86:1وَٱلسَّمَآءِ وَٱلطَّارِقِ
Аспанға,Тарыққа серт
Аударма: Халифа Алтай
Аспанмен және Тариқпен / жарық жұлдызбен / ант етемін
Аударма: ҚМДБ
86:2وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا ٱلطَّارِقُ
(Мұхаммед Ғ.С) Тарық не екенін қайдан білесің
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед / / Тариқтың / жарық жұлдыздың / не екенін саған не білдірді
Аударма: ҚМДБ
86:3ٱلنَّجۡمُ ٱلثَّاقِبُ
Ол,жарқыраған жұлдыз
Аударма: Халифа Алтай
Ол / жарығы / өткір жұлдыз
Аударма: ҚМДБ
86:4إِن كُلُّ نَفۡسٖ لَّمَّا عَلَيۡهَا حَافِظٞ
Әркімнің үстінде бір бақылаушы бар. (С.56А)
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, әрбір жанның үстінде сақтаушы бар
Аударма: ҚМДБ
86:5فَلۡيَنظُرِ ٱلۡإِنسَٰنُ مِمَّ خُلِقَ
Ал енді адамзат неменеден жаратылғанына бір қарасын
Аударма: Халифа Алтай
Ал енді адам / өзінің / не нәрседен жаратылғанына бір қарасын
Аударма: ҚМДБ
86:6خُلِقَ مِن مَّآءٖ دَافِقٖ
Бір атылып шыққан судан жаратылған
Аударма: Халифа Алтай
Ол атылып шыққан судан жаратылған
Аударма: ҚМДБ
86:7يَخۡرُجُ مِنۢ بَيۡنِ ٱلصُّلۡبِ وَٱلتَّرَآئِبِ
Ол,бел сүйек пен кеуде сүйектің арасынан шығады
Аударма: Халифа Алтай
Бел / сүйегі / мен көкірек сүйегінің арасынан шығады
Аударма: ҚМДБ
86:8إِنَّهُۥ عَلَىٰ رَجۡعِهِۦ لَقَادِرٞ
Сөз жоқ. Алла адамзатты қайта тірілту күшіне ие
Аударма: Халифа Алтай
Ақиқатында, Ол оны қайтаруға күші жетеді
Аударма: ҚМДБ
86:9يَوۡمَ تُبۡلَى ٱلسَّرَآئِرُ
Сол күні сырлар ашылады
Аударма: Халифа Алтай
Сырлар сынаққа тартылған сол күні
Аударма: ҚМДБ
86:10فَمَا لَهُۥ مِن قُوَّةٖ وَلَا نَاصِرٖ
(Ол күні) адам баласына күш те көмекші де болмайды
Аударма: Халифа Алтай
оның / кәпірдің / күші-қуаты да, көмек берушісі де болмайды
Аударма: ҚМДБ
86:11وَٱلسَّمَآءِ ذَاتِ ٱلرَّجۡعِ
Қайталай жаңбырлатқан аспанға серт
Аударма: Халифа Алтай
Қайталаушы / жаңбырлы / аспанмен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
86:12وَٱلۡأَرۡضِ ذَاتِ ٱلصَّدۡعِ
Жаралып өсімдік шығаратын жерге серт
Аударма: Халифа Алтай
Тілімденіп айырылушы жермен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
86:13إِنَّهُۥ لَقَوۡلٞ فَصۡلٞ
Негізінен Құран бір билік сөз
Аударма: Халифа Алтай
Анығында ол / Құран / - айырушы Сөз
Аударма: ҚМДБ
86:14وَمَا هُوَ بِٱلۡهَزۡلِ
Ол,бір сықақ емес
Аударма: Халифа Алтай
ол - әзіл емес
Аударма: ҚМДБ
86:15إِنَّهُمۡ يَكِيدُونَ كَيۡدٗا
Шын мәнінде олар бір сығандық істеуде
Аударма: Халифа Алтай
Негізінде, олар / имансыздар / қулықпен айлакерлік түзуде
Аударма: ҚМДБ
86:16وَأَكِيدُ كَيۡدٗا
Сығандығына шара көремін
Аударма: Халифа Алтай
Мен де / айла-шарғыларынақарсы / шара қолданамын
Аударма: ҚМДБ
86:17فَمَهِّلِ ٱلۡكَٰفِرِينَ أَمۡهِلۡهُمۡ رُوَيۡدَۢا
(Мұхаммед Ғ.С) қарсы келушілерге мұрсат беріп,аз еркіне қой
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Кәпірлерге уақыт бер де оларды аз ғана кейінге қалдыр
Аударма: ҚМДБ
Ат-Тарик сүресі туралы
Ат-Тарик (الطارق) — Құранның 86-сүресі, 17 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 591-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу