87:1سَبِّحِ ٱسۡمَ رَبِّكَ ٱلۡأَعۡلَى
(Мұхаммед Ғ.С) ұлы Раббыңның атын дәріпте
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Аса жоғары Раббыңның есімін пәк деп дәріпте
Аударма: ҚМДБ
87:2ٱلَّذِي خَلَقَ فَسَوَّىٰ
Ол сондай Алла; жаратып,толықтаған
Аударма: Халифа Алтай
Ол жаратып, / орын-орнымен / теңестірген
Аударма: ҚМДБ
87:3وَٱلَّذِي قَدَّرَ فَهَدَىٰ
Ол сондай Алла,шамалап оңғарған
Аударма: Халифа Алтай
және алдын ала белгілеп, бағыттаған
Аударма: ҚМДБ
87:4وَٱلَّذِيٓ أَخۡرَجَ ٱلۡمَرۡعَىٰ
Ол сондай Алла,жайылысты жаратқан
Аударма: Халифа Алтай
әрі жайылымдарды шығарған
Аударма: ҚМДБ
87:5فَجَعَلَهُۥ غُثَآءً أَحۡوَىٰ
Сосын оны қапқара қоқымға айналдырған
Аударма: Халифа Алтай
кейін оны қурап, қарайған қоқымға айналдырған
Аударма: ҚМДБ
87:6سَنُقۡرِئُكَ فَلَا تَنسَىٰٓ
(Мұхаммед Ғ.С) саған Құран оқытамыз ; сонда оны ұмытпайсың
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Біз саған / Құранды / оқытамыз, сен есіңнен шығармайсың
Аударма: ҚМДБ
87:7إِلَّا مَا شَآءَ ٱللَّهُۚ إِنَّهُۥ يَعۡلَمُ ٱلۡجَهۡرَ وَمَا يَخۡفَىٰ
Бірақ,Алланың қалағаны босқа. Негізінде Ол,көрнеу,көместі біледі.(С,6А)
Аударма: Халифа Алтай
тек Аллаһтың қалағанын ғана / ұмытасың / . Шын мәнінде, Ол жарияны да және жасырылғанды да біледі
Аударма: ҚМДБ
87:8وَنُيَسِّرُكَ لِلۡيُسۡرَىٰ
Саған оңай болғанды қолайластырамыз
Аударма: Халифа Алтай
Әрі Біз саған ең жеңілін оңайластырамыз
Аударма: ҚМДБ
87:9فَذَكِّرۡ إِن نَّفَعَتِ ٱلذِّكۡرَىٰ
Пайда береті болса,насихат ет
Аударма: Халифа Алтай
Естеріне салу пайда беретін болса, естеріне сал
Аударма: ҚМДБ
87:10سَيَذَّكَّرُ مَن يَخۡشَىٰ
Әлде кім Алладан қорықса,үгіт алады
Аударма: Халифа Алтай
Аллаһтың жазасынан / қорыққан есіне алады
Аударма: ҚМДБ
87:11وَيَتَجَنَّبُهَا ٱلۡأَشۡقَى
Сорлы болғандар одан бой тежейді
Аударма: Халифа Алтай
Ал, одан ең бақытсыз ғана өзін аулақ ұстайды
Аударма: ҚМДБ
87:12ٱلَّذِي يَصۡلَى ٱلنَّارَ ٱلۡكُبۡرَىٰ
Ол,сондай зор тозаққа салынады
Аударма: Халифа Алтай
үлкен отта жанатын
Аударма: ҚМДБ
87:13ثُمَّ لَا يَمُوتُ فِيهَا وَلَا يَحۡيَىٰ
Сосын ол арада өлмейді де тірілмейді
Аударма: Халифа Алтай
Кейін ол онда өлмейді де, өмір де сүрмейді
Аударма: ҚМДБ
87:14قَدۡ أَفۡلَحَ مَن تَزَكَّىٰ
Әлде кім тазарса,ол кұтылады
Аударма: Халифа Алтай
Сөзсіз, мұратына жетті - өзін тазартқан
Аударма: ҚМДБ
87:15وَذَكَرَ ٱسۡمَ رَبِّهِۦ فَصَلَّىٰ
Ол,Раббының атын еске алып,намаз оқыды.(Бұл,айт намазыүБ.Ж.М)
Аударма: Халифа Алтай
әрі Раббысының есімін еске алған және намаз оқыған
Аударма: ҚМДБ
87:16بَلۡ تُؤۡثِرُونَ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَا
Бірақ сендер дүние тіршілігін артық көресіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Алайда сендер осы өмірді артық көресіңдер
Аударма: ҚМДБ
87:17وَٱلۡأٓخِرَةُ خَيۡرٞ وَأَبۡقَىٰٓ
Ақирет хайырлы да тұрақты
Аударма: Халифа Алтай
Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / қайырлы әрі тұрақты
Аударма: ҚМДБ
87:18إِنَّ هَٰذَا لَفِي ٱلصُّحُفِ ٱلۡأُولَىٰ
Негізінн бұл үкімдер бұрынғы нұсқаларда бар
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, бұл әуелгі жазбаларда бар
Аударма: ҚМДБ
87:19صُحُفِ إِبۡرَٰهِيمَ وَمُوسَىٰ
Ыбырайым,Мұса (Ғ.С) лардың нұсқаларында
Аударма: Халифа Алтай
Ибраһим және Мұсаның жазбаларында / оларға түсірілген сухуфтарда
Аударма: ҚМДБ
Аль-Аля сүресі туралы
Аль-Аля (الأعلى) — Құранның 87-сүресі, 19 аят, меккелік сүре, 30-жүз, мысхафтың 591-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.
Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу