Аль-Камар

القمر · 55 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 528-бет
← Ан-НаджмБарлық сүрелерАр-Рахман →
54:1
ٱقۡتَرَبَتِ ٱلسَّاعَةُ وَٱنشَقَّ ٱلۡقَمَرُ
Қиямет жақындады, ай жарылды
Аударма: Халифа Алтай
Сағат / Қайта тірілу күні / жақындады және ай бөлінді
Аударма: ҚМДБ
54:2
وَإِن يَرَوۡاْ ءَايَةٗ يُعۡرِضُواْ وَيَقُولُواْ سِحۡرٞ مُّسۡتَمِرّٞ
Олар бір мұғжиза көрсе бет бұрады да: "Жалғасты түрдегі бір сиқыр" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Егер олар Аллаһтың бір белгісін көрсе де, теріс бұрылады да: «Күшті сиқыр», - дейді
Аударма: ҚМДБ
54:3
وَكَذَّبُواْ وَٱتَّبَعُوٓاْ أَهۡوَآءَهُمۡۚ وَكُلُّ أَمۡرٖ مُّسۡتَقِرّٞ
Олар жасынға шығарып, әуестеріне ерді. Негізінде әр істің бір тұрағы бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар өтірікке шығарды және көңіл құмарлықтарына ерді. Әрбір істің өз орны / уақыты / бар
Аударма: ҚМДБ
54:4
وَلَقَدۡ جَآءَهُم مِّنَ ٱلۡأَنۢبَآءِ مَا فِيهِ مُزۡدَجَرٌ
Расында оларға секем аларлық хабар келіп болды
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, оларға тыйымдарды / ескертулерді / қамтыған хабарлар келді
Аударма: ҚМДБ
54:5
حِكۡمَةُۢ بَٰلِغَةٞۖ فَمَا تُغۡنِ ٱلنُّذُرُ
Жеткілікті хикмет бар. Сонда да ескертулер пайда бермес
Аударма: Халифа Алтай
Кемел, даналыққа толы / хабарлар / . Бірақ ескерту / имансызға / не пайда бермек
Аударма: ҚМДБ
54:6
فَتَوَلَّ عَنۡهُمۡۘ يَوۡمَ يَدۡعُ ٱلدَّاعِ إِلَىٰ شَيۡءٖ نُّكُرٍ
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше, олардан бет бұр. Бір күні шақырушы жаман іске шақырады
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Енді олардан теріс бұрыл. Шақырушы / сүр үрлеуші / қиын бір нәрсеге шақырған күні
Аударма: ҚМДБ
54:7
خُشَّعًا أَبۡصَٰرُهُمۡ يَخۡرُجُونَ مِنَ ٱلۡأَجۡدَاثِ كَأَنَّهُمۡ جَرَادٞ مُّنتَشِرٞ
Олар, қабырларынан көздерін сүлмейтіп, таралған шекіртке құсап шығады
Аударма: Халифа Алтай
олардың көздері қорлана жасыған күйде, бытырап жайылған шегірткелер секілді қабірлерден шығады
Аударма: ҚМДБ
54:8
مُّهۡطِعِينَ إِلَى ٱلدَّاعِۖ يَقُولُ ٱلۡكَٰفِرُونَ هَٰذَا يَوۡمٌ عَسِرٞ
Шақырушы жаққа жүгірген кәпірлер: "Бұл ауыр күн" дейді
Аударма: Халифа Алтай
шақырушыға қарай асыққан күйлерінде. кәпірлер: «Бұл - ауыр күн!» - дейді
Аударма: ҚМДБ
54:9
۞كَذَّبَتۡ قَبۡلَهُمۡ قَوۡمُ نُوحٖ فَكَذَّبُواْ عَبۡدَنَا وَقَالُواْ مَجۡنُونٞ وَٱزۡدُجِرَ
Олардан бұрын Нұх (Ғ.С.) тың қауымы да өтірік деген. Құлымызды жасынға шығарып: "Жынды" деген, әрі жебірленген еді
Аударма: Халифа Алтай
Олардан бұрын Нұхтың елі де өтірікке шығарған еді. Сөйтіп олар құлымызды / Нұхты / жалғаншыға шығарды және: «Жын қаққан», - деп жәбірлеп, тыйым салды
Аударма: ҚМДБ
54:10
فَدَعَا رَبَّهُۥٓ أَنِّي مَغۡلُوبٞ فَٱنتَصِرۡ
Сонда ол, Раббына: "Күдіксіз мен жеңілдім, маған нұсрат бер" деп, жалбарынған
Аударма: Халифа Алтай
Сонда ол Раббысына: «Мен жеңілдім, маған көмек бер!» - деп дұға қылды
Аударма: ҚМДБ
54:11
فَفَتَحۡنَآ أَبۡوَٰبَ ٱلسَّمَآءِ بِمَآءٖ مُّنۡهَمِرٖ
Сондықтан көктің есігін құйылған жаңбырмен аштық
Аударма: Халифа Алтай
Біз аспан қақпаларын құйылған сумен аштық
Аударма: ҚМДБ
54:12
وَفَجَّرۡنَا ٱلۡأَرۡضَ عُيُونٗا فَٱلۡتَقَى ٱلۡمَآءُ عَلَىٰٓ أَمۡرٖ قَدۡ قُدِرَ
Жерді жарып, қайнарлар шығардық. Сонда су өлшеулі әмір бойынша қосылды
Аударма: Халифа Алтай
және жерді жарып, бұлақтарды шығардық. Солай етіп сулар белгіленген іс үшін қосылды
Аударма: ҚМДБ
54:13
وَحَمَلۡنَٰهُ عَلَىٰ ذَاتِ أَلۡوَٰحٖ وَدُسُرٖ
Оны (Нұхты) шегеленген тақтайлы кемеге орналастырдық
Аударма: Халифа Алтай
Сонда оны тақтайлар мен дусурдан құралғанға / кемеге / мінгіздік
Аударма: ҚМДБ
54:14
تَجۡرِي بِأَعۡيُنِنَا جَزَآءٗ لِّمَن كَانَ كُفِرَ
Қарсы келгендерге жаза түрінде Нұх (Ғ.С.) тың кемесі көз алдымызда жүріп бара жатты
Аударма: Халифа Алтай
Ол / кеме / Біздің көз алдымызда жүзеді, / елі / күпірлік еткенге / теріске шығарғанға / қайтарым сый ретінде
Аударма: ҚМДБ
54:15
وَلَقَد تَّرَكۡنَٰهَآ ءَايَةٗ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٖ
Расында оны ғибрат қып қалдырдық. Сонда түсінуші бар ма
Аударма: Халифа Алтай
Біз оны белгі-ғибрат етіп қалдырдық. Енді еске алушы бар ма
Аударма: ҚМДБ
54:16
فَكَيۡفَ كَانَ عَذَابِي وَنُذُرِ
Азабым, ескертуім қалай екен
Аударма: Халифа Алтай
Менің азабым әрі ескертуім қалай болды
Аударма: ҚМДБ
54:17
وَلَقَدۡ يَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٖ
Расында Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал сонда түсінуші бар ма
Аударма: Халифа Алтай
Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма
Аударма: ҚМДБ
54:18
كَذَّبَتۡ عَادٞ فَكَيۡفَ كَانَ عَذَابِي وَنُذُرِ
Ғад елі де жасынға айналдырған. Азабым ескертуім қалай екен
Аударма: Халифа Алтай
Ад елі / елшілерді / өтірікші санады. Сонда Менің азабым мен ескертуім қалай болды
Аударма: ҚМДБ
54:19
إِنَّآ أَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ رِيحٗا صَرۡصَرٗا فِي يَوۡمِ نَحۡسٖ مُّسۡتَمِرّٖ
Өйткені, оларға сәтсіз күнде; үздіксіз куілдеген боран жібердік
Аударма: Халифа Алтай
Біз оларға жамандығы жалғасқан күні суық жел жібердік
Аударма: ҚМДБ
54:20
تَنزِعُ ٱلنَّاسَ كَأَنَّهُمۡ أَعۡجَازُ نَخۡلٖ مُّنقَعِرٖ
Адамдарды түбінен қопарылған құрманың ағашындай жұлып, әкететін еді
Аударма: Халифа Алтай
Ол адамдарды опырылған құрма ағаштарындай жұлып әкетеді
Аударма: ҚМДБ
54:21
فَكَيۡفَ كَانَ عَذَابِي وَنُذُرِ
Азабым, ескертуім қалай екен
Аударма: Халифа Алтай
Менің азабым мен ескертуім қалай болды
Аударма: ҚМДБ
54:22
وَلَقَدۡ يَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٖ
Расында Құранды насихат үшін қолайлы қылдық. Қане, сонда түсінуші бар ма
Аударма: Халифа Алтай
Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма
Аударма: ҚМДБ
54:23
كَذَّبَتۡ ثَمُودُ بِٱلنُّذُرِ
Сәмұд елі ескертушіні жасынға айналдырды
Аударма: Халифа Алтай
Сәмұд елі ескертуді өтірік санады
Аударма: ҚМДБ
54:24
فَقَالُوٓاْ أَبَشَرٗا مِّنَّا وَٰحِدٗا نَّتَّبِعُهُۥٓ إِنَّآ إِذٗا لَّفِي ضَلَٰلٖ وَسُعُرٍ
Өзімізден бір адамға ерейік бе? Әрине ол уақытта біз адасуда әрі есі алаң боламыз" деді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Біз өз арамыздағы бір адамға ереміз бе? Онда біз әлбетте адасуда және ессіздікте боламыз
Аударма: ҚМДБ
54:25
أَءُلۡقِيَ ٱلذِّكۡرُ عَلَيۡهِ مِنۢ بَيۡنِنَا بَلۡ هُوَ كَذَّابٌ أَشِرٞ
Арамыздан үгіт оған түсірілді ме? Жоқ, ол, мүлде өтірікші, өзімшіл" деді
Аударма: Халифа Алтай
Ескерту / уахи / біздің арамыздан тек соған ғана түсірілді ме? Негізінде, ол менменсінген өтірікші», - деді
Аударма: ҚМДБ
54:26
سَيَعۡلَمُونَ غَدٗا مَّنِ ٱلۡكَذَّابُ ٱلۡأَشِرُ
Олар ертең-ақ кімнің барып тұрған суайт, құж екенін біледі
Аударма: Халифа Алтай
Олар ертең-ақ шектен шыққан өтірікшінің кім екенін біледі
Аударма: ҚМДБ
54:27
إِنَّا مُرۡسِلُواْ ٱلنَّاقَةِ فِتۡنَةٗ لَّهُمۡ فَٱرۡتَقِبۡهُمۡ وَٱصۡطَبِرۡ
Расында аруананы оларға сын үшін жібердік. Сондықтан оларды байқа, сабыр ет. (Әй Салих, делінді)
Аударма: Халифа Алтай
«Біз оларға сынақ ретінде түйені жібереміз. Сен оларды байқа да / не істейтіндерін күтіп / сабыр ет
Аударма: ҚМДБ
54:28
وَنَبِّئۡهُمۡ أَنَّ ٱلۡمَآءَ قِسۡمَةُۢ بَيۡنَهُمۡۖ كُلُّ شِرۡبٖ مُّحۡتَضَرٞ
Оларға: "Су араларында кезекті; әркім ішу кезегінде әзір болсын" деп түсіндір. (Құдықтың суын бір күн түйе, бір күн ел ішеді. Б.Ж.М.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Оларға судың араларында бөлінгенін хабарла. Әркімге су алу / кезегі / белгіленген»
Аударма: ҚМДБ
54:29
فَنَادَوۡاْ صَاحِبَهُمۡ فَتَعَاطَىٰ فَعَقَرَ
Сонда олар жолдастарын шақырды да сонда ол, қылышын алып, түйені өлтірді
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олар серіктерін шақырып, ол оны / түйені / ұстап тірсегін қиды, / сойып өлтірді
Аударма: ҚМДБ
54:30
فَكَيۡفَ كَانَ عَذَابِي وَنُذُرِ
Сонда азабым, ескертуім қалай екен
Аударма: Халифа Алтай
Сонда Менің азабым әрі ескертуім қалай болды
Аударма: ҚМДБ
54:31
إِنَّآ أَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ صَيۡحَةٗ وَٰحِدَةٗ فَكَانُواْ كَهَشِيمِ ٱلۡمُحۡتَظِرِ
Дұрысында оларға бір қатты дауыс жібердік те олар шарбақ қораның ұматылған қу жапырағындай болды
Аударма: Халифа Алтай
Біз оларға бір ғана сайха жібердік те, олар қора салушының кепкен қоқым шөбі секілді жапырылып қалды
Аударма: ҚМДБ
54:32
وَلَقَدۡ يَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٖ
Шүбәсыз Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане сонда түсінуші бар ма
Аударма: Халифа Алтай
Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма
Аударма: ҚМДБ
54:33
كَذَّبَتۡ قَوۡمُ لُوطِۭ بِٱلنُّذُرِ
Лұт елі де ескертуді жасынға айналдырған
Аударма: Халифа Алтай
Лұттың елі насихат, ескертуді өтірік санады
Аударма: ҚМДБ
54:34
إِنَّآ أَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ حَاصِبًا إِلَّآ ءَالَ لُوطٖۖ نَّجَّيۡنَٰهُم بِسَحَرٖ
Дұрысында оларға тас жаудырған боран жібердік. Бірақ Лұт (Ғ.С.) тың семьясын таңменен құтқардық. (С. 33-А)
Аударма: Халифа Алтай
Біз оларға, тас жаудырған қатты жел жібердік. Тек Лұттың үй-ішінен басқасына. Ал, оларды сахарда / таң алдында / құтқардық
Аударма: ҚМДБ
54:35
نِّعۡمَةٗ مِّنۡ عِندِنَاۚ كَذَٰلِكَ نَجۡزِي مَن شَكَرَ
Бізден бір нығметке бөленеді. Осылайша кім шүкірлік етсе, сыйлық береміз
Аударма: Халифа Алтай
Бізден болған игілікпен. Біз игіліктерімізге алғыс білдіргеннің / шүкір еткеннің / қайтарым сыйын осылай береміз
Аударма: ҚМДБ
54:36
وَلَقَدۡ أَنذَرَهُم بَطۡشَتَنَا فَتَمَارَوۡاْ بِٱلنُّذُرِ
Расында (Лұт Ғ.С.) оларға, апатымызды ескертті. Дегенмен олар, ескертуге күмәнмен қарады
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Лұт / оларға Біздің ұстауымызды / азапқа тартуымызды / ескерткен еді, бірақ олар ескертуден күмәнданды
Аударма: ҚМДБ
54:37
وَلَقَدۡ رَٰوَدُوهُ عَن ضَيۡفِهِۦ فَطَمَسۡنَآ أَعۡيُنَهُمۡ فَذُوقُواْ عَذَابِي وَنُذُرِ
Расында олар Лұт (Ғ.С.) тың қонақтарынан дәме қылды. Сондықтан олардың көздерін соқыр қылдық: "Ал азабымды, ескертуімді татыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Олар одан қонақтарын / беруді / талап етті, сонда Біз олардың көздерін тегіс еттік. Енді Менің азабым мен ескертуімді татыңдар
Аударма: ҚМДБ
54:38
وَلَقَدۡ صَبَّحَهُم بُكۡرَةً عَذَابٞ مُّسۡتَقِرّٞ
Расында оларға тәңертең ерте бір азап келді
Аударма: Халифа Алтай
Оларға ерте таңда бекітілген азап келді
Аударма: ҚМДБ
54:39
فَذُوقُواْ عَذَابِي وَنُذُرِ
Ал азабым, ескертуім қалай екен
Аударма: Халифа Алтай
Оларға: / «Енді Менің азабым мен ескерткенімді көріңдер!» - делінді
Аударма: ҚМДБ
54:40
وَلَقَدۡ يَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٖ
Әрине Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Қане түсінуші бар ма
Аударма: Халифа Алтай
Біз Құранды еске алуға жеңіл еттік. Енді еске алушы бар ма
Аударма: ҚМДБ
54:41
وَلَقَدۡ جَآءَ ءَالَ فِرۡعَوۡنَ ٱلنُّذُرُ
Расында Перғауындықтарға да ескертуші келген еді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі фиръаундықтарға да ескерту келген еді
Аударма: ҚМДБ
54:42
كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا كُلِّهَا فَأَخَذۡنَٰهُمۡ أَخۡذَ عَزِيزٖ مُّقۡتَدِرٍ
Олар мұғжизаларымыздың бәрін жасынға айналдырды. Сондыктан оларды өте күшті қолға алумен қолға алдық
Аударма: Халифа Алтай
Олар Біздің белгілеріміздің барлығын өтірік санады. Сонда Біз оларды бәрінен Үстем, бәріне Күші жетушінің ұстауымен ұстадық
Аударма: ҚМДБ
54:43
أَكُفَّارُكُمۡ خَيۡرٞ مِّنۡ أُوْلَـٰٓئِكُمۡ أَمۡ لَكُم بَرَآءَةٞ فِي ٱلزُّبُرِ
Сендердің қасарысуларың олардан артық па? Немесе сендер үшін кітаптарда бір ақтама бар ма
Аударма: Халифа Алтай
Сендердің кәпірлерің солардан артық па? әлде сендер үшін кітаптарда кепілдік бар ма
Аударма: ҚМДБ
54:44
أَمۡ يَقُولُونَ نَحۡنُ جَمِيعٞ مُّنتَصِرٞ
Не олар: "Біз өш алушы бір топпыз" дей ме
Аударма: Халифа Алтай
Әлде олар: «Біз - үстем бір топпыз», дей ме
Аударма: ҚМДБ
54:45
سَيُهۡزَمُ ٱلۡجَمۡعُ وَيُوَلُّونَ ٱلدُّبُرَ
Ол топ, таяуда жеңіліске ұшырап, арттарына бұрылып қашады
Аударма: Халифа Алтай
Жақында бұл топ / мүшріктер / жеңіледі де арттарына бұрылып қашады
Аударма: ҚМДБ
54:46
بَلِ ٱلسَّاعَةُ مَوۡعِدُهُمۡ وَٱلسَّاعَةُ أَدۡهَىٰ وَأَمَرُّ
Әлбетте оларға уәде етілген қиямет, ол; үрейлі, тым ащы бір мезгіл
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, Сағат / Қайта тірілу / - оларға белгіленген бір уәделі мерзім. Әрі ол Сағат - өте ауыр, мүлдем ащы
Аударма: ҚМДБ
54:47
إِنَّ ٱلۡمُجۡرِمِينَ فِي ضَلَٰلٖ وَسُعُرٖ
Шәксіз күнәкарлар, адасуда және құтыруда
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, қылмыскерлер адасуда және ессіздікте
Аударма: ҚМДБ
54:48
يَوۡمَ يُسۡحَبُونَ فِي ٱلنَّارِ عَلَىٰ وُجُوهِهِمۡ ذُوقُواْ مَسَّ سَقَرَ
Ол күні, олар, тозақта етпетінен сұйреледі: "Тозақтың азабын татыңдар" (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні олар Отқа беттерімен сүйретіледі. / Оларға: / «Сақардың ұстауын татыңдар!» - делінеді
Аударма: ҚМДБ
54:49
إِنَّا كُلَّ شَيۡءٍ خَلَقۡنَٰهُ بِقَدَرٖ
Шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен жараттық
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз әрбір нәрсені алдын ала белгілегеніміз бойынша жараттық
Аударма: ҚМДБ
54:50
وَمَآ أَمۡرُنَآ إِلَّا وَٰحِدَةٞ كَلَمۡحِۭ بِٱلۡبَصَرِ
Әміріміз бір-ақ қас қаққандай
Аударма: Халифа Алтай
Біздің бұйрығымыз көздің бір нәрсеге түскен сәтіндей ғана
Аударма: ҚМДБ
54:51
وَلَقَدۡ أَهۡلَكۡنَآ أَشۡيَاعَكُمۡ فَهَلۡ مِن مُّدَّكِرٖ
Расында сендер сияқтыларды жоқ еткен едік. Ал сонда түсінуші бар ма
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз өздерің секілділерді жойып жібердік. Енді еске алушы бар ма
Аударма: ҚМДБ
54:52
وَكُلُّ شَيۡءٖ فَعَلُوهُ فِي ٱلزُّبُرِ
Олар істеген әр нәрсе дәптерде бекітілген
Аударма: Халифа Алтай
Олардың істеген барлық нәрселері кітаптарда
Аударма: ҚМДБ
54:53
وَكُلُّ صَغِيرٖ وَكَبِيرٖ مُّسۡتَطَرٌ
Үлкен-кіші әр нәрсе жазулы
Аударма: Халифа Алтай
әрбір кішісі де, үлкені де - жазулы
Аударма: ҚМДБ
54:54
إِنَّ ٱلۡمُتَّقِينَ فِي جَنَّـٰتٖ وَنَهَرٖ
Күдіксіз тақуалар, бейіштердегі өзен жағасында
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, тақуалар / Аллаһтың жаза­сынан қорқып, сақтанушылар / / Жәннаттағы / бақтар мен өзендер арасында
Аударма: ҚМДБ
54:55
فِي مَقۡعَدِ صِدۡقٍ عِندَ مَلِيكٖ مُّقۡتَدِرِۭ
Ықпалды үкім иесінің хұзырындағы қалаған орнында
Аударма: Халифа Алтай
барлық нәрсені Жасай алушы Үкім иесінің алдындағы ақиқат мекенінде
Аударма: ҚМДБ
← Ан-НаджмБарлық сүрелерАр-Рахман →

Аль-Камар сүресі туралы

Аль-Камар (القمر) — Құранның 54-сүресі, 55 аят, меккелік сүре, 27-жүз, мысхафтың 528-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу