Аль-Мутаффифин

المطففين · 36 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 587-бет
← Аль-ИнфитарБарлық сүрелерАль-Иншикак →
83:1
وَيۡلٞ لِّلۡمُطَفِّفِينَ
Өлшеу,тартуда кеміткендерге нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Өлшеу-тартуда кемітушілерге қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
83:2
ٱلَّذِينَ إِذَا ٱكۡتَالُواْ عَلَى ٱلنَّاسِ يَسۡتَوۡفُونَ
Олар қашан өлшеп алса,толық өлшеп алады да
Аударма: Халифа Алтай
Солар, қашан адамдардан өлшетіп алса, толық өлшеп алатындар
Аударма: ҚМДБ
83:3
وَإِذَا كَالُوهُمۡ أَو وَّزَنُوهُمۡ يُخۡسِرُونَ
Қашан олар,өлшеп немесе тартып беретін болса; кемітеді
Аударма: Халифа Алтай
ал, егер өздері өлшеп немесе тартып беретін болса, кемітеді
Аударма: ҚМДБ
83:4
أَلَا يَظُنُّ أُوْلَـٰٓئِكَ أَنَّهُم مَّبۡعُوثُونَ
Олар қайта тірілетіндіктерін ойламай ма
Аударма: Халифа Алтай
Олар өздерінің қайта тірілетіндіктерін ойламай ма
Аударма: ҚМДБ
83:5
لِيَوۡمٍ عَظِيمٖ
Ол зор күн үшін
Аударма: Халифа Алтай
ұлы Күн үшін
Аударма: ҚМДБ
83:6
يَوۡمَ يَقُومُ ٱلنَّاسُ لِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ
Ол күні адамдар,бүкіл әлменің Раббының алдында тұрады
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні адамдар әлемдердің Раббысының алдында тұрады
Аударма: ҚМДБ
83:7
كَلَّآ إِنَّ كِتَٰبَ ٱلۡفُجَّارِ لَفِي سِجِّينٖ
Олай емес. Негізінен бұзықтардың дәптері төменгі орында болады
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ! Әлбетте, бұзықтардың кітабы сөзсіз сижжинде болады
Аударма: ҚМДБ
83:8
وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا سِجِّينٞ
Төменгі орынның не екенін қайдан білесің
Аударма: Халифа Алтай
Сижжиннің не екенін саған не білдірді
Аударма: ҚМДБ
83:9
كِتَٰبٞ مَّرۡقُومٞ
Ол жазулы бір кітап
Аударма: Халифа Алтай
Жазылған кітап
Аударма: ҚМДБ
83:10
وَيۡلٞ يَوۡمَئِذٖ لِّلۡمُكَذِّبِينَ
Ол күні,жасынға шығарушыларға нендей өкініш
Аударма: Халифа Алтай
Өтірікке шығарушыларға ол Күні қасірет бар
Аударма: ҚМДБ
83:11
ٱلَّذِينَ يُكَذِّبُونَ بِيَوۡمِ ٱلدِّينِ
Олар,сондай қиямет күнін өтіріксінгендер
Аударма: Халифа Алтай
солар - Қайтарым күнін өтірікке шығаратындар
Аударма: ҚМДБ
83:12
وَمَا يُكَذِّبُ بِهِۦٓ إِلَّا كُلُّ مُعۡتَدٍ أَثِيمٍ
Оны,шектен шыққан,күнәкар өтіріксінеді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, оны әрбір шектен шығушы күнәһар ғана өтірікке шығарады
Аударма: ҚМДБ
83:13
إِذَا تُتۡلَىٰ عَلَيۡهِ ءَايَٰتُنَا قَالَ أَسَٰطِيرُ ٱلۡأَوَّلِينَ
Қашан оған аяттарымыз оқылса: ''Бұрынғылардың ертегісі'' деді
Аударма: Халифа Алтай
Оған аяттарымыз оқылғанда, ол: “Әуелгілердің ертегісі”, - деді
Аударма: ҚМДБ
83:14
كَلَّاۖ بَلۡۜ رَانَ عَلَىٰ قُلُوبِهِم مَّا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ
Жоқ,бәкім олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, керісінше, олардың жүректерін істеп тапқандары / күнәлары / бүркеп алды / іс-амалдарының кірі басты
Аударма: ҚМДБ
83:15
كَلَّآ إِنَّهُمۡ عَن رَّبِّهِمۡ يَوۡمَئِذٖ لَّمَحۡجُوبُونَ
Жоқ,олай емес. Негізінде олар ол күні Раббыларының дидарыннан махрұм қалады
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ! Анығында, олар ол Күні өздерінің Раббысынан тосылатындар
Аударма: ҚМДБ
83:16
ثُمَّ إِنَّهُمۡ لَصَالُواْ ٱلۡجَحِيمِ
Сосын олар,әлбетте тозаққа кіреді
Аударма: Халифа Алтай
Кейін олар, сөзсіз Жахимға кіреді
Аударма: ҚМДБ
83:17
ثُمَّ يُقَالُ هَٰذَا ٱلَّذِي كُنتُم بِهِۦ تُكَذِّبُونَ
Сосын: ''Міне сендердің өтірік дегендерің осы!'', -деліндеді
Аударма: Халифа Алтай
Содан соң / Оларға / : “Міне, сендердің өтірікке шығарғандарың - осы!” - деліндеді
Аударма: ҚМДБ
83:18
كَلَّآ إِنَّ كِتَٰبَ ٱلۡأَبۡرَارِ لَفِي عِلِّيِّينَ
Жоқ, олай емес. Негізінен ізгілердің дәптері әрине жоғарғы орында болады
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ! Шын мәнінде ізгілердің кітабы сөзсіз Иллиунда болады
Аударма: ҚМДБ
83:19
وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا عِلِّيُّونَ
Жоғарғы орынның не екенін қайдан білесің
Аударма: Халифа Алтай
Иллиунның не екенін саған не білдірді
Аударма: ҚМДБ
83:20
كِتَٰبٞ مَّرۡقُومٞ
Ол жазулы бір кітап
Аударма: Халифа Алтай
Жазылған кітап
Аударма: ҚМДБ
83:21
يَشۡهَدُهُ ٱلۡمُقَرَّبُونَ
Оны,Аллаға жақын періштелер бақылайды
Аударма: Халифа Алтай
Оны, жақындатылғандар көреді
Аударма: ҚМДБ
83:22
إِنَّ ٱلۡأَبۡرَارَ لَفِي نَعِيمٍ
Негізінен ізгілер,әрине нығымет ішінде болады
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, ізгілер, сөзсіз игілікте
Аударма: ҚМДБ
83:23
عَلَى ٱلۡأَرَآئِكِ يَنظُرُونَ
Олар диувандардың үстінде (Алланың нығыметтеріне) қарайды
Аударма: Халифа Алтай
перделермен сәнделген жұмсақ сәкілерден қарайды
Аударма: ҚМДБ
83:24
تَعۡرِفُ فِي وُجُوهِهِمۡ نَضۡرَةَ ٱلنَّعِيمِ
Олардың бақытқа бөленгендіктерін шырайларынан таныйсың
Аударма: Халифа Алтай
Олардың жүзінен игіліктің сәулесін көресің
Аударма: ҚМДБ
83:25
يُسۡقَوۡنَ مِن رَّحِيقٖ مَّخۡتُومٍ
Олар,мөрленген ішімдіктен сусындатылады
Аударма: Халифа Алтай
Олар мөрленген шәрбәттан сусындайды
Аударма: ҚМДБ
83:26
خِتَٰمُهُۥ مِسۡكٞۚ وَفِي ذَٰلِكَ فَلۡيَتَنَافَسِ ٱلۡمُتَنَٰفِسُونَ
Оның сарқыны жұпар аңқиды.Жарысушылар,осыған жарыссын
Аударма: Халифа Алтай
Оның сарқыны - жұпар. Талпынушылар, міне осыған ұмтылсын
Аударма: ҚМДБ
83:27
وَمِزَاجُهُۥ مِن تَسۡنِيمٍ
Оның қоры, Тәсним бастауынан
Аударма: Халифа Алтай
Әрі оған Тәсним сусыны қосылған
Аударма: ҚМДБ
83:28
عَيۡنٗا يَشۡرَبُ بِهَا ٱلۡمُقَرَّبُونَ
Ол бастаудан Аллаға жақын болғандар ішеді
Аударма: Халифа Алтай
Ол - жақындатылғандар ішетін бір бастау
Аударма: ҚМДБ
83:29
إِنَّ ٱلَّذِينَ أَجۡرَمُواْ كَانُواْ مِنَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ يَضۡحَكُونَ
Расында күнәкарлар,иман келтіргендерге күлетін еді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, қылмыскерлер иманға келгендерге күлетін
Аударма: ҚМДБ
83:30
وَإِذَا مَرُّواْ بِهِمۡ يَتَغَامَزُونَ
Олар жандарынан өткенде,ымдасатын еді
Аударма: Халифа Алтай
және олар жандарынан өткенде, бір-біріне көз қысып ымдасатын
Аударма: ҚМДБ
83:31
وَإِذَا ٱنقَلَبُوٓاْ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِمُ ٱنقَلَبُواْ فَكِهِينَ
Олар үйлеріне қайтып барған кезде,күңкілдесетін еді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі үйлеріне қайтқан кезде мәз болып, масайрап қайтатын
Аударма: ҚМДБ
83:32
وَإِذَا رَأَوۡهُمۡ قَالُوٓاْ إِنَّ هَـٰٓؤُلَآءِ لَضَآلُّونَ
Қашан олар Мұсылмандарды көрсе : «Сөз жоқ, адасқандар » дейтін еді
Аударма: Халифа Алтай
Әрі қашан оларды / Мұсылмандарды / көрген кезде: «Сөзсіз, бұлар - шынында да адасқандар», - дейтін
Аударма: ҚМДБ
83:33
وَمَآ أُرۡسِلُواْ عَلَيۡهِمۡ حَٰفِظِينَ
Олар,Мұсылмандарға бақылаушы етіліп жіберілмеді
Аударма: Халифа Алтай
Алайда өздері олардың үстінен күзетуші етіліп жіберілмеген еді
Аударма: ҚМДБ
83:34
فَٱلۡيَوۡمَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ مِنَ ٱلۡكُفَّارِ يَضۡحَكُونَ
Ал енді бүгін мүміндер.кәпірлерге күледі
Аударма: Халифа Алтай
Ал, енді бұл / Қиямет / күні иманға келгендер кәпірлердің үстінен күледі
Аударма: ҚМДБ
83:35
عَلَى ٱلۡأَرَآئِكِ يَنظُرُونَ
Олар тақтардың үстінде қарайды
Аударма: Халифа Алтай
сәнді перделі сәкілерден қарап
Аударма: ҚМДБ
83:36
هَلۡ ثُوِّبَ ٱلۡكُفَّارُ مَا كَانُواْ يَفۡعَلُونَ
«Кәпірлер,істегендерінің пайдасын көрді ме?»
Аударма: Халифа Алтай
Кәпірлерге істегендерінің қайтарым жазасы берілді ме
Аударма: ҚМДБ
← Аль-ИнфитарБарлық сүрелерАль-Иншикак →

Аль-Мутаффифин сүресі туралы

Аль-Мутаффифин (المطففين) — Құранның 83-сүресі, 36 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 587-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу