Аль-Кияма

القيامة · 40 аят · меккелік
Орысша нұсқасыЖаттауМысхаф 577-бет
← Аль-МуддассирБарлық сүрелерАль-Инсан →
75:1
لَآ أُقۡسِمُ بِيَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِ
Жоқ, қиямет күніне ант етемін
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ! Қайта тірілу күнімен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
75:2
وَلَآ أُقۡسِمُ بِٱلنَّفۡسِ ٱللَّوَّامَةِ
Жоқ, сөгіс беруші нәпсіге ант етемін
Аударма: Халифа Алтай
Әрі жазғырушы жанмен ант етемін
Аударма: ҚМДБ
75:3
أَيَحۡسَبُ ٱلۡإِنسَٰنُ أَلَّن نَّجۡمَعَ عِظَامَهُۥ
Адам баласы, біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма
Аударма: Халифа Алтай
Адам баласы, Біз сүйектерін жинай алмайды деп есептей ме
Аударма: ҚМДБ
75:4
بَلَىٰ قَٰدِرِينَ عَلَىٰٓ أَن نُّسَوِّيَ بَنَانَهُۥ
Әрине оны саусақтарының үшіне дейін қайта жасай аламыз
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, оның саусақтарының ұштарын да қалпына келтіруге күшіміз жетеді
Аударма: ҚМДБ
75:5
بَلۡ يُرِيدُ ٱلۡإِنسَٰنُ لِيَفۡجُرَ أَمَامَهُۥ
Бірақ адам баласы, күнәны жалғастыра бергісі келеді
Аударма: Халифа Алтай
Алайда, адам алдағы уақытта да бұзық іс істеуді қалайды
Аударма: ҚМДБ
75:6
يَسۡـَٔلُ أَيَّانَ يَوۡمُ ٱلۡقِيَٰمَةِ
Қиямет күні қашан болады?',- деп, сұрайды
Аударма: Халифа Алтай
Ол: «Қайта тірілу күні қашан?» - деп сұрайды
Аударма: ҚМДБ
75:7
فَإِذَا بَرِقَ ٱلۡبَصَرُ
Қашан көз шағылысқан
Аударма: Халифа Алтай
Қашан көз қатты үрейленіп көруден қалғанда
Аударма: ҚМДБ
75:8
وَخَسَفَ ٱلۡقَمَرُ
Ай тұтылған
Аударма: Халифа Алтай
және ай тұтылған / сәулесі өшкен
Аударма: ҚМДБ
75:9
وَجُمِعَ ٱلشَّمۡسُ وَٱلۡقَمَرُ
Күн мен ай бір араға келтірілген кезде
Аударма: Халифа Алтай
әрі күн мен ай біріктірілген кезде
Аударма: ҚМДБ
75:10
يَقُولُ ٱلۡإِنسَٰنُ يَوۡمَئِذٍ أَيۡنَ ٱلۡمَفَرُّ
Адамдар сол күн: "Қашар жер қайда?",- дейді
Аударма: Халифа Алтай
сол күні адам: «Қашатын жер қайда?»- дейді
Аударма: ҚМДБ
75:11
كَلَّا لَا وَزَرَ
Жоқ, әсте пана жоқ
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ! Паналайтын ешқандай орын жоқ
Аударма: ҚМДБ
75:12
إِلَىٰ رَبِّكَ يَوۡمَئِذٍ ٱلۡمُسۡتَقَرُّ
Ол күнгі тұрақ; Раббыңның алды
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні тұрақтар орын - сенің Раббыңда
Аударма: ҚМДБ
75:13
يُنَبَّؤُاْ ٱلۡإِنسَٰنُ يَوۡمَئِذِۭ بِمَا قَدَّمَ وَأَخَّرَ
Сол күні адам баласына ілгері кейін істегені білдіріледі. (С. 12-А)
Аударма: Халифа Алтай
Сол күні адам баласына ілгері жібергендері және кейінге қалдырғандары туралы хабар етіледі
Аударма: ҚМДБ
75:14
بَلِ ٱلۡإِنسَٰنُ عَلَىٰ نَفۡسِهِۦ بَصِيرَةٞ
Әрине адам баласы өзіне-өзі көздеуші
Аударма: Халифа Алтай
Күмәнсіз, адам өз-өзіне қарсы куәлік береді
Аударма: ҚМДБ
75:15
وَلَوۡ أَلۡقَىٰ مَعَاذِيرَهُۥ
Егер барлық желеулерін ортаға қойса да. (Қанша сылтауратса да өз қылығы өзіне мәлім)
Аударма: Халифа Алтай
тіпті ол, өз уәж-сылтауларын ортаға салса да
Аударма: ҚМДБ
75:16
لَا تُحَرِّكۡ بِهِۦ لِسَانَكَ لِتَعۡجَلَ بِهِۦٓ
(Мұхаммед Ғ.С. Құран уахи етілген сәтте, тездетіп оқуға тырысқан. Б.Ж.Р.М.) (Әй Мұхаммед!) Құран түскенде оған асығып тіліңді қозғалтпа
Аударма: Халифа Алтай
Ей, Мұхаммед! / Оған / уахиды жаттауға / асығып, тіліңді қимылдатпа
Аударма: ҚМДБ
75:17
إِنَّ عَلَيۡنَا جَمۡعَهُۥ وَقُرۡءَانَهُۥ
Шын мәнінде оны жинау, оқу Бізге міндет
Аударма: Халифа Алтай
Анығында, оны жинау және оқып беру Біздің міндетімізде
Аударма: ҚМДБ
75:18
فَإِذَا قَرَأۡنَٰهُ فَٱتَّبِعۡ قُرۡءَانَهُۥ
Ал оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес
Аударма: Халифа Алтай
Ал, Біз оны оқығанда, оның оқылуына ілес
Аударма: ҚМДБ
75:19
ثُمَّ إِنَّ عَلَيۡنَا بَيَانَهُۥ
Сосын оны түсіндіру Бізге міндет
Аударма: Халифа Алтай
содан кейін оны түсіндіру - Біздің міндетімізде
Аударма: ҚМДБ
75:20
كَلَّا بَلۡ تُحِبُّونَ ٱلۡعَاجِلَةَ
Жоқ, олай емес. Сендер тез кететін дүниені жақсы көресіңдер
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ! Негізінде, сендер осы өмірді ұнатасыңдар
Аударма: ҚМДБ
75:21
وَتَذَرُونَ ٱلۡأٓخِرَةَ
Ақиретті тастап, қоясыңдар
Аударма: Халифа Алтай
ал, соңғы, мәңгілік өмірді / ақиретті / тастап, қалдырып қоясыңдар
Аударма: ҚМДБ
75:22
وُجُوهٞ يَوۡمَئِذٖ نَّاضِرَةٌ
Қиямет күні, кейбір жүздер жарқылдап
Аударма: Халифа Алтай
Ол күні кейбір жүздер жайнап
Аударма: ҚМДБ
75:23
إِلَىٰ رَبِّهَا نَاظِرَةٞ
Раббына қарайды
Аударма: Халифа Алтай
Раббысына қарайды
Аударма: ҚМДБ
75:24
وَوُجُوهٞ يَوۡمَئِذِۭ بَاسِرَةٞ
Ол күні, кейбір жүздер томсаруда болады
Аударма: Халифа Алтай
Әрі ол күні кейбір жүздер түнеріп
Аударма: ҚМДБ
75:25
تَظُنُّ أَن يُفۡعَلَ بِهَا فَاقِرَةٞ
Өзіне бел үзетін қинау жасалады деп ойлайды
Аударма: Халифа Алтай
Омыртқа үзілетіндей іс / азап / болатынына көздері жетеді
Аударма: ҚМДБ
75:26
كَلَّآ إِذَا بَلَغَتِ ٱلتَّرَاقِيَ
Жоқ олай емес. Жан алқымға келген кезде
Аударма: Халифа Алтай
Жоқ, олай емес! Қашан ол / жан / алқымға жеткен кезде
Аударма: ҚМДБ
75:27
وَقِيلَ مَنۡۜ رَاقٖ
Кім шара көреді?",- делінеді
Аударма: Халифа Алтай
әрі «Кім шара көреді», - делінгенде
Аударма: ҚМДБ
75:28
وَظَنَّ أَنَّهُ ٱلۡفِرَاقُ
Ол шын мәнінде айрылу екенін сезеді
Аударма: Халифа Алтай
және ол, шын мәнінде, бұл - айрылу екенін сезгенде
Аударма: ҚМДБ
75:29
وَٱلۡتَفَّتِ ٱلسَّاقُ بِٱلسَّاقِ
Балтыры, балтырына оралады
Аударма: Халифа Алтай
балтыр - балтырға қосылған кезде
Аударма: ҚМДБ
75:30
إِلَىٰ رَبِّكَ يَوۡمَئِذٍ ٱلۡمَسَاقُ
Ол күні Раббы жаққа айдалады
Аударма: Халифа Алтай
сол күні сенің Раббыңа айдалады
Аударма: ҚМДБ
75:31
فَلَا صَدَّقَ وَلَا صَلَّىٰ
Сонда ол, мойындамады да намаз оқымады
Аударма: Халифа Алтай
Өйткені ол шын деп білмеді / сенбеді / және намаз оқымады
Аударма: ҚМДБ
75:32
وَلَٰكِن كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ
Бірақ, жасынға шығарып бет бұрды
Аударма: Халифа Алтай
Керісінше, оны өтірік санап, теріс бұрылды
Аударма: ҚМДБ
75:33
ثُمَّ ذَهَبَ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِۦ يَتَمَطَّىٰٓ
Сосын ол, кердеңдей басып, үйіне кетті
Аударма: Халифа Алтай
кейін ол кердеңдей басып, өзінің үй-ішіне кетті
Аударма: ҚМДБ
75:34
أَوۡلَىٰ لَكَ فَأَوۡلَىٰ
Саған пәле келсін
Аударма: Халифа Алтай
Сорың құрсын, сенің, сорың құрғыр
Аударма: ҚМДБ
75:35
ثُمَّ أَوۡلَىٰ لَكَ فَأَوۡلَىٰٓ
Сосын сені пәле басқыр
Аударма: Халифа Алтай
Сосын тағы сорың құрсын, соры қайнағыр
Аударма: ҚМДБ
75:36
أَيَحۡسَبُ ٱلۡإِنسَٰنُ أَن يُتۡرَكَ سُدًى
Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма
Аударма: Халифа Алтай
Адам баласы өз бетімен қараусыз, бос қалдырыламын деп ойлай ма
Аударма: ҚМДБ
75:37
أَلَمۡ يَكُ نُطۡفَةٗ مِّن مَّنِيّٖ يُمۡنَىٰ
Ол, (жатырға) тамызылган бір тамшы мәни емес пе
Аударма: Халифа Алтай
Ол төгілген мәниден / ұрық сұйығынан / бір тамшы емес пе еді
Аударма: ҚМДБ
75:38
ثُمَّ كَانَ عَلَقَةٗ فَخَلَقَ فَسَوَّىٰ
Сосын ол, ұйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі
Аударма: Халифа Алтай
Кейін, ол ұйыған қан болды. Сөйтіп ол оны жаратып / тұла бойын үйлестіріп / теңестірді
Аударма: ҚМДБ
75:39
فَجَعَلَ مِنۡهُ ٱلزَّوۡجَيۡنِ ٱلذَّكَرَ وَٱلۡأُنثَىٰٓ
Сонда одан ер, әйел екі жыныс жаратты
Аударма: Халифа Алтай
Әрі одан екі жыныс: ер және әйел жасады
Аударма: ҚМДБ
75:40
أَلَيۡسَ ذَٰلِكَ بِقَٰدِرٍ عَلَىٰٓ أَن يُحۡـِۧيَ ٱلۡمَوۡتَىٰ
Бұларды жасаған Алланың, өліктерді қайта тірілтуге югші жетпей ме
Аударма: Халифа Алтай
Сонда, Оның өліктерді тірілтуге күші жетпей ме
Аударма: ҚМДБ
← Аль-МуддассирБарлық сүрелерАль-Инсан →

Аль-Кияма сүресі туралы

Аль-Кияма (القيامة) — Құранның 75-сүресі, 40 аят, меккелік сүре, 29-жүз, мысхафтың 577-бетінен басталады. Бетте: Осман қарпіндегі араб мәтіні және Халифа Алтайдың қазақша мағыналық аудармасы мен ҚМДБ аудармасы. Аудио, транскрипция, тәпсір және 67 тілдегі аударма — толық нұсқада.

Барлық 114 сүре · Намаз уақыты · Іздеу