QORAN.kz › Сүрелер › Ан-Наба
78:1 عَمَّ يَتَسَآءَلُونَ
Олар не нәрседен сұрасады
Аударма: Халифа Алтай
Олар бір-бірінен не туралы сұрасып жатыр
Аударма: ҚМДБ
78:2 عَنِ ٱلنَّبَإِ ٱلۡعَظِيمِ
Зор уақиғадан
Аударма: Халифа Алтай
Ұлы хабар туралы
Аударма: ҚМДБ
78:3 ٱلَّذِي هُمۡ فِيهِ مُخۡتَلِفُونَ
Олар, ол жөнде таласуда
Аударма: Халифа Алтай
өздері ол жөнінде қарама-қайшылықта
Аударма: ҚМДБ
78:4 كَلَّا سَيَعۡلَمُونَ
Әсте олай емес, олар тез біледі
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, олай емес! Олар жақында біледі
Аударма: ҚМДБ
78:5 ثُمَّ كَلَّا سَيَعۡلَمُونَ
Тағы олай емес, олар тез біледі
Аударма: Халифа Алтай
Кейін, тіпті олай емес! Олар әлі-ақ біледі
Аударма: ҚМДБ
78:6 أَلَمۡ نَجۡعَلِ ٱلۡأَرۡضَ مِهَٰدٗا
Жерді бір төсеніш қылмадық па
Аударма: Халифа Алтай
Біз жерді төсеніш етпедік пе
Аударма: ҚМДБ
78:7 وَٱلۡجِبَالَ أَوۡتَادٗا
Тауларды қазық... (С. 27-А)
Аударма: Халифа Алтай
ал тауларды қазық
Аударма: ҚМДБ
78:8 وَخَلَقۡنَٰكُمۡ أَزۡوَٰجٗا
Сендерді жүп-жүп жараттық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз сендерді жұптар етіп жараттық
Аударма: ҚМДБ
78:9 وَجَعَلۡنَا نَوۡمَكُمۡ سُبَاتٗا
Ұйқыларыңды дем алыс қылдық
Аударма: Халифа Алтай
Ал ұйқыларыңды тынығу еттік
Аударма: ҚМДБ
78:10 وَجَعَلۡنَا ٱلَّيۡلَ لِبَاسٗا
Түнді жамылғы қылдық
Аударма: Халифа Алтай
әрі түнді жамылғы етіп жасадық
Аударма: ҚМДБ
78:11 وَجَعَلۡنَا ٱلنَّهَارَ مَعَاشٗا
Күндізді тіршілікке жараттық
Аударма: Халифа Алтай
және күндізді тіршілік / уақыты / етіп жасадық
Аударма: ҚМДБ
78:12 وَبَنَيۡنَا فَوۡقَكُمۡ سَبۡعٗا شِدَادٗا
Үстеріңе жеті қат берік көк құрдық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі үстеріңнен жеті берікті құрдық
Аударма: ҚМДБ
78:13 وَجَعَلۡنَا سِرَاجٗا وَهَّاجٗا
Жарқыраған шырақ (күн) жараттық
Аударма: Халифа Алтай
және лаулаған шырақ жасадық
Аударма: ҚМДБ
78:14 وَأَنزَلۡنَا مِنَ ٱلۡمُعۡصِرَٰتِ مَآءٗ ثَجَّاجٗا
Сығылысқан бұлттардан мол жаңбыр жаудырдық
Аударма: Халифа Алтай
Әрі сығылушылардан / бұлттардан / мол су түсірдік
Аударма: ҚМДБ
78:15 لِّنُخۡرِجَ بِهِۦ حَبّٗا وَنَبَاتٗا
Онымен дәнді дахылдарды, өсімдіктерді шығару үшін
Аударма: Халифа Алтай
онымен дән және өсімдікті шығару үшін
Аударма: ҚМДБ
78:16 وَجَنَّـٰتٍ أَلۡفَافًا
Және ну бақшалар
Аударма: Халифа Алтай
және ну бақтарды да
Аударма: ҚМДБ
78:17 إِنَّ يَوۡمَ ٱلۡفَصۡلِ كَانَ مِيقَٰتٗا
Расында билік күні, белгілі болған бір мерзім
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Айыру күні - белгіленген бір мерзім
Аударма: ҚМДБ
78:18 يَوۡمَ يُنفَخُ فِي ٱلصُّورِ فَتَأۡتُونَ أَفۡوَاجٗا
ұрілген күні, топ-топ келесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні сүр үрленеді де сендер топ-топ болып келесіңдер
Аударма: ҚМДБ
78:19 وَفُتِحَتِ ٱلسَّمَآءُ فَكَانَتۡ أَبۡوَٰبٗا
Көктер сетінеп есіктер пайда болады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі аспан ашылып, қақпаларға айналады
Аударма: ҚМДБ
78:20 وَسُيِّرَتِ ٱلۡجِبَالُ فَكَانَتۡ سَرَابًا
Таулар жүргізіліп, сағым болады
Аударма: Халифа Алтай
ал таулар жүргізіліп, сағымға айналады
Аударма: ҚМДБ
78:21 إِنَّ جَهَنَّمَ كَانَتۡ مِرۡصَادٗا
Әлбетте тозақ күтіп тұрады
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Жаһаннам - аңдып, күтіп тұрушы
Аударма: ҚМДБ
78:22 لِّلطَّـٰغِينَ مَـَٔابٗا
Азғындардың барар жері
Аударма: Халифа Алтай
шектен шығушылар үшін қайтар орын
Аударма: ҚМДБ
78:23 لَّـٰبِثِينَ فِيهَآ أَحۡقَابٗا
Олар онда ғасырларша тұрады
Аударма: Халифа Алтай
Олар онда ғасырлар бойы қалады
Аударма: ҚМДБ
78:24 لَّا يَذُوقُونَ فِيهَا بَرۡدٗا وَلَا شَرَابًا
Олар онда салқындамайды да сусын татпайды
Аударма: Халифа Алтай
Ол жерде олар салқындықты да, су сын да татпайды
Аударма: ҚМДБ
78:25 إِلَّا حَمِيمٗا وَغَسَّاقٗا
Бірақ қайнап тұрған су және ірің ішеді
Аударма: Халифа Алтай
тек қайнап тұрған су мен іріңнен басқа
Аударма: ҚМДБ
78:26 جَزَآءٗ وِفَاقًا
Қылмыстарына сай бір жаза
Аударма: Халифа Алтай
істеріне лайықты қайтарым ретінде
Аударма: ҚМДБ
78:27 إِنَّهُمۡ كَانُواْ لَا يَرۡجُونَ حِسَابٗا
Өйткені олар, есепке тартылуды ойламаған еді
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, олар, есепке тартылуды «үміт» етпеген / қорықпаған / еді
Аударма: ҚМДБ
78:28 وَكَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا كِذَّابٗا
Аяттарымызды мүлде жасынға шығарған еді
Аударма: Халифа Алтай
әрі аяттарымызды мүлде өтірікке шығарған еді
Аударма: ҚМДБ
78:29 وَكُلَّ شَيۡءٍ أَحۡصَيۡنَٰهُ كِتَٰبٗا
Әр нәрсені жазып, сақтадық
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Біз барлық нәрсені жазып, есептеп қойдық
Аударма: ҚМДБ
78:30 فَذُوقُواْ فَلَن نَّزِيدَكُمۡ إِلَّا عَذَابًا
Енді татыңдар; ал енді сендерге азаптан басқа еш нәрсе таттырмаймыз" (делінеді)
Аударма: Халифа Алтай
Енді, татыңдар. Сендерге азаптан басқа ешнәрсені арттырмаймыз
Аударма: ҚМДБ
78:31 إِنَّ لِلۡمُتَّقِينَ مَفَازًا
Негізінде тақуалар үшін құтылу бар
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін - игілік мекені
Аударма: ҚМДБ
78:32 حَدَآئِقَ وَأَعۡنَٰبٗا
Бақшалар, жүзімдер бар
Аударма: Халифа Алтай
бақтар мен жүзімдіктер
Аударма: ҚМДБ
78:33 وَكَوَاعِبَ أَتۡرَابٗا
Жас өспірім құрдас қыздар бар. (С. 52-А., 56-С. 37-А)
Аударма: Халифа Алтай
әрі құрбылас, толық омыраулы қыздар
Аударма: ҚМДБ
78:34 وَكَأۡسٗا دِهَاقٗا
Толып, тасыған кәсе бар
Аударма: Халифа Алтай
және толы кеселер
Аударма: ҚМДБ
78:35 لَّا يَسۡمَعُونَ فِيهَا لَغۡوٗا وَلَا كِذَّـٰبٗا
Олар онда бос сөз және өтірік естімейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар онда / Жәннатта / бос сөзді де, өтірікті де естімейді
Аударма: ҚМДБ
78:36 جَزَآءٗ مِّن رَّبِّكَ عَطَآءً حِسَابٗا
Раббыңнан толық бір сыйлық
Аударма: Халифа Алтай
Бұл - Раббыңнан қайтарым ретінде берілген толық сый
Аударма: ҚМДБ
78:37 رَّبِّ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَا ٱلرَّحۡمَٰنِۖ لَا يَمۡلِكُونَ مِنۡهُ خِطَابٗا
Көктер мен жердің әрі арасындағылардың Раббы; аса есіркеуші, Оған ешкім тіл қата алмайды
Аударма: Халифа Алтай
аспандардың және жердің әрі олардың арасындағыларының Раббысы - ар-Рахманнан. Одан / рұқсатсыз / тіл қатуға ие болмайды
Аударма: ҚМДБ
78:38 يَوۡمَ يَقُومُ ٱلرُّوحُ وَٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ صَفّٗاۖ لَّا يَتَكَلَّمُونَ إِلَّا مَنۡ أَذِنَ لَهُ ٱلرَّحۡمَٰنُ وَقَالَ صَوَابٗا
Ол күні Жебрейіл (Ғ.С.) және періштелер, тізіліп тұрады. Алланың рұхсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні Рух / Жәбірейіл / және періштелер тізіліп тұрады. Ар-Рахманның рұхсат еткенінен басқа ешкім сөйлемейді. Әрі / рұқсат берілгенде / дұрысты ғана сөйлейді
Аударма: ҚМДБ
78:39 ذَٰلِكَ ٱلۡيَوۡمُ ٱلۡحَقُّۖ فَمَن شَآءَ ٱتَّخَذَ إِلَىٰ رَبِّهِۦ مَـَٔابًا
Сол күн хақ. Ендеше кім қаласа, Раббына барар жол тұтсын
Аударма: Халифа Алтай
Сол күн - ақиқат. Кім қаласа, Раббысына қайтатын жолды ұстанады
Аударма: ҚМДБ
78:40 إِنَّآ أَنذَرۡنَٰكُمۡ عَذَابٗا قَرِيبٗا يَوۡمَ يَنظُرُ ٱلۡمَرۡءُ مَا قَدَّمَتۡ يَدَاهُ وَيَقُولُ ٱلۡكَافِرُ يَٰلَيۡتَنِي كُنتُ تُرَٰبَۢا
Негізінде жақын бір азапты ескерттік. Ол күні алдын ала не істегеніне қарайды. Кәпір: "Әттең! Топырақ болып кеткен болсам" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Біз сендерді жақын бір азаптан сақтандырып, ескерттік. Ол күні адам екі қолы алдын-ала дайындағанына қарайды. Сонда кәпір: «Әттең! Топырақ болып кетсем еді», - дейді
Аударма: ҚМДБ
Ан-Наба сүресі туралы Ан-Наба (النبإ) — Құранның 78-сүресі, 40 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 582-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада .
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу