Аль-Вакиа

الواقعة · 96 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 534-бет
← Ар-РахманБарлық сүрелерАль-Хадид →
56:1
إِذَا وَقَعَتِ ٱلۡوَاقِعَةُ
Қиямет уақиғасы болған кезде
Аударма: Халифа Алтай
Әл-Уақиъа / Қиямет / болған кезде
Аударма: ҚМДБ
56:2
لَيۡسَ لِوَقۡعَتِهَا كَاذِبَةٌ
Оның болуын өтірік деуші болмас
Аударма: Халифа Алтай
оның болуын ешнәрсе жоққа шығармайды
Аударма: ҚМДБ
56:3
خَافِضَةٞ رَّافِعَةٌ
(Ол) төмендетеді, жоғарлатады
Аударма: Халифа Алтай
ол төмендетеді, жоғарылатады
Аударма: ҚМДБ
56:4
إِذَا رُجَّتِ ٱلۡأَرۡضُ رَجّٗا
Сол уақытта жер тұтас сілкіндіріледі
Аударма: Халифа Алтай
Жер сілкініп қозғалтылған кезде
Аударма: ҚМДБ
56:5
وَبُسَّتِ ٱلۡجِبَالُ بَسّٗا
Таулар мүлде үгітіледі
Аударма: Халифа Алтай
және таулар қирап, талқандалып
Аударма: ҚМДБ
56:6
فَكَانَتۡ هَبَآءٗ مُّنۢبَثّٗا
Ұшқан тозаңдай болады
Аударма: Халифа Алтай
әрі шашылған тозаңға айналған кезде
Аударма: ҚМДБ
56:7
وَكُنتُمۡ أَزۡوَٰجٗا ثَلَٰثَةٗ
Сол уақытта сендер үш бөлімге бөлінесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
сонда сендер үш топқа бөлінесіңдер
Аударма: ҚМДБ
56:8
فَأَصۡحَٰبُ ٱلۡمَيۡمَنَةِ مَآ أَصۡحَٰبُ ٱلۡمَيۡمَنَةِ
(Ғамал дәптері оңынан берілген) оңшылдар, нендей жақсы ол оңшылдар
Аударма: Халифа Алтай
Бірі оң жақта болады. Оң жақтағылар деген не
Аударма: ҚМДБ
56:9
وَأَصۡحَٰبُ ٱلۡمَشۡـَٔمَةِ مَآ أَصۡحَٰبُ ٱلۡمَشۡـَٔمَةِ
(Ғамал дәптері солынан берілген) солшылдар, нендей жаман ол солшылдар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, біреулер сол жақта болады. Сол жақтағылар деген не
Аударма: ҚМДБ
56:10
وَٱلسَّـٰبِقُونَ ٱلسَّـٰبِقُونَ
Озаттар алдынғы қатарда болады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі озушылар, / олар / - озушылар
Аударма: ҚМДБ
56:11
أُوْلَـٰٓئِكَ ٱلۡمُقَرَّبُونَ
Міне солар, Аллаға жақын болғандар
Аударма: Халифа Алтай
Міне, солар - жақындатылғандар
Аударма: ҚМДБ
56:12
فِي جَنَّـٰتِ ٱلنَّعِيمِ
Ұжмақта нығметке бөленеді
Аударма: Халифа Алтай
Наъим (Жәннаттың бір аты. Мағнасы - көптеген нығмет, игілік) бақтарында болады
Аударма: ҚМДБ
56:13
ثُلَّةٞ مِّنَ ٱلۡأَوَّلِينَ
Бұрынғылардан көбірек
Аударма: Халифа Алтай
Олар / әуелгілерден көбірек
Аударма: ҚМДБ
56:14
وَقَلِيلٞ مِّنَ ٱلۡأٓخِرِينَ
Соңғылардан азырақ
Аударма: Халифа Алтай
соңғылардан азырақ
Аударма: ҚМДБ
56:15
عَلَىٰ سُرُرٖ مَّوۡضُونَةٖ
Безенген тақтар үстінде
Аударма: Халифа Алтай
Безендірілген, көтеріңкі жайлы орындарда
Аударма: ҚМДБ
56:16
مُّتَّكِـِٔينَ عَلَيۡهَا مُتَقَٰبِلِينَ
Олардың үстінде ерсілі-қарсылы отырады
Аударма: Халифа Алтай
оған сүйеніп, бір-біріне қараған күйде отырады
Аударма: ҚМДБ
56:17
يَطُوفُ عَلَيۡهِمۡ وِلۡدَٰنٞ مُّخَلَّدُونَ
Оларға өзгермес жастар айналып, қызмет етеді
Аударма: Халифа Алтай
Оларды мәңгі бозбалалар айналып, қызмет етіп жүреді
Аударма: ҚМДБ
56:18
بِأَكۡوَابٖ وَأَبَارِيقَ وَكَأۡسٖ مِّن مَّعِينٖ
Ағып жатқан арақтан толтырылған шелектер, құмандар және кәселерменен
Аударма: Халифа Алтай
қайнар бұлақтан / толтырылған / көзе, құмыралар және кеселермен
Аударма: ҚМДБ
56:19
لَّا يُصَدَّعُونَ عَنۡهَا وَلَا يُنزِفُونَ
Ол; бас ауыртпайды да мас қылмайды
Аударма: Халифа Алтай
одан олардың бастары ауырмайды әрі ақыл-естерін жоғалтпайды
Аударма: ҚМДБ
56:20
وَفَٰكِهَةٖ مِّمَّا يَتَخَيَّرُونَ
Қалаған жемістері бар
Аударма: Халифа Алтай
әрі олар таңдаған жемістерімен
Аударма: ҚМДБ
56:21
وَلَحۡمِ طَيۡرٖ مِّمَّا يَشۡتَهُونَ
Көңілдері соққан құс еті бар
Аударма: Халифа Алтай
және қалаған кұс етімен
Аударма: ҚМДБ
56:22
وَحُورٌ عِينٞ
Бота көз хұрлар бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Оларға жанарлары үлкен де әдемі / хурлар
Аударма: ҚМДБ
56:23
كَأَمۡثَٰلِ ٱللُّؤۡلُوِٕ ٱلۡمَكۡنُونِ
Сақтаулы інжу сияқты
Аударма: Халифа Алтай
бейне бір / қабығы ашылмаған / сақтаулы інжу секілді / жұбайлар бар
Аударма: ҚМДБ
56:24
جَزَآءَۢ بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ
Бұл істеген ғамалдарының сыйлығы
Аударма: Халифа Алтай
Бұлар - істеген амалдарының қайтарым сыйы
Аударма: ҚМДБ
56:25
لَا يَسۡمَعُونَ فِيهَا لَغۡوٗا وَلَا تَأۡثِيمًا
Олар жаннатта бос не күнәлы сөз естімейді
Аударма: Халифа Алтай
Ол жерде олар бос сөзді де, күнәлі сөзді де естімейді
Аударма: ҚМДБ
56:26
إِلَّا قِيلٗا سَلَٰمٗا سَلَٰمٗا
Бірақ "Сәлем, сәлем" деген сөзді ғана естиді
Аударма: Халифа Алтай
Тек: «Сәләм! Сәләм! / Бейбітшілік бол­сын! Амандық болсын! / » - деген сөзді ғана / естиді
Аударма: ҚМДБ
56:27
وَأَصۡحَٰبُ ٱلۡيَمِينِ مَآ أَصۡحَٰبُ ٱلۡيَمِينِ
Оңшылдар, ол оңшылдар нендей бақытты
Аударма: Халифа Алтай
Ал, оң жақтағылар. Оң жақтағылар деген не
Аударма: ҚМДБ
56:28
فِي سِدۡرٖ مَّخۡضُودٖ
Олар тікенсіз сидыр (ағаштары)
Аударма: Халифа Алтай
Тікенегі жоқ лотос / ас-сидр / өсімдіктері
Аударма: ҚМДБ
56:29
وَطَلۡحٖ مَّنضُودٖ
Жемістері үсті-үстіне шоғырланған мұз (банан) ағаштарының
Аударма: Халифа Алтай
және жемістері шоғырланған банан ағаштары арасында
Аударма: ҚМДБ
56:30
وَظِلّٖ مَّمۡدُودٖ
Созылған көлеңкенің астында болады
Аударма: Халифа Алтай
әрі жайылып жатқан көлеңкеде
Аударма: ҚМДБ
56:31
وَمَآءٖ مَّسۡكُوبٖ
Сарқырап аққан су бар
Аударма: Халифа Алтай
және сарқырап аққан су
Аударма: ҚМДБ
56:32
وَفَٰكِهَةٖ كَثِيرَةٖ
Мол жеміс бар
Аударма: Халифа Алтай
мол жемістер арасында
Аударма: ҚМДБ
56:33
لَّا مَقۡطُوعَةٖ وَلَا مَمۡنُوعَةٖ
Ешбір түгеп, үзілмейтін, ешкім қорымайтын
Аударма: Халифа Алтай
сондай/ ешқашан таусылмайтын және тыйым салынбайтын
Аударма: ҚМДБ
56:34
وَفُرُشٖ مَّرۡفُوعَةٍ
Биік төсектерде болады
Аударма: Халифа Алтай
әрі жоғары көтерілген жұмсақ төсектерде / болады
Аударма: ҚМДБ
56:35
إِنَّآ أَنشَأۡنَٰهُنَّ إِنشَآءٗ
Расында хұр қыздарын жаңадан жаратамыз. (Немесе жаннаттық әйелдерді қайтадан жаратамыз.Б)
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз оларды басқа жаратумен жараттық
Аударма: ҚМДБ
56:36
فَجَعَلۡنَٰهُنَّ أَبۡكَارًا
Оларды ер көрмеген қыздар етіп, жаратамыз
Аударма: Халифа Алтай
әрі оларды ер көрмеген пәк қыздар еттік
Аударма: ҚМДБ
56:37
عُرُبًا أَتۡرَابٗا
Күйеуін сүйгіш құрдас болады
Аударма: Халифа Алтай
күйеулеріне сүйікті, құрбылас
Аударма: ҚМДБ
56:38
لِّأَصۡحَٰبِ ٱلۡيَمِينِ
Бұл айтылғандар, оңшылдар үшін болады
Аударма: Халифа Алтай
Бұл / оң жақтағылар үшін
Аударма: ҚМДБ
56:39
ثُلَّةٞ مِّنَ ٱلۡأَوَّلِينَ
Бір топ бұрынғылардан
Аударма: Халифа Алтай
Олар / әуелгілерден көп
Аударма: ҚМДБ
56:40
وَثُلَّةٞ مِّنَ ٱلۡأٓخِرِينَ
Бір топ соңғылардан
Аударма: Халифа Алтай
әрі кейінгілерден де көп
Аударма: ҚМДБ
56:41
وَأَصۡحَٰبُ ٱلشِّمَالِ مَآ أَصۡحَٰبُ ٱلشِّمَالِ
Солшылдар, сол шолшылдар невдей сұмырай
Аударма: Халифа Алтай
Ал, сол жақтағылар. Сол жақтағылар деген не
Аударма: ҚМДБ
56:42
فِي سَمُومٖ وَحَمِيمٖ
Олар ыстық бу, қайнар суда болады
Аударма: Халифа Алтай
Олар / саммум / денені тесіп өтетін ыстық ауа / және қайнап тұрған суда
Аударма: ҚМДБ
56:43
وَظِلّٖ مِّن يَحۡمُومٖ
Қара түнек көлеңкеде болады
Аударма: Халифа Алтай
және қара түтіннің көлеңкесінде / болады
Аударма: ҚМДБ
56:44
لَّا بَارِدٖ وَلَا كَرِيمٍ
Салқын да емес, жайлы да емес
Аударма: Халифа Алтай
салқын емес әрі жақсылығы да жоқ
Аударма: ҚМДБ
56:45
إِنَّهُمۡ كَانُواْ قَبۡلَ ذَٰلِكَ مُتۡرَفِينَ
Өйткені олар, бұдан бұрын (дүниеде) тоң мойын әуесқорлар еді
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, олар бұдан бұрын / дүниеде / сән-салтанат, рахатқа шалқып жүретін
Аударма: ҚМДБ
56:46
وَكَانُواْ يُصِرُّونَ عَلَى ٱلۡحِنثِ ٱلۡعَظِيمِ
Зор күнәда қасарысушы еді
Аударма: Халифа Алтай
және өте үлкен күнәда қайтпай қасарысатын
Аударма: ҚМДБ
56:47
وَكَانُواْ يَقُولُونَ أَئِذَا مِتۡنَا وَكُنَّا تُرَابٗا وَعِظَٰمًا أَءِنَّا لَمَبۡعُوثُونَ
Өліп, топырақ және сүйектер болсақ та шын тірілеміз бе?",- дейді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі олар: «Біз өліп, топыраққа және сүйектерге айналған кезімізде қайта тірілтілеміз бе
Аударма: ҚМДБ
56:48
أَوَءَابَآؤُنَا ٱلۡأَوَّلُونَ
Бұрынғы аталарымыз да тіріле ме?",- (дейді)
Аударма: Халифа Алтай
Біздің әуелгі аталарымыз да ма?» - дейтін
Аударма: ҚМДБ
56:49
قُلۡ إِنَّ ٱلۡأَوَّلِينَ وَٱلۡأٓخِرِينَ
(Мұхаммед Ғ.С.): "Сөзсіз бұрынғылар да, соңғылар да.",- де
Аударма: Халифа Алтай
Айт: «Әуелгілер де, кейінгілер де
Аударма: ҚМДБ
56:50
لَمَجۡمُوعُونَ إِلَىٰ مِيقَٰتِ يَوۡمٖ مَّعۡلُومٖ
Әлбетте, мәлім күнде белгілі орынға жиналады" (де)
Аударма: Халифа Алтай
белгілі күні, белгіленген орынға міндетті түрде жиналады
Аударма: ҚМДБ
56:51
ثُمَّ إِنَّكُمۡ أَيُّهَا ٱلضَّآلُّونَ ٱلۡمُكَذِّبُونَ
Сосын сендер әй адасқан өтірікшілер
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін сендер, ей, өтірікші санайтын адасушылар
Аударма: ҚМДБ
56:52
لَأٓكِلُونَ مِن شَجَرٖ مِّن زَقُّومٖ
Әлбетте ағаштан, Заққұмнан жейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Заққұм ағашынан жейтін боласыңдар
Аударма: ҚМДБ
56:53
فَمَالِـُٔونَ مِنۡهَا ٱلۡبُطُونَ
Одан қарындарыңды толтырасыңдар
Аударма: Халифа Алтай
әрі одан қарындарыңды толтырасыңдар
Аударма: ҚМДБ
56:54
فَشَٰرِبُونَ عَلَيۡهِ مِنَ ٱلۡحَمِيمِ
Оның үстіне қайнар судан ішесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп, оның үстіне қайнап тұрған судан ішесіңдер
Аударма: ҚМДБ
56:55
فَشَٰرِبُونَ شُرۡبَ ٱلۡهِيمِ
Шөлдеген түйеше, сіміресіңдер
Аударма: Халифа Алтай
сондай қатты шөлдеген түйелер секілді сіміресіңдер», - деп
Аударма: ҚМДБ
56:56
هَٰذَا نُزُلُهُمۡ يَوۡمَ ٱلدِّينِ
Міне олардың қиямет күнгі сыйлықтары
Аударма: Халифа Алтай
Олардың Есеп күніндегі “сый-сияпаттары” - осы
Аударма: ҚМДБ
56:57
نَحۡنُ خَلَقۡنَٰكُمۡ فَلَوۡلَا تُصَدِّقُونَ
Сендерді Біз жараттық. Сонда неге мойындамайсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Сендерді Біз жараттық. Неге / қайта тірілуді! шын деп білмейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
56:58
أَفَرَءَيۡتُم مَّا تُمۡنُونَ
Сендер тамызған мәни суын көрдіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Өздерің төгетін мәниді көрдіңдер ме / ол жайлы ойладыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
56:59
ءَأَنتُمۡ تَخۡلُقُونَهُۥٓ أَمۡ نَحۡنُ ٱلۡخَٰلِقُونَ
Оны сендер жаратасыңдар ма? Немесе Біз жаратмыз ба
Аударма: Халифа Алтай
Оны сендер жаратасыңдар ма, әлде Біз жаратамыз ба
Аударма: ҚМДБ
56:60
نَحۡنُ قَدَّرۡنَا بَيۡنَكُمُ ٱلۡمَوۡتَ وَمَا نَحۡنُ بِمَسۡبُوقِينَ
Біз араларыңда өлімді белгіледік. Бізден ешкім озалмайды
Аударма: Халифа Алтай
Біз араларыңда өлімді алдын ала белгіледік. Әрі Бізден ешкім оза алмайды / кедергі келтіре алмайд
Аударма: ҚМДБ
56:61
عَلَىٰٓ أَن نُّبَدِّلَ أَمۡثَٰلَكُمۡ وَنُنشِئَكُمۡ فِي مَا لَا تَعۡلَمُونَ
Сендердің бейнелеріңді өзгертіп, сендер білмегенді жарата аламыз
Аударма: Халифа Алтай
сондай, сендердің түрлеріңді өзгертіп және сендерді өздерің білмейтін түрде жаратуда
Аударма: ҚМДБ
56:62
وَلَقَدۡ عَلِمۡتُمُ ٱلنَّشۡأَةَ ٱلۡأُولَىٰ فَلَوۡلَا تَذَكَّرُونَ
Расында бұрынғы жаратуды білесіңдер, ендеше түсінбейсіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сендер алғашқы жаратуды білесіңдер, ендеше еске алмайсыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
56:63
أَفَرَءَيۡتُم مَّا تَحۡرُثُونَ
Ал енді еккендеріңді көрдіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Өздерің егіп жатқандарыңды көрдіңдер ме
Аударма: ҚМДБ
56:64
ءَأَنتُمۡ تَزۡرَعُونَهُۥٓ أَمۡ نَحۡنُ ٱلزَّـٰرِعُونَ
Оны сендер өсіресіңдер ме? Не Біз өсіреміз бе
Аударма: Халифа Алтай
Оны сендер өсіресіңдер ме, не Біз өсіреміз бе
Аударма: ҚМДБ
56:65
لَوۡ نَشَآءُ لَجَعَلۡنَٰهُ حُطَٰمٗا فَظَلۡتُمۡ تَفَكَّهُونَ
Егер қаласақ, оны қоқымға айналдырар едік. Сонда күңкілдесе берер едіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Егер де қаласақ, оны қоқымға айналдырар едік те, сендер таңқалып
Аударма: ҚМДБ
56:66
إِنَّا لَمُغۡرَمُونَ
Расында зиянға ұшырадық
Аударма: Халифа Алтай
«Шын мәнінде, біз зиянға ұшырадық
Аударма: ҚМДБ
56:67
بَلۡ نَحۡنُ مَحۡرُومُونَ
Тіпті мүлде бос қалдық" (дер едіңдер)
Аударма: Халифа Алтай
Оған қоса несібемізден де айрылдық», - дейтін едіңдер
Аударма: ҚМДБ
56:68
أَفَرَءَيۡتُمُ ٱلۡمَآءَ ٱلَّذِي تَشۡرَبُونَ
Ішкен суларыңды көрдіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Өздерің ішіп жүрген суды байқап көрдіңдер ме
Аударма: ҚМДБ
56:69
ءَأَنتُمۡ أَنزَلۡتُمُوهُ مِنَ ٱلۡمُزۡنِ أَمۡ نَحۡنُ ٱلۡمُنزِلُونَ
Оны бұлттан сендер жаудырасыңдар ма? Немесе Біз жаудырамыз ба
Аударма: Халифа Алтай
Оны бұлттан сендер түсірдіңдер ме, әлде Біз түсіреміз бе
Аударма: ҚМДБ
56:70
لَوۡ نَشَآءُ جَعَلۡنَٰهُ أُجَاجٗا فَلَوۡلَا تَشۡكُرُونَ
Егер қаласақ оны ащы қылар едік. Ендеше, шүкір етпейсіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Егер қалағанымызда, оны ащы етер едік. Игіліктерімізге алғыс білдірсеңдер !шүкір етсеңдер / болмай ма
Аударма: ҚМДБ
56:71
أَفَرَءَيۡتُمُ ٱلنَّارَ ٱلَّتِي تُورُونَ
Жаққан оттарыңды көрдіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Өздерің шағып жағатын отты көрдіңдер ме
Аударма: ҚМДБ
56:72
ءَأَنتُمۡ أَنشَأۡتُمۡ شَجَرَتَهَآ أَمۡ نَحۡنُ ٱلۡمُنشِـُٔونَ
Оның ағашын сендер жараттыңдар ма? немесе Біз жараттық па
Аударма: Халифа Алтай
Оның ағашын сендер пайда еттіңдер ме, әлде Біз пайда еттік пе
Аударма: ҚМДБ
56:73
نَحۡنُ جَعَلۡنَٰهَا تَذۡكِرَةٗ وَمَتَٰعٗا لِّلۡمُقۡوِينَ
Біз оны бір ескерткіш және жүргіншілер үшін пайдалы қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Біз оны еске алатын әрі елсіз жердегі ' жолаушыларға пайдаланатын нәрсе еттік
Аударма: ҚМДБ
56:74
فَسَبِّحۡ بِٱسۡمِ رَبِّكَ ٱلۡعَظِيمِ
(Мұхаммед Ғ.С.) Ендеше Раббыңды ұлы атымен дәріпте
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед!IҰлы Раббыңның есімін / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте
Аударма: ҚМДБ
56:75
۞فَلَآ أُقۡسِمُ بِمَوَٰقِعِ ٱلنُّجُومِ
Ал енді жұлдыздардың орындарына серт етемін
Аударма: Халифа Алтай
Жұлдыздардың орындарымен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
56:76
وَإِنَّهُۥ لَقَسَمٞ لَّوۡ تَعۡلَمُونَ عَظِيمٌ
Егер білсеңдер, ол, зор серт
Аударма: Халифа Алтай
Егер білетін болсаңдар, күмәнсіз, бұл - ұлы ант
Аударма: ҚМДБ
56:77
إِنَّهُۥ لَقُرۡءَانٞ كَرِيمٞ
Шын мәнінде ол ардақты Құран
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, бұл - Құран Кәрим / игілігі мол Құран
Аударма: ҚМДБ
56:78
فِي كِتَٰبٖ مَّكۡنُونٖ
Кітапта (Лаухы Махфүзда. Б.М.Р.) сақтаулы
Аударма: Халифа Алтай
Ол сақталынған Кітапта / Ләухул-Махфузда
Аударма: ҚМДБ
56:79
لَّا يَمَسُّهُۥٓ إِلَّا ٱلۡمُطَهَّرُونَ
Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды. (Дәретсіз кісі ұстамайды)
Аударма: Халифа Алтай
Оны тазартылғаннан басқалар ұстамайды
Аударма: ҚМДБ
56:80
تَنزِيلٞ مِّن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Әлемдердің Раббы жақтан түсірілген
Аударма: Халифа Алтай
Әлемдердің Раббысынан түсірілген
Аударма: ҚМДБ
56:81
أَفَبِهَٰذَا ٱلۡحَدِيثِ أَنتُم مُّدۡهِنُونَ
Сендер осы сөзді құр көресіңдер ме
Аударма: Халифа Алтай
Сендер бұл Сөзге / Құранға / немқұрайлылық танытасыңдар ма
Аударма: ҚМДБ
56:82
وَتَجۡعَلُونَ رِزۡقَكُمۡ أَنَّكُمۡ تُكَذِّبُونَ
Расында берген ризыққа шүкір етудің орнына оны жасынға шығарасыңдар ма? (Ж)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ризықтарыңды өздерің жалғанға шығаратын / нәрсе / етесіңдер ме
Аударма: ҚМДБ
56:83
فَلَوۡلَآ إِذَا بَلَغَتِ ٱلۡحُلۡقُومَ
Ал жан жұтқыншаққа келген кезде
Аударма: Халифа Алтай
Ал / жан / жұтқыншаққа жеткен кезде
Аударма: ҚМДБ
56:84
وَأَنتُمۡ حِينَئِذٖ تَنظُرُونَ
Сол уақытта сендер қарап қаласыңдар
Аударма: Халифа Алтай
әрі сендер сол уақытта / өлім үстінде жатңанга/ қарап қалғанда
Аударма: ҚМДБ
56:85
وَنَحۡنُ أَقۡرَبُ إِلَيۡهِ مِنكُمۡ وَلَٰكِن لَّا تُبۡصِرُونَ
Негізінде ол өліп бара жатқанға Біз жақынырақпыз. Сендер көрмейсіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Біз оған сендерден де жақынбыз, алайда сендер көрмейсіңдер
Аударма: ҚМДБ
56:86
فَلَوۡلَآ إِن كُنتُمۡ غَيۡرَ مَدِينِينَ
Ал сонда егер жазаланбайтын болсаңдар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер сендер есепке тартылмайтын болсаңдар, онда неге
Аударма: ҚМДБ
56:87
تَرۡجِعُونَهَآ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ
Егер шын айтсаңдар, оның жанын қайтарыңдаршы
Аударма: Халифа Алтай
оны / жанды / кері қайтармайсыңдар, егер шын сөзді болсаңдар
Аударма: ҚМДБ
56:88
فَأَمَّآ إِن كَانَ مِنَ ٱلۡمُقَرَّبِينَ
Ал егер өлген кісі, Аллаға жақындардан болса
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер ол жақындатылғандардан / озушылардан / болса
Аударма: ҚМДБ
56:89
فَرَوۡحٞ وَرَيۡحَانٞ وَجَنَّتُ نَعِيمٖ
Сонда оған рахатты шаттық әрі нығметті ұжмақ бар
Аударма: Халифа Алтай
онда / оған / тыным, ризық / хош иіс / және Наъим (Жәннаттың бір аты. Мағнасы - көптеген нығмет, игілік) жәннаты бар
Аударма: ҚМДБ
56:90
وَأَمَّآ إِن كَانَ مِنۡ أَصۡحَٰبِ ٱلۡيَمِينِ
Ал енді өлі оңшылдардан болса
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер оң жақтағылардан болса
Аударма: ҚМДБ
56:91
فَسَلَٰمٞ لَّكَ مِنۡ أَصۡحَٰبِ ٱلۡيَمِينِ
Саған оңшылдардан, "Сәлем" (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
онда оған: «Саған сәләм / бейбітшілік, амандық / болсын! Сен - оң жақтағылардансың», - делінеді
Аударма: ҚМДБ
56:92
وَأَمَّآ إِن كَانَ مِنَ ٱلۡمُكَذِّبِينَ ٱلضَّآلِّينَ
Егер өлі, жасынға шығарушы адасқандардан болса
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер / ол / жалғанға шығарушы, адасушылардан болса
Аударма: ҚМДБ
56:93
فَنُزُلٞ مِّنۡ حَمِيمٖ
Сонда оның қонақ асысы, қайнар судан болады
Аударма: Халифа Алтай
онда / оның / «сыйы» - қайнап тұрған су
Аударма: ҚМДБ
56:94
وَتَصۡلِيَةُ جَحِيمٍ
Әрі тозаққа салынады
Аударма: Халифа Алтай
әрі Жахимда (Тозақ) жану
Аударма: ҚМДБ
56:95
إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ حَقُّ ٱلۡيَقِينِ
Сөзсіз міне анық шындық осы
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, бұл / айтылғандар / - айқын ақиқат
Аударма: ҚМДБ
56:96
فَسَبِّحۡ بِٱسۡمِ رَبِّكَ ٱلۡعَظِيمِ
(Мұхаммед Ғ.С.) үлы Раббыңды атымен дәріпте
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ұлы Раббыңның есімін / бүкіл кемшіліктен / пәк деп дәріпте
Аударма: ҚМДБ
← Ар-РахманБарлық сүрелерАль-Хадид →

Аль-Вакиа сүресі туралы

Аль-Вакиа (الواقعة) — Құранның 56-сүресі, 96 аят, меккелік сүре, 27-жүз, мысхафтың 534-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу