: ҚМДБ
50:3 أَءِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابٗاۖ ذَٰلِكَ رَجۡعُۢ بَعِيدٞ
(Және былай десті): "Біз өліп топырақ болған кезде, (қайта тірілеміз бе?) Бұл қайту ақылдан ұзақ
Аударма: Халифа Алтай
Біз өліп, топыраққа айналған кезімізде ме? Бұл қайту - ұзақ / мүмкін емес / », - деді
Аударма: ҚМДБ
50:4 قَدۡ عَلِمۡنَا مَا تَنقُصُ ٱلۡأَرۡضُ مِنۡهُمۡۖ وَعِندَنَا كِتَٰبٌ حَفِيظُۢ
Расында жердің олардан нені кеміткенін білеміз. Жанымызда әр нәрсені сақтаушы бір Кітап бар. (Лаухы Махфүз Б.М)
Аударма: Халифа Алтай
Біз олардан / мүрделерінен / жердің нені кемітіп жатқанын білеміз, әрі Біздің алдымызда сақтаушы Кітап бар
Аударма: ҚМДБ
50:5 بَلۡ كَذَّبُواْ بِٱلۡحَقِّ لَمَّا جَآءَهُمۡ فَهُمۡ فِيٓ أَمۡرٖ مَّرِيجٍ
Әрине олар, хақиқат келген сәтте, жасынға шығарды. Сондықтан олар, бір дағдарыста
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, олар өздеріне ақиқат келген кезде оны өтірік деді, ал енді олар сасқалақтап абыржуда
Аударма: ҚМДБ
50:6 أَفَلَمۡ يَنظُرُوٓاْ إِلَى ٱلسَّمَآءِ فَوۡقَهُمۡ كَيۡفَ بَنَيۡنَٰهَا وَزَيَّنَّـٰهَا وَمَا لَهَا مِن فُرُوجٖ
Олар үстеріндегі аспанға қарамай ма? Оны қалай жасап, безедік. Оның ешбір сызаты жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Олар үстеріндегі аспанға назар салмай ма? Оны қалай құрғанымызға және безендіргенімізге? Онда бір сызат / жарықшақ / жоқ
Аударма: ҚМДБ
50:7 وَٱلۡأَرۡضَ مَدَدۡنَٰهَا وَأَلۡقَيۡنَا فِيهَا رَوَٰسِيَ وَأَنۢبَتۡنَا فِيهَا مِن كُلِّ زَوۡجِۭ بَهِيجٖ
Жерді төсеп, онда әр түрлі көркем нәрселерді өсірдік
Аударма: Халифа Алтай
Әрі жерді жайып және оған берік орналасқандарды / тауларды / тастадық / орнаттық / , әрі онда барлық көркем түрлерден өсірдік
Аударма: ҚМДБ
50:8 تَبۡصِرَةٗ وَذِكۡرَىٰ لِكُلِّ عَبۡدٖ مُّنِيبٖ
Әрбір бейім құл үшін; бір белгі және үгіт
Аударма: Халифа Алтай
мұны әрбір Раббысына әрдайым қайтушы құлға көрнекі белгі етіп және есіне салу / ғибрат / үшін істедік
Аударма: ҚМДБ
50:9 وَنَزَّلۡنَا مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ مُّبَٰرَكٗا فَأَنۢبَتۡنَا بِهِۦ جَنَّـٰتٖ وَحَبَّ ٱلۡحَصِيدِ
Аспаннан берекетті жаңбыр жаудырып, сонда ол арқылы бақшалар және орылатын астық өсірдік
Аударма: Халифа Алтай
Аспаннан берекелі су түсіріп, онымен бақтар және орып алынатын дақылдар өсірдік
Аударма: ҚМДБ
50:10 وَٱلنَّخۡلَ بَاسِقَٰتٖ لَّهَا طَلۡعٞ نَّضِيدٞ
Қауашақтары шоғырланган ұзын құрма ағаштарын өсірдік
Аударма: Халифа Алтай
әрі қауашақтары шоғырланған ұзын құрмаағаштарын да
Аударма: ҚМДБ
50:11 رِّزۡقٗا لِّلۡعِبَادِۖ وَأَحۡيَيۡنَا بِهِۦ بَلۡدَةٗ مَّيۡتٗاۚ كَذَٰلِكَ ٱلۡخُرُوجُ
Құлдарға көрек үшін. Сондай-ақ жаңбырмен жансыз жерге жан бердік. (Қайта тіріліп,) шығуда сол тәрізді
Аударма: Халифа Алтай
құлдарға ризық ретінде. Әрі ол сумен тіршіліксіз қалған жерді жандандырдық. / Қабірлерден / шығу да осылай болады
Аударма: ҚМДБ
50:12 كَذَّبَتۡ قَبۡلَهُمۡ قَوۡمُ نُوحٖ وَأَصۡحَٰبُ ٱلرَّسِّ وَثَمُودُ
Олардан бұрын Нұх (Ғ.С.) қауымы, Рәс халқы және Сәмұд елі де жасынға айналдырған болатын
Аударма: Халифа Алтай
Олардан бұрын Нұхтың елі, ар-Рас тұрғындары / құлық иелері / және Сәмұдтықтар / елшілерін / өтірікші санады
Аударма: ҚМДБ
50:13 وَعَادٞ وَفِرۡعَوۡنُ وَإِخۡوَٰنُ لُوطٖ
Ғад, Перғауын және Лұттың ағайындары да
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ад елі, Фиръаун және Лұттың ағайындары да
Аударма: ҚМДБ
50:14 وَأَصۡحَٰبُ ٱلۡأَيۡكَةِ وَقَوۡمُ تُبَّعٖۚ كُلّٞ كَذَّبَ ٱلرُّسُلَ فَحَقَّ وَعِيدِ
Әйкеліктер және Тұббағ елі, барлығы пайғамбарларды жасынға айналдырған. Сондыктан уәде шынға айналған. (Азапқа ұшыраған)
Аударма: Халифа Алтай
Әйке тұрғындары мен Туббаъның елі де. Барлығы елшілерді өтірікші санады, сонда Менің / жазамен / қорқытуым шындыққа айналды / орындалды
Аударма: ҚМДБ
50:15 أَفَعَيِينَا بِٱلۡخَلۡقِ ٱلۡأَوَّلِۚ بَلۡ هُمۡ فِي لَبۡسٖ مِّنۡ خَلۡقٖ جَدِيدٖ
Алғашқы жарату Бізді шаршартты ма? Жоқ, олар жаңа жаратылыстан күмәндануда
Аударма: Халифа Алтай
Біз алғашқы жаратқанда әлсіз болдық па? Жоқ! Алайда олар жаңадан жаратуға / қайта тірілтуге / қатысты күмәндануда
Аударма: ҚМДБ
50:16 وَلَقَدۡ خَلَقۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ وَنَعۡلَمُ مَا تُوَسۡوِسُ بِهِۦ نَفۡسُهُۥۖ وَنَحۡنُ أَقۡرَبُ إِلَيۡهِ مِنۡ حَبۡلِ ٱلۡوَرِيدِ
Расында адамзатты жараттық.Оған, нәпсісінің не сыбырлағанын білеміз. Өйткені Біз, оған күре тамырынан да жақынбыз
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, адамды Біз жараттық және оған оның жаны не деп сыбырлағанын / уәсуәса еткенін / білеміз. Әрі Біз оған күре тамырынан да жақынбыз
Аударма: ҚМДБ
50:17 إِذۡ يَتَلَقَّى ٱلۡمُتَلَقِّيَانِ عَنِ ٱلۡيَمِينِ وَعَنِ ٱلشِّمَالِ قَعِيدٞ
Оның, оңынан да солынан да екі байқаушы отырады. (С. 10-13-А)
Аударма: Халифа Алтай
Міне, / әрбір адамның / оң жағынан және сол жағынан екі тіркеп / жазып / алушы отыр
Аударма: ҚМДБ
50:18 مَّا يَلۡفِظُ مِن قَوۡلٍ إِلَّا لَدَيۡهِ رَقِيبٌ عَتِيدٞ
Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы дайын
Аударма: Халифа Алтай
Ол қандай сөз айтпасын, оның жанында дайын тұрған бақылаушы бар
Аударма: ҚМДБ
50:19 وَجَآءَتۡ سَكۡرَةُ ٱلۡمَوۡتِ بِٱلۡحَقِّۖ ذَٰلِكَ مَا كُنتَ مِنۡهُ تَحِيدُ
Өлім есірігі шындықты келтірді. Одан қашушы едің
Аударма: Халифа Алтай
Әрі өлім арпалысы / жан шығатын кездегі қиыншылық / ақиқатпен келеді. Сен қаламай қашқақтап келген нәрсең - міне осы
Аударма: ҚМДБ
50:20 وَنُفِخَ فِي ٱلصُّورِۚ ذَٰلِكَ يَوۡمُ ٱلۡوَعِيدِ
Сұр үріледі. Осы уәделі күн
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Сүр үріледі. Бұл - уәде етілген / ескертілген / Күн
Аударма: ҚМДБ
50:21 وَجَآءَتۡ كُلُّ نَفۡسٖ مَّعَهَا سَآئِقٞ وَشَهِيدٞ
Әркіммен айдаушы және куә бірге келеді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда әрбір жан бір айдаушымен және куәгермен бірге келеді
Аударма: ҚМДБ
50:22 لَّقَدۡ كُنتَ فِي غَفۡلَةٖ مِّنۡ هَٰذَا فَكَشَفۡنَا عَنكَ غِطَآءَكَ فَبَصَرُكَ ٱلۡيَوۡمَ حَدِيدٞ
Расында осыдан кәперсіз едің. Ал енді сенен шымылдықты аштық. Сондықтан бұгін көзің өткірлесті" (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
«Сен бұдан қаперсіздікте едің, Біз сенен пердені аштық, енді бүгін сенің көзің өткір, -деп әрбір сенбеушіге үнделеді
Аударма: ҚМДБ
50:23 وَقَالَ قَرِينُهُۥ هَٰذَا مَا لَدَيَّ عَتِيدٌ
Жанындағы (періште): "Міне мендегі дайын" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оның қасында бірге болған / періште / : «Міне, мынау мендегі дайындағаны», -дейді
Аударма: ҚМДБ
50:24 أَلۡقِيَا فِي جَهَنَّمَ كُلَّ كَفَّارٍ عَنِيدٖ
Бүкіл қарсы болған қиқарды, тозаққа салыңдар" (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
«Екеуің ақиқатқа қасарысқан әрбір кәпірді Жаһаннамға тастаңдар
Аударма: ҚМДБ
50:25 مَّنَّاعٖ لِّلۡخَيۡرِ مُعۡتَدٖ مُّرِيبٍ
Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы және күмәнданушы
Аударма: Халифа Алтай
жақсылыққа кедергі жасаған, шектен шыққан және күмән келтіргенді
Аударма: ҚМДБ
50:26 ٱلَّذِي جَعَلَ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ فَأَلۡقِيَاهُ فِي ٱلۡعَذَابِ ٱلشَّدِيدِ
Бұлар сондай Алламен бірге тәңір жасап алған. Енді оны қатты азапқа салыңдар
Аударма: Халифа Алтай
сондай, Аллаһпен қатар басқаны құдай етіп алғанды. Оны қатты азапқа тастаңдар», -делінеді
Аударма: ҚМДБ
50:27 ۞قَالَ قَرِينُهُۥ رَبَّنَا مَآ أَطۡغَيۡتُهُۥ وَلَٰكِن كَانَ فِي ضَلَٰلِۭ بَعِيدٖ
Оның сыбайласы (шайтан): "Раббым! Оны, мен аздырмадым. Дегенмен өзі де ұзақ адасуда еді" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Оның серігі: «Раббымыз! Мен оны күнәға батырып адастырған жоқпын, керісінше оның өзі ұзақ адасуда болды», - дейді
Аударма: ҚМДБ
50:28 قَالَ لَا تَخۡتَصِمُواْ لَدَيَّ وَقَدۡ قَدَّمۡتُ إِلَيۡكُم بِٱلۡوَعِيدِ
(Алла): "Менің алдымда тартыспаңдар. Сендерге алдын ала уәдені білдірген едім" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / : «Менің алдымда дауласпаңдар. Мен сендерге алдын ала ескерткенмін
Аударма: ҚМДБ
50:29 مَا يُبَدَّلُ ٱلۡقَوۡلُ لَدَيَّ وَمَآ أَنَا۠ بِظَلَّـٰمٖ لِّلۡعَبِيدِ
Менің алдымда сөз ауыстырылмайды. Сондай-ақ құлдарыма әділетсіздік істемеймін
Аударма: Халифа Алтай
Менің алдымда сөз өзгертілмейді әрі Мен құлдарға әділетсіздік етуші емеспін», -дейді
Аударма: ҚМДБ
50:30 يَوۡمَ نَقُولُ لِجَهَنَّمَ هَلِ ٱمۡتَلَأۡتِ وَتَقُولُ هَلۡ مِن مَّزِيدٖ
Ол күні, тозаққа: "Толдың ба?",-дейміз. Ол: "Тағы да бар ма?",-дейді
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні Біз Жаһаннамға: «Толдың ба?» - дейміз. Ал ол: «Тағы да бар ма?» - дейді
Аударма: ҚМДБ
50:31 وَأُزۡلِفَتِ ٱلۡجَنَّةُ لِلۡمُتَّقِينَ غَيۡرَ بَعِيدٍ
Бейіш, тақуаларға жақындатылады, алыс болмайды
Аударма: Халифа Алтай
Ал, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін жәннат жақындатылып, / олардан / алыс болмайды
Аударма: ҚМДБ
50:32 هَٰذَا مَا تُوعَدُونَ لِكُلِّ أَوَّابٍ حَفِيظٖ
Міне, уәде етілген нәрселерің; бүкіл тәубешіл, сақтанушылар үшін
Аударма: Халифа Алтай
Міне, осы сендерге - әрбір әрдайым Раббысына қайтушыға, сақтаушыға уәде етілген нәрсе
Аударма: ҚМДБ
50:33 مَّنۡ خَشِيَ ٱلرَّحۡمَٰنَ بِٱلۡغَيۡبِ وَجَآءَ بِقَلۡبٖ مُّنِيبٍ
Кім көрместен Рахманнан корықса, бейім жүрекпен келсе
Аударма: Халифа Алтай
сондай әр-Рахманнан көрмей-ақ, құпия түрде қорыққанға әрі әрқашан Раббысына бұрылған жүрекпен келгенге
Аударма: ҚМДБ
50:34 ٱدۡخُلُوهَا بِسَلَٰمٖۖ ذَٰلِكَ يَوۡمُ ٱلۡخُلُودِ
Ұжмаққа аман-есен кіріңдер. Бұл мәңгілік күні" (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
«Оған / жәннатқа / амандықпен кіріңдер! Міне, бұл - мәңгілік Күні
Аударма: ҚМДБ
50:35 لَهُم مَّا يَشَآءُونَ فِيهَا وَلَدَيۡنَا مَزِيدٞ
Бейіште олар не тілесе бар. Сондай-ақ жанымызда артығы да бар
Аударма: Халифа Алтай
Оларға ол жерде қалаған нәрселері бар, ал Бізде және қосатынымыз бар
Аударма: ҚМДБ
50:36 وَكَمۡ أَهۡلَكۡنَا قَبۡلَهُم مِّن قَرۡنٍ هُمۡ أَشَدُّ مِنۡهُم بَطۡشٗا فَنَقَّبُواْ فِي ٱلۡبِلَٰدِ هَلۡ مِن مَّحِيصٍ
Олардан бұрын -өздерінен орасан мықты, мемлекеттерді кезген, нәсілді жоқ еткен едік. Құтылар жер бар ма
Аударма: Халифа Алтай
Біз олардан / Мекке кәпірлерінен / бұрын қаншама халықты жойып жібердік. Олардың күш-қуаты бұларға қарағанда мықты әрі көп елдерді шарлаған еді. Оларға қашатын / құтылатын / жер болды ма
Аударма: ҚМДБ
50:37 إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَذِكۡرَىٰ لِمَن كَانَ لَهُۥ قَلۡبٌ أَوۡ أَلۡقَى ٱلسَّمۡعَ وَهُوَ شَهِيدٞ
Шүбәсыз бұнда (сезімтал) жүрегі барға немесе құлақ салып, әзір болғанга бір үгіт бар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Мұнда жүрегі барға немесе естігенін қабылдағанға еске салу / ескерту / бар
Аударма: ҚМДБ
50:38 وَلَقَدۡ خَلَقۡنَا ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَمَا بَيۡنَهُمَا فِي سِتَّةِ أَيَّامٖ وَمَا مَسَّنَا مِن لُّغُوبٖ
Расында көктер мен жерді және екі арасындағы нәрселерді алты күнде жараттық, шаршамадық
Аударма: Халифа Алтай
Біз аспандарды және жерді, әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жараттық және Бізге шаршау тимеді
Аударма: ҚМДБ
50:39 فَٱصۡبِرۡ عَلَىٰ مَا يَقُولُونَ وَسَبِّحۡ بِحَمۡدِ رَبِّكَ قَبۡلَ طُلُوعِ ٱلشَّمۡسِ وَقَبۡلَ ٱلۡغُرُوبِ
(Мұхаммед Ғ.С.) олардың айтқандарына сабыр ет. Раббыңды күн шығудан бұрын әрі батудан бұрын мақтай дәріпте. (Таң намазы, бесін, екінті. Б.Ж.М)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сен олардың айтып жатқандарына сабыр ет. Әрі күн шығардан алдын және күн батардан бұрын Раббыңды мақтап, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте
Аударма: ҚМДБ
50:40 وَمِنَ ٱلَّيۡلِ فَسَبِّحۡهُ وَأَدۡبَٰرَ ٱلسُّجُودِ
Түннің бір бөлімінде және намаздардан кейін Оны дәріпте. (Намаздардың артындағы нәпілдер. Б.Ж.М)
Аударма: Халифа Алтай
және түннің бір бөлігінде және сәжделердің / намаздардың / артында да Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте
Аударма: ҚМДБ
50:41 وَٱسۡتَمِعۡ يَوۡمَ يُنَادِ ٱلۡمُنَادِ مِن مَّكَانٖ قَرِيبٖ
Жақын жерден бір айғайшының шақыратын (Сұр үрілетін) күніне құлақ сал
Аударма: Халифа Алтай
Әрі шақырушы сол күні жақын жайдан шақырғанда тыңда
Аударма: ҚМДБ
50:42 يَوۡمَ يَسۡمَعُونَ ٱلصَّيۡحَةَ بِٱلۡحَقِّۚ ذَٰلِكَ يَوۡمُ ٱلۡخُرُوجِ
Олар ол күні ащы дауысты анық естиді. Ол, (қабырдан) шығатын күн
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні олар сайханы анық естиді. Міне, бұл - Шығу күні
Аударма: ҚМДБ
50:43 إِنَّا نَحۡنُ نُحۡيِۦ وَنُمِيتُ وَإِلَيۡنَا ٱلۡمَصِيرُ
Расында тірілтеміз де өлтіреміз. Сондай-ақ қайтар орын Біз жақ
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, Біз тірілтеміз және өлтіреміз, әрі қайту - Бізге
Аударма: ҚМДБ
50:44 يَوۡمَ تَشَقَّقُ ٱلۡأَرۡضُ عَنۡهُمۡ سِرَاعٗاۚ ذَٰلِكَ حَشۡرٌ عَلَيۡنَا يَسِيرٞ
Сол күні жер жарылып, олар тезінен шығады. Осы жинау Бізге оңай
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні жер жарылып, олар асыққан күйде болады. Бүл жинау Бізге оңай
Аударма: ҚМДБ
50:45 نَّحۡنُ أَعۡلَمُ بِمَا يَقُولُونَۖ وَمَآ أَنتَ عَلَيۡهِم بِجَبَّارٖۖ فَذَكِّرۡ بِٱلۡقُرۡءَانِ مَن يَخَافُ وَعِيدِ
(Мұхаммед Ғ.С.) олардың не дегендерін жақсы білеміз. Сен оларға зорлаушы емессің. Кім азаптан қорықса, Құранмен үгіт бер
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз олардың не айтып жатқандарын жақсы білеміз, ал сен оларға мәжбүрлеуші емессің. Менің ескертуімнен қорқатындарға Құран арқылы еске сал / насихат ет
Аударма: ҚМДБ
Каф сүресі туралы Каф (ق) — Құранның 50-сүресі, 45 аят, меккелік сүре, 26-жүз, мысхафтың 518-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада .
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу