QORAN.kz › Сүрелер › Ат-Тур
52:1 وَٱلطُّورِ
Тұр тауына
Аударма: Халифа Алтай
Турмен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
52:2 وَكِتَٰبٖ مَّسۡطُورٖ
Жазулы Кітапқа
Аударма: Халифа Алтай
әрі жазылған Кітаппен
Аударма: ҚМДБ
52:3 فِي رَقّٖ مَّنشُورٖ
Теріге жазулыға
Аударма: Халифа Алтай
жайылған жұқа нәрсеге / жұқа теріге, қағазға
Аударма: ҚМДБ
52:4 وَٱلۡبَيۡتِ ٱلۡمَعۡمُورِ
Толықсыған үйге, (Көктегі қыблаға)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Байтул-Маъмурмен (бұл жетінші аспанда тұрғызылған Қағба секілді үй.Оғани күніне жетпіс мың періште кіріп, құлшылық етеді)
Аударма: ҚМДБ
52:5 وَٱلسَّقۡفِ ٱلۡمَرۡفُوعِ
Көтерілген төбеге, (көкке)
Аударма: Халифа Алтай
және биік көтерілген шатырмен
Аударма: ҚМДБ
52:6 وَٱلۡبَحۡرِ ٱلۡمَسۡجُورِ
Және ыстық теңізге серт
Аударма: Халифа Алтай
және көтерілген теңізбен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
52:7 إِنَّ عَذَابَ رَبِّكَ لَوَٰقِعٞ
Сөзсіз Раббыңның азабы болады
Аударма: Халифа Алтай
Раббыңның жазасы / азабы / міндетті түрде түседі
Аударма: ҚМДБ
52:8 مَّا لَهُۥ مِن دَافِعٖ
Оны тойтарушы жоқ
Аударма: Халифа Алтай
оны қайтарушы жоқ
Аударма: ҚМДБ
52:9 يَوۡمَ تَمُورُ ٱلسَّمَآءُ مَوۡرٗا
Ол күні аспан қатты теңселеді
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні аспан теңселіп шайқалады
Аударма: ҚМДБ
52:10 وَتَسِيرُ ٱلۡجِبَالُ سَيۡرٗا
Таулар үшіп жүреді
Аударма: Халифа Алтай
ал таулар қозғалып жылжиды
Аударма: ҚМДБ
52:11 فَوَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Сол күні өтірік деушілерге нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні / Аллаһты әрі Оның Елшісін / өтірікке шығарушыларға үлкен қасірет болады
Аударма: ҚМДБ
52:12 ٱلَّذِينَ هُمۡ فِي خَوۡضٖ يَلۡعَبُونَ
Олар, сондай орынсыз сүңгіп ойнағандар
Аударма: Халифа Алтай
сондай жалғанға сүңгіп, ермек етіп, ойнап жүргендерге
Аударма: ҚМДБ
52:13 يَوۡمَ يُدَعُّونَ إِلَىٰ نَارِ جَهَنَّمَ دَعًّا
Олар сол күні, тозаққа итеріліп, тасталады
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні олар Жаһаннам отына күштеп итеріледі
Аударма: ҚМДБ
52:14 هَٰذِهِ ٱلنَّارُ ٱلَّتِي كُنتُم بِهَا تُكَذِّبُونَ
Міне! Сендер өтірік деген тозақ
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / : «Міне, осы - сендер өтірік санап келген От
Аударма: ҚМДБ
52:15 أَفَسِحۡرٌ هَٰذَآ أَمۡ أَنتُمۡ لَا تُبۡصِرُونَ
Ал осы бір сиқыр ма? Немесе сендер көрмейсіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Ал, осы сиқыр ма екен, әлде сендер көрмей тұрсындар ма
Аударма: ҚМДБ
52:16 ٱصۡلَوۡهَا فَٱصۡبِرُوٓاْ أَوۡ لَا تَصۡبِرُواْ سَوَآءٌ عَلَيۡكُمۡۖ إِنَّمَا تُجۡزَوۡنَ مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Тозаққа кіріңдер. Шындасаңдар да шындамасаңдар да сендерге бәрі бірдей. Істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Оның ішінде жаныңдар! Енді шыдасаңдар да, не шыдамасаңдар да - сендер үшін бірдей. Сендерге істеп өткен амалдарыңның қайтарымы ғана беріледі», - делінеді
Аударма: ҚМДБ
52:17 إِنَّ ٱلۡمُتَّقِينَ فِي جَنَّـٰتٖ وَنَعِيمٖ
Әрине тақуалар ұжмақтарда ырысқа бөленеді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / Жәннаттағы бақтарда болып, игіліктерге бөленеді
Аударма: ҚМДБ
52:18 فَٰكِهِينَ بِمَآ ءَاتَىٰهُمۡ رَبُّهُمۡ وَوَقَىٰهُمۡ رَبُّهُمۡ عَذَابَ ٱلۡجَحِيمِ
Раббыларының өздеріне берген нәрселерінің қызығын көреді. Оларды Раббылары тозақтың азабынан қорғаған
Аударма: Халифа Алтай
олар Раббысының өздеріне бергеніне қуанып, шат-шадыман болады. Әрі олардың Раббысы оларды Жахим азабынан сақтады
Аударма: ҚМДБ
52:19 كُلُواْ وَٱشۡرَبُواْ هَنِيٓـَٔۢا بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
Істеген ғамалдарың себепті жеңдер, ішіңдер. Сіңімді болсын
Аударма: Халифа Алтай
Оларға: / «Істеген амалдарың үшін рахаттанып жендер, ішіңдер!» - делінеді
Аударма: ҚМДБ
52:20 مُتَّكِـِٔينَ عَلَىٰ سُرُرٖ مَّصۡفُوفَةٖۖ وَزَوَّجۡنَٰهُم بِحُورٍ عِينٖ
Тізілген дивандарға сүйенген түрде" (делінеді.) Оларды бота көз хүрлармен үйлендіреміз
Аударма: Халифа Алтай
Олар қатар тізілген көтеріңкі жайлы орындарда, сүйеніп отырады. Әрі Оларға көздері үлкен де әдемілерді / хурларды / қосамыз
Аударма: ҚМДБ
52:21 وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَٱتَّبَعَتۡهُمۡ ذُرِّيَّتُهُم بِإِيمَٰنٍ أَلۡحَقۡنَا بِهِمۡ ذُرِّيَّتَهُمۡ وَمَآ أَلَتۡنَٰهُم مِّنۡ عَمَلِهِم مِّن شَيۡءٖۚ كُلُّ ٱمۡرِيِٕۭ بِمَا كَسَبَ رَهِينٞ
Сондай иман келтіргендер, олардың ұрпақтары да иман келтіріп, өздеріне ілескен болса, оларды ол ұрпақтарына қосамыз. Сондай-ақ олардың ғамалдарынан еш нәрсе кемітпейміз. Әркім істегенінің бодауына ұсталады. (С. 38-А)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз өздері иманға келген және ұрпақтары да иманмен өздеріне ергендерді ұрпақтарымен қосамыз. Біз олардың амалдарынан еш нәрсені кемітпейміз. Әрбір адам өз жиғанының / амалының / тұтқыны
Аударма: ҚМДБ
52:22 وَأَمۡدَدۡنَٰهُم بِفَٰكِهَةٖ وَلَحۡمٖ مِّمَّا يَشۡتَهُونَ
Оларға бейіште қызығатын ет пен жемісті молайтамыз
Аударма: Халифа Алтай
Әрі, Біз оларға өздері қалаған жемістер мен еттерді / ет тағамдарын / қосамыз
Аударма: ҚМДБ
52:23 يَتَنَٰزَعُونَ فِيهَا كَأۡسٗا لَّا لَغۡوٞ فِيهَا وَلَا تَأۡثِيمٞ
Олар бейіште тостағанға таласады. Онда бір орынсыз сөйлеу де күнәкарлықта болмайды. (С. 47-А. 56.С. 19-А)
Аударма: Халифа Алтай
Ол жерде олар / сусын / толы кеселерді бір-біріне ұзатады, онда бос сөз сөйлеу де, күнә жасау да болмайды
Аударма: ҚМДБ
52:24 ۞وَيَطُوفُ عَلَيۡهِمۡ غِلۡمَانٞ لَّهُمۡ كَأَنَّهُمۡ لُؤۡلُؤٞ مَّكۡنُونٞ
Оларға сәдептегі інжу тәрізді жастар айналып, қызмет етеді
Аударма: Халифа Алтай
Оларға қабығы ашылмаған інжу секілді жасөспірімдер қызмет етеді
Аударма: ҚМДБ
52:25 وَأَقۡبَلَ بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖ يَتَسَآءَلُونَ
Олар бір-біріне қарама-қарсы отырып хал сұрасады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар бір-біріне қарап сұрасады
Аударма: ҚМДБ
52:26 قَالُوٓاْ إِنَّا كُنَّا قَبۡلُ فِيٓ أَهۡلِنَا مُشۡفِقِينَ
Расында біз, бұрын (дүниеде) семьямызда да қорқушы едік" деседі
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Негізінде, біз бұрын үй-ішімізбен болған кезімізде қатты қорқушы едік
Аударма: ҚМДБ
52:27 فَمَنَّ ٱللَّهُ عَلَيۡنَا وَوَقَىٰنَا عَذَابَ ٱلسَّمُومِ
Сондықтан Алла бізге игілік етті де заһарлы азаптан қорғады
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ бізге игілік етті және бізді Самум (ыстық жел) азабынан сақтады
Аударма: ҚМДБ
52:28 إِنَّا كُنَّا مِن قَبۡلُ نَدۡعُوهُۖ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلۡبَرُّ ٱلرَّحِيمُ
Расында біз, бұрын Аллаға жалбарынушы едік. Өйткені Ол, игілік істеуші, ерекше мейірімді" (деседі)
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, біз бұрын Одан тілеуші едік. Анығында, Ол әл-Бәрр / аса Игі / , әр-Рахим / ерекше Мейірімді / »,- дейді
Аударма: ҚМДБ
52:29 فَذَكِّرۡ فَمَآ أَنتَ بِنِعۡمَتِ رَبِّكَ بِكَاهِنٖ وَلَا مَجۡنُونٍ
(Мұхаммед Ғ.С.) ал енді үгіттей бер. Өйткені сен Раббыңның нығметі арқасында бақсы да жынды да емессің
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Естеріне сал! СенРаббыңныңигілігі арқасындабақсы-балгер әрі жын қаққан да емессің
Аударма: ҚМДБ
52:30 أَمۡ يَقُولُونَ شَاعِرٞ نَّتَرَبَّصُ بِهِۦ رَيۡبَ ٱلۡمَنُونِ
Немесе олар сені: "Ол бір ақын. Сондықтан оған жаман заманның болуын тосамыз" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Не болмаса олар: «Ол - ақын. Біз оған заманның өзгеруін күтеміз», - дейді
Аударма: ҚМДБ
52:31 قُلۡ تَرَبَّصُواْ فَإِنِّي مَعَكُم مِّنَ ٱلۡمُتَرَبِّصِينَ
Оларға: "Күтіңдер. Мен де сендермен бірге күтемін" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Күтіңдер, мен де сендермен бірге күтушілерденмін», - деп
Аударма: ҚМДБ
52:32 أَمۡ تَأۡمُرُهُمۡ أَحۡلَٰمُهُم بِهَٰذَآۚ أَمۡ هُمۡ قَوۡمٞ طَاغُونَ
Немесе оларға бұны ақылдары әмір ете ме? Не олар азғын бір ел ме
Аударма: Халифа Алтай
Оларға ақылдары осыны бұйыра ма, әлде олар шектен шыққан адамдар ма
Аударма: ҚМДБ
52:33 أَمۡ يَقُولُونَ تَقَوَّلَهُۥۚ بَل لَّا يُؤۡمِنُونَ
Я, болмаса олар: "Кұранды өзі жасап алды" дей ме? Жоқ, олар иман келтірмейді
Аударма: Халифа Алтай
Әлде олар: «Ол оны / Құранды / ойдан шығарды», - дей ме? Жоқ, керісінше! Олар сенбейді
Аударма: ҚМДБ
52:34 فَلۡيَأۡتُواْ بِحَدِيثٖ مِّثۡلِهِۦٓ إِن كَانُواْ صَٰدِقِينَ
Ендеше, егер олар шыншыл болса, Құран сияқты бір сөз келтірсін. (С.23-А., Ю.С. 38-А., 11-С. 13-А)
Аударма: Халифа Алтай
Егер олар шын сөзді болса, осыған ұқсас / Құран секілді / хабар келтірсін
Аударма: ҚМДБ
52:35 أَمۡ خُلِقُواْ مِنۡ غَيۡرِ شَيۡءٍ أَمۡ هُمُ ٱلۡخَٰلِقُونَ
Немесе олар еш нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Не жаратушы өздері ме
Аударма: Халифа Алтай
Немесе олар еш нәрсесіз / өздігінен / жаратылды ма? әлде олар жаратушылар ма
Аударма: ҚМДБ
52:36 أَمۡ خَلَقُواْ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَۚ بَل لَّا يُوقِنُونَ
Яки олар, көктер мен жерді жаратты ма? Жоқ, олар нанбайды
Аударма: Халифа Алтай
Не олар аспандар мен жерді жаратты ма? Жоқ! Олар нақты / айқын / сенбейді
Аударма: ҚМДБ
52:37 أَمۡ عِندَهُمۡ خَزَآئِنُ رَبِّكَ أَمۡ هُمُ ٱلۡمُصَۜيۡطِرُونَ
Немесе Раббыңның қазыналары олардың қасында ма? Я, олар игеруші ме
Аударма: Халифа Алтай
Немесе Раббыңның қазыналары оларда ма? Не олар басқарушылар ма
Аударма: ҚМДБ
52:38 أَمۡ لَهُمۡ سُلَّمٞ يَسۡتَمِعُونَ فِيهِۖ فَلۡيَأۡتِ مُسۡتَمِعُهُم بِسُلۡطَٰنٖ مُّبِينٍ
Немесе, олардың шығып тыңдайтын сатылары бар ма? Онда олардың тыңдаушылары ашық бір дәлел келтірсінші
Аударма: Халифа Алтай
Әлде олардың / көтеріліп / тыңдайтын сатылары бар ма? Онда олардың ішінен тыңдағаны анық бір дәлел келтірсін
Аударма: ҚМДБ
52:39 أَمۡ لَهُ ٱلۡبَنَٰتُ وَلَكُمُ ٱلۡبَنُونَ
Немесе қыздар Алланікі де ұлдар сендердікі ме
Аударма: Халифа Алтай
Немесе қыздар - Аллаһтікі, ал ұлдар - сендердікі ме
Аударма: ҚМДБ
52:40 أَمۡ تَسۡـَٔلُهُمۡ أَجۡرٗا فَهُم مِّن مَّغۡرَمٖ مُّثۡقَلُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) не сен олардан ақы тілеп сондықтан олар ауыр борышқа жығылды ма
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / әлде сен олардан ақы сұрап, содан олар борышқа қалып, соны ауырсынып жатыр ма
Аударма: ҚМДБ
52:41 أَمۡ عِندَهُمُ ٱلۡغَيۡبُ فَهُمۡ يَكۡتُبُونَ
Немесе олардың қасында ғайыптың мәліметі бар да олар соны жаза ма
Аударма: Халифа Алтай
Не оларда ғайыптың мәліметі бар болып, олар соны жаза ма
Аударма: ҚМДБ
52:42 أَمۡ يُرِيدُونَ كَيۡدٗاۖ فَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ هُمُ ٱلۡمَكِيدُونَ
Не болмаса, олардың бір әдіс қылғылары келе ме? Сонда қарсы болғандардың өздері тұзаққа түседі
Аударма: Халифа Алтай
Әлде олар айла-шарғы жасауды қалай ма? Ол айла-шарғыға сондай күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы шыққандардың / өздері ілінеді
Аударма: ҚМДБ
52:43 أَمۡ لَهُمۡ إِلَٰهٌ غَيۡرُ ٱللَّهِۚ سُبۡحَٰنَ ٱللَّهِ عَمَّا يُشۡرِكُونَ
Әлде олардың Алладан басқа тәңірі бар ма? Алла олардың қосқан теңеулерінен пәк
Аударма: Халифа Алтай
Әлде олардың Аллаһтан өзге, басқа құдайы бар ма? Аллаһ - олардың қосқан серіктерінен пәк
Аударма: ҚМДБ
52:44 وَإِن يَرَوۡاْ كِسۡفٗا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ سَاقِطٗا يَقُولُواْ سَحَابٞ مَّرۡكُومٞ
Олар аспаннан түсіп келе жатқан бір кесек көрсе де: "Шоғырланған бұлт" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар егер аспанның бір бөлігінің құлап келе жатқанын көрсе де: «Бұл - шоғырланған бұлт», - дейді
Аударма: ҚМДБ
52:45 فَذَرۡهُمۡ حَتَّىٰ يُلَٰقُواْ يَوۡمَهُمُ ٱلَّذِي فِيهِ يُصۡعَقُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) енді оларды жоқ болатын күндеріне жолыққандарына дейін қойып қой
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Енді оларды, өздерінің жойылатын / қайта тірілу / күніне жолыққандарына дейін жайына қалдыр
Аударма: ҚМДБ
52:46 يَوۡمَ لَا يُغۡنِي عَنۡهُمۡ كَيۡدُهُمۡ شَيۡـٔٗا وَلَا هُمۡ يُنصَرُونَ
Ол күні оларға әдістері ешбір пайда бермейді әрі оларға көмек те етілмейді
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні Оларға айла-шарғылары ешбір пайда бермейді әрі Оларға ешкім көмектеспейді
Аударма: ҚМДБ
52:47 وَإِنَّ لِلَّذِينَ ظَلَمُواْ عَذَابٗا دُونَ ذَٰلِكَ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ
Шүбәсыз ондай залымдарға одан өзге де азап бар. Бірақ олардың көбі түсінбейді
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, әділетсіздерге оған дейін де азап бар, бірақ олардың көбі білмейді
Аударма: ҚМДБ
52:48 وَٱصۡبِرۡ لِحُكۡمِ رَبِّكَ فَإِنَّكَ بِأَعۡيُنِنَاۖ وَسَبِّحۡ بِحَمۡدِ رَبِّكَ حِينَ تَقُومُ
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның үкіміне сабыр ет. Өйткені сен көз алдымыздасың. Орныңнан тұрған шақта, Раббыңды мақтай дәріпте
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Раббыңның үкімі келгенге дейін сабыр ет. Сөзсіз, сен Біздің көз алдымыздасың / қорғауымыздасың / . Әрі тұрған кезіңде Раббыңды мақтап, Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте
Аударма: ҚМДБ
52:49 وَمِنَ ٱلَّيۡلِ فَسَبِّحۡهُ وَإِدۡبَٰرَ ٱلنُّجُومِ
Түннің бір бөлімінде және жұлдыздар батар кезде де дәріпте. (Құптан және таң намазын оқы. М.Ж)
Аударма: Халифа Алтай
Сондай-ақ, түннің бір бөлігінде және жұлдыздар көрінбей қалғанда да Оны / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте
Аударма: ҚМДБ
Ат-Тур сүресі туралы Ат-Тур (الطور) — Құранның 52-сүресі, 49 аят, меккелік сүре, 27-жүз, мысхафтың 523-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада .
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу