81:1إِذَا ٱلشَّمۡسُ كُوِّرَتۡ
Күн бүктелген сәтте
Аударма: Халифа Алтай
Күн оратылып бүктелген кезде
Аударма: ҚМДБ
81:2وَإِذَا ٱلنُّجُومُ ٱنكَدَرَتۡ
Жұлдыздар солып шашылған сәтте
Аударма: Халифа Алтай
әрі жұлдыздар төгілген кезде
Аударма: ҚМДБ
81:3وَإِذَا ٱلۡجِبَالُ سُيِّرَتۡ
Таулар жүркізілген сәтте
Аударма: Халифа Алтай
және таулар / орнынан / қозғалтылған кезде
Аударма: ҚМДБ
81:4وَإِذَا ٱلۡعِشَارُ عُطِّلَتۡ
Қаймал іңгендер ,иен жіберілген сәтте, (Сол күннің зардабынан бошалған түйе де естен шығады)
Аударма: Халифа Алтай
және он айлық буаз түйелер қараусыз қалған кезде
Аударма: ҚМДБ
81:5وَإِذَا ٱلۡوُحُوشُ حُشِرَتۡ
Жан-жануарлар жиналған сәтте
Аударма: Халифа Алтай
әрі аңдар жиылған кезде
Аударма: ҚМДБ
81:6وَإِذَا ٱلۡبِحَارُ سُجِّرَتۡ
Теңіздер қайнатылған сәтте
Аударма: Халифа Алтай
және теңіздер отқа айналған кезде
Аударма: ҚМДБ
81:7وَإِذَا ٱلنُّفُوسُ زُوِّجَتۡ
Жан тәнмен бірлестірілген сәтте
Аударма: Халифа Алтай
және жандар топтастырылған кезде
Аударма: ҚМДБ
81:8وَإِذَا ٱلۡمَوۡءُۥدَةُ سُئِلَتۡ
Тірі көмілген қыздар сұралған сәтте
Аударма: Халифа Алтай
әрі тірідей көмілген қыз сұралған кезде
Аударма: ҚМДБ
81:9بِأَيِّ ذَنۢبٖ قُتِلَتۡ
Қай күнәмен өлтірілді
Аударма: Халифа Алтай
«Қай күнәсі үшін өлтірілді?» - / деп
Аударма: ҚМДБ
81:10وَإِذَا ٱلصُّحُفُ نُشِرَتۡ
Даптердер ашылған сәтте
Аударма: Халифа Алтай
Аман / жазбалары таратылған кезде
Аударма: ҚМДБ
81:11وَإِذَا ٱلسَّمَآءُ كُشِطَتۡ
Аспан ашылған сәтте
Аударма: Халифа Алтай
және аспан сыдырылып алынған кезде
Аударма: ҚМДБ
81:12وَإِذَا ٱلۡجَحِيمُ سُعِّرَتۡ
Тозақ қыздырыдған сәтте
Аударма: Халифа Алтай
және Жахим (Тозақ) жандырылған кезде
Аударма: ҚМДБ
81:13وَإِذَا ٱلۡجَنَّةُ أُزۡلِفَتۡ
Ұжмақ жақындатылған сәтте
Аударма: Халифа Алтай
әрі Жәннат жақындатылған кезде
Аударма: ҚМДБ
81:14عَلِمَتۡ نَفۡسٞ مَّآ أَحۡضَرَتۡ
Әркім не әзірлегенін біледі
Аударма: Халифа Алтай
әрбір жан нені дайындап, алып келгенін біледі
Аударма: ҚМДБ
81:15فَلَآ أُقۡسِمُ بِٱلۡخُنَّسِ
Жоқ,солғындаған жұлдыздарға серт
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ! Қайтушылармен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
81:16ٱلۡجَوَارِ ٱلۡكُنَّسِ
Жүріп барып батқан жұлдыздарға ант
Аударма: Халифа Алтай
қозғалушы, жасырынушы
Аударма: ҚМДБ
81:17وَٱلَّيۡلِ إِذَا عَسۡعَسَ
Қараңғылана бастаған түнге серт
Аударма: Халифа Алтай
әрі қараңғылығы түсе бастаған түнмен
Аударма: ҚМДБ
81:18وَٱلصُّبۡحِ إِذَا تَنَفَّسَ
Ағара бастаған таңға серт
Аударма: Халифа Алтай
және тыныс алып, ағарабастаған таңмен
Аударма: ҚМДБ
81:19إِنَّهُۥ لَقَوۡلُ رَسُولٖ كَرِيمٖ
(Осы нәрселерде ашық дәлелдер бар.) Негізінен Құран әрине бір ардақта Елшінің сөзі. (С.40-А)
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, бұл - ардақты Елшінің сөзі
Аударма: ҚМДБ
81:20ذِي قُوَّةٍ عِندَ ذِي ٱلۡعَرۡشِ مَكِينٖ
Ол күшті Елші,ғаршының иесінің қасында беделді
Аударма: Халифа Алтай
күшті және Аршы Иесінің алдында мәртебелі
Аударма: ҚМДБ
81:21مُّطَاعٖ ثَمَّ أَمِينٖ
Ықпалды,онда сенімді. (Жебрейіл Ғ.С)
Аударма: Халифа Алтай
оған ол жақта / періштелер / бағынатын, сенімді
Аударма: ҚМДБ
81:22وَمَا صَاحِبُكُم بِمَجۡنُونٖ
Жолдастарың (Мұхаммед Ғ.С) жынды емес
Аударма: Халифа Алтай
Сендердің жолдастарың жынды емес
Аударма: ҚМДБ
81:23وَلَقَدۡ رَءَاهُ بِٱلۡأُفُقِ ٱلۡمُبِينِ
Расында ол,оны ашық көк жиекте көрді.(Мұхаммде Ғ.С Жебрейіл Ғ.Сды шығыс көк жиекте көрген.Б.Ж.М)
Аударма: Халифа Алтай
Ол, оны анық көкжиекте көрді
Аударма: ҚМДБ
81:24وَمَا هُوَ عَلَى ٱلۡغَيۡبِ بِضَنِينٖ
Мұхаммед (Ғ.С.) ғайыптан келген уахи туралы кемшілік істемеді. (Б.Ж.М)
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол ғайыпты / уахиды / жеткізуде сараңдық / кемітушілік / істемеді
Аударма: ҚМДБ
81:25وَمَا هُوَ بِقَوۡلِ شَيۡطَٰنٖ رَّجِيمٖ
Құран,қуылған шайтанның сөзі емес
Аударма: Халифа Алтай
және бұл - қуылған шайтанның сөзі емес
Аударма: ҚМДБ
81:26فَأَيۡنَ تَذۡهَبُونَ
Ендеше,Қайда кетіп бара жатырсыңдар
Аударма: Халифа Алтай
Сонда, қайда барасыңдар
Аударма: ҚМДБ
81:27إِنۡ هُوَ إِلَّا ذِكۡرٞ لِّلۡعَٰلَمِينَ
Құран,бүкіл әлемге нәсихаттан басқа еш нәрсе емес
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Құран / - әлемдер үшін еске салу ғана
Аударма: ҚМДБ
81:28لِمَن شَآءَ مِنكُمۡ أَن يَسۡتَقِيمَ
Әрине сендерден тура жолды қалаған кісілер үшін
Аударма: Халифа Алтай
сендерден туралықты ұстануды қалағандар үшін
Аударма: ҚМДБ
81:29وَمَا تَشَآءُونَ إِلَّآ أَن يَشَآءَ ٱللَّهُ رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Әлемдердің Раббы Алла,қаламайынша тілеулерің жүрмейді
Аударма: Халифа Алтай
Әлемдердің Раббысы Аллаһ қаламайынша, сендер қалай алмайсыңдар
Аударма: ҚМДБ
Ат-Таквир сүресі туралы
Ат-Таквир (التكوير) — Құранның 81-сүресі, 29 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 586-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу