55:1ٱلرَّحۡمَٰنُ
Аса қамқор Алла
Аударма: Халифа Алтай
әр-Рахман / аса Қайырымды
Аударма: ҚМДБ
55:2عَلَّمَ ٱلۡقُرۡءَانَ
Құранды үйретті
Аударма: Халифа Алтай
Құранды үйретті
Аударма: ҚМДБ
55:3خَلَقَ ٱلۡإِنسَٰنَ
Адамзатты жаратты
Аударма: Халифа Алтай
адамды жаратты
Аударма: ҚМДБ
55:4عَلَّمَهُ ٱلۡبَيَانَ
Оған сөйлеуді үйретті
Аударма: Халифа Алтай
оған түсіндіріп жеткізуді үйретті
Аударма: ҚМДБ
55:5ٱلشَّمۡسُ وَٱلۡقَمَرُ بِحُسۡبَانٖ
Күн мен ай есеппен жүреді
Аударма: Халифа Алтай
Күн мен ай есеппен / қозғалады
Аударма: ҚМДБ
55:6وَٱلنَّجۡمُ وَٱلشَّجَرُ يَسۡجُدَانِ
Өсімдік, (жұлдыз), ағаш Оған бас иеді
Аударма: Халифа Алтай
және жұлдыздар мен өсімдіктер сәжде етеді
Аударма: ҚМДБ
55:7وَٱلسَّمَآءَ رَفَعَهَا وَوَضَعَ ٱلۡمِيزَانَ
Ол, аспанды биіктетіп, оған тең бір өлшеу қойды
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол аспанды көтерді және таразыны орнатты
Аударма: ҚМДБ
55:8أَلَّا تَطۡغَوۡاْ فِي ٱلۡمِيزَانِ
Өлшеуде шектен шықпаңдар
Аударма: Халифа Алтай
таразыда шектен шықпауларың үшін
Аударма: ҚМДБ
55:9وَأَقِيمُواْ ٱلۡوَزۡنَ بِٱلۡقِسۡطِ وَلَا تُخۡسِرُواْ ٱلۡمِيزَانَ
Сондай-ақ тартуды әділетпен орындаңдар, таразыда кемітпеңдер
Аударма: Халифа Алтай
Өлшеуді де туралықпен орындаңдар және таразыда кемітпеңдер
Аударма: ҚМДБ
55:10وَٱلۡأَرۡضَ وَضَعَهَا لِلۡأَنَامِ
Алла, жерді жәндіктер үшін жасады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол, жерді жаратылғандар үшін орнатты
Аударма: ҚМДБ
55:11فِيهَا فَٰكِهَةٞ وَٱلنَّخۡلُ ذَاتُ ٱلۡأَكۡمَامِ
Жерде жемістер және шоқты құрмалар бар
Аударма: Халифа Алтай
Онда жемістер және қауашақты құрма ағаштары бар
Аударма: ҚМДБ
55:12وَٱلۡحَبُّ ذُو ٱلۡعَصۡفِ وَٱلرَّيۡحَانُ
Онда қабықты ұрық және аңқыған өсімдіктер өседі
Аударма: Халифа Алтай
және дәнді дақылдар, хош иісті шөптер бар
Аударма: ҚМДБ
55:13فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (әй адамзат пен жын!) Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер / адамзат пен жын / , өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:14خَلَقَ ٱلۡإِنسَٰنَ مِن صَلۡصَٰلٖ كَٱلۡفَخَّارِ
Ол, адамзатты құмырадай сыңырлаған құрғақ топырақтан жаратты
Аударма: Халифа Алтай
Ол адамды / Адам атаны / қыш / құмыра / секілді құрғақ лайдан жаратты
Аударма: ҚМДБ
55:15وَخَلَقَ ٱلۡجَآنَّ مِن مَّارِجٖ مِّن نَّارٖ
Жындарды оттың жалынынан жаратты
Аударма: Халифа Алтай
Ал жынды оттың жалынынан жаратты
Аударма: ҚМДБ
55:16فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, (әй адамзат пен жын!) Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер
Аударма: ҚМДБ
55:17رَبُّ ٱلۡمَشۡرِقَيۡنِ وَرَبُّ ٱلۡمَغۡرِبَيۡنِ
Ол, (жазғы-қысқы) екі шығыстың Раббы әрі екі күн батыстың Раббы
Аударма: Халифа Алтай
Ол - екі шығыстың Раббысы әрі екі батыстың Раббысы
Аударма: ҚМДБ
55:18فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:19مَرَجَ ٱلۡبَحۡرَيۡنِ يَلۡتَقِيَانِ
Ағызған екі теңіз қосылады
Аударма: Халифа Алтай
Ол бір-бірімен кездесетін екі теңізді қосты
Аударма: ҚМДБ
55:20بَيۡنَهُمَا بَرۡزَخٞ لَّا يَبۡغِيَانِ
Екі арасында бөгет бар. Бір-біріне араласпайды
Аударма: Халифа Алтай
Ол екеуінің арасында, екеуі бір-біріне өтіп, араласа алмайтын кедергі бар
Аударма: ҚМДБ
55:21فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін жасынға айналдырасыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:22يَخۡرُجُ مِنۡهُمَا ٱللُّؤۡلُؤُ وَٱلۡمَرۡجَانُ
Екі теңізден де інжу-маржан шығады
Аударма: Халифа Алтай
Ол екеуінен інжу және маржан шығады
Аударма: ҚМДБ
55:23فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер
Аударма: ҚМДБ
55:24وَلَهُ ٱلۡجَوَارِ ٱلۡمُنشَـَٔاتُ فِي ٱلۡبَحۡرِ كَٱلۡأَعۡلَٰمِ
Теңізде таулар құсап жүрген кемелер Оған тән
Аударма: Халифа Алтай
Теңізде көтерілген тау секілді жүзетіндер / кемелер / Оның иелігінде
Аударма: ҚМДБ
55:25فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:26كُلُّ مَنۡ عَلَيۡهَا فَانٖ
Бүкіл жер жүзіндегілер түгейді
Аударма: Халифа Алтай
Оның / жердің / үстіндегілерінің барлығы да өтеді
Аударма: ҚМДБ
55:27وَيَبۡقَىٰ وَجۡهُ رَبِّكَ ذُو ٱلۡجَلَٰلِ وَٱلۡإِكۡرَامِ
Ұлы дәрежеге ие әрі жомарт Раббыңның дидары мәңгі қалады
Аударма: Халифа Алтай
ал ұлылық пен кеңшілік Иесі болған Раббыңның дидары мәңгі қалады
Аударма: ҚМДБ
55:28فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:29يَسۡـَٔلُهُۥ مَن فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ كُلَّ يَوۡمٍ هُوَ فِي شَأۡنٖ
Көктердегі әрі жердегі әркім Одан сұрайды, Ол, әр күні шұғылдануда
Аударма: Халифа Алтай
Аспандардағы және жердегілер Одан / Аллаһтан / тілейді. Ол әр күні іс үстін /іспен шұғылдануда
Аударма: ҚМДБ
55:30فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:31سَنَفۡرُغُ لَكُمۡ أَيُّهَ ٱلثَّقَلَانِ
Әй екі топ! (Адамзат пен жын.) Есептеріңді көреміз
Аударма: Халифа Алтай
Жақында / Есеп күні / сендермен айналысамыз, ей, екі ауыр топ
Аударма: ҚМДБ
55:32فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:33يَٰمَعۡشَرَ ٱلۡجِنِّ وَٱلۡإِنسِ إِنِ ٱسۡتَطَعۡتُمۡ أَن تَنفُذُواْ مِنۡ أَقۡطَارِ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ فَٱنفُذُواْۚ لَا تَنفُذُونَ إِلَّا بِسُلۡطَٰنٖ
Әй жын мен адамзат тобы! Көктер мен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер. Өте алмайсыңдар! Бірақ бір қуатпен өте аласындар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, жын мен адамзат тобы! Аспандар мен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер. Тек, бұйрық арқылы болмаса, өте алмайсыңдар
Аударма: ҚМДБ
55:34فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер
Аударма: ҚМДБ
55:35يُرۡسَلُ عَلَيۡكُمَا شُوَاظٞ مِّن نَّارٖ وَنُحَاسٞ فَلَا تَنتَصِرَانِ
Сендерге түтінсіз жалын, отсыз түтін жіберіледі. Өздеріңді құтқара алмайсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге оттан жалын және түтін жіберіледі, сендер қорғана алмай қаласыңдар
Аударма: ҚМДБ
55:36فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:37فَإِذَا ٱنشَقَّتِ ٱلسَّمَآءُ فَكَانَتۡ وَرۡدَةٗ كَٱلدِّهَانِ
Көк жарылып, майдай еріп, гүлдей қызарған кезде
Аударма: Халифа Алтай
Аспан жарылып, қызыл тері сияқты болған кезде
Аударма: ҚМДБ
55:38فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:39فَيَوۡمَئِذٖ لَّا يُسۡـَٔلُ عَن ذَنۢبِهِۦٓ إِنسٞ وَلَا جَآنّٞ
Сонда ол күні, адамзат пен жындар күнәсынан сұралмайды. (Өйткені, Аллаға мәлік)
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні адамдар да, жындар да күнәсі жайлы сұралмайды
Аударма: ҚМДБ
55:40فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:41يُعۡرَفُ ٱلۡمُجۡرِمُونَ بِسِيمَٰهُمۡ فَيُؤۡخَذُ بِٱلنَّوَٰصِي وَٱلۡأَقۡدَامِ
Күнәкарлар кескіндерінен танылады да кекілдері мен аяқтарынан ұсталады
Аударма: Халифа Алтай
Қылмыскерлер белгілерінен танылып, кекілдері мен аяқтарынан ұсталады
Аударма: ҚМДБ
55:42فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларықның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:43هَٰذِهِۦ جَهَنَّمُ ٱلَّتِي يُكَذِّبُ بِهَا ٱلۡمُجۡرِمُونَ
Міне осы күнәкарлардың жасынға шығарған тозағы
Аударма: Халифа Алтай
Қылмыскерлер өтірікке шығарған Жаһаннам (Тозақ) - осы
Аударма: ҚМДБ
55:44يَطُوفُونَ بَيۡنَهَا وَبَيۡنَ حَمِيمٍ ءَانٖ
Олар тозақ пен қайнар судың арасында айналып жүреді
Аударма: Халифа Алтай
Олар оның / тозақ отының / және қайнап тұрған / қызуы шегіне жеткен / судың екі арасында жүреді
Аударма: ҚМДБ
55:45فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:46وَلِمَنۡ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِۦ جَنَّتَانِ
Раббының хұзырына шығудан қорыққан кісіге екі бейіш бар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Раббысының алдында тұрудан қорыққанға екі бақ бар
Аударма: ҚМДБ
55:47فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:48ذَوَاتَآ أَفۡنَانٖ
Екеуі де түрлі жемісті
Аударма: Халифа Алтай
Олардың бұтақтары бар
Аударма: ҚМДБ
55:49فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:50فِيهِمَا عَيۡنَانِ تَجۡرِيَانِ
Ол екеуінде ағатын екі бұлақ бар
Аударма: Халифа Алтай
Ол екеуінде ағып жатқан екі бұлақ бар
Аударма: ҚМДБ
55:51فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:52فِيهِمَا مِن كُلِّ فَٰكِهَةٖ زَوۡجَانِ
Ол екеуінде жемістер пар-парымен
Аударма: Халифа Алтай
Ол екеуінде әрбір жемістің екі түрі бар
Аударма: ҚМДБ
55:53فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер
Аударма: ҚМДБ
55:54مُتَّكِـِٔينَ عَلَىٰ فُرُشِۭ بَطَآئِنُهَا مِنۡ إِسۡتَبۡرَقٖۚ وَجَنَى ٱلۡجَنَّتَيۡنِ دَانٖ
Олар астары қалың жібек төсектерге сүйеніп отырады. Екі бақшаның жемістері жақын тұрады
Аударма: Халифа Алтай
Олар астарлары қалың жібектен болған көрпелердің үстінде сүйеніп отырады. Әрі екі бақтың да үзілетін жемісі жақын
Аударма: ҚМДБ
55:55فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:56فِيهِنَّ قَٰصِرَٰتُ ٱلطَّرۡفِ لَمۡ يَطۡمِثۡهُنَّ إِنسٞ قَبۡلَهُمۡ وَلَا جَآنّٞ
Бейіштерде өз ерлеріне телмірген сондай-ақ өздеріне олардан бұрын адамдар да жындар да соқтықпаған жұбайлар бар
Аударма: Халифа Алтай
Онда олардан / адам мен жыннан / бұрын адам да, жын да жақындамаған, көздерін тыйып, сақтаушылар бар
Аударма: ҚМДБ
55:57فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:58كَأَنَّهُنَّ ٱلۡيَاقُوتُ وَٱلۡمَرۡجَانُ
Ол жұбайлар; яқұт, маржан сияқты
Аударма: Халифа Алтай
Олар бейне бір жақұт пен маржан секілді
Аударма: ҚМДБ
55:59فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:60هَلۡ جَزَآءُ ٱلۡإِحۡسَٰنِ إِلَّا ٱلۡإِحۡسَٰنُ
Жақсылықтың сыйлығы жақсылық қана
Аударма: Халифа Алтай
Жақсылықтың жақсылықтан басқа қайтарымы бар ма
Аударма: ҚМДБ
55:61فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:62وَمِن دُونِهِمَا جَنَّتَانِ
Бұл екі бақшадан өзге бақша бар
Аударма: Халифа Алтай
Ол екеуінен өзге тағы да екі бақ бар
Аударма: ҚМДБ
55:63فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіқдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:64مُدۡهَآمَّتَانِ
Екеуі де жап-жасыл
Аударма: Халифа Алтай
Екеуі де қою жасыл болғандықтан қара болып көрінетін
Аударма: ҚМДБ
55:65فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер
Аударма: ҚМДБ
55:66فِيهِمَا عَيۡنَانِ نَضَّاخَتَانِ
Екі бақшада атылып қайнаған екі бастау бар
Аударма: Халифа Алтай
Ол екеуінде қайнардан бұрқылдап шығып тұрған екі бұлақ бар
Аударма: ҚМДБ
55:67فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:68فِيهِمَا فَٰكِهَةٞ وَنَخۡلٞ وَرُمَّانٞ
Ол екі бақша да түрлі жемістер және құрма, анар бар
Аударма: Халифа Алтай
Ол екеуінде жемістер, құрма және анар бар
Аударма: ҚМДБ
55:69فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:70فِيهِنَّ خَيۡرَٰتٌ حِسَانٞ
Ол ұжмақтарда қөркем мінезді, сұлу жұбайлар бар
Аударма: Халифа Алтай
Онда игі де көріктілер
Аударма: ҚМДБ
55:71فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:72حُورٞ مَّقۡصُورَٰتٞ فِي ٱلۡخِيَامِ
Шатырларда тұратын хұрлар бар
Аударма: Халифа Алтай
шатырларда қорғалып күтілетін, көздері үлкен де әдемілер / хурлар / бар
Аударма: ҚМДБ
55:73فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:74لَمۡ يَطۡمِثۡهُنَّ إِنسٞ قَبۡلَهُمۡ وَلَا جَآنّٞ
Ол хұрларға олардан бұрын адамдар да жындар да жуымаған
Аударма: Халифа Алтай
олардан бұрын оларға адам да, жын да жақындамаған
Аударма: ҚМДБ
55:75فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
55:76مُتَّكِـِٔينَ عَلَىٰ رَفۡرَفٍ خُضۡرٖ وَعَبۡقَرِيٍّ حِسَانٖ
Бейіштегілер, жасыл дивандарға, көркем төсеніштерге жастанып отырады
Аударма: Халифа Алтай
Олар әдемі қалың кілемдердің үстінде, жасыл жастықтарға сүйеніп отырады
Аударма: ҚМДБ
55:77فَبِأَيِّ ءَالَآءِ رَبِّكُمَا تُكَذِّبَانِ
Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сонда сендер, өздеріңнің Раббыңның қай игілігін өтірік дейсіндер
Аударма: ҚМДБ
55:78تَبَٰرَكَ ٱسۡمُ رَبِّكَ ذِي ٱلۡجَلَٰلِ وَٱلۡإِكۡرَامِ
(Мұхаммед Ғ.С.) Аса ардақты, жомарт Раббыңның аты өте жоғары
Аударма: Халифа Алтай
Ұлылық пен кеңшілік иесі Раббыңның есімі берекелі
Аударма: ҚМДБ
Ар-Рахман сүресі туралы
Ар-Рахман (الرحمن) — Құранның 55-сүресі, 78 аят, мединалық сүре, 27-жүз, мысхафтың 531-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу