Абаса
عبس · 42 аят · меккелік
80:1عَبَسَ وَتَوَلَّىٰٓ
Қабақ шытып,бет бұрды
Аударма: Халифа Алтай
Ол қабағы түсіп, бұрылды
Аударма: ҚМДБ
80:2أَن جَآءَهُ ٱلۡأَعۡمَىٰ
Оған соқырдың келуімен
Аударма: Халифа Алтай
оған соқыр кісінің келгендігінен
Аударма: ҚМДБ
80:3وَمَا يُدۡرِيكَ لَعَلَّهُۥ يَزَّكَّىٰٓ
Қайдан білесің,мүмкін ол тазарар
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сен қайдан білесің, мүмкін ол тазаратын шығар
Аударма: ҚМДБ
80:4أَوۡ يَذَّكَّرُ فَتَنفَعَهُ ٱلذِّكۡرَىٰٓ
Не үгіт алар,оған үгіт пайда берер
Аударма: Халифа Алтай
Немесе еске алар, сөйтіп еске салу оған пайда берер
Аударма: ҚМДБ
80:5أَمَّا مَنِ ٱسۡتَغۡنَىٰ
Ал енді байсынған;(Құрайш бастықтары) келсе
Аударма: Халифа Алтай
Ал, қажетсінбейтін біреу болса
Аударма: ҚМДБ
80:6فَأَنتَ لَهُۥ تَصَدَّىٰ
Оған көңіл бөлесің
Аударма: Халифа Алтай
сен оған көңіл бөлесің
Аударма: ҚМДБ
80:7وَمَا عَلَيۡكَ أَلَّا يَزَّكَّىٰ
Ол тазармаса саған не
Аударма: Халифа Алтай
Ал, оның тазармауында тұрған саған еш нәрсе жоқ
Аударма: ҚМДБ
80:8وَأَمَّا مَن جَآءَكَ يَسۡعَىٰ
Ал енді саған жұгіріп келген біреу
Аударма: Халифа Алтай
Ал біреу саған ынталанып келсе
Аударма: ҚМДБ
80:9وَهُوَ يَخۡشَىٰ
Ол,(Алладан) қорқады
Аударма: Халифа Алтай
әрі / Раббысынан / қорыққан халде
Аударма: ҚМДБ
80:10فَأَنتَ عَنۡهُ تَلَهَّىٰ
Сонда да оған селқос қарайсың
Аударма: Халифа Алтай
сен одан / басқаға / көңіл аударасың
Аударма: ҚМДБ
80:11كَلَّآ إِنَّهَا تَذۡكِرَةٞ
Жоқ,олай емес.Әлбетте Құран бір насихат
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, олай емес! Анығында, бұл - бір еске салу
Аударма: ҚМДБ
80:12فَمَن شَآءَ ذَكَرَهُۥ
Сондықтан кім қаласа,үгіт алады
Аударма: Халифа Алтай
Кім қаласа, оны есіне алады
Аударма: ҚМДБ
80:13فِي صُحُفٖ مُّكَرَّمَةٖ
Құрметті нұсқаларда жазулы
Аударма: Халифа Алтай
құрметті жазбаларда / сухуфтарда
Аударма: ҚМДБ
80:14مَّرۡفُوعَةٖ مُّطَهَّرَةِۭ
Жоғары бағаланған тап-таза
Аударма: Халифа Алтай
жоғары бағаланған тап-таза
Аударма: ҚМДБ
80:15بِأَيۡدِي سَفَرَةٖ
Елшілердің қолында
Аударма: Халифа Алтай
елшілердің / періштелердің / қолында
Аударма: ҚМДБ
80:16كِرَامِۭ بَرَرَةٖ
Ардақта,игі.(Періштелер;Лаухы Махфуздан көшірген.Б.Ж.Х)
Аударма: Халифа Алтай
қадірлі, игі
Аударма: ҚМДБ
80:17قُتِلَ ٱلۡإِنسَٰنُ مَآ أَكۡفَرَهُۥ
(Жаны шықсын) Оған,адам баласы қалай қарсы
Аударма: Халифа Алтай
Сенбеген / адамның жаны шықсын! Күпірлік етуде / игіліктерді мойындамауда / ол қандай қатты
Аударма: ҚМДБ
80:18مِنۡ أَيِّ شَيۡءٍ خَلَقَهُۥ
Алла адамды не нәрседен жаратты
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / оны не нәрседен жаратты
Аударма: ҚМДБ
80:19مِن نُّطۡفَةٍ خَلَقَهُۥ فَقَدَّرَهُۥ
Бір тамшыдан жаратып,оны бейнеледі
Аударма: Халифа Алтай
Бір тамшыдан жаратты, әрі белгіледі
Аударма: ҚМДБ
80:20ثُمَّ ٱلسَّبِيلَ يَسَّرَهُۥ
Сосын оның жолын оңайластырды
Аударма: Халифа Алтай
Содан соң оған жолды оңайластырды
Аударма: ҚМДБ
80:21ثُمَّ أَمَاتَهُۥ فَأَقۡبَرَهُۥ
Кейін оған өлім біріп,оны қабырға қойдырды
Аударма: Халифа Алтай
Одан кейін оның жанын алып, / мүрдесін / қабірге қойдырды
Аударма: ҚМДБ
80:22ثُمَّ إِذَا شَآءَ أَنشَرَهُۥ
Қалаған сәтте,оны тірілтеді
Аударма: Халифа Алтай
Кейін оны Өзі қалаған кезде қайта тірілтеді
Аударма: ҚМДБ
80:23كَلَّا لَمَّا يَقۡضِ مَآ أَمَرَهُۥ
Жоқ,ол Алланың әмірін орындамады
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ! Ол болса, Оның бұйрығын орындамады
Аударма: ҚМДБ
80:24فَلۡيَنظُرِ ٱلۡإِنسَٰنُ إِلَىٰ طَعَامِهِۦٓ
Ал енді адамзат,жеген тамағына бір көз салсын
Аударма: Халифа Алтай
Ал, енді адам өзінің тамағына, бір көз салып қарасын
Аударма: ҚМДБ
80:25أَنَّا صَبَبۡنَا ٱلۡمَآءَ صَبّٗا
Әрине мол су бердік
Аударма: Халифа Алтай
Біз суды мол етіп құйдық / жаудырдық
Аударма: ҚМДБ
80:26ثُمَّ شَقَقۡنَا ٱلۡأَرۡضَ شَقّٗا
Сосын қара жерді қақ айырдық
Аударма: Халифа Алтай
содан кейін жерді тілімдеп айырдық
Аударма: ҚМДБ
80:27فَأَنۢبَتۡنَا فِيهَا حَبّٗا
Сонда жерде дәнді дақылдар өсірдік
Аударма: Халифа Алтай
Сөйтіп одан дәнді / дақылдар / өсірдік
Аударма: ҚМДБ
80:28وَعِنَبٗا وَقَضۡبٗا
Жүзімдер,жоңышқалар
Аударма: Халифа Алтай
әрі жүзім мен жоңышқаны
Аударма: ҚМДБ
80:29وَزَيۡتُونٗا وَنَخۡلٗا
Зәйтіндер,құрмалар
Аударма: Халифа Алтай
және зәйтүн мен құрманы
Аударма: ҚМДБ
80:30وَحَدَآئِقَ غُلۡبٗا
Ну бақшалар
Аударма: Халифа Алтай
және қалың бау-бақтарды
Аударма: ҚМДБ
80:31وَفَٰكِهَةٗ وَأَبّٗا
Жемістер,өлеңдер
Аударма: Халифа Алтай
сондай-ақ, жемістер мен шөптерді
Аударма: ҚМДБ
80:32مَّتَٰعٗا لَّكُمۡ وَلِأَنۡعَٰمِكُمۡ
Сендер әрі малдарың пайдалану үшін
Аударма: Халифа Алтай
сендердің пайдалануларыңа әрі малдарың үшін
Аударма: ҚМДБ
80:33فَإِذَا جَآءَتِ ٱلصَّآخَّةُ
Ал енді қатты дауыс келген сәтте
Аударма: Халифа Алтай
Ал енді Сохха келген кезде
Аударма: ҚМДБ
80:34يَوۡمَ يَفِرُّ ٱلۡمَرۡءُ مِنۡ أَخِيهِ
Сол күні,кісі туысынан қашады
Аударма: Халифа Алтай
сол күні адам, туған бауырынан қашады
Аударма: ҚМДБ
80:35وَأُمِّهِۦ وَأَبِيهِ
Шешесінен,әкесінен
Аударма: Халифа Алтай
және анасы мен әкесінен
Аударма: ҚМДБ
80:36وَصَٰحِبَتِهِۦ وَبَنِيهِ
Әйелінен және балаларынан
Аударма: Халифа Алтай
әрі әйелі мен балаларынан
Аударма: ҚМДБ
80:37لِكُلِّ ٱمۡرِيٕٖ مِّنۡهُمۡ يَوۡمَئِذٖ شَأۡنٞ يُغۡنِيهِ
Ол күні әркімнің ісі ауыр.(Әркім өз халымен әлек)
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні әрбір адамды әлек ететін оз ісі бар
Аударма: ҚМДБ
80:38وُجُوهٞ يَوۡمَئِذٖ مُّسۡفِرَةٞ
Ол күні кейбір жүздер,жарқырайды
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні / кейбір / жүздер жарқын
Аударма: ҚМДБ
80:39ضَاحِكَةٞ مُّسۡتَبۡشِرَةٞ
Күлген қуанышты
Аударма: Халифа Алтай
күлімсіреген, қуанышты
Аударма: ҚМДБ
80:40وَوُجُوهٞ يَوۡمَئِذٍ عَلَيۡهَا غَبَرَةٞ
Ол күні кейбір жүздің үстін шаң басқан болады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол күні / кейбір / жүздерді шаң басып
Аударма: ҚМДБ
80:41تَرۡهَقُهَا قَتَرَةٌ
Оны қара түнек қаптаған болады
Аударма: Халифа Алтай
олар қарайған болады
Аударма: ҚМДБ
80:42أُوْلَـٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡكَفَرَةُ ٱلۡفَجَرَةُ
Міне солар,қарсы келген бұзақылар
Аударма: Халифа Алтай
Міне, солар - кәпірлер, бұзықтар
Аударма: ҚМДБ
Абаса сүресі туралы
Абаса (عبس) — Құранның 80-сүресі, 42 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 585-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу