Аль-Инсан

الانسان · 31 аят · мединалық
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 578-бет
← Аль-КиямаБарлық сүрелерАль-Мурсалят →
76:1
هَلۡ أَتَىٰ عَلَى ٱلۡإِنسَٰنِ حِينٞ مِّنَ ٱلدَّهۡرِ لَمۡ يَكُن شَيۡـٔٗا مَّذۡكُورًا
Адамзат еске аларлық бір нәрсе болғанға дейін дәуірден бірталай мерзім өтпеді ме
Аударма: Халифа Алтай
Адамға ол еске алынбаған кезінен / жаратылғанға дейін / біраз уақыт өтпеді ме
Аударма: ҚМДБ
76:2
إِنَّا خَلَقۡنَا ٱلۡإِنسَٰنَ مِن نُّطۡفَةٍ أَمۡشَاجٖ نَّبۡتَلِيهِ فَجَعَلۡنَٰهُ سَمِيعَۢا بَصِيرًا
Шын мәнінде Біз адам баласын біріккен тамшыдан жараттық. Оны сынаймыз. Сондықтан оны еститін, көретін қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз адам баласын араласқан бір тамшыдан жараттық. Біз оны сынаймыз. Сөйтіп, оны еститін, көретін еттік
Аударма: ҚМДБ
76:3
إِنَّا هَدَيۡنَٰهُ ٱلسَّبِيلَ إِمَّا شَاكِرٗا وَإِمَّا كَفُورًا
Расында оған тура жол көрсеттік. Мейлі шүкірлік қылсын, мейлі қарсы келсін
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, Біз оны тура жолға түсірдік. Ол не шүкір етер / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірер / , немесе күпірлік етер / ол игіліктерді мойындамай теріске шығарар
Аударма: ҚМДБ
76:4
إِنَّآ أَعۡتَدۡنَا لِلۡكَٰفِرِينَ سَلَٰسِلَاْ وَأَغۡلَٰلٗا وَسَعِيرًا
Әрине, қарсы келушілер үшін шынжырлар, боғаулар және жалындаган тозақ әзірледік
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз, кәпірлер үшін шынжырлар, бұғаулар және Саъирді әзірледік
Аударма: ҚМДБ
76:5
إِنَّ ٱلۡأَبۡرَارَ يَشۡرَبُونَ مِن كَأۡسٖ كَانَ مِزَاجُهَا كَافُورًا
Әрине жақсылар, жаннатта: "Кәфүр" қосылған кеседен ішеді
Аударма: Халифа Алтай
Әлбетте ізгілер кафур араластырған кеседен / сусын / ішеді
Аударма: ҚМДБ
76:6
عَيۡنٗا يَشۡرَبُ بِهَا عِبَادُ ٱللَّهِ يُفَجِّرُونَهَا تَفۡجِيرٗا
Ол, Алланың құлдары ішетін, қалаған жағына ағызатын бастау
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың құлдары ішетін бір бұлақтан, олар оны / қалағанынша / ағызады
Аударма: ҚМДБ
76:7
يُوفُونَ بِٱلنَّذۡرِ وَيَخَافُونَ يَوۡمٗا كَانَ شَرُّهُۥ مُسۡتَطِيرٗا
Ол Алланың құлдары "нәзірін" орындайды әрі апаты етек алатын бір күннен қорқады
Аударма: Халифа Алтай
Олар нәзірді / Аллаһ жолына атағанын / орындайды және жамандығы кең жайылатын Күннен қорқады
Аударма: ҚМДБ
76:8
وَيُطۡعِمُونَ ٱلطَّعَامَ عَلَىٰ حُبِّهِۦ مِسۡكِينٗا وَيَتِيمٗا وَأَسِيرًا
Тамақты жақсы көре тұра міскінге, жетімге және тұтқынға жегізеді
Аударма: Халифа Алтай
Өздері тамақты қалап тұрғанына қарамастан, оны кедейге, жетімге және тұтқынға жегізеді
Аударма: ҚМДБ
76:9
إِنَّمَا نُطۡعِمُكُمۡ لِوَجۡهِ ٱللَّهِ لَا نُرِيدُ مِنكُمۡ جَزَآءٗ وَلَا شُكُورًا
Олар: "Шын мәнінде сендерді Алланың ризалығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз
Аударма: Халифа Алтай
Олар!: «Шын мәнінде біз сендерді Аллаһтың дидары үшін тамақтандырамыз. Сендерден сый да, алғыс та қаламаймыз
Аударма: ҚМДБ
76:10
إِنَّا نَخَافُ مِن رَّبِّنَا يَوۡمًا عَبُوسٗا قَمۡطَرِيرٗا
Расында біз түксиіп қатты томсарған күннен Раббымыздан қорқамыз." (дейді)
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, біз Раббымыздан болатын түнерген, ауыр бір Күннен қорқамыз», - дейді
Аударма: ҚМДБ
76:11
فَوَقَىٰهُمُ ٱللَّهُ شَرَّ ذَٰلِكَ ٱلۡيَوۡمِ وَلَقَّىٰهُمۡ نَضۡرَةٗ وَسُرُورٗا
Сондықтан Алла, оларды сол күннің апатынан сақтап, жарық жүз әрі қуанышқа бөлейді
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһ оларды сол Күннің жамандығынан сақтап, оларға жарқындық пен қуаныш нәсіп етеді
Аударма: ҚМДБ
76:12
وَجَزَىٰهُم بِمَا صَبَرُواْ جَنَّةٗ وَحَرِيرٗا
Оларды сабыр еткендіктері үшін ұжмақ және жібекпен сыйлайды
Аударма: Халифа Алтай
және сабыр еткендері үшін оларға / Жәннаттағы / бақ пен жібекті қайтарым сый етіп береді
Аударма: ҚМДБ
76:13
مُّتَّكِـِٔينَ فِيهَا عَلَى ٱلۡأَرَآئِكِۖ لَا يَرَوۡنَ فِيهَا شَمۡسٗا وَلَا زَمۡهَرِيرٗا
Олар, ол арада дивандарға жастанған түрде отырады. Олар онда ыстық та суық та көрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар онда перделермен сәнделгенжұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады. Олар онда күнді де, аязды да көрмейді
Аударма: ҚМДБ
76:14
وَدَانِيَةً عَلَيۡهِمۡ ظِلَٰلُهَا وَذُلِّلَتۡ قُطُوفُهَا تَذۡلِيلٗا
Оларға бейіштің көлеңкелері иіліп, жемістері мүлде еріктерінде болады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оларға оның көлеңкелері жақын, ал жемістері төмен иіліп тұрады
Аударма: ҚМДБ
76:15
وَيُطَافُ عَلَيۡهِم بِـَٔانِيَةٖ مِّن فِضَّةٖ وَأَكۡوَابٖ كَانَتۡ قَوَارِيرَا۠
Оларға күмістен ыдыстар, шыныдан құмыралар ұсынылады
Аударма: Халифа Алтай
Және оларды күміс ыдыстармен, шыны көзелермен айналып жүреді
Аударма: ҚМДБ
76:16
قَوَارِيرَاْ مِن فِضَّةٖ قَدَّرُوهَا تَقۡدِيرٗا
Күмістен шынылары өлшеумен толтырылған болады
Аударма: Халифа Алтай
Ал шынысы - күмістен. бұл ыдыстар / сайма-сай / өлшеніп қойылған
Аударма: ҚМДБ
76:17
وَيُسۡقَوۡنَ فِيهَا كَأۡسٗا كَانَ مِزَاجُهَا زَنجَبِيلًا
Бейіште оларға "Зәнжәбил" араластырылған ішімдік кәсемен ішкізіледі
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оларға зәнжәбил / сусыны / араластырылған кеседен ішкізіледі
Аударма: ҚМДБ
76:18
عَيۡنٗا فِيهَا تُسَمَّىٰ سَلۡسَبِيلٗا
Ол, бейіште "Сәлсәбил" деп аталатын бір бастау бар
Аударма: Халифа Алтай
«Сәлсәбил» деп аталатын бұлақтан
Аударма: ҚМДБ
76:19
۞وَيَطُوفُ عَلَيۡهِمۡ وِلۡدَٰنٞ مُّخَلَّدُونَ إِذَا رَأَيۡتَهُمۡ حَسِبۡتَهُمۡ لُؤۡلُؤٗا مَّنثُورٗا
Олардың айналасында мәңгілік қызметші жастар болады. Оларды көрсең шашылған інжу деп ойлайсың
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оларды мәңгі жас өрендер айналып / қызмет етіп / жүреді. Оларды көргеніңде, шашылған інжу деп ойлайсың
Аударма: ҚМДБ
76:20
وَإِذَا رَأَيۡتَ ثَمَّ رَأَيۡتَ نَعِيمٗا وَمُلۡكٗا كَبِيرًا
Сол жерге қараған сәтте; нығымет, зор салтанат көресің
Аударма: Халифа Алтай
Әрі көрген кезде, онда / жәннатта / игілік әрі ұлы патшалықты көресің
Аударма: ҚМДБ
76:21
عَٰلِيَهُمۡ ثِيَابُ سُندُسٍ خُضۡرٞ وَإِسۡتَبۡرَقٞۖ وَحُلُّوٓاْ أَسَاوِرَ مِن فِضَّةٖ وَسَقَىٰهُمۡ رَبُّهُمۡ شَرَابٗا طَهُورًا
Олардың киімдері жұқа, қалың жасыл жібек, күміс білезіктермен безенген болады. Сондай-ақ Раббылары, тап-таза ішімдік ішкізеді. (С. 45-47-А., 47-С. 15-А., 56-С. 17-19-А)
Аударма: Халифа Алтай
Олардың / жәннаттықтардың / үстерінде жұқа және қалың жасыл жібек киімдер болады, олар күміс білезіктермен безендіріледі, әрі Оларға Раббысы тап-таза сусын ішкізеді
Аударма: ҚМДБ
76:22
إِنَّ هَٰذَا كَانَ لَكُمۡ جَزَآءٗ وَكَانَ سَعۡيُكُم مَّشۡكُورًا
Расында бұл сендердің сыйлықтарың, еңбектерің жоғары бағалануға лайық болды
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / : «Ақиқатында, бұл - сендерге қайтарым ретінде берілген сый, сендердің әрекет-талпыныстарың алғысқа бөленді», - делінеді
Аударма: ҚМДБ
76:23
إِنَّا نَحۡنُ نَزَّلۡنَا عَلَيۡكَ ٱلۡقُرۡءَانَ تَنزِيلٗا
(Мұхаммед Ғ.С.) расында Біз саған Құранды аз-аздап түсірдік
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз саған Құранды бөліп-бөліп / біртіндеп / түсірдік
Аударма: ҚМДБ
76:24
فَٱصۡبِرۡ لِحُكۡمِ رَبِّكَ وَلَا تُطِعۡ مِنۡهُمۡ ءَاثِمًا أَوۡ كَفُورٗا
Ендеше, Раббыңның үкіміне сабыр ет. Олардан күнәкарлар немесе қарсыларға бағынба
Аударма: Халифа Алтай
Раббыңның үкіміне сабыр ет. Олардың ішіндегі күнәһарға да, кәпірге де бағынба
Аударма: ҚМДБ
76:25
وَٱذۡكُرِ ٱسۡمَ رَبِّكَ بُكۡرَةٗ وَأَصِيلٗا
Ертелі-кеш Раббыңның атын зікір ет
Аударма: Халифа Алтай
Әрі таңертең және кешке Раббыңның есімін есіңе ал
Аударма: ҚМДБ
76:26
وَمِنَ ٱلَّيۡلِ فَٱسۡجُدۡ لَهُۥ وَسَبِّحۡهُ لَيۡلٗا طَوِيلًا
Кештің бір бөлімінде Оған сәжде қыл. Әрі Оны түн бойы дәріпте
Аударма: Халифа Алтай
Ал, түннің бөлігінде Оған сәжде жаса әрі ұзын түнде Оны дәріпте
Аударма: ҚМДБ
76:27
إِنَّ هَـٰٓؤُلَآءِ يُحِبُّونَ ٱلۡعَاجِلَةَ وَيَذَرُونَ وَرَآءَهُمۡ يَوۡمٗا ثَقِيلٗا
Расында олар, тез өтетін дүниені жақсы көріп, ауыр күнді арттарына тастайды
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, бұлар / имансыздар / тез өтетінді / осы дүниені / жақсы көріп, ауыр Күнді / қияметті / арттарына қалдырады
Аударма: ҚМДБ
76:28
نَّحۡنُ خَلَقۡنَٰهُمۡ وَشَدَدۡنَآ أَسۡرَهُمۡۖ وَإِذَا شِئۡنَا بَدَّلۡنَآ أَمۡثَٰلَهُمۡ تَبۡدِيلًا
Оларды Біз жаратып, буындарын бекіттік. (Өмір бердік.) Егер қаласақ оларды ұқсастарына ауыстырамыз. (Оларды жоқ етіп, басқа сондай ел жарата аламыз.) (С. 60-А)
Аударма: Халифа Алтай
Біз оларды жаратып, тұла бойын бекіттік. Егер қаласақ, оларды өздеріне ұқсағандармен алмастыра аламыз
Аударма: ҚМДБ
76:29
إِنَّ هَٰذِهِۦ تَذۡكِرَةٞۖ فَمَن شَآءَ ٱتَّخَذَ إِلَىٰ رَبِّهِۦ سَبِيلٗا
Шын мәнінде бұл бір насихат. Енді кім қаласа, Раббына бір жол ұстар
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, бұл - еске салу / насихат / . Енді кім қаласа, Раббысына / апаратын / жол ұстанады
Аударма: ҚМДБ
76:30
وَمَا تَشَآءُونَ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُۚ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ عَلِيمًا حَكِيمٗا
Сендердің қалауларың болмайды. Алла қаласа ғана болады. Расында Алла, өте білуші, хикмет иесі
Аударма: Халифа Алтай
Алайда, Аллаһ қаламайынша, сендер бұны қалай алмайсыңдар. Ақиқатында, Аллаһ Білуші, аса Дана
Аударма: ҚМДБ
76:31
يُدۡخِلُ مَن يَشَآءُ فِي رَحۡمَتِهِۦۚ وَٱلظَّـٰلِمِينَ أَعَدَّ لَهُمۡ عَذَابًا أَلِيمَۢا
Алла кімді қаласа, мәрхаметіне бөлейді. Залымдарға күйзелтуші азап даярлады
Аударма: Халифа Алтай
Ол қалағанын мейіріміне кіргізеді. Ал, әділетсіздер үшін Ол күйзелтуші азап әзірледі
Аударма: ҚМДБ
← Аль-КиямаБарлық сүрелерАль-Мурсалят →

Аль-Инсан сүресі туралы

Аль-Инсан (الانسان) — Құранның 76-сүресі, 31 аят, мединалық сүре, 29-жүз, мысхафтың 578-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу