إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَصَدُّواْ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَشَآقُّواْ ٱلرَّسُولَ مِنۢ بَعۡدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمُ ٱلۡهُدَىٰ لَن يَضُرُّواْ ٱللَّهَ شَيۡـٔٗا وَسَيُحۡبِطُ أَعۡمَٰلَهُمۡ
inna alladhīna kafarū waṣaddū ʿan sabīli l-lahi washāqqū l-rasūla min baʿdi mā tabayyana lahumu l-hudā lan yaḍurrū l-laha shayan wasayuḥ'biṭu aʿmālahum
Шынында қарсы болып, Алланың жолынан тосқандар әрі өздеріне туралық әшкереленгеннен кейін Пайғамбармен таласқандар, Аллаға ешбір зиян келтіре алмайды. Алла олардың ғамалдарын жояды
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, сондай күпірлік етушілер / иманға келмегендер / және Аллаһтың жолынан қайтарғандар әрі өздеріне тура жол анықталғаннан кейін Елшіге қарсы шыққандар - Аллаһқа ешбір нәрседе мүлдем зиян келтіре алмайды. Ал, Ол / Аллаһ / олардың амалдарын бекер етеді
Аударма: ҚМДБ
Қари: Мишари Рашид әл-Афаси