Аз-Зарият

الذاريات · 60 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 520-бет
← КафБарлық сүрелерАт-Тур →
51:1
وَٱلذَّـٰرِيَٰتِ ذَرۡوٗا
Соғып ұшырушы желдерге
Аударма: Халифа Алтай
Ұшырып жіберушілермен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
51:2
فَٱلۡحَٰمِلَٰتِ وِقۡرٗا
Мол жаңбыр көтеруші бұлттарға
Аударма: Халифа Алтай
Әрі жүкті көтерушілермен
Аударма: ҚМДБ
51:3
فَٱلۡجَٰرِيَٰتِ يُسۡرٗا
Жеңіл жүруші кемелерге
Аударма: Халифа Алтай
және жеңіл жүзушілермен
Аударма: ҚМДБ
51:4
فَٱلۡمُقَسِّمَٰتِ أَمۡرًا
Істі бөлуші періштелерге серт
Аударма: Халифа Алтай
әрі / Аллаһтың / әмір еткендерін үлестірушілермен
Аударма: ҚМДБ
51:5
إِنَّمَا تُوعَدُونَ لَصَادِقٞ
Шын мәнінде сендерге уәде етілген қиямет әрине рас
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, сендерге уәде етілген нәрсе - шындық
Аударма: ҚМДБ
51:6
وَإِنَّ ٱلدِّينَ لَوَٰقِعٞ
Әлбетте қиямет болады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі есепке тарту міндетті түрде болады
Аударма: ҚМДБ
51:7
وَٱلسَّمَآءِ ذَاتِ ٱلۡحُبُكِ
Жолдары бар аспанға серт
Аударма: Халифа Алтай
Жүретін жолдары бар аспанмен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
51:8
إِنَّكُمۡ لَفِي قَوۡلٖ مُّخۡتَلِفٖ
Қүмәнсыз сендер талас-тартыс сөздесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, сендер қарама-қайшы сөздесіңдер
Аударма: ҚМДБ
51:9
يُؤۡفَكُ عَنۡهُ مَنۡ أُفِكَ
Шындықтан бұрылған бұрылады
Аударма: Халифа Алтай
Одан / Құраннан / бұрылғандар бұрып жіберіледі
Аударма: ҚМДБ
51:10
قُتِلَ ٱلۡخَرَّـٰصُونَ
Ой жорушылар құрысын
Аударма: Халифа Алтай
Өтірікшілер / анық білмейтін нәрселер жайлы сөйлейтіндер / жойылсын
Аударма: ҚМДБ
51:11
ٱلَّذِينَ هُمۡ فِي غَمۡرَةٖ سَاهُونَ
Міне солар, білімсіздік ішінде жаңылуда
Аударма: Халифа Алтай
сондай, / имансыздық пен адасудың / ұйығында қаперсіздікте жүргендер
Аударма: ҚМДБ
51:12
يَسۡـَٔلُونَ أَيَّانَ يَوۡمُ ٱلدِّينِ
Олар: "Қиямет қашан" деп сұрайды
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Есеп күні қашан болады», - деп сұрайды
Аударма: ҚМДБ
51:13
يَوۡمَ هُمۡ عَلَى ٱلنَّارِ يُفۡتَنُونَ
Ол, олардың отқа жағылатын күні
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні олар Отта азапталады
Аударма: ҚМДБ
51:14
ذُوقُواْ فِتۡنَتَكُمۡ هَٰذَا ٱلَّذِي كُنتُم بِهِۦ تَسۡتَعۡجِلُونَ
Оларға: "Азаптарыңды татыңдар! Асығып, тілегендерің осы" (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
«Азаптарыңды татыңдар! Сендер асықтырған / тез болуын сұраған / нәрсе - осы»
Аударма: ҚМДБ
51:15
إِنَّ ٱلۡمُتَّقِينَ فِي جَنَّـٰتٖ وَعُيُونٍ
Шәксіз тақуалар бақшаларда, бұлақтарда болады
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, тақуалар / Аллаһтың жа­засынан қорқып, сақтанушылар / Жәннат бақтары мен бұлақтары арасында
Аударма: ҚМДБ
51:16
ءَاخِذِينَ مَآ ءَاتَىٰهُمۡ رَبُّهُمۡۚ إِنَّهُمۡ كَانُواْ قَبۡلَ ذَٰلِكَ مُحۡسِنِينَ
Олар, өздеріне Раббыларының бергенін алады. Өйткені олар, бұдан бұрын жақсылық істеуші еді
Аударма: Халифа Алтай
өздеріне Раббысының бергенін алады. Анығында, олар бұдан алдын жақсылықты ықыласпен істеуші еді
Аударма: ҚМДБ
51:17
كَانُواْ قَلِيلٗا مِّنَ ٱلَّيۡلِ مَا يَهۡجَعُونَ
Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді
Аударма: Халифа Алтай
Олар түннің аз ғана бөлігін ұйықтайтын
Аударма: ҚМДБ
51:18
وَبِٱلۡأَسۡحَارِ هُمۡ يَسۡتَغۡفِرُونَ
Олар таң сәрілерде жарылқану тілеуші еді
Аударма: Халифа Алтай
ал сахарда кешірім тілейтін еді
Аударма: ҚМДБ
51:19
وَفِيٓ أَمۡوَٰلِهِمۡ حَقّٞ لِّلسَّآئِلِ وَٱلۡمَحۡرُومِ
Олардың малдарында; сұрағанға да сұрамағанға да тиесі бар
Аударма: Халифа Алтай
Олардың дүние-мүліктерінде сұраушыға және түгі жоқ мұқтаждарға үлес бар
Аударма: ҚМДБ
51:20
وَفِي ٱلۡأَرۡضِ ءَايَٰتٞ لِّلۡمُوقِنِينَ
Жер жүзінде нак сенушілерге дәлелдер бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі айқын сенушілер үшін жерде белгі-дәлелдер бар
Аударма: ҚМДБ
51:21
وَفِيٓ أَنفُسِكُمۡۚ أَفَلَا تُبۡصِرُونَ
Сондай-ақ өздеріңде де бар. Көрмейсіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
және сендердің өздеріңде де. Көрмейсіңдер ме
Аударма: ҚМДБ
51:22
وَفِي ٱلسَّمَآءِ رِزۡقُكُمۡ وَمَا تُوعَدُونَ
Сендердің несібелерің әрі уәде етілген нәрселер көкте
Аударма: Халифа Алтай
Әрі аспанда сендердің ризықтарың және сендерге уәде етілген бар
Аударма: ҚМДБ
51:23
فَوَرَبِّ ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِ إِنَّهُۥ لَحَقّٞ مِّثۡلَ مَآ أَنَّكُمۡ تَنطِقُونَ
Көк пен жердің Раббына серт. Штбәсыз бұл, сендердің сөйлегендерің сияқты рас. (Бір-біріңе сөйлеген сөздерің қандай рас болса, сондай рас)
Аударма: Халифа Алтай
Аспан мен жердің Раббысымен ант етемін, бұл - сендердің / сөз / сөйлеулерің секілді ақиқат
Аударма: ҚМДБ
51:24
هَلۡ أَتَىٰكَ حَدِيثُ ضَيۡفِ إِبۡرَٰهِيمَ ٱلۡمُكۡرَمِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.) саған Ыбырайым (Ғ.С.) нық ардақты қонақтарының (періштелердің) әңгімесі келді ме
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Саған Ибраһимның құрметті қонақтары жайлы хабар келді ме
Аударма: ҚМДБ
51:25
إِذۡ دَخَلُواْ عَلَيۡهِ فَقَالُواْ سَلَٰمٗاۖ قَالَ سَلَٰمٞ قَوۡمٞ مُّنكَرُونَ
Олар Ыбырайым (Ғ.С.) ға кіргенде: "Сәлем" десті. Ыбырайым (Ғ.С.) да оларға: "Сәлем, бөгде қауым" деді. (С. 69-А., 15-С. 50-А)
Аударма: Халифа Алтай
Олар оның алдына кірген кезде: «Сәләм» / бейбітшілік болсын! / - деді. Ол да: «Сендерге де Сәләм / амандық болсын / , ей, бейтаныс адамдар!» - деді
Аударма: ҚМДБ
51:26
فَرَاغَ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِۦ فَجَآءَ بِعِجۡلٖ سَمِينٖ
Дереу үйіне барып, семіз бір бұзау әкелді
Аударма: Халифа Алтай
Ол ақырын әйеліне шығып, әзірленген бір семіз бұзау әкелді
Аударма: ҚМДБ
51:27
فَقَرَّبَهُۥٓ إِلَيۡهِمۡ قَالَ أَلَا تَأۡكُلُونَ
Оны оларға жақындатып: "Жемейсіңдер ме?",-деді
Аударма: Халифа Алтай
Оны Оларға жақындатып: «Жемейсіңдер ме?» - деді
Аударма: ҚМДБ
51:28
فَأَوۡجَسَ مِنۡهُمۡ خِيفَةٗۖ قَالُواْ لَا تَخَفۡۖ وَبَشَّرُوهُ بِغُلَٰمٍ عَلِيمٖ
Олардан тіксініп, қорықты. Олар: "Қорықпа!",- деді де оны білгіш бір ұлмен куантты
Аударма: Халифа Алтай
Сонда ол олардан / қауіптеніп / қорқып қалды. Олар: «Қорықпа», - деді және оны білімді бір ұлмен сүйіншіледі
Аударма: ҚМДБ
51:29
فَأَقۡبَلَتِ ٱمۡرَأَتُهُۥ فِي صَرَّةٖ فَصَكَّتۡ وَجۡهَهَا وَقَالَتۡ عَجُوزٌ عَقِيمٞ
Сонда Ібырайым (Ғ.С.) ның жұбайы, алдына ойбайлап келіп, өз бетін ұрды да: "Баладан қалған бір кемпірмін" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, оның әйелі дауыстап, бетін ұрып: «Бедеу кемпір ме?» - деді
Аударма: ҚМДБ
51:30
قَالُواْ كَذَٰلِكِ قَالَ رَبُّكِۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡحَكِيمُ ٱلۡعَلِيمُ
Олар: "Осылайша Раббың бұйырды. Өйткені Ол, аса дана, толық білуші" десті
Аударма: Халифа Алтай
Олар / періштелер / : «Раббың осылай деп айтты. Ақиқатында Ол әл-Хаким / аса Дана / , әл-’Алим / бәрін Білуші / », - деді
Аударма: ҚМДБ
51:31
۞قَالَ فَمَا خَطۡبُكُمۡ أَيُّهَا ٱلۡمُرۡسَلُونَ
(Ыбырайым Ғ.С.): "Әй елшілер! Бұйымтайларың не?",- деді
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Әй, елшілер, не шаруаменкелдіңдер?» - деді
Аударма: ҚМДБ
51:32
قَالُوٓاْ إِنَّآ أُرۡسِلۡنَآ إِلَىٰ قَوۡمٖ مُّجۡرِمِينَ
Шынында біз қылмысты бір елге жіберілдік
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Біз қылмыскер елге жіберілдік
Аударма: ҚМДБ
51:33
لِنُرۡسِلَ عَلَيۡهِمۡ حِجَارَةٗ مِّن طِينٖ
Оларға балшықтан пісірілген тас жаудыру үшін
Аударма: Халифа Алтай
оларға лайдан / жасалған / тас жаудыру үшін
Аударма: ҚМДБ
51:34
مُّسَوَّمَةً عِندَ رَبِّكَ لِلۡمُسۡرِفِينَ
Раббық тарапынан, шектен шығушылар үшін белгіленген" (деді)
Аударма: Халифа Алтай
шектен шыққандарға Раббың тарапынан белгіленген», - деді
Аударма: ҚМДБ
51:35
فَأَخۡرَجۡنَا مَن كَانَ فِيهَا مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Ол жерден мүміндерді шығардық
Аударма: Халифа Алтай
Біз ол жерден имандыларды шығардық
Аударма: ҚМДБ
51:36
فَمَا وَجَدۡنَا فِيهَا غَيۡرَ بَيۡتٖ مِّنَ ٱلۡمُسۡلِمِينَ
Дегенмен ол жерде Мұсылманнан бір үйден басқа таппадық. (Лұт Ғ.С. мен екі қызы. Ж.) (С. 30-А)
Аударма: Халифа Алтай
Алайда, біз ол жерде бір үйден басқа мұсылмандарды / бойсұнушыларды / таппадық
Аударма: ҚМДБ
51:37
وَتَرَكۡنَا فِيهَآ ءَايَةٗ لِّلَّذِينَ يَخَافُونَ ٱلۡعَذَابَ ٱلۡأَلِيمَ
Ол арада күйзелтуші азаптан қорқушылар үшін бір ғибрат қалдырдық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол жерде күйзелтуші азаптан қорқушылар үшін белгі қалдырдық
Аударма: ҚМДБ
51:38
وَفِي مُوسَىٰٓ إِذۡ أَرۡسَلۡنَٰهُ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ بِسُلۡطَٰنٖ مُّبِينٖ
Мұсада да (ғибрат) бар. Оны ашық мұғжизалармен жіберген уақытта
Аударма: Халифа Алтай
Мұсада да / белгілер бар /. Сол кезде оны Фиръаунға анық дәлелмен жібердік
Аударма: ҚМДБ
51:39
فَتَوَلَّىٰ بِرُكۡنِهِۦ وَقَالَ سَٰحِرٌ أَوۡ مَجۡنُونٞ
Перғауын сыбайластарымен теріс айналып: "Жады немесе жынды" деді
Аударма: Халифа Алтай
Бірақ ол айналасындағылармен бірге теріс бұрылды және: «Бұл - сиқыршы не жын соққан», - деді
Аударма: ҚМДБ
51:40
فَأَخَذۡنَٰهُ وَجُنُودَهُۥ فَنَبَذۡنَٰهُمۡ فِي ٱلۡيَمِّ وَهُوَ مُلِيمٞ
Сондықтан оны әрі ләшкерлерін қолға алып, оны өзіне сөгіс берген түрде теңізге тастадық
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Біз оны әрі әскерін ұстадық / жазаладың / және оларды теңізге тастадық. Ол / Фиръаун / айыпталуға лайықты болды
Аударма: ҚМДБ
51:41
وَفِي عَادٍ إِذۡ أَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمُ ٱلرِّيحَ ٱلۡعَقِيمَ
Ғад елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларға зиянды қатты дауыл жібердік
Аударма: Халифа Алтай
Ад елінде де. Сол кезде оларға / пайдасы жоқ / зиянды желді жібердік
Аударма: ҚМДБ
51:42
مَا تَذَرُ مِن شَيۡءٍ أَتَتۡ عَلَيۡهِ إِلَّا جَعَلَتۡهُ كَٱلرَّمِيمِ
Ол, тиген нәрсесін мұлде шіріген сүйектей етіп тастайды
Аударма: Халифа Алтай
Ол тиген нәрсесін аман қалдырмай, оны үгіндіге айналдырады
Аударма: ҚМДБ
51:43
وَفِي ثَمُودَ إِذۡ قِيلَ لَهُمۡ تَمَتَّعُواْ حَتَّىٰ حِينٖ
Сәмұд елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларға: "Бір мерзімге дейін пайдалана тұрыңдар" делінді
Аударма: Халифа Алтай
Сәмұд елінде де. Сол кезде оларға: «Бір уақытқа дейін пайдаланыңдар», - делінді
Аударма: ҚМДБ
51:44
فَعَتَوۡاْ عَنۡ أَمۡرِ رَبِّهِمۡ فَأَخَذَتۡهُمُ ٱلصَّـٰعِقَةُ وَهُمۡ يَنظُرُونَ
Сонда олар , Раббыларының әміріне қарсы келді. Сондықтан олар, қарап түрғанда нажағай түсті
Аударма: Халифа Алтай
Олар Раббысының әміріне бағынбай, менмендік танытты. Сонда қарап тұрған күйлерінде оларға саъиқа тиді
Аударма: ҚМДБ
51:45
فَمَا ٱسۡتَطَٰعُواْ مِن قِيَامٖ وَمَا كَانُواْ مُنتَصِرِينَ
Сонда олардың тұруга да шамалары келмеді әрі жәрдем де көрмеді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олар тұруға шамалары келмей қалды әрі қорғана да алмады
Аударма: ҚМДБ
51:46
وَقَوۡمَ نُوحٖ مِّن قَبۡلُۖ إِنَّهُمۡ كَانُواْ قَوۡمٗا فَٰسِقِينَ
Бұрын Нұх (Ғ.С.) елін жоқ еттік. Өйткені олар, бұзақы ел еді
Аударма: Халифа Алтай
Бұдан бұрын Нұхтың елін де / жойдық / . Өйткені олар бұзық / бойсұнбаушы / ел еді
Аударма: ҚМДБ
51:47
وَٱلسَّمَآءَ بَنَيۡنَٰهَا بِأَيۡيْدٖ وَإِنَّا لَمُوسِعُونَ
Аспанды құдыретімізбен жасадық. Шын мәнінде күшіміз жетеді
Аударма: Халифа Алтай
Біз аспанды құдіретімізбен құрдық әрі Біз кеңейтушіміз
Аударма: ҚМДБ
51:48
وَٱلۡأَرۡضَ فَرَشۡنَٰهَا فَنِعۡمَ ٱلۡمَٰهِدُونَ
Сондай-ақ жерді төседік. Недеген жақсы төсеушіміз
Аударма: Халифа Алтай
Ал жерді жайып қойдық. Біз қандай жақсы жаюшымыз
Аударма: ҚМДБ
51:49
وَمِن كُلِّ شَيۡءٍ خَلَقۡنَا زَوۡجَيۡنِ لَعَلَّكُمۡ تَذَكَّرُونَ
Түсінулерің үшін әр нәрсені пар-парымен жараттық. (С. 36-А)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сендердің еске алуларың / ғибраттануларың / үшін Біз әрбір нәрсені жұбымен жараттық
Аударма: ҚМДБ
51:50
فَفِرُّوٓاْ إِلَى ٱللَّهِۖ إِنِّي لَكُم مِّنۡهُ نَذِيرٞ مُّبِينٞ
(Мұхаммед Ғ.С. оларға): "Алла жаққа жүгіріңдер. Сөзсіз мен, Оның тарапынан сендерге ашық ескертушімін" (де)
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / : «Аллаһқа қарай қашыңдар / пана іздеп ұмтылыңдар / . Анығында, мен - сендерге Одан / жіберілген / анық ескертушімін
Аударма: ҚМДБ
51:51
وَلَا تَجۡعَلُواْ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَۖ إِنِّي لَكُم مِّنۡهُ نَذِيرٞ مُّبِينٞ
Алламен бірге басқа тәңір қылмаңдар. Шын мәнінде сендерге ашық өскертушімін" (де)
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһпен бірге басқаны құдай етіп алмаңдар. Шын мәнінде, мен сендерге Одан анық ескертушімін», - деп айт
Аударма: ҚМДБ
51:52
كَذَٰلِكَ مَآ أَتَى ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِم مِّن رَّسُولٍ إِلَّا قَالُواْ سَاحِرٌ أَوۡ مَجۡنُونٌ
Міне осылайша олардан бұрынғылар да пайғамбар келгенде, оларды: "Мұлде жады немесе жынды" деген
Аударма: Халифа Алтай
Міне, осылай, бұлардан алдыңғыларға да әрбір елші келгенде, олар да: «Сиқыршы немесе жын соққан», - деді
Аударма: ҚМДБ
51:53
أَتَوَاصَوۡاْ بِهِۦۚ بَلۡ هُمۡ قَوۡمٞ طَاغُونَ
Олар бұл жөнде өзара келіскен бе? Жоқ, олар шектен шыққан қауым
Аударма: Халифа Алтай
Олар бұл сөзді бір-біріне өсиет етіп қалдырды ма? Жоқ, олай емес! Олар шектен шыққан ел
Аударма: ҚМДБ
51:54
فَتَوَلَّ عَنۡهُمۡ فَمَآ أَنتَ بِمَلُومٖ
(Мұхаммед Ғ.С.) олардан бет бұр. Сонда сөгіске ұшырамайсың
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олардан теріс бұрыл, сен жазғырылмайсың
Аударма: ҚМДБ
51:55
وَذَكِّرۡ فَإِنَّ ٱلذِّكۡرَىٰ تَنفَعُ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ
Үгітте! Өйткені үгіт мүміндерге пайда береді
Аударма: Халифа Алтай
Алайда естеріне сал, өйткені еске салу - имандыларға пайдасын тигізеді
Аударма: ҚМДБ
51:56
وَمَا خَلَقۡتُ ٱلۡجِنَّ وَٱلۡإِنسَ إِلَّا لِيَعۡبُدُونِ
Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым
Аударма: Халифа Алтай
Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етуден басқа нәрсе үшін жаратпадым. / Жын және адамзатты Өзіме ғибадат етулері үшін ғана жараттым
Аударма: ҚМДБ
51:57
مَآ أُرِيدُ مِنۡهُم مِّن رِّزۡقٖ وَمَآ أُرِيدُ أَن يُطۡعِمُونِ
Олардан бір несібе тілемеймін әрі олардың Мені тамақтандыруларын да қаламаймын
Аударма: Халифа Алтай
Мен олардан ешбір ризық / несібе, үлес / қаламаймын және олардың Мені тамақтандыруын да қаламаймын
Аударма: ҚМДБ
51:58
إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلرَّزَّاقُ ذُو ٱلۡقُوَّةِ ٱلۡمَتِينُ
Шүбәсыз Ол Алла, ризықтандырушы және мықты күшке ие
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Аллаһ Ризық беруші, күш-қуат Иесі, өте Мықты
Аударма: ҚМДБ
51:59
فَإِنَّ لِلَّذِينَ ظَلَمُواْ ذَنُوبٗا مِّثۡلَ ذَنُوبِ أَصۡحَٰبِهِمۡ فَلَا يَسۡتَعۡجِلُونِ
Сөз жоқ. Сондай зұлымдық қылғандардың, жолдастарының күнәлары тәрізді күнәлары бар. Сондықтан Менен асығып тілемесін
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, әділетсіздік еткендерге / алдыңғы өткен осы ұстанымдағы / өздері тәрізділердің үлестеріндей үлес бар. Сондықтан олар асықтырмасын / тез болуын сұрамасын
Аударма: ҚМДБ
51:60
فَوَيۡلٞ لِّلَّذِينَ كَفَرُواْ مِن يَوۡمِهِمُ ٱلَّذِي يُوعَدُونَ
Өздеріне уәде етілген күнге қарсы келгендерге нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Күпірлік еткендерге / иманға келмегендерге / өздеріне уәде етілген Күннен қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
← КафБарлық сүрелерАт-Тур →

Аз-Зарият сүресі туралы

Аз-Зарият (الذاريات) — Құранның 51-сүресі, 60 аят, меккелік сүре, 26-жүз, мысхафтың 520-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу