Аль-Бурудж

البروج · 22 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 590-бет
← Аль-ИншикакБарлық сүрелерАт-Тарик →
85:1
وَٱلسَّمَآءِ ذَاتِ ٱلۡبُرُوجِ
Жұлдызды аспанға ант
Аударма: Халифа Алтай
Шоқжұлдызды аспанмен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
85:2
وَٱلۡيَوۡمِ ٱلۡمَوۡعُودِ
Уәделі күнге
Аударма: Халифа Алтай
және уәде етілген Күнмен
Аударма: ҚМДБ
85:3
وَشَاهِدٖ وَمَشۡهُودٖ
Куәлік берушіге куәлік берілгенге серт
Аударма: Халифа Алтай
Куәлік берушімен және куәлік берілгенмен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
85:4
قُتِلَ أَصۡحَٰبُ ٱلۡأُخۡدُودِ
Жер ошақшылардың жаны шықсын
Аударма: Халифа Алтай
Жойылып кетсін ордың иелері
Аударма: ҚМДБ
85:5
ٱلنَّارِ ذَاتِ ٱلۡوَقُودِ
Отынмен жанған от
Аударма: Халифа Алтай
ішінде отыны бар отты / ордың
Аударма: ҚМДБ
85:6
إِذۡ هُمۡ عَلَيۡهَا قُعُودٞ
Ол уақытта олар оның маңында отырған
Аударма: Халифа Алтай
Сол кезде олар оның / ордың / маңында отырған еді
Аударма: ҚМДБ
85:7
وَهُمۡ عَلَىٰ مَا يَفۡعَلُونَ بِٱلۡمُؤۡمِنِينَ شُهُودٞ
Олар,мүміндерге істегендерін көрген
Аударма: Халифа Алтай
имандыларға / мүміндерге / не істегендеріне өздері куә болып
Аударма: ҚМДБ
85:8
وَمَا نَقَمُواْ مِنۡهُمۡ إِلَّآ أَن يُؤۡمِنُواْ بِٱللَّهِ ٱلۡعَزِيزِ ٱلۡحَمِيدِ
Олардың мүміндерге өшігулерінің себебі; үстем,мақтаулы Аллаға сенулреі ғана еді. (Бір дәуірдегі кәпір патша,Мұсылмандарды ор қазып ішіне,жаққан отқа салады екен.Б.М. басқа рауаяттар да бар)
Аударма: Халифа Алтай
Ал, олар бұларға / мұсылмандарға / тек бәріненҮстем, аса Мақтаулы Аллаһқа сенгендіктері үшін ғана өшікті
Аударма: ҚМДБ
85:9
ٱلَّذِي لَهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۚ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ شَهِيدٌ
Ол сондай Алла,аспандар мен жердің иелігі Оған тән. Ол Алла.әр нәрсені көруші
Аударма: Халифа Алтай
Ол / Аллаһ / сондай, аспандардың және жердің иелігі - Онікі. Әрі Аллаһ барлық нәрсенің үстінен Куә / Шаһид
Аударма: ҚМДБ
85:10
إِنَّ ٱلَّذِينَ فَتَنُواْ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ وَٱلۡمُؤۡمِنَٰتِ ثُمَّ لَمۡ يَتُوبُواْ فَلَهُمۡ عَذَابُ جَهَنَّمَ وَلَهُمۡ عَذَابُ ٱلۡحَرِيقِ
Негізінде мүмін ерлер,мүмін әйелдерге жапа беріп.сосын тәубе қылмағандар,оларға тозақтың азабы; жандыратын азап бар
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, иманды / мүмін / ерлер мен иманды әйелдерді сынаққа салып / азаптап / , кейін істеген күнәларына шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтпағандарға / тәубе қылмағандарға / - міне, соларға Жаһаннамның азабы әрі Оларға өртеуші оттың азабы бар
Аударма: ҚМДБ
85:11
إِنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّـٰلِحَٰتِ لَهُمۡ جَنَّـٰتٞ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُۚ ذَٰلِكَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡكَبِيرُ
Негізінен иман келтіріп,ізгі іс істегендер,оларға астарынан өзендер ағатын бейіштер бар. Осы,зор мұратқа жетушілік
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, иманға келген және ізгі амал істегендерге астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтар бар. Бұл - үлкен жетістік
Аударма: ҚМДБ
85:12
إِنَّ بَطۡشَ رَبِّكَ لَشَدِيدٌ
Негізінен Раббыңның қолға алуы орасан қатты
Аударма: Халифа Алтай
Шын мәнінде, Раббыңның қолға алуы - өте қатты
Аударма: ҚМДБ
85:13
إِنَّهُۥ هُوَ يُبۡدِئُ وَيُعِيدُ
Өйткені Ол,бастапта жаратып,әрі қайта тірілтеді
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Ол бастайды / бастапқыда жаратып / әрі қайталайды
Аударма: ҚМДБ
85:14
وَهُوَ ٱلۡغَفُورُ ٱلۡوَدُودُ
Ол,тым жарылқаушы,өте сүюші
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Ол - өте Кешірімді, аса жақсы көруші
Аударма: ҚМДБ
85:15
ذُو ٱلۡعَرۡشِ ٱلۡمَجِيدُ
Ғаршының иесі,аса ұлы
Аударма: Халифа Алтай
Аршының Иесі, аса дәріптеліп Мақтаулы
Аударма: ҚМДБ
85:16
فَعَّالٞ لِّمَا يُرِيدُ
Ол,қалағанын бұлжытпай істеуші
Аударма: Халифа Алтай
қалаған нәрсесін әрқашан Жасаушы
Аударма: ҚМДБ
85:17
هَلۡ أَتَىٰكَ حَدِيثُ ٱلۡجُنُودِ
(Мұхаммед Ғ.С) саған ләшкерлердің хабары келді ме
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / саған әскерлердің хабары келді ме
Аударма: ҚМДБ
85:18
فِرۡعَوۡنَ وَثَمُودَ
Перғауын және Сәмүд ләшкерлерінің
Аударма: Халифа Алтай
Фиръаун және Сәмүдтықтардың
Аударма: ҚМДБ
85:19
بَلِ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فِي تَكۡذِيبٖ
Дегенмен қарсы болғандар,өтіріксінуде
Аударма: Халифа Алтай
Бірақ, кәпірлер өтірікке шығаруда
Аударма: ҚМДБ
85:20
وَٱللَّهُ مِن وَرَآئِهِم مُّحِيطُۢ
Алла,оларды сырттай орап алған
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Аллаһ оларды сыртынан / алды-артынан / орап, қамтып тұрушы
Аударма: ҚМДБ
85:21
بَلۡ هُوَ قُرۡءَانٞ مَّجِيدٞ
Әрине ол,ұлы бір Құран
Аударма: Халифа Алтай
Сөзсіз, ол - ұлы Құран
Аударма: ҚМДБ
85:22
فِي لَوۡحٖ مَّحۡفُوظِۭ
Лаухы Махфұзда сақтаулы
Аударма: Халифа Алтай
Ләухул-Махфузда
Аударма: ҚМДБ
← Аль-ИншикакБарлық сүрелерАт-Тарик →

Аль-Бурудж сүресі туралы

Аль-Бурудж (البروج) — Құранның 85-сүресі, 22 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 590-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу