84:1إِذَا ٱلسَّمَآءُ ٱنشَقَّتۡ
Аспан жарылған сәтте
Аударма: Халифа Алтай
Аспан айрылған кезде
Аударма: ҚМДБ
84:2وَأَذِنَتۡ لِرَبِّهَا وَحُقَّتۡ
Лайықты болып,Раббына бой ұсынған кезде
Аударма: Халифа Алтай
және Раббысына бойсұнып әрі міндетті болып
Аударма: ҚМДБ
84:3وَإِذَا ٱلۡأَرۡضُ مُدَّتۡ
Жер созылған сәтте
Аударма: Халифа Алтай
Әрі жер созылып
Аударма: ҚМДБ
84:4وَأَلۡقَتۡ مَا فِيهَا وَتَخَلَّتۡ
Ол,ішіндегіні шығарып босатқан сәтте
Аударма: Халифа Алтай
ішіндегісін шығарып, босаған кезде
Аударма: ҚМДБ
84:5وَأَذِنَتۡ لِرَبِّهَا وَحُقَّتۡ
Раббына бой ұсынып,лайықты болған кезде
Аударма: Халифа Алтай
Раббысына бойсұнып, міндетті болып
Аударма: ҚМДБ
84:6يَـٰٓأَيُّهَا ٱلۡإِنسَٰنُ إِنَّكَ كَادِحٌ إِلَىٰ رَبِّكَ كَدۡحٗا فَمُلَٰقِيهِ
Әй адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырыссаң; сонда Оған жолығасың
Аударма: Халифа Алтай
Ей, адам! Негізінде сен іс-әрекеттеріңмен Раббыңа қарай ұмтылып бара жатырсың, сөйтіп Оған жолығасың
Аударма: ҚМДБ
84:7فَأَمَّا مَنۡ أُوتِيَ كِتَٰبَهُۥ بِيَمِينِهِۦ
Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе
Аударма: Халифа Алтай
Сонда, кімге кітабы / амал дәптері / оң жағынан берілсе
Аударма: ҚМДБ
84:8فَسَوۡفَ يُحَاسَبُ حِسَابٗا يَسِيرٗا
Сонда Ол,дереу жеңіл есеппен есептеледі
Аударма: Халифа Алтай
жеңіл есеппен есептеліп
Аударма: ҚМДБ
84:9وَيَنقَلِبُ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِۦ مَسۡرُورٗا
Ол,үй ішіне-қуанып кайтады
Аударма: Халифа Алтай
жәннаттағы / үй ішіне қуанған күйде қайтады
Аударма: ҚМДБ
84:10وَأَمَّا مَنۡ أُوتِيَ كِتَٰبَهُۥ وَرَآءَ ظَهۡرِهِۦ
Ал және кімнің дәптері арт жағынан берілсе
Аударма: Халифа Алтай
Ал, кімге кітабы арқа жағынан берілсе
Аударма: ҚМДБ
84:11فَسَوۡفَ يَدۡعُواْ ثُبُورٗا
Сонда ол,дереу өлім шақырады
Аударма: Халифа Алтай
ол сонда өлім тілейді де
Аударма: ҚМДБ
84:12وَيَصۡلَىٰ سَعِيرًا
Қайнаған тозаққа түседі
Аударма: Халифа Алтай
Саъирға (Тозақтың бір аты. Мағнасы - жалынды от) кіреді
Аударма: ҚМДБ
84:13إِنَّهُۥ كَانَ فِيٓ أَهۡلِهِۦ مَسۡرُورًا
Өйткені ол.өз үйінде мәз-мейрам еді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында ол / осы өмірде / үй-ішіндегілері арасында мәз-мәйрам болған еді
Аударма: ҚМДБ
84:14إِنَّهُۥ ظَنَّ أَن لَّن يَحُورَ
Негізінде ол,әсте (Аллаға) қайтпаймын деп,ойлады
Аударма: Халифа Алтай
Анығында ол, қайтпаймын деп ойлайтын
Аударма: ҚМДБ
84:15بَلَىٰٓۚ إِنَّ رَبَّهُۥ كَانَ بِهِۦ بَصِيرٗا
Олай емес.Расында Раббы оны көздеуде еді
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, олай емес! Шын мәнінде Раббысы оны көруші
Аударма: ҚМДБ
84:16فَلَآ أُقۡسِمُ بِٱلشَّفَقِ
Жоқ,шапақ уақытына
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ! Кешкі шапақпен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
84:17وَٱلَّيۡلِ وَمَا وَسَقَ
Түнге әрі ішіндегі нәрсеге
Аударма: Халифа Алтай
және түнмен әрі ол жинаған нәрселермен
Аударма: ҚМДБ
84:18وَٱلۡقَمَرِ إِذَا ٱتَّسَقَ
Толған айға серт
Аударма: Халифа Алтай
және толған кездегі айменен
Аударма: ҚМДБ
84:19لَتَرۡكَبُنَّ طَبَقًا عَن طَبَقٖ
Әлбетте сендер,бір жағдайдан бір жағдайға өтесіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Сендер міндетті түрде, бір халден басқа бір халге өтесіңдер
Аударма: ҚМДБ
84:20فَمَا لَهُمۡ لَا يُؤۡمِنُونَ
Сонда оларға иман келтірмейтін не болды
Аударма: Халифа Алтай
Сонда оларға не болды, иманға келмейтіндей
Аударма: ҚМДБ
84:21وَإِذَا قُرِئَ عَلَيۡهِمُ ٱلۡقُرۡءَانُ لَا يَسۡجُدُونَۤ۩
Оларға Құран оқылған кезде,сәжде қылмайды
Аударма: Халифа Алтай
әрі оларға Құран оқылған кезде, сәжде етпейтіндей
Аударма: ҚМДБ
84:22بَلِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ يُكَذِّبُونَ
Әрине кәпірлер «Өтірік» дейді
Аударма: Халифа Алтай
Алайда, күпірлік етушілер / Аллаһқа қарсы келушілер / хақты өтірікке шығарады
Аударма: ҚМДБ
84:23وَٱللَّهُ أَعۡلَمُ بِمَا يُوعُونَ
Алла олардың бүкпелеген нәрселерін жақсы біледі
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Аллаһ олардың жасырған нәрселерін жақсы білуші
Аударма: ҚМДБ
84:24فَبَشِّرۡهُم بِعَذَابٍ أَلِيمٍ
(Мұхаммед Ғ.С) оларды күйзелтетін азаппен шүйіншіле
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Сондықтан оларды күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»
Аударма: ҚМДБ
84:25إِلَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ لَهُمۡ أَجۡرٌ غَيۡرُ مَمۡنُونِۭ
Бірақ иман келтіріп,түзу ғамал істеушілерге таусылмайтын сыйлық бар
Аударма: Халифа Алтай
Ал, сондай иманға келген және ізгі амал істегендер басқа. Оларға таусылмайтын сый бар
Аударма: ҚМДБ
Аль-Иншикак сүресі туралы
Аль-Иншикак (الإنشقاق) — Құранның 84-сүресі, 25 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 589-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу