79:1وَٱلنَّـٰزِعَٰتِ غَرۡقٗا
Сүңгіп шығарушы
Аударма: Халифа Алтай
Қатты тартып, суырып алушылармен
Аударма: ҚМДБ
79:2وَٱلنَّـٰشِطَٰتِ نَشۡطٗا
Баяу тартушы
Аударма: Халифа Алтай
жеңіл етіп шығарып алушылармен
Аударма: ҚМДБ
79:3وَٱلسَّـٰبِحَٰتِ سَبۡحٗا
Малтап кетуші
Аударма: Халифа Алтай
және жылдам жүзушілермен
Аударма: ҚМДБ
79:4فَٱلسَّـٰبِقَٰتِ سَبۡقٗا
Жарысып озушы
Аударма: Халифа Алтай
солай, екпінді озушылармен
Аударма: ҚМДБ
79:5فَٱلۡمُدَبِّرَٰتِ أَمۡرٗا
Сондай-ақ істі меңгеруші періштелерге серт
Аударма: Халифа Алтай
бұйрықты орындаушылармен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
79:6يَوۡمَ تَرۡجُفُ ٱلرَّاجِفَةُ
Ол күні қатты сілкініс болады
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні сілкінуші сілкінеді
Аударма: ҚМДБ
79:7تَتۡبَعُهَا ٱلرَّادِفَةُ
Оның артынан тағы бір сілкінеді
Аударма: Халифа Алтай
оған артынан келесісі жалғасады
Аударма: ҚМДБ
79:8قُلُوبٞ يَوۡمَئِذٖ وَاجِفَةٌ
Ол күні жүректер тітірейді
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні жүректер тітірейді
Аударма: ҚМДБ
79:9أَبۡصَٰرُهَا خَٰشِعَةٞ
Көздері төмен қарайды
Аударма: Халифа Алтай
көздер қорлана бағынып, төмен қарайды
Аударма: ҚМДБ
79:10يَقُولُونَ أَءِنَّا لَمَرۡدُودُونَ فِي ٱلۡحَافِرَةِ
(Олар): "Шын, қайта тірілеміз бе?",- дейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар / сенбеушілер / : «Біз артқа қайтарыламыз ба
Аударма: ҚМДБ
79:11أَءِذَا كُنَّا عِظَٰمٗا نَّخِرَةٗ
Қоқым, сүйек болған сәтте де
Аударма: Халифа Алтай
Егер біз үгітілген сүйекке айналсақ та ма?» - дейді
Аударма: ҚМДБ
79:12قَالُواْ تِلۡكَ إِذٗا كَرَّةٌ خَاسِرَةٞ
(Олар): "Ендеше ол қайғылы бір қайту екен" дейді
Аударма: Халифа Алтай
Олар: «Ендеше, ол тиімсіз бір қайту екен», - дейді
Аударма: ҚМДБ
79:13فَإِنَّمَا هِيَ زَجۡرَةٞ وَٰحِدَةٞ
Негізінен ол, бір айғай ғана
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, ол - бар болғаны бір ғана қатты дауыс
Аударма: ҚМДБ
79:14فَإِذَا هُم بِٱلسَّاهِرَةِ
Дереу сол уақытта олар майданда
Аударма: Халифа Алтай
Сонда олар жер бетінде / тіріліп / тұрады
Аударма: ҚМДБ
79:15هَلۡ أَتَىٰكَ حَدِيثُ مُوسَىٰٓ
Саған Мұсаның хабары келді ме
Аударма: Халифа Алтай
Саған Мұсаның хабары келді ме
Аударма: ҚМДБ
79:16إِذۡ نَادَىٰهُ رَبُّهُۥ بِٱلۡوَادِ ٱلۡمُقَدَّسِ طُوًى
Сол уақытта, Раббы, оған қасиетгі "Тұуа" ойпатында дабыстады
Аударма: Халифа Алтай
Кезінде қасиетті Тууа алқабында оған Раббысы үндеді
Аударма: ҚМДБ
79:17ٱذۡهَبۡ إِلَىٰ فِرۡعَوۡنَ إِنَّهُۥ طَغَىٰ
Перғауынға бар. Өйткені ол, азды
Аударма: Халифа Алтай
«Фиръаунға бар, өйткені ол шектен шықты
Аударма: ҚМДБ
79:18فَقُلۡ هَل لَّكَ إِلَىٰٓ أَن تَزَكَّىٰ
Сонда оган: "Тазарғың келе ме?",- де
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оған айт: «Сен тазаруды қалайсың ба
Аударма: ҚМДБ
79:19وَأَهۡدِيَكَ إِلَىٰ رَبِّكَ فَتَخۡشَىٰ
Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін. Одан қорқарсың
Аударма: Халифа Алтай
Саған Раббыңа / апаратын / жолды көрсетейін. Сонда сен / Оның жазасынан / қорқатын боласың», - / деп
Аударма: ҚМДБ
79:20فَأَرَىٰهُ ٱلۡأٓيَةَ ٱلۡكُبۡرَىٰ
Мұса, Перғауынға ірі мұғжизаны көрсетті
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп оған үлкен бір белгі-мұғжизаны көрсетті
Аударма: ҚМДБ
79:21فَكَذَّبَ وَعَصَىٰ
Сонда ол, жасынға шығарып, қарсы шықты
Аударма: Халифа Алтай
бірақ / Фиръаун / оны өтірікке шығарды және қарсы шықты
Аударма: ҚМДБ
79:22ثُمَّ أَدۡبَرَ يَسۡعَىٰ
Кейін теріс айналып, жүгірді
Аударма: Халифа Алтай
Содан кейін ол теріс айналып, әрекетке кірісті
Аударма: ҚМДБ
79:23فَحَشَرَ فَنَادَىٰ
Адамдарды жинап, айғай салып
Аударма: Халифа Алтай
Әрі / халқын / жинап, жар салды
Аударма: ҚМДБ
79:24فَقَالَ أَنَا۠ رَبُّكُمُ ٱلۡأَعۡلَىٰ
Мен сендердің ең ұлы раббыларың" деді
Аударма: Халифа Алтай
«Мен сендердің ең жоғарғы иелеріңмін», - деп
Аударма: ҚМДБ
79:25فَأَخَذَهُ ٱللَّهُ نَكَالَ ٱلۡأٓخِرَةِ وَٱلۡأُولَىٰٓ
Сондықтан Алла, оны ахирет, дүние азабымен қолға алды
Аударма: Халифа Алтай
Сондықтан Аллаһ, оны соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / және осы өмір азабымен жазалады
Аударма: ҚМДБ
79:26إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَعِبۡرَةٗ لِّمَن يَخۡشَىٰٓ
Расында бұнда қорыққан кісі үшін әлбетте бір ғибрат бар
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, мұнда қорқатындар үшін бір ғибрат бар
Аударма: ҚМДБ
79:27ءَأَنتُمۡ أَشَدُّ خَلۡقًا أَمِ ٱلسَّمَآءُۚ بَنَىٰهَا
Сендерді жарату қиын ба? Немесе аспанды? Алла, оны да жасады
Аударма: Халифа Алтай
Жаратуда / сендерді жарату қиын ба, әлде аспанды ма? Ол оны құрды
Аударма: ҚМДБ
79:28رَفَعَ سَمۡكَهَا فَسَوَّىٰهَا
Оның биіктігін көтеріп, оны теңгерді
Аударма: Халифа Алтай
оның төбесін көтеріп, оны теңестірді
Аударма: ҚМДБ
79:29وَأَغۡطَشَ لَيۡلَهَا وَأَخۡرَجَ ضُحَىٰهَا
Оның түнін қараңғылатып, күндізін жарыққа шығарды
Аударма: Халифа Алтай
және оның түнін қараңғы етіп, / күндіз / жарығын шығарды
Аударма: ҚМДБ
79:30وَٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ ذَٰلِكَ دَحَىٰهَآ
Сосын жерді төседі
Аударма: Халифа Алтай
Әрі одан кейін жерді жайды
Аударма: ҚМДБ
79:31أَخۡرَجَ مِنۡهَا مَآءَهَا وَمَرۡعَىٰهَا
Одан су және жайылыс майданға келтірді
Аударма: Халифа Алтай
Одан / жерден / оның суы мен жайылымдарын шығарды
Аударма: ҚМДБ
79:32وَٱلۡجِبَالَ أَرۡسَىٰهَا
Оған таулар орналастырды
Аударма: Халифа Алтай
және тауларды бекітіп орнықтырды
Аударма: ҚМДБ
79:33مَتَٰعٗا لَّكُمۡ وَلِأَنۡعَٰمِكُمۡ
Сендер және малдарың пайдалану үшін
Аударма: Халифа Алтай
сендердің пайдалануларың әрі малдарың үшін
Аударма: ҚМДБ
79:34فَإِذَا جَآءَتِ ٱلطَّآمَّةُ ٱلۡكُبۡرَىٰ
Бірақ ол ірі уақиға (қиямет) келген сәтте
Аударма: Халифа Алтай
Ал, өте үлкен бір қасірет келген кезде
Аударма: ҚМДБ
79:35يَوۡمَ يَتَذَكَّرُ ٱلۡإِنسَٰنُ مَا سَعَىٰ
Ол күні адамзат не нәрсеге тырысқанын есіне алады
Аударма: Халифа Алтай
сол күні адам не нәрсеге талпынғанын есіне алады
Аударма: ҚМДБ
79:36وَبُرِّزَتِ ٱلۡجَحِيمُ لِمَن يَرَىٰ
Тозақ, көретіндерге көрсетіледі
Аударма: Халифа Алтай
және көрушілерге Жахим анық көрсетіледі
Аударма: ҚМДБ
79:37فَأَمَّا مَن طَغَىٰ
Ал енді кім шектен шыққан болса
Аударма: Халифа Алтай
Сонда кім шектен шыққан болса
Аударма: ҚМДБ
79:38وَءَاثَرَ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا
Оған дүние әсер еткен болса
Аударма: Халифа Алтай
әрі бұл өмірді артық көрген болса
Аударма: ҚМДБ
79:39فَإِنَّ ٱلۡجَحِيمَ هِيَ ٱلۡمَأۡوَىٰ
Сонда рас оның орны тозақ
Аударма: Халифа Алтай
онда күмәнсіз, оның баратын орны - Жахим (Тозақ)
Аударма: ҚМДБ
79:40وَأَمَّا مَنۡ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِۦ وَنَهَى ٱلنَّفۡسَ عَنِ ٱلۡهَوَىٰ
Ал енді кім, Раббыны; алдына түрудан қорқып, нәпсісі соққан нәрседен тежеген болса
Аударма: Халифа Алтай
Ал, кім Раббысының алдына тұрудан қорқып, өзін құмарлықтан қайтарса
Аударма: ҚМДБ
79:41فَإِنَّ ٱلۡجَنَّةَ هِيَ ٱلۡمَأۡوَىٰ
Негізінде оның барар жері ұжмақ
Аударма: Халифа Алтай
онда күмәнсіз, оның баратын орны - жәннат
Аударма: ҚМДБ
79:42يَسۡـَٔلُونَكَ عَنِ ٱلسَّاعَةِ أَيَّانَ مُرۡسَىٰهَا
(Мұхаммед Ғ.С.) олар саған "Қиямет қашан болады?",- деп сұрақ қояды
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Олар сенен Сағат / Қиямет / туралы: «Ол қашан болады?», - деп сұрайды
Аударма: ҚМДБ
79:43فِيمَ أَنتَ مِن ذِكۡرَىٰهَآ
Ол жөнде түсіні беру сенің ісің бе
Аударма: Халифа Алтай
Ол туралы сен не айта аласың
Аударма: ҚМДБ
79:44إِلَىٰ رَبِّكَ مُنتَهَىٰهَآ
Оны қортындысы, Раббыңа байланысты
Аударма: Халифа Алтай
Оның / ол жайлы толық мағлұматтың / шегі Раббыңда
Аударма: ҚМДБ
79:45إِنَّمَآ أَنتَ مُنذِرُ مَن يَخۡشَىٰهَا
Негізінен сен қияметте қорыққан кісілерге бір ескертуші ғанасың
Аударма: Халифа Алтай
сен тек одан / Есеп күнінен / қорыққандарды ғана ескерте аласың
Аударма: ҚМДБ
79:46كَأَنَّهُمۡ يَوۡمَ يَرَوۡنَهَا لَمۡ يَلۡبَثُوٓاْ إِلَّا عَشِيَّةً أَوۡ ضُحَىٰهَا
Олар қияметті көрге күні, дүниеде бір кеш немесе бір сәске тұрғандай ойлайды
Аударма: Халифа Алтай
Олар оны / қияметті / көрген күні, / дүниеде / бір кеш немесе бір сәске уақыты тұрғандай болады
Аударма: ҚМДБ
Ан-Назиат сүресі туралы
Ан-Назиат (النازعات) — Құранның 79-сүресі, 46 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 583-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу