Аль-Мурсалят

المرسلات · 50 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 580-бет
← Аль-ИнсанБарлық сүрелерАн-Наба →
77:1
وَٱلۡمُرۡسَلَٰتِ عُرۡفٗا
Жалғасты жіберілгендерге
Аударма: Халифа Алтай
Ант етемін, жалғасты түрде жіберілгендермен
Аударма: ҚМДБ
77:2
فَٱلۡعَٰصِفَٰتِ عَصۡفٗا
Қатты есіп, ұшырушыларға
Аударма: Халифа Алтай
әрі қатты есушілермен
Аударма: ҚМДБ
77:3
وَٱلنَّـٰشِرَٰتِ نَشۡرٗا
Тарқатқан сайын тарқатушыларға
Аударма: Халифа Алтай
және жайып таратушылармен
Аударма: ҚМДБ
77:4
فَٱلۡفَٰرِقَٰتِ فَرۡقٗا
Айырған сайын айырушыларға
Аударма: Халифа Алтай
және ажыратып айырушылармен
Аударма: ҚМДБ
77:5
فَٱلۡمُلۡقِيَٰتِ ذِكۡرًا
Сосын зікір тастаушыларға
Аударма: Халифа Алтай
және еске салынатынды / уахиды / жеткізушілермен / ант етемін
Аударма: ҚМДБ
77:6
عُذۡرًا أَوۡ نُذۡرًا
Сылтау түрінде мейлі ескерту түрінде болсын, осыларға серт. (Бұл аяттардағы ант етілген нәрселерді Алла (Т.) ашық баян етпеген. Мүфәссірлер бұл жөнде түрлі көз қарастар білдірген. Мысалы: Періштелер, 2-Желдер, 3-Құран Кәрим, 4-Пайғамбарлар. Не бәрі жел, не бәрі періштелер
Аударма: Халифа Алтай
уәж-кешіру ретінде, не ескерту ретінде
Аударма: ҚМДБ
77:7
إِنَّمَا تُوعَدُونَ لَوَٰقِعٞ
Шын мәнінде сендерге уәде етілген (қиямет) әлбетте болады
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, сендерге уәде етіліп жатқан нәрселер, әлбетте орындалады
Аударма: ҚМДБ
77:8
فَإِذَا ٱلنُّجُومُ طُمِسَتۡ
Жұлдыздар сөнген сәтте
Аударма: Халифа Алтай
жұлдыздар сөндірілген кезде
Аударма: ҚМДБ
77:9
وَإِذَا ٱلسَّمَآءُ فُرِجَتۡ
Көк жарылғанда
Аударма: Халифа Алтай
әрі аспан айрылған кезде
Аударма: ҚМДБ
77:10
وَإِذَا ٱلۡجِبَالُ نُسِفَتۡ
Таулар үгітіліп, ұшырылғанда
Аударма: Халифа Алтай
және таулар үгітіліп ұшырылған кезде
Аударма: ҚМДБ
77:11
وَإِذَا ٱلرُّسُلُ أُقِّتَتۡ
Пайғамбарлардың уақты жеткен кезде
Аударма: Халифа Алтай
және елшілерге уақыт белгіленген кезде
Аударма: ҚМДБ
77:12
لِأَيِّ يَوۡمٍ أُجِّلَتۡ
Қайсы күнге кешіктіріліп еді
Аударма: Халифа Алтай
Мұрсат қай күнге дейін берілген еді
Аударма: ҚМДБ
77:13
لِيَوۡمِ ٱلۡفَصۡلِ
Шешім күніне
Аударма: Халифа Алтай
Айыру күніне дейін
Аударма: ҚМДБ
77:14
وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا يَوۡمُ ٱلۡفَصۡلِ
Ол шешім күнін қайдан білесің
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Айыру күнінің не екенін саған не білдірді
Аударма: ҚМДБ
77:15
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Ол күні, жасынға шығарушыларға нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні / Аллаһтың уәдесін / өтірік санаушыларға қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
77:16
أَلَمۡ نُهۡلِكِ ٱلۡأَوَّلِينَ
Бұрынғыларды жоқ етпедік пе
Аударма: Халифа Алтай
Біз әуелгілерді жойып жібермедік пе
Аударма: ҚМДБ
77:17
ثُمَّ نُتۡبِعُهُمُ ٱلۡأٓخِرِينَ
Сосын кейінгілерді де. Солардың аяғын құштырамыз
Аударма: Халифа Алтай
Сосын одан кейінгілерді де олардың артынан жібереміз
Аударма: ҚМДБ
77:18
كَذَٰلِكَ نَفۡعَلُ بِٱلۡمُجۡرِمِينَ
Күнәкарларға осылай істейміз
Аударма: Халифа Алтай
Біз қылмыскерлерді осылай етеміз
Аударма: ҚМДБ
77:19
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Жасынға шығарушылар үшін сол күні нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні / ақиретті / өтірік санаушыларға қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
77:20
أَلَمۡ نَخۡلُقكُّم مِّن مَّآءٖ مَّهِينٖ
Сендерді болымсыз судан жаратпадық па
Аударма: Халифа Алтай
Біз сендерді болмашы бір сұйықтан жаратпадық па
Аударма: ҚМДБ
77:21
فَجَعَلۡنَٰهُ فِي قَرَارٖ مَّكِينٍ
Сондай оны берік бір жерде (жатырда) етпедік пе
Аударма: Халифа Алтай
әрі оны бір берік жайға / жатырға / орналастырмадық па
Аударма: ҚМДБ
77:22
إِلَىٰ قَدَرٖ مَّعۡلُومٖ
Белгілі бір мерзімге дейін
Аударма: Халифа Алтай
белгілі бір мерзімге дейін
Аударма: ҚМДБ
77:23
فَقَدَرۡنَا فَنِعۡمَ ٱلۡقَٰدِرُونَ
Оның тағдырын мөлшерледік. Нендей толық күшке иеміз
Аударма: Халифа Алтай
Біз алдын ала өлшеп белгіледік, қандай жақсы өлшеп, белгілеушіміз
Аударма: ҚМДБ
77:24
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Жасынға шығарушыларға сол қүні нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні / Аллаһтың құдіретін / өтірік санаушыларға қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
77:25
أَلَمۡ نَجۡعَلِ ٱلۡأَرۡضَ كِفَاتًا
Жер жүзін бір жиналыс жері қылмадық па
Аударма: Халифа Алтай
Біз жерді жинаушы етпедік пе
Аударма: ҚМДБ
77:26
أَحۡيَآءٗ وَأَمۡوَٰتٗا
Тірілерге де өлілерге де
Аударма: Халифа Алтай
тірілерді және өлілерді
Аударма: ҚМДБ
77:27
وَجَعَلۡنَا فِيهَا رَوَٰسِيَ شَٰمِخَٰتٖ وَأَسۡقَيۡنَٰكُم مَّآءٗ فُرَاتٗا
Жер жүзінде асқар таулар жасап, сендерді дәмді сумен суардық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі онда мызғымас биік болғандарды / тауларды / орнатып, сендерді тұщы сумен қамтамасыз еттік
Аударма: ҚМДБ
77:28
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні / Аллаһтың белгілерін / өтірік санаушыларға қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
77:29
ٱنطَلِقُوٓاْ إِلَىٰ مَا كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ
(Ол күні оларға): "Өтірік деген нәрселеріңе қарай жүріңдер
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / : «Өздерің өтірік деп санағандарыңа барыңдар
Аударма: ҚМДБ
77:30
ٱنطَلِقُوٓاْ إِلَىٰ ظِلّٖ ذِي ثَلَٰثِ شُعَبٖ
Үш бунақты түнекке қарай кетіңдер" (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Үш тармақты көлеңкеге барыңдар
Аударма: ҚМДБ
77:31
لَّا ظَلِيلٖ وَلَا يُغۡنِي مِنَ ٱللَّهَبِ
Ол, көлеңке болмайды да жалыннан қорғамайды
Аударма: Халифа Алтай
Оның саясы да жоқ әрі ол жалыннан да қорғамайды
Аударма: ҚМДБ
77:32
إِنَّهَا تَرۡمِي بِشَرَرٖ كَٱلۡقَصۡرِ
Өйткені тозақ сарайдай ұшқын атады
Аударма: Халифа Алтай
Ол / тозақ / зәулім ғимараттардай ұшқындарды атып тұрады
Аударма: ҚМДБ
77:33
كَأَنَّهُۥ جِمَٰلَتٞ صُفۡرٞ
Сары түйелердей
Аударма: Халифа Алтай
Бейне бір сары түйелерге ұқсаған», - делінеді
Аударма: ҚМДБ
77:34
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні / Сот күнін / өтірік санаушыларға қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
77:35
هَٰذَا يَوۡمُ لَا يَنطِقُونَ
Ол күні олар сөйлемейді
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - олар сөйлемейтін күн
Аударма: ҚМДБ
77:36
وَلَا يُؤۡذَنُ لَهُمۡ فَيَعۡتَذِرُونَ
Сондай-ақ олардың желеулетулеріне рұхсат берілмейді
Аударма: Халифа Алтай
әрі оларға ақталуға рұқсат берілмейді
Аударма: ҚМДБ
77:37
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні / Есеп күнін / өтірік санаушыларға қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
77:38
هَٰذَا يَوۡمُ ٱلۡفَصۡلِۖ جَمَعۡنَٰكُمۡ وَٱلۡأَوَّلِينَ
Ол шешім күні, сендерді де бұрынғыларды да жинаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - Ажырату күні. Біз сендерді де, алдыңғыларды да жинаймыз
Аударма: ҚМДБ
77:39
فَإِن كَانَ لَكُمۡ كَيۡدٞ فَكِيدُونِ
Бір әдістерің бар болса, Маған қолданыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Егер сендерде бірер айла-шарғы болса, Маған жасап көріңдер
Аударма: ҚМДБ
77:40
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні / Аллаһтың жазасын / өтірік санаушыларға қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
77:41
إِنَّ ٱلۡمُتَّقِينَ فِي ظِلَٰلٖ وَعُيُونٖ
Расында тақуалар, саяларда, бастауларда болады
Аударма: Халифа Алтай
Ал, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар / саялар мен бұлақтарда
Аударма: ҚМДБ
77:42
وَفَوَٰكِهَ مِمَّا يَشۡتَهُونَ
Көңілдері соққан жемістерде
Аударма: Халифа Алтай
көңілдері қалаған жемістер арасында болады
Аударма: ҚМДБ
77:43
كُلُواْ وَٱشۡرَبُواْ هَنِيٓـَٔۢا بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ
(Оларға): "Істеген ғамалдарың арқасында жеңдер, ішіңдер; сіңімді болсын" (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Оларға / : «Жасаған амалдарын, үшін рахаттанып жеңдер, ішіңдер!» - делінеді
Аударма: ҚМДБ
77:44
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجۡزِي ٱلۡمُحۡسِنِينَ
Расында жақсылық істеушілерді осылайша сыйлаймыз
Аударма: Халифа Алтай
Анығында Біз ықыласпен жақсылық істеушілердің қайтарым сыйын осылай береміз
Аударма: ҚМДБ
77:45
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні / Қайтарымды / өтірік санаушыларға қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
77:46
كُلُواْ وَتَمَتَّعُواْ قَلِيلًا إِنَّكُم مُّجۡرِمُونَ
(Әй кәпірлер!) Жеңдер, аздап пайдаланыңдар. Расында күнәкарсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Күнәһарларға / : «Жеңдер әрі аздап пайдалана тұрындар. Себебі сендер - қылмыскерсіңдер» - делінеді
Аударма: ҚМДБ
77:47
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Жалғанға саюшыларға ол күні нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні / Қайта тірілуді / өтірік санаушыларға қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
77:48
وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ٱرۡكَعُواْ لَا يَرۡكَعُونَ
Оларға: "Иіліңдер" делінсе, иілмейді
Аударма: Халифа Алтай
Қашан оларға: «Рукуғ жасаңдар», - делінгенде, олар рүкүғ жасамайды
Аударма: ҚМДБ
77:49
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Жасынға шығарушыларға, ол күні нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні / діни парыздарды / өтірік санаушыларға қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
77:50
فَبِأَيِّ حَدِيثِۭ بَعۡدَهُۥ يُؤۡمِنُونَ
Ал енді олар, бүл Құраннан кейін қайсы сөзге сенеді
Аударма: Халифа Алтай
Енді олар бұдан кейін қай сөзге сенеді
Аударма: ҚМДБ
← Аль-ИнсанБарлық сүрелерАн-Наба →

Аль-Мурсалят сүресі туралы

Аль-Мурсалят (المرسلات) — Құранның 77-сүресі, 50 аят, меккелік сүре, 29-жүз, мысхафтың 580-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу