Аль-Инфитар

الإنفطار · 19 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 587-бет
← Ат-ТаквирБарлық сүрелерАль-Мутаффифин →
82:1
إِذَا ٱلسَّمَآءُ ٱنفَطَرَتۡ
Көк жарылған сәтте
Аударма: Халифа Алтай
Аспан жарылған кезде
Аударма: ҚМДБ
82:2
وَإِذَا ٱلۡكَوَاكِبُ ٱنتَثَرَتۡ
Жұлдыздар төгілген сәтте
Аударма: Халифа Алтай
әрі аспан денелері төгілген кезде
Аударма: ҚМДБ
82:3
وَإِذَا ٱلۡبِحَارُ فُجِّرَتۡ
Теңіздер тасыған сәтте
Аударма: Халифа Алтай
және теңіздер / тасып / , бір-біріне құйылған кезде
Аударма: ҚМДБ
82:4
وَإِذَا ٱلۡقُبُورُ بُعۡثِرَتۡ
Қабырлар қопарылған сәтте
Аударма: Халифа Алтай
және қабірлер аударылған кезде
Аударма: ҚМДБ
82:5
عَلِمَتۡ نَفۡسٞ مَّا قَدَّمَتۡ وَأَخَّرَتۡ
Әркім ілгері не жіберілгенін,кейін не қалдырылғанын біледі
Аударма: Халифа Алтай
сонда әрбір жан ілгері не жіберілгенін, артына не қалдырылғанын біледі
Аударма: ҚМДБ
82:6
يَـٰٓأَيُّهَا ٱلۡإِنسَٰنُ مَا غَرَّكَ بِرَبِّكَ ٱلۡكَرِيمِ
Әй адамзат! Ардақты Раббың туралы сені не алдады
Аударма: Халифа Алтай
Ей, адам баласы! Әл-Кәрим / аса Жомарт / Раббың жайлы сені не алдады
Аударма: ҚМДБ
82:7
ٱلَّذِي خَلَقَكَ فَسَوَّىٰكَ فَعَدَلَكَ
Ол сондай Алла,сені жаратты.Толықтап теңестірді
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / сені жаратты, / дене мүшелерін үйлесімді етіп / теңестірді және / тұлабойыңды / түзулеп
Аударма: ҚМДБ
82:8
فِيٓ أَيِّ صُورَةٖ مَّا شَآءَ رَكَّبَكَ
Ол,сені қалаған бейнеде құрастырды
Аударма: Халифа Алтай
Өзі қалаған бейнеде сені құрастырды
Аударма: ҚМДБ
82:9
كَلَّا بَلۡ تُكَذِّبُونَ بِٱلدِّينِ
Жоқ,олай емес,дінді өтіріксінесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, сөйтсе де сендер Есеп күнін өтірікке шығарасыңдар
Аударма: ҚМДБ
82:10
وَإِنَّ عَلَيۡكُمۡ لَحَٰفِظِينَ
Негізінен сендерге әлбетте бақылаушылар бар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, шын мәнінде, сендердің үстеріңнен күзетіп тұрушылар бар
Аударма: ҚМДБ
82:11
كِرَامٗا كَٰتِبِينَ
Ардақты жазушылар
Аударма: Халифа Алтай
құрметті жазып тұрушылар
Аударма: ҚМДБ
82:12
يَعۡلَمُونَ مَا تَفۡعَلُونَ
Олар не істегендеріңді біледі
Аударма: Халифа Алтай
Олар не істеп жатқандарыңды біледі
Аударма: ҚМДБ
82:13
إِنَّ ٱلۡأَبۡرَارَ لَفِي نَعِيمٖ
Шын мәнінде ізгілер,әлбетте нығымет ішінде болады
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, ізгілер, сөзсіз игілікте болады
Аударма: ҚМДБ
82:14
وَإِنَّ ٱلۡفُجَّارَ لَفِي جَحِيمٖ
Негізінен бұзықтар тозақта болады
Аударма: Халифа Алтай
ал бұзықтар, міндетті түрде Жахимда болады
Аударма: ҚМДБ
82:15
يَصۡلَوۡنَهَا يَوۡمَ ٱلدِّينِ
Олар қиямет күні тозаққа салынады
Аударма: Халифа Алтай
Олар оған Есеп күні кіреді
Аударма: ҚМДБ
82:16
وَمَا هُمۡ عَنۡهَا بِغَآئِبِينَ
Олар,одан ғайып бола алмайды
Аударма: Халифа Алтай
әрі олар одан жоқ болып та құтыла алмайды
Аударма: ҚМДБ
82:17
وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا يَوۡمُ ٱلدِّينِ
Қиямет күнінің не екенін қайдан білесің
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Есеп күнінің не екенін саған не білдірді
Аударма: ҚМДБ
82:18
ثُمَّ مَآ أَدۡرَىٰكَ مَا يَوۡمُ ٱلدِّينِ
Я,қиямет күннің не екенін қайдан білесің
Аударма: Халифа Алтай
Сосын тағы да, Есеп күнінің не екенін саған не білдірді
Аударма: ҚМДБ
82:19
يَوۡمَ لَا تَمۡلِكُ نَفۡسٞ لِّنَفۡسٖ شَيۡـٔٗاۖ وَٱلۡأَمۡرُ يَوۡمَئِذٖ لِّلَّهِ
Ол күні,Біреуге біреу қараяласуға еш нәрсе қолдан келмейді. Ол күні,әміп Аллаға тән. (С.88-А)
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні жан / өзге / жан үшін еш нәрсе істей алмайды. Әрі ол күні әмір беру - Аллаһқа ғана тән
Аударма: ҚМДБ
← Ат-ТаквирБарлық сүрелерАль-Мутаффифин →

Аль-Инфитар сүресі туралы

Аль-Инфитар (الإنفطار) — Құранның 82-сүресі, 19 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 587-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу