Ан-Наджм

النجم · 62 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 526-бет
← Ат-ТурБарлық сүрелерАль-Камар →
53:1
وَٱلنَّجۡمِ إِذَا هَوَىٰ
Батып бара жатқан жұлдыздарға серт
Аударма: Халифа Алтай
Батып / көрінбей / бара жатқан жұлдызбен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
53:2
مَا ضَلَّ صَاحِبُكُمۡ وَمَا غَوَىٰ
Жолдастарың (Мұхаммед Ғ.С.) адаспады да ауытқымады
Аударма: Халифа Алтай
Ағайындарың адаспады және жолдан ауытқымады
Аударма: ҚМДБ
53:3
وَمَا يَنطِقُ عَنِ ٱلۡهَوَىٰٓ
Ол өз ойынан сөйлемейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол өз ойынан сөйлемейді
Аударма: ҚМДБ
53:4
إِنۡ هُوَ إِلَّا وَحۡيٞ يُوحَىٰ
Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - тек білдірілген уахи ғана
Аударма: ҚМДБ
53:5
عَلَّمَهُۥ شَدِيدُ ٱلۡقُوَىٰ
Оған оны өте күшті (Жебрейіл Ғ.С.) үйретті
Аударма: Халифа Алтай
Оны оған орасан күшті үйретті
Аударма: ҚМДБ
53:6
ذُو مِرَّةٖ فَٱسۡتَوَىٰ
Ол қуат иесі (Жебрейіл өз бейнесінде) тура түрды. (Бүл көрініс Хыра тауында болған. Ж.Р)
Аударма: Халифа Алтай
бітімі келіскен. Кейін ол тұрды
Аударма: ҚМДБ
53:7
وَهُوَ بِٱلۡأُفُقِ ٱلۡأَعۡلَىٰ
Ол, жоғары көк жиекте еді
Аударма: Халифа Алтай
ең жоғарғы көкжиекте
Аударма: ҚМДБ
53:8
ثُمَّ دَنَا فَتَدَلَّىٰ
Ол, жақындап төмендеді
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін ол жақындап, төмендеді
Аударма: ҚМДБ
53:9
فَكَانَ قَابَ قَوۡسَيۡنِ أَوۡ أَدۡنَىٰ
Тіпті садақтың екі басындай әлде жақынырақ
Аударма: Халифа Алтай
әрі ол екі садақ арасындай немесе одан да жақын болды
Аударма: ҚМДБ
53:10
فَأَوۡحَىٰٓ إِلَىٰ عَبۡدِهِۦ مَآ أَوۡحَىٰ
Сонда Алла, құлына уахи ететін нәрселерін көкейіне салды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда ол Оның / Аллаһтың / құлына Ол / Раббысы / уахи еткенін білдірді
Аударма: ҚМДБ
53:11
مَا كَذَبَ ٱلۡفُؤَادُ مَا رَأَىٰٓ
Оның көзінің көргенін көңлі жалғанға шығармады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, жүрегі оның көргенін жалғанға шығармады
Аударма: ҚМДБ
53:12
أَفَتُمَٰرُونَهُۥ عَلَىٰ مَا يَرَىٰ
Ал енді оның көрген нәрсесіне сендер таласасыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Сендер оның көргені жайлы, онымен тартысасыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
53:13
وَلَقَدۡ رَءَاهُ نَزۡلَةً أُخۡرَىٰ
Расында ол, Жебрейілді екінші рет көрді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол оны басқа бір түскенінде де көрді
Аударма: ҚМДБ
53:14
عِندَ سِدۡرَةِ ٱلۡمُنتَهَىٰ
Тұрақтау ағашының жанында
Аударма: Халифа Алтай
соңғы шектегі Сидрдің жанында
Аударма: ҚМДБ
53:15
عِندَهَا جَنَّةُ ٱلۡمَأۡوَىٰٓ
Оның қасында Мәуа жаннаты бар
Аударма: Халифа Алтай
Оның қасында Маъуа жәннаты бар
Аударма: ҚМДБ
53:16
إِذۡ يَغۡشَى ٱلسِّدۡرَةَ مَا يَغۡشَىٰ
Сол уақытта ағашты қаптаған нәрсе қаптады
Аударма: Халифа Алтай
Сол кезде Сидраны (Бұл аса ұлы Аллаһқа ғана мәлім нәрсе) қаптайтын нәрсе қаптады
Аударма: ҚМДБ
53:17
مَا زَاغَ ٱلۡبَصَرُ وَمَا طَغَىٰ
(Мұхаммед Ғ.С.ның) көзі таймады да үстірт қарамады
Аударма: Халифа Алтай
Оның көзі одан аумады да әрі шектен де аспады
Аударма: ҚМДБ
53:18
لَقَدۡ رَأَىٰ مِنۡ ءَايَٰتِ رَبِّهِ ٱلۡكُبۡرَىٰٓ
Расында ол, Раббының ірі белгілерін көрді
Аударма: Халифа Алтай
ол, анығында, Раббысының белгілерінен ең үлкендерін көрді
Аударма: ҚМДБ
53:19
أَفَرَءَيۡتُمُ ٱللَّـٰتَ وَٱلۡعُزَّىٰ
Лат пен Ғүззаны көрдіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Сендер Лат пен Ғұззаны көрдіңдер ме
Аударма: ҚМДБ
53:20
وَمَنَوٰةَ ٱلثَّالِثَةَ ٱلۡأُخۡرَىٰٓ
Үшінші басқа Менатты
Аударма: Халифа Алтай
Әрі басқасын, үшіншісі - Манатты
Аударма: ҚМДБ
53:21
أَلَكُمُ ٱلذَّكَرُ وَلَهُ ٱلۡأُنثَىٰ
Еркек сендердікі де ұрғашы Алланікі ме
Аударма: Халифа Алтай
Сендердікі ер, ал әйелдер Онікі ме
Аударма: ҚМДБ
53:22
تِلۡكَ إِذٗا قِسۡمَةٞ ضِيزَىٰٓ
Онда бұл, орынсыз бір бөліс
Аударма: Халифа Алтай
Бұл онда - әділетсіз бөліс
Аударма: ҚМДБ
53:23
إِنۡ هِيَ إِلَّآ أَسۡمَآءٞ سَمَّيۡتُمُوهَآ أَنتُمۡ وَءَابَآؤُكُم مَّآ أَنزَلَ ٱللَّهُ بِهَا مِن سُلۡطَٰنٍۚ إِن يَتَّبِعُونَ إِلَّا ٱلظَّنَّ وَمَا تَهۡوَى ٱلۡأَنفُسُۖ وَلَقَدۡ جَآءَهُم مِّن رَّبِّهِمُ ٱلۡهُدَىٰٓ
Бұл, сендер және аталарың қойған құр аттар ғана. Алла оларға байланысты бір дәлел түсірген жоқ. Олар ойларына көңілдері қалағанына ғана ереді. Расында оларға Раббыларынан туралық (Пайғамбар) келді
Аударма: Халифа Алтай
Олар / пұттар / бар болғаны өздерің және аталарың қойған құр есімдер ғана. Аллаһ олар жайында ешбір дәлел түсірген жоқ. Оларға / мүшріктерге / Раббысынан тура жол келсе де олар жорамалдарына және жандары ғана ереді
Аударма: ҚМДБ
53:24
أَمۡ لِلۡإِنسَٰنِ مَا تَمَنَّىٰ
Немесе адамзатқа көксегені бола бере ме
Аударма: Халифа Алтай
Әлде адамға қалағаны бола бере ме
Аударма: ҚМДБ
53:25
فَلِلَّهِ ٱلۡأٓخِرَةُ وَٱلۡأُولَىٰ
Негізінде ахирет, дүние Алланың иелігінде
Аударма: Халифа Алтай
Соңғы, мәңгілік өмір де / ақирет те / , алғашқы да / осы өмір де! -Аллаһтікі
Аударма: ҚМДБ
53:26
۞وَكَم مِّن مَّلَكٖ فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ لَا تُغۡنِي شَفَٰعَتُهُمۡ شَيۡـًٔا إِلَّا مِنۢ بَعۡدِ أَن يَأۡذَنَ ٱللَّهُ لِمَن يَشَآءُ وَيَرۡضَىٰٓ
Көктерде қаншалаған періште бар. Алла қалап, разы болған кісісіне рұхсат бермейінше, олардың шапағаты еш нәрсеге жарамайды
Аударма: Халифа Алтай
Аспандардағы қаншама періштенің ара түсуі / шапағаты / ешқандай пайда бермейді, егер тек Аллаһ Өзі қалаған және разы болғандар үшін рұқсат бермейінше
Аударма: ҚМДБ
53:27
إِنَّ ٱلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ لَيُسَمُّونَ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةَ تَسۡمِيَةَ ٱلۡأُنثَىٰ
Шынында сондай ақиретке иман келтіргендер, періштелерді (Алланың қыздары деп) әйел атымен атайды
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндер періштелерді әйелдерге тән аттармен атайды
Аударма: ҚМДБ
53:28
وَمَا لَهُم بِهِۦ مِنۡ عِلۡمٍۖ إِن يَتَّبِعُونَ إِلَّا ٱلظَّنَّۖ وَإِنَّ ٱلظَّنَّ لَا يُغۡنِي مِنَ ٱلۡحَقِّ شَيۡـٔٗا
Негізінде оған байланысты бір мәліметтері жоқ. Ойға ғана ереді. Шын мәнінде құр ой, шындық жағынан еш нәрсеге тұрмайды
Аударма: Халифа Алтай
Алайда, оларда бұл жайында ешбір білім жоқ. Олар бос ой, болжамдарына ғана ереді. Ал, анығында - болжам ақиқаттың орнын баспайды
Аударма: ҚМДБ
53:29
فَأَعۡرِضۡ عَن مَّن تَوَلَّىٰ عَن ذِكۡرِنَا وَلَمۡ يُرِدۡ إِلَّا ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا
(Мұхаммед Ғ.С.) үгітімізден жалтарып, дүние тіршілігін ғана қалаған кісіден бет бұр
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біздің Еске салуымыздан / Құраннан / сырт айналғандардан және осы дүниедегі өмірден басқаны қаламағандардан теріс бұрыл
Аударма: ҚМДБ
53:30
ذَٰلِكَ مَبۡلَغُهُم مِّنَ ٱلۡعِلۡمِۚ إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعۡلَمُ بِمَن ضَلَّ عَن سَبِيلِهِۦ وَهُوَ أَعۡلَمُ بِمَنِ ٱهۡتَدَىٰ
Міне олардың білімі осыған-ақ жетеді. Шынында Раббың жолынан адасқан кісіні де жақсы біледі. Және тура жолға түскенді де жақсы біледі
Аударма: Халифа Алтай
Олардың білімінің жеткен жерлері - міне, осы. Ақиқатында, Раббың Өзінің жолынан адасқанды жақсы біледі әрі Ол тура жолдағыны да жақсы біледі
Аударма: ҚМДБ
53:31
وَلِلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِي ٱلۡأَرۡضِ لِيَجۡزِيَ ٱلَّذِينَ أَسَـٰٓـُٔواْ بِمَا عَمِلُواْ وَيَجۡزِيَ ٱلَّذِينَ أَحۡسَنُواْ بِٱلۡحُسۡنَى
Көктердегі әрі жердегі нәрселер Аллаға тән. Сондай жамандық істегендер, істегендерімен жазаланады да жақсылық істегендерді жақсылыққа бөлейді
Аударма: Халифа Алтай
Аспандардағы және жердегі барлық нәрселер Аллаһтікі, - Оның жамандық істегендерге жасаған істеріне орай қайтарым жаза беруі, ал жақсылық істегендерге ең жақсымен қайтарым сый беруі үшін
Аударма: ҚМДБ
53:32
ٱلَّذِينَ يَجۡتَنِبُونَ كَبَـٰٓئِرَ ٱلۡإِثۡمِ وَٱلۡفَوَٰحِشَ إِلَّا ٱللَّمَمَۚ إِنَّ رَبَّكَ وَٰسِعُ ٱلۡمَغۡفِرَةِۚ هُوَ أَعۡلَمُ بِكُمۡ إِذۡ أَنشَأَكُم مِّنَ ٱلۡأَرۡضِ وَإِذۡ أَنتُمۡ أَجِنَّةٞ فِي بُطُونِ أُمَّهَٰتِكُمۡۖ فَلَا تُزَكُّوٓاْ أَنفُسَكُمۡۖ هُوَ أَعۡلَمُ بِمَنِ ٱتَّقَىٰٓ
Сондай күнәлардың үлкенінен және арсыздықтан сақтанғандардың аздаған кінәлары болса да шәксіз Раббыңның жарылқауы кең. Сендерді жерден жаратқанда және аналарыңның қарнында шикі өкпе кездеріңді де жақсы біледі. Сондықтан өздеріңді өздерің ақтамаңдар. Ол, кім тақуа екенін жақсы біледі
Аударма: Халифа Алтай
тек кішігірім күнәлардан басқа, сондай күнәнің үлкендерінен және жиіркенішті істерден аулақ болатындарға. Анығында, Раббыңның кешірімі кең. Ол сендерді / Адам атаны / жерден пайда еткенде әрі сендер аналарыңның құрсағында болған кездеріңде жақсы біледі. Сондықтан өздеріңді ақтамаңдар. Ол тақуа болғандарды / Өзіне бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды / жақсы біледі
Аударма: ҚМДБ
53:33
أَفَرَءَيۡتَ ٱلَّذِي تَوَلَّىٰ
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай бет бұрғанды көрдің бе
Аударма: Халифа Алтай
Теріс бұрылғанды көрдің бе
Аударма: ҚМДБ
53:34
وَأَعۡطَىٰ قَلِيلٗا وَأَكۡدَىٰٓ
Ол, аз берді, тоқтатты
Аударма: Халифа Алтай
аз берген және сараңдық еткенді
Аударма: ҚМДБ
53:35
أَعِندَهُۥ عِلۡمُ ٱلۡغَيۡبِ فَهُوَ يَرَىٰٓ
Оның жанында құпия білім болып, шындықты сол көре ме
Аударма: Халифа Алтай
Онда ғайып жайлы білім бар ма, ол көретіндей
Аударма: ҚМДБ
53:36
أَمۡ لَمۡ يُنَبَّأۡ بِمَا فِي صُحُفِ مُوسَىٰ
Оған Мұса (Ғ.С.) ның нұсқаларындағы нәрселер білдірілмеді ме
Аударма: Халифа Алтай
Әлде оған Мұсаның жазбаларындағы / оған түскен сухуфтарда / хабар айтылмады ма
Аударма: ҚМДБ
53:37
وَإِبۡرَٰهِيمَ ٱلَّذِي وَفَّىٰٓ
Сондай-ақ әмірді орындаушы Ыбырайым (Ғ.С.) ның да
Аударма: Халифа Алтай
және / бұйырылғанды / толық орындаған Ибраһимнің де / сухуфтарындағы
Аударма: ҚМДБ
53:38
أَلَّا تَزِرُ وَازِرَةٞ وِزۡرَ أُخۡرَىٰ
Ешбір күнәкар, басқаның күнәсын көтермейді
Аударма: Халифа Алтай
ешбіреу басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейтіні
Аударма: ҚМДБ
53:39
وَأَن لَّيۡسَ لِلۡإِنسَٰنِ إِلَّا مَا سَعَىٰ
Адамзат; еңбегіне жарай ғана табысқа ие болады
Аударма: Халифа Алтай
әрі адамға өзі ұмтылып істеген амалынан басқа ешнәрсе болмайтыны / тек өз амалына сай алатыны
Аударма: ҚМДБ
53:40
وَأَنَّ سَعۡيَهُۥ سَوۡفَ يُرَىٰ
Сөз жоқ, еңбегінің нәтижесін жедел көреді
Аударма: Халифа Алтай
әрі оның ұмтылыс-амалы ғана көрсетілетіні, / қайта тірілу күні алдынан шығатыны
Аударма: ҚМДБ
53:41
ثُمَّ يُجۡزَىٰهُ ٱلۡجَزَآءَ ٱلۡأَوۡفَىٰ
Сонсоң оған еңбегінің бодауы толық беріледі
Аударма: Халифа Алтай
кейін оған / істерінің / қайтарымы толығымен берілетіндігі
Аударма: ҚМДБ
53:42
وَأَنَّ إِلَىٰ رَبِّكَ ٱلۡمُنتَهَىٰ
Күдіксіз Раббыңа тиянақтайды
Аударма: Халифа Алтай
және соңғы шек / қайту / - Раббыңа екендігі жайлы
Аударма: ҚМДБ
53:43
وَأَنَّهُۥ هُوَ أَضۡحَكَ وَأَبۡكَىٰ
Шын мәнінде күлдірген де жылатқкан да Ол
Аударма: Халифа Алтай
Әрі күлдіретін де, жылататын да - Ол
Аударма: ҚМДБ
53:44
وَأَنَّهُۥ هُوَ أَمَاتَ وَأَحۡيَا
Өйткені, өлтірген де тірілткен де Ол
Аударма: Халифа Алтай
және өлтіріп, тірілтетін де Ол екендігі
Аударма: ҚМДБ
53:45
وَأَنَّهُۥ خَلَقَ ٱلزَّوۡجَيۡنِ ٱلذَّكَرَ وَٱلۡأُنثَىٰ
Шүбәсыз Алла, ер, әйелді жүп жаратқан
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Оның жұпты - ер және ұрғашыны жаратқандығы
Аударма: ҚМДБ
53:46
مِن نُّطۡفَةٍ إِذَا تُمۡنَىٰ
Тамызылған бір тамшы "мәни" суынан
Аударма: Халифа Алтай
атылып шығатын тамшыдан
Аударма: ҚМДБ
53:47
وَأَنَّ عَلَيۡهِ ٱلنَّشۡأَةَ ٱلۡأُخۡرَىٰ
Шәксіз екінші жасау да Оған тән
Аударма: Халифа Алтай
және басқа / ақиреттегі / жарату да Оған тән екендігі
Аударма: ҚМДБ
53:48
وَأَنَّهُۥ هُوَ أَغۡنَىٰ وَأَقۡنَىٰ
Сөз жоқ, байытқан да өркендеткен де Ол
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол - байлық беруші және қанағаттандырушы
Аударма: ҚМДБ
53:49
وَأَنَّهُۥ هُوَ رَبُّ ٱلشِّعۡرَىٰ
Расында Ол, "Шығра" жүлдызының Раббы
Аударма: Халифа Алтай
және Ол Шиъраның / Сириус жұлдызының / Раббысы екендігі жайлы
Аударма: ҚМДБ
53:50
وَأَنَّهُۥٓ أَهۡلَكَ عَادًا ٱلۡأُولَىٰ
Күдіксіз бұрынғы Ғад елін жоқ етті
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол алдыңғы Ад елін жойғаны
Аударма: ҚМДБ
53:51
وَثَمُودَاْ فَمَآ أَبۡقَىٰ
Сондай-ақ Сәмұд елін де қалдырмады
Аударма: Халифа Алтай
және Сәмұд елін де жойып ешкімді қалдырмағандығы жайында
Аударма: ҚМДБ
53:52
وَقَوۡمَ نُوحٖ مِّن قَبۡلُۖ إِنَّهُمۡ كَانُواْ هُمۡ أَظۡلَمَ وَأَطۡغَىٰ
Одан бұрын Нұх (Ғ.С.) тың қауымын да. Өйткені олар өте залым, тым жолдан шыққан еді
Аударма: Халифа Алтай
ал, одан бұрын Нұхтың елін де / жойғандығы жайлы / . Анығында, олар өте әділетсіз әрі шектен шыққандар еді
Аударма: ҚМДБ
53:53
وَٱلۡمُؤۡتَفِكَةَ أَهۡوَىٰ
Төңкерілген кентті жермен-жексен етті. (Лұт Ғ.С. ның елі)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол төңкеріліп түскен елді де құлатты
Аударма: ҚМДБ
53:54
فَغَشَّىٰهَا مَا غَشَّىٰ
Сонда оларды апат қаптаған сайын қаптады
Аударма: Халифа Алтай
сонда оны жапқан нәрсемен жапты
Аударма: ҚМДБ
53:55
فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكَ تَتَمَارَىٰ
Ал енді Раббыңның қай нығметтерінен күмәнданасыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Енді Раббыңның қай игілігіне күмән келтіресің
Аударма: ҚМДБ
53:56
هَٰذَا نَذِيرٞ مِّنَ ٱلنُّذُرِ ٱلۡأُولَىٰٓ
Бұл Пайғамбар бұрынғы ескертушіден бір ескертуші
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - алдыңғы ескертушілер қатарындағы бір ескертуші
Аударма: ҚМДБ
53:57
أَزِفَتِ ٱلۡأٓزِفَةُ
Қиямет жақындады
Аударма: Халифа Алтай
Жақындап келе жатқан жақындады
Аударма: ҚМДБ
53:58
لَيۡسَ لَهَا مِن دُونِ ٱللَّهِ كَاشِفَةٌ
Оны Алладан өзге әшкерелеуші жоқ
Аударма: Халифа Алтай
оны Аллаһтан өзге қайтарушы жоқ
Аударма: ҚМДБ
53:59
أَفَمِنۡ هَٰذَا ٱلۡحَدِيثِ تَعۡجَبُونَ
Ал енді сендер осы сөзге таңырқайсыңдар ма
Аударма: Халифа Алтай
Ал, сендер бұл Сөзге / Құранға / таң қаласыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
53:60
وَتَضۡحَكُونَ وَلَا تَبۡكُونَ
Күлесіңдер, жыламайсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
әрі күлесіңдер де жыламайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
53:61
وَأَنتُمۡ سَٰمِدُونَ
(Сәжде бар.) Сендер кәперсізсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
қаперсіздікте болған күйлеріңде
Аударма: ҚМДБ
53:62
فَٱسۡجُدُواْۤ لِلَّهِۤ وَٱعۡبُدُواْ۩
Ал енді Аллаға сәжде қылып, құлшылық істеңдер
Аударма: Халифа Алтай
Енді Аллаһқа сәжде етіңдер және құлшылық қылыңдар
Аударма: ҚМДБ
← Ат-ТурБарлық сүрелерАль-Камар →

Ан-Наджм сүресі туралы

Ан-Наджм (النجم) — Құранның 53-сүресі, 62 аят, меккелік сүре, 27-жүз, мысхафтың 526-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу