Аль-Хадид

الحديد · 29 аят · мединалық
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 537-бет
← Аль-ВакиаБарлық сүрелерАль-Муджадила →
57:1
سَبَّحَ لِلَّهِ مَا فِي ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ
Көктер мен жердегі нәрселер Алланы дәріптейді. Ол Алла, өте үстем, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Аспандағылар және жердегілер Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді. Ол бәріненҮстем, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
57:2
لَهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ يُحۡيِۦ وَيُمِيتُۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٌ
Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Тірілтеді, өлтіреді. Ол, әр нәрсеге күші толық жетуші
Аударма: Халифа Алтай
Аспандардың және жердің билігі Онікі. Ол тірілтеді және өлтіреді. Әрі Ол әрбір нәрсені Жасай алушы
Аударма: ҚМДБ
57:3
هُوَ ٱلۡأَوَّلُ وَٱلۡأٓخِرُ وَٱلظَّـٰهِرُ وَٱلۡبَاطِنُۖ وَهُوَ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمٌ
Ол Алла (Т.) әуелгі әрі соқғы (әр нәрседен бұрын ежелден бар әрі меңгі қалады, соңы жоқ). Және Ол, (әр түрлі дәлелдермен) көрнеу әрі (ақыл жетпейтін) көмес. Сондай-ақ Ол, әр нәрсені толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Ол - әл-Әууәл / Өзінен бұрын еш нәрсе болмаған, ең Алғашқы / әрі әл-Ахир / Одан кейін ешнәрсе болмайтын, ең Соңғы / , әз-Зохир / өте Анық, барлық нәрсені Өзіне бағындырып тұрушы, бәрінен Жоғары / , әрі әл-Батин / өте Жасырын, жаратылғандарға көрінбей бәрін қамтып тұрушы, ең Жақын / . Әрі Ол - барлық нәрсені Білуші
Аударма: ҚМДБ
57:4
هُوَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٖ ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰ عَلَى ٱلۡعَرۡشِۖ يَعۡلَمُ مَا يَلِجُ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَمَا يَخۡرُجُ مِنۡهَا وَمَا يَنزِلُ مِنَ ٱلسَّمَآءِ وَمَا يَعۡرُجُ فِيهَاۖ وَهُوَ مَعَكُمۡ أَيۡنَ مَا كُنتُمۡۚ وَٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرٞ
Ол сондай Алла, көктер мен жерді алты күнде жаратып, сосын ғаршыны көтерілді. Ол, жерге кірген нәрсені әрі одан шыққан нәрсені және көктен түскен нәрсені, оған көтерілген нәрсені біледі. Сондай-ақ Ол, қайда болсаңдар да сендермен бірге. Алла не істегендеріңді толық көруші
Аударма: Халифа Алтай
Ол сондай, аспандарды және жерді алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Ол жерге ненің кіретінін және одан ненің шығатынын әрі аспаннан ненің түсетінін және оған ненің көтерілетінін біледі. Әрі Ол қай жерде болсаңдар да сендермен бірге. Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші
Аударма: ҚМДБ
57:5
لَّهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ وَإِلَى ٱللَّهِ تُرۡجَعُ ٱلۡأُمُورُ
Көктер мен жердің иелігі Оған тән. Әрі барлық істер Оған қайтады
Аударма: Халифа Алтай
Аспандардың және жердің билігі Оған тән. Әрі / барлық / істер Аллаһқа қайтарылады
Аударма: ҚМДБ
57:6
يُولِجُ ٱلَّيۡلَ فِي ٱلنَّهَارِ وَيُولِجُ ٱلنَّهَارَ فِي ٱلَّيۡلِۚ وَهُوَ عَلِيمُۢ بِذَاتِ ٱلصُّدُورِ
Түнді күндізге ауыстырады, күндізді түнге ауыстырады. Сондай-ақ Ол көңілдегілерді толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ол түнді күндізге кіргізеді, ал күндізді түнге кіргізеді. Әрі Ол - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші
Аударма: ҚМДБ
57:7
ءَامِنُواْ بِٱللَّهِ وَرَسُولِهِۦ وَأَنفِقُواْ مِمَّا جَعَلَكُم مُّسۡتَخۡلَفِينَ فِيهِۖ فَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مِنكُمۡ وَأَنفَقُواْ لَهُمۡ أَجۡرٞ كَبِيرٞ
Аллаға, Елшісіне иман келтіріңдер. Және сендерді ие қылған нәрселерден тиісті орынға жұмсаңдар. Өйткені, сондай сендерден иман келтіріп, тиісті орынға мал жұмсағандар үшін ірі сыйлық бар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа және Оның Елшісіне сеніңдер әрі Ол сендердің қол астарыңа / иеліктеріңе / берген нәрселерден жұмсаңдар. Сендерден иманға келгендерге әрі жұмсағандарға үлкен сый бар
Аударма: ҚМДБ
57:8
وَمَا لَكُمۡ لَا تُؤۡمِنُونَ بِٱللَّهِ وَٱلرَّسُولُ يَدۡعُوكُمۡ لِتُؤۡمِنُواْ بِرَبِّكُمۡ وَقَدۡ أَخَذَ مِيثَٰقَكُمۡ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ
Пайғамбар, сендерді Раббыларыңа иман келтіруге шақырса да Аллаға иман келтірмейтін сендерге не болды? Негізінде Алла, сендерден серт алған. Егер иман келтіретін болсаңдар. (С. 7-А., 7-С. 172-А)
Аударма: Халифа Алтай
Елші сендерді өздеріңнің Раббыңа сенуге шақырса да Аллаһқа сенбейтіндей сендерге не болды? Егер сендер иманды / мүмін / болсаңдар, негізінде, Ол / Аллаһ / серттеріңді алған еді
Аударма: ҚМДБ
57:9
هُوَ ٱلَّذِي يُنَزِّلُ عَلَىٰ عَبۡدِهِۦٓ ءَايَٰتِۭ بَيِّنَٰتٖ لِّيُخۡرِجَكُم مِّنَ ٱلظُّلُمَٰتِ إِلَى ٱلنُّورِۚ وَإِنَّ ٱللَّهَ بِكُمۡ لَرَءُوفٞ رَّحِيمٞ
Ол сондай Алла, сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін құлына (Мұхаммед Ғ.С.ға) ап-ашық аяттар түсірді. Сөзсіз Алла, сендерге тым жұмсақ, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін құлына анық аят-белгілер түсіреді. Ақиқатында, Аллаһ - сендерге аса Мейірбан, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
57:10
وَمَا لَكُمۡ أَلَّا تُنفِقُواْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَلِلَّهِ مِيرَٰثُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ لَا يَسۡتَوِي مِنكُم مَّنۡ أَنفَقَ مِن قَبۡلِ ٱلۡفَتۡحِ وَقَٰتَلَۚ أُوْلَـٰٓئِكَ أَعۡظَمُ دَرَجَةٗ مِّنَ ٱلَّذِينَ أَنفَقُواْ مِنۢ بَعۡدُ وَقَٰتَلُواْۚ وَكُلّٗا وَعَدَ ٱللَّهُ ٱلۡحُسۡنَىٰۚ وَٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ خَبِيرٞ
Алла жолында мал жұмсамайтын сендерге не болды? Негізінен көктер мен жердің мұрагерлігі Аллаға тән. Сендерден Меккенің Алнуынан бұрын Алла жолында мал сарып қылып, соғысқан кісі; одан кейін мал сарып етіп, соғысқан кісімен тең емес. Олар дәреже тұрғысынан ұлкен. Сондай-ақ Алла бәріне де жақсылық уәде етті. Алла істеген ғамалдарыңды толық білуші
Аударма: Халифа Алтай
Әрі аспандардың және жердің мирасы Аллаһтікі бола тұрып, Аллаһтың жолында / садақа / бермейтіндей сендерге не болды? Сендерден жеңіске дейін бергендер және соғысқандар / кейінгілермен / бірдей емес. Олардың дәрежесі / жеңістен / кейін берген және соғысқандарғақарағанда үлкенірек. Алайда Аллаһ әрбіріне ең жақсыны / Жәннатты / уәде етті. Аллаһ не істейтіндеріңнен Хабардар
Аударма: ҚМДБ
57:11
مَّن ذَا ٱلَّذِي يُقۡرِضُ ٱللَّهَ قَرۡضًا حَسَنٗا فَيُضَٰعِفَهُۥ لَهُۥ وَلَهُۥٓ أَجۡرٞ كَرِيمٞ
Әлде кім Аллаға көркем қарыз берсе, (тиісті орынға мал жұмсаса) сонда Алла, оны неше есе арттырады да оған көркем сауап береді. (С. 245-А)
Аударма: Халифа Алтай
Кім Аллаһқа көркем қарыз берсе, Ол оған оны еселеп арттырып қайтарады әрі оған құрметті сый бар
Аударма: ҚМДБ
57:12
يَوۡمَ تَرَى ٱلۡمُؤۡمِنِينَ وَٱلۡمُؤۡمِنَٰتِ يَسۡعَىٰ نُورُهُم بَيۡنَ أَيۡدِيهِمۡ وَبِأَيۡمَٰنِهِمۖ بُشۡرَىٰكُمُ ٱلۡيَوۡمَ جَنَّـٰتٞ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَاۚ ذَٰلِكَ هُوَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡعَظِيمُ
Сол күні мүмін ерлер, мүмін әйелдердің нұрлары алдарында әрі оң жақтарында жүгіргенін көресің: "Сендерге бүгін куаныш. Астарынан өзендер ағатын ұжмақтар бар. Ол арада мүлде қаласыңдар. Міне осы ұлы қол жеткендік" (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Сол / Қайта тірілу / күні иманды ерлер мен иманды әйелдердің нұрлары алдарында және оң жақтарында болғанын көресің. / Оларға: / «Бүгін сендер үшін қуаныш - астынан өзендер ағып жататын, сендер онда мәңгі қалатын / Жәннаттағы / бақтар бар. Міне, осы - ұлы жетістік
Аударма: ҚМДБ
57:13
يَوۡمَ يَقُولُ ٱلۡمُنَٰفِقُونَ وَٱلۡمُنَٰفِقَٰتُ لِلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱنظُرُونَا نَقۡتَبِسۡ مِن نُّورِكُمۡ قِيلَ ٱرۡجِعُواْ وَرَآءَكُمۡ فَٱلۡتَمِسُواْ نُورٗاۖ فَضُرِبَ بَيۡنَهُم بِسُورٖ لَّهُۥ بَابُۢ بَاطِنُهُۥ فِيهِ ٱلرَّحۡمَةُ وَظَٰهِرُهُۥ مِن قِبَلِهِ ٱلۡعَذَابُ
Сол күні, мұнафық ерлериен мұнафық әйелдер, Мүміндерге: "Бізге көздеріңнің қырын салыңдар! Нұларыңнан бізде пайдаланайықшы!",- дейді. Оларға: "Арттарыңа қайтып, ңұр іздеңдер!",-делінеді. Сонда олардың араларына есігі бар бір дуар орнатылады. Оның ішінде рахмет, сырт жағында азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні мұнафиқ ерлер мен мүнафиқ әйелдер иманға келгендерге: «Бізді күте тұрыңдаршы, сендердің нұрларыңнан пайдаланайық», - дейді. / Оларға: / «Нұрды арттарыңа қайтып, іздеңдер», -делінеді. Кейін олардың арасына қақпасы бар қамал орнатылады. Оның ішінде игілік, ал сыртқы жағында азап болады
Аударма: ҚМДБ
57:14
يُنَادُونَهُمۡ أَلَمۡ نَكُن مَّعَكُمۡۖ قَالُواْ بَلَىٰ وَلَٰكِنَّكُمۡ فَتَنتُمۡ أَنفُسَكُمۡ وَتَرَبَّصۡتُمۡ وَٱرۡتَبۡتُمۡ وَغَرَّتۡكُمُ ٱلۡأَمَانِيُّ حَتَّىٰ جَآءَ أَمۡرُ ٱللَّهِ وَغَرَّكُم بِٱللَّهِ ٱلۡغَرُورُ
Мұнафықтар, мүміндерге: "Сендермен бірге болмап па едік?',-деп, айғайлайды. Олар: "Әрине, бірақ сендер өздеріңді сұмдыққа салдыңдар, күттіңдер, күмәндандыңдар. Сендерді құр үміттерің Алланың әмірі келгенге дейін алдады. Сондай-ақ сендерді Аллаға байланысты алдаушы (шайтан) алдады" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар / мұнафиқтар / бұларға: «Біз сендермен бірге болмадық па?!» - деп дауыстайды. Бұлар / имандылар / : «Иә, бірақ сендер өздеріңді-өздерің азғырып бүлікке салдыңдар, не боларын күттіңдер, күмәндандыңдар, Аллаһтың әмірі / өлім / келгенге дейін сендерді бос армандар алдады. Әрі Аллаһ жайында сендерді алдаушы / шайтан / алдады», - дейді
Аударма: ҚМДБ
57:15
فَٱلۡيَوۡمَ لَا يُؤۡخَذُ مِنكُمۡ فِدۡيَةٞ وَلَا مِنَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْۚ مَأۡوَىٰكُمُ ٱلنَّارُۖ هِيَ مَوۡلَىٰكُمۡۖ وَبِئۡسَ ٱلۡمَصِيرُ
Сондықтан бүгін сендерден бір төлеу қабыл етілмейді әрі кәпірлерден де. Орындарың тозақ. Ол сендердің достарың. нендей жаман орын
Аударма: Халифа Алтай
Енді бүгін сендерден де және сондай күпірлік еткендерден де / Аллаһқа ашық түрде қарсы шыққандардан да / ешқандай өтем алынбайды. Сендердің баратын орындарың - От. Ол -сендер үшін ең лайықтысы. Ол баратын орын өте жаман
Аударма: ҚМДБ
57:16
۞أَلَمۡ يَأۡنِ لِلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَن تَخۡشَعَ قُلُوبُهُمۡ لِذِكۡرِ ٱللَّهِ وَمَا نَزَلَ مِنَ ٱلۡحَقِّ وَلَا يَكُونُواْ كَٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡكِتَٰبَ مِن قَبۡلُ فَطَالَ عَلَيۡهِمُ ٱلۡأَمَدُ فَقَسَتۡ قُلُوبُهُمۡۖ وَكَثِيرٞ مِّنۡهُمۡ فَٰسِقُونَ
Иман келтіргендердің жүректері Алланың зікіріне (Құранға) жұмсап әрі түскен хақиқатқа жібімей ме? Ал енді бұрын өздеріне Кітап беріліп, сосын ұзын мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бұзақылар
Аударма: Халифа Алтай
Иманға келгендерге, олардың жүректері Аллаһты және ақиқаттан түсірілгенді / Құранды / еске алғанда бойсұна берілуінің уақыты келмеді ме әрі олардың өздерінен бұрын Кітап берілгендей болмауларына? Олардың жүректері ұзақ уақыт өтуімен қатайған әрі олардың көбі - бұзықтар / бойсұнбаушылар
Аударма: ҚМДБ
57:17
ٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ يُحۡيِ ٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ مَوۡتِهَاۚ قَدۡ بَيَّنَّا لَكُمُ ٱلۡأٓيَٰتِ لَعَلَّكُمۡ تَعۡقِلُونَ
Біліңдер, Алла, жер өлгеннен кейін жандандырады. Расында түсінулерің үшін сендерге белгілерді ашықша көрсетеді
Аударма: Халифа Алтай
Біліндер, Аллаһ жерді тіршіліксіз қалғаннан кейін қайта тірілтеді. Біз сендерге ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін аят-белгілерді анықтап түсіндірдік
Аударма: ҚМДБ
57:18
إِنَّ ٱلۡمُصَّدِّقِينَ وَٱلۡمُصَّدِّقَٰتِ وَأَقۡرَضُواْ ٱللَّهَ قَرۡضًا حَسَنٗا يُضَٰعَفُ لَهُمۡ وَلَهُمۡ أَجۡرٞ كَرِيمٞ
Шүбәсыз садақа беруші ерлермен садақа беруші әйелдер, сондай-ақ Аллаға көркем борыш бергендер, (тиісті орынға мал сарып қылғандар,) оларға неше есе арттырады әрі олар үшін көркем сыйлық бар
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, садақа беруші ерлер мен садақа беруші әйелдерге және Аллаһқа көркем қарыз бергендерге еселеп көбейтіледі әрі оларға құрметті сый / Жәннат / болады
Аударма: ҚМДБ
57:19
وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ بِٱللَّهِ وَرُسُلِهِۦٓ أُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلصِّدِّيقُونَۖ وَٱلشُّهَدَآءُ عِندَ رَبِّهِمۡ لَهُمۡ أَجۡرُهُمۡ وَنُورُهُمۡۖ وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَكَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَآ أُوْلَـٰٓئِكَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡجَحِيمِ
Сондай Аллаға, Елшісіне иман келтіргендер, Міне солар, Раббыларының қасында шыншылдар және шейіт болғандар. Олар үшін сыйлықтар және нұрлар бар. Ал сондай қарсы келіп, аяттарымызды жасынға шығарғандар, міне солар, тозақтық
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһқа және Оның елшілеріне сенгендер, солар шыншылдар. Ал, шәһидтер - олардың сыйлары және нұрларыөздерінің Раббысында. Ал, сондай күпірлік еткендер / Аллаһқа қарсы келгендер / және Біздің аяттарымызды өтірік санағандар болса, олар Жахимда (Тозақ) - болатындар
Аударма: ҚМДБ
57:20
ٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّمَا ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَا لَعِبٞ وَلَهۡوٞ وَزِينَةٞ وَتَفَاخُرُۢ بَيۡنَكُمۡ وَتَكَاثُرٞ فِي ٱلۡأَمۡوَٰلِ وَٱلۡأَوۡلَٰدِۖ كَمَثَلِ غَيۡثٍ أَعۡجَبَ ٱلۡكُفَّارَ نَبَاتُهُۥ ثُمَّ يَهِيجُ فَتَرَىٰهُ مُصۡفَرّٗا ثُمَّ يَكُونُ حُطَٰمٗاۖ وَفِي ٱلۡأٓخِرَةِ عَذَابٞ شَدِيدٞ وَمَغۡفِرَةٞ مِّنَ ٱللَّهِ وَرِضۡوَٰنٞۚ وَمَا ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَآ إِلَّا مَتَٰعُ ٱلۡغُرُورِ
Біліңдер! Шын мәнінде дүние тіршілігі бір ойын, ермек, сән және өзара мақтанысу, сондай-ақ малдарды, балаларды көбейту ғана. (С. 14-А.) Бұның мысалы: Өсірген өсімдігі кәпірлерді таңырқатқан жаңбыр сияқты. Сосын қурап, сап-сары болғанын көресің. Содан кейін үгінді болады. Ахиретте қатты азап әрі Алладан жарылқау, ризалық бар. Негізінде дүние тіршілігі бір алданыштың ғана нәрсесі
Аударма: Халифа Алтай
Біліңдер, бұл өмір - бар болғаны бір ойын әрі ермек және сән-салтанат, өзара мақтанысу және дүние-мүлік пен балаларды арттыра түсу ғана. Ол - жауып өткеннен кейін, өсіп шыққан өсімдіктері дән себушілерді таңқалдырған бір жаңбыр секілді. Кейін ол / өсімдіктер / қурайды, сонда сен оның сарғайғанын көресің. Сонан соң ол қоқымға айналады. Ал, соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / қатты азап және Аллаһтан кешірім мен ризалық бар. Бұл дүниедегі өмір - бар болғаны алдамшы рахат / өткінші пайдалану / ғана
Аударма: ҚМДБ
57:21
سَابِقُوٓاْ إِلَىٰ مَغۡفِرَةٖ مِّن رَّبِّكُمۡ وَجَنَّةٍ عَرۡضُهَا كَعَرۡضِ ٱلسَّمَآءِ وَٱلۡأَرۡضِ أُعِدَّتۡ لِلَّذِينَ ءَامَنُواْ بِٱللَّهِ وَرُسُلِهِۦۚ ذَٰلِكَ فَضۡلُ ٱللَّهِ يُؤۡتِيهِ مَن يَشَآءُۚ وَٱللَّهُ ذُو ٱلۡفَضۡلِ ٱلۡعَظِيمِ
Раббыларыңнан жарылқауға және кеңдігі жер мен көктің кеңдігіндей; Аллаға, Елшісіне иман келтіргендер үшін әзірленген жаннатқа жарысыңдар. Ол, Алла (Т.) ның мәрхаметі. Оны қалаған кісісіне береді. Алла (Т.) зор кеңшілік иесі
Аударма: Халифа Алтай
Өздеріңнің Раббыңның кешіріміне және Аллаһ пен Оның елшілеріне сенгендер үшін әзірленген, ені -аспан мен жердің еніндей жәннатқа жарысыңдар. Міне, осы - Аллаһтың Өзі қалағанына беретін кеңшілігі. Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі
Аударма: ҚМДБ
57:22
مَآ أَصَابَ مِن مُّصِيبَةٖ فِي ٱلۡأَرۡضِ وَلَا فِيٓ أَنفُسِكُمۡ إِلَّا فِي كِتَٰبٖ مِّن قَبۡلِ أَن نَّبۡرَأَهَآۚ إِنَّ ذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرٞ
Жер жүзіне сондан-ақ сендерге мүбада бір бейнет келетін болса, ол, жаратуымыздан бүрын Кітапта жазулы. Шәксіз осы, Аллаға жеңіл
Аударма: Халифа Алтай
Жер бетіне және сендердің өздеріңе болатын әрбір қиыншылық - Біз оны пайда етуден бұрын Кітапта / жазылып қойылған / Ақиқатында, бұл Аллаһқа жеңіл
Аударма: ҚМДБ
57:23
لِّكَيۡلَا تَأۡسَوۡاْ عَلَىٰ مَا فَاتَكُمۡ وَلَا تَفۡرَحُواْ بِمَآ ءَاتَىٰكُمۡۗ وَٱللَّهُ لَا يُحِبُّ كُلَّ مُخۡتَالٖ فَخُورٍ
Бұл өткенге өкінбеулерің, өздеріңе берілгенге сүйінбеулерің үшін. Алла бүкіл текаппар, мақтаншақты жақсы көрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Бұл / болып өткенге өкініп, қайғырмауларың және Оның сендерге бергеніне масаттана қуанбауларың үшін. Аллаһ әрбір өзін өзгеден жоғары санаушыны, мақтаншақты ұнатпайды
Аударма: ҚМДБ
57:24
ٱلَّذِينَ يَبۡخَلُونَ وَيَأۡمُرُونَ ٱلنَّاسَ بِٱلۡبُخۡلِۗ وَمَن يَتَوَلَّ فَإِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلۡغَنِيُّ ٱلۡحَمِيدُ
Олар сондай сараңдық қылып, кісілерді де сараңдыққа бұйырғандар. Ал кім жалтарса, Алла тым бай, мақтауға лайық
Аударма: Халифа Алтай
сараңдық ететін және адамдарға да сарандықты бұйыратындарды. Ал, кім теріс бұрылса, ақиқатында Аллаһ Бай, Мұқтажсыз, аса Мақтаулы
Аударма: ҚМДБ
57:25
لَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا رُسُلَنَا بِٱلۡبَيِّنَٰتِ وَأَنزَلۡنَا مَعَهُمُ ٱلۡكِتَٰبَ وَٱلۡمِيزَانَ لِيَقُومَ ٱلنَّاسُ بِٱلۡقِسۡطِۖ وَأَنزَلۡنَا ٱلۡحَدِيدَ فِيهِ بَأۡسٞ شَدِيدٞ وَمَنَٰفِعُ لِلنَّاسِ وَلِيَعۡلَمَ ٱللَّهُ مَن يَنصُرُهُۥ وَرُسُلَهُۥ بِٱلۡغَيۡبِۚ إِنَّ ٱللَّهَ قَوِيٌّ عَزِيزٞ
Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Ютапты, мизанды (Әр нәрсенің өлшеуін) жібердік. Сондай-ақ темірді пайда қылдық. Онда мықты күш әрі адамзат үшін хажеттер бар. (Соғыс құралдары тағы басқа аспаптар темірден жасалады. Тіпті темірсіз өмір болмайды. Б.Ж.М.Р.К.) Алла онымен дініне, елшілеріне көрмей-ақ көмек еткен кісіні мәлім етеді. Сөзсіз Алла, өте күшті, тым үстем
Аударма: Халифа Алтай
Біз елшілерімізді анық дәлелдермен жібердік әрі олармен бірге Кітапты және адамдардың туралықта тұрулары үшін Таразыны / Әділдікті / түсірдік. Әрі темірді Біз түсірдік, онда адамдар үшін үлкен қауіп және пайдалар бар. Ал, бұл - Аллаһ Өзіне / дініне / және елшілеріне көрмей тұрып-ақ көмектескендерді айқындауы үшін. Ақиқатында, Аллаһ өте Күшті, бәрінен Үстем
Аударма: ҚМДБ
57:26
وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا نُوحٗا وَإِبۡرَٰهِيمَ وَجَعَلۡنَا فِي ذُرِّيَّتِهِمَا ٱلنُّبُوَّةَ وَٱلۡكِتَٰبَۖ فَمِنۡهُم مُّهۡتَدٖۖ وَكَثِيرٞ مِّنۡهُمۡ فَٰسِقُونَ
Расында Нұх (Ғ.С.) және Ыбырайым (Ғ.С.) ды жібердік. Екеуінің ұрпақтарынан да пайғамбар қылып, кітап бердік. Олардан тура жол тапқандары да бар. Олардың көбірегі бұзақылар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз Нұхты және Ибраһимді жібердік әрі екеуінің ұрпағына пайғамбарлық пен Кітап бердік. Олардың ішінде тура жолды ұстанғандар бар, алайда олардың көбі - бұзықтар / бойсұнбаушылар
Аударма: ҚМДБ
57:27
ثُمَّ قَفَّيۡنَا عَلَىٰٓ ءَاثَٰرِهِم بِرُسُلِنَا وَقَفَّيۡنَا بِعِيسَى ٱبۡنِ مَرۡيَمَ وَءَاتَيۡنَٰهُ ٱلۡإِنجِيلَۖ وَجَعَلۡنَا فِي قُلُوبِ ٱلَّذِينَ ٱتَّبَعُوهُ رَأۡفَةٗ وَرَحۡمَةٗۚ وَرَهۡبَانِيَّةً ٱبۡتَدَعُوهَا مَا كَتَبۡنَٰهَا عَلَيۡهِمۡ إِلَّا ٱبۡتِغَآءَ رِضۡوَٰنِ ٱللَّهِ فَمَا رَعَوۡهَا حَقَّ رِعَايَتِهَاۖ فَـَٔاتَيۡنَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مِنۡهُمۡ أَجۡرَهُمۡۖ وَكَثِيرٞ مِّنۡهُمۡ فَٰسِقُونَ
Сосын олардың артынан жалғасты түрде елшілерімізді жібере отырып, Мәрйем ұлы Ғиса (Ғ.С.) ны жіберіп; оған ілескендердің жүректеріне жұмсақтық, мейірімділік салдық. (Ранбанятты); дүниеден безушілікті олар өздері шығарды. Оны оларға жазбадық. Бірақ олар Алланың ризалығын іздеу үшін (шығарды.) Сонда олар оны да шын мәнінде меңгере алмады. Олардан иман келтіргендерге бодауларын бердік. Олардың көбірегі бұзақылар
Аударма: Халифа Алтай
Кейін олардың соңынан елшілерімізді жібердік. Әрі Мәриямның ұлы Исаны жіберіп, оған Інжілді бердік және оған ілескендердің жүректеріне жанашырлық және мейірім салдық. Ал, монахтықты олардың өздері ойлап тапты, Біз оларға оны белгілеп бекіткен жоқпыз. Алайда олар оны Аллаһтың ризалығын іздеу үшін шығарды. Бірақ олар оны / өздеріне-өздері міндет еткендей / лайықты түрде ұстай алмады. Біз олардың іштерінен иманға келіп сенгендеріне сыйларын бердік, алайда олардың көбі - бұзықтар / бойсұнбаушылар
Аударма: ҚМДБ
57:28
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَءَامِنُواْ بِرَسُولِهِۦ يُؤۡتِكُمۡ كِفۡلَيۡنِ مِن رَّحۡمَتِهِۦ وَيَجۡعَل لَّكُمۡ نُورٗا تَمۡشُونَ بِهِۦ وَيَغۡفِرۡ لَكُمۡۚ وَٱللَّهُ غَفُورٞ رَّحِيمٞ
Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар, Елшісіне иман келтіріңдер. Сендерге мәрхаметінен екі есе береді. Әрі сендерге сонымен жүретін нұр жаратады. Сендерді жарылқайды. Алла (Т.) тым жарылқаушы, ерекше мейірімді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа тақуалық етіңдер / Оған бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және Оның елшісіне сеніңдер, сонда Ол сендерге Өзінің мейірімінен екі есе береді және сендерге, өздерің онымен жүретін нұр / жарық / жасайды әрі сендерді кешіреді. Өйткені Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Аударма: ҚМДБ
57:29
لِّئَلَّا يَعۡلَمَ أَهۡلُ ٱلۡكِتَٰبِ أَلَّا يَقۡدِرُونَ عَلَىٰ شَيۡءٖ مِّن فَضۡلِ ٱللَّهِ وَأَنَّ ٱلۡفَضۡلَ بِيَدِ ٱللَّهِ يُؤۡتِيهِ مَن يَشَآءُۚ وَٱللَّهُ ذُو ٱلۡفَضۡلِ ٱلۡعَظِيمِ
Кітап иелері Алланың кеңшілігінен еш нәрсеге ие бола алмайтындықтарын білсін. Шәксіз, мәрхамет Алланың қолында. Қалаған құлына береді. Алла (Т.) зор кеңшілік иесі
Аударма: Халифа Алтай
Кітап берілген қауым, өздерінің Аллаһтың кеңшілігінен ешнәрсеге шамалары жетпейтіндігін әрі кеңшілік Аллаһтың қолында екенін, Ол оны Өзі қалағанға беретінін білсін, әрі Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі
Аударма: ҚМДБ
← Аль-ВакиаБарлық сүрелерАль-Муджадила →

Аль-Хадид сүресі туралы

Аль-Хадид (الحديد) — Құранның 57-сүресі, 29 аят, мединалық сүре, 27-жүз, мысхафтың 537-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу