(Алладан қорқып) көктер үстінен жарыла жаздайды. Періштелер Раббыларын дәріптей мақтап, жердегілерге жарылқау тілейді. Көңіл бөліңдер. Күдіксіз Алла, тым жарылқаушы, төтенше мейірімді. (С. 7-А)
Аударма: Халифа Алтай
Аспандар / бір-бірінің / үсті жағынан жарылып / бөлшектеніп / кете жаздайды. Ал, періштелер өздерінің Раббысына мақтау айтып, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді және жердегілер үшін кешірім тілейді. Біліндер! Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді
Осылайша қалалардың орталығы (Мекке халқын) әрі маңындағыларды қорқытуың және де болуында шәк жоқ күні, жиналуды ескертуің үшін; саған арапша Бір Құран уахи еттік. Ол күні; бір топ жаннатта, бір топ тозақта
Аударма: Халифа Алтай
Әрі осылай саған елді мекендердің анасын / «Уммул-Қура» / және оны айнала орналасқандарды насихаттауың үшін арабша Құранды уахи еттік. Әрі болуында күмән жоқ, Жиналу / Қайта тірілу / күні жайлы ескертуің үшін. Бір топ Жәннатта, ал бір топ Саъирда (Тозақта) / болады
Мүбада Алла қаласа оларды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда Алла, кімді қаласа, мәрхаметіне бөлейді. Залымдарға дос та көмекші де жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Ал, егер де Аллаһ қалағанда, оларды бір үммет етер еді. Бірақ Ол Өзі қалағанды мейіріміне бөлейді. Ал, әділетсіздерге ешбір қамқоршы да, көмектесуші де болмайды
Сендер тартысқан нәрсе турасында шешім жасау Аллаға тән. Міне осы Алла, менің Раббым. Оған тәуекел еттім әрі Оған мойынсал болдым
Аударма: Халифа Алтай
Сендер қайшылыққа түсіп, тартысқан нәрсенің шешімі Аллаһта. / Ей, Мұхаммед! / : «Міне, осы Аллаһ - менің Раббым. Мен Оған ісімді тапсырдым / тәуекел еттім / , әрі әрдайым Оған бойсұнып, жүгінем» - де
Көктер мен жердің жаратушысы сендер үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, хайуандар үшін де жүптер жаратушы. Өстіп сендерді өсірді. Еш нәрсе Ол сияқты емес. Ол Алла, әр нәрсені естуші, толық көруші
Аударма: Халифа Алтай
Аспандардың және жердің Жаратушысы! Ол сендер үшін өздеріңнен жұптар жасады. Әрі малдардан да жұптар жасады. Ол сендерді осылай көбейтеді. Оған ұқсайтын ешбір нәрсе жоқ. Ол бәрін Естуші , бәрін Көруші
(Мұхаммед Ғ.С.) Алла Нұх (Ғ.С.) қа нұсқау берген нәрселерді және саған уахи еткенімізді сондай-ақ Ыбырайым, Мұса және Ғиса (Ғ.С.) ға нүсқау берген нәрселерімізді сендерге діни жол қылды: Дінді мықты орындаңдар да дінде бөлінбеңдер. Сенің шақырған нәрсең мүшріктерге ауыр келді. Алла оған (сен шақырған дінге) кімді қаласа, оны сайлайды. Кім Оған бейімдесе оны тура жолға салады
Аударма: Халифа Алтай
Ол сендерге діндерінде Нұхқа бұйырғанын әрі / ей, Мұхаммед! / саған уахи еткенімізді және Ибраһимге, Мұса мен Исағабұйырғанымызды: «Дінді толық орындаңдар және онда / дінде / бөлінбеңдер», - деп бекітті. Сенің шақырған нәрсең серік қосушыларға ауыр тиді. Аллаһ оған / дініне / Өзі қалағанды таңдайды әрі Өзіне бойсұнуға қайтушыны тура жолмен жүргізеді
Олар өздеріне білім келгеннен кейін араларындагы көре алмастықтың салдарынан ғана бөлінді. Егер Раббың тарапынан, белгілі бір мерзімге дейін сөз бекіген болмаса еді, әлбетте араларында іс біткен болар еді. Расында олардан кейін Кітапқа мұрагер етілгендер де әлбетте одан шәк ішінде күдүктенуші
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздеріне білім келгеннен кейін ғана өзара қызғаныштан бір-біріне іштарлықпен әділетсіздік етіп, жікке бөлінді. Егер де Раббыңнан белгіленген мерзімге дейінгі берілген Сөз болмағанда, олардың арасына үкім берілер еді. Ал, олардан кейін Кітапқа мұрагер етілгендер бұған қатысты қатты күмәнда
(Мұхаммед Ғ.С.) міне сол үшін хақиқатқа шақыр да бұйрылғаныңдай мықты тұр. Олардың ойларына ілеспе және оларға: "Алла түсірген Кітапқа иман келтірдім. Сондай-ақ араларыңда әділдік қылуға бұйрылдым. Алла, біздің де Раббымыз, сендердің де Раббыларың. Біздің ісіміз бізге, сендердің істерің сендерге тән. Сендер мен біздің арамызда тартыс жоқ. Алла арамызды қосады. Және қайтар орын сол жақ" де
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Міне, сен осыған шақыр да өзіңе бұйырылғандай туралықта бол. Олардың көңілқұмарлықтарына ерме және айт: «Мен Аллаһ түсірген кітаптарға сендім. Әрі сендердің араларыңа әділ болуға бұйырылдым. Аллаһ біздің Раббымыз әрі сендердің де Раббың. Бізге өзіміздің амалдарымыз, ал сендерге өздеріңнің амалдарың. Біз бен сендердің арамызда тартысқа негіз жоқ. Аллаһ бәрімізді жинайды. Баратын жер - Оның алды», - деп
Дін қабылданғаннан кейін Алла турасында дауласқандардың даулары Раббыларының қасында босқа. Оларға ашу және қатты азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Аллаһ жайында, Оған / Аллаһқа / жауап берілгеннен / адамдар дінді қабылдағаннан / кейін де тартысатындардың уәждері Раббысының алдында негізсіз. Оларға - / Аллаһтың / қаһары әрі оларға ауыр азап бар
Оған сенбегендер, асығыс тілейді. Сенгендер, одан үрейленіп, оның хақ екенін біледі. Сақ болыңар! Ол мезгіл жайында тартысатындар, әлбетте ұзақ адасуда
Аударма: Халифа Алтай
Оған / Қайта тірілу күніне / сенбейтіндер оның болуын асықтырады. Ал иманға келгендер, одан қорқынышқа түседі және оның ақиқат екенін біледі. Біліндер! Сағат / Қайта тірілу күні / жөнінде сөз таластыратындар, анығында ұзақ адасуда
Кім ахирет пайдасын қаласа, оған оның пайдасын арттыра түсеміз. Ал және кім дүниенің пайдасын іздесе, оған одан береміз. Оған ахиретте несібе жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Кім соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / жемісін қалайтын болса, оған өнімін арттырамыз. Ал, кім осы өмірдің жемісін қаласа, оған одан береміз, алайда ол үшін соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ешбір үлес болмайды
Немесе дін тұрғасынан Алла бұйырмаған нәрсені оларға шариғат қылатын ортақтары бар ма? Егер Алланың шешімі бекіген болмаса еді, әрине араларында іс бітер еді. Күдіксіз залымдар үшін күйзелтуші азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Әлде оларға дінде Аллаһ рұқсат етпегенді олар үшін заң етіп бекітетін серіктері / құдайлары / бар ма? Егер де шешуші Сөз болмағанда, олардың арасына үкім етілер еді. Шын мәнінде, әділетсіздер үшін күйзелтуші азап бар
(Мұхаммед Ғ.С.) залымдарды, қылмыстарының жазасы келуінен шошығандарын көресің. Ал сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер, жаннат бақшаларында болады. Олар үшін Раббыларының қасында не тілесе бар. Міне сол, ұлы кеңшілік
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сен әділетсіздердің / Қайта тірілу күні! өздерінің істеп тапқандарынан зәресі ұшып, қорыққанын көресің, әрі ол / амалдарының жазасы / оларға болады. Ал, иманға келген және ізгі амал істегендер жәннаттардың бақтарында болады. Оларға Раббысының алдында қалағандары бар. Міне, осы - үлкен кеңшілік
Міне Алла, иман келтіріп, түзу іс істеген құлдарын қуанышқа бөлейді. (Мұхаммед Ғ.С.): "Сендерден бұған жақындық махаббаттан басқа ешбір ақы тілемеймін" де. Кім бір жақсы табысқа ие болса, оның бұндағы жақсылығын арттыра түсеміз. Күдіксіз Алла, тым жарылқаушы, шүкірлікті бағалаушы. (Бұл аяттағы, жақын сүйіспеншілік: "Құлшылық арқылы Аллаға жақындау. Немесе Құрайштан болғандығым үшін жақындық көрсетіп жапа бермеулеріңді қалаймын" деген ұғымдарда. Б.Ж.М.К.Р)
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - Аллаһтың иманға келген және ізгі амал істеген құлдарына сүйінші хабары. I Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын, тек туысқандық жақсы көруді ғана болмаса», деп. Кім бір жақсылық істесе, Біз оған ондағы жақсылығын көбейтеміз. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, бойсұнушы құлдарының аз амалына мол сауап беруші
(Мұхаммед Ғ.С. олар сені): "Аллаға өтірік жала қойды" дей ме? Алла қаласа, сенің жүрегіңді де бітер еді. Алла, өтірікті жойып, өз сөздерімен шындықты шынға шығарады. Өйткені Ол, жүректегілерді толық біледі
Аударма: Халифа Алтай
Олар әлде: «Ол Аллаһ жайында ойынан өтірік шығарды»,- дей ме? Егер Аллаһ қалағанда, жүрегінді мөрлеп қоятын еді. Аллаһ жалғанды өшіреді және ақиқатты Өзінің сөздерімен бекітіп, жүзеге асырады. Ақиқатында, Ол - көкіректегіні жақсы Білуші
Ол, құлдарының тәубесін қабыл етеді де күнәларын кешіреді. Әрі не істегендеріңді біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / сондай, құлдарының істеген күнәларына шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етеді және жамандықтарын кешіреді әрі Ол сендердің не істейтіндеріңді біледі
Сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердің тілегін қабыл етіп, кеңшілігімен арттыра түседі. Ал қарсы болғандар үшін қатты азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол иманға келген және ізгі амал істегендерге жауап береді / тілектерін қабылдайды / және оларға Өз кеңшілігінен арттырып береді. Ал, кәпірлерге қатты азап бар
Егер Алла құлдарына несібені кеңітіп жіберсе, әлбетте жер жүзінде бүліншілік шығарады. Бірақ қалаған мөлшерде несібе береді. (С. 32-А.) Өйткені Ол, құлдарынан толық хабар алушы, көруші
Аударма: Халифа Алтай
Егер де Аллаһ құлдарына ризық-несібені жайып қойса, олар жер бетінде шектен шығар еді. Алайда Ол Өзі қалаған мөлшермен түсіреді. Анығында, Ол - құлдарынан Хабардар, оларды Көруші
Егер Ол қаласа, желді тоқтатар еді де кемелер су үстінде түрьш қалар еді. Даусыз бұнда өте сабырлы, толық шүкір етушілерге өнегелер бар
Аударма: Халифа Алтай
Ол қаласа, желді тыныштандырып, олар оның / теңіздің / үстінде қозғалыссыз қалады. Анығында, мұнда әрбір әрдайым сабыр, шүкір етушіге / Раббысының берген игіліктеріне әрдайым алғыс білдірушіге / белгілер бар
Ал енді сендерге берілген нәрсе, дүние тіршілігінің ғана пайдасы. Алланың қасындағы нәрселер иман келтіріп, Раббыларьша тәуекел етушілер үшін хайырлы да тұракты
Аударма: Халифа Алтай
Сендерге берілген барлық нәрсе осы өмірде ғана пайдаланылатын уақытша заттар. Ал Аллаһтағы нәрселер–иманға келген және өздерінің Раббысына жүгініп, Оған істерін тапсыратындар / тәуекел ететіндер / үшін қайырлы әрі тұрақты
Ал және сондай Раббыларына мақұл дегендер, намазды толық орындағандар сондай-ақ өзара істерін кеңеспен жүргізгендер және өздеріне берген несібемізді тиісті орындарға жұмсағандар. (С. 159-А.) (Т-Қ.) (Өзара ақылдасып, іс жүргізу Мұсылманшылықтың елеулі бір сипаты боп, саналады)
Аударма: Халифа Алтай
әрі солар - өздерінің Раббысына жауап беретін, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтын, істерінде өзара кеңесетін және Біз өздеріне ризық етіп нәсіп еткеннен беретіндер
Әлде кімді Алла адастырса, сонда одан кейін оның ешбір жәрдемшісі болмайды. Залымдар азапты көрген сәтте: "Қайтатын бір жол бар ма?",-дегенін көресің
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ кімді адастырса, бұдан кейін оған ешбір қамқоршы жоқ. / Ей, Мұхаммед! / Сен әділетсіздердің / Есеп күні / азапты көрген кездерінде: «Қайтуға жол бар ма?» - деп айтатындарын көресің
Олар тозаққа төндірілгенде, корлықтан сүмірейіп, жасырын көз құйрығымен қарағанын көресің; иман келтіргендер оларды: "Зиянда болғандар, қиямет күні; өздерін де семьяларын да зиянға ұшыратқандар" дейді. Байқаңдар! Дау жоқ, залымдар тұрақты азапта болады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сен олардың оған / тозаққа / келтірілгенінде, қорлықтан төменшіктеп, көздерін жасыра / ұрлана / қарағанын көресің. Сонда иманға келгендер: «Анығында, зиян шегушілер - олар Қайта тірілу күні өздерін және үй ішін зиянға ұшыратқандар», - дейді. Біліңдер! Шын мәнінде әділетсіздер тұрақты / мәңгі / азапта болады
Алла тарапынан, кейін қайтарылмайтын бір күн келуден бұрын Раббыларыңа мақұл деңдер. Ол күні сендерге паналар жер жоқ әрі тана алмайсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ тарапынан кері қайтарылмайтын бір күн келуден бұрын өздеріңнің Раббыңа жауап беріңдер / бойсұныңдар / . Ол күні сендерге паналайтын ешбір орын болмайды әрі сендерде / күнәларыңды / мойындамай теріске шығару да болмайды
(Мұхаммед Ғ.С.) енді егер олар бет бұрса, сені оларға күзетші етіп, жібермедік. Саған жалғастыру ғана міндет. Расында қашан адам баласына өз мәрхаметімізден таттырсақ, сонда оған мәз болады. Ал егер қолекі істеген кесірлерінің салдарынан бастарына бір жамандық келсе, сонда сөз жоқ, адам баласы мүлде қарсы келеді
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Егер олар теріс бұрылса, Біз сені оларға күзетші етіп жіберген жоқпыз. Сенің міндетің жеткізу ғана. Қашан Біз адамға Өз тарапымыздан бір жақсылық берсек, ол бұған қуанады. Ал, егер қолдарымен жасаған / күнәлі / істері үшін бастарына бір жамандық келсе, адам / берілген / игіліктерді мойындамай, жоққа шығарады
Немесе ұлдармен қыздарды жүп-жүбімен береді. Сондай-ақ қалағанын бедеу қылады. Күдіксіз Ол, толық білуші, аса күшті
Аударма: Халифа Алтай
Немесе оларға ұлдар мен қыздарды қосып береді, ал қалағанын бедеу / перзентсіз / етеді. Ақиқатында, Ол бәрін Білуші , барлық нәрсені, қалағаны Жасай алушы
Алла (Т.) бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі: Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі. (Мысалы: Ыбырайым Ғ.С. ға баласын құрбан шалу түсінде аян берілген.С. 12-А. Алла (Т.) Мүса Ғ.С. ға көрінбей, сөзі естілген түрде сөйлескен. 7-С. 143-А. Көбінесе Пайғамбарларға уахи арқылы нұсқау берілген.4-С. 163-А
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ тек уахи арқылы не тосық артынан болмаса, ешбір адаммен сөйлеспейді. Не Ол бір елші / періште / жіберіп, ол / періште / Оның бұйрығымен Оның қалағанына уахи етеді. Ақиқатында, Ол өте Жоғары, аса Дана
(Мұхаммед Р.С.) саған осылайша әмірімізден бір "Рұх" (Құран. Ж.М.Р.) уахи еттік. Сен, Кітап не? Иман не? Білмейтін едің. Бірақ Құранды нұр , қылып, онымен құлдарымыздан кімді қаласақ, тура жолға саламыз. Расында сен тура жолға бастайсың
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз осылай етіп саған Өз әмірімізден бір Рухты / Құранды / * уахи еттік. Сен / ол кезде / Кітаптың да, иманның да не екенін білмейтін едің. Алайда, Біз оны / Құранды / құлдарымыздан қалағандарымызды тура жолмен жүргізетін нұр еттік. Әрі шын мәнінде, сен, тура жолға бастайсың